Күшін жойған

Жасы он сегiзге толмаған қызметкерлердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тiзiмiн, жасы он сегiзге толмаған қызметкерлер тасымалдайтын және қозғайтын жүктің шектi нормаларын және әйелдердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тiзiмiн, әйелдердің жүктi қолмен көтеруінің және алып жүруiнiң шектi нормаларын бекiту туралы

Актінің түрі
Нормалар (Нормативтер)
Қаулы
Қабылдау күні
28.10.2011
Өзгерту күні
29.10.2015
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.10.2015 № 862 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 391 бұйрығын қараңыз.


      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнiң 15-бабының 21) және 22) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) жасы он сегiзге толмаған қызметкерлердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тiзiмi, жасы он сегiзге толмаған қызметкерлер тасымалдайтын және қозғайтын жүктің шектi нормалары;
      2) әйелдердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардыңтiзiмiн, әйелдердің жүктi қолмен көтеруінің және алып жүруiнiң шектi нормасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                 К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 28 қазандағы
      № 1220 қаулысымен  
бекітілген     

Жасы он сегiзге толмаған қызметкерлердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тiзiмi, жасы он сегiзге толмаған қызметкерлер тасымалдайтын және қозғайтын жүктің шектi нормалары

1-бөлім. Жасы он сегiзге толмаған қызметкерлердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тiзiмi

1.1-кіші бөлім. Өндiрiстер мен жұмыстардың түрлерi

      1. Атом электр станциялары
      2. Геологиялық барлау, топографиялық-геодезиялық жұмыстар
      3. Көмiр және тау-кен шикiзатын өндiру және байыту
      4. Құрылыс және кенсiз материалдарды өндiру және байыту
      5. Мұнай және газ өндiру және қайта өңдеу
      6. Кокс химия өндiрiсі
      7. Ағаш дайындау жұмыстары, ағаш ағызу және ағаштан шырын алу
      8. Ағаш химиялық өндiрiс
      9. Металлургия өндiрiсi (қара және түстi металлургия)
      10. Металл өңдеу оның iшiнде: дәнекерлеу, ұста-пресс және термиялық жұмыстары, металл жалату және сырлау, қаңылтыр банкi және құбыр өндiрiсi
      11. Химиялық мұнай өндiрiсi
      12. Химиялық шикiзатты байыту, агломераттау, брикеттеу
      13. Тастан жасалған бұйымдар және тасты өңдеу өндiрiсi
      14. Бактериялық және вирустық дәрі дәрмек өндiру кәсiпорындары
      15. Асбест өндiрiсi
      16. Асбест цемент бұйымдарының өндiрiсi
      17. Ерiткiштер өндiрiсi
      18. Цемент өндiрiсi
      19. Темiр-бетон және бетон бұйымдары мен конструкциялар өндiрiсi
      20. Отқа төзiмдi заттар өндiрiсi
      21. Қабырғалық және тұтқыр материалдар өндiрiсi
      22. Жылу оқшаулау материалдарының өндiрiсi
      23. Асфальт мастикасын және плиткасын шығаратын өндiрiс
      24. Жұмсақ шатыр және гидрооқшаулау материалдарының өндiрiсі
      25. Целлюлоза, қағаз, картон және олардан жасалатын бұйымдар өндiрiсi
      26. Порнографиялық материалдар немесе заттар, баспа өнiмдері, кино немесе бейне материалдар, көрiнiстер немесе порнографиялық сипаттағы және эротикалық мазмұндағы өзге де заттар өндiрiсi
      27. Ауыл шаруашылығы өндiрiсi
      28. Шахталарды, разрездердi, метрополитендер мен тоннельдердi салу
      29. Құрылыс, монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстары
      30. Тамақ өнеркәсiбi, оның iшiнде: шарап, спирт, ликер-арақ өнiмдерi, сыра және алкогольсiз сусындар өндiрiсi, темекi және ферментация өндiрiсi, ас тұзын өндiру
      31. Жылу желiлерi
      32. Көлiк, оның iшiнде: темiр жол көлiгi мен метрополитен, теңiз флоты, өзен флоты, азаматтық авиация, автомобиль және қалалық электр көлiгi
      33. Электр энергетикасы (энергетикалық шаруашылық)
      34. Химия өндiрiсi
      35. Фармацевтикалық өндiрiс
      36. Балық аулау

