Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құратын, тауарлар өндіретін және қызметтер көрсететін ұйымдардан конкурсты ұйымдастырушылар сатып алатын тауарлар мен қызметтердің 2006 жылға арналған номенклатурасы мен олардың көлемі (пайызбен көрсеткенде) туралы

Актінің түрі
Номенклатура
Қаулы
Қабылдау күні
01.01.2006
Өзгерту күні
15.12.2005
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі)

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  27-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құратын, тауарлар өндіретін және қызметтер көрсететін ұйымдардан конкурсты ұйымдастырушылар сатып алатын тауарлар мен қызметтердің 2006 жылға арналған номенклатурасы бекітілсін.

      2. Конкурсты ұйымдастырушылар номенклатурада көзделген тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құратын, тауарлар өндіретін және қызметтер көрсететін ұйымдардан мемлекеттік сатып алуды заңнамада белгіленген тәртіппен осы тауарлар мен қызметтерді сатып алудың жалпы көлемінің кемінде 30 (отыз) пайызы көлемінде жүзеге асырсын.

      3. Осы Қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы     
Үкіметінің           
2005 жылғы 15 желтоқсандағы  
N 1252 қаулысымен      
бекітілген           

  Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері
құратын, тауарлар өндіретін және қызметтер көрсететін
ұйымдардан конкурсты ұйымдастырушылар сатып алатын тауарлар
мен қызметтердің 2006 жылға арналған номенклатурасы

      1. Азық-түлік тауарлары:
      1) макарон өнімдері.
      2. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар:
      1) тігін бұйымдары;
      2) тоқыма бұйымдары;
      3) арнайы киім;
      4) үлбірден тігілген киім және оның керек-жарақтары, үлбірден тігілген бас киімдер;
      5) төсек-орын керек-жарақтары.
      3. Электротехникалық бұйымдар:
      1) электр патрондары;
      2) ТКБД датчигі (температуралық камералық биметалдық датчик реле);
      3) электр ажыратқыштар;
      4) электромагниттік іске қосқыш;
      5) электророзеткалар;
      6) ұзартқыштар.
      4. Көлік құралдары, ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторлар
үшін қосалқы бөлшектер:
      1) сүзгіштер;
      2) электр сымдары;
      3) шөткелер.
      5. Пластмассадан, металдан жасалған бұйымдар:
      1) легендер;
      2) шелектер;
      3) ожаулар;
      4) қоқысқа арналған қалақшалар;
      5) қыстырғыштар;
      6) түймелер;
      7) киім ілгіштер;
      8) карниздер;
      9) сызғыштар;
      10) шахматтар;
      11) үлестіру қораптары;
      12) электр энергиясын есептеу құралдарына арналған қаптамалар мен тұрқылар;
      13) құжаттар тігілетін папкаларға арналған құлыптар;
      14) метиздер;
      15) мал байлайтын шынжырлар;
      16) малдарға арналған биркалар;
      17) рабица торкөзі.
      6. Тұрмыстық, мектепке арналған, кеңсе жиһазы.
      7. Кеңсе тауарлары.
      8. Құрылыс материалдары:
      1) тротуар тақтасы;
      2) ағаш бұйымдары;
      3) шегелер;
      4) металл черепица.
      9. Қылқалам-шөтке бұйымдары.
      10. Тығындау бұйымдары.
      11. Қатырма қағаз бұйымдары.
      12. Көрсетілетін қызметтер:
      1) аяқ киім тігу және жөндеу;
      2) полиграфиялық;
      3) ғұрыптық;
      4) жарнама-ақпарат, баспа қызметтері;
      5) күрделі тұрмыстық техниканы жөндеу.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.