Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің 2008 жылға арналған экономикалық саясаттың негізгі бағыттары туралы мәлімдемесі туралы

Актінің түрі
Мәлімдеме
Қаулы
Қабылдау күні
08.01.2008
Өзгерту күні
08.01.2008
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі)

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің экономикалық саясаты туралы елдің қалың жұртшылығын хабардар ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің 2008 жылға арналған экономикалық саясаттың негізгі бағыттары туралы мәлімдемесі мақұлдансын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2008 жылғы 8 қаңтардағы
N 1 қаулысымен    
мақұлданған     

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы
ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің 2008 жылға арналған экономикалық саясаттың негізгі бағыттары туралы мәлімдемесі

      2007 жылы еліміздің экономикасы жоғары қарқынмен дамуын жалғастырды. Алдын ала бағалаулар бойынша, экономикалық өсім 8,7%-ды құрады. Солай бола тұра, өткен жыл біздің қаржы жүйеміздің мықтылығын тексерді. Әлемдік қаржы нарықтарын қамтыған тұрақсыздық Қазақстанның экономикасында көрініс таппай қоймады. Осындай жағдайлар еліміздің жаһандық экономикалық үдерістерге кіріктірілуінің жоғары дәрежесін тағы да атап көрсетеді.
      Халықаралық қаржы нарықтарының құбылмалылығы және әлемдік экономиканың дамуының жіті перспективаларының болмауы көбінесе халықаралық рейтингтік агенттіктердің елдің рейтингін төмендетуіне себеп болды. Халықаралық нарықтардағы қорға бөлудің неғұрлым қатаң шарттары қазақстандық банктер үшін сыртқы қаржыландыруды тарту мүмкіндігін қиындатып жіберді. Осының салдарынан 2008 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 5-7 %-ды құрайды деп күтілуде.
      Үкімет Ұлттық Банкпен және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігімен (ҚҚА) бірлесіп, мемлекеттік органдар мен банк секторының сыртқы факторлардың келеңсіз әсерін жоюға бағытталған іс-қимыл жоспарын дайындады. Сондай-ақ қазақстандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге және құрылымдық реформалар жүргізуге бағытталған шаралар әзірленді.
      ҚҚА мен Ұлттық Банктің негізгі міндеті елдің қаржылық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және сыртқы нарықтардағы жағдайға байланысты туындайтын жүйелік тәуекелдерді басқару болып табылады. Ақша-кредит саясатына қатысты Ұлттық Банк 2008 жылы инфляцияны 10%-дан аспайтын деңгейде ұстап тұру үшін шаралар қабылдайтын болады.
      Банк жүйесінің жай-күйі Қазақстанның экономикалық тұрақтылығы үшін өте маңызды. Ұлттық Банк әр түрлі әдістермен қысқа мерзімді өтімділік беру жолымен банк жүйесіне қолдау көрсетуді жалғастыратын болады (РЕПО операциялары, валюталық СВОП-тар мен ең төменгі резервтік талап кепілдігімен қаражат беру). ҚҚА мен Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктердің акционерлерін қоса алғанда, транспаренттілік пен нарыққа қатысушылардың барлықтарының арасында тәуекелдерді адал бөлу қағидаттарын қатаң ұстанатын болады.
      ҚҚА мен Ұлттық Банк банктердің акциялардың және (немесе) айырбасталатын облигациялардың қосымша эмиссиясы және активтерді секьюритезациялау сияқты баламалы қаржыландыру көздерін тарту жөніндегі бастамасын қолдайтын болады. Мұндай іс-қимылдар міндетті түрде банктердің қаржылық ахуалын жақсартуға әкеледі. ҚКА мен Ұлттық Банк банктерге осындай құралдарды әзірлеуде және енгізуде қолдау көрсететін болады, бұл перспективада олардың халықаралық борыштық нарықтарға тәуелділігін едәуір азайтады.
      Осылайша, мемлекеттік органдар экономикалық тәуекелдерді басқаруға теңгерімді тәсіл қағидаты бойынша әрекет ететін болады. Бұл орнықты экономикалық өсуді және жеке секторды мемлекеттің ресурстарынан қорға шексіз бөлуді болдырмауға мүмкіндік береді.
      Халықаралық қаржы нарықтары конъюнктурасының тез өсуі Үкімет тарапынан да, реттеуші органдардан да уақтылы әрекет етуді талап етеді. Қаржы жүйесі үшін ықтимал тәуекелдерді уақтылы анықтау оларды жою жөніндегі жедел шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты, ҚҚА тарапынан екінші деңгейдегі банктерді қадағалауды күшейту, ақпарат жинау мен талдау әдістерін жетілдіру көзделеді, сондай-ақ ҚҚА-ның техникалық және штаттық базасын кеңейту мәселесі қаралады. ҚҚА банк жүйесінің қатерлерді басқару әдістерін жетілдіру және кредиттік портфельдердің стресс-тестерін жүргізу жөніндегі бастамасын қолдайды. ҚҚА мен Ұлттық Банк әлемдік қаржылық нарықтардағы жағдайды қадағалап отырады, нарық конъюнктурасының өзгеруін талдайды және әлеуметтік және экономикалық саясатқа уақтылы түзетулер енгізу үшін Үкіметке ақпарат беретін болады.
      Сыртқы нарықтардағы қаржыландыру көлемінің қысқаруы қазақстандық банктердің кредиттік қызметінің төмендеуіне әкеп соқтырды. Қалыптасқан жағдайда кредит алу қарыз алушылардың көпшілігі үшін қиындыққа айналды. Бұл, атап айтқанда, үлестік құрылыс нарығын шарпыды. Құрылыс компаниялары негізгі қаржыландыру көзі ретінде дәстүрлі түрде банк кредитін пайдаланып келді. Өткен жылы олардың көпшілігі қаржы қиындықтарына байланысты жұмыстарын тоқтата тұруға мәжбүр болды. Үлескерлердің құқығын қорғау үшін, сондай-ақ қосымша жұмыс орындарын ашу мақсатында Үкімет құрылыс компанияларын даму институттары арқылы нысаналы қаржыландыруды қамтамасыз етті. Пилоттық жоба 2008 жылы басқа өңірлерге жоспарланып отырған кеңейтумен бірге Астана қаласы үшін 2007 жылы іске қосылған болатын.
      Халықтың жұмыспен қамтылуының тұрақты өсуін қамтамасыз ету әрі шағын және орта бизнесті қолдау - 2008 жылдың басым міндеттерінің бірі болып табылады. Үкімет мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасын жүзеге асыратын болады, ол үшін қазіргі уақытта нормативтік-құқықтық база жетілдірілуде. Жеке бизнес пен мемлекет ресурстарын біріктіру ел экономикасының орнықты өсімінің нақты, сүбелі нәтижелеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
      Үкімет, сондай-ақ халықтың неғұрлым әлеуметтік осал жіктерін қорғауға бағытталған бірқатар шаралар әзірледі. Біз халықтың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін теңдестірілген фискальдық саясатты қолданатын боламыз.
      Халықаралық қаржы нарықтарындағы ахуал тұрақсыз күйінде қалуда әрі бұл Қазақстан экономикасына белгілі бір әсер етеді. Қалыптасқан мән-жайлар Үкіметтің Ұлттық Банкпен және ҚҚА-мен бірлесіп, құрылымдық реформаларды жүргізуіне мүмкіндік береді. Бұл Қазақстанның экономикалық орнықты өсімін сақтауымызға және республиканың әрбір азаматының әл-ауқатын арттыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.