Күшін жойған

Әскери (арнаулы) оқу орындары курсанттарының (тыңдаушыларының) келiсiм-шарт бойынша әскери қызметi туралы ереженi бекiту туралы

Актінің түрі
Ереже
Келісім-шарт
Қаулы
Қабылдау күні
01.01.1970
Өзгерту күні
17.08.2006
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі)

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006.08.17.  N 777  қаулысымен.  

      "Келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 20 наурыздағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiліп отырған Әскери (арнаулы) оқу орындары курсанттарының (тыңдаушыларының) келiсiм-шарт бойынша әскери қызметi туралы ереже бекiтілсін.

      2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  
2003 жылғы 24 қыркүйектегi     
N 972 қаулысымен          
бекiтiлген          

  Әскери (арнаулы) оқу орындары курсанттарының (тыңдаушыларының) келiсiм-шарт бойынша әскери қызметi туралы
ереже

      Осы Ереже "Келiсім-шарт бойынша әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 20 наурыздағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әскери (арнаулы) оқу орындары курсанттарының (тыңдаушыларының) (бұдан әрi - курсанттар) келiсiм-шарт бойынша әскери қызметi туралы келісім-шарттың нысанын, оны жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату тәртiбiн айқындайды.

  1. Келiсiм-шартты жасасу, ұзарту және өзгерту тәртібi

      1. Курсанттар келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке оқуға қабылданған күнi он жетi жасқа жеткен ер және әйел жынысты, бiрақ жиырма бiр жастан үлкен емес адамдар, сондай-ақ әскери (арнаулы) оқу орындарында оқуға ниет бiлдiрген 23 жасқа дейiнгi әскери қызметшiлер қабылданады.

      2. Қазақстан Республикасының әскери (арнаулы) оқу орындарына өз еркімен қабылданатын адамдар, сондай-ақ уәкiлеттi мемлекеттiк органның жiберуi бойынша шетелдiк мемлекеттердiң әскери (арнаулы) оқу орындарына өз еркiмен қабылданатын адамдар қосымшаға сәйкес әскери (арнаулы) оқу орнында оқитын мерзiмге және бір мезгiлде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде офицерлiк құрамның лауазымдарында әскери (арнаулы) оқу орнын бiтiргеннен кейiн күнтiзбелiк есептеуде он жылға әскери қызметтi өткеру туралы келiсім-шарт жасасады.
      Келісім-шарт қабылдау комиссиясының әскери (арнаулы) оқу орнына қабылдау туралы шешуiнен кейiн жасалады.

      3. Келісім-шарт жазбаша нысанда, екі данада жасалады және тараптардың қолдары қойылады. Келiсiм-шарттың бiр данасы келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылданған адамның жеке iс қағазында сақталады, екiншiсi оның қолына берiледi.

      4. Қазақстан Республикасының әскери (арнаулы) оқу орындарында оқитын курсанттармен келiсім-шартқа уәкілеттi мемлекеттiк органның атынан әскери (арнаулы) оқу орнының тиiстi бастығы қол қояды.
      Шетел мемлекеттерінің әскери (арнаулы) оқу орындарында оқитын курсанттармен келiсiм-шартқа уәкiлеттi мемлекеттiк органның атынан оның өкiлi қол қояды.

      5. Әскери қызметтi өткеру туралы келiсiм-шарт екi тарап қол қойған күннен бастап күшiне енедi және жасалған мерзiмнiң аяқталуы бойынша немесе оны бұзуға байланысты өзiнің қолданылуын тоқтатады.

      6. Курсанттардың келiсiм-шарт бойынша әскери қызметiнiң басталуы келiсiм-шартта және адамды әскери (арнаулы) оқу орнына қабылдау туралы бұйрықта көрсетілген күн болып саналады.

      7. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтi өткеріп жүрген әскери қызметшi (келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын адамның) арасындағы қарым-қатынастар Заңмен, басқа да нормативтiк құқықтық кесімдермен және оларға сәйкес жасалған келiсiм-шартпен реттеледi.

