Білім алуға құқық бойынша арнайы баяндамашы Кишор Сингханың есебіне ақпарат

Актінің түрі
Баяндама
Қабылдау күні
01.01.1970
Өзгерту күні
11.05.2012
Актіні қабылдаған орган
Халықаралық органдар мен ұйымдар

      Осы есеп Қазақстандағы ағымдағы жоғарғы және жоғарғы оқудан кейінгі білім беру жүйесін зерттеуге арналған. Зерттеу аясында Қазақстан Республикасындағы мамандарды дайындаудың үш деңгейлі жүйесінің бағдарламаларына сараптама жасалып, жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім берудің құқықтық жүйесі қаралып, жоғарғы білім сапасын арттыру мәселелері мен перспективаларын анықтау әрекеттері қабылданған. Сондай-ақ баяндамашымен оқытушылар арасында әйелдер мен ерлер үлесі балансын енгізу мен кәрі оқытушыларды жастармен алмастыру ұсыныстары жасалды.
      Бірақ, есепте көрсетілген кейбір мәліметтер қате болып табылады. Мысалы:
      39 т. баяндамашымен жоғарғы оқу орындарының саны туралы статистикалық мәліметтердің сараптамасы кезінде «2011 жылы Қазақстанда 149 жоо, ал 7-уі халықаралық аккредитацияға ие» сәйкессіздік жіберілген. Шын мәнінде 2011 жылы жоғарғы білімді мамандарды дайындау 148 жоо жүргізіліп, оның 10 жоо халықаралық аккредитациядан өткен болатын.
      41 т. сондай-ақ білім беру жүйесі сараптамасы кезінде «Жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіби білім берудің 3 циклді жүйесі қабылданған» деген терминологиялық аппараттың құқықтық нақсыздығы жіберілген. Шын мәнінде, Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында жоғарғы кәсіптік білім мен «жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіби білім» деген ұғымдар жоқ.
      46 т. баяндамашының «Бұл университеттік автономия басшылыққа ҚР БҒМ бағдарламалары ережелерінің қарықтырушы әсеріне ұшырамай, толықтай өзін өзі басқару береді....» деген тұжырамдамасы негізсіз болып табылады. Мемлекеттің барлық білім беру жүйесі алға басуының орташа мерзімдік стратегиялық бағдарларын анықтайтын Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдардағы білім беру дамуының мемлекеттік бағдарламасы (әрі қарай – Мемлекеттік бағдарлама) қабылданды. Бұл құжат ҚР Президенті Жарлығымен бекітілген, ол туралы баяндамашының өзі әділетті түрде 44 т. көрсетеді («Жалпы білім беру саласындағы ұлттық саясат орталық деңгейде білім беруді басқарудың жалпы принциптерін, реформалау стратегиялары мен басымдылықтарын анықтайтын Президент пен министрліктер әкімшілігі қолында қалып отыр... »)
      Сондай-ақ баяндамашы оның негізгі мақсаттары мен міндеттерін зерттемей, Мемлекеттік бағдарламаны назар аудармай қалдырды. Баяндамашымен 40 т. «...шетел серіктестерімен ортақ білім беру бағдарламаларын іске асыру мен студенттердің экономикалық ұтқырлығын жетілдіру» деп қате жібере отырып, шынайы мақұлданбаған міндеттердің бірі – білім алушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту.
      Осы орайда, білім алуға құқық бойынша БҰҰ арнайы баяндамашы Кишор Сингханың есебі (А бөлімі «Жоғарғы білім») қосымша зерттеулер жүргізуді және Қазақстан Республикасының жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің нақты жетістіктеріне сәйкестендірілу керек деп санаймыз.

