"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне өзгеріс енгізу туралы

Актінің түрі
Өкім
Қабылдау күні
13.06.2017
Өзгерту күні
13.06.2017
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Президенті

      “Мерейлі отбасы” ұлттык конкурсы туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 78, 1016-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген “Мерейлі отбасы” ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      “3. Конкурстың ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның (бұдан әрі - Ұлттық комиссия), сондай-ақ Астана, Алматы қалалары және облыстар әкімдерінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялардың (бұдан әрі - өңірлік комиссиялар) қолдауымен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болып табылады.”.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.