Күшін жойған

"Жер қойнауын пайдалануға арналған модельдік келісімшарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 желтоқсандағы № 1412 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Актінің түрі
Келісім-шарт
Қаулы
Қабылдау күні
14.10.2011
Өзгерту күні
10.08.2015
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 630 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жер қойнауын пайдалануға арналған модельдік келісімшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 желтоқсандағы қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 6, 832-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақта:
      3) тармақшадағы «келісімшарт бекітілсін.» деген сөздер «келісімшарт;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған модельдік келісімшарт бекітілсін.»;
      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың талаптары қоса беріліп отырған модельдік келісімшарттардың ережелері ескеріле отырып айқындалады.
      3. Құзыретті органдар мен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қоса беріліп отырған модельдік келісімшарттардың ережелерін ескере отырып, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін анықталған конкурстардың жеңімпаздарымен барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттар жасассын.»;
      осы қаулының қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2011 жылғы 14 қазандағы
№ 1178 қаулысына  
қосымша     

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2010 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1412 қаулысымен    
бекітілген       

Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған модельдік келісімшарт

      Бұдан әрі тараптар деп аталатын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган мен
_______________________________________________________________
(Жеке тұлғаның Т.А.Ә немесе заңды тұлғаның атауы (бұдан әрі – Жер қойнауын пайдаланушы)
арасындағы
____________________________________________________________________
            (әкімшілік-аумақтық бірлікте орналасқан жерін көрсету)
____________________________________________________________________
                          (объектінің атауын көрсету)

барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған модельдік келісімшарт.
      Осы Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған модельдік келісімшартқа Тараптар
_______________________________________________________________
(Келісімшарт жасауға негізі болып табылатын тікелей келіссөздер хаттамасына)
сәйкес 20 «__» ___________ қол қойды.

Мазмұны

    Кіріспе
1.  1-бөлім. Анықтама
2.  2-бөлім. Келісімшарттың мақсаты
3.  3-бөлім. Келісімшарттың қолданылу мерзімі
4.  4-бөлім. Келісімшарттық аумақ
5.  5-бөлім. Мүлік пен ақпаратқа арналған меншік құқығы
6.  6-бөлім. Тараптардың жалпы құқықтары мен міндеттері
7.  7-бөлім. Пайдалы қазбаны өлшеу
8.  8-бөлім. Қосалқы мердігерлік жұмыстарды орындау
9.  9-бөлім. Қаржыландыру
10. 10-бөлім. Салық салу және кедендік төлемдер
11. 11-бөлім. Бухгалтерлік есеп
12. 12-бөлім. Сақтандыру
13. 13-бөлім. Консервациялау немесе тарату және тарату қоры
14. 14-бөлім. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау
15. 15-бөлім. Халық пен персоналдың қауіпсіздігі
16. 16-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт талаптарын
              бұзғаны үшін жауапкершілігі
17. 17-бөлім. Еңсерілмейтін күш
18. 18-бөлім. Құпиялылық
19. 19-бөлім. Құқықтар мен міндеттерді беру
20. 20-бөлім. Қолданылатын құқық
21. 21-бөлім. Дауларды шешу тәртібі
22. 22-бөлім. Келісімшарт тұрақтылығының кепілдіктері
23. 23-бөлім. Келісімшарттың қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату
              шарттары
24. 24-бөлім. Келісімшарт тілі
25. 25-бөлім. Қосымша ережелер

Келісімшартқа қосымша:
    1-қосымша – Келісімшартты жасасу үшін негіздеме болып табылатын тікелей келіссөздер хаттамасының шешімі
    2-қосымша – Тау-кендік бөлу
    3-қосымша – Жұмыс бағдарламасы

Кіріспе

      Мыналарды:
      1) Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, жер қойнауы мен ондағы пайдалы қазбалар мемлекет меншігі болатындығын, Қазақстан Республикасы жер қойнауын ұтымды, кешенді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету шарттарымен __________________________
                                        (объектінің атауын көрсету)
барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыруға ниет білдіретіндігін;
      2) жер қойнауын пайдаланушы келісімшартқа сәйкес ______________
                                               (объектінің атауын көрсету)
барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалануды ұтымды, қауіпсіз, кешенді әрі тиімді жүргізуге ниеті және қаржылық және техникалық мүмкіндігі бар екендігін;
      3) Қазақстан Республикасының Үкіметі жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға келісімшарт жасасуға және оның орындалуын қамтамасыз етуге құқық бергендігін;
      4) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 35-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге тікелей келіссөздер жүргізгенін және соның негізінде осы келісімшарт жасалғанын;
      5) Келісімшарт талаптарын тікелей келіссөздердің нәтижесі бойынша белгіленген шарттарға қарағанда мемлекет үшін тигізетін пайдасы аз болмауға тиіс екендігін;
      6) Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган мен жер қойнауын пайдаланушы барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану (бұдан әрі - жер қойнауын пайдалану операциялары) кезінде келісімшарт олардың өзара құқықтары мен міндеттерін реттейтінін назарға ала отырып.
      Жоғарыда жазылғанды ескере отырып, Тараптар төмендегілер туралы уағдаласады:

1-бөлім. Анықтамалар

      Осы бөлімде түсінік берілмеген анықтамалар мен терминдердің «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) көзделген анықтамалар мен терминдерге сәйкес келетін мағынасы бар.
      1) барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану - мұнай мен газды сақтау үшiн жерасты немесе топырақ қабатынан төмен тереңдiктегi құрылыстар, тоннельдер, метрополитендер, қорларды жасанды толтыру үшiн жер қойнауына жерасты суларын айдауға арналған құрылыстар, қатты, сұйық және радиоактивтi қалдықтарды, зиянды улы заттарды көму мен жиып қою және сарқынды әрi өнеркәсiптiк суларды жер қойнауына ағызу үшiн өңделген қазба қалдықтарының қоймаларын, шөгiндi қоймаларын салу және (немесе) пайдалану жөнiндегi жұмыстар;
      2) геологиялық ақпарат – геологиялық, геохимиялық, геофизикалық, гидрогеологиялық, геоморфологиялық, тектоникалық мәліметтерді, тау-кен қазбаларының, ұңғымалардың техникалық құжаттамасын, кен орнының, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізілетін келісімшарттық аумақтағы жұмыс учаскесі мен объектілердің болжамды ресурстарын және баланстық қорларын қамтитын материалдар жиынтығы;
      3) тау-кендік бөлу – жер қойнауын пайдаланушының өндіруді, барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүргізуге құқығы бар жер қойнауы учаскесін графикалық және сипаттамалық жағынан айқындайтын, өндіруге (бірлескен барлау мен өндіруге) жасалатын келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын құжат;
      4) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасы – жер қойнауын пайдаланушы жасайтын, жер қойнауын пайдаланушы күнтізбелік бір жылға жоспарлайтын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын және көлемін, оларды сатып алу тәсілдері мен мерзімдерін айқындайтын құжат;
      5) мемлекет – Қазақстан Республикасын білдіреді;
      6) жер қойнауын пайдалану туралы заңнама – Заңды, өзгерістер мен толықтыруларды және көрсетілген Заңға сәйкес оған қабылданған жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастарды реттейтін басқа нормативтік құқықтық актілерді білдіреді;
      7) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың орта мерзімдік бағдарламасы – жер қойнауын пайдаланушы жасайтын, ол үш жылға дейінгі кезеңге жоспарлайтын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын және көлемін, оларды сатып алу тәсілдері мен мерзімдерін айқындайтын құжат;
      8) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың ұзақ мерзімді бағдарламасы – жер қойнауын пайдаланушы жасайтын, ол он жылға дейінгі кезеңге немесе келісімшарттың қолданылуы аяқталғанға дейінгі мерзімге жоспарлайтын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын және көлемін, оларды сатып алу мерзімдерін айқындайтын құжат;
      9) ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамтуды есептеу үшін қолданылатын тәртіп;
      10) келiсiмшарт - жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы мен жеке және (немесе) заңды тұлға арасындағы барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған шарт;
      11) келісімшарттық аумақ – жер қойнауын пайдаланушы келісімшартқа сәйкес онда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізуге құқылы болатын, тау-кендік бөлумен айқындалатын аумақ;
      12) қазақстандық тауар өндіруші – Қазақстанда шығарылатын тауарларды өндіретін Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары;
      13) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндіруші – Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, қызметкерлерінің жалпы санында Қазақстан Республикасы азаматтарының кемінде тоқсан бес пайызын пайдаланатын заңды тұлғалар;
      14) кадрлардағы қазақстандық қамту – персоналдың жалпы санындағы келісімшартты орындау кезінде жұмысқа тартылған жұмысшылар мен қызметшілерді әрбір санат бойынша бөлгендегі қазақстандық кадрлардың көрсетілген саны пайызбен бойынша;
      15) тауардағы қазақстандық қамту – Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын, тауарды қайта өңдеуге пайдаланылатын жергілікті материалдар құнының және тауарларды өндіруші шығындарының тауардың түпкілікті құнындағы пайыздық қамтылуы;
      16) жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) қазақстандық қамту – жұмысты орындау кезінде пайдаланылатын тауарлардың құны және қосалқы мердігерлік шарттарының бағалары шегеріле отырып, жұмысты орындау кезінде пайдаланылатын тауарлардағы, шарттың және (немесе) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу бағасындағы, жұмысты орындауға немесе қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша жұмыс орындаушының еңбегіне (қызмет көрсетуге) ақы төлеу қорындағы қазақстандық қамту құнының жалпы жиынтық үлесі;
      17) тарату қоры – Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың зардаптарын жою үшін жер қойнауын пайдаланушы құратын қор;
      18) кен орны – құрамында табиғи шоғырланған пайдалы қазбасы (пайдалы қазбалары) бар жер қойнауының бөлігі;
      19) жер қойнауын қорғау – Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында көзделген, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауының ластануын болғызбауға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың қоршаған ортаға зиянды әсерін азайтуға бағытталған іс-шаралар жүйесі;
      20) жер қойнауын пайдаланушы – Заңға сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу құқығына ие жеке немесе заңды тұлға;
      21) мемлекеттің басым құқығы – Заңға сәйкес жүзеге асырылатын, мемлекеттің иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алуға бірінші кезекті құқығы;
      22) жұмыс бағдарламасы – жобалау құжаттарында берілген көрсеткіштер негізінде жасалатын, келісімшарттың қолданылу мерзіміне көлемі мен шығындары бойынша жылдарға бөлініп жинақталған көрсеткіштері бар жер қойнауын пайдаланушы жоспарларының жиынтығын айқындайтын құжат;
      23) жұмыстар – тауарларды шығару (өндіру), жабдықтарды монтаждау, құрылыстарды және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тікелей пайдалану үшін де, келісімшартта ілеспе ретінде көзделген қызмет үшін де өзге қажетті объектілерді салу жөніндегі қызметті ақылы негізде жүзеге асыру;
      24) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі – жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды және оларды өндірушілерді бақылауға және оның мониторингіне, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді электрондық сатып алуды өткізуге және олардың тізбесін қалыптастыруға арналған мемлекеттік ақпараттық жүйе;
      25) Қазақстанда шығарылған тауар – тауардың Қазақстан Республикасы аумағында шығарылғанын растайтын, оның ішкі айналыс үшін шығарылғаны туралы сертификат берілген тауар;
      26) тауарлар – жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тікелей пайдалану үшін де, келісімшартта ілеспе ретінде көзделген қызметтер үшін де сатып алынатын жабдықтар, дайын өнім және өзге де материалдық–техникалық құнды заттар;
      27) көрсетілетін қызметтер – жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тікелей пайдалану үшін де, тауарларды немесе басқа да материалдық заттарды шығаруға (өндіруге) бағытталмаған, келісімшартта ілеспе ретінде көзделген қызметтер үшін де қажетті қызметтерді ақылы негізде жүзеге асыру;
      28) жер қойнауы учаскесі – жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тұйықталған шекараларда бөліп көрсетілетін жер қойнауының геометрияланған бөлігі;
      29) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган - жер қойнауын геологиялық зерттеу, ұтымды әрi кешендi пайдалану саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру және бақылау жөнiндегi функцияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      30) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар - барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөнiндегi жұмыстар.

