Тұратын мемлекеттiң азаматы емес басқа мемлекеттiң аумағында тұрақты тұратын азаматтардың құқықтары туралы декларация

Актінің түрі
Декларация
Ұсынымдар
Қабылдау күні
01.01.1970
Өзгерту күні
13.12.1985
Актіні қабылдаған орган
Халықаралық органдар мен ұйымдар

      Бас Ассамблея,
      Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарлығында және басқа халықаралық құжаттарда жария етілген қағидаттарға сәйкес, тілдік, діни және нәсілдік еркіндіктерін негіздеріндегі адам құқықтарының сақталуын назарға ала отырып,
      Осы Декларацияда айтылған пен әр адамға тиселі құқықтарды иелену құқықтары, адамдардың тең құқылығы, адамдардың азат болып туатындығы, олардың тілі, діні, жынысы саяси көзқарастары, ұлттық немесе әлеуметтік шыққан тегі, мүлкі жөнінде айтылған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын есепке ала отырып,
      Осы Декларациян бұзу жағдайларынан бөлек барлық адамдардың тең құқылық адам баласы зорлық-зомбылық пен қанауға қарсы көтеріліске мәжбүр болатын жағдайды тудырмау үшін, адам құқықтары заң билігімен қорғалуы керек екеніне назар аудара отырып,
      Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясын бүкіл халықтар мен мемлекеттердің ұмтылыстары арқылы әр адаммен қатар, қоғамның әр органы осы декларацияны үнемі жадында тұтып, білім беру және ағарту жұмыстары арқылы осы құқықтар мен бостандықтарды қадір тұтуға ықпал жасап, ұлттық халықаралық шаралар арқылы Ұйымның мүше-мемлекеттерінің халықтарымен қоса, олардың юрисдикциясына қарасты территорялардың халықтары арасында да, жалпыға бірдей тиімді түрде танылып, жүзеге асырылуы үшін алға қойылған мақсат ретінде жария етіп отырып,
      Тұратын елдің азаматтары болып табылмайтын тұлғалардың саны көп мемлекеттер арасындағы бейбітшілік және достық қарым-қатынастарды дамыту қоғамдастықтарын жетілдіру іс шараларын назарға ала отырып,
      Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысының қағидаттары мен мақсаттарын растай отырып,
      Халықаралық құжаттарда көрсетілген сол тұратын елдің азаматтары болып табылмайтын тұлғалардың адам құқықтары мен бостандығын қорғауды тани отырып,
      Осы Декларацияны жариялайды:

1 бап

      Осы Декларацияда «шетелдік» термині тұратын мемлекеттiң азаматы емес басқа мемлекеттiң аумағында тұрақты тұратын азаматтарға қатысты алынады.

2 бап

      1. Осы Декларация мемлекетке азаматтардың заңсыз өтіп кету жағдайларымен ешқашан сәйкес келмейді; кез келген мемлекет шетелдіктер мен оның азаматтары арасындағы жағдайлар, олардың келуі мен шетелдік азаматтардың кетуі шарттарына қатысты ережелер мен заңдарды қолдану құқықтарын шектеу ережелерімен байланыста болмауы керек. Алайда, мұндай заңдар мен ережелер адамның құқықтық саласындағы міндеттерін қосқандағы осы мемлекеттерде қабылданған халықаралық-құқықтар міндеттерімен бірге болуы шарт.
      2. Осы декларация аз көлемдеде танылған немесе танылмаған осы Декларацияның құқықтарындағы шетелдіктерге берілетін мемлекеттің халықаралық құқықтарына сәйкес ішкі заңдар мен құқықтарға сәйкес ұсынылған құқықтарды жүзеге асыруға кеткен шығындарды көтермейді.

3 Бап

      Кез келген мемлекет шетелдіктерге қатысты құқықтар немесе өзінің ұлттық заңнамаларын жариялауы керек.

4 Бап

      Шетелдіктер өзі тұрған мемлекеттің дәстүрлерін мен ғұрыптарына құрметпен қарауға және сол елдің заңдарын сақтауға міндеттенеді.