III. Қазақстанның білім беру саласындағы жалпы жағдай

А. Бастапқы және орта білім

      19 т. Қазақстан іс жүзінде жалпыға бірдей бастапқы және орта білім беруді қамтамасыз етті. 2008 жылы балалардың мектепке дейінгі мекемелерге бару деңгейі 99,8%, құрады, 100% - бастауыш білім беру мекемелерінде және 99,6% - орта білім беру мекемелерінде. /16/ Осылай, Қазақстан Жалпыға бірдей бастапқы білім беруді қамтамасыз ету бойынша мыңжылдықтың даму мақсаттарына (МДМ 2) қол жеткізді. Соған қоса бастауыш және орта мектепте гендерлік сәйкессіздікті жоюға бағытталған МДМ 3 Қазақстанмен қол жеткізілді.
      19 тармаққа түсіндірме. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 701-2 бұйрығы және ҚР Ішкі істер министрлігінің 2001 жылғы 3 қыркүйектегі «Оқытумен қамтылмаған мектеп жасындағы балалар есебі бойынша ведомстволық есептіліктің бекітіліген формасы туралы» № 645 бұйрықтарына сай білім беру органдары ішкі істер органдарымен бірлесе отырып, мектеп жасындағы балалардың білім мекемелеріне қатысуы бойынша ай сайын мониторинг жүргізеді.
      2012 жылғы 15 наурыз айында Астана және Алматы қ.қ. облыстық білім басқармаларының мәліметтері бойынша оқу жылының басынан 10 және одан көп күн себепсіз сабақты босатқан 742 бала анықталды (2011 жылы - 1447 бала), соның ішінде 553-і мектепке қайтарылды, ал 189 келесі себептермен: тергеу астында – 16, ізделуде – 69, оқығысы келмейтіндер – 63, миграция – 41 – босатуды жалғастыруда (2011 жылы - 231).

