Адам құқықтары жөніндегі әмбебап кезеңдік шолу шеңберінде Қазақстан Республикасының 2010 жылға арналған ұлттық баяндамасын бекіту туралы

Актінің түрі
Баяндама
Қаулы
Қабылдау күні
06.11.2009
Өзгерту күні
06.11.2009
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі)

      Адам құқықтары жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы Кеңесінің 5/1 қарарына а) қосымшаның 15-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Адам құқықтары жөніндегі әмбебап кезеңдік шолу шеңберіндегі Қазақстан Республикасының 2010 жылға арналған ұлттық баяндамасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Адам құқықтары жөніндегі әмбебап кезеңдік шолу шеңберіндегі Қазақстан Республикасының 2010 жылға арналған ұлттық баяндамасын Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жіберсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2009 жылғы 6 қарашадағы
N 1778 қаулысымен 
бекітілген    

Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі Әмбебап
кезеңдік шолу шеңберінде 2010 жылға арналған ұлттық баяндамасы

МАЗМҰНЫ

      I. Әдіснама
      II. Ел туралы
      III. Адам құқықтарын қорғау мен ынталандырудың нормативтік және институционалдық негіздемелері
      IV. Халықаралық ынтымақтастық
      V. Ынталандыру және қорғау
      VI. Әрекеттер мен жетістіктер
      VII. Ұлттық басымдықтар мен бастамалар
      Қорытынды
      Қосымша

I. ӘДІСНАМА

      1. Осы Ұлттық баяндаманы әр түрлі министрліктер мен ведомстволардың, Бас прокуратура және Жоғарғы сот, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі қатысуымен консультациялардың ауқымды процес шеңберінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің басшылығымен арнайы құрылған Үкіметтік жұмыс тобы дайындады.
      2. Баяндаманы дайындау процесінде мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің, халықаралық сарапшылардың және БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен консультациялық семинарлар сериясы өткізілді.
      3. Үкіметтік емес ұйымдардың және БҰҰДБ сарапшыларының және Ұлыбритания мен Германияның сарапшыларының сындарлы ұсыныстары мен ұсыныстарының арқасында баяндама айтарлықтай пысықталды.
      4. Баяндаманы 2009 жылдың шілдесінде және тамызында талқылауда бір қатар ҮЕҰ қатысты, олардың ішінде: "Радуга" ҚБ, аналар мүгедек-балалар, "Сана Сезім" әйелдер бастамашылығы құқықтық орталығы" ҚБ, "қылмыстың реформа және адам құқықтары мониторингі комитеті" ҚБ, "Намыс" мүгедектердің ҚБ, "Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро" ҚҚ, "Әділ Сөз" бостандығын қорғаудың халықаралық қоры "Қазақстанның балалар қоры" ҚҚ, "Medianet журналистиканың халықаралық орталығы", "Алматы Хельсинки Комитеті" ҚҚ, "Феминистік лига", "Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры" ҚҚ, "Даму және бейімдеу әйелдер қауымдастығы" ҚБ, Қазақстанның азаматтық альянсы, "Феникс" даму және бейімдеу орталығы" ҚҚ, "Жан", "Балалық" журналдары, "Медиалайф" ҚҚ, сондай-ақ Қазақстандағы БҰҰ өкілеттіктерінің, Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінің, Сорос-Қазақстан қорының сарапшылары, аз халықтардың мәселесі жөніндегі БҰҰ Тәуелсіз сарапшысы Гай МакДугал, БҰҰ-дағы Ұлыбританияның өкілі Ласт Боб, БҰҰ адам құқықтары жөніндегі Кеңестегі адам құқықтары жөніндегі форумның өкілі Ратгебер Теодор, Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің өкілі Павел Черников.
      5. Баяндаманы дайындау кезінде айтулы оқиғалар орын алды  - Мемлекет Басшысы 2009 - 2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары әрекетінің ұлттық жоспарын мақұлдады және алдағы онжылдыққа мемлекеттің Құқықтық саясат тұжырымдамасы бекітілді. Осы орайда, баяндамада осы құжаттарда анықталған адам құқықтары саласында ұлттық басымдықтар мен міндеттер қамтылды.

II. ЕЛ ТУРАЛЫ

      6. Қазақстан жас, жылдам дамып келе жатқан демократиялық президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Өз тәуелсіздігін жариялаған сәттен, 1991 жылғы 16 желтоқсаннан бастап, қоғамдық келісімді нығайту, саяси тұрақтылықка кол жеткізу және экономикалық өсу үшін Қазақстан халықтарының игілігіне аз тірлік жасалынбады.
      7. Қазақстан Республикасының аумағы - 2724,9 мың шаршы шақырым. Ел әр қайсысы аудандарға, олар өз кезегінде ауылдық елді мекендерге бөлінетін 14 облысқа бөлінеді. Әкімшілік-аумақтық құрылымы 2009 жылғы 1 қаңтарына 9923 бірлікті құрайды. Елорда - Астана қаласы.
      8. 2009 жылғы 1 шілдеде ел халқының саны 15880,6 мың адам, оның ішінде 8473,5 мыңы қалалық (53,4%), 7 407,1 мың адам ауыл халқын (46,6%) құрады. Жалпы Қазақстан бойынша халықтың тығыздығы бір шаршы шақырымға 5,8 адамды құрайды.
      9. Қазақстанның құрылымы халықтардың тең құқылы қағидатына негізделген. Қазақстанның этникалық құрамы 2009 жылғы 1 шілдедегі жай-күй бойынша 140 топтан асады, олардың ішіндегі ауқымдысы - қазақтар, орыстар, украиндар, өзбектер және басқа да топтар.
      10. Соңғы 10 жыл ішінде Орталық және Шығыс Еуропаның бір қатар елдерінің көрсеткішімен теңесіп, 1 000-нан 8 400-ге дейін 8 есе өскен жан басына шаққандағы ЖІӨ деңгейі ел дамуының басты көрсеткіші болып табылады.
      11. 2009 жылдың ақпан-наурыз айларында өткізілген халық санағының нәтижелері елдегі әлеуметтік-экономикалық, демографиялық өзгерістерді көрсетті. Барлығынан бұрын халық өмірі деңгейінде оң ілгерілеулер туралы сөз болып отыр. Кедейлік деңгейінен төмен өмір сүріп жатқан халық үлесі 34%-дан 12 %-ға дейін төмендеген. 10 жыл ішіндегі халықтың ақшалай табыстары орташа есеппен 5 есе өсті.
      12. Экономикалық дағдарыс жағдайында Қазақстан дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға жылдам кіріскен әлемнің алғашқы мемлекеттерінің бірі болды. Сонымен бірге, бұрында қабылданған әлеуметтік міндеттемелердің ешқайсысынан бас тартпады. Бұдан басқа, бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақыларының, зейнетақының және әлеуметтік жәрдемақының мөлшері жобамен 30% өсті.
      13. Халықтың туылуы жоғарылай бастады. Жалпы 10 жыл ішінде халық саны 14 миллион 900 мыңнан 15 миллион 900 мыңға дейін өсті.
      14. Ерлер мен әйелдердің өмір сүру ұзақтығында жоғары алшақтық байқалады, егер 2007 жылы ерлер мен әйелдер арасындағы көрсеткіш алшақтығы 11,6 жасты құраса, 2008 жылы 10,5 жасқа дейін төмендеді.

III. АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МЕН ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ НОРМАТИВТІК
ЖӘНЕ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ НЕГІЗДЕМЕЛЕРІ

      15. Өз тәуелсіздігінің бірінші күнінен бастап Қазақстан БҰҰ Жарғысында және Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясында адам құқықтарын көтермелеу және қорғаудың жалпыға танылған қағидаларын қолдайтынын мәлімдеді. Қазақстан Республикасының Конституциясында адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең құнды байлықтары деп айтылған.
      16. Кепілдікті нығайту үшін тәуелсіздік жылдарында Қазақстан адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауда саласында аз атқармады. Ұлттық Құқықтық саясат тұжырымдамасында 2010 жылдан бастап 2020 жылға дейін құқықтық мемлекет қағидаларын одан әрі бекіту процесінде бір жағынан, адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудың ықтимал кепілдіктеріне барынша, ал екінші жағынан, барлық мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, азаматтар мен ұйымдардың конституциялық міндеттерді сөзсіз және толық орындауына қол жеткізу болып табылады.
      17. Қазақстан Республикасы Конституциясының Республика аумағында ең жоғары заңды күші бар. Барлық қабылданатын заңдар және басқа да нормативтік құқықтық актілер оның ережелеріне сәйкес келуі тиіс, олай болмағанда оларды Конституциялық Кеңес заңсыз деп таниды және жойылуға жатады.
      18. Қоғамда мұқият талқылағаннан кейін 2007 жылы Конституцияға Парламенттің және саяси партиялардың ролін күшейткен тарихи өзгерістер енгізілді. Президенттің көптеген өкілеттіктері Парламентке ауысты, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының (мәслихаттардың) ролі күшейді.
      19. Соңғы жылдар ішінде сот төрелігі жүйесінде азаматтардың құқықтарын қорғау жүйесі айтарлықтай күшейді; биліктің сот саласының тәуелсіздігі күшейді. Судьяларды Парламенттің депутаттарынан, тәжірибелі судьялардан және саясаткерлерден тұратын Жоғарғы сот кеңесі іріктейді. Жоғарғы соттың құрамын Сенат тағайындайды. Алқабилер сотын мамандандырылған соттарды енгізу батыл қадам болды.
      20. Қазақстан халықаралық құқықтың толыққанды субъектісі және адам құқықтары саласындағы 60-тан астам көп жақты әмбебап халықаралық шарттардың қатысушысы болып табылады, оның ішінде 7-уі "адам құқықтарын қорғаудың халықаралық құралдары" деп аталатын БҰҰ құқық қорғау конвенциялары.
      21. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолданылады.
      22. Ратификацияланған халықаралық нормаларды сот практикасында белсенді қолдануды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты 2008 жылдың 10 шілдесінде "Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы" нормативтік қаулы қабылдады. Онда ол судьяларды Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы құқықтың құрамдас бөлігі болып табылатын Республика қатысатын халықаралық шарттардың нормаларын басшылыққа алуды міндеттеді.
      23. Конституцияға сәйкес, Республика Президенті - халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.
      24. Парламент заң шығару қызметін жүзеге асыратын, оның ішінде адам құқықтары саласында, Республиканың ең жоғары өкілді органы болып табылады. Парламент тұрақты негізде әрекет ететін екі Палатадан: Сенат пен Мәжілістен тұрады.
      25. Үкімет Қазақстан Респубикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламенттің алдында жауапты.
      26. Адам құқықтары мен бостандықтары заң шығару, атқарушы және сот билігі шеңберінде жүзеге асырылады. Сот билігінің тәуелсіздігі Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабында айтылған.
      27. Сот қорғауынан басқа, әркімнің өзінің құқықтарын қорғау үшін Адам құқықтары жөніндегі уәкілге, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияға, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияға, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтары жөніндегі комитетке өтініш жасауға құқығы бар. Азаматтар шағымдарды қарастыру үшін Премьер-Министрдің министрліктердің және ведомстволардың дербес ресми интернет сайттарына тікелей жолдай алады.
      28. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының сақталуына бақылауды жүзеге асырады, адам және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру үшін шаралар қабылдайды. Оның құқықтық мәртебесін одан әрі нығайту мақсатында Үкімет 2011 жылы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң әзірлейді.

IV. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

      29. Адам құқықтарын қорғаудың халықаралық институционалдық тетіктерінен мемлекет Адам құқықтары жөніндегі комитеттің, Азаптауларға қарсы комитеттің, Нәсілдік кемсітушілікті жою комитетінің, Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою комитетінің жеке шағымдарды қабылдау құзыретін таниды.
      30. Қазақстан өзінің баяндамаларын шарттық органдарға мерзімді түрде ұсына отырып, олардың ұсыныстарын орындау бойынша шаралар қабылдай отырып, өзінің заңнамасын көрсетілген шарттарға сәйкестендіре отырып, адам құқықтары саласында бақылаудың халықаралық құқықтық тетіктерімен тұрақты ынтымақтастықты қолдап келеді. Қазіргі уақытта мемлекет өзінің міндеттемелерін ұстануының дәлелі болып табылатын Қазақстанның бастапқы, ал кейбір комитеттерде екінші және үшінші мерзімді баяндамаларын қорғауды жүзеге асырды.
      31. Соңғы жылдары Қазақстанда БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссарының Басқармасының (АҚЖКБ) сарапшыларының делегациясы (2001 ж.), БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссарының орынбасары Б. Рамчаран (2003 ж.), БҰҰ судьялар мен адвокаттардың тәуелсіздігі жөніндегі арнайы баяндамашысы Л. Деспуи (2004 ж.), БҰҰ Адам құқықтары және терроризм мәселелері жөніндегі арнайы баямдамашысы М. Шейнин (2006 ж.), БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары Л. Арбур (2007 ж.), БҰҰ азаптаулар мен басқа да қатыгез түрлері мәселелері бойынша БҰҰ арнайы баяндамашысы М. Новак (2009 ж. мамыр), сондай-ақ аз халықтардың мәселелері бойынша БҰҰ тәуелсіз сарапшысы Г. Макдугалл (2009 ж шілде) болды. 2010 жылы жеткілікті тұрғын үй мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашы Р. Рольниктің сапары күтілуде.
      32. 2009 жылы шілдеде Адам құқықтары жөніндегі кеңестің (АҚК) барлық арнайы рәсімдердің мекен-жайына тұрақты шақыру жолдады.
      33. Қазақстан БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссарының Басқармасымен және Бішкектегі АҚЖКБ аймақтық бөлімімен тығыз ынтымақтастықты жалғастырып келеді. Осы кеңсемен бірлесе оның ішінде Әмбебап кезеңдік шолу бойынша бірнеше жобалар іске асырылып келеді. 2008 және 2009 жылдары Қазақстан АҚЖКБ бюджетіне ерікті жарна ретінде 50 000 АҚШ долларын бөлді.

V. ЫНТАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ Өмір сүру құқығы

      34. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
      35. 2007 жылдың мамырында өткізілген конституциялық реформаның нәтижесінде өлім жазасын қолдану аясы қысқартылды және өлім жазасын нақты жоюға алып келген, адамдардың өліміне алып келетін террористік қылмыстармен және соғыс уақытында жасалынған аса ауыр қылмыстармен шектелді.
      36. Қоғамда мемлекеттің өлім жазасын қолдануға қатысты әртүрлі пікір бар. Айталық, 2008 жылдың 1-жартыжылдығындағы қоғамдық сауалнама нәтижелері бойынша қазақстандықтардың 66,6 % өлім жазасын шектен шыққан жағдайларда қолдану қажет, респонденттердің 44,3% өлім жазасын қылмыстылық жағдайларының таралуындағы тежеуші фактор деп санайды, 38,3% бұл шараны тиімсіз және қылмыстылықтың таралуына ықпал етпейді деп атаған.
      37. Келтірілген мәліметтерге қарамастан, өлім жазасын кезең-кезеңмен жою саясаты іске асырылуда. 1997 жылы өлім жазасы көзделген қылмыстар саны екі есе азайған. 2003 жылғы 19 желтоқсаннан бастап Мемлекет басшысы өлім жазасының орындалуына, оны толық жою мәселесі шешілгенге дейін, мерзімсіз мораторий жариялады. Қазіргі уақытта өлім жазасын орындауға мораторий сақталуда.
      38. Өлім жазасы туралы соңғы үкім өлім жазасын қолдануға мораторий жарияланғанға дейін 2003 жылы 12 адамға қатысты орындалды. Өлім жазасы туралы соңғы үкім 2005 жылы 2 адамға қатысты шығарылды, алайда мораторий жариялануымен және өмір бойына бас бостандығынан айырумен алмастырылуына байланысты орындалмаған.
      39. БҰҰ Бас Ассамблеясының 2006 жылғы 19 желтоқсандағы 61-сессиясында Республика Еуропалық Одақтың өлім жазасын жою жөніндегі өтінішіне қосылды.
      40. Жалпы, Қазақстан қылмыстық заңнаманы ізгілендіру жолында қарыштап келеді. Қылмыстық жауапкершілікті әкімшілікпен алмастыру арқылы қылмыстық кодекстің жекелеген баптарын қылмыс деп танымау процесі жүріп жатыр. Анықтау және тергеу рәсімдерін ықшамдау, тараптардың бітімге келу институтын енгізу, негізсіз қылмыстық қудалаудан кепілдікті нығайту күтілуде.

Жеке өмір құқығы

      41. Үкімет жеке өмірге қол сұғылмай қорғалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды. Жеке өмірге қол сұғылмау, өзінің және отбасының құпиясы болуын, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуын, жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуын бұзатын қылмыстардың өсуіне байланысты Парламент "Кейбір заңнамалық актілерге азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмау құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасын қарайды.
      42. 2009 жылғы 5 қаңтардан бастап ақпараттардың электронды жеткізушілерін (чип) қамтитын жаңа үлгідегі паспорттар шығару басталды, 2009 жылғы 8 қыркүйектен бастап электронды жеке куәлік енгізілді. Жеке басты куәландыратын электронды құжаттарға ауысу халықаралық стандарттарды қолдан жасаудан қорғауды ескере отырып, жүргізіледі. Жеке деректердің жариялануына немесе оларды пайдаланумен заңсыз мәміле жасауға кедергі келтіретін факторларды нығайту мақсатында Үкімет Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарға, және дербес мәліметтерді қорғауға қатысты заңдардың жобаларын, сондай-ақ жеке деректер туралы заң жобасын әзірлейді және Парламентке 2010 - 2011 жылдарда енгізеді.

Теңдік және кемсітпеушілік

      43. Мемлекет адам мен азаматтың жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, тегіне, мүліктік және лауазымдық жағдайына, тұрғылықты жеріне, дінге көзқарасына, нанымына, қай қоғамдық бірлестікке жататындығына, сондай-ақ басқа да мән-жайларға қарамастан құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді.
      44. Ұзақ жылдар бойы Қазақстанда әр түрлі халықтардың бейбіт өмір сүруінің ерекше тәжірибесі жинақталды. Көп этникалық қоғамның қалыптасуы мен бекітілуіне қызметі халықаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған ерекше институт - Қазақстан халықтарының ассамблеясы көп ықпал етті. 2007 жылдың мамырында Қазақстан Республикасының Парламенті барлық сайланбалы билік салаларының маңызын елеулі өзгертетін бірқатар конституциялық түзетулер қабылдады. Маңызды конституциялық реформалардың жаңа бөлімдерінің бірі - Парламент Мәжілісінің депутаттарының санын 107-ге өсуі, оның 9-ы Қазақстан халықтарының ассамблеясынан алынатынды болды. Бұл қадам, сөз жоқ, Ассамблеяның ролін аса жоғары дәрежеге көтерді. Бүгін халықтар ассамблеясы ұлттық тиесілігіне қарамастан барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ететін, барлық этностардың мүдделерін бекіткен Қазақстанның саяси жүйесінің маңызды элементі болып тұр.
      45. Мемлекет этностардың мәдениеті мен тілдерін дамытуға барлық жағдайлар жасауда. Газеттер мен журналдар 11 тілде шығарылады, радио бағдарламалар 8 тілде, ал телебағдармалар 7 тілде шығады. Ұлттық тілдерде шығатын бұқаралық ақпарат құралдардың жалпы тиражы қазақ және орыс тілдегі бұқаралық ақпарат құралдарын санамағанда 80 мың данадан асады.
      46. Этномәдени бірлестіктердің саны біртіндеп өсуде. Олардың саны 621 дейін өсті. 46 этнос өкілдерінің өз орталықтары бар. Қазақ және орыс театрларынан басқа, Қазақстанда тағы төрт - өзбек, ұйғыр, корей және неміс театры жұмыс істейді. Олардың үшеуі - ТМД аумағында біреу ғана. Оқу толығымен өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп бар. 108 мектепте Қазақстанның 22 этносының тілдері өзіндік пән ретінде оқытылады. Осыдан басқа, балалар ғана емес, үлкендер де 30 этностың тілін үйрене алатын 195 арнайы мамандандырылған лингвистикалық орталық ашылды. Қазір оларда 7 мыңнан астам адам оқып жатыр.
      47. Кемсітушілік қылмыстық жазаланатын әрекет болып табылады (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің баптары: 141 "Азаматтардың тең құқықтылығын бұзу", 160 "Геноцид", 164 "Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру"). Бұл қылмыстардың үрдісі төмендегені байқалады: егер 2006 жылы ел бойынша осы санаттағы 42 қылмысы тіркелсе, ал 2007 жылы - 36, 2008 жылы - 34, 2009 жылдың бірінші жарты жылдығында - бар-жоғы 5 қылмыс.

Азаптаудан, зорлық-зомбылықтан, басқа да қатал немесе адамның
беделін түсіретін қарым-қатынастардан қорғау

      48. Қазақстан Республикасының Конституциясымен ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайтындығына кепілдік беріледі.
      49. Ұсталғанның, соның ішінде азаптаудан қорғану құқығын бекітетін "Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы" Заңда бекітілді. Азаптағаны үшін екі жүз айлық есептік көрсеткіштен бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, қылмыстың ауырлығына байланысты бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қылмыстық жауапкершілігі көзделеді. Азаптауларды қолданумен алынған мәліметтерді дәлелдемелер ретінде сотта танылмайды. Азаптаулар құрбандарының өтемақы алуға құқықтары бар.
      50. Құқық қорғау органдарының және пенитенциарлық жүйенің қызметкерлерін, оның ішінде, адам құқықтары саласында халықаралық құқықтық нормаларды және стандарттарды зерттеу мен қолдану бөлігінде оқыту және кәсіби деңгейін көтеру бойынша тұрақты негізде шаралар қабылданып жатыр.
      51. Биліктің құқық қорғау органдары тарапынан азаптауды қолдану фактілері орын алады. Айталық, Жоғарғы Соттың деректері бойынша 2006 жылы азаптағаны үшін 7 адам, 2007 жылы - 7 адам, 2008 жылы - 2 адам сотталған. Билік және басқару, қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар, лауазымды адамдар және мемлекеттік қызметшілердің заңсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) фактілері бойынша істердің өскендігі байқалады. Мысалыға, соттар 2008 жылы - 6 493 істі қараған.
      52. Нақты талдағаннан кейін 2008 жылы Қазақстан Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялады және мемлекеттен тәуелсіз, ұлттық алдын алу тетігін әзірлеу жөнінде міндеттеме қабылдады. Бүгінде осындай тетіктің негізі ұлттық заңнамада бар. Төрт жыл бұрын Үкімет үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдары өкілдерінің қатысуымен өңірлік қоғамдық, байқау комиссияларын құру арқылы қоғамдық бақылауды енгізді. Мұндай комиссиялар ішкі істер органдарында және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде әрекет етеді.
      53. Азаптауларға қарсы Комитеттің ұсыныстарын орындау және азаптауларға қарсы тұру жөніндегі шараларды үйлестіру шеңберінде Әділет министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 - 2012 жылдарға арналған Азаптауға қарсы БҰҰ Комитетінің ұсынымдарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын әзірледі. Осы ұсынымдардың жүзеге асыруда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтарды ұстау негіздері мен тәртібін бекіту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы әзірленді. Бірінші рет заңнамалық деңгейде Заңнама арнайы мекемелердегі адамдарды қабылдаудың және тіркеудің тәртібі мен жағдайлары, олардың құқықтары мен міндеттері, оларға қатысты қабылданған шаралар мен оларды босату тәртібі көзделген. Ерекшелегенде, арнайы мекемелердегі адамдардың посылканы, берілімдерді (сәлем-сауқат), кітаптарды, журналдарды алуға, ата-аналарымен және басқа да адамдармен хат алмасуға және кездесуге, серуендеу мен мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысуға құқықтары белгіленген. Заң жобасының бір новелласының бірі болып қоғамдық бақылау ұғымын қосу табылады, ол арқылы қоғамдық бірлестіктер арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарға көмек көрсетуге, жекелегенде медико-санитарлық қамтамасыз етуде, еңбекті ұйымдастыруда, бос уақытты және білім алуда көмек беруге мүмкіндік алады. Қазіргі уақытта Заң жобасы Қазақстан Республикасының Парламентінде қаралуда.
      54. Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты азаптауларды қолдану туралы азаматтардың шағымдарын қараудың сот практикасын талдауда және қорытуда, соның қорытындысы бойынша 2009 жылдың соңына дейін Жоғарғы соттың тиісті қаулысы қабылданатын болады.

Пенитенциарлық мекемелердегі жағдай

      55. Қазақстан пенитенциарлық жүйені ізгілендіру саясатын жалғастыруда. Осы саясаттың ең маңызды қадамының бірі қылмыстық-атқару жүйесін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағына беру болды.
      56. Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде пенитенциарлық жүйе біртіндеп халықаралық нормалар мен стандарттарға жақындауда. Бүгінгі таңда Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесі бірқатар оң өзгерістерді өткізді, соның қатарында заңнаманың жетілдіруі, сотталғандардың тұрмыс жағдайының жақсарылуы, сотталғандарға толық дәрежедегі көлемде медициналық қызметтерді беру, сотталғандар арасында туберкулезбен ауыратындардың деңгейінің азайуы.
      57. 2008 жылы Әділет министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп сотталған әйелдер, ерлер мен кәмелетке толмағандардың тереңдетілген медициналық алдын алу қараулары бойынша республикалық акция өткізілді.
      58. Қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіруге және оның халықаралық стандарттарға Жақындауына 2006 жыл мен 2009 жылдың 1 жарты жылдығы аралығында республикалық Бюджеттен шамамен 70 млн. АҚШ доллары бөлінген. Бөлінген қаражат шеңберінде түзету мекемелерін қайта жаңғырту қайта құру, әлі посткеңестік және одан да бұрын кезеңде салынған ғимараттар мен құрылыстарын күрделі жөндеу бойынша, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сай жаңа мекемелер салу бойынша шаралар қабылдануда.
      59. Үкімет Парламентке қылмыстық жазаларды орындау жүйесін және қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша Заң жобасы енгізілді. Заң жобасы жазалауды өтеп шығу жағдайын, сотталғандарға қарау тәртібін жетілдіруге; қоғамнан сотталғанды оқшаулауға байланысты емес қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының тиімділігін жоғарылатуға; қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің құқықтық және әлеуметтік қорғануын жақсартуға бағытталған. Заң жобасы жабық түрдегі түзеу мекемелерінде сотталғандарды ұстау тәртібін түбегейлі өзгертеді.

