Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы арасындағы Ұлттық дамудың жаңа кезеңіндегі ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою туралы

Актінің түрі
Меморандум
Қаулы
Қабылдау күні
26.10.2009
Өзгерту күні
26.10.2009
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі)

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы арасындағы Ұлттық дамудың жаңа кезеңіндегі ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандумның жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы арасындағы Ұлттық дамудың жаңа кезеңіндегі ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 26 қазандағы
N 1681 қаулысымен 
мақұлданған    

Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының
Даму бағдарламасы арасындағы Ұлттық дамудың жаңа кезеңіндегі
ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум

      Осы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы арасындағы Ұлттық дамудың жаңа кезеңіндегі ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум (бұдан әрі - Меморандум) Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Үкімет) мен Біріккен Ұлттар Ұйымының (бұдан әрі - БҰҰ) бөлімшесі - Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (бұдан әрі - БҰҰДБ) арасында жасалды. Үкімет пен БҰҰДБ бұдан әрі Тараптар деп аталады.
      БҰҰДБ көбіне БҰҰ-ның ел деңгейінде жұмыс істейтін өкілдігі болып табылатынын және көптеген елдерде әріптестер мен орнықты дамуды қолдауда, кедейшілікті азайту, әйелдерді ілгерілету, демократиялық басқару және заңның үстемдігі үшін жұмыс істейтінін назарға ала отырып;
      Қазақстан Республикасы мен БҰҰДБ арасындағы 15 жыл бойы дерлік жалғасып келе жатқан, 1994 жылғы 4 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен БҰҰДБ арасындағы келісімге негізделген және орныққан әріптестік пен стратегиялық диалогты назарға ала отырып;
      Үкімет пен БҰҰДБ даму, қазіргі сұраныс негізіндегі қызмет, әріптестік рухында түпкілікті нәтижеге бағытталу мақсатында ынтымақтастық нәтижелеріне ұлттық меншік құқығының тұжырымдамасын негіз қалаушы принцип ретінде қабылдағанын ескере отырып;
      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - СІМ) БҰҰДБ Қазақстанда өз қызметін жүзеге асырған кезде БҰҰДБ-ның негізгі әріптесі болып табылатын, ал Қазақстан Республикасы Экономика  және бюджеттік жоспарлау министрлігі (бұдан әрі - ЭБЖМ) мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың, оның ішінде Қазақстанның халықаралық қаржы-экономикалық ынтымақтастығы мәселелері бойынша негізгі бағыттарын әзірлеуді үйлестіріп отырған кезде;
      Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асырудың және бұдан былай сыртқы гранттық көмекті дәстүрлі түрде алушы ел болып табылмайтын, ал оның ынтымақтастықтағы қажеттіліктері мәні мен мазмұны жағынан өзгерген ұлттық дамудың жаңа кезеңіне енудің басталғанына он жыл толуын Қазақстан атап өтіп отырған кезде;
      бірлескен іс-қимылды одан әрі шоғырландыру және әріптестікті кеңейту мақсатында Тараптар төмендегілер туралы келісті.

1-бап
Ынтымақтастықты ұйымдастыру және үйлестіру тетіктері

      1. Үкімет пен БҰҰДБ ЭБЖМ-нің басшылығымен Стратегиялық консультациялық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрады. Кеңестің құрамына СІМ-нің, БҰҰДБ-ның өкілдері кіреді. Қажеттілігіне қарай Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарының өкілдері Кеңестің жұмысына қатысуға шақырылуы мүмкін. Кеңес БҰҰДБ мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық бағыттарын шолу, келіп түскен БҰҰДБ-мен ынтымақтастық туралы сұрауларды зерделеу, әзірлеу мен іске асыруға арналған басым жобалардың тізімін айқындау, сондай-ақ ынтымақтастық нәтижелерін жыл сайын бағалау үшін кезеңдік негізде жылына кемінде бір рет кездесіп тұратын болады.
      2. Жобалық ұсыныстар тізімін келісу аяқталғаннан кейін ЭБЖМ, СІМ және БҰҰДБ Кеңестің кездесуінде әзірлеуге және іске асыруға ұсынылған жобалар туралы бірлесіп шешім қабылдайды. ЭБЖМ тиісті кезеңге арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен Кеңестің қорытындылары мен ұсынымдарын пайдаланады.
      3. Тараптар осы Меморандум шеңберінде енгізілген даму мақсатындағы ынтымақтастық бағдарламасы мен жобалық бастамалар халықаралық әдіснама мен стандарттарға сәйкес нәтижеге бағдарланған ұстаным негізінде қалыптастырылып, жүзеге асырылатынына келіседі. Бұл ұстаным бағдарламалық ресурстарды тиімді пайдалануды, есептілік пен айқындылықты қамтамасыз ету үшін мониторинг пен бағалаудың қажетті тетіктерін қамтиды.

