Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң 2005 жылға арналған номенклатурасын және олардың көлемiн (пайызбен көрсеткенде) бекiту туралы

Актінің түрі
Номенклатура
Қаулы
Қабылдау күні
01.01.1970
Өзгерту күні
11.08.2005
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі)

      "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңының  8-бабының  2-2-тармағына және "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  27-бабының  2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң 2005 жылға арналған номенклатурасы және олардың көлемi (пайызбен көрсеткенде) бекiтiлсiн.

      2. Конкурстарды ұйымдастырушылар осы қаулыға қосымшада санамаланған тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi мемлекеттiк сатып алу кезiнде заңнамада белгiленген тәртiппен шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен осы тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алудың жалпы көлемiнiң кемiнде 25 пайызы көлемiнде мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жариялағаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      мiндетiн атқарушы

Қазақстан Республикасы   
Yкіметiнiң          
2005 жылғы 11 тамыздағы   
N 828 қаулысымен       
бекiтілген          

  Шағын кәсiпкерлік субъектiлерiнен мемлекеттік сатып алу жүзеге
асырылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң
2005 жылға арналған номенклатурасы

      1. Азық-түлiк тауарлары:
      1) ұн, оның iшiнде фортификацияланған бидай ұны;
      2) нан, нан-тоқаш өнiмдерi, оның iшiнде фортификацияланған бидай ұнынан жасалған;
      3) макарон өнiмдерi;
      4) жармалар;
      5) сүт, кiлегей;
      6) сары май және өсiмдiк тоң майы;
      7) ашытылған сүт өнiмдерi;
      8) ет (жас, консервіленген), ет өнiмдерi;
      9) шұжық өнiмдерi;
      10) балықтан жасалған өнiмдер (жас, жас мұздатылған, ысталған);
      11) алкогольсiз сусындар, шырындар;
      12) кондитерлік тағамдар;
      13) жұмыртқа;
      14) табиғи бал;
      15) балалар тағамы;
      16) көкөнiстер, жемiстер (консервіленген), картоп;
      17) қант (құмшекер, шақпақ, кесек);
      18) тұз, оның iшiнде йодталған ас тұзы;
      19) тауықтар (тауықтың саны);
      20) кептiрілген жемiстер;
      21) ашытқылар;
      22) томат пастасы;
      23) тұздықтар;
      24) ауыл шаруашылығы шикiзаты;
      25) теңiз өнiмдерi, балықтан және теңiз өнiмдерiнен жасалған консервілер;
      26) ірімшік (қатты, жұмсақ тұздалған);
      27) татымды заттар және дәмдеуiштер;
      28) сорпа концентраттары;
      29) саңырауқұлақтар;
      30) бақша және жабайы жидектер;

      2. Азық-түлiктiк емес тауарлар:
      1) Үлбiрден (табиғи, жасанды) тiгiлген киiмдер және оның керек-жарақтары, үлбiр бас киiмдер;
      2) әскерилендiрілген құрамаларға арналған арнайы киiм-кешектi қоспағанда, трикотаж өнеркәсiбiнiң өнiмi;
      3) әскерилендiрiлген құрамаларға арналған арнайы киiм-кешектi қоспағанда, тiгiн бұйымдары;
      4) аяқ киiм;
      5) аяқ киiм майы;
      6) тұрмыстық, мектеп және офис жиһазы;
      7) құрылыс материалдары:
      тұсқағаз қағазы (тұсқағаздар) және басқа да қабырға жабындары;
      едендерге төселетiн, пештердi қаптайтын тақталар;
      кiрпiш;
      цемент;
      құм;
      кесiлген ағаш материалдары;
      ағаш бұйымдары;
      шыны пакеттер;
      санфаянс;
      пенопласт тақталар;
      пластмассадан жасалған құрылыс бөлшектерi (есiктер, табалдырықтар, терезелер, рамалар, терезе қақпақтары);
      табиғи тастан жасалған қаптама материалдар мен бұйымдар, толтырғыштар, табиғи тастан жасалған жолға төсейтiн материалдар (қиыршық тастар, ұсақ тастар);
      полиэтилен құбырлар;
      жылу оқшаулағыш материалдар;
      лак-бояу бұйымдары;
      линолеум және басқа да еденге төсеуге арналған полимер материалдар;
      шегелер;
      8) алюминийден, резеңкеден жасалған бұйымдар;
      9) кабель өнiмдерi;
      10) жууға арналған заттар;
      11) ағаштан, қыштан (фарфор, фаянс) жасалған бұйымдар;
      12) музыкалық аспаптар;
      13) медициналық мақсаттағы бұйымдар және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы заттар;
      14) су шашатын жабдық;
      15) кеңсе тауарлары;
      16) дәрілiк препараттарды өндiруге арналған минералдық шикiзат;
      17) тоқыма шикiзаты;
      18) отын (көмiр, мазут, ағаш);
      19) жер бетiндегi органикалық заттар;
      20) көшiру-көбейту және ұйымдастыру техникасы, жинақтауыштар;
      21) ұйымдастыру техникасына қосалқы бөлшектер (бағдарламалық қамтамасыз ету);
      22) қой терiсiнен жасалған бұйымдар;
      23) қаракөл, қаракөл терiсiнен жасалған бұйымдар;
      24) киiзден жасалған бұйымдар;
      25) шыныдан жасалған тұрмыстық бұйымдар;
      26) пластмассадан жасалған тұрмыстық бұйымдар;
      27) қолөнер бұйымдары;
      28) машина жасау және басқа да өнеркәсiп кәсiпорындарына арналған жинақтауыш бұйымдар мен материалдар;
      29) бак, бақша аспаптары;
      30) былғарыдан жасалған бұйымдар;
      31) спорт тауарлары;
      32) бақылау-касса машиналар, дыбыс және бейне техникасы;

      3. Жұмыстар мен қызметтер:
      1) жөндеу-құрылыс жұмыстары;
      2) автомобиль техникасын жөндеу;
      3) полиграфиялық;
      4) көлiктiк-экспедициялық;
      5) күрделi тұрмыстық техниканы жөндеу;
      6) ғұрыптық;
      7) заңдық;
      8) қоғамдық тамақтандыру қызметi;
      9) делдалдық, оның iшiнде жанар-жағармай материалдарын сақтау мен сату жөнiндегi;
      10) тұрғын үй-коммуналдық;
      11) тұрмыстық (монша-кiр жуу, химиялық тазалау);
      12) Интернет-провайдер қызметi;
      13) көшiру-көбейту және ұйымдастыру техникасын жеткiзiп беру және оларға қызмет көрсету жөнiндегi қызметтер;
      14) шаштараз;
      15) киiмдер, арнаулы киiмдер тiгу және жөндеу;
      16) суретке түсiру қызметтерi;
      17) белгiлер, медальдар, марапаттау кубоктары, вымпелдер, тулар жасау;
      18) туризм;
      19) жалға беру қызметтерi;
      20) аяқ киiм жөндеу;
      21) былғары, пластмасса және металл галантереяны жөндеу;
      22) балалар мен мектеп мекемелерi үшiн тамақ өнiмдерiн жеткiзiп беру;
      23) жарнамалық-ақпараттық, баспалық қызметтер;
      24) аударма iсi қызметi;
      25) мөртабан-мөр және жiбек жазба;
      26) эстетикалық қызметтер (визаж, косметологтардың қызметтерi мен консультациялары).

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.