Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы Қоныс аудару процесiн реттеу мен қоныс аударушылардың құқықтарын қорғау туралы 1998 жылғы 6 шiлдедегi келiсiмдi iске асыру тәртiбі туралы Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегi агенттiгi мен Ресей Федерациясының Iшкi iстер министрлiгi арасындағы хаттамаға қол қою туралы

Актінің түрі
Хаттама
Қаулы
Қабылдау күні
22.12.2003
Өзгерту күні
29.05.2007
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі)

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Қоныс аудару процесiн реттеу мен қоныс аударушылардың құқықтарын қорғау туралы 1998 жылғы 6 шiлдедегi  келiсiмдi iске асыру тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөнiндегi агенттiгi мен Ресей Федерациясының Iшкi iстер министрлiгi арасындағы хаттамаға қол қоюға келiсiм берілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Mинистрі

  Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей
Федерациясының Үкiметi арасындағы Қоныс аудару
процесiн реттеу мен қоныс аударушылардың құқықтарын
қорғау туралы 1998 жылғы 6 шiлдедегi келiсiмдi іске
асыру тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының
Көші-қон және демография жөнiндегi агенттiгi мен
Ресей Федерациясының Iшкi істер министрлігі арасындағы
Хаттама

      Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы Қоныс аудару процесiн реттеу мен қоныс аударушылардың құқықтарын қорғау туралы 1998 жылғы 6 шiлдеде Мәскеу қаласында қол қойылған келiсiмдi (бұдан әрi - Келiсiм) iске асыру тәртiбiн айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттігi мен Ресей Федерациясының Iшкi iстер министрлiгi (бұдан әрi - уәкiлеттi органдар) Келiсiмнiң 13-бабына сәйкес оны iске асыруға уәкiлеттi бола отырып, төмендегiлер туралы келiстi:

  1-бап

      Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына қоныс аударғысы келетiн Қазақстан Республикасының азаматтары немесе Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына қоныс аударғысы келетiн Ресей федерациясының азаматтары Келiсiмде айқындалған шарттар негiзiнде, осы Хаттамаға 1-қосымшаға сәйкес белгiленген нысан бойынша тиiсiнше:
      а) Қазақстан Республикасының азаматтары - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшiлiгіне немесе Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттігiне;
      б) Ресей Федерациясының азаматтары - Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы елшiлiгiне немесе Ресей Федерациясының Iшкi iстер министрлiгiне өтiнiш (бұдан әрi - өтiнiш) бередi.

  2-бап

      Келетiн мемлекеттiң уәкiлеттi органы немесе елшiлiгi тiркеудi және өтiнiштiң Келiсiм шарттарына сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асырады және оны кететiн мемлекеттiң уәкiлеттi органына келiсуге жiбередi.

  3-бап

      1. Кететiн мемлекеттiң уәкiлеттi органы өтiнiштi қарайды, кетуге кедергi болатын жағдаяттардың бар немесе жоқ екендiгi туралы өтiнiшке белгі қояды және оны келетiн мемлекеттiң уәкiлеттi органына немесе елшiлiгiне жiбереді.
      2. Кетуге кедергi келтiретiн жағдаяттар болмаған жағдайда келетiн мемлекеттiң уәкiлеттi органы немесе елшiлiгi өтiнiш берген адамға осы Хаттамаға 2-қосымшаға сәйкес белгiленген үлгiде (қоныс аударуға) рұқсат бередi.
      3. Көшуге (қоныс аударуға) рұқсат беруден бас тартуды алған адам кетуiне кедергi болатын жағдаяттардың күшi тоқтатылғаннан кейiн қайтадан өтiнiш беруiне болады.
      4. Уәкiлеттi органдар көшуге (қоныс аударуға) рұқсат алған адамдар туралы әрбiр жарты жыл сайын ақпарат алмасуды жүзеге асырады.

  4-бап

      1. Кететiн мемлекеттiң уәкiлеттi органында өтiнiштi қарау мерзiмi бiр айдан аспауға тиiс.
      2. Өтінiште көрсетiлген жағдаяттарды қосымша тексеру қажет болған кезде бұл мерзiм ұзартылуы мүмкiн, бiрақ бiр айдан аспауға тиiс.
      3. Өтінiштi қарау мерзiмi ұзартылған жағдайда кететiн мемлекеттiң уәкiлеттi органы бұл туралы келетiн мемлекеттiң уәкiлеттi органына немесе елшiлiгiне хабарлайды.