1.2-кіші бөлім. Жалпы кәсіптер мен жұмыстардың түрлерi

      37. Автоклавшы
      38. Аккумуляторларды жөндеумен және зарядтаумен айналысатын аккумоляторшы
      39. Антикоррозияшы
      40. Химиялық ерiтiндiлердi дайындайтын аппаратшы
      41. Хлорлау аппаратшысы
      42. Бункершi
      43. Битум қайнатушы
      44. Сүңгуiр (водолаз)
      45. Автомобиль жүргiзушiсi
      46. Газшы
      47. Газ генераторшысы
      48. Газ құтқарушысы
      49. Ацетилен қондырғысының генераторшысы
      50. Металл бұйымдарының гумершiсi
      51. Дегазаторшы
      52. Рентген-гамма-глафирлеу дефектоскописi
      53. Өлшеушi (дозиметршi)
      54. Жанар және жағар майларды құюшы
      55. От сөндiргiштерге заряд берушi
      56. Баллондарды сынаушы
      57. Технологиялық және өндiрiс пештерiнiң қазандары мен пештерiне қызмет көрсетумен айналысатын, қолмен тиеп құрғақ отынмен жұмыс iстейтiн от жағушы, кочегар
      58. Өндiрiс пештерi мен қазандарын ыстықтай жөндеумен айналысатын өнеркәсiп пештерiнiң, қазандарының және агрегаттарының тас қалаушы-пешшiсi
      59. Адам ағазасына күштi әсер ететiн заттарды тексеру, зерттеу және сынаумен айналысатын химиялық анализ лаборанты
      60. Пластмасса құюшы
      61. Вагондарды төңкеру машинисi
      62. Вагондарды итеру машинисi
      63. Вентиляциялық және аспирациялық қондырғылардың машинисi
      64. Ауа бөлушi қондырғылардың машинисi
      65. Газ үрлеу машинисi
      66. Газ генератор машинисi
      67. Iштен жану қозғалтқышының машинисi
      68. Түтiн сорғыштың машинисi
      69. Компрессор қондырғыларының машинисi
      70. Кран машинисi (краншы)
      71. Көтергiш машинисi
      72. Скрепер машинисi (скрепершi)
      73. Тоңазытқыш қондырғыларының машинисi
      74. Эксковатор машинисi
      75. Улы заттармен, кәріз сұйықтарымен ластанған киiмдердi жөндеумен, тазалаумен және жуумен айналысатын арнайы киiм жуу, сондай-ақ арнайы кiр жуумен айналысатын машинист
      76. Мұнай өнiмдерi мен химикаттардан босаған ыдыстарды жуумен, бөлшектердi, тораптар мен моторларды жуумен, ассенизациялық машиналарды жуумен, сондай-ақ ыдыс-аяқты дезинфекциялаумен айналысатын, этилденген бензинмен жұмыс iстейтiн жуушы
      77. Жоғары вольттi электр қозғалтқыштарына қызмет көрсетумен айналысатын электр қозғалтқыштар моторшысы
      78. Баллондарға сығымдалған газ және сұйық хлор толтырумен айналысатын баллон толтырушы
      79. Су құбыры-кәріз жүйесiнiң жерасты камералары мен тоннельдерiне қызмет көрсетумен айналысатын қараушы
      80. Пештердi, қазандықтарды, ожауларды және басқа да жабдықтарды жөндеумен айналысатын отқа төтеп берушi
      81. Сынап дәнекерiн әзiрлеумен және оны дәнекерлеумен айналысатын дәнекерлеушi
      82. Қорғасынды, бериллийдi және олардың қорытпаларының балқыту және өңдеу учаскелерiнде, сондай-ақ зияндылығы I, II, III сыныпты химиялық заттар ашық түрде қолданылатын; зиянды және улы жүктердi өңдеу кезiнде көлiктiң барлық түрiнде ыстық металды таратып құю және илемдеумен тiкелей айналысатын қосалқы жұмысшы
      83. Престеушi
      84. Пластмасса бұйымдарын престеушi
      85. Баллон қабылдап алушы
      86. Шарап, спирт, ликер-арақ өнiмдерiн және сыра сатумен, сақтаумен айналысатын қызметкерлер
      87. Қопарылғыш зиянды заттарды әзiрлеумен, сақтаумен, тасымалдаумен және пайдаланумен байланысты өндiрiстер мен жұмыстарда iстейтiн жұмысшылар
      88. Ашық сынапты қолданумен байланысты барлық жұмыс түрлерiндегi жұмысшылар
      89. Пневматикалық құралдар қолданылатын барлық жұмыстардағы жұмысшылар
      90. Сүңгуiр (водолаз) және су асты жұмыстарына қызмет көрсетушi жұмысшылар
      91. Қару-жарақты ату және атып көрумен айналысатын жұмысшылар
      92. Улы химикаттарды тасымалдаумен, әзiрлеумен және қолданумен байланысты жұмыстармен айналысатын жұмысшылар
      93. Тазалау және жуынды-шайынды шұңқырларынан қоқыстарды қолмен шығарумен, өнеркәсiптiк кәріз жүйесi мен ұстағыштарды тазалаумен айналысатын жұмысшылар
      94. Этил сұйығы қолданылатын жұмыстармен айналысатын жұмысшылар
