Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Актінің түрі
Өкім
Қабылдау күні
15.11.2002
Өзгерту күні
29.08.2016
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Президенті

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентiнiң 29.08.2016 № 312 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір өкімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) "Мемлекеттік нышандар жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 2 шілдедегі N 3578 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 30, 268-құжат, 2001 ж., N 23, 282-құжат):
      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Мемлекеттік нышандар жөніндегі республикалық комиссия туралы Ережеде:
      5-тармақ алынып тасталсын;
      8-тармақтағы "тоқсанына кемінде бір рет" деген сөздер "қажеттігіне қарай, жылына кемінде екі рет" деген сөздермен алмастырылсын;
      мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
      "11. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне жүктеледі.
      Жұмыс органының функциялары Комиссия айқындаған мерзімге және күн тәртібіне сәйкес отырыстарға материалдар дайындау, оларды Комиссия мүшелеріне, мемлекеттік органдарға және мүдделі ұйымдарға жіберу, Комиссия отырыстарының хаттамаларын ресімдеу, іс жүргізу, сондай-ақ Комиссия туралы осы Ережеге сәйкес өзге де функциялар болып табылады";
      2) "Мемлекеттік нышандар жөніндегі республикалық комиссияның құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 15 шілдедегі N 58 өкіміне :
      Мемлекеттік нышандар жөніндегі республикалық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

      Тоқаев Қасымжомарт     - Қазақстан Республикасының
      Кемелұлы                 Мемлекеттік хатшысы - Қазақстан
                               Республикасының Сыртқы істер
                               министрі, Комиссия төрағасы,

      Қанешев Біржан         - Қазақстан Республикасының
      Бисекенұлы               Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат
                               бөлімінің меңгерушісі, Комиссия
                               төрағасының орынбасары,

      Рябченко Олег          - Қазақстан Республикасының
      Григорьевич              Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
                               келісім бірінші вице-министрі,
                               Комиссия хатшысы,

      Құсайынов Әбілғазы     - Қазақстан Республикасының
      Қалиакпарұлы             Индустрия және сауда
                               вице-министрі,

      Шәмшиденова Күләш      - Қазақстан Республикасының
      Ноғатайқызы              Білім және ғылым вице-министрі,

      Тоқсейітов Марат       - Астана қаласы Суретшілер одағы
      Төлегенұлы               басқармасының төрағасы (келісім
                               бойынша);

      аталған Комиссияның құрамынан: Ә.Кекілбаев, Ә.А.Асқаров, Е.Қ.Ертісбаев, Б.Т.Жұмағұлов, Ж.І.Қуанышев, А.П.Максимов, К.Пірімқұлұлы шығарылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.