  5-бап

      1. Көшуге (қоныс аударуға) рұқсат Келiсiмге сәйкес адамның тұрақты тұруға қоныс аударуын растайтын және қоныс аударушы мәртебесiн растайтын құжат болып табылады.
      2. Көшуге (қоныс аударуға) рұқсат берiлген күнiнен бастап бiр жыл бойы жарамды болып табылады.
      3. Уәкiлеттi орган қоныс аударуға рұқсат алған адамға осы Хаттамаға 3-қосымшаға сәйкес қоныс аударушы мәртебесiн растайтын белгiленген үлгiде куәлiк бередi.

  6-бап

      Уәкiлеттi органдар көшуге (қоныс аударуға) рұқсат беруiне байланысты өзара қаржылық есеп айырысуды жүргiзбейді.

  7-бап

      Көшуге (қоныс аударуға) рұқсат алған адам Келiсiмде көзделген құқықтар мен жеңiлдiктердi пайдалана алады.

  8-бап

      Келiсiмдi iске асыруға байланысты және осы Хаттамада көзделмеген мәселелердi уәкiлеттi органдар өзара консультациялар арқылы шешедi.

  9-бап

      Осы Хаттаманың ережелерiн қолдануға және түсiндiруге байланысты дауларды уәкілеттi органдар консультациялар мен келiссөздер арқылы шешедi.

  10-бап

      Осы Хаттамаға өзгерiстер мен толықтырулар уәкілеттi органдардың өзара келiсiмi бойынша енгiзiледi және осы Хаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын хаттамалармен ресiмделеді.

  11-бап

      1. Осы Хаттама қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
      2. Осы Хаттама Келiсiм қолданылатын мерзiм iшiнде әрекет етедi.
      3. Келiсiмнiң қолданылуы тоқтатылған жағдайда қоныс аударушы мәртебесiн растайтын құжат, оның мерзiмi аяқталғанға дейiн жарамды болады.
      2003 жылғы "__"________ ______ қаласында екi данада, әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде жасалды, оның үстiне екi мәтiннiң бiрдей күшi бар. Осы Хаттаманың ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтінге жүгiнетiн болады.

      Қазақстан Республикасының          Ресей Федерациясының
      Көшi-қон және демография           Iшкi істер министрлiгi
      жөнiндегi агенттiгi үшін           үшiн

Қазақстан Республикасының Yкiметi   
мен Ресей Федерациясының Yкiметi   
арасындағы Қоныс аудару процесiн    
реттеу мен қоныс аударушылардың    
құқықтарын қорғау туралы       
1998 жылғы 6 шiлдедегi келiсiмдi   
iске асыру тәртiбi туралы      
Қазақстан Республикасының      
Көшi-қон және демография жөнiндегi  
агенттiгi мен Ресей Федерациясының  
Iшкi iстер министрлiгi арасындағы   
хаттамаға              
1-қосымша              

Қазақстан Республикасының     
Ресей Федерациясындағы      
Елшiлiгi/            
Ресей Федерациясының       
Қазақстан Республикасындағы   
Елшiлiгi            

ӨТІНІШ

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Қоныс аудару процесiн реттеу мен қоныс аударушылардың құқықтарын қорғау туралы 1998 жылғы 6 шiлдедегi келiсiмге сәйкес маған және менiң отбасымның мүшелерiне Қазақстан Республикасының/Ресей Федерациясының аумағына көшуге (қоныс аударуға) рұқсат беруiңiздi сұраймын
      Өзiм туралы мыналарды хабарлаймын:
1. Тегi, аты, әкесiнiң аты ________________________________________
(Eгep бұрын тегi, аты, әкесiнiң аты басқа болған болса, оларды көрсету керек)
___________________________________________________________________
2. Туған күнi, ____________________________________________________
3. Туған жерi _____________________________________________________
4. Азаматтығы _____________________________________________________
5. Паспорты немесе жеке басын куәландыратын өзге құжаты (атауы,
сериясы, нөмiрi, қашан және кiм берген)____________________________
6. Бiлiмi _________________________________________________________
      оқу орнының атауы, бiтiрген күнi, дипломы бойынша мамандығы
7. Кәсiбi _________________________________________________________
8. Жұмыс орны _____________________________________________________
                            ұйымның атауы, лауазымы
9. Отбасылық жағдайы ______________________________________________
10. Отбасы құрамы ____ адам _______________________________________
11. Менiмен бiрге қоныс аударуға ниеттенген отбасы мүшелерi туралы мәлiмет:
___________________________________________________________________
р/с | Тегi, аты, | Туыс. | Туған | Ұлты |  Бiлiмi   | Жұмыс орны,
N   | әкесiнiң   | тық   |  күнi |      | (кәсібі,  |  лауазымы
     |   аты      | дәре. | және  |      | мамандығы)| (соңғы 5 жыл)
     |            | жесі* | туған |      |           |
     |            |       | жері  |      |           |
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      * - туыстық дәрежесi өтiнiш берген адамға қатысты көрсетiледi.