5 Бап

      1. Шетелдіктер мемлекеттердің халықаралық міндеттемелерін есепке ала отырып және ішкі заңнамаларына сәйкес келесідегідей құқықтарды пайдаланады:
      а) жеке өміріне басқалардың араласпауы құқығы; кез келген шетелдік еш себепсіз қамауға немесе тұтқындалмауы керек; кез келген шетелдік бас бостандығынан айырылмауы керек, ондай жағдайлар орын алса ол заң бойынша жүргізіледі;
      b) тұрғын үй немесе тұрғылықты жерге тіркелу, жеке өміріне қатысты заңсыз араласуылар немесе басқа да заңсыз әрекеттерден қорғануға құқылы;
      с) барлық заң мекемелері мен заң орындаушылары алдында шетелдіктер тең құқылы және де қажеттіліктер туған жағдайларда олар заңнамалар мен соттық, қылмыстық іс шаралар барысында аудармашылардың тегін көмектерін пайдалана алуға құқылы;
      d) жанұясын, отбасын, жарын таңдауға құқылы;
      е) өзінің дінін ұстауға, еркін ойлауға құқылы; өзінің дінін жария етуге тек сәйкес конституциялық құрылысты күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейтін жағдайларды есепке ала отырып;
      f) өзінің ана тілін, мәдениеті мен дәстүрін сақтауға құқылы;
      g) өзінің табыстарын, жинаған қаражаттарын ішкі валюталық ережелерге сәйкес шетелге аударға құқылы;
      2. Демократиялық мемлекет үшін мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, тұрғындардың дұрыс ойлауы, ар-намыс бостандығымен бірге басқа құқықтарының халықаралық құжаттарға сәйкес көрсетілген кейбір заңнамалар мен құқықтарды шектеуді есеке ала отырып, осы Декларацияда көрсетілгендей шетелдіктер келесі құқықтарды пайдаланады:
      а) елден кез келген уақытта шығып кетуге құқылы;
      b) өзінің көзқарасын ертін білдіруге құқылы;
      с) бейбіт жиналыстарға қатысуға құқылы;
      d) ішкі заңнамаларға сәйкес бір реткі мүліктерге иелік етуге құқылы.
      3. 2-тармақта көрсетілген шектеулермен бірге, заңды негіздерде ел аумағында жүрген шетелдіктер мемлекет шекарасында еркін жүріп-тұруға құқылы.
      4. Ұлттық заңнамалық негіздерді есепке ала отырып, ел аумағында заңды өмір сүруге рұқсат алған шетелдіктердің жары мен кәмелеттік жасқа толмаған балаларының бірге тұруына және оларға шетелден қонақтар келуге немесе олар шетелге кетуге құқылы.

6 Бап

      Кез келген шетелдік адам айтқысыз зорлық-зомбылық көрсету, азаматтардың ар-ожданына қарсы келетін әрекеттерге, оның ішінде кез келген шетелдік азамат еркін келісімсіз медициналық немесе ғылыми тәжірибелерген өтуіне болмайды.

7 Бап

      Мемлекет аумағында заңды негіздерде жүрген шетелдік тек мемлекет шекарасынан заңды негіздерде мемлекеттік қауіпсіздік мәселелеріне қатысты қандай да бір заңдылықтарды бқзу фактілері анықталған жағдайларда, ол бойынша арнайы мемлекеттік деңгейде шешімдер қабылданған жағдайларда ғана шығарылады, шетедік азамат өзін мемлекет шекарасынан шығару шешімдеріне қарсы тиісті қарарды ұстана отырып, заңды негізде билік, сот орындарына арыздануға құқылы. Ұлттық немесе этникалық шыққан тегі, мәлениеті мен діні, нәсіліне қатысты топтық-таптық бөлінулер негіздеріндегі ұжымдық немесе жеке шығаруларды жасауға тыйым салынады.

8 Бап

      1. Мемлекет аумағында заңды өмір сүретін шетелдіктер 4-бапта көрсетілген өзінің міндеттерін орындау шарттары кезінде ұлттық заңнамаларға сәйкес құқықтарды пайдалана алады.
      а) қауіпсіздік гигиенасы, тиісті жалақыға және қиын жұмыстарға қатысты басқа да сыйақылық талаптарға жауап беретін, сонымен бірге ер адаммен бірдей әйел адам тең дәрежелі ақы төленуі еңбек шарттарына қатысты талаптар қоюға құқылы;
      b) Өзінің қызметтеріне қатысты қауымдастықтардың, ұйымдардың жұмыстарына қатысуға құқылы. Қолданылған құқықтар басқалардың еркіндігі немесе қоғамдық тәртіп пен мемлекеттік қауіпсіздік мүдделеріндегі демократиялық қоғамдағы қажетті заңдарға ешқандай шектеу қоя алмайды;
      с) денсаулығын сақтауға, медициналық қызмет көрсетулерді пайдалануға, әлеуметтік қызмет көрсетулерді пайдалануға, білім алуға және демалуға құқылы, олар оны сәйкес талаптар бойынша орындайды және онда мемлекеттік ресурстарды шектен тыс пайдалану ұсынылмайды.
      2. Шетелдіктердің құқықтарын сақтау мақсаттарында, олар тұрған ақылы жұмыс жасайтын ұйымдар жұмыстарын жүргізетін болады, мұндай құқықтар мемлекет аралық көп жақты немесе екі жақты келіссөздердің арқасында анықталуы мүмкін.

9 Бап

      Кез келген шетелдік заңсыз негіздерде өзінің мүлкінен айырылмайды.

10 Бап

      Кез келген шетелдік ол өзі тұрған мемлекеттің азаматы болып табылатын мемлекеттің мүддесін қорғау міндеттері жүктелген дипломатиялық өкілмен немесе кеңес берушілер болмаған жағдайларда, өз елінің азаматы болып табылатын мемлекеттің дипломатиялық өкілімен немесе кеңесшісімен жеке мәселелеріне қатысты кездесуге құқылы.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.