Қазақстан Республикасы Президентiнiң қатысуымен өткен Үкiметтiң кеңейтiлген отырысының ХАТТАМАСЫ

Актінің түрі
Хаттама
Қабылдау күні
01.01.1970
Өзгерту күні
07.08.2002
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі)
                       Н.Ә.Назарбаев төрағалық етті

     Қатысқандар:
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi                        И.Н.Тасмағамбетов
     Қазақстан Республикасы
     Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы        Н.Ә.Әбiқаев
     Қазақстан Республикасы Ұлттық
     Банкiнiң Төрағасы                       Г.А.Марченко


      Yкiмет мүшелерi, Парламент Сенаты мен Мәжiлiсiнiң депутаттары, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, Yкiмет құрамына кiрмейтiн мемлекеттiк органдардың басшылары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң және Премьер-Министр Кеңсесiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары, ұлттық компаниялардың, банктердiң, бұқаралық ақпарат құралдарының президенттерi мен басшылары (тiзiм бойынша).

                              Күн тәртiбi:

      1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы І жартыжылдықтағы елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындылары жөнiндегi есебi.
      2. Мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуының 2002 жылғы І жартыжылдықтағы қорытындылары туралы.

     1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы І жартыжылдықтағы
    елдің әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындылары жөнiндегi есебi __________________________________________________________________________
          (Назарбаев, Тасмағамбетов, Кәкiмжанов, Школьник, Yмбетов,
          Шалғымбаев, Досқалиев, Ахметов, Көшербаев, Есiмов, Тұрысов)