      95. Жанар-жағар және қопарылғыш материалдар, улы заттар, қышқылдар мен сiлтiлер, хлор және хлорлы әк сақталатын арнаулы қоймаларға қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылар
      96. Биiктiкте жұмыс iстейтiн жұмысшылар
      97. Бокстарда, инсектарийлерде, виварийлерде тiкелей жұмыс iстейтiн жұмысшылар
      98. Локомотивтердi және моторлы вагон поездарын зауыттық жүру сынағымен тiкелей айналысатын жұмысшылар
      99. Ыстық плита, кондитер пештерi және электрқуыру шкафтарының тiкелей жанында жұмыс iстейтiн жұмысшылар
      100. Моншаларға (сауналарға) қызмет көрсету жөнiндегi жұмысшылар
      101. Жерлеу қызметінің жұмысшылары (моргтерде, крематорийлерде, зираттарда)
      102. Тростник, опий көкнәрi, темекi, мақта плантацияларында жұмыс iстейтiн жұмысшылар
      103. Пестицидтер мен гербицидтер қолданылатын барлық жұмыс түрлерiндегi жұмысшылар
      104. Түнгi клубтарда, кабаре, мейрамханаларда жұмыс iстейтiн жұмысшылар
      105. Есірткі және улы препараттарды, алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарын тасымалдаумен, өндiрумен және өткiзумен айналысатын жұмысшылар
      106. Порнографиялық материалдар немесе заттар, баспа өнiмдерi, кино-немесе бейне материалдар, көрiнiстер немесе порнографиялық сипаттағы және эротикалық мазмұндағы өзге де заттарды таратумен, жарнамалаумен және сатумен айналысатын жұмысшылар
      107. Басқа да емдеу мекемелерiндегi наркологиялық ауруларды емдеу бөлiмшелерiн қоса алғанда, психиатриялық ауруханаларда, интернаттарда, диспансерлерде барлық жұмыс түрлерiмен, хоспистердегi жұмыспен айналысатын жұмысшылар
      108. Ауыл шаруашылығында, заказниктерде, хайуанаттар бағы мен цирктерде жабайы және жыртқыш аңдарға, бұқалар мен айғырларға күтiм жасайтын жұмысшылар
      109. Асыл тастар мен металдарды өңдеумен, ақша белгiлерiн және басқа да құнды қағаздарды шығарумен айналысатын жұмысшылар
      110. Авариялық-құтқару қызметтерiмен айналысатын жұмысшылар
      111. Банк құрылымдары мен басқа да қызметтердi қорғау жөнiндегi, инкассация қызметi мен оқ ату қаруын алып жүруге рұқсат берiлген басқа да қызмет түрлерiндегi қызметкерлер
      112. Балалардың өмiрi, денсаулығы мен қауiпсiздiгi үшiн жауаптылықпен байланысты жұмыстарды орындаумен айналысатын қызметкерлер (сәбилер үйлерiнiң, мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнiң, балалар үйлерiнiң, интернаттардың қызмет көрсетушi персоналы, аттракциондарда қызмет көрсету және т.б.)
      113. Iстен шыққан май генераторшысы
      114. Шиналарды құрастыру және бөлшектеумен; автомобильдердi жөндеумен; ассенизациялық жүктер, шiрiген қалдықтар мен улы химикаттар тасымалдаумен; этилденген бензинмен жұмыс iстейтiн автомобильдердi жөндеумен айналысатын слесарь
      115. Жер асты газ құбырларын пайдалану және жөндеу слесарi
      116. Авариялық-қалпына келтiру жұмыстарының слесарi
      117. Кәріз желiлерiнiң жұмыстарымен айналысатын слесарь
      118. Фреонды және аммиакты компрессорлар мен тоңазытқыш қондырғыларын сынаумен және жөндеумен айналысатын слесарь-жұмысшы
      119. Этилденген бензинмен жұмыс iстейтiн мотор сынақ станцияларында технологиялық жабдықтарды, жер асты камераларында, тоннельдер мен кеме iшiнде; металлургиялық және химиялық өндiрiстерде, цехтарда және өндiрiс учаскелерiнде; пластмасса бұйымдары өндiрiсiнде, арнаулы жуу орындарында; ыстық жұмыс учаскелерiнде; кәріз құрылыстарында жөндеумен айналысатын слесарь-жөндеушiлер
      120. Ілмектеуші
      121. Такелажшы
      122. Вагон аударғышты, қазандарды, танктердi, цистерналарды, бөшкелердi, мұнай құю кемелерiн және басқа да май, гракс, мұнай және химия өнiмдерiн құятын ыдыстарды тазалаумен айналысатын жұмысшылар
      123. Құбыр тазалаушы (трубочист)
      124. Пештер мен газ қалдықтарын және желдеткiш қондырғыларын тазалаушы
      125. Абразивтi шеңберлер қолданып, құрғақ әдiспен жұмыс iстейтiн жылтыратушылар
      126. Электродшы
      127. Электргазбен пiсiрушi
      128. Лифтiлердi жөндеу және техникалық қызмет көрсетумен айналысатын лифт электромеханигi