2-бөлім. Келісімшарттың мақсаты

      1. Келісімшарттың мақсаты мемлекеттің заңнамасына сәйкес ұсынылған келісімшарттық аумақта_____________________________________
                                      (объектінің атауын көрсету)
жүргізуге Тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтау болып табылады.
      2. Келісімшартта міндетті түрде тікелей келіссөздердің нәтижелері бекітіледі. Мемлекетке келісімшарт талаптарының тиімділігі тікелей келіссөздердің қорытындылары бойынша белгіленген талаптардағыдан төмен болмауы керек.

3-бөлім. Келісімшарттың қолданылу мерзімі

      1._________________________________________________________
                    (объектінің атауын көрсету)
арналған келісімшарт жұмыстар жүргізу жобасында көзделген мерзімге жасалады және ___ жылды (жиырма бес жылдан аспайды) құрайды.
      2. Келiсiмшарт жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган келiсiмшарттың тiркелгенi туралы актіні мiндеттi берумен ол мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi.
      3. Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт міндеттерін бұзбаған жағдайда, егер жер қойнауын пайдаланушы жұмыстардың аяқталуына дейін алты ай қалғаннан кешіктірмей, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану уәкілетті орган келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішпен мұндай ұзартудың себебін негіздей отырып жүгінсе, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган арналған келісімшарттың мерзімін ұзартады.
      4. Келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап екі айдан кешіктірілмей қаралуға тиіс.
      5. Келісімшарттың қолданылу мерзімін өзгерту кезінде келісімшартқа тараптардың қосымша келісімімен рәсімделетін тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.
      6. Келісімшарттың қолданылу мерзімі Заңда және келісімшартта көзделген негіздемелер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы мерзімінен бұрын тоқтатылатын жағдайларды қоспағанда, оның күшіне ену күнінен қолданылу мерзімін ескере отырып, келісімшарт қолданысының соңғы күні аяқталады.

4-бөлім. Келісімшарттық аумақ

      1. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын тау-кендік бөлуде көрсетілген келісімшарттық аумақ шегінде жүргізеді.
      2. Егер жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде кен орнының географиялық шекараларының (құрлықта немесе теңізде орналасуына қарамастан) тау-кендік бөлуде көрсетілген келісімшарттық аумақ шегінен шығып кеткені анықталса, онда оны кеңейту туралы мәселе өтініш, егер бұл аумақ жер қойнауын пайдаланудан бос болса, келісімшарт жобасын келісу және оны жасасу үшін осы Заңда белгіленген тәртіппен және мерзімде келісімшарт талаптарын өзгерту жолымен жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның шешімімен қабылданады.
      3. Келісімшарттық аумақты қайтарудың талаптары мен тәртібі Заңда айқындалады.
      4. Бір келісімшарттық аумақ шегінде жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен жасалған әртүрлі келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды екі немесе одан да көп жер қойнауын пайдаланушы жүргізген жағдайда келісімшарттық аумақта жұмыстар жүргізудің тәртібін белгілеу құқығына келісімшарт бұрын жасалған жер қойнауын пайдаланушы ие болады.
      5. Келісімшарт кешірек жасалған жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық аумақта жұмыстар жүргізудің келісімшарт бұрын жасалған жер қойнауын пайдаланушы белгілеген тәртібін сақтауға міндетті.
      6. Бір келісімшарттық аумақ шегінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізудің тәртібі жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісілуге тиіс.

5-бөлім. Мүлік пен ақпаратқа меншік құқығы

      1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды орындау үшін жер қойнауын пайдаланушы алған мүлік жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылады.
      2. Жабдыққа және өзге де мүлікке меншік құқығының өтуіне қарамастан, келісімшарт мерзімінен бұрын бұзылған кезде не келісімшартта өзгеше көзделмеген жағдайда жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның жазбаша хабарламасына сәйкес мұндай жабдық пен өзге де мүлікті басқа жер қойнауын пайдаланушыға беру жағдайларын қоспағанда, мұндай жабдықты өзге де мүлікті өз есебінен бөлшектеу немесе келісімшарттық қолданылу мерзімі ішінде, сондай-ақ келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталған сәттен бастап бір жыл бойы сақталады.
      3. Жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттік меншіктегі келісімшарттық аумақ бойынша жер қойнауы туралы ақпаратты жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органнан мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен сатып алады.
      4. Мемлекет меншіктегі геологиялық ақпараттың құны тарихи шығындар сомасының бір бөлігі ретінде айқындалады. Геологиялық ақпараттың құны мемлекет бюджетіне төленеді.
      5. Қаржыландыру көзіне қарамастан, жер қойнауы туралы геологиялық және өзге де ақпаратты жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға сақтау, жүйелеу және қорыту үшін белгіленген тәртіппен міндетті түрде өтеусіз беруге тиіс.
      6. Келісімшарттың қолданысы тоқтатылған кезде барлық геологиялық ақпарат мемлекет меншігіне өтеді. Жер қойнауын пайдаланушы барлық құжаттарды және геологиялық ақпараттың өзге де материалдық жеткізгіштерін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз тапсыруға міндетті.

