Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы" 1995 жылғы 3 қазандағы Заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Актінің түрі
Жоба
Қаулы
Қабылдау күні
30.03.2002
Өзгерту күні
30.03.2002
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі)

 


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

     Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы

Президентiнiң Күзет қызметi туралы" 1995 жылғы 3 қазандағы 


Z952483_


  Заң

күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан

Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi

Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


                                                      Жоба


      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы

     Президентiнiң Күзет қызметi туралы" 1995 жылғы 3 қазандағы Заң күшi

           бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы



 
       "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 3 қазандағы N 2483 Z952483_ Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1995 ж., N 19, 118-бап; N 23, 142-бап; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Ведомостары, 1997 ж., N 10, 108-бап; N 12, 184-бап, 190-бап; 2001 ж., N 20, 257-бап) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. Атау мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы".
      2. Преамбула алынып тасталсын.
      3. Мәтiндегi "осы Жарлық", "осы Жарлықпен", "осы Жарлықты" деген сөздер тиiсiнше "осы Заң", "осы Заңмен", "осы Заңды" деген сөздермен ауыстырылсын.
      4. 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнің Күзет қызметi - Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және оған есеп беретiн, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн күштерге жататын және осы Заңмен белгiленген құзырет шегiнде күзетiлетiн адамдар мен күзет объектiлерiнiң қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнiндегі күзет іс-шараларын жүзеге асыратын арнайы мемлекеттiк орган.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның нақтылы және шартты атауы, өзiнiң рәмiзi мен айырым белгiлерi, мөрi, мөртаңбасы, банктерде есеп-шоттары, оның iшiнде валюталық есеп-шоттары болады.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi әскери құрылым болып табылады.".
      5. Мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2, 1-3-баптармен толықтырылсын:
      "1-1-бап. Күзет iс-шаралары
      Күзет iс-шаралары - күзетiлетiн адамдардың және күзет объектiлерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, ұйымдастыру, жедел-iздестiру және техникалық шаралардың жиынтығы.
      Күзетiлетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi күзет іс-шаралары терроршылдыққа қарсы операцияларға жатқызылады.
      1-2-бап. Күзетiлетiн адамдар
      1. Күзетiлетiн адамдар - Қазақстан Республикасының K951000_ Конституциясына, Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарына және осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi мiндеттi түрде күзетуге жатқызылған адамдар.
      2. Мыналар күзетiлетiн адамдар болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасының Президентi;
      2) Республика Президентiнiң жұбайы (ерi) және Президентпен бiрге тұратын отбасы мүшелерi;
      3) Қазақстан Республикасының Бiрiншi Президентi;
      4) Қазақстан Республикасының Бiрiншi Президентiмен бiрге тұратын оның отбасы мүшелерi немесе онымен бiрге ерiп жүрушiлер;
      5) Қазақстан Республикасының экс-Президентi;
      6) Тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының лауазымды адамдары;
      7) Қауiпсiздiгi Қазақстан Республикасының аумағында болуы кезеңiнде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қамтамасыз етiлетiн шет ел мемлекеттерi мен үкiметтерiнiң басшылары;
      8) Қауiпсiздiгi Қазақстан Республикасының аумағында болуы кезеңiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң немесе оның тапсыруы бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Басшысының өкiмдерi негiзiнде қамтамасыз етiлетiн халықаралық ұйымдар басшылары мен шет ел мемлекеттерiнiң өзге де адамдары.
      1-3-бап. Күзет объектiлерi
      Күзет объектiлерi (күзетiлетiн объектiлер) - күзетiлетiн адамдардың болуына арналған үйлер, құрылымдар мен құрылыстар көрсетiлген үйлерге, құрылымдар мен құрылыстарға жапсарлас аумақтар мен акваториялар.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi күзететiн объектiлер тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.".
      6. 2-бапта:
      1) төртiншi абзацтағы "қызметтiк үй-жайларында және" деген сөздер "күзет объектiлерiнде және" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      "терроризмге қарсы күрестi өз өкiлеттiгi шегiнде жүзеге асыру".
      7. Мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:
      "4-1-бап. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң қызметiн ұйымдастыру
      Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң басшылығын Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын, қызметтен босататын және әскери қызметтен шығаратын Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң бастығы жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi бастығының ұсынысы бойынша Республика Президентi бекiтедi".
      8. II тарау және 5, 6, 7-баптар алынып тасталсын.
      9. 8-бапта:
      1) 3-тармақтағы "қызметтiк үй-жайларында және" деген сөздер "күзетiлетiн объектiлерде және" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 4-тармақтағы "өзге" деген сөз, ", сондай-ақ жекелеген iс жүргiзу әрекеттерiн iске асыруда" деген сөздер алынып тасталсын;
      3) 5-тармақтағы "қызметтiк үй-жайларында және" деген сөздер "күзетiлетiн объектiлерде және" деген сөздермен ауыстырылсын".
      10. 9-баптағы:
      1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Күзетiлетiн объектiлерге өту (көлiкпен өту) кезiнде және күзетiлетiн объектiлерден шығуы (көлiкпен шығуы) кезiнде азаматтарды жеке тексеру (күзетiлетiн адамдарды қоспағанда), олардың заттарын тексеру, көлiк құралдарын және олардағы алып жүретiн заттарды, оның iшiнде техникалық құралдарды пайдалана отырып тексеру жүргiзiлсiн.".
      2) мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Күзету iс-шараларын жүргiзу кезiнде азаматтарды, фактiлер мен оқиғаларды суретке түсiру, дыбысқа жазу, -кино және бейне түсiру жүзеге асырылсын;";
      3) 4-тармақтағы "министрлiктерден, мемлекеттiк комитеттерден, өзге де орталық атқару органдарынан" деген сөздер "мемлекеттiк органдардан" деген сөздермен ауыстырылсын.
      11. 14-баптың екiншi бөлiгi алынып тасталсын.
      12. 15-баптағы:
      1) үшiншi бөлiкте "нормативтiк актiлердiң" деген сөздер "нормативтiк

 

құқықтық актiлердiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

     2) төртiншi бөлiктегi:

     "министрлiктерде, ведомстволарда" деген сөздер "мемлекеттiк

органдарда" деген сөздермен ауыстырылсын;

     "белгіленген тәртіппен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының

Үкiметi белгiлеген тәртiппен" деген сөздермен ауыстырылсын;

     "атқару үшiн" деген сөздерден кейiн "осы органдар мен ұйымдар

төлейтiн" деген сөздермен толықтырылсын.

     13. 25-бап алынып тасталсын.


     Қазақстан Республикасының

          Президентi                                       



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.








Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.