Бостандыққа және жеке басқа қол сұғылмаушылық құқығы

      60. 2008 жылғы 1 тамыздан бастап қамауды соттың санкциялануы енгізілген. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар. Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы беріледі. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы.
      61. Жедел-іздестіру қызметінің ерекшелігіне байланысты адам мен азаматтың құқықтарын сақтау мониторингінің қолданыстағы әдістері қолданыла бермейді. Ведомстволық бақылау шектелген. Сондықтан жеке бас бостандығына құқықтарды бұзуды алдын алу мен жолын кесудің тиімді тәсілі прокурорлармен және Адам құқықтары комиссиясы тұрақты жүргізетін адамдарды ұстаудың және олардың уақытша ұстау изоляторларымен қызметтік үй-жайларда болуының заңдылықтарын тексеру болып табылады. Нәтижесінде соңғы жылдары азаматтарды заңсыз ұстау фактілері азаюда. Сонымен бірге. Ресми орындармен танылмаған қамауда ұстау орындарында адамдарды заңсыз ұстау көбірек анықтала бастады. Мәселен, 2008 жылы прокурорлар 850 заңсыз ұсталған адамды босатты. Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу фактілері бойынша қылмыстық процесті 44 қылмыстық іс қозғалды. Соның ішінде сотқа 24-і жіберілді. Осыған байланысты, қамауды соттық санкциялау рәсімдерін, ұстау тәртібі бөлігінде қолданыстағы заңнаманы нақтылауды енгізу талап етіледі.

Пікір білдіру бостандығы

      62. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес сөз, ой және шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады.
      63. Соңғы жылдарда бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі саласында өте маңызды өзгертулер өткізілді, нәтижесінде 85 % бұқаралық ақпарат құралдары үкіметтік емес болып табылады. Республикада 8 248 бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген (2 513 бұқаралық ақпарат құралдары белсенді әрекет етеді), 212 электрондық бұқаралық ақпарат құралдары, 2 392 шетелдік бұқаралық ақпарат құралы таратылады, сондай-ақ KZ доменде 9 000-нан артық домендік атау тіркелген. 159 бұқаралық ақпарат құралдарының иелері болып қоғамдық ассоциациялар табылады, 11 баспа саяси партиялары мен қозғалыстарға және 10 дін ұйымдарының меншігіне жатады.
      64. 2009 жылғы 6 ақпанында "Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңы қабылданды, ол теледидар және/немесе радиотарату ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бұқаралық ақпарат құралдары есебіне қойылым тоқтатылған, бұқаралық ақпарат құралдардың қайта есептеу рәсімі жеңілдетілген, талапкер мен жауапкер арасында сотта тараптардың тең жарыспалылығы қамтамасыз етілген. Журналисттің қызметін елеулі қиындататын сауалнама жүргізу кезінде журналисттің аудио- немесе бейнежазбаны қолдануға рұқсат алу міндеті жойылған. Мемлекеттік тілдегі телевизияны және радиохабарларды таратудын біркелкілігі туралы норма анықталған, яғни бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік тілдегі теледидарлық және радиобағдарламалық уақыты күнделікті көлемінің басқа тілдегі бағдарламалардың жиынтық көлемінен кем болмауы тиіс. Мемлекеттік тілдегі теледидарлар мен радио бағдарламалардың көлемі жергілікті уақыттың әр бір нөл сағаттан саналатын ұзақтығы алты сағат уақыт аралығын қамтитын басқа тілдегі бағдарламалар көлемінен кем болмауы тиіс.
      65. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерін тарату үшін бас редактордың әкімшілік жауаптылығы, сондай-ақ есепке қоюсыз ақпараттық агенттіктің хабарламасы мен материалдары тоқтатылған. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерінің тираждарын шығу мәліметтерін белгілеусіз мерзімді баспа басылымдарын шығарған кезде тәркілеу тоқтатылған.
      66. Ақпарат тарату үшін интернет-сайттарды пайдалану бойынша қызметті реттеу мақсатында 2009 жылғы 10 шілдеде "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң қабылданды. Интернет-ресурстар (бұқаралық ақпарат құралдарымен айқындалған, алайда басқа Бұқаралық ақпарат құралдарының айырмашылығы олар уәкілеттік органда тіркеуге жатпайды және лицензиялаудан босатылған.
      67. Тоқтата тұру не бұқаралық ақпарат құралдарында шығаруды тоқтату не бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерін тарату тек заңда көзделген тікелей негіздер бойынша меншік иесінің немесе соттың шешімі бойынша ғана мүмкін. Бұндай тоқтату үшін негіздемелер Заңмен тікелей көзделген, оның ішінде: есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорларды, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық басымдықты, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуды, конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, экстремизмді немесе терроризмді насихаттау.
      68. Үкімет 2010 жылдың 3 тоқсанында азаматтарға ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету, ақпаратты еркін алу мен тарату мүмкіндігін беру туралы Конституция нормаларын іске асыруға бағытталған ақпараттарды дамыту мен ақпараттарды қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заңын әзірлейді.

Азаматтардың бірлестікке құқығы

      69. Азаматтардың бірлестік құқығына кепілдік беріледі. Елде заңды тұратын шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстанның азаматтарымен қатар Қазақстан Республикасы заңдарымен және халықаралық шарттарымен тікелей белгіленген жағдайларды қоспағанда, құрылтайшы, мүше және коммерциялық емес ұйымдардың қатысушылары болуы мүмкін. Осылайша, олар саяси партиялардың мүшелері болуға құқығы жоқ. Қазіргі таңда 13 мыңнан астам үкіметтік емес ұйымдар бар, оның ішінде ең белсендісі болып 1 709 үкіметтік емес ұйым табылады.
      70. Қоғамдық бірлестіктер олардың құрылған сәтінен бастап екі ай мерзім ішінде мемлекеттік тіркеуге жатады. Қоғамдық бірлестік құру үшін он адамның бастамашылығы жеткілікті. Мемлекеттік тіркеудің маңыздылығы адам құқықтары саласындағы қазақстандық заңнамаға сәйкес құрылтай және басқа да құжаттар тексерумен қорытындыланады. Қоғамдық бірлестіктерді коса алғанда, барлық заңды тұлғаларды тіркеудің жүйесін жеңілдету бойынша шаралар қабылданады. Атап айтқанда, "жалғыз  терезе" қағидаты бойынша 10 күннің ішінде (бұрын 15 күн болған) тек тіркеу ғана емес, сол сияқты салық және статистикалық есепке қою жүзеге асырылады. Бұл ретте мемлекеттік алым шамамен 50 АҚШ долларын құрайды.
      71. Республикада 10 партия тіркелген. 2009 жылғы ақпанда "Саяси партиялар туралы" Заңына өзгерістер енгізілген, жекелегенде ұйымдастыру комитеттері (ынталы топтар), саяси партиялар қызметтеріне және оларды қаржыландыру тәртіптері жетілдірілген, партия мүшелерінің құрамы 40 000 дейін азайтылды, партия мүшелерінің жалпы санына ықпал етпейтін формалды белгілері бойынша саяси партияларды тіркеуден бас тартудың негіздемелері қысқартылған.
      72. Ішкі саяси тұрақтылықты нығайту мен қоғамды шоғырландыру мақсатында елдің саяси жүйесін жаңғыртудың алдағы кезеңіндегі Мемлекеттің басым бағыттары болып табылуда. Осыған байланысты тұрақтылық пен теңгерімді саяси жүйе бойынша одан әрі қадамдар қабылданатын болады.

Еркін жүріп-тұру, келу және тұрғылықты жер таңдау құқығы

      73 Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбір адам, заңда көрсетілгеннен басқа реттерде, еркін жүріп-тұруға, келу және тұрғылықты жер таңдауға, шетелге еркін шығуға және Қазақстан Республикасына кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар.
      74. Мемлекетпен жүргізіліп жатқан көші-қон саясатының нәтижесінде елге келіп жатқандар, кетіп жатқандардан көбейді. 10 жылда ТМД, Қытай, Монғолия, Түрік және Иран елдерінен тарихи отанына 650 мыңнан астам адам оралды. Сол уақытта Қазақстанның бірегей этноконфессионалдық халық құрамы сақталған.
      75. Шетелдік азаматтардың келу режимі жеңілдетілген. Осылайша, 2009 жылдың қыркүйектегі жағдай бойынша экономикасы дамыған және саяси тұрақты елдерден 45 азаматқа шетелдегі казақстандық консульдық мекемелерінде бір мезгілде визаны бере отырып олардың паспорттарына тіркеу жүргізіледі. Инвесторлық визаның иелерін тіркеу де осындай амалмен жүзеге асырылады. Кейбір көрші елдердің азаматтары (Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан) өту пункттерінде тіркеудің орнына миграциялық карточкаларға белгі қойыла отырып ресімделеді.
      76. 1993 жылы міндетті тіркелім институты жойылды, қазіргі уақытта қолданылымдағы тұратын жері бойынша тіркеу тетігі хабарламалы мінез-құлыққа ие және тек қана мемлекеттік бюджетті қалыптастыру кезінде әлеуметтік-экономикалық және басқа да мәселелерді жоспарлауы үшін халықты статистикалық есептеу, азаматтық мәселелерін шешу, іздестіруде жүрген адамдардың тұрғылықты жерін белгілеу, демографияны, еңбек нарығын және халықты жұмыспен қамтуды реттеу, сондай-ақ тиісті сайлау учаскесінің аумағында тұрғылықты жері бойынша сайлау кампанияларына қатысуын қамтамасыз ету мақсатында әрекет етеді. Бұл тетік автоматтандырылған және жеңілдетілген.
      77. 2009 жылдан бастап биометриалық мәліметтері бар жеке басын куәлендіретін электронды құжаттар беріле бастады. Сонымен бірге берілген жеке басын куәлендіретін құжаттар мен тіркеу туралы мәліметтер Республиканың барлық аумағында әрекет ететін бірыңғай электронды деректер қорына жинақталады. Посткеңестік кеңістікте бұндай қорға ұқсас қорлар жоқ және халықаралық деңгейде ең жақсылардың бірі деп танылған. Азаматтардың жеке мәліметтерін қорғау мақсатында кірудің алыстатылған режимі әрекет етеді. Бірақта, дербес мәліметтерді қорғау тетігін жетілдіру бойынша жұмыстар Үкіметтің тұрақты бақылауында.

Көшіп-қонушылар мен босқындар құқығы

      78. Қазақстан Республикасының Көші-қон саясаты Қазақстанның мемлекеттік саясатының стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады.
      79. Соңғы жылдары Қазақстан еңбек көші-коны шыққан елдер қатарынан шетелдік жұмыс күшінің белсенді ағымы келетін елдердің тобына өтті. Қазақстандағы экономикалық өсім, онымен байланысты 2000 жылдардан бастап жұмыс орны санының өсуі, жалақы деңгейінің өсуі және халықтың табысының өсуі негізгі себеп болды.
      80. Еңбек көші-қонын реттеу кезінде басым бағыт еңбектің ішкі нарығына және мамандандырылған жұмыс күшін тартуға беріледі, осыған байланысты Үкімет жыл сайын шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілейді.
      81. Көші-қон саясаты саласындағы қолданыстағы заңнама пысықтауды қажет етеді. Осыған байланысты, Мемлекет Басшысы Қазақстан Республикасының 2007 - 2015 жылдары арналған көші-қон саясаты тұжырымдамасын бекітті. қараңыз.U110088
      82. 2009 жылдың желтоқсанында Үкімет Парламентке "Халықтың көші-қоны туралы" жаңа Заңның жобасын енгізеді. Онда көші-қон мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тетігі және жауаптылығы белгіленген; көші-қон түрлері мен санаттары айқындалады; жоғарғы инновациялық әлеуеті бар шетелдік мамандардың келуін ынталандыру енгізілген; шетелден қайтып оралған отандастарды және елдің экономикалық перспективі жоқ және экологиялық қолайсыз өңірлерінде тұратын азаматтарын әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары көзделеді.
      83. Қабылданған халықаралық міндеттерді іске асыруда Парламентке "Босқындар туралы" Заң жобасы енгізілген, онда баспана іздеуші адамдардың және босқын мәртебесін алған адамдардың құқықтық мәртебесі ажыратылған, көрсетілген адамдарды қорғау шаралары және олардың құқықтары көзделген, заң жобасының желкелеген нормалары босқын балаларға арналған. Қазақстан босқындар құқығы бойынша халықаралық міндеттемелерді қабылдаған сәттен бастап мұндай мәртебе алған адамды басқа мемлекеттерге бір рет те бермеген.

Адам саудасымен күрес

      84. Қазақстан БҰҰ Адамдарды сатуға және үшінші тұлғалардың жезөкшелікті пайдалануына қарсы күрес туралы, Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы бірқатар конвенцияларының және 1926 мен 1956 жылғы Құлдық туралы екі конвенциясының қатысушысы болып табылады. 2003 жылдан бастап Үкімет жанында құрылған арнайы Ведомствоаралық комиссия қызмет етеді. Адам саудасымен күрес әр түрлі мемлекеттік органдардың мүдделерін қозғайтындықтан жиынтық тәсілді қажет етеді. Сондықтан Үкімет үшінші рет Адам саудасымен күрес бойынша іс-шаралар жоспарын (соңғысы 2009 - 2011 жылдарға арналған) қабылдады.
      85. Осындай қылмыстардың жасырын сипатынан оларды тергеу процесі қиын болады. Сондықтан осындай қылмыстардың құрбандары басқа зардап шегушілер сияқты, олардың қылмыстық тергеуге көмектескен жағдайда "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды қорғау туралы" Заңының шеңберінде қорғауға жатады. 2006 жылдың 2 наурызында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адамды саудаға салуға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңы қабылданды, онда адам саудасы бойынша қылмыстар халықаралық анықтамаларға сәйкестендіріледі, және әкімшілік жаза қаталдандырылуда. Бұдан басқа, оларға қарсы адам саудасы бойынша қылмыс жасалудың салдарынан көші-қон тәртібін бұзған адамдарға қатысты әкімшілік елден қуу қолданбау мүмкіндігі көзделген.
      86. Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу мақсатында ішкі істер органдарымен "STOP трафик" жедел-алдын алу іс-шаралары өткізілуде, нәтижесінде 2008 жылы 6 адам саудасы фактісі, 5 кәмелетке толмағандарды саудаға салу фактісі, 2 адамды тонау фактісі, 5 пайдалану мақсатында бостандығынан айыру фактісі, 107 жеңгетайлық және притонды ұстау фактісі және 5 жезөкшелікпен айналысуға тарту фактісі ашылған. 2009 жылдың 6 айында (қаңтардан бастап) адам саудасымен байланысты қылмыстар бойынша 147 қылмыстық іс қозғалған.
      87. Адам саудасы бойынша қабылданып жатқан шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында баяндауда құқық қорғау органдары белсенді қатысуда, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп ақпараттық компаниялар өткізілуде. Сонымен, 2008 жылы адам саудасымен күрес мәселелері бойынша республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында электрондық масс-медиада 300-ден астам сюжеттер және республикалық баспа шығарылымдарында 400-ге жуық жарияланымдар шықты. Бүгінгі таңда мемлекет адам саудасымен күрес бойынша үкіметтік емес ұйымдарының әлеуметтік маңызды жобаларын қаржыландыруда. Қазіргі уақытта адам саудасы құрбандарын әлеуметтік бейімдеу проблемасы өзекті, соның ішінде арнайы оңалту орталықтары арқылы. Осыған байланысты, 2009 жылдың басынан бастап Әділет министрлігіне адам саудасымен күрес саласындағы әлеуметтік жобаларға қаражат бөлінген. Жобаларды жүзеге асыру үш жылға есептелген. Атап айтқанда үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып адам саудасы құрбандарын оңалту мен уақытша тұруы үшін оңалту орталығын құру бойынша, ақпараттық компаниялар бойынша жобалар жүзеге асырылуда.