IV. Негізгі мәселелер

А. Білім алуға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету

3. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар

      70 т. Қазақстан Республикасындағы тек қана мүгедек балаларға ғана емес, сондай-ақ жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға тәрбие мен білім беретін мемлекеттік балаларға арналған мектеп-интернаттарындағы ЮНИСЕФ және Адам құқықтары бойынша ұлттық орталықпен (Обудсмен ҚР) жүргізілген таяудағы зерттеу интернат қызметкерлері тарапынан және балалар арасындағы көрсетілетін зорлық өте күрделі мәселе болып табылатындығын көрсетті. /60/ Балаларға қатысты барлық зорлық формаларын алдын алу мен жою бойынша ұсыныстар қатары беріледі.
      70 тармаққа түсіндірме. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Бала құқықтарын қорғау жөніндегі комитет балаларға қатысты 28 зорлық, қатыгез әрекеттердің алдын алу мен шаралар қолдану мақсатында  Астана, Алматы қалаларының, облыстық білім басқармаларына, Бала құқықтарын қорғау департаменттеріне 2011 жылғы 28 желтоқсанда №12-2-01/4339 нөмірлі әдістемелік хат жолданды. Осы хатқа сәйкес барлық мектепке дейінгі және орта білім мекемелерінің оқушылары мен тәрбиеленушілеріне қатысты зорлықтың, қатыгездік немесе қанаудың барлық түрлерін алдын алу мен оған қарсы әрекеттер, сондай-ақ зорлық пен қатыгез қатынасқа ұшыраған кәмелетке толмағанның, соның ішінде балалар үйінің түлектерін уақытында анықтап, көмек көрсету бойынша іс-шаралар кешені қолданылады.
      Сонымен қатар, барлық білім беру мекемелерінде заманауи дизайн және ұстаздар, ата-аналар, оқушылар, тәрбиеленушілерге жолдау түріндегі анықтамалық ақпараттары бар «Зұлымдық пен зорлықсыз балалық шақ» ақпараттық стендтері әзірленеді.
      Оң тәжірибені зерделеу үшін 2012-2014 жылдардағы Қазақстанға қатысты көршілік саясаты шеңберінде Зорлық, адам саудасы, сексуалды қанау жөніндегі Еуропалық Кеңеспен ынтымақтастық туралы ҚР СІМ ұсыныстар жіберілді.
      Сондай-ақ Комитетпен Ішкі істер (5.01.2012 ж. (№ 84-4-94/12-2) және Әділет (10.01.2012 ж. № 13-4-13361) министрліктеріне Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексте лауазымды тұлғалар және басқа азаматтардың бала құқықтары мен заңды қызығушылықтарының бұзылуы фактілері, өміріне және денсаулығына қауіп төну фактілері туралы қамқорлық немесе қорғаныс бойынша қызметтерді атқаратын органды ақпараттандыруда өз міндеттерін орындамау үшін жауапкершілік туралы норманы орнату ұсынылды. Бұл міндеттемелік Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Кодексінің 67 бабында орнатылған. Аталған ұсыныс қиын өмір жағдайларындағы балаларды анықтау жүйесін жетілідруге мүмкіндік береді.
      Мүдделі мемлекеттік органдардың бірлескен әрекеттері барысында сот шешімімен порнографиялық сипаттағы 25 сайт пен қатыгездік пен зорлыққа табынушылықты үгіттейтін 5 сайттың жұмысы тоқтатылды.
      Психолог-педагог қызметкерлер біліктілігін арттыру бойынша жұмыстарды жандандыру мен кәмелетке толмағандарға қатысты зорлықты алдын алу мақсатында республикалық іс-шаралар жүргізілді:
      • «Балалар және жастар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша мемлекеттік органдардың әрекеттесі контектстінде әлеуметтік-психологоиялық қызметтердің даму перспективалары» ғылыми-тәжірибелік конференциясы;
      • Білім беру, бала құқықтарын қорғау, құқық қорғау органдары мен КТБО мамандарына арналған «Панасыз және қараусыз қалған балалардың әлеуметтік бейімделу бойынша Кәмелетке толмағандардың бейімделу орталықтарының жұмысы» тақырыбында семинар-кеңес;
      • қамқорлық пен қорғаныс органдары және балалар үйлерінің директорларына арналған «Балаларды қорғау туралы конвенция мен шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастықты ратификациялау аясында әрекет етуші заңнаманы қолдану» тақырыбындағы семинар.
      Қазіргі таңда барлық КТБО қиын өмірлік жағдайларға тап болған балаларға көмек көрсетілетін, ата-аналар мен балаларға кеңес беретін отбасын қолдау қызметтерінің жұмыстары ұйымдастырылған.
      Білім беру мен бала құқықтарын қорғау салаларында құқықтық мәдениет арттыру және балалалар мен олардың ата-аналарын хабардар ету мақсатынды «Ата-аналардың құқықтық сауаттылығы – бала құқығының қорғалу кепілі» тақырыбында КТБО қатысуымен аймақтық семинарлар өткізілді. Семинар сұрақтары тақырыбына балаларға қатысты зорлық пен қатыгез әрекеттердің алдын алу бойынша (білім беру мекемелерінде, отбасында мен қоғамдастықтарда және т.б.)  балалар, ата-аналар мен педагогтардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты сұрақтар қосылған.
      2011 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің балалар құқықтарын қорғау комитетінің(әрі қарай - Комитет) жанында ҮЕҰ кеңесі құрылды, оның қызметінің 7 бағыттарының бірі балаларға қатысты зорлықтың, адам саудасы мен бала еңбегін пайдалануды алдын алу болып табылады.
      Сондай-ақ Астана және Алматы қалалары облыстарының балалар құқықтарын қорғау жөніндегі департаменттер мен Комитет жанында кәмелетке толмағандар арасындағы зорлықтың, балаларға қатысты қатыгез әрекеттердің, қараусыз қалу мен панасыздықты алдын алу координациясы бойынша 17 жұмыс тобы құрылды.
      Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі Комитет сайтында «Қатыгездік пен зорлықсыз балалық шақ» айдары әзірленді.
      Қиын өмірлік жағдайларға тап болған балалар, сондай-ақ олардың ата-аналарына құқықтық, кеңестік және психологиялық көмек көрсету мақсатында республика аймақтарында «сенім телефондары», балалар қоғамдық қабылдау орталықтары жұмыс істейді. 150 ұлттық тегін телефон желісінің жұмысы ұйымдастырылған.
      Бұдан басқа, балаларға қатысты зорлықтың алдын алу жөніндегі мемлекеттік органдар әрекеттестігінің тиімді тетіктерін құру мен жедел шешім қабылдау және зардап шеккен балалармен жұмысты ұйымдастыру мақсатында бұл мәселелерді Астана және Алматы қалалары облыс әкімдері отырыстарында қарастыру ұсынылды.
      Балаларға қатысты зорлық пен қатыгездік әрекеттердің алдын алу бойынша білім беру ұйымдарының осы жұмыс нәтижелері 2012 жылдың желтоқсанында ҚР Үкіметі жанындағы кәмелетке жасы толмағандар істері мен олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомство аралық комиссияның 12-ші отырысында қаралады.