6-бөлім. Тараптардың жалпы құқықтары мен міндеттері

      1. Жер қойнауын пайдаланушы:
      1) келісімшарттық аумақта осы келісімшартпен ұсынылатын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды ерекше негізде жүргізуге;
      2) келісімшартта көзделген жобалау құжаттарына және талаптарға сәйкес өзіне берілген келісімшарттық аумақ шегінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу бойынша дербес іс-қимылдар жасауға;
      3) келісімшарттық аумақта, ал қажет болған жағдайда жер қойнауын пайдаланушыға белгіленген тәртіппен берілген өзге де жер учаскелерінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операция бойынша жұмыстарды жүзеге асыру үшін өзіне қажетті өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салуға, сондай-ақ шарттар негізінде келісімшарттық аумақта да, одан тысқары жерлерде де жалпыға ортақ пайдаланылатын объектілер мен коммуникацияларды пайдалануға;
      4) Заңда белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы немесе оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы келіссөздерге бастама жасауға;
      5) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізуге байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерін орындау үшін қосалқы мердігерлерді тартуға;
      6) Заңда белгіленген шарттарды сақтай отырып, құқықтарды немесе олардың бір бөлігін басқа тұлғаларға беруге;
      7) Заңда немесе келісімшартта айқындалған шарттарда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты операцияларды тоқтатуға құқығы бар.
      2. Жер қойнауын пайдаланушы:
      1) егер келісімшартта өзге мерзім көзделмесе, келісімшарт тіркелген күннен бастап жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге кірісуге;
      2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды келісімшартқа және мемлекет заңнамасына сәйкес жүргізуге, мемлекет заңнамасында белгіленген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға қойылатын талаптарды сақтауға;
      3) жер қойнауын пайдаланудың оң тәжірибесіне негізделген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде анағұрлым тиімді әдістер мен технологияларды таңдауға;
      4) адам өмірінің, денсаулығының және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
      5) келісімшарттық аумақты тек келісімшартта көзделген мақсаттарда ғана пайдалануға;
      6) Қазақстан Республикасындағы қызмет ашықтығы бастамасын іске асыруға қатысты Өзара түсіністік туралы меморандумның талаптарын сақтауға;
      7) персоналдың және халықтың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін, жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғауды ұтымды әрі кешенді пайдалануды қамтамасыз ететін, мемлекет заңнамасында белгіленген тәртіппен келісілген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған жобалау құжаттары мен технологиялық схемалардың ережелерін сақтауға;
      8) егер бұл қауіпсіздіктің ерекше жағдайларымен байланысты болмаса және мұндай қызмет жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге кедергі келтірмесе, келісімшарттық аумақ шегінде басқа адамдардың еркін жүруіне, жалпыға ортақ объектілер мен коммуникацияларды пайдалануына кедергі жасамауға;
      9) Қазақстан Республикасында өндірілген жабдықтарды, материалдарды және дайын өнімдерді, олар конкурстың және мемлекеттің техникалық реттеу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда, міндетті түрде пайдалануға;
      10) әуе, темір жол, су және басқа да көлік түрлерін пайдалануды қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілерді тартуға, егер осы көрсетілетін қызметтер мемлекеттің резидент еместері орындайтын біртекті жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің стандарттарына, бағалық және сапалық сипаттамаларына сәйкес келсе;
      11) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде қазақстандық кадрларға артықшылық беруге. Бұл ретте қазақстандық кадрларды тарту конкурстық ұсыныстар көзделгеннен төмен болмауы тиіс, жұмысқа тартылатын кадрлардың жалпы санына пайыздық қатынаста мердігерлік жұмыстарға тартылған персоналды қоса алғанда, құрам бойынша ___%, жоғары және орта кәсіптік білімі бар мамандар бойынша ___%, білікті жұмысшылар бойынша __%, соның ішінде жылдар бойынша:

Жыл

Басшылық құрам

ЖБ және ОКБ мамандар

жұмысшылар

1 жыл




2 жыл




...




      12) қазақстандық персоналға тартылған шетелдік персоналға қатыстылығы бойынша еңбек ақы төлеудің тең жағдайын қамтамасыз етуге;
      13) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуды, олардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жыл сайынғы инвестициялардың көлемiнiң ____ пайызы көлемінде қаржыландыруды жүзеге асыруға. Егер Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелер толық орындалмаған жағдайда, қаражаттың қалған сомасы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен толық келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға пайдаланылады;
      14) мердігер ұйымдарды тартқан кезде конкурс шарттарында жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаға сәйкес тауардағы, жұмыстағы, қызметтегі қазақстандық қамту бойынша талаптарды көздеуге;
      15) келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде қазақстандық қамту көлемі тауарларға қатысты__ пайызды жұмыстарға қатысты пайызды, көрсетілетін қызметтерге қатысты __пайызды құрайды, оның ішінде жылдар бойынша:

жыл

тауарлар

жұмыстар

қызметтер

1 жыл




2 жыл




...




      16) Үкіметі бекітетін тәртіпке сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды орындау кезінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға;
      17) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға жұмыс бағдарламасын іске асыру туралы ақпаратты жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамаға сәйкес басқа да ақпарат беруге;
      18) бақылаушы органдардың лауазымды тұлғалары өздерінің қызметтік міндеттерін атқаруы кезінде оларға қажетті құжаттарды, ақпаратты беруге және жұмыс орындарына оларды кедергісіз өткізуге және олар анықтаған бұзушылықтарды уақтылы жоюға;
      19) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді уақтылы және толық көлемде төлеуге;
      20) заңнамаға сәйкес кедендік декларация қабылданған күнге қолданыстағы кедендік төлемдерді уақтылы және толық көлемде төлеуге;
      21) келісімшарттық аумақта орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтауға;
      22) өз қызметінің экологиялық салдарын жобалау сатысында болжауға;
      23) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнаманың талаптарын сақтауға;
      24) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға келісімшарттық аумақтағы қызмет нәтижелері бойынша геологиялық есептілікті ұсынуға;
      25) сатып алуды жүргізу жоспарланып отырған жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей не келісімшарт тіркелген күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей, жыл сайын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың алдағы жылға арналған жылдық бағдарламасын ұсынуға;
      26) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде бес жұмыс күні ішінде жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты беруге;
      27) 1 ақпаннан кешіктірмей не келісімшарт тіркелген күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей, жыл сайын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың алдағы кезеңдерге арналған орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағдарламаларын ұсынуға;
      28) есепті кезеңнен кейінгі айының он бесінен кешіктірмей, тоқсан сайын уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және кадрлардағы қазақстандық қамту бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есептерді ұсынуға;
      29) есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей, тоқсан сайын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен мемлекеттің азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе уәкілетті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша мемлекеттің азаматтарын оқытуға бағытталатын шығыстар мөлшері бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есептерді ұсынуға;
      30) есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей, жыл сайын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға кадрлардағы қазақстандық қамту бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есепті ұсынуға;
      31) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізілімінде тіркелуге (мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада сәйкес тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алатын жер қойнауын пайдаланушыларды, акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдинг иеленетін жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаларды қоспағанда);
      32) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ол белгілеген мерзімдерде жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық міндеттемелерді орындауына қатысты мәліметтерді, ақпаратты және құжаттаманы ұсынуға;
      33) ішкі құжаттаманы қоса алғанда, іс қағаздарын жүргізуін, сондай-ақ қажет болған жағдайларда басқа тілдердегі аудармасын қоса бере отырып, жазбаша түрде жасалатын мәмілелерді қазақ және орыс тілдерінде жазуға;
      34) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу салдарларынан бүлінген жер учаскелерін және басқа да табиғи объектілерді мемлекет заңнамасына сәйкес одан әрі пайдалануға жарамды қалыпқа келтіруге;
      35) жер қойнауының жай-күйіне мониторинг жүргізуді және операцияларды жүргізуге бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз етуге;
      36) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтатқан кезде барлық өндірістік объектілері мен жер учаскелерін халық өмірінің, денсаулығының қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін жағдайға келтіруге, ал өз қызметінің зардаптарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоюға;
      37) жобалау құжаттарының және келісімшарттың ережелеріне сәйкес тікелей келіссөздер нәтижесінде нашар болмайтын жағдайда жоғары технологияларды дамыту мен пайдалану, инфрақұрылымдық және өзге де объектілерді салу мен бірлесіп пайдалану бойынша міндеттемелерді іске асыруға;
      38) тікелей келіссөздердің хаттамаларында көзделген мөлшерден төмен болмайтын __________ теңге мөлшерінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бюджетіне өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға төлемдер жүргізуге;
      39) Қазақстан Республикасының аумағындағы келісімшарт бойынша жұмыстарды орындауға қажетті ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруды кемінде _______ мөлшерде және жылдар бойынша мынадай тәртіппен жүзеге асыруға:____________________;
      40) Заңды белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалану құқығын (бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді беруді, мұндай рұқсат талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, толық жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның рұқсатымен жүзеге асыруға;
      41) аффилиирленген және өзге де тұлғаларға жер қойнауын пайдалану құқығын, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының жарғылық капиталындағы қатысу үлесін немесе акциялар пакетін иеліктен шығару жөніндегі жасалған мәмілелер туралы мәміле жасалған күннен бастап бес күн мерзімде жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға хабарлауға;
      42) Қызметтің ашықтығы бастамасының талаптарына сәйкес, аудиторлық есеппен расталған есептілікті Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен ұсынуға;
      43) қазақстандық қамту бөлігінде келісімшарттық міндеттемелерді орындауға қатысты ақпаратты қоспағанда, үшінші тұлғаларға тараптардың жалпы келісімімен ғана жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың мазмұны туралы жер қойнауын пайдаланушының тауарларды, жұмыстарда және қызметтерді сатып алуды жоспарлауы және жүргізуі, сондай-ақ қазақстандық мамандарды оқытуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға кететін шығындар туралы ақпаратты беруге;
      44) егер жер қойнауын пайдаланушыға қоршаған ортаға жағымсыз әсерін тигізуі мүмкін және келісім шарттық аумақта немесе осы келісімшартта көзделген жұмыстар жүргізіліп жатқан өзге учаскелерде орын алған қандай да бір жағдай немесе құбылыс туралы мәлім болған жағдайда, дереу мемлекеттік органдарға хабарлауға міндетті;
      45) жер қойнауын пайдаланушы осы келісімшартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер атқарады.
      3. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның:
      1) келiсiмшарт талаптары бойынша және оның орындалу үдерісінде жер қойнауын пайдаланушымен келiссөздер жүргізуге;
      2) жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт талаптарын орындауына бақылау және мониторинг жүргізу;
      3) техникалық регламенттерде және мемлекеттің өзге де заңнамаларында белгіленген қауіпсіздік талаптарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
      4) жер қойнауын пайдаланушыдан келiсiмшарт талаптарының орындалуы бойынша ұдайы есептілік талап етуге. Жер қойнауын пайдаланушыдан келiсiмшарт талаптарына және мемлекеттің жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының талаптарына қатысты өзге де ақпаратты сұратуға;
      5) жер қойнауын пайдаланушыдан жұмыс бағдарламасының іске асырылуы туралы ақпаратты талап етуге;
      6) жер қойнауын пайдаланушыдан тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын талап етуге;
      7) жер қойнауын пайдаланушыдан келісімшарттық міндеттемелерді орындауын талап етуге;
      8) келісім шарттық аумақтағы кез келген жұмыстарға қол жеткізуге;
      9) Заңда көзделген жағдайларда келісімшарттың қолданылуын бір жақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға құқығы бар.
      4. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган:
      1) келiсiмшарттың орындалуы мен оның тоқтатылуын қамтамасыз етуге;
      2) келісімшарт талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру кезінде жер қойнауын пайдаланушының жобалау құжаттарында және келісімшартта тіркелген талаптарға сәйкес өзіне берілген келісімшарттық аумақ шегінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі іс-әрекетті дербес жасау құқығын бұзбауға;
      3) келісімшартқа сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті.