2-бөлім. Жасы он сегізге толмаған қызметкерлер тасымалдайтын және қозғайтын жүктің шекті нормалары

      Жасы он сегізге толмаған қызметкерлер (адамдар) (бұдан әрі - жасөспірімдер) салмағы 4,1 кг-дан асатын жүкті тасымалдаумен немесе қозғаумен ғана айналысатын жұмыстарға тағайындалмауға тиіс.
      Жасөспірімдердің жоғарыда көрсетілген нормалар шегіндегі жүкті тасымалдауына және қозғауына, бұл жасөспірімнің тұрақты кәсіби жұмысымен байланысты болғанда және жұмыс уақытының үштен бірінен артығын алмайтын жағдайларда ғана жол беріледі.

р/с №

Жұмыстың сипаты

Жүктің шекті салмағы

1

2

3

1.

Жүкті тасымалдау:
1) 16-дан 18 жасқа дейінгі еркек жынысты жасөспірімдер үшін
2) 16-дан 18 жасқа дейінгі әйел жынысты жасөспірімдер үшін

16,4 кг.
 
 
 
 
10,25 кг.

2.

Жүкті рельспен қозғалатын вагонеткалармен жылжыту:
1) 16-дан 18 жасқа дейінгі еркек жынысты жасаөспірімдер үшін
2) 16-дан 18 жасқа дейінгі әйел жынысты жасаөспірімдер үшін

492 кг.
 
 
 
 
328 кг.

      Ескертпе. Тасымалданатын және қозғалатын жүктің салмағына ыдыстың, буманың және жабдықтың салмағы қосылады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 28 қазандағы
№ 1220 қаулысымен 
бекітілген    

Әйелдердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімі, әйелдердiң жүктi қолмен көтеру және алып жүруiнiң шектi нормалары

1-бөлім. Әйелдердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімі

1.1-кіші бөлім. Металл өңдеу

1. Құю жұмыстары

      1. Ваграншы
      2. Қолмен шығарумен айналысатын қорытпаны шығарып алушы
      3. Шикіқұрамды қолмен тиеумен айналысатын вагранкалар мен пештерге шикіқұрам толтырушы
      4. Қорытпаны қайнатушы
      5. Металл құюшы
      6. Пневматикалық құралдарда жұмыс iстейтiн кесушi
      7. Металдар мен балқымаларды қорытушы
      8. Конвейерге ыстық қорытпа iлумен және тоннельдердегi құю цехтарында жабдықтарға қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын жұмысшылар

2. Дәнекерлеу жұмыстары

      9. Жабық ыдыстарда (цистерналарда, қазандарда және т.б.), сондай-ақ биiктiгi 10 метрден асатын биiк байланыс құрылыстарында (мұнараларда, дiңгектерде) және жоғары өрмелейтiн жұмыстарда қолмен атқарылатын газбен және электрмен дәнекерлеушi

3. Қазандық, салқынмөртабандық, сым тарту және сығу жұмыстары

      10. Қол жұмысымен айналысатын сығушы
      11. Қазандықшы
      12. Пневматикалық қол аспаптары жұмысында iстейтiн нақыштаушы

