"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Өкім
Қабылдау күні
05.06.2018
Өзгерту күні
05.06.2018
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Президенті

      "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес өкіміне:

      жоғарыда аталған Кеңестің құрамына:

Мырзахметов
Абылай Исабекұлы

-

"Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша),

Нил Уильям Даффин

-

"Эксон Мобил Продакшн Компани" корпорациясының президенті (келісім бойынша),

Бельянинов
Андрей Юрьевич

-

Еуразия Даму Банкінің басқарма төрағасы (келісім бойынша),

Марко Мариотти

-

"Филип Моррис Интернэшнл" компаниясының Шығыс Еуропа өңірі бойынша президенті (келісім бойынша),

Шигеру Ямазоэ

-

"Марубени Корпорейшн" компаниясының вице-төрағасы (келісім бойынша)

      енгізілсін;

      көрсетілген Кеңестің құрамынан: Д. Азинович, М. Алберс, Н. Ивашита, Д.В. Панкин шығарылсын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.