7-бөлім. Пайдалы қазбаларды өлшеу

      1. Қатты және сұйық қалдықтарда өлшеуді және таразылауды жер қойнауын пайдаланушы мемлекетте қолданылатын әдiстер мен практикаға сәйкес жүргiзедi.
      2. Өлшеу және таразылау үшін пайдаланылатын жабдық пен аспаптарды сынау мемлекеттің метрология және стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
      3. Келісімшарттық аумақта өлшеуді және таразылауды жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының Үкімет бекіткен тәртіпке сәйкес жүзеге асырады.
      4. Егер сынақ немесе тексеру кезiнде жабдықтарда немесе аспаптарда ақау байқалса, онда бүлiну мерзiмін анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, ақау мерзiмi ақау табылған күнге дейiн алдыңғы өлшеу уақытының жартысы ретiнде белгiленедi.
      5. Жер қойнауын пайдаланушы уақыттың белгіленген бір кезеңі сайын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган мен метрология және стандарттау жөніндегі уәкілетті орган өкілінің қатысуымен таразылау мен өлшеу үшін пайдаланылатын жабдық пен аспаптарды жүйелі түрде сынаудан өткізіп отырады.

8-бөлім. Мердігерлік жұмыстарды орындау

      1. Жер қойнауын пайдаланушы тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасына және бекітілген бюджетке сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерін орындау үшін мердігерлерді тартуға құқылы.
      2. Егер мемлекеттің заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, кең таралған пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының мердігерлерді тартуы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Қосалқы мердігерлердің жер қойнауын пайдаланушымен жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны үшін жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган алдында жауапты болады.
      4. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы, сондай-ақ оның мердігерлері тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекет заңнамасына сәйкес сатып алуға міндетті.
      5. Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлері тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға байланысты рәсімдерді Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыруға міндетті.

9-бөлім. Қаржыландыру

      1. Жер қойнауын пайдаланушы өзіне жобалау құжаттарына және жұмыс бағдарламасына сәйкес келiсiмшарт бойынша өз қызметiн қаржыландыру жөнінде міндеттеме алады.
      2. Келісімшарт бойынша қызметті қаржыландыру өз қаражаты есебінен де, тартылған инвесторлар есебінен де жүзеге асырылуы мүмкін.
      3. Келiсiмшартқа сәйкес есеп айырысудың барлық түрлерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
      4. Жер қойнауын пайдаланушы мен оның мердiгерлері валюталық операцияларды Қазақстан Республикасының валюталық реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

10-бөлім. Салық салу және кедендік төлемдер

      1. Келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша салықтық міндеттемелерді есептеу оларды төлеу бойынша міндеттемелер туындаған сәтте қолданыста болатын салық заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтық міндеттемелерді орындау жер қойнауын пайдаланушыны мемлекетте келісімшарт шеңберінен тыс қызметті жүзеге асыру бойынша салықтық міндеттеме туындаған күні қолданыста болатын мемлекеттің салық заңнамасына сәйкес салықтық міндеттемені орындаудан босатпайды.
      2. Қол қойылатын бонус ______ теңге сомасында белгіленді. Бұл ретте келісімшартты жасасу кезінде жер қойнауын пайдаланушы, 20___ жылғы «___» _________№_____ банк тапсырмасына сәйкес қол қойылатын бонустың белгіленген сомасының елу пайызын төлейді.
      3. Қол қойылатын бонустың ___________ мөлшердегі белгіленген
сомасының қалған елу пайызын ______________ жер қойнауын пайдаланушы
                            (сомасын көрсету)
келісімшарт күшіне енген күннен бастап кейінгі күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей төлейді.
      4. Жер қойнауын пайдаланушы тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес _____ __________ № ___ мөлшерде, жер қойнауын пайдаланушы және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган құпиялылық туралы келісімге негізінде төлейді.
      5. Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасы мен Кеден одағының заңнамасына сәйкес декларация қабылданған күнге қолданыстағы кедендік төлемдерді төлеуге міндеттенеді.

11-бөлім. Бухгалтерлік есеп

      1. Мемлекеттің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының толықтығына, халықаралық және ұлттық стандарттарға және бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті жасау үшін жер қойнауын пайдаланушы қызметтің қажеттіліктері мен ерекшеліктерін негізге ала отырып, есеп саясатын қабылдауға міндетті.
      2. Активтерді сақтау, бухгалтерлік есеп жүргізу қаржылық есептілік жасау кезінде жымқыру мен қателесу оқиғаларының олардың алдын алу және анықтау бойынша шараларды қоса алғанда, мемлекеттің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының сақталуын, есеп саясатын, операцияларды тиімді жүргізуді қамтамасыз ету үшін жер қойнауын пайдаланушы ішкі бақылау ұйымдастыруға құқылы.

12-бөлім. Сақтандыру

      1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы сақтандыру бағдарламасына және мемлекет заңдарына сәйкес міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға міндетті.
      2. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қауіпіне байланысты объектілердің меншік иесі болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы тиісінше иесі ретінде қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қауіпіне байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті.
      3. Қызметкерлердің денсаулығы мен өміріне зиян келтіру мүмкін еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде олардың мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген көлемде қызметкерлердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым жағдайлардан оларды міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті.
      4. Үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және қоршаған ортаға оның авариялық ластануы нәтижесінде келтірілген зардапты өтеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының Үкімет айқындайтын тізбеде көзделген шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асырушы субъект ретінде міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасуға міндетті.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілігі міндетті экологиялық сақтандыруға жататын жер қойнауын пайдаланушы қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілерді иесі ретінде азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырған жағдайда, онда міндетті экологиялық сақтандыру шарты тек қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік бөлігінде ғана жасалады.
      5. Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндетті сақтандырудың өзге де түрлерін жүзеге асырады.
      6. Жер қойнауын пайдаланушының ерікті сақтандыру шарттарын жасасуы оны міндетті сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі міндеттен босатпайды.
      7. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде келісімшарт қолданысы мерзімі ішінде жер қойнауын пайдаланушы мынадай сақтандыруларды жүзеге асырады:
      1) келісімшарттық аумақта немесе келісімшарттық аумаққа (тан) тасымалдау кезінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты пайдаланылатын немесе пайдалану жоспарланып отырған барлық жабдықтарды, ғимараттарды, технологиялық объектілерді және тауардың барлық түрлерін қамтитын залалдан мүлікті сақтандыру;
      2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты туындаған үшінші тұлғалардың мүлкіне және (немесе) өмірі мен денсаулығына, қоршаған табиғи ортаға келтірілген зиян үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру жер қойнауын пайдаланушының қызметкерлерін медициналық сақтандыру.
      8. Осы бөлімнің 7-тармағына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы жасайтын сақтандыру шарттары жер қойнауын пайдаланушының мүдделеріне қатысты сақтандыру қорғанышын төмендетпеу шартымен қосымша сақтандырылғандар ретінде мердігерлерді, қосалқы мердігерлерді, аффилиирленген тұлғаларды және басқа тұлғаларды қамтуы мүмкін.
      9. Келісімшарт күшіне енген күннен кейін ___ күн ішінде жер қойнауын пайдаланушы осы бөлімге сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты сақтандыру көзделген тәуекелдерді сақтандыру бағдарламасын әзірлейді және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға келісуге береді.