4. Ұсталық-престеу және термиялық жұмыстар

      13. Ыстық жұмыстарда iстейтiн құрсаушы
      14. Металл жылытушы (дәнекерлеушi)
      15. Диаметрi 10 мм асатын сымнан серіппе орау кезiнде ыстық жұмыстарда iстейтiн серiппешi
      16. Ыстық күйiнде шығыршықты домалатумен айналысушы
      17. Ыстық металды өңдеумен айналысатын рессоршы

5. Металл қаптау және сырлау

      18. Кессон-бактардың iшкi саңылауларын бiтеумен айналысатын саңылау бiтеушi
      19. Ыстықтай тәсiлмен (гальвандық емес) қорғасындаумен ұдайы айналысатын қорғасындаушы

6. Слесарлық және слесарлық құрастыру жұмыстары

      20. Дiрiл әсерi қолға берiлетiн пневматикалық аспаптармен жұмыс iстейтiн бұрандашы-пневматик
      21. Ыстықтай илемдеу, өрнектеу, эмальдау, кабель өндiрiсiнде органикалық кремний лактарын қолданып айыру, қорғасындау цехтары мен бөлiмшелерiнде жабдықтарды реттеумен айналысатын жөндеушi слесарь

7. Қорғасынмен жұмыс

      22. Қорытумен, ағызумен, илемдеумен, тартумен, қалыптаумен, қорғасын бұйымдарымен, кабельдердi қорғасындаумен және қорғасын аккумуляторларды дәнекерлеумен айналысатын жұмысшылар

1.2-кіші бөлім. Құрылыс, монтаждау және құрылыс-жөндеу жұмыстары

      23. Игiш қол станоктары мен қайшыларды, қаңқа тiректердi қолмен орнатумен айналысатын арматурашы
      24. Асфальт бетондаушы
      25. Қайнатушы-асфальттаушы
      26. Гидромониторшы
      27. Жер үңгiп-қазушы
      28. Тас қашаушы
      29. Тас қалаушы
      30. Су астындағы камерада (кессон) жұмыс iстейтiн аппаратшы, жер қазушы, слесарь, электрмонтаждаушы
      31. Орамдалған жабынды және жеке материалдармен iстейтiн шатыршы
      32. Болат жабындымен iстейтiн шатыршы
      33. Автогудронаттар машинисi
      34. Автогрейдер машинисi
      35. Бетон-сорғы қондырғысының машинисi
      36. Битум ерiтетiн жылжымалы қондырғы машинисi
      37. Бульдозер машинисi
      38. Грейдер-элеватор машинисi
      39. Жылжымалы асфальт-бетон араластырғыш машинисi
      40. Асфальт-бетон төсегiш машинисi
      41. Бiр ожаулы экскаватор машинисi, роторлы экскаватор машинисi
      42. Қозғалтқышы іштен жанатын двигателiн жылжымалы электрмен дәнекерлеу агрегатының машинисi
      43. Болат және темiр-бетон құрылғыларын монтаждауда биiкте және жоғары өрмелейтiн жұмыстармен айналысатын монтажшы
      44. Биiкте жұмыс iстейтiн антеннашы-байланыс монтажшысы
      45. Пештердi ыстықтай жөндеумен және қазанға отын жағумен айналысатын отқа төзiмдi жұмысшы
      46. Өнеркәсiптiк темiр-бетон құбырларын төсейтiн құбыр төсеушi
      47. Қорғасынмен дәнекерлеушi
      48. Өнеркәсiптiк кiрпiш құбырларын төсейтiн құбыр төсеушi

1.3-кіші бөлім. Тау-кен жұмыстары

      49. Кен өндiру өнеркәсiбiнiң жерасты құрылыстарын салуда қара жұмыспен айналыспайтын жұмысшылар мен мамандар, сондай-ақ әйелдер үшiн бекiтiлген жұмыс күшi нормалары шегiнен аспайтын қара жұмыспен айналысатын жұмысшылар мен мамандардың жұмысынан басқа барлық жерасты жұмыстары
      50. Қара жұмыспен айналыспайтын жұмысшылар мен мамандар, сондай-ақ әйелдер үшiн бекiтiлген жұмыс күшi нормалары шегiнен аспайтын қара жұмыспен айналысатын жұмысшылар мен мамандардың жұмысынан басқа ашық кен жұмыстары және жұмыс iстеп тұрған және салынып жатқан шахталар мен кенiштердiң үстi, байыту, агломераттау, брикеттеу жұмыстары