      1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнің Премьер-Министрi И.Н.Тасмағамбетовтiң Қазақстан Республикасының 2002 жылғы І жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы баяндамасы назарға алынсын.
      Ел соңғы үш жыл ішінде өзінің экономикалық қуатын үштен бiрiнен асыра отырып, нығайтқаны атап көрсетiлсiн.
      Сонымен қатар 2002 жылдың екiншi тоқсанында бiрiншi тоқсанмен салыстырғанда әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткіштерiнiң өсуi төмендеген. Шағын және орта бизнестi, тұрғын үй құрылысын дамытуға жеткiлiктi назар аударылмайды, автожолдарды салу кестеден кешеуiлдеуде, әлеуметтiк қорғау жүйесiнде реформалар аяқталмаған, айқын индустриалдық саясат жоқ, бағалы қағаздардың қайталама нарығы әлсiз дамыған, аймақтарда базардағы бағаның өсуіне тиiстi бақылау жасалмайды.
      Қазақстанның экономикалық дамуының басты мақсаты - жалпы iшкi өнiмнiң барынша жоғарғы қарқынмен өсуіне қол жеткiзу.
      2. Үкiмет:
      1) үш ай мерзiмде өнiм берушiлерге қойылатын талаптарды және олардың беретiн тауарларының, орындайтын жұмыстары мен көрсететiн қызметтерiнің тиiстi сапасын қамтамасыз ету жөніндегi жауапкершілiгін арттыруға бағытталған мемлекеттiк сатып алу жөніндегi қажеттi нормативтiк базаны жасасын;
      2) бiр ай мерзiмде Жер кодексінің жобасына барлық мүдделi мемлекеттiк органдармен кешендi сараптама жүргiзіп, Yкiметте арнайы қарап, елдің Ұлттық кеңесiнде талқыласын;
      3) ағымдағы жылғы 15 қыркүйекке дейiн бұрын қабылданып, қаржымен қамтамасыз етiлмеген мемлекеттiк бағдарламалардың күшiн жою жөнінде ұсыныстар енгiзсін;
      4) ағымдағы жылдың соңына дейiн Салық кодексінің:
      арнаулы салық режимдерiндегi шағын бизнес субъектiлерiне қатысты қолданылатын ставканы төмендете отырып, кәсiпкерлер үшiн арнаулы салық режимдерiн қолдану саласын кеңейту;
      қаржы лизингiне берiлген мүлiк үшiн лизинг төлемдерiн өтеу ретiне қарай ҚҚС-на (қосылған құн салығы) тең мөлшерде төлем жүргiзуге мүмкiндiк беретiн норманы бекiте отырып, лизингке салық салу жүйесiн жетiлдіру;
      Қазақстан Республикасының Салық K010209_ кодексі мен Қазақстан Республикасының "Жер туралы" Z010152_ Заңының арасындағы әркелкiлiктi болдырмай, ауыл шаруашылығына арналған жерге салық салу;
      бұрынғы КСРО-да шығарылған жеңiл автокөлiк құралдарының ескiрген модельдерiне салынатын салық ставкаларын төмендету;
      қайта қаржыландыру ставкасын тиiсiнше 1,5 еседен 2 есеге дейiн көбейтіп, салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да төлемдердi уақтылы төлемегенi үшiн өсiмақы мөлшерiн бiр мезгілде ұлғайта отырып, теңгемен берiлген кредиттер бойынша сыйақыларға жатқызылған шегерiмдердiң шектi мөлшерiн ұлғайту бөлiгiнде тиiстi өзгерiстер мен толықтыруларды әзiрлеп енгiзсiн;
      5) бір ай мерзiмде шағын және орта бизнесті дамытуда әкiмшiлiк кедергiлердi азайту жөнiнде ұсыныстар енгiзiп, оларды жаңа Кеден кодексiн пысықтау кезiнде ескерсiн;
      6) "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы" Заңның қабылдануын қамтамасыз етiп, оны мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесiмен қатар 2005 жылдан бастап күшiне енгiзудi көздей отырып, әлеуметтiк қорғау жүйесiнiң реформасын жалғастырсын;
      7) мыналардың:
      2002 жылдың соңына дейiн маусымдық жұмыстарға тартылған жұмыскерлердің еңбегiн нормативтiк құқықтық реттеу жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
      шекаралас елдермен еңбек көшi-қоны ағынын реттеу туралы екi жақты және кеп жақты келiсімдер жасасу негiзінде толыққанды еңбек нарығын қалыптастыру оңтүстiктен келетiн көшi-қон процестерiн реттеу мен маусымдық жұмыскерлердiң құқықтарын жолға қою, сондай-ақ жасы ұлғайған адамдарды еңбекпен қамтудың икемдi жүйесiн ұйымдастыру жөнiнде шаралар қолдансын;
      8) халықты әлеуметтiк қорғау мақсатында:
      2003 жылғы бiрiншi қаңтардан бастап зейнетақы мөлшерiн 12 процентке ұлғайтсын;
      салымдарға өтемақы бойынша iшкi қарызды мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарға бiр мезгілде қайта ресiмдеудi қамтамасыз ете отырып, бұрынғы КСРО Жинақ банкінде сақталған халықтың салымдарына өтемақы төлеудi жүргiзсiн.
      Өтемақы төлеудi 2003 жылы:
      1936-1940 жылдарда туған азаматтардың санаты үшiн айналыс мерзiмi 12 айға арналған;
      1941-1960 жылдарда туған азаматтардың санаты үшiн айналыс мерзiмi 24 айға арналған;
      1961-1991 жылдарда туған азаматтар үшiн айналыс мерзiмi 36 айға арналған мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару арқылы үш кезеңде жүзеге асырсын.
      Бұл ретте өтемақы төлеудi оны жүргiзу сәтiне Қазақстан Республикасының аумағында және одан сырт жерлерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтығын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тиiстi құжаттармен растағанда, олардың мұраға қалған салымдарын ескере отырып жүргiзсiн.
      9) Мыналарды:
      Астана қаласында, әсiресе сол жақ жағалаудағы жоспарланған құрылыс объектiлерiн қажеттi қаржыландыруды;
      облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерiнің инвестициялық қызметiне бақылау жасауды;
      ауылды қолдау жөнiндегi бағдарламаның орындалуын және 2003 жылдан бастап оны дамытуға қосымша бюджет қаражатын бағыттауды қамтамасыз етсiн.
