Маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттiк сатып алу туралы

Актінің түрі
Тізбе
Қаулы
Қабылдау күні
19.01.2005
Өзгерту күні
19.01.2005
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі)

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар ормандарды молықтыру және оларды өрттерден қорғау, орман қорын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, орман өсiмдiктерiнiң тектiк қорын сақтау, сондай-ақ киiктердi, тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және құрып бара жатқан түрлерiн сақтау, қалпына келтiру және олардың санын есепке алу, балық ресурстарының өсiмiн молайту, балық ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, балықтардың сирек кездесетiн және бағалы түрлерiнiң тектiк қорын сақтау және олардың табиғи мекендеу орындарында санын көбейту үшiн сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар жұмыстарды берушi және қызметтер көрсетушi болып белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      осы қаулыға қосымшада көрсетiлген заңды тұлғалармен 2005 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен шарттар жасалуын;
      осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын бөлiнген ақша қаражатының оңтайлы және тиiмдi пайдаланылуын сақталуын;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдануын қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                           Қазақстан Республикасы
                                                  Үкiметiнiң
                                          2005 жылғы 19 қаңтардағы
                                                N 31 қаулысына
                                                   қосымша

       Ормандарды молықтыру және оларды өрттерден қорғау,
    орман қорын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, орман
   өсімдiктерiнiң тектiк қорын caқтау, сондай-ақ киiктердi,
   тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және құрып
     бара жатқан түрлерiн сақтау, қалпына келтiру және
    олардың санын есепке алу, балық ресурстарының өсiмiн
       молайту, балық ресурстарын ұтымды пайдалануды
      қамтамасыз ету, балықтардың сирек кездесетiн және
     бағалы түрлерiнiң тектiк қорын сақтау және олардың
     табиғи мекендеу орындарында санын көбейту үшiн сатып
       алудың маңызды стратегиялық мәнi бар жұмыстарды
       берушiлер мен қызметтердi көрсетушілердiң тiзбесi

P/c
N

Жұмыстарды берушi мен
қызметтердi көрсетушiнiң
атауы

Жұмыстарды
берушi мен
қызметтердi
көрсетушiнiң
орналасқан
жерi

Жұмыстар мен
қызметтер-
дiң атауы

1

2

3

4

1.

ҚР AШM Орман және аңшылық
шаруашылығы комитетiнiң "Қазақ
ормандарды авиациялық қорғау
және орман шаруашылығына
қызмет ететiн базасы"
республикалық мемлекеттiк
қазыналық кәсiпорны

Алматы қ.

Орманды
авиациялық
қорғау

2.

ҚР AШM Орман және аңшылық
шаруашылығы комитетiнiң
"Жасыл аймақ" республикалық
мемлекеттiк кәсiпорны

Астана қ.

Астана
қаласының
санитарлық-
қорғаныштық
жасыл
аймағын құру

3.

ҚР АШМ Орман және аңшылық
шаруашылығы комитетiнiң "Орман
шаруашылығын жобалау жөнiндегi
қазақ мемлекеттiк
жобалау-iздестiру институты"
республикалық мемлекеттiк
кәсiпорны

Алматы қ.

Астана қала-
сының сани-
тарлық-қор-
ғаныштық
жасыл айма-
ғын, орман-
дарды өртке
қарсы жай-
ластыруды
жобалау

4.

ҚP AШM Орман және аңшылық
шаруашылығы комитетiнің "Қазақ
орман орналастыру кәсiпорны"
республикалық мемлекеттiк
қазыналық кәсiпорны

Алматы қ.

Орман
орналастыру
жұмыстары

5.

ҚP АШМ Орман және аңшылық
шаруашылығы комитетiнiң
"Алматы орман селекциялық
орталығы" республикалық
мемлекеттiк қазыналық
кәсiпорны

Алматы қ.

Тұрақты ор-
ман тұқымы
базасын
қалыптастыру

6.

ҚР АШМ Орман және аңшылық
шаруашылығы комитетiнiң
"Көкшетау орман селекциялық
орталығы" республикалық мем-
лекеттік қазыналық кәсiпорны

Щучинск қ.