Ой-пікір, ар-ождан және дін бостандығы

      88. Қазақстан Республикасының, басқа мемлекеттердің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жеке өзі, сондай-ақ басқалармен бірге кез келген дінді еркін ұстануға немесе ешқайсысы ұстанбауға құқылы, дінге деген, құдайға құлшылық жасауға, діни жоралар мен рәсімдерге, дінді оқып-үйренуге қатысуға немесе қатыспауға көзқарасты айқындау кезінде қандай да бір күштеп мәжбүр етуге жол берілмейді. Діни бірлестіктер мемлекеттен бөлінген және заң алдында тең.
      89. 2009 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында 40 конфессиялар мен деноминацияларды ұсынатын 4,2 мыңнан астам діни бірлестіктер мен ағымдар әрекет етеді. Қазақстанда 20-дан астам діни оқу орындары қызмет етеді.
      90. Бұрыннан белгілі болғандай Қазақстанның көпшілік халқы, 70 % жуық қазақстандықтар исламды ұстанады. Бірақ Қазақстандағы исламның басымдығы басқа сенім-нанымдардың толық қанды қызмет етуіне кедергі келтірмейді. Тәуелсіздік жылдарында исламдық бірлестіктердің саны 46-дан 2441-ге дейін өсті. Бір мезгілде орыс православиелік шіркеудің приходтарының саны 62-ден 293-ке дейін төрт есе, римдік-католиктік шіркеулердің қауымдары 42-ден 86-ға дейін екі есе, евангельдік христиан-баптистар 168-ден 362-ге дейін және жетінші күннің адвентистері 36-дан 66-ға дейін өсті. Протестандық бірлестіктердің саны 521-ден 1 189-ға дейін өсті. Қазірде діни бірлестіктер 44 мерзімді діни басылым шығарады. Бұдан бұрын бірде бір діни газет немесе журнал жоқ болатын. Қазіргі таңда Республикада 20-дан астам елдің 384 миссионері жұмыс істейді, ал 1990 жылы олар бар болғаны 12 адам болатын. Саны аз діни топтарының хабарламалық тіркеуін тәртіпке келтіру мақсатында көрсетілген тіркеу бойынша мемлекетпен көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік стандарттары әзірленді. Осы стандарттарды қолдану діни топтардың жүгінген жағдайында тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарының тарапынан бюрократиялық кедергілерді жояды.
      91. Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, ешкімнің де өз діни сенімдерін себеп етіп азаматтық міндеттерін атқарудан бас тартуға қақысы жоқ. Діни наным себебімен атқарылуға тиіс бір міндетті екіншісімен алмастыруға тек қана Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жол беріледі. Бірақ, баламалы қызмет туралы заң жоқ.
      92. Сындарлы конфессияаралық диалогты орнату маңыздылығына мән бере отырып, Қазақстан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезін өткізудің бастамашысы болды (2003 ж., 2006 ж. және 2009 ж). Осы маңызды форумның тұрақты хатшылығы қызмет етеді. Бұл форумдар елдің сыртқы саясат бағытының дұрыстығын көрсетіп қана қоймай, конфессияаралық ынтымақтастықтың қазақстандық моделінің бірегейлігінің тиімділігін куәлендірді. 2000 жылдан бастап Үкімет және жергілікті атқарушы органдар жанында діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес жұмыс істейді. Осы саладағы кез келген заң бұзушылықтарды анықтау және жою бойынша, сенушілердің діни сеніміне қарамастан бұзылған құқықтарын қалпына келтіру шаралары қабылданады. Деструтивтік діни ағыс тарапының теріс әсерінен зардап шегушіге көмек көрсету мақсатында деструктивті діни ғибадаттардың құрбандарымен жұмыс жөніндегі Орталықтар Қауымдастығы әрекет етеді.

Бейбіт жиналыстар, митингілер бостандығына құқық

      93. Қазақстан Республикасының азаматтары бейбіт және қарусыз жиналуға құқылы, жиналыстар, митингтер мен демонстрациялар, және шерулер және пикеттер өткізеді. Мұндай құқықты пайдалану мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, басқа да азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделерінде заңнамамен шектелуі мүмкін.
      94. Бейбіт жиналыстар өткізу үшін жергілікті атқарушы органға өткізу күні белгіленгенге дейін 10 күннен кешіктірілмей өтініш беріледі. Жергілікті атқарушы орган өтінішті қарайды және ұйымдастырушыларға өтініште көрсетілген іс-шараларды өткізу уақытына дейін бес күннен кешіктірілмей қабылданатын шешім туралы хабарлайды. Белгіленген тәртіп бұзылған жағдайда 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға дейін айыппұл түрінде және бір жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін жауапкершілік көзделеді.
      95. Бейбіт жиналыстар өткізу үшін жергілікті атқарушы орган өзге де уақытты және өтініште көрсетілген бейбіт жиналыстарды өткізу орнын ұсынуы мүмкін. Бұл басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, көліктің, инфрақұрылым объектілерінің қалыпты жұмыс істеуін, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз етумен байланысты. Адам құқықтарын қорғау саласындағы 2009 - 2012 жылдарға арналған ұлттық жоспар формалды негіздер немесе қала шетінде бейбітшілік жиналыстарды өткізу бойынша негізделмеген бас тарту фактілерінің болуына осы саладағы заңды әзірлеуді көздейді. Заң жобасында барлық бейбіт жиналыстардың түрлерін рұқсат алу сипатынан хабарлау сипатына ауыстыру арқылы құқықтық реттеу жорамалдануда.

Әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы

      96. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну саласында мемлекеттің қызметі адам құқықтарын сақтау, ізгілік, еріктілік, әлеуметтік қызметтің атаулығы мен қол жетімділігі, оларды алуда тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету принциптеріне негізделеді.
      97. Зейнетақы әйелдерге 58 жаста, ер адамдарға 63 жаста тағайындалады. 5 және одан да көп бала туған және оларды 8 жасқа дейін тәрбиелеген әйелдерге 53 жаста зейнетке шығу құқығы берілген. Бұрын ауылдық жерде тұратын әйелдер ғана осындай құқық алған. 2009 жылғы 1 қазандағы жай-күй бойынша зейнетақы төлемдерін алушылардың саны 1 647 536 адамды құрады.
      98. Соңғы 10 жылда жыл сайынғы халықтың нақты ақша табысының өсу қарқыны орта есеппен 10% құрады. Зейнетақы мен жәрдемақы 3 еседен астам, степендия 6 есеге өсті. 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін арттыру 12%-ға, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар 11%-ға, сондай-ақ бюджет саласындағы қызметкерлердің жалақысы 25%-ға өсім жүргізілді.
      99. Әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруға үкіметтік емес ұйымдар үлкен көмек береді. Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруға 2009 жылғы мемлекеттің қатысумен бюджетінен 6 млн. Астам АҚШ доллары (1 млрд. теңге) бөлінді.
      100. 2005 жылдың сәуірінде "Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы" Заң қабылданды. 2008 жылдың желтоқсанында арнаулы әлеуметтік қызметтерді беру, арнаулы әлеуметтік қызметтердің, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып нарығын кеңейтудің заманауи моделін құруға бағытталған "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Заң қабылданды.
      101. Мынадай төлемдер жүзеге асырылады: баланың тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы (отбасының кірісіне қарамастан); бір жасқа толғанға дейін бала күтіміне байланысты жәрдемақы (отбасының кірісіне қарамастан); күн көрісі төмен отбасыларының балаларына 18 жасқа толғанға дейін берілетін жәрдемақы. Бұл ретте 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы мемлекет бюджетінен төленетін баланың тууына байланысты берілетін біржолғы жәрдемақы және бала күтімі бойынша жәрдемақы 11%-ға артты (2009 жылғы 1 шілдедегі айлықтық есептік көрсеткіштің өсуін ескере отырып 1 296 теңгеге дейін).

Қолайлы қоршаған ортаға құқық

      102. Конституция әркімнің қолайлы қоршаған ортаға, оның жай-күйі туралы экологиялық құқық бұзушылық пен оның денсаулығына немесе мүлкіне келтірілген зиянды өндіруге шынайы ақпаратқа құқығын бекітеді.
      103. Қазақстан Орхус конвенциясының қатысушысы болып табылады. Орхус конвенциясы Тараптары Кеңесінің ұсынымдары толықтай дерлік ескерілген жаңа Экологиялық кодекс қабылданды.
      104. 2005 пен 2008 жылдар аралығындағы кезеңде негізгі күш-жігер экологиялық ақпаратқа келіп түскен сауалдармен мемлекеттік қызметшілердің жұмыс тәжірибесін жақсартуға бағытталған.
      105. Шаруашылық және өзге де қызметпен қоршаған ортаға белгіленетін ықпал ету бағасын жүргізу кезінде, жоспар алдындағы, жоспарлы, жобалау алдындағы, жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде мемлекеттік экологиялық сараптаманың жариялылығы және Қоғамдық тыңдаулар өткізу жолымен шешім қабылдауға халықтың қол жетімділгі қамтамасыз етіледі.
      106. Қазақстанның Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Астана қаласындағы ЕҚЫҰ Орталығымен, Атырау облысының Әкімдігімен және Экофоруммен бірігіп Атырау қаласында Орхус орталығын ашты. Ол жұртшылықты, соның ішінде Интернет арқылы қоршаған ортаның жай-күйі туралы, қоршаған ортаға едәуір ықпал ете алатын жоспарланып отырған және жүзеге асырылатын қызмет туралы шынайы әрі толық ақпаратпен қамтамасыз етеді, сондай-ақ Орхус Конвенциясының талаптарына сәйкес, әсіресе Жайық-Каспий бассейнінің аумағындағы қоғамдық құқықты бұзатын шешімдерді бұзу туралы шағым беруге қоғамның өкілдеріне мүмкіндік береді.
      Қабылданып жатқан шараларға қарамастан экологиялық апат аймағына жатқызылған (Семей және Арал аймақтары) аумақтарының экологиялық жағдайы қиын болып қалуда. Семей сынау полигонының жерлерін халық шаруашылығының пайдалануына беру мүмкіндігі туралы мәселелер жауапсыз қалуда. Сырдария ланшафттық-жер суландыратын жүйесін кең ауқымды мелорациялау және құру үшін гидротехникалық жер суландыру кешендерін пайдалану табиғи жаратылыс жиынтықтардың едәуір өзгеруіне алып келді.
      Бар проблемаларды шешу үшін қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалануды басқару жүйесін жетілдіру тетігін ұсынатын "2010 - 2020 жылдарға арналған Қазақстанның экологиясы" Мемлекеттік бағдарламасы әзірленіп, талқылануда. Бағдарлама шеңберінде "Жасыл Даму" тұтынысын және өндірістің қалдықтарын басқару жөніндегі Ұлттық орталықты құру ұсынылуда, оның негізгі міндеттері болып қоршаған ортаны қорғау саласындағы қуыс кәсіпкерлікті дамыту, табиғи қорғандық іс-шараларды жүзеге асыру және экологиялық активтерді құру табылады.

