Адамның барлық құқықтарын, азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарын қолдау және қорғау, даму құқығын қоса алғанда (Бас Ассамблея)

Актінің түрі
Баяндама
Ұсынымдар
Қабылдау күні
01.01.1970
Өзгерту күні
16.06.2015
Актіні қабылдаған орган
Халықаралық органдар мен ұйымдар

      Қосымша
      Қазақстандағы миссия** ***
      Резюме

      Қазақстан Үкіметінің шақыртуымен бейбіт жиындар еркіндігі мен Майна Киаи ассоциация еркіндігі құқықтары жөніндегі мәселе бойынша Арнайы баяндамашы елдегі бейбіт жиындар мен ассоциация еркіндігі саласындағы ережелерге баға беру үшін 2015 жылдың 19-27 қаңтары аралығында елге ресми сапармен келді.

      Кіріспе бөлімнен кейінгі ІІ және ІІІ бөлімдерде озық тәжірибе мен саяси партиялармен, коммерциялық емес ұйымдармен, кәсіподақтармен және діни бірлестіктермен ассоциация еркіндігіне құқықтарын жүзеге асыру саласындағы, сондай-ақ бейбіт жиындар еркіндігіне құқық саласында сақталған қарсылықтардың бірқатар мысалдары сипатталады.

      Қорытындыда арнайы баяндамашы анықталған қарсылықтарды жеңу тәсілдеріне қатысты өзінің ұсыныстарын шығарды.

      * Техникалық себептер бойынша 2015 жылдың 7 тамызында қайта басылып шығарды.

      **Бұл баяндаманың резюмесі барлық ресми тілдерде таратылады. Резюмеге қосымшада бекітілген баяндаманың өзі тек ұсынылған тілде және орыс тілінде таратылады.

      *** Кешіктіріліп ұсынылады.

      Қосымша

      (Тек ағылшын және орыс тілдерінде)

Бейбіт жиындар еркіндігі мен Майна Киаи ассоциациясы еркіндігі құқықтары
жөніндегі мәселе бойынша, оның Қазақстанға миссиясы
(2015 жылғы 19-27 қаңтар)туралы Арнайы баяндамашының баяндамасы Мазмұны Тармақтар

      I. Кіріспе.....................................................................................1–12
      A. Тарихи және саяси шарттар.................................................5–9
      B. Құқықтық шектер................................................................10–12
      II.Ассоциация еркіндігі...........................................................13–51
      A. Саяси партиялар.................................................................19–32
      B. Кәсіби одақтар....................................................................33–38
      C. Қоғамдық бірлестіктер......................................................39–45
      D. Діни бірлестіктер..............................................................46–51
      III.Бейбіт жиындар еркіндігі.................................................52–89
      A. Бейбіт жиындар еркіндігі құқығын жүзеге асыру.........52–71
      B. Жаңаөзендегі дағдарыс.....................................................72–89
      IV. Қорытындылар мен ұсыныстар......................................90–98

I. Кіріспе

      1. Адам құқықтары жөніндегі кеңестің 15/21 және 24/5 резолюцияларына сәйкес бейбіт жиындар мен ассоциация еркіндігі құқықтары туралы мәселелер бойынша Арнайы баяндамашы Үкімет шақыруымен Қазақстанға 2015 жылдың 19-27 қаңтар аралығында келіп кетті. Оның сапарының мақсаты - елдегі бейбіт жиындар мен ассоциация еркіндігі саласындаы жағдайға баға беру.

      2. Арнайы баяндамашы Үкіметке оның кездесулерін ұйымдастыру туралы өтінішіне көңіл бөлгеніне алғыс айтты, және конструктивті диалог шеңберінде кездесуге уақыт тапқандардың барлығына шын алғысын білдірді.

      Арнайы баяндамашы Үкіметтің барлық арнайы рәсімдер мандатарияларына тұрақты шақыру жібергеніне және 2009 жылдың шілдесінен бастап сапармен келген алты Арнайы баяндамашыны қабылдағанына қатысты ризашылығын танытты. Ол мұны үкіметтің және ерік-жігерінің дәлелі бейбіт кездесулер мен ассоциация еркіндігі құқығын қоса алғандағы адам құқықтарын қорғауды күшейту және қолдау мүддесімен Адам құқықтары жөніндегі кеңес механизмімен ынтымақтастыққа дайын екендігінің дәлелі деп санайды. Арнайы баяндамашы осы мүмкіндікті пайдалана отырып, осы уақытқа дейін жіберген хабарламалар мен сапар нәтижесімен жіберілген хатқа толық жауап ұсынғаны үшін алғыс білдірді.

      3. Арнайы баяндамашы сонымен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы резидентінің үйлестіру кеңсесіне және Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азиядағы Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасының аймақтық өкілдігіне сапарға дайындық барысында және сапардың уақытында көрсеткен қолдауы үшін ризашылығын танытты.

      4. Қазақстанда болғанда Арнайы баяндамашы Астана, Алматы, Ақтау және Жаңаөзен қалаларына барып қайтты. Ол Астанада биліктің атқарушы, заң шығарушылық және сот тармақтарының өкілдерімен және Алматы, Ақтау және Жаңаөзен қалаларында аймақтық және жергілікті билік органдары өкілдерімен кездесті. Сонымен бірге ол ұлттық құқық қорғау мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың және азаматтық қоғам ұйымының өкілдерімен кездесті, сондай-ақ 2011 жылдың желтоқсанында Жаңаөзенде орын алған дағдарыс кезіндегі адам құқықтары бұзылуының құрбандары мен аман қалған жәбірленушілерімен де кездесу өткізді. Арнайы баяндамашы қазіргі уақытта түрмеде жеті жарым жыл мерзімдік жазасын өтеп жатқан "Алға!" Ұлттық партиясы қоғамдық бірлестігінің басшысымен Владимир Козловпен кездесу ұйымдастыруға көмектескені үшін Қазақстан Үкіметіне алғыс білдіреді.

А. Тарихи және саяси жағдайлар

      5. Қазақстан 24 жыл бұрын тәуелсіздігін алды және содан бері едәуір экономикалық прогреске жетті. Экономикалық өсім мен инфрақұрылым дамуының жоғарғы көрсеткіштерін, жаңа астананың бой көтеруін қосқанда, Қазақстанға аймақтық және дүниежүзілік аренада маңызды ойыншы болуға мүмкіндік берді. Экономикалық салада мұндай таңқаларлық жетістіктерге жету Қазақстандағы табиғи ресурстардың молшылығы, адами ресурстардың мобилизациясы мен этникалық және мәдени әртүрлілігімен танылған қоғамда тұрақтылық сақтау жағдайларын нығайтудағы әрекеттерінің арқасында мүмкін болды. Қазіргі таңда Қазақстан ұзаққа баратын халықаралық жоспарлар құруда: бұл жерде 2017-2018 жылдар аралығындағы мерзімде Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігінің орнына өз кандидатурасын ұсыну мен 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын Қазақстанда өткізу ұсыныстары жайлы айтылып отыр. "Қазақстан-2050" Стратегиясы" ұлттық стратегиялық жоспарында көзделетін басты мақсат жүз жылдықтың ортасына қарай дүниежүзінің ең дамыған отыз мемлекеттерінің қатарына қосылу болып табылады.

      6. Байлығы мен өркендеуші және тұрақты мемлекет ретіндегі беделіне қарамастан, Қазақстан бірқатар қарсылықтармен кездеседі. Елде әлеуметтік-экономикалық теңсіздік сақталады, адамның кейбір құқықтарын, әсіресе бейбіт жиындар мен ассоциация еркіндігі құқығын тиісті дәрежеде қолдану мүмкіндігімен барлығы қамтамасыз етілмеген.

      7. Мемлекеттің тәуелсіздігін алғаннан бері саяси және экономикалық мәселелер Президент Назарбаевтың қатаң бақылауында. Ол 1991 жылы Қазақстанның алғашқы президенті болып сайланды және содан бері билік басында отыр, 2011 жылғы президенттік сайлауда 89,9% халықтың қатысуында 95,5% дауыс жинады. 2015 жылғы 25 ақпанда Халық Ассамблеясы Кеңесінің бастамасымен, Парламент қолдауымен, Президент Назарбаев бұрын жоспарланған 2016 жылдың желтоқсанының орнына 2015 жылдың 26 сәуірінде мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы жариялады. Нәтижесінде оппозицияда сайлауға дайындалуға өте аз уақыт қалды.

      8. Арнайы баяндамашының ойы бойынша, Қазақстан тұйыққа тіреліп тұр. Тәуелсіздік алғаннан бері байқалған экономикалық прогресс қарқыны әсер қалдырарлық, алайда адамның басқа құқықтарын қамтамасыз ету жоспарындағы сәйкес алға жылжуларсыз мұндай прогресс біршама тұрақсыз сипатта болып табылады. Бұл парадоксалды болып көрінгенімен, осы немесе өзге мемлекеттегі тұрақтылықтың түпкілікті өлшемі бейбіт нысанда белгіленген тәртіптегі сынға төзімді қатынас таныту, яғни өзгеше ойлау мен саяси плюрализмнің көрсетілуіне каналдар ұсыну болып табылады. Егер ондай каналдар құрмаса,протестік көзқарастар өздігінен жойылмайды; керісінше, олар жиналып, көшедегі қарсылықтар мен үкіметтің саясатын сынға алатын үкіметтік емес ұйымдардың баяндамаларынан да қорқынышты нәрсеге ұлғайып кетеді.

      9. Сапар барысында үкімет өкілдері тұрақтылық пен бірегейлік қазақ қоғамына тән екенін, Қазақстан Халық Ассамблеясында негізгі ұлтпен қатар азшылықтың да көзқарастары қарастырылатынын бірнеше рет атап өтті. 140 этникалық және 17 діни топтан тұратын байтақ елде тұрақтылық пен бірегейлікті сақтай алған қабілеті үшін Қазақстан Үкіметіне лайықты баға беру керек. Одан бөлек Арнайы баяндамашы тұрақтылық көбінесе бейбіт жиындар мен ассоциация еркіндігі құқығын шектеу сылтауы ретінде қолданылады деген қорытындыға келді. Ол адам құқықтарын қорғау мен бейбітшілік пен тыныштықты сақтау бір медальдың екі жағы сияқты, өзара байланысты, өзара тәуелді элементтер деп атап өтті. Оның сенімі бойынша, бейбіт жиындар мен ассоциацияға құқықты еркін жүзеге асыру билік үшін халық тап болатын қарсылықтар туралы ақпараттардың бірегей қайнар көзі ретінде қызмет етеді. Бұл әсіресе Қазақстан секілді айтарлықтай күрделі және біркелкі емес геосаяси контекстте дамып жатқан жас және үлкен мемлекет үшін өзекті. Халықтың қажеттілігін түсіну мен биліктегі қарсылық пен тежеулерге жүйе құрудың бұдан жақсы амалы табылмайды.