13-бөлім. Консервация немесе тарату және тарату қоры

      1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар тоқтатылған кезде жер қойнауын пайдаланушы жобалау құжаттарына және жұмыс бағдарламасына сәйкес бұдан кейінгі жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізу кезінде пайдаланылатын жер қойнауын пайдалану объектісінің технологиялық бірліктерін қоспағанда, жұмыстар жүргізілген жер қойнауын пайдалану объектілерін таратуды немесе консервациялауды жүзеге асырады.
      2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтатқан кезде жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану объектісін тарату немесе консервациялау жөніндегі жұмыстарды орындауға дереу кіріседі. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтату туралы шұғыл шешім қабылдау қажет болған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы өндірістік объектілерді тарату немесе консервациялау басталғанға дейін олардың сақталуын қамтамасыз ететін іс-шаралар кешенін жүргізеді.
      3. Таратуды немесе консервациялауды жүзеге асыру кезде жер қойнауын пайдаланушы қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге тиісті лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлеген, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі, өнеркәсіп қауіпсіздігі, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы, жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдармен келісуден өткен және жер қойнауын пайдаланушы бекіткен тарату немесе консервациялау жобасын басшылыққа алуға тиіс.
      4. Жобаны жобалау мен іске асыру жөніндегі жұмыстардың жүргізілуін қаржыландыруды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жер қойнауын пайдалану объектісін тарату және консервациялау қағидасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы жүзеге асырады.
      5. Жер қойнауын пайдалану объектілерін тарату мен консервациялау жөніндегі жұмыстарды аяқтау қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіп қауіпсіздігі, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы, жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдардың және облыстың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының өкілдерінен уәкілетті орган құратын комиссия жер қойнауын пайдалану объектісін тарату және консервациялау жөніндегі жұмыстарды қабылдау актісіне қол қоюмен ресімделеді.
      6. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен жер қойнауын пайдалану объектісін тарату және консервациялау жөніндегі жұмыстарды қабылдау актісін алғаннан кейін жұмыстардың аяқталу кезінде толықтырылған геологиялық, маркшейдерлік және өзге де құжаттама толықтырылады және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға белгіленген тәртіппен сақтауға тапсырылады.
      7. Объектіні таратумен немесе консервациялаумен байланысты жұмыстарды қаржыландыру тарату қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бұл ретте тарату қорын пайдалануды жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның рұқсатымен жүзеге асырады.
      8. Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын тарату үшін жою қорын құрады.
      9. Тарату қорына аударымдарды жер қойнауын пайдаланушы жыл сайын жылдық шығындардың кемінде 1 % мөлшерінде мемлекет аумағындағы кез келген банктегі арнайы депозиттік шотқа аударады.
      10. Егер таратуға немесе консервациялауға арналған нақты шығындар тарату қорының мөлшерiнен асып кетсе, жер қойнауын пайдаланушы таратуды қосымша қаржыландыруды жүзеге асырады.
      11. Егер таратуға немесе консервациялауға арналған нақты шығындар тарату қорының мөлшерiнен кем болып шықса, ақшалай қаражаттың артығы жер қойнауын пайдаланушыға берiледi және салық салынатын табысқа енгiзiлуге тиіс.
      12. Тарату немесе консервациялау жобасы жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық аумақтағы қызметі процесінде пайдаланылған жер қойнауын пайдалану объектілерін таратуды немесе консервациялауды көздейді.
      13. Жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жағдайда тарату қоры жаңа жер қойнауын пайдаланушыға беріледі.
      14. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен тоқтатқан жағдайда тарату қоры Заңның 72-бабының 10-тармағына сәйкес анықталатын сенімгер басқарушыға беріледі.

14-бөлім. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау

      1. Өз қызметін жүзеге асыру кезінде жер қойнауын пайдаланушы мынадай жалпы экологиялық талаптарды сақтауға міндетті:
      1) жер қойнауын мемлекеттің экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес пайдалану;
      2) жер бетін кен орнын игерудің арнайы әдістерін қолдану есебінен сақтау;
      3) жердiң техногендiк шөлейттенуiн болдырмау;
      4) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде қауіпті техногендік процесс құбылыстарынан алдын алу шараларын қолдану;
      5) жер қойнауын су басудан, өрттен және жер асты құрылыстарын салу (немесе) және пайдалануды қиындататын басқа да дүлей факторлардан қорғауды жүзеге асыру;
      6) жер қойнауы ластануының алдын алу;
      7) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұрудың, тоқтатудың, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асырумен байланысты объектілерді консервациялау мен таратудың белгіленген тәртібін сақтау;
      8) қалдықтарды үю мен орналастыру кезінде экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қамтамасыз ету;
      9) ұтымды схема бойынша автомобиль жолдарын салу жұмыстары басталғанға дейін, сондай-ақ басқа да әдістерді пайдалану арқылы бұзылатын және иеліктен шығарылатын жерлердің аумақтарын қысқарту;
      10) топырақтың жел эрозиясын, қазылатын жыныстардың үйінділері мен өндіріс қалдықтарының қышқылдануының және өздігінен жануының алдын алу;
      11) ластануын болдырмау үшiн тартылатын және тұщы сулы жерлердi  оқшаулау;
      12) жанар-жағар материалдарының қалдықтарын экологиялық қауіпсіз жолмен жоюды жүзеге асыру.
      2. Халықаралық тәжірибеде қабылданған стандарттарға негізделген жұмыстарды жүргізудің неғұрлым тиімді әдістері мен технологияларын таңдау.
      3. Жер қойнауын ұтымды пайдалануды, қызметкерлердің, тұрғындардың және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жұмыстарды жүргізуге арнаған технологиялық схемалар мен жобаларды сақтау.
      4. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыруының міндетті шарты жер қойнауы ластануының алдын алу мен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың қоршаған ортаға жағымсыз әсерін азайтуды қамтамасыз ету болып табылады.
      5. Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану мен оларды қорғау саласында:
      1) жер қойнауының ресурстарын ұтымды және кешендi пайдалануды қамтамасыз ету;
      2) су жинау алаңдарында және жерасты сулары жинақталған жерлерде ауыз сумен немесе өнеркәсіптік сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жиналуын болдырмау;
      3) жер қойнауын жерасты құрылыстарының салу және пайдалану сапасын төмендететін немесе су басудан, өрттен және басқа да дүлей факторлардан қорғау;
      4) жер қойнауын пайдалану, әсіресе мұнайды, газды немесе өзге де заттар мен материалдарды жер астында сақтау, зиянды заттар мен қалдықтарды көму, қалдық суларды ағызу жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын ластанудан сақтау;
      5) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұру, тоқтату, кен орнын игеру объектілерін консервациялау мен тарату жөніндегі белгіленген тәртіпті сақтау;
      6) өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды үю және орналастыру кезінде су ағызатын алаңдарда және жерасты сулары орналасқан жерлерде олардың жиналуын болдырмау мақсатында экологиялық талаптарды қамтамасыз ету.
      6. Пайдалы қазбаларды барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрі болып табылады және мынадай талаптар сақталған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы жүзеге асырады:
      1) жерасты су объектілеріне шекті рұқсат етілген зиянды әсер етудің қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану, өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі уәкілетті органдармен, халықтың санитарлық–эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісім бойынша су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нормативтерін сақтау;
      2) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген меншікті немесе өзге де зертханаларда жіберілетін судың химиялық құрамын айқындау;
      3) қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органдарға, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына ластаушы заттардың авариялық төгілуі туралы, сондай-ақ жерасты суларын жинаудың және оларға су жіберу (айдау) объектісінің белгіленген режимінің бұзылуы туралы шұғыл ақпарат беру.
      7. Жер қойнауын пайдаланушыға:
      1) құрылысқа берілген учаскеден тыс өсімдік және топырақ қабаттарын бүлдіруге;
      2) жер қойнауын пайдалану қалдықтарын үстіңгі су объектілері мен жер қойнауына төгуге;
      3) егер бұл жер асты су объектілерінің жай-күйіне әсер етсе немесе әсер етуі мүмкін болса жерлерді сарқынды сулармен суаруға;
      4) шаруашылық-ауыз су сулары бар қабаттарға ерітінділер мен материалдарды жіберуге тыйым салынады.
      8. Жер қойнауын пайдаланушы осы келісімшарт бойынша өз қызметі нәтижелерінің тигізетін әсерін зерделеу мен жағымсыз әсерді уақтылы жою бойынша шаралар қабылдау мақсатында жер қойнауы мен қоршаған ортаның мониторингін жүргізуі тиіс.

