"Қазақстан Республикасының кейбiр конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы жүйесiн Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтiру мәселелерi бойынша өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы туралы

Актінің түрі
Жоба
Қаулы
Қабылдау күні
12.04.2006
Өзгерту күні
12.04.2006
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі)

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы жүйесiн Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтiру мәселелерi бойынша өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

  Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы

 Қазақстан Республикасының кейбiр конституциялық заңдарына
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы жүйесiн
Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына
сәйкес келтiру мәселелерi бойынша өзгерiстер енгiзу туралы

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мынадай конституциялық заңдарына өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1. "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 16 қазандағы Конституциялық  заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 21, 124-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 78-құжат; 1999 ж., N 4, 100-құжат; N 10, 342-құжат):
      1) 11-баптың 6-тармағындағы "шешiмдер қабылдайды" деген сөздер "қаулылар шығарады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 13-бапта:
      1-тармақтағы "жеке", "дара сипатты" деген сөздер алып тасталсын;
      5-тармақтағы "заң күшiне енгiзу" деген сөздер "қолданысқа енгiзу" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық  заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 172-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 10, 343-құжат):
      9-баптың 10) тармақшасында "Парламентке заң жобасын қарауды шұғыл деп жариялау жөнiнде" деген сөздер "заң жобасын қарауды шұғыл деп жариялауға" деген сөздермен ауыстырылсын.
       2-бап.  Осы Конституциялық заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.