B. Құқықтық шектер

      10. Қазақстан Балалар құқығы туралы конвенцияны, Әйелдерге қатысты дискриминацияның барлық формаларын ликивдациялау туралы конвенцияны, Нәсілдік дискриминацияның барлық формаларын ликвидациялау туралы халықаралық конвенцияны, азаптаулар мен басқа да қатаң, адамгершіліксіз және абыройды қорлайтын жазаларға қарсы конвенция мен оған қатысты Факультативті протокол, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт, Азаматтық және саяси құқық туралы халықаралық пакт және оған Факультативті хаттама, Зорлықпен жоғалып кетуден барлық тұлғаларды қорғау туралы халықаралық конвенция және 2015 жылы Мүгедектер құқықтары туралы конвенциямен қоса адам құқықтары туралы көптеген халықаралық келісімдерді ратификациялады; олардың барлығында бейбіт жиын мен ассоциация еркіндігі құқығын көтермелеу мен қорғауға қатысты ережелер бар. Бұдан басқа Қазақстан Халықаралық еңбекті ұйымдастыру бойынша бірнеше конвенцияларды ратификациялады, соның ішінде 1948 жылғы Бірлестіктер еркіндігі мен кәсіподаққа бірігу құқығын қорғау туралы Конвенция(№ 87) және 1949 жылғы Кәсіподақтарға бірігу мен ұжымдық келіссөздер жүргізу құқығы туралы конвенция(№ 98) да бар. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі қысқа тарихын ескерсе, биліктің адам құқықтарының халықаралық құқық нормаларын сақтауы мақтауға тұрарлық.

      11. Арнайы баяндамашы Конституцияның бейбіт жиын мен ассоциация еркіндігі құқығына кепілдік беретінін және идеологиялық және саяси көптүрлілікті мойындайтынын құптайды. Конституцияға сәйкес, халықаралық шарттар ішкі заңнамаға қарағанда артықшылыққа ие, және оның ережелері тікелей қолданыла беретінін атап өтеді. Теория тұрғысынан, соттар өз шешімдерінде Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пакттың 21 және 22 баптарына сүйене алады. Арнайы баяндамашы Конституцияға сәйкес бейбіт жиын мен ассоциация еркіндігі құқығы тек заң негізінде мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, басқа тұлғалардың құқықтары мен еркіндіктерін қорғау мүддесінде шектелуі мүмкін екендігін атап кетеді, және де ол еркіндік қалыпты жағдай екенін, ал шектеулер- адам құқықтарының халықаралық құқығында қарастырылған жеке жағдайлар болып табылатынын көрсетеді.

      12. Бұл ережелерге қарамастан, Арнайы баяндамашы 2011 жылғы Жаңаөзендегі оқиғада кемінде 16 адамның, еңбек жағдайымен қанағаттанбайтын жүздеген мұнайшылардың протесттерін басуға жіберілген үкіметтік күшпен қақтығыста қайтыс болғанынан кейін ассоциация еркіндігі құқығын шектейтін жаңа заңдар қабылдануы мүмкін екендігіне алаңдайды. Сондай-ақ ол санкцияланбаған жиынға қатысушылар қорқытуға, айыппұлдарға, түрмеге қамалу мен әкімшілік санкцияларға ұшырауына алаңдайды.

II. Ассоциация еркіндігі

      13. Ассоциация еркіндігі мәселесіне көшпес бұрын Арнайы баяндамашы өз сапары барысында орын алған оқиғаларға қатысты алаңдаушылығымен бөліскісі келді.

      14. 2015 жылдың 24 қаңтарында Ақтауда өткен азаматтық қоғамның өкілдерімен кездесу аяқталғаннан соң кездесу өткен ғимаратқа қарама-қарсы жерде тұрған автокөлік байқалды, артқы орында отырған белгісіз тұлғалар Арнайы баяндамашының жүргізушісі мен ғимараттан шыға берістегі азаматтық қоғам өкілдерін суретке түсіріп алды. Олар қолданған фотоқұрылғының сапасы мен суреттерді жасауы бұл операцияны құпия полиция агенттері белсенділерді қорқыту үшін үшін жүргізіп жатқанына күмән қалдырмады.

      15. Арнайы баяндамашы көрсетілген тұлғаларға жақындады және бұл суреттерді қандай мақсатпен түсіріп жатқанын түсіндіруді талап етті, ал олар ешқандай жауап берместен, асығыс кетіп қалды. Сол күні Арнайы баяндамашы Маңғыстау облысының ішкі істер басқармасының басшысына ресми шағым жасады. Келесі күні ішкі істер органының өкілдері Арнайы баяндамашыға күдікті ұсталғанын хабарлады, және ол адамның мойындаған айғағын ұсынды. Бірақ Арнайы баяндамашы күдіктіде автотұрақтағы кісіні таныған жоқ.

      16. Арнайы баяндамашы бұл жағдайды үкіметтің көзқарасын бөліспейтін немесе болжалды түрде бөліспейтін тұлғаларға қатысты сыйламаушылықты және кейбір лауазымды тұлғаларға қатысты жазаламаушылық сезімін көрсететін алаңдатарлық инцидент деп санайды.

      17. Арнайы баяндамашы Адам құқықтары жөніндегі кеңестің 24/24 резолюциясы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының механизмдері мен органдарымен ынтымақтасатын тұлғаларға қатысты репрессия мәселесіне өте маңызды деп қарайды. Ақтауда болған оқиға Қазақстанда, әсіресе елдің Қауіпсіздік кеңесінің тұрақсыз мүшелігіне үміткерлігін ескере отырып, құқыққорғаушыларды қорғау үшін әлдеқайда көп нәрсе қажет екенін куәландырды. Азаматтық қоғамның дамуына қолайлы жағдай қалыптастыру үшін қорқыту мен соңына түсу әрекеттерінен қорғау ғана емес, сонымен қатар адам құқықтарын бұзушы тұлғаны сотқа беруге тырысу, көпшілік қолдайтын көзқарас пен сенімдерге қарсы немесе одан өзгеше көзқарас ұстанатын тұлғаларды қолдауға бағытталған позитивті шаралар қабылдау қажет.

      18. Арнайы баяндамашы бүгінгі күнге дейін оның сапарымен тікелей байланысты болатын алаңдаушылық тудыратын мәселелердің оның назарына жетпегенін атап өтеді, алайда ол онымен кездесуге қатысқан азаматтық қоғам белсенділерімен байланысты сақтайды және осы мәселе бойынша қатаң позиция ұстанады.

A.Саяси партиялар

      19. Қазақстанда саяси оппозициялық пікір білдіру аясы өте шектеулі. Саясаттың айла-әдісі, қалыптасқан тәжірибе мен менталитет саяси қызметке қатысу оңай емес, арзымас және кейде қауіпті іс болатын ортақ жағдайдың қалыптасуына ықпал етеді. Басқаша ойлау қылмыстық қудалауға ұшырауы мүмкін, ал саяси тақырыптарға сыни көзқарастар білдіру көбінесе мемлекеттің тұрақтылығына қауіп ретінде танылады.

      20. 2002 және 2009 жылдары Қазақстан 1996 жылғы " Саяси партиялар туралы" заңға түзетулер енгізді. Заңның 2009 жылы қабылданған нұсқасының алдыңғы нұсқадан айырмашылығы бар, сонымен бірге саяси партияны құруға қажетті мүшелер санын қысқартуды қарастырады; оның ережесіне сәйкес, мемлекеттік тіркеу талап етілетін партия мүшелерінің нақты санына әсер етпейтін жағдайда, партиялық тізімде қате кетсе де саяси партияның мемлекеттік тіркелуіне рұқсат беріледі. Одан бөлек оның халықаралық стандартпен үйлесімділігі үшін ауқымды жұмыс жасау қажет болып тұр.

      21. " Саяси партиялар туралы" заң бойынша кіші партиялардың құрылуына кедергі келтіретін алғашқы мүшелер санының көптігін талап ету мен дайындық жұмыстары көп уақытты алатын және қымбат тұратын кеңкөлемді құжаттар пакетін ұсыну талабы секілді тіркеуге ауыртпалық тудыратын талаптар орнатылған. Осылайша, саяси партияның құрылуы үшін бастамашы топтардың саны облыстардың, республикалық маңыздағы қалалар мен астанадан үштен екі бөлігінен кем дегенде 1000 негізін қалаушы-мүшелерден құралуы керек, ал партия құрамында кем дегенде 40 000 мүше болуы керек.

      22. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бақылаушылар тобыны жіберген пікір бойынша 2012 жылы болған Қазақстандағы соңғы парламенттік сайлау барысында " демократиялық сайлаудың негізгі қағидалары" орындалмаған; атап айтқанда, үміткерлер мен бір партиялық тізімді тіркеуден алып тастаудың іріктелген мысалдары келтірілді. Билеуші партия "Нұр Отан" оның алдындағы "Отан" партиясы секілді халықтың үлкен қолдауына ие және 1991 жылдан бері маңызды экономикалық дамуға қол жеткізді, соңғы онжылдықтар бойы онда көпшілік құптайтын көзқараспен келіспейтін немесе одан өзгешеленетін көзқарастар болған емес. Мемлекетте тоғыз саяси партиялар бар, бірақ оның үшеуі ғана Парламентте. Олардың бір де бірі түпкілікті оппозициялық партия рөлінде шыға алмайды. Мысалы, 2011 жылғы президент сайлауы тұсында үміткерлердің бірі Президент Назарбаевқа дауыс бергенін мәлімдеді.

      23. Арнайы баяндамашы әсіресе саяси партияларды, яғни үкіметпен билік үшін күресетін құрылымдарды тіркеуге Әділет министрлігі атынан атқарушы органдардың жауапты екендігіне алаңдаушылығын білдірді. "Саяси партиялар туралы" заңға сәйкес билік органдарына потенциалды партияның өтінішін қарастыру мерзімін үнемі созуға рұқсат етіледі, сонымен бірге тіркеу процесіне жауапты лауазымды тұлғалар басшылыққа алатын нақты критерийлер белгіленбеген. Алайда билік өкілдері Арнайы баяндамашыны жеке тұлғалар Министрліктің тіркеу туралы шығарылған шешімдеріне сотқа шағымдана алады, ал оның өзінің байқауынша, сот органдарының тәуелсіздігіне сенім деңгейі де жоғары емес. Мемлекеттік мекемелердің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету үшін саяси партияларды тіркеу мен оның қызметін реттеуді тәуелсіз органға жүктеу қажет.

      24. Саяси партиялардың қызметін тоқтату мен оны тарату негіздері алаңдаушылық туғызатын себептердің бірі болып табылады. 2014 жылдың желтоқсанының соңында сот Коммунисттік партияның қызметін тоқтатты, құзыретті орган оның мүшелерінің тізімінде түсініксіздік анықтады.

      25. 2015 жылдың 1 қаңтарында жаңа Қылмыстық кодекс, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы жаңа кодекс пен жаңа Қылмыстық-процессуалдық кодекс күшіне енді. Кейбір түзетулер қылмыстық сот ісінде заңдылықтың кепілдігін нығайту жолындағы ілгері жасалған қадам болса, кейбір ережелер саяси партиялар, бірлестіктердің заңды қызметі үшін жауапкершілік пен қылмыстық жазаны орнатуға алып келді. Қылмыстық кодекстің әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік немесе діни бүліктің тууына қатысты 174-бабы ерекше алаңдаушылықты тудырады. Кодексте "бүлік тудыру" ұғымы дәл түсіндірілмеген, оның салдарынан Азаматтық және саяси құқық туралы халықаралық пакттың 3 тармағының 19 және 20-баптары мен Нәсілдік дискриминацияның барлық формаларын жою туралы халықаралық конвенцияның 4-бабының қамту аясынан шығатын ерікті түсіндіру мүмкіндігі туады. Бұл ереже бұрынғы қылмыстық кодексте де болды, бірақ жаңа нұсқасында ең ұзақ жазаның мерзімі 12-ден 20 жылға бас бостандығынан айыруға көбейтілді. Мәні бойынша бұл нақты түсіндіру емес, мысалы, еңбектенушілерді мобилизациялауға тырысқан кез келген оппозициялық партияны жұмыс берушілерге қатысты әлеуметтік бүлік туғызуда айыптауда қолданылуы мүмкін.

