Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгізу туралы

Актінің түрі
Қаулы
Қабылдау күні
13.11.2000
Өзгерту күні
19.07.2002
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі)

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Жыныстық жолмен берiлетiн аурулардың алдын алу және оларға бақылау жасау жөнiндегi 1999-2000 жылдарға арналған бағдарлама туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 2 наурыздағы N 193 P990193_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 7, 55-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жыныстық жолмен берiлетiн аурулардың алдын алу және оларға бақылау жасау жөнiндегi 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламада:
      3 "ЖЖБА-ның таралуының алдын алу жөнiндегi iс-шаралар" бөлiмiнде:
      реттiк нөмiрi 3.1.5.-жолда:
      2-бағанда "Заңның" деген сөз "мемлекеттiк бағдарламаның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-бағанда "2000 жылдың IV тоқсаны" деген сөздер "2001 жылдың екiншi жартыжылдығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-бағанда "Заң жобасы" деген сөздер "Мемлекеттiк бағдарлама жобасы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2) "Қазақстан Республикасында Әйелдердiң жағдайын жақсарту жөнiндегi ұлттық іс-қимылдар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 19 шiлдедегi N 999 P990999_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 35, 311-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында Әйелдердiң

 

жағдайын жақсарту жөніндегi ұлттық іс-қимылдар жоспарында:

     М. Қыздар бөлiмi бойынша iс-шаралардың жоспарында:

     реттiк нөмiрi 1-жолда:

     3-бағанда "Заңының" деген сөз "мемлекеттiк бағдарламасының" деген

сөздермен ауыстырылсын;

     4-бағанда "Заңның жобасы" деген сөздер "Мемлекеттiк бағдарламаның

жобасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

     6-бағанда "1999 ж." деген сөздер "2001 жылдың екiншi жартыжылдығы"

деген сөздермен ауыстырылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


Оқығандар:

     Багарова Ж.А.,

     Икебаева А.Ж.






Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.