1. Жалпы кен және күрделi тау-кен жұмыстары кәсіптері

      51. Ұңғыма бұрғылаушысы, бұрғылау станогының машинисi, шпур бұрғылаушысы
      52. Қопарғыш, қопару жұмыстарындағы тау-кен жұмысшысы
      53. Өрттiң алдын алу және сөндiру жөнiндегi тау-кен жұмысшысы
      54. Шахтаға бекiту материалдарын жеткiзушi
      55. Бұрғылау қондырғысының машинисi, бұрғылау қондырғысы машинисiнiң көмекшiсi
      56. Бекiтушi
      57. Ұста-бұрғы майлаушы
      58. Тиеу машинасының машинисi
      59. Шахта оқпандарына өн бойымен толық бұрғылау жөнiндегi қондырғы машинисi
      60. Машинист, машинист көмекшiсi, өзi жүретiн ауыр және көлiк машиналарының жүргiзушiсi (ауыр жүк автомобильдерi, өзi жүк түсiретiн автомобильдер, жер қазатын машиналар, экскаватор, трактор, бульдозерлер)
      61. Вагонеткаларды қолмен жылжытып сырғытумен айналысатын аударушы
      62. Қазба жүргiзушi
      63. Діңгекші
      64. Тазалаушы

2. Жалпы байыту, агломерация, брикеттеу кәсіптері

      65. Сазбалшық өндiрiсiнде ыстықтай күйдiрiлген күйде ұсатумен, брикеттеумен айналысатын ұсатушы
      66. Сынап өндiруде шикiзат пен материалдарды күйдiрумен айналысатын күйдiрушi
      67. Байыту және ұнтақтау-сұрыптау фабрикаларының, кенiштердiң, шахталар мен металлургия кәсiпорындарының жұмысты атқару кезiнде шаң-тозаң шығаратын, 10 пайыз және одан да астам қос қышқылды кремний түзiлетiн қара, түстi және сирек металдарды, балқыма шпатын және көмiрдi ұнтақтау, ұсақтау және шикіқұрамдау жөнiндегi жұмыстармен айналысатын жұмысшылар мен шеберлер
      68. Қорғасын байыту цехтарында iстейтiн жұмысшылар

1.4-кіші бөлім. Геологиялық барлау және топографиялық-геодезиялық жұмыстар

      69. Қопарушы
      70. Геодезиялық белгiлердi құрастырушы
      71. Дала жағдайында жұмыс iстейтiн кезекшi және жабдықтарды жөндеу жөнiндегi электр слесары

1. Ұңғымаларды бұрғылау

      72. Мұнай мен газды пайдалану және барлау ұңғымаларын бұрғылайтын бұрғылаушы
      73. Мұнара құрастырушы, мұнара құрастырушы-дәнекерлеушi, мұнара құрастырушы электр монтерi
      74. Бұрғылау қондырғысының машинисi
      75. Скважинаны цементтеу жөнiндегi машинист
      76. Цементтеу агрегатының моторшысы
      77. Цемент-құм араластырғыш агрегат моторшысы
      78. Құбырларды престеушi
      79. Мұнай мен газ (бiрiншi және екiншi) пайдалану және барлау ұңғымаларын бұрғылайтын бұрғылаушының көмекшiсi
      80. Бұрғылау қондырғысы (бiрiншi және екiншi) машинисiнiң көмекшiсi
      81. Қолмен ерiтiндi әзiрлеумен айналысатын бұрғылау ерiтiндiсiн әзiрлеушi
      82. Бұрғылау жабдықтарын жөндеумен айналысатын жөндеушi слесарь
      83. Тiкелей бұрғылаумен айналысатын бұрғыларға қызмет көрсету жөнiндегi слесарь
      84. Бұрғы құлыптарын орнатушы
      85. Технологиялық жабдықтарға қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын электр жабдықтарын жөндеу жөнiндегi электр монтерi және электр жабдықтарына қызмет көрсететiн электр монтерi