      26. Сапары барысында Арнайы баяндамашы "бүлік тудыруда" айыпталып, жеті жарым жыл бас бостандығынан айыру жазасына тартылған және "Алга!" партиясының басшысы, түрмеде ұсталып жатқан Владимир Козловпен кездесті. Козлов мырза Жаңаөзен қаласындағы демонстрацияға қатысқан мұнайшыларды қолдап сөз сөйлегенінен соң және 2011 жылдың желтоқсанындағы оқиғадан соң адам құқықтарының бұзылуына жол бергенін сынға алғаннан соң 2012 жылдың қаңтарында тұтқындалды. Козлов мырза "Қазақстандағы демократиялық сайлау" партиясына кірген тұста 2000 жылдан бастап оппозициялық саяси қозғалыстардың қызметінде қатысқан, және ол партия саяси экстремизмде, әлеуметтік шиеленіс тудыруда және ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіруде айыпталып, 2005 жылы қаңтарда сот шешімімен таратылған.

      27. Айыптау үкімі шығарылар тұста Козловтың жеті жыл бойы "Қазақстандағы демократиялық сайлау" партиясының орнына келген "Алга!" партиясының тіркелуіне қол жеткізуге тырысуы сәтсіз болды. Козлов мырзаның ісіне қатысты шығарылған сот шешімі кейіннен қызметінің "экстремисттік" сипатта болуы сылтауымен "Алга!" партиясымен қатар 34 мемлекеттік емес БАҚ-қа тыйым салуда қолданылды.

      28. Козлов мырзаның ісі бойынша сот жұмыстары барысында сотпен шақырылған сарапшы Козлов мырза: " Тізеңнен тұр да, қазақ, тиран мен ұрыны мойныңнан түсір!" деген мазмұндағы парақшалар тарату арқылы әлеуметтік бүлік тудырды деген қорытындыға келді. Сарапшының куәлігі бойынша, бұл әрекет көтерілісшілерді жұмыс берушілерге немесе мемлекеттік билікке қарсы бағыттауға арналған, Қазақстанның көптеген аймақтарында адамдар ауыр жағдайда өмір сүретіндіктен, парақшалардағы ақпараттан соң олар мұнайшылардың тарапынан протестке қосылулары мүмкін еді. Сонымен қатар Козлов мырзаның әрекеті жұмыс берушілер мен жұмысшылардың арасында жүргізіліп жатқан еңбек мәселесі бойынша келіссөздерді жоспарлы үзуге ықпал етті. Козлов мырза мен қазіргі уақытта ақша қаражатын ұрлады деген айыппен Францияда тергеуде болып табылатын оппозициялық қызметкер Мұхтар Аблязов арасындағы байланыс анықталды.

      29. Арнайы баяндамашы Козлов мырзаның саяси сөздері мен қоғамдық бірлестіктердің қызметіне қатысуы әлеуметтік жеккөрушілік тудыратын әрекет ретінде қылмыстық жазалауға тартылатын деңгейге жатқызылуына қатты алаңдайды. Сонымен қатар Козлов мырзаның ісін қарау, атап айтқанда, үкім мәтінінде оның заңды және бейбіт саяси қызметі мемлекеттік тұрақтылыққа қауіп ретінде танылуы басқаша ойлайтын саяси көшбасшылардың маргинализациясы тенденциясын көрсетеді. Деспотиялық шаралар арқылы саяси оппозицияны басуын есепке алсақ, Қазақстан үкіметінің айтарлықтай халықтың сенімі мен құптауына ие болуы таң қалдырарлық.

      30. Арнайы баяндамашының көзқарасы бойынша, жаңа Қылмыстық кодекстің 174-бабы саяси қызметке едәуір әсерін тигізді, ол түпкілікті экстремизммен күрестің тиімді емес және өнімсіз амалы ретінде танылады. Жоғарыда айтылған нақты емес негізде саяси топтардың таратылуы және оның өкілдерін соттық қудалау билеуші партияға бәсекелестік тудырғысы келетін кез келген оппозициялық саяси партия немесе оның мүшелері бүлік тудыру немесе "жалған ақпарат тарату", немесе " жала жабу" секілді қылмыстық жазаланатын әрекетке айыпталу қаупіне тап болуына алып келеді.

      31. Оппозициялық көзқарасты көрсетудегі шектелген мүмкіндіктер оппозициялық партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарына толық қол жетімділіг болмағандықтан, өздігінен одан да азайып жатыр. Соңғы айларда бірнеше тәуелсіз газеттердің баспасөздері жабылды; атап айтқанда, 2014 жылдың желтоқсанында сот шешімімен саяси және құқық қорғау мәселесі жарияанатын "АДАМ бол" журналы жабылды. Қаулы журналда Украинадағы сепаратисттерді басуға украиндық әскерге әскери қолдау көрсетуге шақырған оппозиция көшбасшысымен сұхбат жарияланғаннан соң шығарылған.

      32. Арнайы баяндамашы Қазақстан өзіндік қарсылықтарға тап болып жатқан жас, үлкен және алуанпішінді ел екендігін түсінеді. Сонымен қатар ол саяси партиялар мен саяси оппозицияның қызметін реттеудің қазіргі тәсілі жалпы өзгеше ойлау мен плюрализмді басуға алып келеді, ол даму мен ұзақмерзімді перспективада тұрақтылық үшін жағымсыз салдарларға соқтырады. Тәуелсіздікке қол жеткізгелі 24 жыл өтті, саяси жүйенің плюрализм рухына толық ену уақыт келді. Ол үшін саяси партиялардың қызметін реттеу тәртібін қайта ұйымдастыру мен басқаша ойлауға неғұрлым ұстамды көзқараспен қараудан бастап, ауқымды реформалар жүргізу талап етіледі. Сонымен қатар Арнайы баяндамашының Қазақстанның Орталық Азияда ғана емес, бүкіл дүние жүзінде даму мен демократияның символы болуға қажетті ресурстары мен капиталдарға ие екендігіне күмәні жоқ.

      ________________________________________________________________
      1. www.osce.org/odihr/elections/89401?download=true. қараңыз

B. Кәсіптік одақтар

      33. 2014 жылдың маусымында Қазақстанда кәсіптік одақтар туралы жаңа заң қабылданды және кәсіподақтарға жаңа ережелерді орындауды қамтамасыз ету үшін бір жыл уақыт бөлінді. Осы баяндаманың дайындалуы барысында ол заң әлі толық көлемде қолданысқа енген жоқ.

      34. Жалпы жоспарда жаңа заң кәсіподақтардың аймақтық және салалық федерацияларға міндетті қосылуын қарастырады. Кәсіподақтарға өз таңдауы бойынша еңбек ұйымдарын құруға немесе оларға кіруге құқық беруден бас тартылған. Бұл жаңа талаптар халықаралық құқықтың нормаларына сай келмейді, ол бойынша сол немесе өзге ассоциация құрамына кірмеу құқығы ассоциация еркіндігінің ең маңызды компонентінің бірі болып табылады. Арнайы баяндамашы билікке кәсіподақтар туралы жаңа заңды оны халықаралық стандартпен сәйкестендіру үшін қайта қарастыруға ұысыныс жасады, ол Халықаралық еңбек ұйымының Қазақстан Республикасының кәсіподақтары жөніндегі заң жобасына техникалық ескертулер туралы меморандумында ерекше аталып көрсетілген.

      35. Сапар барысында Арнайы баяндамашыға алдыңғы жылдары бірқатар кесіподақтарды, тіркеуден бас тартылғаны хабарланды; оның ішінде Жанарту кәсіподағының тіркеу туралы өтінішінен 2010 жылдан бері сегіз рет бас тартылған; журналисттердің тәуелсіз кәсіподағына техникалық себептер бойынша бірнеше рет бас тартылған, соңғы рет 2014 жылдың қарашасында; Жезқазған кәсіподағының соңғы жылдары үш рет тіркеуге қол жеткізу әрекеттері сәтсіз болған. Мәлемдемелер бойынша, бұл кәсіподақтар енді жаңа заң ережелеріне сәйкес тіркеуге құжаттар тапсыру керек.

      36. Арнайы баяндамашы көтеріліс жасау құқығы онсыз көтеріліс заңды деп таныла алмайтын алдын ала мәмілегерлік процедурасын жүргізу міндеттілігі есебінен шектелуіне алаңдайды. Одан бөлек Еңбек кодексіне сәйкес, көтерілістер теміржол, транспорт және мұнай секілді жекелеген секторларда тыйым салынған. Онда сондай-ақ жұмыс берушінің заңсыз деп танылған көтеріліске қатысқан жұмысшымен еңбек келісімін бұзу құқығы да қарастырылған. Одан бөлек, жаңа Қылмыстық кодекске "заңсыз көтеріліске қатысуды жалғастыруға итермелейтін әрекеттер" (402-бап) деген жаңа қылмыстық құрам енгізілді. Арнайы бяандамашыға таныстырылғандай, көтерілісті өткізуді реттейтін құқықтық шектер көбінесе ассоциация еркіндігі құқығының сақталуына емес, оның шектелуіне бағытталған.

      37. 2011 жылдың мамырында табиғи ресурстардың масштабты өндірісімен танымал аймақта мұнай секторының үш кәсіпорнында жұмысшылар көтеріліс бастады(төменде 72–89 тармақтарын қараңыз). 2011 жылы тамызда, бірінші толқулар басталғаннан бірнеше ай өткеннен соң, наразылық білдіріп жатқан жұмысшылардың мүддесін қорғаған және жұмысшылардың жалақысын есептеу жүйесін өзгертуге шақырған кәсіподақ адвокаты Наталья Соколова "әлеуметтік бүлік тудырғаны" үшін алты жылға сотталды. Мұндай нақты емес қылмыс жасаудағы айыптаулардың кәсіподақ адвокатына қатысты қолданылуы арнайы баяндамашыны таң қалдырды. Еңбек жағдайы туралы мәлімдемелермен қоғамдық сөз сөйлеулер мәні бойынша - кәсіподақтың басты функцияларының бірі болып табылады; мұндай сұрақтардың қоғамда ашық талқылануы да капиталисттік экономика жағдайында қалыпты жағдай болып табылады. Соколова ханым 2012 жылы наурызда босатылды, бірақ Арнайы баяндамашы оның және көтерістің басқа да ұйымдастырушыларының тұтқындалуы әлеуметтік шиеленісті күрделендіре түсті, және оның нәтижесінде ол 2011 жылғы желтоқсанда орын алған қайғылы оқиғаға ұласып кетті деп алаңдайды.

      38. "Қазақстан–2050" Стратегиясында Президент Назарбаев Қазақстан үшін ең басты қарсылықтардың бірі кейбір "әлеуметтік топтардың ортақ модернизациялық процеске интеграцияланбағаны" деп атап кеткен. Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі төмен деп көрсетілгенмен, бұл мәселені шешуге бағытталған шараларға қарамастан, әр аймақтағы әр түрлі тұрмыстық жағдайдың деңгейі сақталуда, мысалы, Жаңаөзен аймағында. Бұған байланысты экономикалық реформалар аса маңызды мәнге ие, бірақ олар да даулы мәселе орын алған жағдайда әлеуметтік шиеленісті жұмсартуға жеткіліксіз болуы мүмкін. Бұл мәселеде тәуелсіз кәсіподақтар жағымды рөл ойнайды, өйткені қажеттіліктер мен қарсылықтарды анықтап, шешім табу үшін олар билікке халықпен диалог орнатуға көмектеседі.