15-бөлім. Халықтың және персоналдың қауіпсіздігі

      1. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде мемлекеттің заңнамасында көзделген жұмыс жүргізу қауіпсіздігі ережелері мен нормаларының орындалуын, сондай-ақ авариялардың және қызметкерлердің кәсіптік ауруларының алдын алу және оны жою жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін қамтамасыз етуге тиіс.
      2. Егер адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін болса, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынады.
      3. Мыналар:
      1) жұмысқа арнаулы дайындығы және біліктілігі бар адамдарды, ал  құрылыс жұмыстарына басшылық етуге тиісті арнаулы білімі бар, денсаулық сақтау саласындағы заңнамаға сәйкес міндетті медициналық тексеруден өткен адамдарды жіберу;
      2) құрылыс жұмыстарындағы адамдарды арнаулы киімдермен, дербес және ұжымдық қорғау құралдарымен қамтамасыз ету;
      3) қауіпсіздік талаптарына және санитарлық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сәйкес келетін машиналарды, жабдықтар мен материалдарды қолдану;
      4) жарғыш заттар мен жару құралдарын есепке алу, тиісінше сақтау және жұмсау, сондай-ақ оларды дұрыс және қауіпсіз пайдалану;
      5) жұмыстардың технологиялық тізбегін қамтамасыз етуге қажет және қауіпті жағдайларды болжауға жеткілікті геологиялық, маркшейдерлік және өзге де байқау кешенін жүргізу, қауіпті аймақтарды уақтылы анықтау және оны тау-кен жұмыстары жоспарына түсіру;
      6) атмосфераның жай-күйін, ондағы оттегі мөлшерін, зиянды және жарылғыш қауіпті газдар мен тозаңдарды жүйелі бақылау;
      7) техникалық құжаттаманы және аварияларды жою жоспарларын жұмысты жүргізудің қауіпсіз аймақтарының шекараларын анықтайтын деректермен уақтылы толықтыру;
      8) жерасты құрылыстарын әзірлеу мен жайластырудың жобалау жүйелерін, жобаларын және технологиялық схемаларын сақтау жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі талаптары болып табылады.
      4. Жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда жер қойнауын пайдаланушының лауазымды адамдары жұмысты дереу тоқтатып, адамдарды қауіпсіз жерге тасымалдауды қамтамасыз етуге міндетті.
      5. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар әсер ететін аймақтарда халықтың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда тиісті ұйымдардың басшылары ол туралы жергілікті атқарушы органдарға дереу хабарлауға міндетті.
      6. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар әсер ететін аймақта халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы жұмысты тоқтата тұруға міндетті және халықтың денсаулығы мен өмірі үшін қауіпсіз жағдай жасалмайынша және төнген қауіп жойылмайынша оны қайта бастауға құқығы жоқ. Қауіпті болдырмау үшін өзге шараларды қолдану мүмкін болмаған кезде жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың қауіпті әсер ету аймағынан халық көшірілгеннен кейін ғана жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қайта бастауға құқылы.
      7. Жер қойнауын пайдаланушы азаматтың денсаулығына жер қойнауын пайдаланушының алдындағы келісімшарттық міндеттемелерін және еңбек міндеттерін орындаумен байланысты келтірілген зардапты мемлекет заңнамасына сәйкес өтейді.
      8. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы жұмыстар жүргізудің оң тәжірибесін басшылыққа ала отырып, адамдардың өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп төндіретін, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу процесінде мүліктің жойылу қаупін туғызатын авариялар мен өзге де қауіпті жағдайлардың алдын алу үшін барлық қажетті шараларды қолдануы тиіс.
      9. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде авариялар мен өзге де қауіпті жағдайлардың алдын алу бойынша шаралардың бағдарламасын әзірлеуге және оларды жобалаушы құжаттар құрамында бекітуге міндетті.

16-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілігі

      1. Жер қойнауын пайдаланушы өзі қабылдаған мынадай міндеттемелерді тиісті орындамағаны, тиісінше орындамағаны үшін жауапты болады тұрақсыздық төлемі (айыппұл, өсімпұл) түрінде:
      1) тауарлардағы, жұмыстар мен қызметтердегі қазақстандық қамту бойынша міндеттемелер орындамағаны үшін есепті кезеңдегі орындалмаған міндеттеме сомасының 30 %-ы мөлшерінде;
      2) кадрлардағы қазақстандық қамту бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін 2000 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде;
      3) өзге де қаржылық міндеттемелерді орындамағаны үшін (салықтық  міндеттемелерді қоспағанда, көрсету) есептік кезеңде орындалмаған міндеттемелер сомасының 30 %-ы мөлшерінде жауап болады.
      2. Бұл ретте, егер жер қойнауын пайдаланушының нақты шығыстары нарықта қолданылатын бағалардың өзгеруі салдарынан, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының еркіне тәуелді емес басқа да мән-жайларға байланысты келісімшарт жасасу, жұмыс бағдарламасы мен жобалау құжаттарын бекіту кезінде ескерілгендерден кем болып шықса, бірақ бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің келісімшартта, жұмыс бағдарламасында және жобалау құжаттарында көзделген нақты көлемді толық орындаса жер қойнауын пайдаланушының нақты шығыстарының мұндай азаюы келісімшарт талаптарын бұзу және тұрақсыздық төлемін немесе айыппұл есептеу үшін негіз болып табылмайды.
      3. Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану қорғау саласындағы заңнаманы бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке әкеледі.
      4. Мемлекеттің жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының талаптарын бұзу салдарынан зиян келтірген тұлғалар, егер тек зиян еңсерілмейтін күштің немесе зардап шегушінің пиғылы салдарынан туындағанын дәлелдей алмаса, келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде және тәртіппен өтеуге міндетті.
      5. Жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген зардаптардың мөлшерін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган жер қойнауын пайдаланушылармен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындайды.
      6. Жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген зардаптың мөлшерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес айқындайды.
      7. Сақтық аймағының шектерiнде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы өзінің келісімшарттық аумағында теңiз ластанған жағдайда жер қойнауын пайдаланушының кінәсіне қарамастан қоршаған ортаға, жеке немесе заңды тұлғаларға келтiрiлген зиян мен залал үшiн жауапты болады.
      8. Мемлекет заңнамасының талаптарын бұза отырып жасалған жер қойнауын пайдалануға байланысты мәмілелер олар жасалған сәттен бастап жарамсыз деп танылады. Мәмілелер жарамсыздығының салдары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде анықталады.
      Көрсетілген мәмілелердің жасалуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауапты болады.

17-бөлім. Еңсерілмейтін күш

      1. Келiсiмшарт бойынша қандай да бір мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн, егер бұл орындамаушылық немесе тиiсiнше орындамаушылық еңсерілмейтін күш мән-жағдайларына байланысты болса, тараптардың ешқайсысы ешқандай жауапты болмайды.
      2. Еңсерілмейтін күштiң мән-жайларына бұл жағдайлар кезiнде төтенше болдырмау мүмкін болмайтын мән-жайлар, мысалы: әскери қақтығыстар, табиғат апаттары, дүлей зiлзалалар (өрт және т.с) жатады. Келтiрiлген тiзбе түпкілікті болып табылмайды.
      3. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда, одан зардап шегушi тарап бұл туралы форс-мажорлық мән-жайлар басталған күнiн және сипаттамасын нақтылайтын жазбаша хабарламаны тапсыру не почтамен жiберу жолымен екiншi тарапқа дереу хабарлайды.
      4. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған кезде тараптар қалыптасқан жағдайдан шығудың шешімін іздеу үшін дереу мәжіліс өткізеді және мұндай мән-жайлардың салдарларын барынша азайту үшін барлық құралдарды пайдаланады.
      5. Форс-мажорлық мән-жайлармен байланысты келiсiмшарт бойынша жұмыстар толық немесе ішiнара тоқтаған кезде бұл жұмыстардың жүргiзiлу кезеңі форс-мажорлық мән-жайлар болған мерзiмге ұзартылады және жұмыстар форс-мажорлық мән-жайлар тоқтатылған сәттен бастап қайта жаңғыртылады.

18-бөлім. Құпиялылық

      1. Келiсiмшартты орындау үдерісінде қандай да бір тараптың алған немесе сатып алған ақпараты құпия болып табылады. Тараптар мемлекет заңнамасында көзделген қажетті есептерді жасақтау үшiн құпия ақпаратты пайдалана алады.
      2. Тараптардың екiншi тараптың келiсiмiнсiз құпия ақпаратты үшiншi тұлғаларға мынадай жағдайларды қоспағанда, беруге құқығы жоқ:
      1) егер мұндай ақпарат сотта іс қарауды жүргiзу барысында пайдаланылса;
      2) ақпарат жер қойнауын пайдаланушыға қызмет көрсететiн үшiншi тұлғаға, мұндай үшiншi тұлға мұндай ақпаратты құпия ретінде қарап және оны тараптар белгiлеген мақсаттарға және белгiлі бір мерзiмдерде ғана пайдалануға мiндеттеме алу шартымен берiлген жағдайда;
      3) ақпарат жер қойнауын пайдаланушы қаржы қаражатын алатын банкке немесе басқа қаржылық ұйымға, мұндай банк немесе басқа қаржылық ұйым бұл ақпаратты құпия деп қарап және оны тек көрсетiлген мақсаттарға ғана пайдалануға мiндеттеме алу шартымен берiлген жағдайда;
      4) ақпарат Қазақстан Республикасының бақылаушы органдарының лауазымды тұлғаларына, олардың қызметтік міндеттерін орындау барысында ұсынылған болса.
      3. Тараптар, мемлекет заңнамасына сәйкес геологиялық және келiсiмшарттық аумақта жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізуге байланысты ақпараттарды қамтитын барлық құжаттардың, ақпараттар мен есептердiң құпиялығын сақтау мерзiмiн айқындайды.
      4. Қазақстандық қамту бөлігінде келісімшарттық міндеттемелерді орындауға қатысты жер қойнауын пайдаланушының тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жоспарлауы мен жүргізуі, сондай-ақ қазақстандық мамандарды оқытуға кеткен шығындар және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен оның инфрақұрылымын дамытуға жұмсалған шығыстары туралы ақпарат құпия болып табылмайды.