2. Мұнай және газ өндiру

      86. Теңiзде жүзетiн бұрғылау агрегатының бұрғылаушысы
      87. Ұңғымаларды күрделi жөндеуден өткiзетiн бұрғылаушы
      88. Парафиннен тазартатын жылжымалы бу қондырғысының машинисi
      89. Жылжымалы компрессор машинисi
      90. Көтергiш машинисi
      91. Жуу агрегатының машинисi
      92. Қат-қабат қыртыстарды гидравликалық тәсiлмен жару операторы
      93. Ұңғымаларды жер астында жөндеушi оператор
      94. Ұңғымаларды күрделi және жер астында жөндеуге дайындау жөнiндегi оператор
      95. Ұңғымаларды химиялық өңдеу жөнiндегi оператор
      96. Теңiзде жүзетiн бұрғылау агрегаты бұрғылаушысының көмекшiсi
      97. Ұңғымаларды күрделi жөндеу бұрғылаушысының көмекшiсi
      98. Жер астында мұнай өндiрумен ұдайы айналысатын жұмысшылар, басшылар мен мамандар
      99. Метанол мен қышқыл қолданумен байланысты жұмыстармен айналысатын жұмысшылар
      100. Теңiз бұрғылары мен көпiрлерiнiң негiздерiн құрастыру және жөндеу жөнiндегi слесарь
      101. Мұнай кәсiпшiлiгiнiң жабдықтарын құрастырумен, қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын жөндеушi слесарь

1.5-кіші бөлім. Қара металлургия

1. Жалпы қара металлургия кәсіптері

      102. Балқыған металдармен жұмыс iстейтiн ожаушы
      103. Илемдеу және құбыр өндiрiсiнiң камералық пештерi мен құдықтарында әдiстемелiк жұмыстармен айналысатын металл қыздырушы
      104. Пневматикалық құралдармен жұмыс iстейтiн металдың сыртқы кеселдерiн өңдеушi

2. Домна өндiрiсi

      105. Домна пешiнiң үстiн қараушы
      106. Домна пешiнiң су құбыршысы
      107. Домна пешiнiң көрiкшiсi
      108. Вагон-салмақ машинисi
      109. Скипшi

3. Болат балқыту өндiрiсi

      110. Үйiндi машинасының машинисi
      111. Миксершi
      112. Блоктарды қағушы
      113. Қышқыл жойғыштарды балқытушы
      114. Конвертерде, темiрдi бiрден қалпына келтiретiн мартен пешiнде, электр қалдықтарын қайта балқыту қондырғысында, электр пешiнде болат қорытушы
      115. Болат құюшы
      116. Конвертерде, темiрде бiрден қалпына келтiретiн мартен пешiнде, электр қалдықтарын қайта балқыту қондырғысында, электр пешiнде болат қорытушы

4. Илемдеу өндiрiсi

      117. Ыстықтай прокат станының бiлiктеушiсi
      118. Балқыма қайнатушысы
      119. Жайма соғушы
      120. Ыстықтай прокат станының тірегін бiлiктеушi
      121. Рельстердi бекiтетiн қыстырғыш-престеушi
      122. Сортты прокат өндiрiсiнде iстейтiн өткiзушi слесарь

5. Құбыр өндiрiсi

      123. Калибрлеу орнағының, құбырларды ыстықтай прокат станының, құбырларды пеште дәнекерлеу, құбырларды салқын прокат станының, құбырларды қалыптау орнағының бiлiктеушiсi
      124. Механикаландырылмаған стандарда iстейтiн құбыр тартушы
      125. Престе құбырларды калибрлеушi
      126. Балға мен пресс ұстасы
      127. Құбырларды ыстықтай илемдеу, құбырларды салқындай прокат станының тірегінің бiлiктеушiсi

6. Ферроқорытпа өндiрiсi

      128. Ферроқорытпа пештерiнiң көрiкшiсi
      129. Балқытушы, ферроқорытпа балқытушысы
      130. Алюминдi-термиялық әдiспен балқымаларды ұстайтын металл хром алумен айналысатын жұмысшылар
      131. Ашық иiндi пештерде кремний балқымаларын балқытумен айналысатын жұмысшылар

7. Химиялық кокс өндiрiсi

      132. Барий құюшы
      133. Есiкте тұрушы
      134. Ұсақтаушы
      135. Люкте тұрушы
      136. Бензол өндiрiсiнде, оны су қуатымен тазартумен және аршумен тiкелей айналысатын қызметкерлер
      137. Кокстендiрiлетiн өнiмдердi аулау цехында фенолды қондырғыға күтiм көрсетумен айналысатын скруббершi-насосшы
      138. Кокс батареяларына қызмет көрсетумен айналысатын слесарь-жөндеушi