12. Соңғы тұрғылықты жерiндегi мекен-жайы _________________________
___________________________________________________________________
13. Сiздiң отбасыңыздың мүшелерiнен кiм бұрынғы мекен-жайда тұрып қалғысы келедi:
___________________________________________________________________
14. Отбасы мүшелерiнiң бәрi 12-тармақта көрсетiлген мекен-жайда тұра ма __________ (иә/жоқ), Егер "жоқ" болса, отбасы мүшелерiнен кiм және қандай өзге мекен-жайда тұратынын көрсетiңiз
___________________________________________________________________
15. Сiздiң отбасының 16 жасқа жеткен мүшелерiнiң паспорты бар __________ ма (иә/жоқ). Егер "жоқ" болса, кiмнiң паспорты жоқ және қандай себептерге байланысты жоқ екенiн көрсетiңiз
___________________________________________________________________
16. Сiзге және/немесе Сiздiң отбасыңызға бұрын қандай да бiр көші-қонушы мәртебесi берiлдi ме __________ (иә/жоқ).
Егер "иә" болса кiмге қатысты, қандай мәртебе, қай мемлекетте, қашан берiлгенiн және қазiргi кезде сол мәртебенiң сақталған-сақталмағанын көрсетiңiз
___________________________________________________________________
17. Сiзге және/немесе Сiздiң отбасыңыздың мүшелерiне Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына/Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына көшуге (қоныс аударуға) рұқсат берiлдi __________ ме(иә/жоқ).
Егер "иә" болса, кiмге, қашан берiлгенiн көрсетiңiз және ол рұқсат қазiргi кезде жарамды ма
___________________________________________________________________
18. Сiз және/немесе Сiздiң отбасыңыздың мүшелерi орыс/қазақ тiлiн бiле ме __________ (иә/жоқ).
19. Сiздiң және/немесе Сiздiң отбасы мүшелерiнiң мүгедектiгi бар ма __________ (иә/жоқ).
Егер "иә" болса, кiм және қай топта екенiн көрсетiңiз _____________
20. Сiз және/немесе Сiздiң отбасыңыздың мүшелерi шақыру бойынша және/немесе келiсiм-шарт бойынша кететiн мемлекетте әскери қызметте бар ма __________ (иә/жоқ).
21. Сiзге және/немесе Сiздiң отбасыңыздың мүшелерiне Ресей Федерациясынан/Қазақстан Республикасынан кетуге мүмкiндiк бермейтiн жағдаяттар бар ма __________ (иә/жоқ).
Егер "иә" болса, түсiндiрiңiз _____________________________________
___________________________________________________________________
22. Сiз және/немесе Сiздiң отбасыңыздың мүшелерi қылмыстық жауаптылыққа тартылды ма __________ (иә/жоқ) ______________________
23. Сiздiң және/немесе Сiздiң отбасы мүшелерiнiң Қазақстан Республикасында/Ресей Федерациясында тұрақты тұратын туыстары бар ма __________ (иә/жоқ). Егер "иә" болса, туыстық дәрежесiн және олардың тұратын мекен-жайын көрсетiңiз ____________________________
___________________________________________________________________
24. Қоныстану ұйғарылып отырған жер (мекен-жай көрсетiлсiн) _______
25. Сiздiң балаларыңыздан кiм және қандай алдын ала егуден өткен __
___________________________________________________________________
26. Хабарлау қажет деп есептейтiн қосымша мәлiметтер ______________
___________________________________________________________________

      Маған және менiң отбасымның кәмелетке толған мүшелерiне көшуге (қоныс аударуға) рұқсат алуға негiз болатын жалған мәлiметтер беру Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Қоныс аудару процесiн реттеу және қоныс аударушылардың құқықтарын қорғау туралы 1998 жылғы 6 шiлдедегi келiсiмге сәйкес көшу (қоныс аудару) кезiнде маған және менiң отбасымның мүшелерiне құқықтар мен жеңiлдiктер беруден бас тартуға әкеп соғатыны белгiлi.
      Өтiнiш берушінiң және отбасының онымен бiрге қоныс аударуға ниеттенген кәмелетке толған мүшелерiнiң қолы (тегi, аты-жөнi және паспорт деректерi көрсетiлсiн)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
                  (өтiнiштiң толтырылған күнi)