Білім алу құқығы

      107. Әркімге білім алу құқығына кепілдік беріледі. Орта білім міндетті және мемлекеттік оқу орындарында тегін. Әркімнің мемлекеттік жоғары оқу орнында конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар. Жеке оқу орындарында ақылы білім алу заңда белгіленген негіздерде және тәртіппен жүзеге асырылады. Қазақстанның дамуының маңызды стратегиялық бағыттарының бірі білім жүйесінің жақындауы, сондай-ақ кадрларды әлемдік стандарттарға қайта даярлау болып табылады.
      108. БҰҰ 2009 жылғы даму бағдарламасының баяндамасына сәйкес Қазақстан халық сауаттылығының деңгейі бойынша 10-шы орынды (99,6%) алуда. Азия даму банкінің мәліметтері бойынша 2008 жылы Қазақстан барлығы үшін білімді дамыту индексі бойынша Азияда бірінші орынды иеленеді, ЮНЕСКО-ның мәліметтері бойынша Қазақстан (129 елден) 2009 жылы барлығы үшін білімді дамыту индексі бойынша әлемде 1-орынды иеленеді. Сауаттылық деңгейі бойынша (177 елден) 14 орынды, TIMSS-2007 зерттеулер қорытындысы бойынша математикадан 5-ші орынды иеленеді. Қазақстанның жоғарғы нәтижесі Республикадағы мектепке дейінгі дайындық және 11 жылдық орта білім міндетті және тегіндігімен байланысты. 12 жылдық орта жалпы білімге көшуге дайындық жұмыстары жалғасуда.
      109. Мектепке дейінгі тәрбиелеу саласында 58 бала-бақша және мектептер жанындағы 67 мини-орталықтар әрекет етеді. 7 733 мемлекеттік мектеп, 115 жеке мектеп әрекет етеді. жалпы оқушылардың 99,3 % мемлекеттік мектептерде оқиды. 144 жоғары оқу орындары әрекет етеді, олардың 55 мемлекеттік, ал 89 жеке мекемелер.
      110. 5-тен 24-ге дейінгі жастағы халықтың 85% біліммен қамтылған. Бала бақшаларда - 2 533 мың, ЖОО-рда - 634 мың, кәсіби лицейлерде - 111 мың, колледждерде - 499 мың адам оқу да, ЖОО-дан кейінгі білімді 12 мың адам білім алуда.
      111. Білім берудің мемлекеттік саясатының негізінде шектеулі мүмкіндіктері бар балаларды қоғамға толық қанды интеграциялау идеясы жатыр. Осы мақсаттарда инклюзивтік білімді даму алынып жатыр. Орта жалпы білімді алудың тең құықтарын мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін шектеулі мүмкіндігі бар балалармен білім берудің арнайы ұйымдары бар. Білім берудің 101 арнайы түзету ұйымдары қызмет етеді.
      112. Халықтың ақпараттық сауаттылығының ауқымды өсімі байқалады. 15 және одан жоғары жастағы халықтың 34 % компьютерде жұмыс істеу қабілеті бар, 20% Интернетті пайдаланады, 12 % ағылшын тілін меңгерген.
      113. Жоғары оқу орындарының нығаюына Үкімет жеткілікті көңіл бөлуде. Осылайша, 2007 - 2008 жылдары 15 университеттік зертхана құруға 25 млн. АҚШ доллары көлемінде қаражат бөлінді. Жыл сайын ЖОО-рдың 200 үздік оқытушысына республикалық бюджеттен ғылыми зерттеулер жүргізу үшін шетелдің жетекші университеттерінде тағылымдаманы қоса гранттар бөлінеді. Бір гранттың мөлшері 18 мың АҚШ долларын құрайды және ол конкурстық негізде тағайындалады. 43 ЖОО ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттарға сәйкес сапа басқару жүйесі енгізілген.
      114. Жаңа ұрпақ кадрларын дайындау мақсатында 1994 жылы Мемлекет басшысы "Болашақ" халықаралық степендиясы бекітілді. Осы бастаманың негізіне шетелде сапалы білім алу үшін талапты жастарға көмек беріп кейін олармен алған тәжірибені мемлекет игілігіне қолдану ойы жатты. 14 жыл ішінде осы бағдарлама бойынша 1 700 астам адам Гарвард, Стэнфорд, Кэмбридж, Сарбонна және басқа да әлемнің ең үздік университеттерінде білім алды. 2005 жылдан бастап казақстандықтарға жыл сайын 3 000-ға дейін "Болашақ" степендиясы тағайындалады. Осы степендия - оның түлектерінің мансапта жемісті өсуінің және кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруының өзгеше кепілдігі. Бүгінгі таңда бағдарламаның көп түлектері мемлекеттік қызметте, мемлекеттік және халықаралық мекемелерде, ұлттық компанияларда жауапты қызмет орнында, және мемлекеттің дамуына өз үлесін қосуда.
      115. 2009 жылдан бастап студенттермен алмасу мақсатында ECTS типі бойынша есептік балдар жүйесі енгізіледі, ол үшін 2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджеттен 700 мыңнан астам АҚШ доллары бөлінді. Қазіргі уақытта бірыңғай білім беру кеңістігіне қатысу және әлемдік стандарттарға сәйкес келуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Болон процесіне қатысу бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде.
      116. Жыл сайын Үкімет білім беруді қаржыландырудың көлемін ұлғайтуда. Қаржыландырудың негізгі үлесі жалпы орта білімге келуде. 2008 жылы білім беруге 4,7 млрд. АҚШ доллары, яғни 2007 жылмен салыстырғанда 25,7% көп бөлінді.
      117. "100 мектеп 100 аурухана" және "20 интелектуалдық мектеп" мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде жаңа мемлекеттік мектептерді салу жүргізілуде. 10 жылда елде 616 жаңа мектептер мен 125 ауруханалар ашылды.

Лайықты тұрғын үйге құқық

      118. Мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары тұрғын үй құрылысын қолдайды, азаматтарды кол жетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі басым ұлттық жобаны іске асырады. Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде тұрғын үй қоры 24 млн. шаршы метрге көбейді, олардың жартысы ауылдық жерлерде.
      119. Тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзімге қаржыландыру және ынталандыру мақсатында Үкімет 2000 жылдан бастап Тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзімді қаржыландырудың және ипотекалық несие беру жүйесін дамытудың бағдарламасын іске асыруда.
      120. "Нұрлы көш" бағдарламасын іске асыру жалғасуда, осы бағдарламаның шеңберінде оралмандар жеңілдік несиелеу тетігі арқылы тұрғын үй алады. Мемлекет барлығынан бұрын ауылдық жерлерде жұмыс істейтіндер жастарға қолдау көрсетуде. 2010 жылдан бастап ауылдық жерлердегі жас мамандарға тұрғын үй алу үшін нольдік ставка бойынша бюджеттік несие және ауылдық жерлерге қоныс аударғандар үшін көтерімдік қаражат беру жоспарланып отыр. Осы мақсаттарға алдағы үш жылға 95 миллион АҚШ доллары бөлінетін болады.
      121. Ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу мүмкіндігінен айырған "Тұрғын үй қатынастары туралы" қолданыстағы Заңның ақаулықтары жойылды.
      122. Антикризистік бағдарлама шеңберінде 2009 жылы Қазақстан халқының қолданыстағы ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру үшін мемлекет 795 млн. жуық АҚШ долларын бөлді. Бағдарламаны іске асырудың алғашқы айлары ішінде 1,5 мыңға жуық үлескер өз пәтерлерін алды. Үстіміздегі жылдың соңына дейін 142 объектінің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр, нәтижесінде 25 мыңнан астам үлескер жаңа пәтер ала алады.

Тегін білікті заңи көмек алуға құқық

      123. Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың білікті заң көмегін алуға қол жеткізуін кеңейту мақсатында тегін (мемлекеттің есебінен) мемлекеттік ақпараттық қызмет көрсету орталықтарының жүйесі әрекет етеді. Үкімет халыққа заң көмегін көрсету жүйесі мен сапасын одан әрі жетілдірмек. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде орталық және жергілікті деңгейде халыққа мемлекеттік адвокаттармен ұсынатын тегін заң көмегінің сапасын бағалау бойынша жобалар көзделуде. Парламентте "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білікті заң көмегін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы талқылануда.

Адам құқықтары саласындағы білім

      124. Құқықтық мәдениеттілік деңгейін арттыру, құқықтық түсіндіру жұмыстарының тәсілі мен түрлерін жетілдіру, құқықтық оқыту мен тәрбиелеудің нәтижелілігін жоғарылату мақсатында "Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарлама" әзірленіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы N 1116 қаулысымен бекітілген.
      125. Қазақстанның социологтар одағы сарапшыларының "Қазақстандағы адам құқықтары: қоғамдық пікір" жобасы шеңберінде жүргізген сұрақ-жауаптары 1500 сауалға жауап берушілердің 52,6% сұратылған адамы Қазақстанда адам құқықтары туралы ақпарат пен оларды қорғау мүмкіндіктері жоқ деп санайтындығын көрсетті. Тек сұратылғандардың үштен бірі - 30,7% адам құқықтары туралы ақпараттың көлемі мен оларды қорғау мүмкіндіктеріне қанағатты, сауалға жауап берушілердің 16,7% жауап беруге қиналды. Алынған нәтижелер халықты құқықтық оқыту мен ашық құқықтық ақпарат орталықтарын құрудың қажеттілігі туралы қорытынды шығаруға мүмкіндік береді. Осындай ашық адам құқықтары жөніндегі ақпарат орталықтарының бірі болып Адам құқықтары бойынша Цифрлық кітапхана бола алады.
      126. 2006 жылдың 27 қыркүйегінен Астана қаласында Қазақстанның халқы үшін құқықтық ақпаратқа еркін кіруге мүмкіндік жасайтын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссияның Цифрлық кітапханасы қызмет етеді. Цифрлық кітапхананы құру Адам құқықтары бойынша іс-қимыл жоспарын әзірлеу процессінің құрама бөлігі болып табылады. Ол Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының, Алматыдағы ЮНЕСКО-ң Кластерлік бюросының, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссиясының біріккен күш салысуымен құрылған.
      Цифрлық кітапхананың маңызды сипаты: көп тілділік және қолданудың жеңілділігі болып табылады. Мақсатты аудитория болып бірінші кезекте ауылдық бірлестіктер, халықтың айрықша әлсіз топтары - мүгедектер, зейнеткерлер, әйелдер, балалар, кедейлер және халықтың құқықтық ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі болмаған топтары табылады.

Әйелдердің құқықтары

      127. Әйелдердің құқықтары мәселелерімен 10 жыл әрекет етіп келе жатқан ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық, саясат жөніндегі Ұлттық комиссия айналысады.
      128. 1999 жылы Қазақстан Республикасындағы әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі әрекеттердің алғашқы Ұлттық жоспары қабылданды. Осы жылдар ішінде Тұрмыстағы әйелдердің азаматтығы туралы конвенцияға қосылуы туралы және әйелдердің саяси құқықтары туралы БҰҰ-ы Конвенцияларын бекітті. Қазақстан әйелдерінің форумы тұрақты түрде өткізіліп тұрады, онда мемлекеттік гендерлік саясатты жүзеге асырудың өзекті мәселелері талқыланады. 2009 жылы Қазақстан әйелдерінің кезекті V форумы өтті.
      129. Үкімет Қазақстан Республикасында 2006 - 2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын қабылдап, іске асыруда. Нәтижесінде тұрақты негізде әйелдердің кәсіпкерлігін қолдау жүргізілуде. Он мыңдай әйел жеңілдетілген несиелер алып өз бизнесін ашты. 2008 жылы әйелдер басқаратын 61 шаруа қожалығы ауылдық несиелік жолдастықтар желісі бойынша несие алды. Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры әйелдерге 20 млн. АҚШ доллары шамасындағы сомаға 10 мыңға жуық несие берді. Гендерлік зерттеулер орталығы құрылды және әрекет етеді. Әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі әрекеттердің Пекин платформасын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасындағы БҰҰ агенттіктерімен тығыз ынтымақтастық орнатылды. Стратегияны іске асыру сәтінен бастап мемлекеттік қызметтегі әйелдердің саны 58%, саяси мемлекеттік қызметшілер лауазымдарында, яғни, шешім қабылдау деңгейінде - 7% дейін өсті. Қазіргі кезде Парламентте әйелдер саны депутаттардың жалпы санынан 14 %, жергілікті өкілетті органдарда - 17,1 % құрайды.
      130. Қазақстандық қоғамдағы жоғары мәртебесіне қарамастан, әйелдер билік органдарында, бизнесте әзірше жеткілікті емес. 2009 - 2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары саласындағы әрекеттердің Ұлттық жоспарында депутаттардың жалпы санынан мемлекеттік биліктің өкілдік органдарында әйелдер үшін 30% дейін жеңілдік орнату, сондай-ақ атқарушы мемлекеттік органдарда шешім қабылдау деңгейінде әйелдердің санын көбейту ұсынылады. Қазіргі уақытта осы ұсыныстар Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаттарымен бастамаланған "Әйелдер мен ерлердің тең құқықтары және тең мүмкіндіктері туралы" заң жобасымен жұмыс шеңберінде талқылануда. 2009 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Парламентінің төртінші шақырылуының III сессиясының ашылуында берген Ел Басының тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес Заң 2010 жылдың 1 шілдесінде қабылданатын болады.
      131. Әйелдердің жасырын кемсітушілікке ұшырау жалғасуда. Сондықтан осы құбылысқа қарсы тұру мәселесіне терең назар аударуға ниетті. Зорлықпен, әсіресе тұрмыстық зорлықпен қарсы күрес өзекті мәселе болып табылады. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің деректеріне 2009 жылдың бірінші жартыжылдығында 567 зорлық және зорлық жасауға қастандық жасалған. 2008 бен 2007 жылдардың осы кезеңдерінде тиісінше 680 және 681 зорлық жасалған. 2009 жылдың 6 айында жасалған 800 кісі өлімі мен өлтіруге қастандықтың ішінен қылмыс құрбандары ретінде 24 % әйел, 37 жәбірленуші кәмілетке толмағандар болған. Осы орайда, "Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңның жобасы әзірленді және қабылдау үшін Парламентке енгізілді. Аналардың өлу деңгейін төмендету мақсатында ана мен бала өлімін төмендету жөніндегі  мемлекеттік бағдарлама іске асырылуда. Ана мен бала Ұлттық ғылыми орталығы, Республикалық балаларды оңалту орталығы жұмыс істейді. Әйелдер арасында сүт бездерінің төмендету бойынша арнайы бағдарлама іске асырылуда, осыған орай тұрақты түрде барлық әйелдердің денсаулығының күй-жайының профилактикалық тексерістер жүргізіледі.