      8. Келiсiм-шарттың талаптары бiржақты тәртiппен өзгертiлуi мүмкiн емес. Келiсiм-шарттың жекелеген талаптарының жарамсыздығы келiсiм-шартты толығымен жарамсыз деп тануға әкеп соқтырмайды.

      9. Келiсiм-шарттың талаптары, егер олар Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе тараптардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.

  2. Курсанттармен келiсiм-шартты тоқтату және бұзу

      10. Келiсiм-шарт:
      1) мерзiмнің аяқталуы бойынша, егер тараптардың келiсiмi бойынша келісім-шарт ұзартылмаса;
      2) денсаулық жағдайы бойынша, әскери-дәрiгерлiк комиссияның әскери қызметке жарамсыздығын мойындауына байланысты;
      3) соттың айыптау үкiмiнiң заңды күшiне енуiне байланысты тоқтатылуы мүмкiн.

      11. Келiсiм-шарт:
      1) Тараптардың келiсiм-шарт талаптарын орындамауына байланысты;
      2) әскери қызметшiнiң қызметке дәлелсiз себептермен шықпауына байланысты бұзылуы мүмкiн.

      12. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтi өткеретiн әскери қызметшi:
      1) оған қатысты келiсiм-шарттың талаптарын елеулi немесе жүйелi бұзылуына байланысты;
      2) отбасы жағдайы бойынша әскери қызметтен мерзiмiнен бұрын босатылуы мүмкiн.

Әскери (арнаулы) оқу орындары     
курсанттарының (тыңдаушыларының)   
келiсім-шарт бойынша әскери қызметi 
туралы ережеге           
қосымша           

Әскери (арнаулы) оқу орнында курсанттардың (тыңдаушылардың) әскери қызметтi өткеру туралы және бiр мезгілде әскери (арнаулы) оқу орнын бiтiргеннен кейiн әскери қызметтi өткеру туралы
Келісім-шарт

_________________________________________________________________
  (уәкiлеттi мемлекеттiк органның атауы, оның орналасқан жерi)

атынан __________________________________________________________
      (уәкiлеттi мемлекеттiк органның лауазымды адамының әскери 
_________________________________________________________________
атағы, тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы)

және ____________________________________________________________
      (келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын адамның

_________________________________________________________________
 тегi, аты, әкесiнiң аты, оның жеке басын куәландыратын құжаттың

_________________________________________________________________
нөмiрi және берiлген күнi, әлеуметтiк жеке кодының нөмiрi, салық