V. Тұжырымдама және қорытынды ұсыныстар

(iii) Инклюзивті білім беруді жылжыту

      94 т. Қазақстан «тіркелім» сынды қандай да бір құқықтық немесе әкімшілік бөгеттерсіз барлығына, соның ішінде мигранттар мен босқындар балаларына білім алуға қол жетімділікті қамтамасыз ететін инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету керек. Бұған барлық балаларды мектепке қабылдауды анықтайтын алдын ала қарастырылған әкімшілік акт және шешім арқылы қол жеткізуге болады. Мүмкіндігі шектеулі балаларды қарапайым сыныптарға орналастыру үшін сынып бөлмелерін бейімдеу мен ұстаздарды дайындау бойынша шоғырланған әрекеттер қабылдану керек. Балалардың мектеп-интернаттарда орналастыру олардың мүдделеріне қатысты бақылану керек.

      94 тармаққа түсіндірме. Мигранттар мен босқындар балаларының білім алуға қол жетімділігін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде.
      Бұл мәселе 2012 жылдың сәуірінде ҚР Үкіметі жанындағы кәмелетке жасы толмағандар істері мен олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомство аралық комиссияның 10-шы отырысында қаралады.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 қазандағы №1165 қаулысымен бекітілген 2011-2014 жылдарға адам құқықтары бойынша әмбебап мерзімдік шолу аясындағы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттер ұсыныстарын жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі Іс-шаралары жоспарының 21 тармағына сәйкес бұл мәселе 2012 жылдың сәуірінде ҚР Үкіметі жанындағы кәмелетке жасы толмағандар істері мен олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомство аралық комиссияның 10-шы отырысында қаралады.

3 бөлім бойынша. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар

      66 т.

      «...қоғамда...» деген сөздерден кейінгі «ҚР БҒМ құзыретіне мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс кірмейді, сондықтан бұндай балалар қарапайым білім беру жүйесіне ілінбейді» сөздерін алып тастау.
      Түсініктеме: ПӘПК 2012 жылғы 1 қаңтардағы мәліметтер бойынша дамуда мүмкіндігі шектеулі 149043 балалар мен жасөспірімдер анықталды (69 тармақ).
      Дамуда мүмкіндігі шектеулі 149043 баланың 0-ден 6 жас арасында – 41741 адм.(30,2%). Олардың ішінде 39 арнайы бала бақшада – 5142 (12,3%) бала, 274 арнайы топта - 4970 (11,9%) бала, 98 бала бақшада - 1677 (4%) бала инклюзивті (дені сау балалармен бірге) тәрбиеленуде.
      Мектеп жасындағы мүмкіндігі шектеулі 107 302 баланың білім алумен қамтылғаны 55 311 бала (51,5%) (2010 ж. – 46,2% (69 тармақ).
      Жалпы балалар санының инклюзивті білім берумен қамтылған балалар үлесі 18,9 % (2010 жыл - 12,0%).
      Балаларды инклюзивті оқытуға жағдай жасаған мектептердің үлесі 19,1% (2010 жыл – 17,7%) құрайды.
      1317 мектепте көтеру құралдары, пандустар, тазалық бөлмелерінде арнайы құрылғылар орнату, тұтқалар, арнайы парталар, үстелдер және басқ. сынды арнайы өтемдеуші құралдарды орналастыру жолымен «бөгетсіз аймақ» жасалған.
      102 түзету мектептерінде 15 639 бала оқытылады, соның ішінде психикалық дамуының артта қалуымен 2 мыңға жуық, 8049 – ақыл есі кем, өзгелері – басқа физикалық шектеулері бар балалар. 2011 жылы Маңғыстау облысында 1 түзету мектебі ашылды (67,68 тармақтар).
      Алғашқы рет БДМБ шеңберінде мемлекеттік бюджеттен үйде оқытылатын мүмкіндігі шектеулі 9000 балаға арналған оқу орындарын жабдықтауға қаражат бөлу қарастырылған. Бұл компьютерлерді, көмекші техникалық құралдарды сатып алу мен Ғаламторға қосылу.
      2011 жылы үйде оқытылатын 3000 мүгедек бала техникалық және өтемдеуіш құралдар алды. Сатылай барлық балалар 3 жыл ішінде жабдықталады.