Балалардың құқықтары

      132. Балалық шақ мемлекеттің қорғауында болады, сол үшін балалардың құқықтарын қорғаудың тетіктері мен нысандары іске асырылуда. Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері "Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары туралы" жеке Заңның пәні болып табылады. Қазіргі уақытта Парламент "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" жаңа Кодексінің жобасы қаралуда. Үкімет "2007 - 2011 жылдарға арналған Қазақстанның балалары" бағдарламасын іске асыруда.
      133. Екінші және үшінші кезеңдік баяндамаларды қорғаудың қорытындысы бойынша, бала құқықтары жөніндегі БҰҰ-ы комитетінде Мемлекет басшысы 2009 - 2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ювенальды әділет жүйесін дамытудың тұжырымдамасын бекітті. Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде арнайы ювеналдық соттар құрылды. Осындай соттарды, ювеналдық полицияны, жаппай құру, жазаны орындау жүйесінде пробация қызметін құру бағытында жұмыс жалғасатын болады.
      134. 2008 жылы "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы"  Заңқабылданды, соның шеңберінде, мемлекет есебінен, оның ішінде, қиындық өмірлік жағдайда қалған, оның ішінде қатыгез іс-әрекеттен зардап шеккен мүмкіндігі шектеулі мүгедектер адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.
      135. Жыл сайын Үкімет, мүгедектер, ауыл балалары және ата-аналарының қарауынсыз қалған балалар, осындай санаттағы балаларға ЖОО түскен кезде квота белгіленеді.
      136. Парламенттің қарауында Заң жобасы қаралуда, соған сәйкес 2010 жылдан бастап: балалардың жәрдемақыларының мөлшерін одан әрі көбейту; мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар мен (қамқоршыларға) ең төменгі жалақы мөлшерінде-айлық жәрдемақыны енгізу; көп балалы аналарға арнайы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерін көтеру көзделеді.
      137. Парламентте "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" жаңа Кодексінің жобасы талқылануда. Онда балалардың жағдайын жақсартатын новеллалар көзделген. Олардың ішінде - күндізгі нысанда оқитын балаларға 21 жасқа дейін алименттер төлеу, алименттік төлемдерді аударудың уақытылы еместігі үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігі, азаматтардың алименттері бойынша берешегі жоқтығын растаусыз Республикадан тыс шыға алмауы. Кодекс жобасында бала асырап алу, оның шетелдіктердің мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді.
      138. Қолдағы статистикалық мәліметтер бойынша, 2008 жылы шетелдіктер Қазақстанның 733 азаматын асырап алған, олардың жартысынан көбісін (335) АҚШ, 149 - Испания, 59 - Бельгия азаматтары. Қазақстан азаматтары 3277 баланы асырап алған. Кодекс жобасында бала (қыз) асырап алу бойынша арнайы тарау көзделген. Жоба бойынша Қазақстанның балаларын халықаралық бала (қыз) асырап алу балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында Қазақстанмен тең мағыналы халықаралық міндеттемелері бар елдерге ғана мүмкін. Бала асырап алу мәселесімен айналысатын агенттіктерге балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы уәкілетті органда аккредитация өту қажет болады.
      139. Жетімдіктің алдын алу - қазақстандық билік қызметіндегі негізгі бағыттардың бірі. 2006 жылы жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға 51 294 бала, 2007 жылы - 48456 бала, 2008 жылы - 46 126 бала, 2009 жылы (6 айға) - 46 126 бала тіркелді.
      140. Үкімет "Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы" Заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобасын әзірледі. Жасөспірімдер үйлерінде әлеуметтік бейімделуден өтетін тұлғалардың шеңберін кеңейтуге мүмкіндік беретін жасөспірімдер үйлеріне өзіндік мәртебе беру жоспарланып отыр.
      141. Бала құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы Заң жобасы Парламенттің қабылдау сатысында тұр. Заң жобада балаларға қарсы жасалған қылмыстар үшін немесе балаларды қылмыстарға тартқаны үшін қылмыстар мен құқық бұзушылықтар үшін қылмыстың және әкімшілік жауапкершілік күшейді.

Денсаулықты сақтау

      142. Қазақстан Республикасының Конституциясы әркімнің денсаулығын сақтауға және заңда белгіленген кепілідендерідің медициналық көмек көлеміне құқығын көздейді. Мемлекеттік және жекеше емдеу мекемелерінде, сондай-ақ жекеше медициналық практикамен айналысатын адамдардан тегін медициналық көмек алу заңда белгіленген негіздерде және тәртіппен жүргізіледі.
      143. АҚТҚ-жұқпасын таралуын тұрақтандыру бойынша іс-шаралары Үкіметтің Қазақстан Республикасында ЖҚТБ індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі 2006 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес өткізілуде. Бағдарламаның мақсаты АҚТҚ-жұқпасын бас сатыға ауысуына жол бермей, оның таралуын шоғырланған сатыда тұрақтандыру болып табылады. Нәтижесінде Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының бағалауынша Қазақстан қазіргі уақытта індеттің шоғырланған сатысында және халық арасында індеттің таралуы деңгейі 0,15% аспайды, бұл дүниежүзілік ортақ көрсеткішінен бес есе және Шығыс Еуропа мен Орталық Азия аймағының орташа деңгейінен төрт есе аз.
      144. Медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту және технологиясы жоғары денсаулық сақтау жүйесін дамыту үшін "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекс қабылданды. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мен фармацияда мемлекеттік стандарттардың жаңа моделі ендірілді. Кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамыту бағдарламасын және Қан қызметін жетілдіру бағдарламасын іске асыру жұмыстары жалғастырылуда. Алайда, халыққа, әсіресе шалғайдағы халыққа медициналық көмек сапасы мен қол жетімділігі күрделі болып қалуда.
      145. Қазақстан мемлекетінің саясатында маңызды тұс Қазақстан азаматтарын: жедел медициналық көмекті; амбулаториялық-поликилинкалық медициналық көмекті (бастапқы медициналық-санитарлық және консультативтік-диагностикалық көмекті); стационарлық көмекті; стационарды ауыстыратын көмекті қамтитын тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемімен қамтамасыз ету болып табылады. Жүкті әйелдерге, 5 жасқа дейінгі балаларға қажетті дәрілік құралдарды мемлекет тегін бөледі.
      146. Қазақстан Республикасының демографиялық саясаты халықтың өмір сүру ұзақтығын ұлғайтуға, өлім-жітім деңгейін қысқартуға, туудың өсуіне, ішкі және сыртқы көші-қонды реттеуге, халықтың денсаулығын сақтау мен нығайтуға және осы негізде елдегі демографиялық ахуалдық жақсартуға бағытталған. Туу көрсеткіші 2007 жылы - 20,79, 2008 жылы - 22,75. Өлім-жітім көрсеткіші 2007 жылы - 10,22, 2008 жылы - 9,74 құрады.
      147. Жоғары технологияларды қолдана отырып, мамандандырылған медициналық көмек (жоғары мамандандырылған) республикалық және облыстық деңгейлерде көрсетіледі. Республикалық маңыздағы клиникаларға жатқызу квота бойынша жүзеге асырылады. Қазақстан аумағында емдеу көрсетілмейтін ауруы бар науқастан "Шетелде емделу" бюджеттік бағдарламасы бойынша өзге мемлекеттерге медициналық көмек алу үшін жіберіледі. 2007 жылы осы бағдарламамен 82 адам, 2008 жылы - 103 адам, 2009 жылдың 7 айында - 55 адам жіберілді, алайда, осы бағдарлама барлық мұқтаждарды қамтымайды, сондықтан өзінің ұлттық жоғары технологиялық орталықтар мен клиникалар құру мәселесі пысықталуда.
      148. 2005 жылдан бастап медициналық ұйымдарды медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен, санитарлық көлікпен жарақтандыру жүзеге асырылуда. Медициналық ұйымдарды жарақтандыру деңгейі 2,5 есеге артық жақсарды. 2005 жылдан бастап 1104 жас мамандардың шетелде даярлануы жүзеге асырылды және 2006 жылдан бастап Қазақстанда мамандарды оқыту үшін шетелден мамандар шақырылды.
      149. Халық арасында аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 2008 - 2016 жылдарға арналған "Салауатты өмір салты" мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда. Осы үшін Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығы құрылды. Облыстық және аудандық деңгейлерде осы ұйымның құрлымдары жұмыс істейді.

VI. ӘРЕКЕТТЕР МЕН ЖЕТІСТІКТЕР

      150. Адам құқықтары саласындағы халықаралық инструменттерді бекітудің маңыздығына қарамастан негізгі қиындық оларды тиісті қолдануда екенін Қазақстан жақсы түсінеді. 2004 жылы адам құқықтары бойынша халықаралық гуманитарлық құқық және халықаралық шарттар бойынша Үкімет жанындағы Ведомствоаралық комиссияның басшылығымен халықаралық міндеттемелерді орындау бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру тетігі құрылды. Комиссия шеңберінде қабылданған халықаралық міндеттемелерді орындау мониторингін жүзеге асыруға көмектесетін адам құқықтары жөніндегі бекітілген халықаралық шарттардың ережелерін орындау туралы елдік баяндамаларды дайындау бойынша жұмыс жүргізілуде. Комиссия қызметін белсендірету кажет.

Өлім жазасы

      151. Қолда бар конституциялық нормаға қарамастан, Мемлекет басшысының қарарымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Адам құқықтары саласындағы 2009 - 2012 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарында өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Екінші Факультативтік Хаттаманы ратификациялау ұсынылды. Сондықтан өлім жазасын сатылап жою бағытында жұмысты жалғастыра беру керек.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды қорғау

      152. Қазіргі уақытта Қазақстанда 424 149 мүгедек адам бар, олардың 45 582 - 16 дейінгі балалар.
      153. 2008 жылы Премьер-Министрдің өкімімен Қазақстанның 2008 жылдың желтоқсанында кол қойған аталған Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияны және оған Факультативтік хаттаманы имплементациялау үшін қажетті шарттарды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылды.
      154. Шектеулі мүмкіндіктері бар адамдар үшін әлеуметтік жағдайлар жасау үшін мемлекет аз жұмыс жасамай жатқанын атап өткен дұрыс. Осылайша "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңның қабылдануымен мүгедектерді оңалтудың жүйелі моделі жасалды, ол медициналық, әлеуметтік, кәсіби оңалтуды қамтиды.
      155. Мүгедектікті белгілеу кезінде әкімшілік кедергілерді жою бойынша шаралар қабылдануда. Осылайша, Анатомиялық ақаудың тізбесі 27-ден 44-тармаққа дейін көбейтілді, онда мүгедектік тобы қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленеді.
      156. Мүгедектерді қоғамға жан-жақты шоғырландыру, мүгедектік деңгейін төмендету шаралары қабылдануда. Айталық, 102 мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекеме, мүгедектерге арналған 10 оңалту орталығы, 130 мүгедек балаларды тәрбиелейтін отбасыларға үйге барып әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі, 321 мүгедектер мен қарттарға үйге барып әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі жұмыс істейді. Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектерге протез-ортопедиялық көмек, арнайы қозғалыс құралдары, техникалық қосалқы (компенсаторлық) құралдар, санаториялық-шипажайлық емдеу, сондай-ақ ыммен түсіндіру мамандарының, дербес көмекшілердің қызметі беріледі.
      157. Мүгедектерді жұмыспен қамту шаралары қабылдануда. Жергілікті атқару органдары жұмыс орнының жалпы санының 3 пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орнының квотасын белгілейді; жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын құрады.
      158. "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңның шеңберінде мемлекет балаларға кәмелетке толғанға дейін кешенді әлеуметтік, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсетеді. Республикада арнайы ұйымдардың жаңа түрлері: психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (56), оңалту орталықтары (15), психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері (119), логопедтік пункттер (283) әрекет етеді.
      159. Үйде тәрбиеленіп, оқытылатын мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына және заңды өкілдеріне материалдық қамсыздандыру төленеді. Парламентте 2010 жылдан бастап аталған адамдарға жалақы төлеуді көздейтін заң жобасын қаралуда.
      160. Үкіметтің жанында үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі жұмыс істейді. Оның жұмысының мақсаты - мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оларды қоғамға толыққанды шоғырландыру мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу.

Жұмыссыздыққа қарсы күрес

      161. Бүгінгі таңда мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі - халықтың жұмыссыздығына қарсы күрес болып табылады. 2009 жылдың 3 тоқсанында жұмыссыздықтың деңгейі 6,3% құрады.
      Өткен кезеңде шараларды тұрақтандыруға мемлекет өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын қабылдады, оны жүзеге асыруға 19 млрд. АҚШ доллары жұмсалды. Бүгін біз қабылданып жатқан шаралардың оңды нәтижесін сезінудеміз. Әлеуметтік, әсіресе жастар арасында жұмыс орындарын сақтау мақсатында Үкімет, жергілікті билік органдары және ірі жұмыс берушілер арасында үш жақты меморандумды жасасудың практикасы қалыптасты. Өңірлерде 5 мыңнан астам инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, 2009 жылы 393 мыңға жуық жұмыс орны құрылды. Стратегияны іске асырудың нәтижесінде экономикалық төмендеудің жағымсыз тенденциясын жоюға, экономиканың жекелеген секторларындағы жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді.
      162. Қазақстандық кәсіпкерлер айтарлықтай қолдау табуда. Шағын және орта бизнес 893 млн. АҚШ долларын игерді. Бағдарламаны барлығы 2,5 мың шағын кәсіпкерлік субъектілері пайдаланды. Олар 4 мың 700 жаңа жұмыс орны құрылды. Екінші кварталда 2009 жылдың бірінші кварталымен салыстырғанда шағын және орта бизнес өнімдерін өндіру 19% өсті. Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша ТМД елдері арасында Қазақстан дағдарысқа қарсы саясаттың тиімділігі индексі бойынша көш бастап келеді.
      163. Еңбек өндірісін, кәсіби білім беру сапасын, қазақстандық мамандардың біліктілік деңгейін арттыру мәселелері өзекті болып отыр. Бұл мақсатқа бюджеттен 1 млрд. жуық АҚШ доллары бөлінді.