      3. Yкімет пен Ұлттық Банк:
      тұрғын үй құрылысының толыққанды жүйесін:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне тұрғын үй құрылысы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеудi және Парламентке енгiзудi жеделдету;
      2002 жылға арналған Заң жобалары жұмыстарының жоспарында белгiленген мерзiмде "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне ипотекалық кредит беру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеу және Парламентке енгiзу;
      құрылыс жинақ банктерiн құру мүмкiндiгiмен құрылыс жинақ жүйесiн iске қосу жөнiндегi және/немесе халықтың табысы төмен жiктерiне ипотекалық кредит берудi субсидиялау, сондай-ақ ипотекалық кредиттердi сақтандыру компаниясын және/немесе кепiлдiк қорын құру жөніндегi мәселелердi пысықтау негiзiнде одан әрi дамыту шараларын қолдансын.
      4. Үкiмет, облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдерi:
      1) реформаларды жүргiзудiң негiзгi салмағын облыстық және аудандық деңгейге ауыстыруды жүзеге асырсын;
      2) отандық өнiм өндiрушілердің бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруда үйлестiрушiлiк және бақылаушылық рөлдi қамтамасыз етсiн. Мемлекет басшысына тоқсан сайын баяндайтын болсын;
      3) бiлiм, денсаулық сақтау (туберкулез және босанатындарға көмек) қажеттiктерiне, Даму Банкi арқылы инфрақұрылым объектiлерiн қаржыландыруға бюджеттi басым ретпен пайдалансын.
      5. Көлiк және коммуникация министрлiгi Қаржы министрлiгiмен бiрлесе отырып "Астана халықаралық әуежайы" РМК мен Siемеns/Маrubеni/Lаing/Аlаrко консорциумы арасындағы 2002 жылғы 15 сәуiрде қол қойылған келiсiмшартқа сәйкес Астана қаласындағы халықаралық әуежайды қайта жаңғырту жобасын уақтылы iске асыруды қамтамасыз етсiн.
      6. Көлiк және коммуникация министрлiгi:
      1) бiр ай мерзiмде көлiк саласындағы нақты ахуал мен оны әрi қарай дамыту шаралары туралы Мемлекет басшысына баяндасын;
      2) Қостанай және Ақтөбе облыстарының әкiмдерiмен бiрлесе отырып "Хромтау-Алтынсарин" темiр жол желiсiнiң құрылысын жеделдету жөнінде шаралар қолдансын.
      7. Экономика және сауда министрлiгi:
      1) жобалау-сметалық құжаттамасыз инвестициялық жобаларды қаржыландыруды бюджетке енгiзуге және олардың құнын асырып көрсетуге жол бермеуге, сондай-ақ инвестициялық заңнаманы жетілдiруге бағытталған шаралар қолдансын;
      2) ағымдағы жылғы 20 қыркүйекке дейiн Мемлекет басшысына ДСҰ-ға кiрудiң Қазақстан экономикасының түрлi салаларында туындатуы мүмкiн салдарлары туралы баяндасын.
      8. Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiк Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кәсiпкерлер кеңесiнiң жұмысын жандандырсын және ағымдағы жылғы 1 қазанға дейiн Астана қаласында Қазақстан кәсiпкерлерiнiң форумын өткiзсiн.
      9. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
      1) бiр ай мерзiмде мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесе отырып:
      тауар базарларында тәртiп орнатсын және шынайы бәсекелестiктi қалыптастырсын;
      ауылдағы тауар өндiрушiлердiң өнiмдерiне қол жеткiзетiн мүмкiндiктердi кеңейтудi қамтамасыз етсін;
      жемiс-көкөнiс өнімдерiнiң және өзге де азық-түлiк тауарларының бөлшек сауда бағасын төмендетуге бағытталған кiдірiссiз шаралар қолданатын болсын.
      Нәтижелерi туралы Президент Әкiмшiлiгiне ағымдағы жылдың 1 қазанына баяндасын;
      2) мыналарға:
      базарлардағы негiзгi азық-түлiк бағалары туралы ай сайын баяндалып, сауда-саттық базарларындағы бағаның нақты қалыптасуы мен өсуіне;
      автомобиль жолдарын, тұрғын үйдi жөндеу мен салуға;
      шағын және орта бизнестi, адал бәсекелестiктi дамытуға;
      импорт алмастыру мен сервис қызметiн қамтамасыз етуге қатаң бақылау қойсын;
      3) аймақтардағы жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындарға тұрақты негiзде нақты көмек көрсетсiн;
      4) Қазақстан Республикасы заңдарының және Мемлекет басшысы мен Yкiмет қабылдаған шешiмдердiң аймақтарда орындалуын тұрақты негiзде қамтамасыз етсiн;
      5) кәсіпорындарды нақты сектор мониторингi жүйесiне тартуда Ұлттық Банкке жәрдем көрсетсiн;
      6) бiр ай мерзiмде iрi кәсiпорындардың ауылдарды қамқорлыққа (шефтiкке) алу практикасын жандандыру, бiлiктi мұғалiмдер мен дәрiгерлердiң ауылдық жерге қоныс аударуын ынталандыру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
      10. Ақмола, Жамбыл, Павлодар және Ақтөбе облыстарының әкiмдерi ағымдағы жылғы 10 қарашаға дейiн Даму Банкінiң жарғылық капиталына заңнамада көзделген үлестiк қаражатты енгiзсiн.
      11. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" шетелдiк инвестицияларды игеруге отандық компанияларды тарту мақсатында теңiздегi мұнай және газ жобаларының алғашқы дизайнында өзiнiң мiндеттi қатысуын Yкіметтiң жәрдемiмен қамтамасыз етсiн.
      12. Президент Әкiмшiлiгiнiң Бас бақылау инспекциясы:
      1) 1 қазанға дейiн Мемлекет басшысына Шығыс Қазақстан және Оңтүстiк Қазақстан облыстарындағы көптеген тексерулер практикасы мен қолданылған шаралар туралы баяндасын;
      2) ағымдағы жылғы 10 қазанға дейiн Мемлекет басшысына азаматтық авиацияда және автожолдарды салу мен жаңартуда ахуалды жақсарту жөнiндегi iстің жайы мен қолданылған шаралар туралы баяндама дайындасын.