      69 тармақ

      Түзетулер енгізу. Қазақстанда дамуды мүмкіндігі шектеулі 149043 бала мен жасөспірім бар. Оның ішінде мектеп жасындағылар 107 302, оның ішінде оқытумен қамтылғандары 55 311 бала және ол 51,5% құрайды.
      Алып тастауға ұсыныс. «Мүгедек балалар тұрғылықты жер бойынша бұндай мекемелердің жоқтығынан үйден алыс орналасқан арнайы оқу орындарына тағайындалады. Мемлекеттік мектептердің мүгедек балалармен жұмыс істеуге жағдайлары мен дайын педагогтары жоқ. Нәтижесінде бұндай балалар қарапайым мектептер мен бала бақшаларға бара алмайды».

      Түсініктеме:

      102 түзету мектебінде 15 639 бала оқытылуда (2011 жыл – 101 түзету мектебі). Аймақтардағы барлық осы мектептер қызмет етеді (кесте берілген).

      ҚР БҒМ

      Мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі тұлғалар

      Қазіргі таңда мемлекетте Қазақстанмен БҰҰ «Мүгедектер құқығы туралы» Конвенция мен оған Факультативті хаттаманы ратификациялауға жағдайлар әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ол бар әр түрлі бөгеттерді жою арқылы мүгедектердің қоғам өміріне толығырақ қатысуына бағытталған өз көлемі жағынан ауқымды және ұзақ мерзімді іс-шаралар кешенін қарастырады.
      Күтілетін Мүгедектер құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау рәсімінің жолдары мен мерзімін анықтау мақсатында, іске асыруына Республикалық бюджеттік комиссиямен 2012-2014 жылдары 6585,0 млн теңге сомасына шығындар қолдау тапқан 2012-2018 жылдарға мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету мен өмір сүру жағдайларын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарының (2012-2013 жылдар) бірінші этап жобасы әзірленді.
      Жоспар жобасының мақсаты мүгедектерді әлеуметтік қолдауды жетілдіру және олардың физикалық ортаға, инфрақұрылым нысандарына, көлік, ақпарат және байланыс, білім беру қызметтері, денсаулық, әлеуметтік қызметтерге тең қол жетімділікті қамтамасыз ету бойынша жағдайларды қалыптастыру болып табылады.
      2011 жылы 14 желтоқсанда Жоспар жобасы ҚР Үкіметіне қарауға жіберілді.
      ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 64 Қаулысымен 2012-2018 жылдарға мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету мен өмір сүру жағдайларын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарының (2012-2013 жылдар) бірінші этап жобасы бекітілді.

