Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Мажарстанның Адами ресурстары министрлігі арасындағы 2013 жылғы 19 қарашадағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ХАТТАМА

Актінің түрі
Толықтыру
Хаттама
Өзгерту
Қабылдау күні
27.03.2017
Өзгерту күні
27.03.2017
Актіні қабылдаған орган
Халықаралық органдар мен ұйымдар

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Мажарстанның Адами ресурстары министрлігі арасындағы 2013 жылғы 19 қарашадағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМА

      (2017 жылғы 27 наурызда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2018 ж., № 6, 69-құжат)

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Мажарстанның Адами ресурстары министрлігі (бұдан әрі - “Тараптар”) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Мажарстанның Адами ресурстары министрлігі арасындағы 2013 жылғы 19 қарашадағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 8-бабына сәйкес Келісімге мынадай түзетулер енгізуге келісті:

1-бап

      Келісімнің 2-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тараптар жоғары білім және ғылым саласындағы лауазымды тұлғалардың, оқытушылар құрамының мүшелері мен ғалымдардың сапарларымен алмасуын қолдайды, сондай-ақ олардың арасындағы ортақ мүдделері бар салаларда ынтымақтастықты орнатуға ықпал етеді.

      Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін Мажарстан тарапы 200 стипендия бөледі:

      - бакалавр дәрежесін алуға 90 стипендия: өнертану, гуманитарлық ғылымдары, техникалық ғылымдар және ауыл шаруашылығы пәндер бойынша 85 стипендия, және славян ғылымдары бойынша 5 стипендия;

      - мынадай пәндер бойынша магистр дәрежесін алуға 60 стипендия: ғылымдар, техникалық ғылымдар, ауыл шаруашылығы және өнертану;

      - мынадай пәндер бойынша магистратураның бір циклына 30 стипендия: медицина, гуманитарлық және өнертану ғылымдары, техникалық ғылымдар;

      - кез-келген пәндер бойынша Доктор дәрежесін (PhD) алуға 20 стипендия.

      Мажар тілінде жоғары оқу орнында оқуды бастамас бұрын студенттер қабылдаушы тарап есебінен бір жылдық дайындық курсынан өтулері қажет.

      Мажар тілінен басқа тілдерде оқуға өтінім берген студенттердің қабылдаушы ұйым анықтайтын қажетті деңгейде таңдалған тіл бойынша тиісті білімі болуы қажет.".

2-бап

      Келісімнің 7-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мажар тарапы қазақстандық стипендиаттарды:

      - тегін оқу курсымен;

      - қабылдаушы университеттің жатақханасынан орынмен немесе өмір сүруге ай сайын 40.000 форинтпен;

      - медициналық қызмет алу құқығымен және шет тілінде қызметтерді қамтитын қосымша медициналық сақтандыру мүмкіндігімен;

      - тегін кітапханалық қызмет көрсетумен;

      - стипендиялық шартқа қол қою сәтінде шетел студенттеріне төленетін жәрдемақы сомасын анықтайтын қолданыстағы заңға сәйкес төленетін ай сайынғы жәрдемақымен;

      - мажар тілін үйренуге арналған дайындық курсымен қамтамасыз етеді;

      - халықаралық ұшуларға арналған шығыстарды жіберуші тарап немесе студент өз бетінше өтейді.

      Мажар тарапы жыл сайын 30 қаңтарға дейін дипломатиялық арналар арқылы қазақстан тарапына осы Келісім шеңберінде әрекет ететін стипендиялар туралы ақпарат ұсынады.

      Қазақстан тарапы мажарстандық стипендиаттарды:

      - тегін оқу процесімен;

      - тілдік дайындық курсымен;

      - білім беру бағдарламасына сәйкес ғылыми және зерттеу жұмыстарын жүргізу жағдайларымен;

      - қазақстандық студенттер үшін жасалған жағдайларға сәйкес өмір сүру жағдайымен;

      - Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес медициналық қызмет көрсетумен;

      - Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес стипендиямен қамтамасыз етеді;

      - халықаралық ұшуларға арналған шығыстарды жіберуші тарап немесе студент өз бетінше өтейді.".

3-бап

      Осы Хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады және қол қойылған күнінен бастап, және Келісімнің 9-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.

      Осы Хаттама өзінің әрекетін Келісім қолданысының тоқталуымен бір мерзімде тоқтатады.

      2017 жылғы 27 наурызда Астана қаласында әрқайсысы қазақ, мажар, ағылшын және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.

      Осы Хаттама мәтіндері арасында алшақтықтар болған жағдайда, Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

      Қазақстан Республикасы Мажарстан Республикасы
      Білім және ғылым Адами ресурстары
      министрлігі үшін министрлігі үшін

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.