C. Қоғамдық бірлестіктер

      39. 1996 жылғы "Қоғамдық бірлестіктер туралы" заң бойынша барлық бірлестіктер мемлекеттік тіркеуді алуға міндетті. Арнайы баяндамашы тіркелмеген бірлестіктер ассоциация еркіндігіне қатысты халықаралық құқық нормаларымен қорғалатынын еске түсірді. Жаңа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 489-бабына сай тіркелмеген қоғамдық бірлестіктердің қызметін басқарғаны, оған қатысқаны немесе қаржыландырғаны үшін жауапкершілікке тартылу бекітілгендіктен, тіркелмеген бірлестіктердің әрекет ету мүмкіндігін қалыптастыру мәселесі маңызды деп танылады.

      40. Сапар барысында Арнайы баяндамашыны Жаңаөзендегі дағдарыстың құрбаны болған отбасыларға қолдау көрсетуге тырысқан құтқару бойынша Көк Жалау экологиялық тобы мен "Аманат Актау" және "Актау дауысы" секілді жеке қоғамдық бірлестіктер туралы ақпараттандырды, бірақ оларға, үкімет ұсынған нұсқа бойынша, тапсырылған құжаттардың нақты болмауына байланысты тіркеуден өткізуден бас тартылған. Ол билік органдарын адам құқықтарын көтеру мен дамуға көмектесудегі маңызды рөлін ескере отырып қоғамдық бірлестіктердің құрылуына жәрдем беуге шақырады.

      41. Арнайы баяндамашы Қазақстанның Конституциясына сәйкес қоғамдық бірлестіктердің қызметіне мемлекеттің заңсыз араласуға болмайтынын құптайды және сонымен қатар Конституциясының сол бабында қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттің ісіне заңсыз араласуы туралы айтылатынына алаңдайды. Жаңа Қылмыстық кодекс бірлестікті заңды қызметке заңсыз кедергі келтіру мен азаматтардың немесе ұйымдардың қоғамның мүдделеріне зиян келтіретін әрекеттерден сақтандырады (403 бап). Арнайы баяндамашының уайымын сейілтуге, ресми тұлғалар түсіндіргендей, бұл заң тек саяси партияларға ғана бағытталғаны туралы факті де көмектесе алмады. Оның ойынша, 403-баптың құрылымы көмескі және кең және субьективті түсінік беруге жол береді. Мысалы, "мемлекеттік органдардың қызметіне араласу" дегеніміздің не екені және ондай араласулар қай жағдайларда "заңсыз" деп есептелетіні нақты емес. Ол үкіметті жоғарыда көрсетілген ережені олар қоғамдық бірлестіктердің мүшелеріне жағымсыз салдарлар алып келмейтініне көз жеткізу үшін, қайта қарастыруға табандылықпен шақырады.

      42. Арнайы баяндамашы сапар барысында кездескен Қазақстандағы заң ұлықтылығын нығайту үшін маңызды қызметтермен айналысатын азаматтық қоғам ұйымының өкілдері мен көптеген құқық қорғаушылармен жігерленді. Бұл контекстте Арнайы баяндамашы соңғы төрт жыл бойы мәжбүрлі психиатриалық емдеуге бірнеше рет ұшыраған адвокаттар алқасының бұрынғы мүшесі Зинаида Мухортованың жағдайы үшін алаңдайды. Баяндамашы Мухортова ханым билікке болуы мүмкін сыбайлас жемқорлық жағдайын тексеру туралы өтініш жасаған соң оны бірнеше рет психиатриялық мекемеге жатқызып қойғаны үрей тудыратын жағдай деп санайды. Одан бөлек тұтқындаудан соң, көптеген құқық қорғаушылар өзінің қызметтерін тоқтатуға шешім қабылдаған. Арнайы баяндамашы құқық қорғаушылардың кез келген мемлекетте азаматтық, мәдени, экономикалық, саяси және әлеуметтік құқықтарды жүзеге асыруда шешуші рөл ойнайтынын ерекше атап кетті және билікті құқықтарды қорғау мен сақтауды қамтамасыз етуге қажетті шараларды кідіріссіз қабылдауға шақырады.

      43. Жаңа Қылмыстық кодексте, қоғамдық бірлестіктердің көшбасшыларының қатарына жататын тұлғаларға қатысты қатаңырақ жазалау шаралардың жеке құрамы бар. Сондай-ақ "көшбасшы" анықтамасы түсініксіз тұжырымдалғаны соншалықты, сол немесе өзге қоғамдық бірлестіктің кез келген мүшесі көшбасшысы ретінде танылуы мүмкін деп қауіптенеді. Арнайы баяндамашы көшбасшылар неге басқа тұлғаларға қарағанда қауіптірек саналады және неге оларға қатаңырақ қылмыстық жаза қолдану керектігін түсінбейді. Оған белгілі болғандай, адамның мамандығы немесе лауазымы мен қылмысқа бейімділігінің арасында ешқандай байланыс анықталмаған. Оның орнына, бұл заң үкімет пен оның саясатына қарсы сынмен шығуға батылы жеткен азаматтық қоғамның көшбасшыларының арасында қорқыныш орнатудың құралы ретінде қызмет етеді. Арнайы баяндамашы билікті, бейбіт қызметпен айналысатын бірлестіктерге мүшелік белгісі бойынша адамдарды бөлетін кез келген заңды жоюға шақырады.

      44. Арнайы баяндамашы үкіметтің консультативті кеңестік органды немесе ең алдымен үкімет пен парламентке ұсыныстар дайындаумен айналысатын адами өлшем бойынша үкіметтік емес ұйымдармен диалог үшін платформа құруын атап өтті. Сыртқы істер министрлігінің қорғауымен ұйымдастырылған консультативті кеңестік органның құрамына әр түрлі ұйымдар, құқыққорғау мәселесімен айналысатын топтар мен үкіметке сыни көзқарасымен танымал топтар кіреді. Азаматтық қоғамның мемлекеттік шешімдерді қабылдау процесіне қатысуы плюрализм мен демократияның маңызды бөлігі болып табылады және Қазақстанның мүддесіне сай болады. Мәлімдемелер бойынша, үкімет бұл органның 168 ұсынысын қабылдаған, бұл диалог кеңістігінің ашылғандығын білдіреді. Сонымен қатар Арнайы баяндамашы үкіметті техникалық ұсыныстармен шектелмеуге және жүйелік кемшіліктерді жоюға қатысты ұсыныстарды қарастыруға шақырады.

      45. Арнайы баяндамашы гранттарды ұсынатын жаңа механизм адам құқықтары саласында халықаралық құқыққа толық сай келмейді, оның құрылуын консультативті кеңестік орган қолдаған және баяндаманың дайындалуы барысында Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауына ие болған. Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасының 6-бабында үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселесі бойынша қоғамдық бірлестіктерге грант беруде және оның қолдану мониторингін жасауда оператор тағайындауды ұсынды. Оператор қоғамдық бірлестіктердің арасында мемлекеттік, жеке гранттардың бөлінуіне жауап беретіндіктен, барлық сектор толығымен оның бақылауында болуы мүмкін. Арнайы баяндамашы заң жобасының қолдану аясын мемлекеттік гранттарға өтініш беру арқылы шектеуге ұсыныс береді. Мемлекеттік органдар қоғамдық бірлестіктерге жеке, халықаралық немесе шетелдік қаржыны бөліп бермеуі керек. Олай болмаған жағдайда қаржының субьективті және еркін түрде бөліну қауіпі туындайды. Сонымен қатар Арнайы баяндамашы мұндай оператор мекеменің, мысалы, оның құрамына азаматтық қоғам өкілдерін қосу арқылы, тәуелсіздігіне кепілдік беруді ұсынады.

D. Діни бірлестіктер

      46. Діни плюрализм қазақстандық қоғамның ерекшелендіретін белгісі болып табылады және мемлекет те, халқы да инклюзивтіктің мұндай дәстүрін мақтан тұта алады. Сонымен қатар діни контексттегі ассоциация еркіндігі құқығын тым шектейтін көптеген заңнамалық ережелер Арнайы баяндамашының мазасын қашырады. Арнайы баяндамашы 2014 жылы Қазақстанға ресми сапарының нәтижесі бойынша дін мен наным-сенімдер еркіндігі құқығы жөнінде шығарылған өз мандатына өзекті болып табылатын ұсыныстарды қолдайды. Атап айтқанда, бейбіт жиын мен ассоциация еркіндігі құқығы бойынша Арнайы баяндамашы 2011 жылғы "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" заңмен бекітілген міндетті қайта тіркелуді талап етуге қатысты дін немесе наным сенімдер еркіндігі бойынша Арнайы баяндамашымен уайымын бөліседі. Ол тіркелу міндетті сипатта болмауы тиіс және тіркелмеген қоғамдастықтар ешқандай дискриминациясыз және қорқынышсыз өз қызметін жүзеге асыруға мүмкіндіктерге ие болуы керек.

      47. Осы Заңның ережелеріне сәйкес діни топтар тіркелген республикалық, аймақтық немесе жергілікті діни бірлестік мәртебесін алу үшін бекітілген мерзімде (бір жылда) қайта тіркелуден өтулері тиіс. Республикалық деңгейдегі діни топты тіркеу үшін оның құрамында ең аз дегенде 5 000 адам болуы тиіс; аймақтық бірлестік жағдайында 500 адам, ал жергілікті діни бірлестікті тіркеу кем дегенде 50 адамның инициативасы бойынша жүргізіледі. Республикалық деңгейде тек мұсылман-сунниттер, орыс православ және католиктік шіркеулері тіркелген, ал қалған қауымдар жекелеген өңірлерде немесе жергілікті жерлерде мойындалған. Тіркеуі жоқ діни топтарға шынында ұжымдық діни функцияларды атқаруға тыйым салынады. Сонымен бірге оның жолын қуушылар жеке үйлерінде болсын салтын ұдайы жасап жүрсе, оларға әкімшілік санкциялар төнеді, және бұны Арнайы баяндамашының сапары тұсында ресми лауазымды тұлғалар растады. Халықаралық стандартқа сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында Арнайы баяндамашы билікке Дін және діни сенім еркіндігі бойынша Арнайы баяндамашыға, Еуропа Кеңесі Венециялық комиссиясы мен Қазақстанның Конституциялық кеңесіне жүгінуге кеңес берді. Арнайы баяндамашы заңнаманы ары қарай дамыту бойынша ұсыныстар жасау үшін діни бірлестіктер мен үкіметтік органдар өкілдерінен тұратын кеңестік топтардың құрылуын құптайды.

      48. Үкімет өкілдері Арнайы баяндамашыға діни топтардың қызметінің қатаң реттелуі қоғамды экстремизмнен сақтау үшін жасалатынын түсіндірді және ең кем дегенде 300 адам Қазақстаннан Ирак пен Левант Ислам мемлекетінің тарапынан соғысу үшін Ирак пен Сирияға аттанғанын атап өтті. Арнайы баяндамашы экстремизм мазасызданудың үлкен себебі екенімен келісті. Сонымен қатар ол экстремизм әлеуметтік-экономикалық теңсіздік пен азаматтардың наразылықтарын білдіру мүмкіндіктерін шектейтін жағдайда экстремизм үлкен ықтималдықпен өріс алуы мүмкін екенін атап өтті. Экстремизм көбінесе қиын жағдайдағы адамдар арасында қолдау табады, және үкімет өз саясатының олардың жағдайын күрделендірмейтініне сақтық танытуы керек. Бейбіт діни топтарға тыйым салу осындай салдарларға алып келеді.