      Мекенжайлық әлеуметтік көмек

      ҚР 2011 жылғы 17 шілдедегі № 246 «Мемлекеттік мекенжайлық әлеуметтік көмек туралы» Заңына (әрі қарай – Заң) сәйкес мекенжайлық әлеуметтік көмек (әрі қарай - МӘК) табыстары кедейлік сызықтан төмен (күн көріс минимумынан 40 %) азаматтарға орташа есеппен жан басына шаққандағы табыс пен кедейлік сызыға арасындағы айырма түрінде беріледі. МӘК қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаттарынан жергілікті атқарушы органдармен жүргізіледі.
      2012 жылғы 1 қаңтарға МӘК табыстары кедейлік сызығынан төмен 139,3 мың азаматтарға 2,5 млрд.теңге сомасына тағайындалды. Бұл көрсеткіштер 2010 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 28,4 % және 10,4 % сәйкесінше кеміген.
      МӘК алушылардың негізгі үлесін ауыл тұрғындары – 60,6 % құауды жалғастыруда, сәйкесінше, МӘК бөлінген шығындардың жалпы соманың 60,9 % ауыл тұрғындарына көмек көрсетуге бағытталған. Астана, Алматы ққ. мен облыстарының Жұмыспен қамтылуды бақылау мен әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметтері бойынша есептілік мерзім ішінде 39,8 мың адам, соның ішінде жұмысқа тұру себебімен – 7,0 мың адам, микрокредит алу – 58 адам МӘК алушылар құрамынын шықты.

      МӘК алушылардың жалпы санының 35,2 % еңбекке қабілетті, бұл өткен жылғы осы мерзім деңгейіне тең келеді.

      МӘК алушылардың жалпы санының 8,1 % жұмыссыз азаматтар құрайды, бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 0,9 пайыздық бөлімге кем.

      МӘК алушылардың арасындағы ең көп үлес салмақты балалар құрайды – 61,0 %, бұл өткен жылғы осы мерзіммен бірдей.

      ҚР ЕХӘҚМ

2011 жылға 8 негізгі түрі мен типі бойынша дамуда мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған түзету білім беру мекемелер желісі мен контингенті туралы мәліметтер

Облыс атауы

барлығы

көзі көрмейтіндерге (соқырларға)

көзі нашар көретіндерге

құлағы естімейтіндерге (саңырау)

нашар еститіндерге

тілдік дамуы артта қалған балаларға

ТҚАБ бар балалар

ақыл-есі кем

ПДАҚ балалар

желі

конт-т

желі

конт-т

желі

конт-т

желі

конт-т

желі

конт-т

желі

конт-т

желі

конт-т

желі

конт-т

желі

конт-т

Ақмола

5

730







1

126





4

604



Ақтөбе

5

722





1

142







2

315

2

265

Алматы

6

871







1

169





5

702



Атырау

3

265







1

41

1

135



1

89



ШҚО

14

2040



2

315

1

87

2

143

1

295



6

942

2

261

Жамбыл

4

540



1

99



1

142



1

81

1

218



БҚО

3

527



1

107

1

110







1

310



Қарағанды

12

2066



1

150



1

193

1

163

1

166

6

1003

2

391

Қызылорда

2

259







1

130





1

129



Қостанай

7

921





1

125







5

670

1

126

Маңғыстау

5

758



1

172



1

216





3

370



Павлодар

8

1030







1

104





6

674

1

252

СҚО

7

990





1

106

1*

49





6

257

6*

578

ОҚО

11

1878



1

197

2

285

1

121

2

340



5

935



Астана қ.

1

214













1

214



Алматы қ.

9

1828

1

214



1

137

1

193

1

327

1

253

3

617

1

87

Барлығы

102

15639

1

214

7

1040

8

992

12

1627

6

1260

3

500

56

8049

9

1960

      * Ескерту: түзету білім беру мекемелерінің желісі 1 данаға көбейді (2010 ж. - 101 түз.біл.бер.мек., 2011 ж. - 102)
      Маңғыстау облысында 1 түзету білім беру мекемесі ашылды.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.