Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттарына автомобиль көлiгiмен қызмет көрсету тәртiбi туралы

Актінің түрі
Өкім
Қабылдау күні
01.01.1970
Өзгерту күні
29.04.2013
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Президенті

      "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы N 2529 Конституциялық заңының 30-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттарына автомобиль көлiгiмен қызмет көрсету тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн (қоса берiледi).
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 29.04.2013 № 201 өкімімен.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
1996 жылғы 16 қаңтардағы
№ 2775 өкімімен   
БЕКІТІЛГЕН      

Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына автомобиль көлігімен қызмет көрсету тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 29.04.2013 № 201 өкімімен.

      1. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына автомобиль көлігімен қызмет көрсетуді «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының Автошаруашылығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жүзеге асырады.
      2. Осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген лауазымды адамдарды қоспағанда, Парламент депутаттарына кезекші жеңіл автомобильдермен және автобустармен қызмет көрсетіледі.
      3. Парламент Палаталарының төрағалары мен олардың орынбасарларына, сондай-ақ тұрақты комитеттер төрағаларына дербес бекітілген автомашиналармен қызмет көрсетіледі.
      4. Автомашиналар қызмет бабында жүріп-тұру үшін және Қазақстан Республикасы астанасының шегінде ғана беріледі.
      5. Осы Ереженің 2-тармағында аталған Парламент депутаттарына айына 75 сағат мөлшерінде автокөлікті пайдалану лимиті белгіленеді.
      6. Қызмет бабында жүріп-тұру үшін кезекші автомашиналар жұмыс күндері 8-ден 20 сағатқа дейін, ал 20 сағаттан кейін, оның ішінде демалыс күндері әуежайға (аэровокзалға), теміржол немесе автомобиль вокзалдарына (станцияларына) бару үшін ғана пайдаланылады.
      7. Демалыс пен мереке күндері және қызмет бабынан тыс жүріп-тұру үшін автокөлік белгіленген тарифтер бойынша ақы төлеу арқылы бөлінеді.
      8. Палаталар төрағаларын, олардың орынбасарлары мен тұрақты
комитеттер төрағаларын қоспағанда, Парламент депутаттарын жұмыс және
тұрғылықты орындарына жеткізу үшін жеңіл автомобильдер мен автобустар
бөлінеді.
      9. Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы
автокөлік құралдарының санын, жеңіл автомобильдер мен автобустардың қозғалыс маршруттарын, автокөлікті пайдаланғаны үшін ақылы қызмет көрсету тарифтерін белгілейді және оның мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.