Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң - Елбасының Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығының кейбiр мәселелерi туралы

Актінің түрі
Сипаттама
Қаулы
Қабылдау күні
03.04.2002
Өзгерту күні
08.06.2017
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі)

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.11.29 № 1270; 08.06.2017 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң - Елбасының Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 шiлдедегi Z010222_ Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.11.29 № 1270; 08.06.2017 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      1. Қоса берiлiп отырған:

      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң - Елбасының Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығының лауреаты дипломының сипаттамасы;

      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң - Елбасының Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығының лауреаты омырауға тағатын белгiсiнiң сипаттамасы;

      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң - Елбасының Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығының лауреаты куәлiгiнiң сипаттамасы бекiтiлсiн.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.11.29 № 1270; 08.06.2017 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 3 сәуірдегі
N 396 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң - Елбасының
Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс
сыйлығының лауреаты дипломының
СИПАТТАМАСЫ

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.11.29 № 1270 Қаулысымен.
      Ескерту. Сипаттаманың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Үкіметінің 08.06.2017 № 350 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң - Елбасының Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығының лауреаты дипломының негiзi (бұдан әрi - Диплом) мөлшерi 335 х 115 миллиметр қоңыркүрең түстi терiмен қапталған, "Астра Люкс" тұрпатты қағаз-картоннан дайындалады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.11.29 № 1270 Қаулысымен.

      2. Дипломның сыртқы бетінде алтын түсті "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы лауреатының дипломы" деген жазу орналасады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.11.29 № 1270 Қаулысымен.

      3. Дипломның ішкi жағы ақ түстi атлас материалымен тартылған.

      4. Дипломның қосымша бетi мөлшерi 310 х 110 миллиметр ақ түстi қағаздан дайындалады.

      5. Қосымша беттiң сыртқы бетiнiң ортасына Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы орналасады.

      6. Дипломның қосымша бетiнiң айқармасындағы мәтiнi қазақтың ою-өрнегiмен безендiрiледi әрi алтын және көк бояумен трафарет тәсiлiмен басылады. Қосымша беттiң сол жағында мемлекеттiк тiлдегi мазмұны, ал оң жағында тиiсiнше орыс тілiндегi мазмұны көрсетiледi.

  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 3 сәуірдегi
N 396 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң - Елбасының
Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығының
лауреатының омырауға тағатын белгiсiнiң
СИПАТТАМАСЫ

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.11.29 № 1270 Қаулысымен.
      Ескерту. Сипаттаманың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Үкіметінің 08.06.2017 № 350 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң - Елбасының Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығының лауреаты омырауға тағатын белгiсi диаметрi - 38 мм, тағаны - 35 мм медаль түрiнде жасалған. Тағанның төменгi бөлiгiнде қазақтың ою-өрнегi орналасқан.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.11.29 № 1270 Қаулысымен.

      2. "АВЕРС" жағында күн және бүркiт орналасқан, айналасында оқиғаның ерекше салтанаттылығын бiлдiретiн лавр бұтақшасы бейнеленген.

      3. "РЕВЕРС" жағында қазақ және орыс тілдерінде:

"Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің -

      Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс

      сыйлығының лауреаты"

      "Лауреат государственной премии

      мира и прогресса Первого Президента

      Республики Казахстан - Лидера Нации"

       деген жазу орналасады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.11.29 № 1270 Қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 3 сәуiрдегі
N 396 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң - Елбасының
Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс
сыйлығының лауреаты куәлiгiнiң
СИПАТТАМАСЫ

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.11.29 № 1270 Қаулысымен.
      Ескерту. Сипаттаманың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Үкіметінің 08.06.2017 № 350 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң - Елбасының Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығының лауреаты куәлiгiнiң негiзi (бұдан әрi - Куәлiк) мөлшерi 190 х 65 миллиметр қоңыркүрең түстi терiмен қапталған "Астра Люкс" тұрпатты қағаз-картоннан дайындалады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.11.29 № 1270 Қаулысымен.

      2. Куәліктің сыртқы жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы, оның төменгі жағында алтын түсті "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы лауреатының куәлігі" деген жазу орналасады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.11.29 № 1270 Қаулысымен.

      3. Куәлiктiң мәтiнi iшкi жағында көк бояумен трафареттiк тәсiлмен басылады. Куәлiктiң сол жағында мемлекеттiк тiлдегi мазмұны, ал оң жағында тиiсiнше орыс тiлiндегi мазмұны көрсетiледi.

      4. Куәлiктiң айқарма бетiнiң оң жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы орналасады. Сол жағында - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң - Елбасының Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығы лауреатының фотосуретi.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.11.29 № 1270 Қаулысымен.
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.