Тұрақты ор-
ман тұқымы
базасын
қалыптастыру

7.

ҚР АШМ Орман және аңшылық
шаруашылығы комитетiнiң
"Охотзоопром" ӨБ"
республикалық мемлекеттiк
қазыналық кәсiпорны

Алматы қ.

Киiктердi,
тұяқты жа-
байы жануар-
лардың сирек
кездесетiн
және құрып
бара жатқан
түрлерiн
сақтау, қал-
пына келтiру
және олардың
санын есепке
алу

8.

ҚР AШM Балық шаруашылығы
комитетiнiң "Орал-Атырау
бекiре балық өсiру зауыты"
республикалық мемлекеттiк
қазыналық кәсiпорны

Атырау
облысы
Зарослый
ауылы

Балық
ресурстарын
молықтыру

9.

ҚР АШМ Балық шаруашылығы
комитетiнiң "Атырау бекiре
балық өсiру зауыты"
республикалық мемлекеттiк
қазыналық кәсiпорны

Атырау
облысы
Еркiнқала
ауылы

Балық
ресурстарын
молықтыру

10.

ҚР АШМ Балық шаруашылығы
комитетiнiң "Майбалық балық
питомнигi" республикалық
мемлекеттік қазыналық
кәсiпорны

Ақмола
облысы
Майбалық
кентi

Балық
ресурстарын
молықтыру

11.

ҚР АШМ Балық шаруашылығы
комитетiнiң "Жоғарғы Тобыл
балық питомнигi" республи-
калық мемлекеттiк қазыналық
кәсiпорны

Лисаковск қ.

Балық
ресурстарын
молықтыру

12.

ҚР АШМ Балық шаруашылығы
комитетiнiң "Петропавл балық
питомнигi" республикалық мем-
лекеттiк қазыналық кәсiпорны

Петропавл қ.

Балық
ресурстарын
молықтыру

13.

ҚР АШМ Ауыл шаруашылығы
министрлiгi Балық шаруашылығы
комитетiнiң "Қарағанды балық
питомнигi" республикалық мем-
лекеттiк қазыналық кәсiпорны

Қарағанды
облысы Жаңа
Солоничка
станциясы

Балық
ресурстарын
молықтыру

14.

ҚР АШМ Балық шаруашылығы
комитетiнiң "Шардара балық
питомнигi" республикалық мем-
лекеттiк қазыналық кәсiпорны

Шардара қ.

Балық
ресурстарын
молықтыру

15.

ҚР АШМ Балық шаруашылығы
комитетiнiң "Қамыстыбас балық
питомнигі" республикалық мем-
лекеттiк қазыналық кәсiпорны

Қызылорда
облысы
Қосжар кентi

Балық
ресурстарын
молықтыру

16.

ҚР АШМ Балық шаруашылығы
комитетiнiң "Қашыр балық
питомнигi" республикалық мем-
лекеттік қазыналық кәсіпорны

Павлодар
облысы Қашыр
ауданы

Балық
ресурстарын
молықтыру

17.

ҚР АШМ Балық шаруашылығы
комитетiнiң "Қазақ өндiрiстiк-
жерсiндiру станциясы"
республикалық мемлекеттiк
қазыналық кәсiпорны

Алматы қ.

Балық
ресурстарын
молықтыру

18.

ҚР АШМ Балық шаруашылығы ко-
митетiнiң "Қапшағай уылдырық
шашу-өсiру шаруашылығы"
республикалық мемлекеттiк
қазыналық кәсiпорны

Алматы
облысы
Шалқар кентi

Балық
ресурстарын
молықтыру

19.

ҚР АШМ Балық шаруашылығы ко-
митетiнiң "Бұқтырма уылдырық
шашу-өсiру шаруашылығы"
республикалық мемлекеттiк
қазыналық кәсiпорны

Шығыс
Қазақстан
облысы
Мальковое
ауылы

Балық
ресурстарын
молықтыру

      Ескерту:
      аббревиатураны ашып жазу:
      ҚР АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.