      49. Ресми тұлғалар Арнайы баяндамашыға келешекте "Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы" Заңға түзетулер енгізілуі мүмкін екенін, бірақ қазіргі кезде діни ұйымдардың ашықтығын көтеру қажетті деп саналатынын хабарлады. Арнайы баяндамашының ойынша, қылмыстық топтар ашықтықты қамтамасыз ету талаптарын орындамаудың амалын әрқашан табады, ал "Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы" Заң экстремизмді шектеуге маңызды үлес қосатыны екіталай. Сонымен бірге ол экстремисттік топтар мәселесін діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы заңмен емес, Қылмыстық кодекстің көмегімен шешу керек деп санайды. Мемлекеттің ең негізгі функцияларының бірі - қылмыстық әрекеттермен күрес екеніне қарамастан, Арнайы баяндамашы терроризм мен экстремизмге қарсы ассоциация еркіндігіне кері әсерін тигізетін кез-келген шараларды қабылдаудан сақтануды ескертті.

      50. Сайып келгенде, Арнайы баяндамашы діни функцияларды атқаратын тұлғалар қоғам алдында белгілі бір деңгейде болғандықтан, "миссионерлер" ретінде тіркелу керектігін айтты. Атап айтқанда, "Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы" Заңның қабылдануы Иегова куәгерлері үшін жағымсыз салдарларға алып келу фактісі Арнайы баяндамашы назарына жеткізілді, хабарламалар бойынша, оған дейін олар ассоциация еркіндігі мен дін және сенім еркіндігі құқықтарын іске асыруда айтарлықтай кедергілерге тап болмаған. Арнайы баяндамашы Қазақстандағы Иегова куәгерлерінің христиандық орталығының өкілі, Қазақстанда он жылдан астам өмір сүрген ресейлік азаматтың ісіне ерекше назар аудартқысы келді. 2013 жылдың қарашасында оған апта сайынғы Иегова куәгерлері бейбіт діни жинындарында қатысқаны үшін заңсыз миссионерлік қызметпен айналысты деп айып тағылған болатын. Тіркеусіз "миссионерлік әрекеттері" үшін ірі айыппұлдар салынуы және құжаттарды алып қоюдың басқа да бірнеше мысалдары Арнайы баяндамашының назарына ұсынылды.

      51. Арнайы баяндамашыға ресми тұлғалар хабарлағандай, Иегова куәгерлерін қоғамның барлық топтары қолдай бермейді. Дегенмен, бұл олардың халықаралық құқықпен қарастырылған құқықтарын шектеуді ақтайтын сылтау бола алмайды. Арнайы баяндамашы бір жағынан, оларды қоғамнан оқшауланған топ ретінде суреттеумен, екінші жағынан, оларға бірге жиналып, туыстары, достары немесе көршілерімен бірге діни сенімдерін ашық талқылауға мұрша бермеуінен бірқатар қайшылықтар көреді. Ол мемлекеттік билік бастамалық ретпен барлық тұлғаларды стигматизация немесе дискриминацияның кез келген түрінен қорғау және барлығын өз құқықтары мен еркіндіктерін пайдалану құқығын пайдалану мүмкіндігімен қамтамасыз етуге міндетті екендігін атап өтті.

      Ол билікті Иегова куәгерлері немесе кез келген басқа діни топ өкілдерімен олардың құқықтарын іске асыруды қалай қамтамасыз ете алатынын талқылау үшін кездесуге табандылықпен шақырды.

      Терроризммен күрес жағдайында адам құқықтарын ынталандыру және қорғау мәселесі бойынша Арнайы баяндамашының баяндамасын қараңыз.

ІІІ. Бейбіт жиындардың еркіндігі

А.Бейбіт жиындар еркіндігі құқығын іске асыру

1. Заңнама

      52. Бейбіт жиналу, жиналыстар, митингтер мен демонстрациялар өткізу, шерулер мен пикетке шығу құқығы Конституциямен кепілдендіріледі. Алайда тәжірибе жүзінде үкіметтің жиын еркіндігін реттеу амалдары бұл құқықты бүкіл мағынасынан айырады. 1995 жылғы "Ұйымдардың тәртібі мен бейбіт жиындар, митингтер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу туралы" Заңға сай, еңбек ұжымдарының, қоғамдық бірлестіктер мен Қазақстан азаматтарының жекелеген топтарының 18 жасқа толған уәкілеттік өкілдері іс шара өткізудің белгіленген күнінен он күн бұрын жергілікті билік органдарынан алдын ала рұқсат алулары тиіс. Мұндай талаптар халықаралық стандартқа сай келмейді, халықаралық стандарт бойынша (Адам құқықтары жөніндегі кеңестің 15/21 резолюциясы) бейбіт жиындарға рұқсат алудың қажеті жоқ және әрбір адам бейбіт жиын мен ассоциация еркіндігі құқығына ие.

      53. Одан бөлек, заңға сай мәслихаттар мен әкімдіктер сәйкесінше жергілікті өкілді және атқарушы билік органдары бола отырып, санкцияланған жиындарды өткізуге нақты орын бөлуге уәкілетті. Көбінесе алыс аудандарда орналасқан мұндай орындарды бекіту ұйымдастырушылар мен қатысушыларды өз мүдделері мен наразылықтарын көрсетуге олардың ойынша ең сай келетін жерді таңдау мүмкіндігінен айырады.

      54. Сапар барысында Арнайы баяндамашы Алматыдағы жиын өткізуге рұқсат етілген жалғыз орын Сарыарқа алаңына барып қайтты. Алаң қаланың орталығынан шамамен жеті шақырым жерде орналасқан, сондықтан шерушілер олардың мақсатты аудиториялары, мысалы, мемлекеттік лауазымды тұлғалар немесе қаланың халық тығыз қоныстанған бөлігіндегі отандастары, көріп, тыңдай алатын жерде өзінің көзқарастары мен ойларын білдіру мүмкіндігінен айырылған. Арнайы баяндамашыны 1,5 млн халқы бар қалада жиынға бөлінген орын ауданы жағынан футбол алаңынан үлкен емес екені және орталықтан шалғай ауданда орналасуы алаңдатады.

      55. Мұндай жағдайларда, Әділет министрлігінің мәліметтері бойынша, 2012-2014 жылдарда орын алған 497 жиынның 324-і санкцияланбаған болып танылуы таң қаларлық емес. Үкімет ұсынған мәліметтерде соңғы уақыттарда жиын, әсіресе азаматтық және саяси құқыққа арналған жиындар өткізу туралы өтініштер санының да азаю тенденциясы байқалған. Ақтаудағы ресми тұлғалар 2013-2014 жылдарда жиын өткізу туралы бірде бір өтініш келіп түспегенін хабарлайды.

      56. Санкцияланбаған жиын өткізу қатаң қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Қылмыстық кодекстің 400-бабында нәтижесінде "азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келетін заңсыз" жиындарға қатысқаны үшін жазалар белгіленеді. Бірақ Қылмыстық кодексте жазалау шаралары жұмсартылғанымен, олар бұрынғыша жөнсіз қатал деп танылады және онда бостандықтан айыру жазасы да кездеседі.

      57. Қылмыстық кодекске сәйкес, заңсыз жиын мүшелеріне "көмек", соның ішінде "байланыс құралдары" арқылы көмек көрсетуге де тыйым салынған. Арнайы баяндамашы ереже бойынша қарсылық протесті туралы ақпарат тарату да қылмыс болып саналатындықтан, осы ереже бейбіт жиындар, ассоциациялар мен көзқарас білдіру еркіндігі құқығын тым шектейді деп есептейді. Іс жүзінде, мұндай ереже белсенділердің ұйымдастырушылық мақсатта әлеуметтік желілер мен басқа да байланыс құралдарын қолдануына жол бермеуге арналған. Дәл сол себептермен, Арнайы баяндамашыны 2014 жылы сәуірде " Байланыс туралы" заңға енгізілген өзгерістер де алаңдатады, ол бойынша прокуратура соттың шешімінсіз белгілі бір байланыс құралын, соның ішінде ғаламтордың да жұмысын тоқтата тұру өкілеттігін алды.

      58. Арнайы баяндамашы бейбіт жиын еркіндігі құқығы адамдардың құқықтары жөніндегі халықаралық құқық нормаларымен рұқсат етілген бірқатар шектеулерге тап болса да, ондай шектеулер ерекше жағдайда болуы керек және осы құқықтың бар екендігін мүлдем жоққа шығара алмайтынын ерекше атап кетті. Арнайы баяндамашының байқауынша, үкімет өкілдерімен кездесу барысында көп жағдайда құқықтардың өзіне емес, шектеулерге баса назар аударылған. Жиындарға қатысты көптеген шектеулерді ақтау үшін билік көбінесе көше қозғалыстары мәселесі мен "өзге тұлғалардың құқығын" қорғау қажеттілігіне сүйенеді. Үкімет өкілдері Арнайы баяндамашыға бейбіт жиындарға құқықты шектеу жаппай тәртіпсіздіктің алдын алу шарасы ретінде қажет екенін хабарлады және Украинадағы жуырдағы оқиғаны мысал ретінде келтірді. Арнайы баяндамашы бұл негіздемені дәлелсіз деп санайды. Қазақстанда мүлдем өзгеше саяси, экономикалық және әлеуметтік контекст қалыптасқан.

      59. Арнайы баяндамашы адам құқықтары концепциясының қате түсіндірілуін байқайды. Алайда Адам құқықтары жөніндегі кеңестің 15/21 резолюциясының 4-тармағына сай кейбір шектеулерге рұқсат етілген, адам құқықтары халықаралық құқығы мәні бойынша шектеулерді түсіндірудің Сиракуз қағидалары мен Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт ережелерінен шегіну шектеулерге нақты негіз бере алады. Бастысы, Пактта көрсетілген шектеулердің қолданылу аясы сәйкес құқықты үзу үшін емес, бірақ қарастырылып жатқан құқыққа қолдануға қолайлы және қатаң түсіндіріледі(E/CN.4/1985/4, қосымшасы, 2 –3 тармақтарын қараңыз). Бұл контекстте Арнайы баяндамашы бейбіт жиындарға құқық биліктің алдын ала рұқсат беруіне тәуелді болмауы керек, бірақ полиция тарапынан демонстранттар мен жүргіншілердің қорғалуын қамтамасыз ету үшін оның іске асуы барынша хабарландыру тәртібі орындалуы керек екенін атап өтті.

      60. Арнайы баяндамашының көзқарасы бойынша, санкцияланған жиындарды тек арнайы орындар мен мемлекеттен рұқсат алған жағдайда ғана өткізуді қарастыратын анықтамаларды есептей отырып, бейбіт жиындарға құқық үкімет тарапынан құқық ретінде емес, артықшылық немесе жақсылық жасау ретінде қарастырылады. Дегенмен бейбіт жиындар заң негізінде тек белгілі жағдайда, нақты уақыт пен нақты жерде өткізіледі деп шектелгенмен, сол мақсат үшін бекітілген бір ғана орынды есептемегенде басқа барлық жерлерде өткізуге тыйым салу адам құқығының халықаралық құқығын бұзу болып табылады.
      61. Одан бөлек 2014 жылдың қарашасында Бахытжан Төреғожиннің ісін қарастырып отырып, Адам құқықтары жөніндегі комитет бұл жағдайда қазақстандық заңнама бейбіт жиындарға құқықты бұзды деген қорытындыға келді және үкіметке өз заңнамасын, әсіресе "Бейбіт жиындар, митингтер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу реті туралы" заңды қайта қарастыруды тапсырды (CCPR/C/112/D/2137/2012, қосымшаны, 9-тармақты қараңыз). Арнайы баяндамашы Қазақстанның үкіметін бұл шешімді жедел ретте және тиімді етіп жүзеге асыруға және адам құқықтарын қорғау механизмінің құрамдас бөлігі болып табылатын келісуші органдардың басқа да пікірлерін ескеруге шақырады.