Жемқорлыққа қарсы күрес

      164. Жемқорлық күрес бойынша мемлекеттің күш салу мақсатының көрінулері адам және азаматтың құқықтарының бұзылуын қалыпқа келтіру болып табылады. Осыған байланысты, Қазақстан 1998 жылы посткеңестік кеңістікте бірінші рет "Жемқорлықпен күрес туралы" Заңын қабылдады. Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттік, ҚР Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия арнайы орган құрылды. 2008 жылы Қазақстан БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын және БҰҰ Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын ратификациялады.
      165. Мемлекет Басшысымен 2009 жылдың 22 сәуірінде "Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Жарлығына қол қойылды, бұл қарастырылып жатқан салада жүргізіліп жатқан әкімшілік реформалар мен басқа да өзгертулер таңында дер кезіндегі және талап етулі болып табылады.
      166. Біздің қоғамымыздағы қалың бұқара топтарын, саяси партияларын, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Жалпы ұлттық жоспар жүзеге асырылуда.
      167. Алайда, тәжірибе көрсеткендей осы әлеуметтік жамандыққа табысты қарама-қайшы тұру үшін тұрақты жетілдіру және жемқорлық көріністерінің алдын алу мен жолын кесудің жаңа тетіктерін құру қажет. Жемқорлықпен күресте кейбір жетістіктерге қарамастан жемқорлыққа қарсы жүйе барынша тиімді және толық жұмыс істейді деп айту әзірше болмайды. Жемқорлық құқық бұзушылық статистика жағымсыз болып қалуда. Сондықтан Қазақстан өзінің тәсілдерімен бөлісіп қана қоймай, дүниежүзінің басқа да елдерінің жемқорлыққа қарсы жұмыстарының нәтижелі тәжірибелерін зерделеп және қолданады.

Сот төрелігі

      168. Мемлекет Сот жүйесін 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы шеңберінде сот жүйесін жетілдіруді жалғастырады. Қазіргі уақытта Парламенте "Қазақстан Республикасының ҚылмыстықҚылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы қаралуда. Ол оның бөлек звеноларын, тараптардың бәсекелік принципін одан әрі жүзеге асыруды азаматтардың сот әділдігіне қол жеткізуін кеңейтуді жақсарту көмегімен Республиканың сот жүйесін жаңғыртуға бағытталған. Республикада қолайлы үш звенолы сот жүйесін аяқтау болжамдауда. Бірінші звено - бірінші сатыдағы азаматтық, қылмыстық істерді қарастыратын болатын аудандық және оған теңестірілген соттар. Екінші звено - аппеляциялық және шағымдық істерді қарастыратын болатын облыстық және оған теңестірілген соттар. Үшінші звено - істерді тек қана қадағалау тәртібінде қарастыратын болатын Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты.
      169. Қазақстан Республикасында 2007 жылдан бастап алқа билердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізу енгізілді. 2007 жылы алқа билердің қатысуымен 36 іс қаралды (3 адам ақталды), 2008 жылы 42 іс қаралды (5 адам ақталды). 2009 жылы (6 ай ішінде) 34 іс қаралды (9 адам ақталды). Қазіргі уақытта Парламентте айыпталушыға (сотталушыға) оның ісін процестің кез келген сатысында, тіпті басты сот талқылауын тағайындағанға дейін алқа билердің қатысуымен қарау туралы өтініш жасау құқығын беретін түзетулер қаралуда. Мамандандырылған ювеналды, әскери, экономикалық, әкімшілік соттар жұмыс істейді.
      170. Мемлекет:
      - қылмыстық процесті жеңілдету және оның тиімділігін арттыру, оның ішінде сотқа дейінгі іс жүргізу тәртібін оңайлату;
      - тергеуге дейінгі тексерудің шегін айқындай отырып, оны заңнамалық регламенттеу;
      - қамауға алуға балама бұлтартпау шараларын, оның ішінде кепілді қолдануды кеңейту үшін жағдай жасау;
      - тараптардың келісуіне және келтірілген зиянның өтелуіне негізделген сот төрелігін қалпына келтірудің жаңа институттарын бірте-бірте енгізу;
      - сотта олар бойынша қылмыстық қудалау және айыптау жеке, сондай-ақ жеке-жариялы тәртіппен жүзеге асырылатын қылмыстық істер санаттарын кеңейту мүмкіндігі;
      - алқабилердің қатысуымен сот қарайтын қылмыстық істер санаттарын біртіндеп кеңейту;
      - айыпталушылар мен күдіктілерге ғана емес, сонымен бірге жәбірленушілерге, куәлерге де қылмыстық істер бойынша білікті заң көмегін ұсыну тетігін одан әрі жетілдіруді қоса алғанда, қылмыстық сот ісін жүргізуді одан әрі дамытуды мақсат етеді.
      171. Қылмыстық саясат мынадай бағыттар бойынша дамитын болады:
      - аса қоғамдық қауіп туғызбайтын құқық бұзушылықтарды қылмыстық сипаттан арылту;
      - кәмелетке толмағандардың құқықтарына қауіп төндіретін қылмыстар үшін, ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдастық құрамында қылмыс жасағаны үшін, қайталап қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықты күшейту;
      - бас бостандығынан айырумен байланысты емес қылмыстық жазалауды қолдану саласын кеңейту;
      - қолданыстағы жазаларды жазаның әділдігі қағидатымен сәйкестікке келтіру;
      - мемлекеттік мәжбүрлеудің балаламалы шараларын енгізу;
      - өлім жазасын қолдану саласын кезең-кезеңмен тарылту курсын жалғастыру.

Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл

      172. Көші-қон бақылауының тиімсіздігі ел аумағын экстремизмді тарату мақсатында каналдарын трансұлттық қылмыстық ұйымдар жиі қолданатын заңсыз көші-қон үшін "транзиттік дәліз" ретінде пайдалануға әкеледі.
      173. Діни процестерге сыртқы ықпалдың артуына байланысты елде теріс пиғылды сипаттағы дәстүрлі емес, соның ішінде экстремистік бағыттағы діни ағымды насихаттайтын шет елдік эмиссарлардың қызметі аса қауіп туғызады. Мемлекеттің географиялық орналасуының арқасында және тұрғындардың діни мәселелерден нашар хабардар болуын ескере отырып, халық арасында, ең алдымен жастар арасында экстремизм идеясының таралу мүмкіндігі жоқ емес.
      174. Осыған байланысты заңнаманы, осы қауіптің таралуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауды және жоюды болжамдайтын жалпымемлекеттік экстремизмге қарсы іс-қимыл жүйесін жетілдіру бойынша одан әрі оң бағыттағы жұмыс жүргізілуде. Халықтың бірінші кезекте жастар арасында экстремизм ойына жағымсыз жағдайды жасауға бағытталған азаматтық қоғамның институттары және құрылымдарымен бірлесіп ақпараттық-насихаттау жұмысын қарқындандыруды талап етеді. Қазіргі уақытта БҰҰ терроризмге қарсы күрес жөніндегі конвенцияны ратификациялау бойынша шаралар қабылдануда. Алайда, халықтың бірінші кезекте жастардың экстремизм ойына жағымсыз жағдайды жасауға бағытталған институттар және азаматтық қоғамның құрылымдарымен бірлесіп ақпараттық-насихаттау жұмысын қарқындандыруды талап етеді.

VII. ҰЛТТЫҚ БАСЫМДЫҚТАР МЕН БАСТАМАЛАР

      175. Қазақстан кедейліктің төмендеуі саласында, бастапқы білім беруге кол жеткізу және әйелдер құқығын жоғарылатуда мың жылдықтың даму мақсатын жүзеге асырды, сондай-ақ қалған мақсаттарды орындауда едәуір іргеліреуге жетті. Салыстырмалы қысқа уақыт аралығында үлкен жол жүрілді. Мемлекет жеткен жетістіктерінде тоқтау ниеті жоқ, осы бағыттағы жұмыс жалғасуда. Үлкен кешенді өзекті проблемаларды шешу кажет. Демократияны құру - бұл процесс бастамасы бар ал соңы жоқ процесс. Бірақ қозғалыс векторы бар, және Қазақстан қозғалысы мен тәуелсіздіктің бірінші күндері сайланған бір қатар және екі бағытты емес біздің лидеріміз. Бұл демократиямыздың аса дамуына, заңның үстемдігі мен барлығының және әркімнің құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қозғалыс.
      176. Адам құқықтарын қорғау жөніндегі заңнаманы одан әрі жетілдіру мақсатында Адам құқықтары саласындағы 2009 - 2012 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары қабылданды. Жоспар адам құқықтарын қорғауды жетілдірудің шоғырландырылған бағдарламасы болып табылады. Бұл Орталық Азия елдерінің тарихындағы мұндай деңгейде дайындалған алғашқы құжат.
      177. 2009 жылғы 24 тамызда Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі кезекті Құқықтық саясат тұжырымдамасын бекітті. Онда адам құқықтары саласындағы норма шығару қызметін дамытудың негізгі бағыты белгіленген.
      178. Қазақстан Республикасы үкіметтік емес ұйымдардың мәртебесін жетілдіреді, қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді, адам құқықтарын қорғаудың құқық қорғау тетіктерін нығайтады.
      179. Мемлекет азаматтық бастаманы, әсіресе жергілікті өзін-өзі басқару институты арқылы дамыту үшін одан әрі жағдай жасауға ынталы.
      180. Қазақстан Республикасы мемлекеттік емес ұйымдар (медиация институты) арқылы халыққа мемлекеттік қызмет көрсету тетігін, азаматтардың құқықтарын қорғау тетігін жетілдіру шараларын қабылдайды.
      181. Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің әлеуметтік саясатының перспективалық бағыттары - әлеуметтік серістестік құралдарын қолдану, зейнетақы активтерін орналастыруға арналған жаңа қауіпсіз қаржылық құралдарды құру, азаматтардың жекелеген санаттарын, әсіресе әлеуметтік төлемдер жалғыз тіршілік көзі болып табылатын адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру болады.
      182. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары саласындағы 2009 - 2012 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарында Халықаралық қылмыстық сот Римдік статутын ратификациялау ұсынылды. Осы мәселе қажетті дайындық іс-шараларын өткізгеннен соң Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын күшейту көзқарасынан қарастырылатын болады.
      183. Интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы азаматтардың құқықтық сана-сезімін, тұрғындардың арасында құқықтық насихаттың сапасын арттыру жөніндегі жұмысты жалғастырған жөн, азаматтардың күнделікті өмірінде барынша сұранысқа ие құқық салаларында ғылыми зерттеуді жандандыратын болады.

ҚОРЫТЫНДЫ

      Адам құқықтарын қорғау дәстүрі және демократия қағидаттары қазақ жерінде біздің халқымыздың тарихының тереңінен тамыр алады. Тарих ғылымында "дала демократиясы" деген феномен өте танымал. Онда орта ғасырлық қазақ қоғамының заңдық нормаларында қауымның әр мүшесіне билікке белгілі жеке тұлғаның немесе адамдар тобының тікелей мүдделерін қозғайтын мәселелерде өз дәлелдерін айтуға мүмкіндік беретін дәстүрлер болған. Бұл адам мен азаматтың іргелі құқықтарының бірін - сөз бостандығына құқығын қорғаған. Жүздеген жылдар бодандық езгісінде күй кешіп, Қазақстан халқы ұлттық тәуелсіздігін қайта алды. Ол жалпыхалықтық референдумда қабылданған Конституция арқылы жарияланды. Демократиялық және құқықтық мемлекет құру ұлттың одан әрі дамуында басты мақсат болып табылады. Мұнда адамның іргелі құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда ең үздік әлемдік тәжірибеге бейімделуге, қоғамның игілігі үшін оның қабілетін ашуға басымдық бере отырып, барлық сақталған бұрынғы дәстүрлер ескерілген.
      Қазақстан әлеуметтік, саяси және экономикалық салаларда күрделі реформалар кезінде тұрақтылықты сақтау үшін барынша күш жұмсады. Тәуелсіздіктің жиырма жылға жуық кезеңінде ұлттық мемлекет жасау жөніндегі қазақстандық жоба қоғамдастықта өз бағасын алды. Бұған Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағалық етуге сайлануы дәлел.
      Негізгі "демократияландыру және саяси ырықтандыру элементтерін" іске асыру нәтижесі табысты жұмыс істейтін кәсіби екі палаталы парламент, тәуелсіз сот билігін және атқарушы органдар құрылымдарын құру, көппартиялылық, сөз бостандығына және бірлестік кепілдігі, цензураға тыйым салу, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының және үкіметтік емес ұйымдардың серпінді дамуы болды.
      Қазақстан дінге либералдық қарым-қатынасты және барлық конфессияларға төзімділік танытады. Осы таңдаудың дәйекті бейілділігі нәтижесінде көп ұлтты және кем конфессионалды Қазақстанда бейбітшілік пен келісім сақталуда, әлеуметтік-экономикалық қарышты даму қамтамасыз етілуде, барлық географиялық және геосаяси бағыттарда біздің халықаралық, серіктестерімізбен қарым-қатынас нығайып, кеңейуде.
      Қазақстан Республикасы адамның құқығы мен бостандықтарын қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтіп, нығайтатын болады, БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің шеңберінде тең құқықты және сындарлы диалог құрады және әмбебап мерзімді шолудың барлық процесінде жан-жақты қатысуға ұмтылады.
      Қазақстанға ашық, әділ және талдамалы бағалаулар қажет. Олар бізге біздің адамдардың мұқтаждықтары мен жағдайын дұрысырақ түсінуге, барлық қазақстандықтардың өмір сапасын жақсарту үшін күш салуды біріктіріп және жинауға көмектесуі тиіс.
      Қазақстанның Үкіметі БҰҰ адам құқықтары бойынша кеңесінің адам құқықтарын қорғау мен жоғарылатудағы көрсетіп жатқан көмектерін жоғары бағалайды. Қазақстан Республикасы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтатын және кеңейтетін, Кеңес шеңберінде тең құқылықты және конструктивтік диалогты реттейтін, ӘБШ барлық процесстерінде жан-жақты қатысуға тырысатын болады.