_________________________________________________________________
                   төлеушiнiң тiркеу нөмiрi)

      заңнамада және осы келiсiм-шартта белгiленген жағдайларда Әскери (арнаулы) оқу орнында курсанттардың (тыңдаушылардың) әскери қызметтi өткеру туралы және бiр мезгiлде әскери (арнаулы) оқу орнын бiтiргеннен кейiн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде офицерлiк құрамның лауазымдарында күнтiзбелiк есеппен он жылға әскери қызметтi өткеру туралы келiсім-шартты жасасты.
      1. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын адам "Келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 20 наурыздағы Заңының (бұдан әрi - Заң)  10-бабы  2-тармағының 3) және 6) тармақшаларында, сондай-ақ  18-бабының  3-тармағында көзделген шарттармен танысты және әскери қызметi зиянды және қауiптi жағдайлары туралы, сондай-ақ әскери (арнаулы) оқу орнында оқуға және келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет міндеттерiн атқаруға байланысты құқықтардың шектелуi мен материалдық жауапкершiлiк туралы ескертілдi.
      2. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын адам өз еркімен мыналарға міндеттеме бередi:
      1) әскери (арнаулы) оқу орнын бітiргеннен және оған алғашқы офицер атағы берiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi офицерлiк құрамының лауазымдарында заңнамада және осы келiсiм-шартта белгiленген жағдайларда күнтiзбелiк есеппен он жыл қызмет өткеруге;
      2) Қазақстан Республикасының Конституциясын және қолданылып жүрген заңнамасын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің жарғыларын сақтауға;
      3) әскери тәртiп пен қызметтiк этика нормаларын сақтауға;
      4) келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жатқан әскери қызметшiлер үшiн қолданылып жүрген заңнамамен белгiленген шектеулердi қабылдауға;
      5) қызмет процесiнде мемлекеттiк мүлiкке зиян келтiруге жол бермеуге;
      6) келiсiм-шартпен белгiленген әскери қызмет мiндеттерiн адал орындауға;
      7) командирлердің (бастықтардың) және өзге де лауазымды адамдардың оларға өкілеттiлiктер шегінде берiлген бұйрықтары мен өкімдерін орындауға;
      8) оған сенiп тапсырылған мемлекеттiк, әскери, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәлiметтердi, соның iшiнде әскери қызметтi тоқтатқаннан кейiн де Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген уақыт iшiнде жарияламауға;
      9) адамдардың өмiрi мен денсаулығына және мүлiктiң сақталуына қауiп төндiретiн жағдайдың туындағаны туралы қолбасшылыққа хабарлауға.
      3. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын адамның мыналарға құқығы бар:
      1) Заңмен көзделген шектеулердi ескере отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңнамасымен кепiлдiк берілетін құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;
      2) жеке ар-ожданының құрметтелуiне, өзiне командирлер (бастықтар) және өзге де лауазымды адамдар тарапынан әдiл және құрметпен қаралуына;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген нормалар бойынша және тәртiппен мемлекет есебiнен ақшалай және заттай үлеспен қамтамасыз етiлуге;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақымен, сақтандырумен қамсыздандырылуға, әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға;
      5) бiлiктiлiгiн, қабiлетiн, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал атқаруын ескере отырып, қызмет бабында жоғарылатылуға;
      6) негiзсiз айыптаулар болған кезде қызметтiк тексерудi талап етуге;
      7) өмiрi мен денсаулығының қорғалуына;
      8) Заңда және Әскери (арнаулы) оқу орындары курсанттарының (тыңдаушыларының) келiсiм-шарт бойынша әскери қызметi туралы ережеде көзделген жағдайларда уәкілеттi мемлекеттік органмен келiсiм-шартты ұзартуға, өзгертуге және бұзуға;
      9) техника қауiпсiздiгi мен гигиена талаптарына жауап беретiн жұмыс жағдайларына;
      10) демалуға;
      11) әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде өмiрi мен денсаулығына немесе жеке мүлкiне келтiрiлген зиянды өндiрiп алуға;
      12) қызметтiк мiндеттерiн атқаруға байланысты туындаған дауларды тараптардың келiсiмi бойынша немесе сот тәртiбiмен шешуге;
      13) уәкiлеттi мемлекеттiк органнан келісім-шартта тарапты білдiретiн лауазымды адамның өкілеттiктерiн растауды талап етуге;
      14) өзiнің кәсiби бiлiктілігiн арттыруға;
      15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үйге;
      16) қолданылып жүрген заңнамада көзделген басқа да кепілдіктер мен өтемақыларды алуға.
      4. ________________________________________________________
           (уәкiлеттi мемлекеттiк органның атауы)

әскери (арнаулы) оқу орнында оқу мерзiмiне және бiр мезгiлде әскери (арнаулы) оқу орнын бiтiргеннен кейiн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде офицерлiк құрамның лауазымдарында күнтiзбелiк есеппен он жылға әскери қызметiн өткеру туралы келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын адам _______________________________
                                    (тегі, аты, әкесiнiң аты)