           2. Мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуының 2002 жылғы
                І жартыжылдықтағы қорытындылары туралы __________________________________________________________________________
                           (Назарбаев, Павлов)

      1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі А.С.Павловтың мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуының 2002 жылғы І жартыжылдықтағы қорытындылары туралы баяндамасы назарға алынсын.
      2. Yкiмет:
      1) ағымдағы жылғы бюджетте инвестициялық жобаларды, соның iшінде Астана қаласында жоспарланған объектiлер құрылысын iске қосуға көзделген қаражатты уақтылы және толығымен игеру жөнінде шаралар қолдансын;
      2) әкiмшiлiк шығыстарды қысқарту (семинарлар мен конференциялар өткiзуге, қымбат тұратын автомобильдерге және жиhаздарды жаңартуға жұмсалатын шығыстары, iссапар шығыстарын оңтайландыруы есебiнен) жөнiнде ұсыныс енгiзсiн;
      3) ағымдағы жылы мемлекеттiк органдар мен ұлттық компаниялардың штат санын көбейту жөнiнде мәселенi қарамасын;
      4) барлық ұлттық компаниялардың кiрiстерi мен шығыстарына бақылау жасап, бекiтіп отырсын;
      5) Ұлттық қордан қаражат пайдалануға қатаң бақылау жасасын.
      Алдағы кезде қаражатты Қазақстан Республикасы Президентiнiң келiсiмi бойынша ғана пайдалансын және қолданыстағы заңнамаға тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзсiн;
      6) Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына бұрын енгiзiлген заң жобаларын қарауды және қабылдауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Кеден K010209_ кодексiнiң, Z980281_ "Акционерлiк қоғамдар туралы", "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Z020278_ және "Кредиттiк серiктестiктер туралы" Қазақстан Республикасының заңдарының жобаларын талқылау кезiнде Парламент жұмысына қатысуын жандандырсын;
      7) Ұлттық Банкпен бiрлесе отырып Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне "Микрокредиттiк ұйымдар туралы", "Автокөлiк құралдары иелердiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн міндеттi сақтандыру туралы", "Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы", "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне сақтандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының заң жобаларын енгiзудi жеделдетсiн.
      3. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi Экономика және сауда министрлiгiне тоқсан сайын жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың тiзбесiн табыс етiп, аталған министрлiктi тiзбеге енгiзiлген өзгерiстер және жобаларды iске асыру барысы туралы хабардар ететiн болсын.

     Үкiмет Ұлттық Банкпен бiрлесе отырып бiр ай мерзiмде осы хаттаманың 
орындалуы жөнiндегi шараларды мерзiмдерi мен жауапты атқарушыларын көрсете 
отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
     Осы хаттаманың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
     Қазақстан Республикасының
           Президенті
     
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Жұманазарова А.Б.
      
      


Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.