19-бөлім. Құқықтар мен міндеттерді беру

      1. Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының Заңында және келісімшартта белгіленген талаптарды сақтай отырып, басқа тұлғаларға келісімшарт бойынша құқықтарды немесе олардың бір бөлігін беруге құқылы.
      2. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру:
      1) өтемді не өтеусіз азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде басқа тұлғаға жер қойнауын пайдалану құқығын ішінара немесе толық иеліктен шығару;
      2) жер қойнауын пайдалану құқығын басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталына беру;
      3) банкрот кезіндегі конкурстық өндіріс үдерісінде жер қойнауын пайдалану құқығын иеліктен шығару;
      4) жер қойнауын пайдалану құқығына, оның ішінде кепілзат кезінде өндіріп алуға жүгіну арқылы жүзеге асырылады.
      3. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру Заңда белгіленген тәртіппен берілетін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның рұқсатымен жүзеге асырылады.
      4. Ұйымдастырылған құнды қағаздар нарығы айналымындағы бастапқы шығарылым, акциялар немесе акцияға меншік құқығын растайтын басқа да құнды қағаздар не жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның акцияларына айырбасталатын құнды қағаздар, оның ішінде ұйымдастырылған құнды қағаздар нарығында қосымша эмиссиялар шеңберінде шығарылған мұндай құнды қағаздардың бастапқы орналастырылуы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның рұқсатымен жүзеге асырылады.
      5. Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) кепілге беру белгіленген тәртіппен берілетін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның рұқсатымен жүзеге асырылады.
      Жер қойнауын пайдалану құқығы кепiлге қойылып алынған кредит жер қойнауын пайдалану мақсаттарына пайдаланылуға не жер қойнауын пайдалануға келісімшартта көзделген Қазақстан Республикасының аумағындағы кейіннен қайта бөлу ұйымы, жер қойнауын пайдаланушының өзі немесе оның жарғылық капиталына жүз пайыз қатысу үлесі бар еншілес ұйымдары пайдалануы тиіс.
      6. Жер қойнауын пайдалану құқығы басқа тұлғаға ішінара берілген жағдайда жер қойнауын пайдаланушы және осындай тұлға келісімшарт бойынша құқықтарды бірлесіп жүзеге асыру мен міндеттерді орындау кезінде туындайтын өзара міндеттемелер бойынша келісімге келуге тиіс. Жер қойнауын пайдаланушылар арасындағы бірлескен қызмет туралы шарт не келісімшарт бойынша қызмет шеңберінде өзара құқықтар мен міндеттерді белгілеу туралы өзге де шарт құзырлы органмен келісіледі және келісімшарт тараптары үшін міндетті күші бар келісімшартқа қосымша болып табылады.
      7. Иелері бірнеше жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын жер қойнауын пайдалану құқығының бір бөлігі берілген жағдайда мұндай беру осы жер қойнауын пайдалану құқығының барлық иелерінің келісімімен ғана мүмкін болады.
      8. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшартқа қандай да бір қатысуы сақталатын кезге дейін ол және жер қойнауын пайдалану құқығы берілетін тұлға келісімшарт бойынша ортақ жауапты болады.
      9. Жер қойнауын пайдалану құқығын толық беру жер учаскесін жаңа жер қойнауын пайдаланушыға қайта ресімдеудің сөзсіз негізі болып табылады.
      Жер қойнауын пайдалану құқығын және жер қойнауын пайдалануға беру келісімшарт талаптары бойынша қалыптастырылған тарату қорын және жер қойнауын пайдалануды қайта ресімдеудің (берудің) сөзсіз негізі болып табылады.
      10. Егер беру шарттарында өзгеше көзделмесе жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша барлық шығыстар жер қойнауын пайдаланушының шығыстарына жатқызылады.
      11. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру келісімшартқа тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігіне әкеледі және мұндай өзгерістер және (немесе) толықтырулар тіркелген кезден бастап жасалған болып есептеледі. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі азаматтық-құқықтық мәміле жасасу фактісі болмаған кезде, жер қойнауын пайдаланушының мұндай беруге уәкілетті органның рұқсатын алмаған (рұқсат беруден бас тартқан) кезде не жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану құқықтарын беруге рұқсат беруге негіз болған дұрыс емес ақпаратты құзыретті органға (облыстың, республиканың маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына) беру фактісі анықталған кезде не келісімшарттың 23-бөлімінің 6-тармағының ішінара беру туралы ережелері сақталмаған кезде келісімшартты тіркеуден бас тартуға құқылы.
      12. Жер қойнауын пайдаланушы заңда көзделген жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның рұқсатынсыз жасаған жер қойнауын пайдалану құқығын беруге бағытталған мәмілелер мен өзге де әрекеттер олар жасалған сәттен бастап жарамсыз деп танылады.
      13. Жасалған мәміле туралы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға ол жасалғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде хабарламау мәмілені жарамсыз деп тануға негіз болып табылады.

20-бөлім. Қолданылатын құқық

      1. Келiсiмшарт және келiсiмшарт негiзiнде қол қойылған басқа да келiсiмдер үшiн мемлекет құқығы қолданылады.
      2. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге бағытталған мәмілелердің құқықтары мен міндеттемелеріне Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.
      3. Жер қойнауын пайдаланушы келiсiмшарттық аумақта және онымен iргелес учаскелерде қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекет қабылдаған халықаралық мiндеттемелердi сақтау міндеттемесін қабылдайды.
      4. Егер мемлекет қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға  қайшы келмейтін болса, Қазақстан Республикасының жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының нормалары жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу қатынастарына қолданылады.

21-бөлім. Дауларды шешу тәртібі

      1. Келісімшартты орындауға және тоқтатуға байланысты даулар келіссөздер жолымен шешіледі.
      2. Егер келісімшартты орындауға, өзгертуге немесе тоқтатуға байланысты даулар келіссөздер арқылы шешілмейтін болса, онда тараптар дауларды мемлекет заңдарына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шешуге құқылы.

22-бөлім. Келісімшарт тұрақтылығының кепілдіктері

      1. Жер қойнауын пайдаланушыға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның құқығын қорғауға кепілдік беріледі.
      2. Егер Заңда және келісімшартта өзгеше көзделмесе тараптардың келісімі бойынша келісімшарт талаптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат беріледі.
      3. Тараптардың біреуінің талабы бойынша келісімшарттың талаптарына өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізу Қазақстан Республикасының заңдары мен келісімшартта көзделген негізде және тәртіпте рұқсат етіледі.
      4. Егер стратегиялық мәні бар жер қойнауы учаскесіне қатысты жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылардың әрекеті ұлттық қауіпсіздікке қауіп тудыратын мемлекеттің экономикалық мүдделерін өзгертуге әкелсе, құзырлы орган Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қалпына келтіру мақсатында келісімшарт талаптарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді талап етуге құқылы.
      5. Келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушының кәсіпкерлік қызметтерінің нәтижесін нашарлатып жіберетін заңнаманың өзгерістері мен толықтырулары егер ол осы өзгерістер мен толықтыруларды енгізгенге дейін жасалған болса, келісімшартқа қолданылмайды.
      6. Осы бөлімінің 5-тармағында белгіленген кепілдіктер мемлекеттің ұлттық қауіпсіздікті, қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету саласындағы, экологиялық қауіпсіздік, денсаулық сақтау, салық салу және кедендік реттеу саласындағы заңнамасы өзгерістеріне қолданылмайды.

23-бөлім. Келісімшарттың қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату шарттары

