Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысының - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң мәртебесi мен өкiлеттiктерi туралы" Жарлығының жобасы туралы

Актінің түрі
Жоба
Қаулы
Қабылдау күні
06.03.2002
Өзгерту күні
06.03.2002
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі)

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысының - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң мәртебесi мен өкiлеттiктерi туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысының - Қазақстан
Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң мәртебесi мен
өкiлеттiктері туралы

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 19) тармақшасына сәйкес Қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi (бұдан әрi - Мемлекеттiк хатшы - Сыртқы iстер министрi) Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Қазақстан Республикасының лауазымды тұлғасы болып табылады.
      2. Мемлекеттiк хатшы - Сыртқы iстер министрi өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң тiкелей басшылығымен жүзеге асырады.
      3. Мемлекеттiк хатшы - Сыртқы iстер министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мүшесi болып табылады.
      4. Конституция, заңдар, осы Жарлық және Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзге де актiлерi Мемлекеттiк хатшы - Сыртқы iстер министрi қызметiнiң құқықтық негiзiн құрайды.
      5. Мемлекеттiк хатшы - Сыртқы iстер министрi Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес төмендегідей өкiлеттiктi жүзеге асырады:
      1) Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының тұжырымдамалық негiздерiн әзiрлеудi және тиiстi ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентiне ұсынуды қамтамасыз ету;
      2) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын iске асыруды қамтамасыз ету;
      3) Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық және инвестициялық саясатын үйлестiру және оны iске асыруды қамтамасыз ету;
      4) Қазақстан Республикасының атынан мемлекетаралық келiссөздердi жүргiзу;
      5) Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының халықаралық қызметiн үйлестiру;
      6) Сыртқы iстер министрлiгiнiң жұмысын ұйымдастыру және оған басшылық ету;
      7) Мемлекеттiк хатшының - Сыртқы iстер министрiнiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша Мемлекет басшысының қарауына ұсынылатын нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын келiсу;
      8) Қазақстан Республикасында қызметiн қоса атқаруға тiркелген шет елдердiң елшiлерiнен сенiм грамоталарын қабылдап алу;
      9) Мемлекет басшысы жанындағы мынадай консультативтiк-кеңесшi органдардың қызметiн үйлестiру: Адам құқықтары жөнiндегi комиссия, Қазақстан халықтары Ассамблеясының кеңесi, Мемлекеттiк наградалар жөнiндегi комиссия, Қазақстан Республикасы Бiрiншi Президентiнiң Бейбiтшiлiк пен прогресс жолындағы мемлекеттiк жүлдесiн тапсыру жөнiндегi комиссия, Мемлекеттiк рәмiздер жөнiндегi республикалық комиссия, Шетелдерде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия, Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық пен демеушiлiк қызметi үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Құрмет дипломын тапсыру жөнiндегi комиссия;
      10) Мемлекет басшысының өзге де тапсырмаларын орындау.
      6. Мемлекеттiк хатшы - Сыртқы iстер министрi өзiне жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында:
      1) өкiмдер шығаруға;
      2) Президентi әкiмшiлiгінiң құрылымдық бөлiмшелерiне, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға тапсырмалар беруге;
      3) Парламент пен оның Палаталарының мәжiлiстерiне қатысуға;
      4) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарынан және лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды сұратуға және алдыруға құқылы. Қажеттi ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды ұсыну жөнiндегi Мемлекеттiк хатшы - Сыртқы iстер министрiнiң нұсқамасы мемлекеттiк органдар, лауазымды тұлғалар үшiн мiндеттi және егер Мемлекеттiк хатшы - Сыртқы iстер министрi өзгеше мерзiм белгiлемесе кiдiрiссiз орындалуы тиiс;
      5) Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi жобаларын әзiрлеу үшiн ведомствоаралық жұмыс топтарын құруға, Мемлекет басшысы қойған өзге де мiндеттердi шешуге құқылы.
      7. Мемлекеттiк хатшы - Сыртқы iстер министрiнің қызметiн ұйымдық-құқықтық, ақпараттық-талдамалық және өзге де тұрғыдан қамтамасыз етудi Президент Әкiмшiлiгi мен Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшы - Сыртқы iстер министрiнiң еңбегiне ақы төлеу Мемлекеттiк хатшысының лауазымдық еңбекақысы мен оны сауықтыруға қатысты жәрдемақыны есептеуге арналған коэффициент негiзге алынып айқындалады және республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлігін ұстауға арналған қаражаттың есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
      8. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықты iске асыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
      9. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.