      62. Арнайы баяндамашы Адам құқықтары жөніндегі комитеттің қорытындыларын қолдайды және үкімет жиналыс туралы Заңның халықаралық стандартқа сай еместігін бірнеше рет мойындағандығын атап кетті. Мысалы, 2007 жылы Президент жанындағы консультативті орган рөліндегі Адам құқықтары жөніндегі комитет Қазақстандағы адам құқықтары саласындағы ережелер туралы негізгі баяндамасында 1995 жылғы заң халықаралық стандартқа сәйкес келмейді деп бекітті. Заңда жиынның қатысушылар мен бақылаушылар және кездейсоқ жүргіншілер арасындағы айырмашылық қарастырылмағандықтан, салдарынан олар босқа тұтқындалатыны дәлелі белгіленген.

      63. 2010 жылы Қазақстан бойынша кезеңдік әмбебап шолу бойынша алдын ала тіркеу мен басқа да талаптары аз болатын жиын құқығы туралы жаңа заңды тез арада әзірлеу және оны жүзеге асыру үшін тырысу міндеттемесін өз мойындарына алды (A/HRC/14/10, пункт 97). Мақтауға тұрарлық бұл міндеттеме 2014 жылғы Қазақстан бойынша кезеңдік әмбебап зерттеу шеңберінде де расталды, ол кезде билік бейбіт жиындар мен митингтер өткізу жөніндегі заңның жаңа жобасын әзірлеу жөніндегі тұжырымдама азаматтық қоғамның қатысуымен уәкілетті мемлекеттік органдар арқылы дайындалып жатқанын жариялады(A/HRC/WG.6/20/KAZ/1, 120-тармақ). Арнайы баяндамашының сапарының алдында Әділет министрлігі баяндама дайындады, онда үкімет бұқаралық спорт, мәдени ойын-сауық және басқа да қоғамдық іс-шаралар барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты белгілі бір заңнамалық актілерге түзетулер енгізу туралы заң жобасын әзірлеу туралы шешім қабылдады делінеді.

      64. Арнайы баяндамашы бұл ілгерілеулерге байланысты өз ризашылығын білдіреді, бірақ сонымен қатар уәде етілген реформаларды барынша жедел орындау керек деп санайды. Осылайша ол сапары барысында үкіметтің бірде-бір өкілі жиын туралы заңға енгізілгелі жатқан түзетулер туралы жаңартылған ақпарат ұсына алмағанын атап өтті.

      65. Арнайы баяндамашы бейбіт басқаша ойлауды осылай қатаң реттеу ашық азаматтық қатысудың белсенділігінің төмендеуіне әкеліп соқты деп қауіптенеді, оған жиын өткізуге өтініштер санының азаюы мысал бола алады. Осыған байланысты жетіліп келе жатқан наразылық экстремисттік идеологиясының ерушілерінің әрекетіне өсуі және қолайлы болуы мүмкін. Ол бейбіт жиындар арқылы адамдардың жиналып қалған қарсылықтарын бейбіт жолмен айту мүмкіндігі болатыны үшін бейбіт жиындар еркіндігі құқығының өте маңызды екенін еске салады. Осы себеппен бұл құқық мәні бойынша әлеуметтік тұрақтылық пен келісімнің ең маңызды кепілі болып табылады.

      66. Осыған орай Арнайы баяндамашы билікті алдын ала рұқсат алу талабын алып тастау мен "протестке арнайы бекітілген" жерлерден басқа орындарда жиындар өткізуге рұқсат беруден бастап, бейбіт жиындарды реттеуге деген көзқарасын түбегейлі өзгерту мүмкіндігін қарастыруға шақырады.

2. Тәжірибе

      67. Сапар барысында Арнайы баяндамашы әр түрлі он жерлерде бірнеше ондаған адамдар 24-27 қаңтар аралығында бейбіт жиын өткізуді жоспарлағанын анықтады. Тоғыз жағдайда билік қатысушыларға өздері таңдаған орында жиын өткізуге рұқсат бермеген; оларға тек сол мақсатта арнайы бекітілген орындарда ғана жиналуға рұқсат берілген. Оныншы жиынның ұйымдастырушылары соңында оны болдырмауға шешкен. Одан бөлек, Арнайы баяндамашыға жоспарланған протесттер акциясының кейбір қатысушылары ұсталғаны туралы хабарлама да келіп түскен.

      68. Кейбір жағдайларда билік бейбіт жиын еркіндігін реттейтін заңның шектен тыс ережелерінің соңынан соншалықты ойланбастан ере бергендіктен, ол ақылға сыймайтын жағдайларға алып келді. Мысалы, "Антигептил" экологиялық қозғалыс мүшелері ұйымдастырған "жеке протесттерді" таратуға полиция бірнеше рет күш қолданған. "АДАМ бол" жабық газетінің редакциясын қорғау үшін петиция жіберуге тырысқан бейбіт азамат 2015 жылы 2 ақпанда жиындар туралы заңды бұзғаны үшін тұтқындалған. Жиынның өткізілуі келісілмегендіктен, 2013 жылғы 6 қазанда Алматы стадиондарының бірінде "Қазақтар спорт үшін" лозунгымен өткен жүгірістің ондаған бейбіт қатысушыларын полиция қуып жіберген. 2013 жылғы 31 қазанда дәл сондай негізде Павлодардағы он бес бейбіт студенттерден құралған топ әлеуметтік желі арқылы барлық Әулиелер күніне орай ұйымдастырған костюмді кештен қуып таратылған.

      2014 жылы 5 наурызда Астанадағы мәжбүрлеп қоныс аудартуға қарсы шыққан бейбіт демонстрациядағы жасөспірім балалар мен олардың ата-аналары тобына қатысты билік басы күш қолданған. Бұл Арнайы баяндамашының назарына жеткен бірнеше мысалдар ғана. Арнайы баяндамашы бұл жағдайлардың барлығында билік өз әрекеттерімен халықаралық құқықтың нормалары мен стандарттарын бұзды деп санайды.

      69. Ресми тұлғалар Арнайы баяндамашыны жергілікті билік органдары жиындарды тақырыбы мен идеясы негізінде ажыратпайтынына сендіргенімен, азаматтық қоғам тобының хабарламасы керісінше айтады. Жиын өткізу туралы өтініш мазмұнына байланысты әрқалай қарастырылады; пікірталас тудыратын мәселе бойынша протесттердің өткізілуіне рұқсат беру мүмкіндігі өте аз. Мысалы, 2013 жылдың 2 қыркүйегінде Астанада болған оппозиция лидері Мұхтар Аблязовты Франциядан депортациялауға қарсы бейбіт протестті полиция тез арада таратып жіберді. Сонымен қатар бір айдан соң полицияның ешбір килігуінсіз Аблязов мырзаны Қазақстан тарапынан оны беру туралы жіберілген ресми сұраныс қаралғанға дейін түрмеден босатпауды француз билігінен талап еткен протест өтті, және бұл билік басындағылардың позициясымен сай келеді.

      70. Арнайы баяндамашы "превентивті тәртіпте" тұтқындау мен "ескерту жасаудың" тәжірибесі жөнінде алаңдайды. Билік өкілдері мұндай шаралардың қолданылуын заң ережелері туралы азаматтарды ақпараттандыруға арналған қоғамға қызмет көрсету ретінде сипаттап, ақтайды. Алайда, Арнайы баяндамашының ойынша бұл қорқыту формалары болып табылады. Бұдан бөлек бейбіт жиындар құқығының, қауіпсіздік пен еркіндік құқығының орасан бұзылуы болып табылады.

      71. Бейбіт жиындар еркіндігі құқығымен қамтамасыз етуде туындайтын көптеген қарсылықтарға қарамастан, Арнайы баяндамашы көтерілісшілерге қатысты зорлық пен шектен тыс күш қолдану Қазақстанда сирек кездесетінін, және Жаңаөзендегі драмалық жағдай жалпы фонда ерекше жағдай екенін ризашылықпен атап кетті. Атап айтқанда, Қазақстанда бұқаралық шараларда ешқашан көзді жасаурататын газ қолданылмайды. Сондай-ақ ресми бұйрықтың негізінде бүлік туғызбас үшін жиын ұйымдастырушыларын шараның өту жерінде ұстауға тыйым салынады, алайда Арнайы баяндамашыға бірнеше жағдайларда жиын қатысушыларын полиция фургондарына мәжбүрлеп кіргізгендері туралы хабарланды. Бұл барлық тараптардың жауапкершілігінің жоғарғы деңгейлігін көрсетеді және билік оны демократиялық кеңістікті одан әрі дамытуға негіз ретінде қолданғаны абзал.

      Ішкі істер министрлігінің 2000 жылдың 6 желтоқсанындағы

      № 665. бұйрығын қараңыз.

B. Жаңаөзендегі дағдарыс

      72. Арнайы баяндамашы 2011 жылдың мамырынан желтоқсанына дейін, жеті айға созылған мұнайшылар көтерілісінің эпицентріне айналған Жаңаөзен қаласында болып қайтты. 2011 жылғы 16 желтоқсанда полициямен қақтығыстың нәтижесінде көптеген көтерісшілер қаза болды немесе жарақаттанды. Оқиға орын алғаннан кейінгі алғашқы апталарда билік екі ресми мәлімдемесімен шыққан болатын. Бас прокурордың мәлімдемесіне сәйкес, 2012 жылы 25 қаңтарда "қақтығыстың нәтижесінде 64 адам оқ жарақатын алған, 14 адам қаза болды (тағы екі адамның қазасы бұқаралық тәртіпсіздікпен байланысты емес), 35 полиция қызметкерлері әр түрлі дене жарақатын алды". 2012 жылдың 22 ақпанында жарияланған Бас прокурордың екінші мәлімдемесіне сәйкес, "оқ жарақатынан 12 адам қайтыс болған, екі адамның өлімі дене жарақатынан болған, бір адам "Сулпак" сауда үйін тонау кезінде күйіп қалудан қаза тапқан, тағы бір кісінің өлімі жаппай тәртіпсіздікпен байланысты емес".

      73. Көтеріліс 2011 жылғы президент сайлауынан бірнеше аптадан соң мамыр айында "Каражанбасмұнай " АҚ, "Өзенмұнайгаз" және "ЕРСАЙ Каспиан Контрактор" ЖШС мұнайшыларының басшылығымен басталды. Жұмыскерлер жалақыны көбейту мен кәсіподақтың қызметіне компанияның араласуын тоқтатуды талап етті. Көтеріліс басталғаннан бірнеше аптадан соң жергілікті сот заңды бұзудың негізінде жиынның қауіпті обьектіде өтуіне байланысты протесттер акциясын заңсыз деп таныды. Осының нәтижесінде жүздеген көтерілісшілер "заңсыз", бірақ бейбіт жиынға қатысқаны үшін жұмыстан шығарылды. Алайда көтеріліс жалғасын тапты және Жаңаөзеннің бас алаңындағы қоғамдық жиындармен ере жүрді.

      74. 2011 жылдың желтоқсанында жергілікті билік органдары тәуелсіздік күніне орай мерекелік іс шараны бірнеше ай бұрын жұмыскерлер көтеріліске шыққан алаңда өткізуге шешім қабылдады. 2011 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігін тойлаған күні көтерілісшілер тобы мен мерекелік фестиваль қатысушыларының арасында қақтығысулар орын алды. Хабарлама бойынша, полиция қызметкерлері араласып, көтерілісшілерді алаңның бұрышына апарып, кейін алдыңғы позицияларына оралған. Одан көп ұзамай мұнай компаниясының белгісі бар киім киген жас ерлер тобы тәуелсіздік күнін тойлау шеңберінде қолданған құрылғыларды қирата бастады. Шамамен бірнеше обьект жандырылып жіберілді.