      1. Егер тараптар келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы келісімге қол жеткізбесе, ол қолданылу мерзімі өткеннен кейін тоқтатылады.
      2. Келісімшарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатуға тараптардың келісімі бойынша, сондай-ақ тараптардың біреуінің талабы бойынша Заңда көзделген жағдайларда рұқсат етіледі.
      3. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган мынадай жағдайларда:
      1) жер қойнауын пайдаланушы келісімшартта не жобалау құжаттарында белгіленген міндеттемелерді екі реттен астам бұзуларды учаскесіне уәкілетті органның хабарламасында көрсетілген мерзімде жоймаса;
      2) жер қойнауын пайдаланушы мұндай рұқсат Заңмен талап етілмеген жағдайды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның рұқсатынсыз берген кезде, келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
      Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның хабарламасында белгіленген мерзімде толық жойған келісімшарт талаптарының бұзылуы келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға негіз болып табылмайды.
      4. Осы келісімшарттың 22-бөлімінің 4-тармағында көзделген жағдайларда уәкілетті орган, егер:
      1) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органнан келісімшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру туралы хабарлама алған күннен бастап екі айға дейінгі мерзімде жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру жөнінде келіссөздер жүргізуге өз келісімін жазбаша түрде растамаса не оларды жүргізуден бас тартса;
      2) жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру жөнінде келіссөздер жүргізуге келісімі алынған күннен бастап төрт айға дейінгі мерзімде тараптар келісімшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру жөніндегі келісімге қол жеткізбесе;
      3) мемлекеттің экономикалық мүдделерін қалпына келтіру жөніндегі келісілген шешімге қол жеткізілген күннен бастап алты айға дейінгі мерзімде тараптар келісімшарттың талаптарына өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға қол қоймаса жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі, біржақты тәртіппен келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
      5. Егер стратегиялық маңызы бар жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушының әрекеті ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін, мемлекеттің экономикалық мүдделерін өзгертуге әкелген жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен тоқтатуға құқылы.
      Келісімшарттың қолданылуы аталған негіз бойынша біржақты тәртіппен тоқтатылған жағдайда уәкілетті орган бұл туралы жер қойнауын пайдаланушыны кемінде екі ай бұрын ескертуге тиіс.
      6. Егер жер қойнауын пайдаланушының нақты шығыстары нарықта қолданылатын бағалардың өзгеруі салдарынан, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының еркінен тыс басқа мән-жайларға байланысты келісімшарт жасасу, жұмыс бағдарламасы мен жобалау құжаттарын бекіту кезінде ескерілгендерден кем болып шықса, бірақ бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің келісімшартта, жұмыс бағдарламасында және жобалау құжаттарында көзделген нақты көлемі толық көлемде орындалса, жер қойнауын пайдаланушының нақты шығыстарының мұндай азаюы келісімшарт талаптарын бұзу және келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтату үшін негіз болып табылмайды.
      7. Жер қойнауын пайдаланушы келісімшартты сот тәртібімен мерзімінен бұрын бұзуды талап етуге немесе келісімшартта белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен келісімшартты орындаудан біржақты бас тартуға құқылы.
      8. Келісімшарттың қолданысын тоқтату жер қойнауын пайдаланушыны Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келісімшарттық аумақты мемлекетке қайтару және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі операциялардың зардаптарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
      9. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатқан кезде технологиялық үрдістің үздіксіздігін және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрылыстар мен жабдықтарды жер қойнауын пайдаланушы жаңа жер қойнауын пайдаланушыға мүлік берілгенге дейінгі мерзімге ұлттық компанияның уақытша иеленуі мен пайдалануына беруге тиіс.
      10. Келісімшарттың қолданысы тоқтатылған кезде барлық геологиялық ақпарат мемлекет меншігіне өтеді. Жер қойнауын пайдаланушы барлық құжаттарды және геологиялық ақпараттың өзге де материалдық жеткізгіштерін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға ақысыз беруге міндетті.
      11. Тараптар жер қойнауын пайдаланушыға келісімшарттың қолданысын тоқтату туралы хабарлама табыс етілгенге дейінгі орындалмай қалған ағымдағы міндеттемелерді орындаудан босатылмайды.
      12. Егер жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезінде жер қойнауын пайдаланушы кен орны шекара маңындағы кен орны болып табылатындығын анықтаған жағдайда, мұндай жер қойнауын пайдаланушы бұл туралы уәкілетті органға дереу хабарлауға міндетті.
      Аумағында не құқықтық құзыретінде осы шекара маңындағы кен орнының бір бөлігі бар мемлекетпен Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық келісімдері болмаған жағдайда уәкілетті орган шекара маңындағы кен орнында мұндай мемлекетпен тиісті келісімге қол жеткізгенге дейін өндіруді тоқтата тұруды талап етуге құқылы. Бұл ретте жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жаңғыртуға рұқсат бергенге дейін келісімшарт өзінің қолданылуын форс-мажорлық мән-жағдайлар бойынша үзген болып есептеледі.

24-бөлім. Келісімшарт тілі

      1. Осы келiсiмшарттың мәтiнi әрбір тарап үшін мемлекеттік және орыс тiлдерiнде ____ данада, мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады және барлық даналары сәйкес.
      Келісімшарт тараптарының келісімі бойынша келісімшарт мәтіні шет тіліне аударылуы мүмкін.
      2. Келісімшарттың мазмұнын анықтау және оны түсіндіру кезінде
келiспеушiлiктер мен даулар туындаған жағдайда ______________ мәтін
нұсқасы басым күшке ие болады.                 (тілді көрсету)
       3. Тараптар мемлекеттік және (немесе) орыс тiлдерi қатынас тiлдерi ретiнде пайдаланатындығына уағдаласады.
      4. Келiсiмшарт күшiне енген күннен бастап жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзуге қатысты техникалық құжаттама мен ақпарат мемлекеттік және (немесе) орыс тiлдерiнде жасалады.

25-бөлім. Қосымша ережелер

      1. Осы келiсiмшартты iске асыруға байланысты талап етiлетiн барлық хабарламалар мен құжаттар, осы келiсiмшарт бойынша оларды алу фактiсiмен ғана тараптардың әрқайсысына ұсынылған және жеткiзiлген деп есептеледi.
      2. Хабарламалар мен құжаттар тараптарға тiкелей тапсырылады немесе почтамен, тапсырыстық авиапочтамен, факспен жiберiледi.
      3. Осы келiсiмшарт бойынша почталық мекен-жайлар өзгерген кезде тараптардың әрқайсысы екiншi тарапқа 7 күн ішінде жазбаша хабарлама ұсынуға тиiс.
      4. Келісімшартқа барлық қосымшалар оның құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Қосымшалардың және келісімшарттың өз ережелерінің арасында қандай да бір айырмашылық болған кезде келісімшарттың негiз қалаушы мәнi болады.
      5. Келiсiмшартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың жазбаша келісімдерімен ресімделеді. Мұндай келісім келісімшарттың құрамдас бөлігі болып табылады. Келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органда міндетті тіркелуге тиіс. Келісімшартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар олар тіркелген кезінен бастап күшіне енген болып танылады.
      6. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган Заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен келісімшарттың қолданысын қайта жаңғырту туралы шешім қабылдау және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның бастамасы бойынша келісімшарттың қолданысын тоқтату туралы бұрын қабылданған шешімнің күшін жою жолымен өз бастамасы бойынша бұрын тоқтатылған келісімшарттың қолданысын сот қарауынан тыс тәртіппен қайта жаңғыртуға құқылы.
      7. Келісімшарттың қолданысын қайта жаңғырту және уәкілетті органның бастамасы бойынша келісімшарттың қолданысын тоқтату туралы бұрын қабылданған шешімді жою туралы шешім қабылданған жағдайда жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган және жер қойнауын пайдаланушы осындай шешім қабылданған күннен бастап үш ай ішінде келісімшартқа қосымша келісімді белгіленген тәртіппен келіседі және жасасады, онда келісімшарттың қолданысын қайта жаңғырту мәселелері, оның ішінде келісімшарт бойынша қызмет үзілісіне байланысты мәселелер мен жауапкершілік мәселелері реттелуге тиіс. Тараптардың келісімі бойынша келісімшартқа қосымша келісімді келісу және жасасу үшін осы тармақта көрсетілген мерзім ұзартылуы мүмкін.
      8. Осы келісімшартқа 20____жылы _______ (күні)______ (айы) Қазақстан Республикасының ______________ қ. тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойды.
      9. Тараптардың заңды мекенжайлары мен қолдары:

Барлауға және (немесе) өндіруге  
байланысты емес жерасты құрылыстарын
салуға және (немесе) пайдалануға 
арналған модельдік келісімшартқа 
қосымша             

Барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалануға арналған модельдік келісімшартқа жұмыс бағдарламасы

__________________________________
(пайдалы қазба түрі көрсетіледі)
Жұмыс бағдарламасы бекітілген күнге АҚШ долларының бағамы



Барлығы

1-жыл

2-жыл

3-жыл

Қаржылық міндеттемелер (ҚМ)

мың теңге/$





Инвестициялар, барлығы

мың теңге/$





күрделі шығындар, барлығы

мың теңге/$





оның ішінде: ғимарат, құрылыстар

мың. теңге/$





жайластыру, қайта жаңарту

мың теңге/$





машиналар, құрал-жабдықтар

мың теңге/$





көлік құралдары

мың теңге/$





тазалық құрылғыларына/ қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын шығындар

мың теңге/$





шығындары, барлығы

мың теңге/$





Қоймалау (көму) көлемі

мың теңге/$





өзге де пайдалану шығыстары (негізгі баптарды ашып көрсете отырып)

мың теңге/$





технологиялар сатып алу

мың теңге/$





оның ішінде отандық технологиялар

мың теңге/$





Қазақстан Республикасы аумағындағы ҒЗТКЖ-ға жұмсалатын шығыстар

мың теңге/$





Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және оның инфрақұрылымын дамыту

мың теңге/$





Жер қойнауы жай-күйінің мониторингі

мың теңге/$





Тәуекелдерді сақтандыру, барлығы

мың теңге/$





(негізгі түрлерін көрсету)

мың теңге/$





Тарату қорына аударымдар

мың теңге/$





ҚР азаматтарын оқыту, біліктілігін арттыру, қайта даярлау

мың теңге/$





Еңбекақы төлеу қоры

мың теңге/$





жанама шығыстар (негізгі баптарды көрсету)

мың теңге/$





оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында

мың теңге/$





салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, барлығы

мың теңге/$





тарихи шығындар

мың теңге/$





Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.