"Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы туралы

Актінің түрі
Жоба
Қаулы
Қабылдау күні
28.05.2010
Өзгерту күні
28.05.2010
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі)

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

      «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 52, 507-құжат; 2001 ж., № 23, 283-құжат; 2006 ж., № 50, 530-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат, № 30, 292-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат, № 29, 249-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамына мыналар енгізілсін:

Айтжанова                  - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму
Жанар Сейдахметқызы          және сауда министрі,

Джеймс Куигли              - «Делойт Туш Томацу» компаниясының бас
                             атқарушы директоры,

Джеральд Уэйн Грэнди       - «Саmесо» корпорациясының президенті және
                             бас атқарушы директоры,

Джон Харикен               - «The Royal Ваnk of Scotland Group plc»
                             GBM Атқарушы комитетінің мүшесі және
                             бөлімшесінің бас атқарушы директоры,

Жақсылықов                 - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Тимур Мекешұлы               жаңа технологиялар министрлігі
                             Инвестиция комитетінің төрағасы

Зарир Дж. Кама             - HSBC тобы төрағасының орынбасары,

Коен Ванхарентс            - «Бейкер и Макензи Интернешнл» Атқарушы
                             комитетінің мүшесі,

Саудабаев                  - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Қанат Бекмырзаұлы            хатшысы - Қазақстан Республикасының
                             Сыртқы істер министрі,

Финогенов                  - «Еуразия даму банкі» АҚ-тың басқарма
Игорь Валентинович           төрағасы;

      мына:
«Исекешев                  - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Әсет Өрентайұлы              сауда министрі»,

«Сұлтанов                  - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы            бюджеттік жоспарлау министрі»

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«Исекешев                  - Қазақстан Республикасы Премьер-
Әсет Өрентайұлы              Министрінің орынбасары - Қазақстан
                             Республикасының Индустрия және жаңа
                             технологиялар министрі»,

«Сұлтанов                  - Қазақстан Республикасы Президентінің
Бақыт Тұрлыханұлы            көмекшісі»;

      көрсетілген Кеңестің құрамынан Қ.У. Бишімбаев, М.М. Тәжин, Т.Б. Нұрашев, Джеймс Т. Хитч III, Леонард Блаватник, Коч Мустафа, Сэр Ричард Эванс шығарылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                        Н. Назарбаев

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.