ҚОСЫМША

1-қосымша

2009 жылдың 1 қаңтарына Қазақстан Республикасы халқының
ұлттық құрамы:


мың адам

%

Барлық ұлттар

15776,5

100,0

Қазақтар

9540,8

60,5

Орыстар

3869,7

24,5

Өзбектер

463,4

2,9

Украиндықтар

422,7

2,7

Ұйғырлар

241,9

1,5

Татарлар

226,8

1,4

Немістер

221,0

1,4

Кәрістер

103,9

0,7

Әзірбайжандықтар

94,0

0,6

Белорустар

87,1

0,6

Түріктер

89,1

0,6

Дұнғандар

49,6

0,3

Поляктар

39,9

0,3

Курдтар

39,7

0,3

Шешендер

36,6

0,2

Тәжіктер

34,3

0,2

Басқалар

216,1

1,4

2-қосымша

Жас топтары бойынша өлім көрсеткіші


Өлгендер саны, адам

1 000 адамға өлгендер саны

2007

2008

2007

2008

Барлығы

158297

152706

10,22

9,74

01)

4646

7322

14,57

20,76

1-4

1119

1066

1,07

0,95

5-9

497

477

0,46

0,43

10-14

672

500

0,53

0,41

15-19

1757

1574

1,15

1,06

20-24

3195

2971

2,12

1,92

25-29

4484

3858

3,54

2,98

30-34

5513

4882

4,75

4,15

35-39

6013

5282

5,57

4,83

40-44

7737

6449

7,26

6,17

45-49

10302

9230

9,51

8,43

50-54

11527

10390

13,53

11,71

55-59

12376

11726

18,31

16,74

60-64

8862

9003

26,23

23,68

65-69

18136

15730

37,09

35,96

70-74

16362

17675

52,38

50,25

75-79

18123

16379

81,77

78,77

80-84

14488

15793

118,01

117,88

85-89

6842

7333

186,84

184,81

90-94

3367

3173

313,76

308,72

95-99

1157

1084

456,30

404,78

100 &

347

369

462,44

508,26

3-қосымша

Ана өлімі*

Жылдар

Жүктілер, босанатындар, босанғандар өлімінің саны, адам

100 000 тірі туылғандарға

2003

104

42,1

2004

100

36,9

2005

114

40,5

2006

138

45,6

2007

153

46,8

2008

113

31,0

*ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша

4-қосымша

Өңірлер бойынша өлім себептері жөніндегі жүктілер,
босанатындар, босанғандар өлімінің саны*

адам


Акушерлік қан кету

Гестоздар

Жатырдың жарылуы

Сепсис

2006

2007

2008

2006

2007

2008

2006

2007

2008

2006

2007

2008

Қазақстан Республикасы

46

34

27

14

28

26

4

6

5

11

12

4


Экстрагениталдық аурулар

Аборттар

Жатырдан тыс жүктілік

Өзгеде себептер

2006

2007

2008

2006

2007

2008

2006

2007

2008

2006

2007

2008

Қазақстан Республикасы

29

37

31

17

21

12

1

2

1

13

7

3

*ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша

5-қосымша

Нәрестелік өлім коэффициенті

Жылдар

Өлім коэффициенті

Барлығы

қыз балалар

ұл балалар

2003

15,64

13,39

17,77

2004

14,50

12,42

16,47

2005

15,15

13,38

16,81

2006

13,91

12,12

15,60

2007

14,57

12,29

16,73

2008

20,76

18,48

22,92

5 жасқа дейінгі балалар өлімі

1000 туылғандарға

Жылдар

Өлім коэффициенті

Барлығы

қыз балалар

ұл балалар

2003

19,54

17,00

21,93

2004

17,70

15,19

20,07

2005

18,83

16,70

20,84

2006

17,54

15,33

19,64

2007

17,91

15,46

20,21

2008

23,52

20,89

26,02

6-қосымша

2009 ж. 1 қаңтардағы мүгедектер тобы бойынша барлық
категориялардағы мүгедектер саны


Барлығы

соның ішінде

соның ішінде

16 жасқа дейінгі мүгедек балалар

Балалары бар мүгедек әйелдер

әйелдер

ерлер

I топ

II топ

III топ

Қазақстан Республикасы

424 149

177 233

246 916

37 758

192 520

148 289

45 582

1417

* ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша

7-қосымша

2008 жылы әйелдерге қатысты зорлықпен күресу бойынша оңалту
орталықтарының қызметі *


оңалту орталықтарының саны

қоңыраулар мен жүгіну саны

Соның ішінде зорлықтың түрлері бойынша

физикалық

психологиялық

экономикалық

жыныстық

басқа да қоңыраулар

әйелдерді трафиктеу мәселелер бойынша*

Қазақстан Республикасы

20

21 679

6 165

5 539

1 251

556

7 262

906

** жас әйелдерден, қыздардан, олардың ата-аналарынан шет елге жұмысқа шығу себебі бойынша қоңыраулар (әдеттегіде осыдан соң заңсыз көші-қон тұрады кейінен еңбек және сексуалды пайдалану).

жалғасы


Жасы, білімділігі мен жұмыспен қамтылуы түрі бойынша орталықтың құрбандары, % ортақ саннан

Жасы бойынша

20 дейін

21-30

31-40

41-50

51 және үлкен

Қазақстан Республикасы

3 878

4 577

6 871

3 280

1000

жалғасы


Жасы, білімділігі мен жұмыспен қамтылу түрі бойынша зорлықтың құрбандары, % ортақ саннан

білімділігі бойынша

жұмыспен қамтылу түрі бойынша

жоғары

аяқталмаған жоғары

арнайы орта

жалпы орта

жұмыс істейді

жұмыс істемейді

оқиды

зейнеткер

Қазақстан Республикасы

4 628

1 881

5 408

7 689

9 055

7 223

2 251

849

жалғасы


Көмек көрсетілді, адам

Панамен пайдаланды,адам

Оңалту орталығының консультанты

психолог

заңгер

әйелдер

Балалар

Қазақстан Республикасы

8 312

9 028

4 339

1 014

132

* Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларындағы Әкімдіктердің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының мәліметтері бойынша

8-қосымша

2008 жылдың жарты жылдығы бойынша Сенат депутаттары мен Сенат
Аппаратының мемлекеттік қызметкерлері құрамының сипаттамасы


Барлығы адам

Жынысы бойынша бөлу (% пен)

әйелдер

ерлер

адам

%

адам

%

Сенаттың депутаттары

47

2

4,3

45

95,7

Сенаттың Аппараты

161

73

45,3

88

54,7

Аппарат Басшысы

1

-

-

1

100,0

Аппарат Басшысының орынбасары

3

-

-

3

100,0

Құрлымдық бөлімшелер меңгерушілері

13

1

7,7

12

92,3

Бөлім меңгерушілерінің орынбасарлары

17

6

35,3

11

64,7

Төраға көмекшісі, Сенат төрағасының, Аппарат Басшысының орынбасарлары, кеңесшілер

8

-

-

8

100,0

Сектор меңгерушісі

8

3

37,5

5

62,5

Консультант

39

21

53,8

18

46,2

Бас сарапшылар

19

18

94,7

1

5,3

Сарапшылар

12

11

91,7

1

8,3

Депутаттардың көмекшілері

41

13

31,7

28

68,3

Барлығы

208

75

36,1

133

63,9

2008 жылдың жарты жылдығы бойынша Мәжіліс депутаттары мен
Мәжіліс Апараттарының мемлекеттік қызметкерлері құрамының
сипаттамасы


Барлығы адам

Жынысы бойынша бөлу (% пен)

әйелдер

ерлер

адам

%

адам

%

Мәжіліс депутаттары

106

18

17,0

88

83,0

Мәжіліс Аппараты

264

119

45,0

145

55,0

Аппарат Басшысы

1

-

-

1

100,0

Басшы орынбасары

2

-

-

2

100,0

Секретариаттар мен бөлім меңгерушілері

15

5

33,3

10

66,7

Бөлім меңгерушілерінің орынбасары, кеңесшілері

19

4

21,1

15

78,9

Төраға көмекшілері, Мәжіліс төрағасының орынбасары, Аппарат Басшысы, кеңесшілер

6

1

16,7

5

83,3

Сектор меңгерушісі

20

11

55,0

9

45,0

Бас консультанттар

58

26

44,8

32

55,2

Бас сарапшылар

18

12

66,7

6

33,3

Сарапшылар

19

18

94,7

1

5,3

Депутаттардың көмекшілері

106

42

39,6

64

60,4

Барлығы

370

137

37,0

233

63,0

9-қосымша

Ұлттар бөлінісіндегі мемлекеттік
қызметкерлердің саны туралы ақпарат (2007 жылдың 1 қаңтарының жай-күйі бойынша)

N

Ұлттың атауы

Саяси мемлекеттік қызметкер

Әкімшілік мемлекеттік қызметкер

Барлығы

%

1

Қазақтар

6 252

71 363

77 615

81,55

2

Орыстар

521

11 366

11 887

12,49

3

Украиндықтар

38

1 706

1 744

1,83

4

Татарлар

53

826

879

0,92

5

Немістер

18

544

562

0,59

6

Кәрістер

42

437

479

0,50

7

Өзбектер

12

450

462

0,49

8

Ұйғырлар

19

415

434

0,46

9

Белорустар

12

262

274

0,29

10

Поляктар

2

151

153

0,16

11

Басқалар

37

648

685

0,72


Барлығы:

7 006

88 168

95 174

100

Ұлттар бөлінісіндегі мемлекеттік
қызметкерлердің саны туралы ақпарат (2008 жылдың 1 қаңтарының жай-күйі бойынша)

N

Ұлттың атауы

Саяси мемлекеттік қызметкер

Әкімшілік мемлекеттік қызметкер

Барлығы

%

1

Қазақтар

2 747

75 391

78 138

82,30

2

Орыстар

236

11 159

11 395

12,00

3

Украиндықтар

77

1 576

1 653

1,70

4

Татарлар

20

833

853

0,90

5

Немістер

26

534

560

0,59

6

Кәрістер

6

438

444

0,47

7

Өзбектер

12

432

444

0,47

8

Ұйғырлар

14

399

413

0,44

9

Белорустар

12

242

254

0,30

10

Поляктар

5

134

139

0,15

11

Басқалар

33

623

656

0,69


Барлығы:

3 188

91 761

94 949

100

Ұлттар бөлінісіндегі мемлекеттік
қызметкерлердің саны туралы ақпарат (2009 жылдың 1 қаңтарының жай-күйі бойынша)

N

Ұлттың атауы

Саяси мемлекеттік қызметкер

Әкімшілік мемлекеттік қызметкер

Барлығы

%

1

Қазақтар

2 443

76 843

79 286

83,49

2

Орыстар

179

10 210

10 389

10,94

3

Украиндықтар

75

1 429

1 504

1,58

4

Татарлар

15

795

810

0,85

5

Немістер

27

484

511

0,54

6

Кәрістер

3

398

401

0,42

7

Өзбектер

11

382

393

0,41

8

Ұйғырлар

13

411

424

0,45

9

Белорустар

9

220

229

0,24

10

Поляктар

7

136

143

0,15

11

Басқалар

272

599

871

0,92


Барлығы:

3 054

91 907

94 961

100

Ұлттар бөлінісіндегі мемлекеттік
қызметкерлердің саны туралы ақпарат (2009 жылдың 1 шілденің жай-күйі бойынша)

N

Ұлттың атауы

Саяси мемлекеттік қызметкер

Әкімшілік мемлекеттік қызметкер

Барлығы

%

1

Қазақтар

2 681

79 866

82 547

84,55

2

Орыстар

195

9 867

10 062

10,31

3

Украиндықтар

71

1 423

1 494

1,53

4

Татарлар

11

783

794

0,81

5

Немістер

25

492

517

0,53

6

Кәрістер

2

393

395

0,40

7

Өзбектер

10

419

429

0,44

8

Ұйғырлар

12

375

387

0,40

9

Белорустар

7

209

216

0,22

10

Поляктар

8

138

146

0,15

11

Басқалар

28

611

639

0,66


Барлығы:

3 050

94 576

97 626

100

10-қосымша

2006-2009 жылдардағы ҚР еңбек айналымының негізгі индикаторлары


2006

2007

2008

2009/1 тоқсан

2009/2 тоқсан

Экономикалық белсенді халық, адам

8028867

8228290

8415043

8413,5

8464,7

Экономикалық белсенді халық деңгейі, %

69,7

70,4

71,1

70,3

70,8

Жұмыс басты халық, адам

7403494

7631109

7857200

7830,4

7896,6

Жұмыссыз халық, адам

625373

597181

557843

583,1

568,1

Жұмыссыздығының деңгейі, %

7,8

7,3

6,6

6,9

6,7

Жастар жұмыссыздығының деңгейі, % (15-24 жас аралығында)

12,1

9,4

7,4

7,7

7,2

Студенттерді жұмысқа орналастыру, %

0

0

0

0

0

Есеп беру жылда ЖОО бітіргендер санынан жоғарғы кәсіби біліммен қабылданған мамандар, адам

12330

13160

17334

2469

0

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.