қабылдай отырып:
      1) оқу бағдарламасын толық меңгерген кезде әскери (арнаулы) оқу орнында әскери бiлім және офицерлiк құрамның алғашқы әскери атағын бере отырып, тиiстi бiлiктiлiк алуды қамтамасыз етедi;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына және келiсiм-шартқа сәйкес әскери қызметтің тиесiлi деңгейiн қамтамасыз етедi;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыруды қамтамасыз етедi;
      4) әскери қызметшiнi Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген нормалар бойынша және тәртiппен ақшалай және заттай үлестің барлық түрлерiмен, сондай-ақ олардың әскери қызмет мiндеттерiн атқаруы үшiн қажеттi құралдармен және материалдармен қамтамасыз етедi;
      5) осы келiсiм-шартты жасасқан кезде келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын адамды Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерiмен айқындалған лауазымдық мiндеттерiмен және әскери қызметтi өткеру шарттарымен таныстырады;
      6) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесімдерінде көзделген тәртiппен және жағдайларда әскери қызметшiнiң әскери қызмет міндеттерiн атқару кезінде өмiрi мен денсаулығына немесе жеке мүлкіне келтiрiлген зиянның орнын толтыруды қамтамасыз етедi;
      7) келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын адамды әскери қызметтің зиянды және қауiптi жағдайлары және кәсiптік науқастың болу мүмкiндiгі туралы, сондай-ақ әскери қызмет мiндеттерiн атқаруға байланысты құқықтарының шектеулерi туралы ескертедi;
      8) әскери қызметшiнi келiсiм-шартта көзделген лауазымға тағайындау туралы бұйрық шығарады.
       5. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган лауазымды адамының мыналарға құқығы бap:
      1) Заңмен және Әскери (арнаулы) оқу орындары курсанттарының (тыңдаушыларының) әскери қызметi туралы ережемен белгiленген жағдайларда келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын (қабылданған) адаммен келiсiм-шартты жасасуға, ұзартуға, өзгертуге, бұзуға және тоқтатуға;
      2) келiсiм-шартты жасасу кезiнде әскери қызметке қабылданатын адамнан Заңның 16-бабында көзделген құжаттарды ұсынуын талап етуге;
      3) өз өкiлеттілiктерi шегiнде бұйрықтар шығаруға;
      4) әскери қызметшiлердi Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғыларымен белгiленген тәртіппен ынталандыруға, оларға тәртіптiк жазалар қолдануға.
      6. Келiсiм-шарт оған екi тарап қол қойған күннен бастап күшiне енедi және ол жасалған мерзiм аяқталған соң немесе бұзуға байланысты өзінің қолданылуын тоқтатады.
      Курсанттардың келiсiм-шарт бойынша әскери қызметiнiң басталуы келiсiм-шартта және әскери (арнаулы) оқу орнына қабылдау туралы бұйрықта көрсетiлген күн болып саналады.
      7. Әскери қызметшi әскери (арнаулы) оқу орнын аяқтағаннан кейiн әскери қызметтi өткеруден бас тартқан немесе өз бастамасы бойынша келiсiм-шартты бұзған жағдайда ол мемлекетке өзiн оқытуға жұмсалған бюджет қаражатының орнын толтырады. Ұстауға жататын сома келiсiм-шарттың мерзiмi аяқталғанға дейiн толық тыңдалмаған әр айына тепе-тең есептеледi.
      8. Әскерге шақыру жасына жеткен курсанттың тәртiпсiздiгi бойынша шығарылған жағдайда, егер ол әскери (арнаулы) оқу орнына түскенге дейiн мерзiмдi қызметтің белгіленген мерзiмiн өткермеген болса, онда ол мерзiмді әскери қызметтi өткеру үшiн әскери бөлiмге жiберiледi. Бұл жағдайда әскери (арнаулы) оқу орнында оқыған уақыты мерзімдi әскери қызметтiң мерзiмiне саналмайды.
      9. Келiсiм-шарттың талаптары тараптардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады, тараптардың даулары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шешiледi.
      10. Келiсiм-шарт екi данада жасалды, бiр данасы келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылданған адамға берiледi.
      11. Қосымша талаптар ______________________________________

      ___________________________    ____________________________
    (келiсiм-шарт бойынша әскери   (уәкiлеттi мемлекеттiк органның

      ___________________________    ____________________________
    қызметке қабылданатын адамның    лауазымды адамының тегi, аты,
     тегi, аты, әкесiнің аты)             әкесiнiң аты)

      ___________________________    ____________________________
             (өз қолы)                      (өз қолы)

                                     М.О.

       200 __ ж. "__"________          200__ ж. "__"_______

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.