      75. Оған жауап ретінде полиция қызметкерлері топ ішінде әскери оқтармен атыс ашады. Әлеуметтік желілердегі вебсайтқа түскен бейнежазбаларда полиция ретсіз атыс жүргізіп, алаңнан кетіп жатқан қаруланбаған демонстранттарды арқасынан қалай жаралап жатқандары көрінеді.

      76. Арнайы баяндамашы Бас прокуратура қызметкерлерімен, туыстарын жоғалтқан адамдармен және 2011 жылғы 16 жетоқсанда демонстрацияға шыққан көптеген жұмысшылармен Жаңаөзендегі дағдарысты талқылады. Бұл қайғылы оқиғадан соң үш жылдан астам уақыт өтсе де, жаралар жазылмаған сезім қалыптасты.

      77. 2011 жылғы көтерілістің негізінде жатқан кейбір түпкілікті себептерді жоюға көмектесе алатын аймақтағы ресурс көлемін арттырудағы еңбегі үшін Арнайы баяндамашы үкіметке алғысын білдірді. Оның сапары кезінде көтеріліске қатысқан жұмысшылардың басым көпшілігінің ақы төленетін жұмысы болғанын атап кетті. Сонымен қатар, бұқаралық тәртіпсіздік үшін сотталған ( төмендегі 84 тармақты қараңыз) тұлғалардың барлығы дерлік қазіргі уақытта мерзімнен бұрын шартты түрде босатылған. Алайда мұнымен тоқтап қалуға болмайды.

      78. Жағдайды қалпына келтіруге бағытталған алғашқы қадамдардың бірі ретінде Жаңаөзенде нақты не болғанын анықтап алу керек. Қазіргі таңда 2011 жылғы 16 желтоқсандағы оқиғаға қатысты, әсіресе жұмысшылардың әрекетіне, ықтимал арандатушылардың рөлі мен полиция реакциясы туралы қарама қайшы ақпараттар бар. Зорлыққа кім қатысқаны, полиция қызметкерлерінің агрессивті ниеттенген адамдарды тәуелсіздікті тойлап жүрген жүргіншілер мен бейбіт демонстранттардан қалай ажыратқаны, қандай жағдайлар полицияны атыс бастауға итермеледі және полицияға ондай бұйрықты кім бергені беймәлім болып қалды.

      79. Оқиғаның жүйелілігі туралы нақты түсініктің болмауына байланысты Арнайы баяндамашы УВКПЧ-ның болған оқиғаны тәуелсіз халықаралық тексеріс өткізу туралы шақыруын қолдайды. Мұндай тәуелсіз тексерістің арқасында дағдарыстың жағдайын анықтай түсу, әділсот жүйесіне сенімді қалпына келтіру мен моральдық өтемақы көмегімен құрбандарға жан жарақатынан айығу мүмкіндігі пайда болады.

      80. Бұл тергеу шеңберінде Жаңаөзеннен бірнеше шақырым жерде орналасқан Шетпе қаласында полицей, жұмысшылар мен жергілікті тұрғындар арасында 2011 жылғы 17 желтоқсанда орнаған қақтығыстың нәтижесінде бір адам қайтыс болды. Ондаған адамдарға оқ тиген. Келіп түскен хабарламалар бойынша телекоммуникация үзіліп, оқиға орын алған күндерден кейін ағымдағы бірнеше күн ішінде бірқатар веб-сайттарға тосқауыл қойылғандықтан, жұмысшылар мен жергілікті тұрғындар Жаңаөзенмен байланысты қалпына келтіруді талап етті.

      81. Тергеу аяқталғаннан соң үкімет жауапты тұлғаларды, оның ішінде мемлекеттік лауазымды тұлғаларды Жаңаөзендегі іс–әрекеттер үшін жауапкершілікке тартуы қажет. Алайда 16 желтоқсандағы оқиғалардан соң бес полицей қызметкерлеріне билікті асыра пайдаланғаны үшін айыптау үкімі тағылды. Олардың бірде біреуі демонстранттардың өлтірілгені үшін айыпталмады. Одан басқа полицейлердің, сол күні қызметте болған басым көпшілігі өздерінің міндеттерін жалғастырды.

      82. Осыдан басқа, көзге түсетін жайт полицейлердің әрекетін басқарған бірде-бір жоғары лауазымды тұлғаларға айып тағылмады. Бұл алаңдаушылық туындатпай қоймайды, себебі, 2011 жылы 21 желтоқсанда Прездидент Назарбаев жұмысшылардың талаптары негізді деп мәлімдеді. Соттың ісін қарастыру барысында прокурорлар полицей қызметкерлеріне жаппай тәртіп бұзушылықты басудың альтернативті әдістерін қолдану қажеттігін мәлімдеді6.

      83. Арнайы баяндамашы Маңғыстау облысының әкімшілігі Жаңаөзендегі оқиғалардың нәтижесінде зардап шеккендерге арнайы қор құрғандығы туралы хабардар етілді. 2011 жылы дене жарқаттарын алған бірнеше тұлғалар, соның ішінде кездейсоқ өтіп-бара жатқан адамдар сол кезден бастап жұмысқа орналаса алмады. Арнайы баяндамашы Қазақстан үкіметін мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялап, жаппа шеккендерде келтірілген нұқсандардың орын өтеуге қосымша мүмкіндіктер пайда болуы үшін шара қолдануға шақырады.

      84. Азаматтық қоғам ұйымының деректері бойынша, қақтығыстан кейін бірнеше күн ішінде кемінде 700 адам тұткындалды. Алайда, тұтқындардың басым көпшілігі келесі күндері босатылып, 37 мұнайшыға әр түрлі қылмыстар жасағаны, оның ішінде "жаппай құқықбұзушылықты ұйымдастырып, қатысқаны үшін" айып тағылды. Олардың қатарында Ереуілдің басшысы Роза Тулетаева болды. Ол 2014 жылдың қараша айында мезгілінен бұрын шартты түрде босатылды. Арнайы баяндамашы үкіметтің, сотталған жұмысшыларды мезгілінен бұрын шартты түрде босатқандары мен оларды жұмыспен қамтамасыз етіп, мүдделері бойынша әлеуметтік реабилитация мен реинтеграциялануына арнап мүмкіндіктер жасаған қадамдарын қанағатпен айтады. Сондай-ақ ол , 37 қорғалушылардың барлығы өздерінің берген айғақтарынан толық немесе ішінара бас тартып, қамауда болған уақытта күш көрсетіліп және психологиялық зорлыққа ұшырағандарын мәлімдеді. Негізінен, аяусыз ұрып-жығу, қылқындыру мен туысқандарға қатысты қоқан лоқы сияқты құқыққа қайшы мәлімдемелер келіп түскен. Олардың барлығы бір мақсатты бұл қамаудағыларды өздеріне және басқаларға қарсы куәлік етуге мәжбүрлеуді көздеді. Бұдан басқа, қорғалушылардың көбі өзін айыпты деп таныған, көпшілігі кейін өздерінің құқыққа қайшы әрекетке ұшырағандарын мәлімдеді. 2011 жылғы 20 желтоқсанда осы жағдайға дейін төрт күн бұрын тұқындалғандардың ішінде Кенжебаев Базарбай қамауда болған уақыт ішінде алған жарқаттардан болса керек, қайтыс болды.

      85. Құрбандар мен аман қалған жәбірленушілердің көпшілігімен Арнайы баяндамашы Жаңаөзенде кездескен, онымен кездескені үшін репрессияға ұшырау үрейімен бөлісті. 2011 жылы Жаңаөзендегі оқиғаларға арналған Ақтаудағы аңдумен байланысты, жоғарыда аталған оқиға, кездесу қарсаңында алдын бір куәгерге қатысты орын алды.

      86. Үкімет қамауға алынған тұлғаларға қатысты азаптаулар мен құқыққа қайшы әрекеттер бойынша тергеу жүргізу үшін топ ұйымдастырды, бірақ оның құрамы Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратура өкілдерінен құралды. Сол себепті, тиісті тәртіпте тергеу амалдарын жүргізу үшін жеткілікті мөлшерде тәуелсіз болмады. Осылайша, сарапшылар тобы қамауға алынғандарға қатысты ешқандай қылмыс жасалмағандығын анықтады. Және нәтижесінде ешкім азаптауды қолдануды айыптау бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылмады. Алайда, ресми тұлғалар бірнеше рет сот процесінің транспарентті сипатта болғанын мәлімдеді. Бұл құқық саласында құқыққақайшы әрекет туралы барлық анықтауларға жан-жақты тәуелсіз және бейтарап тергеу жүргізілуін көздейтін халықаралық стандарттарға сәйкес болуы үшін жеткіліксіз.

      87. Қазақстанның жуырдағы азапқа салуларға толықтай төзбеуге шыдамсыздыққа қатысты саясат жүргізу мен ұлттық превентивті механизмді құру шешімдері,мақтауға тұрарлық. Арнайы баяндамашы үкіметті бұл механизмдерді ретроавктивті тәртіпте қолданып, Жаңаөзеннің жұмысшыларына қатысты шығарылған үкімдерді қайта қарауға шақырады. Бұл үкімдердің мәжбүрлі алынған дәлелдердің негізінде шығарылмағандығына көз жеткізеді. Және де күдікті кәнілілерді жауапкершілікке тартуды қамтамасыз етеді.

      88. Бұдан басқа, Арнайы баяндамашы, Жаңаөзендегі оқиғаға қатысты сотталған адамдардың көпшілігі 2011 жылғы ереуілдердің белсенді ұйымдастырушылары ретінде танымал болғандығына алаңдады. Олар заңды қоғамдық қызметпен айналысқан, болған жағдайға қатысты кінә тағуға болмайды.

      89. Жаңаөзенде орын алған қайғылы оқиға Қазақстандағы бейбіт шерулерге қатысты айтарлықтай жағымсыз әсер етті, және де артынан құқықтық реформалар толқынын әкелді. Олардың басты көздеген мақсаты - кез келген сылтау негізінде жиындарды өткізуге тыйым салу. Сонымен қатар жалпы бейбіт жиындар еркіндігі және атап айтқанда Жаңаөзендегі еруілшілдер туралы қоғамдық пікірді өзгерту өте маңызды болып саналады. Себебі, БАҚ бірнеше жағдайда демонстранттарды қылмыскерлер, маскүнемдер мен нашақорлар ретінде бейнеледі. Билік, еркіндік негізіндегі бейбіт жиындар мен ассоциациялар еркіндігіне қатысты өз құқықтарын іске асырушыларға, әр түрлі формадағы стигматизация, қорқыту, қоқан лоқы немесе жалған айып тағудан қорғауда маңызды роль атқаруға міндеттелген. 2011 жылы компания басшылары мен мемлекет өкілдерімен, ереуілдеушілермен диалогты бастау мүмкіндігін жіберіп алған. Осыған байланысты өткен қателіктерді қайталамас үшін билікке өзара түсінісік пен сенімді қалпына келтіру аса маңызды болып табылады. Арнайы баяндамашы ереуіл қызметіне жағымды жағдай жасау, жеңіл тапсырма болмауы мүмкін, бірақ үкімет бұл тапсырманы, Қазақстанның 1991 жылдан бастап өзінің экономиканың дамуына қандай күш пен энегрия жұмсаса, сол сияқты осы мәселені де қолға алуды шақырады.