2-бап
Тараптардың міндеттемелері

      1. ЭБЖМ:
      БҰҰДБ-мен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының басқа да салалық мемлекеттік органдарымен ынтымақтастықта бірлескен жобалардың іске асырылуын жалпы үйлестіруді жүзеге асырады;
      дамудың ұлттық жоспарларына және БҰҰДБ бағдарламасына сәйкес  БҰҰДБ тарапынан Қазақстан үшін техникалық көмек көрсетуге ағымдағы кезеңге арналған қажеттілік пен сұрауларды анықтау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
      тиісті министрліктермен, жергілікті әкімшіліктермен, ведомстволармен және басқа да ұйымдармен (бұдан әрі - Ұлттық әріптестер) консультация процесіңде БҰҰДБ-мен ынтымақтастық саласын айқындайды және кейіннен Кеңесте талқылау үшін жобалық ұсыныстардың тізімін жасайды;
      Үкімет атынан СІМ-мен үйлестіре отырып, 1994 жылғы 4 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен БҰҰДБ арасындағы келісімнің 3-бабында көзделгендей, ынтымақтастық нәтижелеріне арналған мемлекеттік меншікті және осы Меморандум шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет үшін жауапкершіліктің бекітілуін қамтамасыз етеді.
      2. СІМ:
      Мыңжылдықтың даму мақсаттарын (МДМ), адам құқықтарын және қоршаған ортаны қорғауды қоса алғанда, БҰҰДБ қызметі бірқатар жағдайларда осындай міндеттемелерге тікелей қатысты болғандықтан, Қазақстанның халықаралық конвенциялар бойынша міндеттемелерін ескере отырып, БҰҰДБ мен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Парламенті, Орталық сайлау комиссиясы, Адам құқықтары жөніндегі комиссия және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия сияқты Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары және басқа да мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдеседі және оны үйлестіреді.
      3. БҰҰДБ:
      ұлттық әріптестен ынтымақтастық туралы сұрау немесе жобалық ұсыныс жағдайда, ынтымақтастық туралы осы сұраулар мен ұсыныстарды басым жобалық ұсыныстар тізіміне енгізу туралы ЭБЖМ мен СІМ-ді хабардар етеді және олармен консультация өткізеді;
      жобалық ұсыныстарды келісу аяқталған соң ЭБЖМ және СІМ мен бірлесіп Кеңестің кездесуінде шешім қабылдайды және әзірлеу мен іске асыруға арналған басым жобалардың жалпы тізімін жасайды;
      Кеңес қабылдаған шешімдерге сәйкес мақұлданған жобаларға қолдау көрсетеді және олардың сапалы түрде іске асырылуын қамтамасыз етеді;
      қазіргі түрлі көздерден ресурстарды жұмылдырады.

3-бап
Іске асыру тетіктері

      1. Үкімет мемлекеттік қоса қаржыландыру мәселелері 1994 жылғы 4 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен БҰҰДБ арасындағы келісімнің (5-бап) бір бөлігі болып табылатынын мойындайды, ынтымақтастықтың осы схемасын осы Меморандум шеңберіндегі әріптестіктің ажырамас бөлігі ретінде қабылдайды және аталған схеманы қай жерде пайдалануға болатыны негізделген жағдайларда, оны пайдалануға ықпал етеді.
      2. Осы Меморандумда айқындалған ынтымақтастық салаларында нақты іс-шараларды іске асыру мақсатында Тараптар бірлескен бағдарламалар мен жобаларды іске асыру шеңберінде Тараптардың құқықтары мен міндеттемелерін регламенттейтін қосымша келісімдерге қол қояды, құнын  және қаржыландыру көздерін айқындайды. Мемлекеттік қоса қаржыландыру жобаның бюджеттік ресурстарының бір бөлігі болып табылатын жағдайларда, БҰҰДБ жалпы басқару бойынша көрсетілетін қызметтер үшін БҰҰДБ/ЮНФПА Атқарушы кеңесінің 2007/18 нөмірлі шешіміне сәйкес есептеу ставкасын қолданады. Меморандум шеңберінде қол қойылған қосымша келісімдерде Меморандумға сілтеме қамтылады.
      3. Үкімет тарапынан қоса қаржыландыру көзделетін жобаларды қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген рәсімдерге сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Осы Меморандум шеңберіндегі барлық іс-шаралар БҰҰДБ мен мемлекеттік органдар арасында қол қойылған жобалық құжаттар негізінде  және БҰҰДБ-ның бағдарламалар мен жобаларға қатысты ережелері мен рәсімдеріне сәйкес жүргізіледі.
      5. Тараптардың ешқайсысы басқа Тараптың өкілі немесе агенті болып табылмайды. Тараптардың ешқайсысы басқа Тарап атынан келісім-шарт жасамайды және өзіне міндеттеме алмайды әрі осы Меморандумда және қоса қаржыландыру туралы қосымша келісімдерде көзделгендей, өзінің меншікті шотынан төлемдердің орындалуына жауапты болады.
      6. Тараптардың әрқайсысы осы Меморандумға және оның орындалуына байланысты өзінің іс-қимылы мен жіберген қателіктері үшін жауапты.