Өтiнiштiң тiркелген күнi _______ж. "___"_____________

      (лауазымы және қолы)

      Көшуге (қоныс аударуға) рұқсат беру мәселесi бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшiлiгінiң/Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшiлiгiнiң қорытындысы
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      M.O.                       (лауазымы және қолы)

      Қазақстан Республикасы Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгiнiң / Ресей Федерациясы Iшкi iстер министрлiгінiң кетуге кедергi болатын жағдаяттардың бар немесе жоқ екендігі туралы қорытындысы.
      Көшуге (қоныс аударуға) рұқсат беруден бас тартуға негiздер:
      а) жоқ ______________________________________________________
      б) бар (көрсетілсін) ________________________________________

      "_____" _____________ (лауазымы және қолы)
      Көшуге рұқсат берілді N ____ __________________

      (лауазымы және қолы)
      М.О.

Қазақстан Республикасының Yкiметi   
мен Ресей Федерациясының Yкiметi   
арасындағы Қоныс аудару процесiн    
реттеу мен қоныс аударушылардың    
құқықтарын қорғау туралы       
1998 жылғы 6 шiлдедегi келiсiмдi   
iске асыру тәртiбi туралы      
Қазақстан Республикасының      
Көшi-қон және демография жөнiндегi  
агенттiгi мен Ресей Федерациясының  
Iшкi iстер министрлiгi арасындағы   
хаттамаға              
2-қосымша              

Ресей Федерациясынан/Қазақстан Республикасынан
Қазақстан Республикасына/Ресей Федерациясына
көшуге (қоныс аударуға) рұқсат
N

      Тегі
      Аты
      Әкесінің аты
      Туған күні,
      Азаматтығы

       Қоныс аударушымен келетін отбасы мүшелері туралы мәлімет
___________________________________________________________________
   | Тегі, аты, әкесінің аты |   Туған күні  |  Туыстық дәрежесі
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Осы құжатты көрсетушi, көшуге (қоныс аударуға) рұқсат алған адам және оның отбасы мүшелерi қоныс аударушылар болып табылады, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Қоныс аудару процесiн реттеу және қоныс аударушылардың құқықтарын қорғау туралы 1998 жылғы 6 шiлдедегi келiсiмде көзделген құқықтарды пайдаланады және мiндеттердi мойнына алады.

      Қазақстан Республикасы
      Көші қон және демография
      жөніндегі агенттігінің/
      Ресей Федерациясы                     ___ ж. "__" ________ N
      Ішкі істер министрлігінің             қорытындысы негізінде

      Қазақстан Республикасының
      Ресей Федерациясындағы
      елшілігі/
      Ресей Федерациясының
      Қазақстан Республикасындағы
      елшілігі                              ___ ж. "__" ____ берді

      200__ж. берiлген сериясы ______ N__
      паспорт көрсетiлген кезде
      __ ж. "__"______ дейiн жарамды             (органның атауы)

      M.O. __________                       __________________
             (қолы)                          (лауазымы, т.а.ә)

Қазақстан Республикасының Yкiметi   
мен Ресей Федерациясының Yкiметi   
арасындағы Қоныс аудару процесiн    
реттеу мен қоныс аударушылардың    
құқықтарын қорғау туралы       
1998 жылғы 6 шiлдедегi келiсiмдi   
iске асыру тәртiбi туралы      
Қазақстан Республикасының      
Көшi-қон және демография жөнiндегi  
агенттiгi мен Ресей Федерациясының  
Iшкi iстер министрлiгi арасындағы   
хаттамаға              
3-қосымша              

Тегі ____________________________
Аты-жөні_________________________
Әкесінің аты_____________________

Туған күні және жері_____________

Сурет     Тіркеу N _________ 
      орны                         

Қоныс аударушының  
қолы ____________  

1998 жылғы 6 шілдедегі
    Келісімге сәйкес
   оның қоныс аударушы          Қоныс аударушының отбасы мүшелері:
   екенін куәландырады         ____________________________________
                                тегі, аты, | Туыстық   | Туған күні
                                әкесінің   |  дәрежесі |   мен
негізі:                         аты        |           |   жылы
___________________            ____________________________________
___________________            ____________________________________
                               ____________________________________
                               ____________________________________
Куәліктің берілген
күні мен орын
200__ж. "__"________
____________________

Аумақтық көші-қон және
демография жөніндегі
басқарманың бастығы
______________________

      М.О.

Қазақстан Республикасының     
Көші-қон және демография     
жөніндегі агенттігі       

Қоныс аударушының        
куәлігі

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.