      _____________________________________________________________________

      4https://www.youtube.com/watch?v=gX8I2JzFfpo.
5www.kt.kz/rus/state/kulibaev_budet_osvobozhden_ot_dolzhnosti_glavi_fnb_ samrukkazina_1153549470.html (мақалалар тек орыс тілдерінде бар).

      http://tengrinews.kz/kazakhstan_news/prokuror-politseyskie-mogli-oboytisdubinkami-podavlenii-213066/ (мақалалар тек орыс тілдерінде бар).

IV. Қорытындылар мен ұсыныстар

      90. Арнайы баяндамашының сапары барысында билік өкілдері бейбіт жиындар мен ассоциация еркіндігінің шектеулерін ақтап алу үшін бірнеше рет заңның ұлықтығына сілтеме жасаған болатын. Алайда Арнайы баяндамашы айтқандай, іс жүзінде үкімет саясаты "заң деспотиясы" қағидасымен ілгерілеуде.

      91. Арнайы баяндамашы заңның халықтың еркінің көрінісі болып табылатынын және сол себепті де халықтың мүддесіне қызмет ету керектігін ескертеді. Заңның ұлықтығы қағидасы әрбір адам мемлекеттік биліктің рұқсатынсыз өз құқықтарын қолдануда еркін екенін білдіреді. Олай болмаған жағдайда заңның ұлықтығы қағидасы құқықтың мәнін жоятын "заң деспотиясының" ерікті формасына айналып кету қаупі төнеді. Арнайы баяндамашы Қазақстан үкіметін өзінің құқыққорғау жағдайларының техникалық аспекттеріне ғана емес, оның рухына да мән беруге шақырады. Бейбіт жиындар мен ассоциация еркіндігі құқығы абсолюттік болмағанымен, ол құқықтардың мәні мемлекет қабылдаған шектеулермен қауіпте қалмауы керек, шектеулер заңсыз ғана емес, олар көзделген мақсатқа сай емес. Шектеулер қатаң анықталғанда және нақты түсіндірілгенінде ғана адам құқықтарының халықаралық құқық стандарттарына сай болады.

      92. Арнайы баяндамашы мемлекеттің бейбіт жиындар мен ассоциация еркіндігі құқығына қазіргі ыңғайы қоғамдық дискурсқа жағымсыз ықпал еткені жөніндегі алаңдаушылығын білдірді. Көпшілік мақұлдаған көзқарасқа қарсы немесе одан бөлек ойлар көбінесе заңның ұлықтығын нығайтудың амалы ретінде емес, тұрақсыздықтың потенциалды шығу көзі ретінде қарастырылады.

      1991 жылдан бастап Қазақстан ауқымды белестерді еңсерді. Тұрғындардың мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында негізінен экономикалық реформаларға сүйенген болатын, бірақ кеңестік ауыр шындықты көрмеген жас ұрпақтың арманы әлдеқайда алыста жатыр. Сол себепті олардың қоғам тағдырын өз қолдарына алып, қоғамдық өмірге араласуға талпынуы табиғи дүние. Билік өкілдері атап өткендей, Қазақстан қаржылық қиындықтар мен геосаяси өзгерістер жағдайында әлеуметтік сілкініспен ұштасқан екпінді экономикалық дамуды басынан кешті. Осы жөнінде мазасызданудың жөні бар және ол мазасыздық заңнаманың адам құқықтары саласы мен демократиялық кеңістікті ұлғайтуда халықаралық стандартқа жауап бере алуын қамтамасыз ету арқылы ғана сейіледі. Азаматтық қоғам үшін жағымды жағдай қалыптастыру халық тарапынан одан да кең қолдауға ие бола отырып, ағымдағы реформалар процесін жалғастырудың ғана емес, қоғамды артық сілкіністерден қорғауға қабілетті өкілдік, сергек және есепті басқару жүйесіне мықты институционалдық негіз құрудың таптырмас амалы болып табылады. Реформалар белгілі бір саяси қайсарлық пен ерікті талап етеді, бірақ Арнайы баяндамашы Қазақстан қысқа мерзімде бейбіт жиындар мен ассоциация еркіндігі құқығының сақталуын қамтамасыз ете алатынына сенеді.

      93. Арнайы баяндамашы билікке азаматтық кеңістіктің ұлғаюы туралы қоғамдық диалогтың бастапқы қайнар көзі ретінде болуы үшін бұл баяндаманың кең таратылуын қамтамасыз етуді ұсынады. Қазақстан дайындаған 2020 жылға дейінгі адам құқықтары саласындағы іс-әрекеттер жоспары әмбебап мерзімдік шолу нәтижесі бойынша шығарылған ұсыныстардың орындалуына бағытталады және онда азаматтық қоғамның позициясы ескеріле отырып, заңдар мен тәжірибенің халықаралық құқық қорғау механизмдерінің әртүрлі ұсыныстарымен сәйкестендірілуіне қажетті кешендік шаралар түсіндірілуі керек.

      94. Бұл баяндамада бейбіт жиындар мен ассоциация еркіндігі құқығын жүзеге асыру ісінде белгілі бір кемшіліктер болғанымен, Арнайы баяндамашы оның барлауы да, ұсыныстары секілді конструктивті диалог ретінде қабылдануы керек екендігін тағы да атап кетті. Қазақстан тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен бері экономикалық салады аса ірі прогреске жетті және арнайы баяндамашы елдің бейбіт жиындар мен ассоциация еркіндігі құқығы саласында да соған ұқсас жетістікке жете алатынына сенеді. Арнайы баяндамашы осы мақсаттарды жүзеге асыруда билікке көмекке келуге әрдайым дайын екендігін, келесі іс-қимылдар шеңберінде миссиялар өткізу идеясы мен жаңа заңдар әзірлеу мен түзетулер енгізуде техникалық жәрдем беруге ашық екенін тағы да атап кетті.

      95. Арнайы баяндамашы келесідей жалпы ұсыныстар жасады:

      a) бейбіт жиындар мен ассоциация еркіндіктері құқығы плюрализмді көтермелеуде, шыдамдылық пен пікірлер ауқымдылығын қалыптастыруда шешуші рөл ойнайтынын де-юре және де-факто мойындау, оның арқасында көпшілік мақұлдағанға қарсе,одан бөлек немесе көпшілік бөліспейтін көзқарастар мен сенімдер құрметке ие болады және қорғалады;

      b) бейбіт жиындар мен ассоциация еркіндіктері құқығын іске асырғаны үшін ешкімнің қылмыстық жауапкершілікке тартылмауын және зорлық, шеттету, аңдуға, қорқыту мен репрессия қауіптеріне ұшырамауын қамтамасыз ету;

      c) бейбіт жиындар мен ассоциация еркіндіктері құқығындағы шектеулер заңды мақсатқа бағытталған, заңмен бекітілген және демократиялық қоғамға қажетті болуын қамтамасыз ету;

      d) бейбіт жиындар мен ассоциация еркіндіктері құқығын бұзушылар мен теріс пайдаланушылықтың құрбандарында құқықтық қорғаудың тиімді құралы болуын қамтамасыз ету;

      e) бейбіт жиындар мен ассоциация еркіндіктері құқығына қатысты ұсыныстарды орындау, Біріккен Ұлттар Ұйымының келісімді органдары жеке хабарламаларға байланысты қабылдайтын тұжырымдамалардағы ұсыныстарды қоса есептегенде;

      96. Ассоциация еркіндігі құқығына қатысты Арнайы баяндамашы құзыретті органдарды шақырады:

      a) адам құқықтарын халықаралық құқық стандартына сәйкестікке келтіру үшін және бейбіт жиын мен ассоциация еркіндігін жүзеге асыруда қандай да бір жағымсыз салдарды болдырмау үшін араздықты тудырған қылмысқа нақты анықтама беру ( Қылмыстық кодекстің 174- бабы)

      b) Саяси партия құруға қажетті адамдардың санын қысқарту арқылы азаматтарға саяси партиялар құру мүмкіндігін кеңейту мақсатында және тәуелсіз орган қарастыратын тіркеу мәселесіне нақты мерзім белгілеу мақсатында "Саяси партиялар туралы" заңға түзетулер енгізу;

      c) міндетті мемлекеттік тіркеуді жою арқылы өз таңдауы бойынша кәсіподақтар құру және оларға кіру мүмкіндігін жасау;

      d) "Қоғамдық бірлестіктер туралы заңда" тіркелмеген бірлестіктердің еркін қызмет етуі мүмкіндігін және тек мемлекеттік қаржыдан гранттар берумен айналысатын ұсынылатын жаңа механизм өкілеттілігінің аясын тарату арқылы қаржыландыруға рұқсатқа қатысты кез-келген түзетулердің қарастырылуын қамтамасыз ету;

      e) "қоғамдық бірлестіктер мүшелерінің мемлекеттік орган қызметіне заңсыз араласуы" құқық бұзу болып есептелетін ережені алып тастау (жаңа Қылмыстық кодекстің 403-бабы бойынша);

      f) Діни бірлестіктер мемлекет тарапынан алдын ала рұқсатсыз құрылып және еркін қызмет етуі үшін "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" туралы заңды қайта қарастыру.

      97. Бейбіт жиындар еркіндігі құқығына қатысты Арнайы баяндамашы құзыретті органдарды келесіге шақырады:

      a) нақты бекітілген мерзімде және азаматтық қоғамның қатысуымен адам құқықтарының халықаралық құқық стандартына сәйкес келетін жариялы жиындар туралы жаңа заң қабылдау. Жаңа заңда жиын өткізу үшін мемлекеттен алдын ала рұқсат алу процедурасы алып тасталынуы, жиын өткізуге тыйым салынған шектеулі орындар санына нақты анықтама берілуі, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеті тек мемлекеттің мойнында екенін тура көрсету, "заңсыз жиындарға қатысқаны" үшін қылмыстық жауапкершілік алынып тасталуы тиіс. (Қылмыстық кодекстің 400-бабы)

      b) бейбіт жиынға өз құқығын жүзеге асырғаны үшін ешкімнің "превентивті ретте тұтқындалуға" ұшырамауын қамтамасыз ете отырып, қауіпсіздік пен еркіндік құқығын және керісінше дәлелденбеген жағдайда, кінәсіз саналу құқығын сақтау;

      c) құқық қорғау органдарының қызметкерлері күш қолданудан бұрын көндірудің зорлықсыз амалдарына жүгінуін қамтамасыз ету, және күш қолдану қажет болған жағдайда, құқық бұзушылықтың қатаңдығы мен оның мақсаттарын басшылыққа ала отырып ұстамдылық таныту және адам өміріне тиісті құрмет пен әрекет етуін қамтамасыз ету;

      d) адам құқықтарын бұзуға айыпты тұлғаларды жауапкершілікке тарту және құрбандарға залалды өтеу мақсатында Жаңаөзен мен Шетпедегі қайғылы оқиғаларға халықаралық тәуелсіз зерттеу жүргізу;

      e) ұлттық заңнамада қарастырылғандай "өзін жақсы ұстағаны үшін" Владимир Козловты мерзімнен алдын босату мүмкіндігін қарастыру;

      f) Жаңаөзендік мұнайшыларға қатысты шығарылған айыптау үкімдерін қайта қарастыру, олардың айтуынша, қинау мен құқыққа қайшы әрекет арқылы мойындауға мәжбүрлеген.

      98. Сонымен қатар Арнайы баяндамашы құзыретті органдарды шақырады:

      a) азаматтық қоғамның қоғамдық істерге қатысу мүмкіндігін арттыруы үшін Адами өлшемдері бойынша диалог платформасының ұсыныстарын жан-жақты ескеруді қамтамасыз ету;

      b) ұлттық құқық қорғау мекемесінің бюджетін ұлғайту және тәуелсіздік деңгейін арттыру.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.