4-бап
Қызметті жариялау

      Тараптар ынтымақтастық туралы уағдаластықтар қалың бұқара үшін жарияланатынын мойындайды және қалың бұқараға арналған ынтымақтастық туралы барлық материалдардағы әрбір Тараптың рөлі мен үлесін таниды. Тараптар ынтымақтастық туралы материалдарда әрбір Тараптың атауы мен логотипін әрбір Тараптың ережесіне сәйкес және Тараптардың жазбаша нысандағы келісімін алғаннан кейін пайдаланады.

5-бап
Байланыс және хат алмасу арналары

      Осы Меморандумға қажетті немесе онымен рұқсат етілген кез келген хабарламалар немесе сұраулар жазбаша нысанда жүзеге асырылады. Мұндай хабарламалар немесе сұраулар Алушы тараптың қолына берілген, төменде көрсетілген мекен-жайға немесе Тараптардың кейінгі хабарламаларында көрсетілген басқа мекен-жайға почтамен, курьермен немесе телеграф арқылы жіберілген кезде жіберілген немесе алынған деп танылады.

      БҰҰДБ үшін:
      Хаолянь Шу
      Бөкейхан көшесі, 26
      Астана, 010000
      Қазақстан
      Тел: (7-7172) 591550
      Факс: (7-7172) 592540

      Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі үшін:
      010000, Астана қаласы
      Сол жағалау, Орынбор көшесі, 8, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты
      Тел: +7 (7172) 742809
      Факс: +7 (7172) 743148

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі үшін
      010000, Астана қаласы
      Қонаев көшесі, 35-ғимарат
      Тел: +7 (7172) 720000
      Факс: +7 (7172) 720516

6-бап
Басқа уағдаластықтар

      Осы Меморандум мен жобалар шеңберіндегі қоса қаржыландыру немесе ынтымақтастық туралы кез келген қосымша келісімдер және осы Меморандумға қатысты жобалық құжаттар ұлттық дамудың жаңа кезеңіндегі ынтымақтастыққа қатысты Тараптардың толық өзара түсіністігін құрайды және ынтымақтастық туралы барлық алдыңғы осындай уағдаластықтарды алмастырады. Тараптардың бірінің осы Меморандумның ережелерін орындамауы сол ережелерден бас тартуды немесе оларды Меморандумнан алып тастауды білдірмейді. Осы Меморандумның кез келген ережесінің жарамсыздығы немесе жүзеге асырылмауы Меморандумның қалған ережелерінің жарамдылығына немесе жүзеге асырылуына әсер етпейді.

7-бап
Күшіне енуі, қолданылу мерзімі және тоқтату,
толықтырулар енгізу

      1. Осы Меморандум БҰҰДБ Қазақстан тарапынан оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап күшіне енеді. Осы Меморандум 2014 жылға дейінгі мерзімге жасалады және Тараптардың өзара келісімі бойынша ұзартылуы мүмкін.
      2. Осы Меморандумның ережелерін түсіндіруге және қолдануға қатысты даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі.
      3. Осы Меморандумды кез келген Тарап басқа Тарапты жазбаша хабардар ету арқылы тоқтата алады және оның қолданылуы хабарлама алған соң 30 күннен кейін тоқтатылады.
      Жобалар шеңберіндегі қоса қаржыландыру немесе ынтымақтастық туралы кез келген қосымша келісімдер және осы Меморандумға қатысты жобалық құжаттар толық орындалғанға дейін күшінде қалады.
      4. Осы Меморандумға толықтырулар енгізу Тараптардың жазбаша келісімімен ғана жүргізілетін болады.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы атынан төменде қол қойған тиісті өкілеттіктер берілген өкілдер әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі бірдей күші бар екі данадағы осы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы арасындағы Ұлттық дамудың жаңа кезеңіндегі ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандумға 2009 жылғы "___" ____________ Қазақстан Республикасы Астана қаласында қол қойды.

      Қазақстан Республикасының       Біріккен Ұлттар Ұйымының
      Үкіметі үшін                    Даму бағдарламасы үшін

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.