1.6-кіші бөлім. Түстi металлургия

1. Жалпы түстi металлургия кәсіптері

      139. Алюминий, силумин және кремний өндiрiсiнде анодтарды астыңғы секцияларға құюмен айналысатын анод құюшы
      140. Алюминий, силумин және кремний өндiрiсiнде катод өзектерiнiң астын тереңдете бұрғылаумен айналысатын ванна жөндеп-орнатушы
      141. Балқытушы
      142. Қыздырушы
      143. Қауiптiлiгi бiрiншi және екiншi сыныпты химиялық заттарды пайдалана отырып, тантал, ниобий өндiрiсiмен және олардың қосындысы мен олардан жасалатын бұйымдармен тiкелей айналысатын жұмысшылар
      144. Қатты балқымаларды жымдастырушы
      145. Негiзгi металлургия цехтарында металлургиялық жабдықтарға қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын, металлургия және цемент жабдықтарын жөндеу жөнiндегi слесарь, слесарь-жөндеушi

2. Түстi және сирек металдар өндiрiсi, түстi металдардан ұнтақ жасау өндiрiсi

      146. Алюминий, магний өндiрiсiндегi анодшы
      147. Титан ысқыштарды қағып шығарушы
      148. Металды құйып төгушi
      149. Катодшы
      150. Конвертершi
      151. Конденсаторшы
      152. Ванналар мен пештердi құрастырумен және бұзумен айналысатын реакциялық аппараттардың құрастырушысы
      153. Сынапты шыңдаушы
      154. Титан мен сирек металдарды қалпына келтiрiп тазартумен айналысатын пешшi
      155. Белсенді никель ұнтақтарын қалпына келтiру жөнiндегi пешшi
      156. Мырыш тозаңы өндiрiсiндегi пешшi
      157. Вельцпештерде мырыш тотығын алуда iстейтiн пешшi
      158. Титан түзетiн және сирек топырақ материалдарын қайта өңдеу жөнiндегi пешшi
      159. Төрт хлорлы титан (тетрахлорид) өндiрiсiнде iстейтiн жұмысшылар мен шеберлер
      160. Металды титан өндiрiсiнде тетрахлоридтi қалпына келтiру және металды тарту цехтарында (бөлiмшелер мен учаскелерде) iстейтiн жұмысшылар мен шеберлер
      161. Лопарит концентратын хлорлау цехтарында iстейтiн жұмысшылар мен шеберлер
      162. Титан шикiзатын (шлактарды) хлорлау және аршу бөлiмшелерiнде (учаскелерiнде) iстейтiн жұмысшылар мен шеберлер
      163. Фьюминг қондырғысында шлакты возгон тәсiлiмен қайыра өңдеу бөлiмiнде iстейтiн жұмысшылар
      164. Балқыту цехтарында, сондай-ақ сынап өндiрiсiнде тұқыл өңдеумен айналысатын жұмысшылар
      165. Ванналарды қолмен тазартатын, электролит ванналардағы қойыртпақ қалдықтарды тазартушы
      166. Балқытылған тұздарды электролиздеушi

3. Бериллий өндiрiсi, оның қосындысы және одан жасалған бұйымдар

      167. Металл бериллий өндiрiсiнде жұмыс iстейтiн аппаратшы
      168. Бериллий гидрототығын өндiруде сүзгіпрессорларды қолмен тазалаумен айналысатын аппаратшы
      169. Аммоний фторбериллатын өндiрумен айналысатын аппаратшы
      170. Бериллий тотығы ұнтағын алумен айналысатын аппаратшы
      171. Бериллий тотығы ұнтағынан бұйым жасау өндiрiсiнде бериллий тотығы ұнтағын пайдалана отырып, операциямен айналысатын аппаратшы
      172. Бериллий гидрототығы өндiрiсiнде шикіқұрам материалдарын дайындаумен айналысатын аппаратшы
      173. Бериллий өндiрiсiнде шикіқұрам материалдарын балқытумен айналысатын аппаратшы
      174. Ветжүйеге қызмет көрсетумен айналысатын аппаратшы
      175. Бериллий мен оның құймаларын, бериллий тотығынан жасалған бұйымдарды механикалық өңдеумен айналысатын жұмысшы (фрезерлеушi, токарь т.б.)
      176. Жеке қорғанудың оқшаулаушы құралдарын пайдаланумен байланысты операциялардағы жұмысшылар
      177. Технологиялық және көмекшi жабдықтарды жөндеумен айналысатын слесарь-жөндеушi

4. Атом электр станциялары үшiн отын өндiру

      178. Шөгiндiдегi, экстракциялаудағы, таблеткалар қалыптастырудағы, дайын өнiмдi іріктеудегі, бақылау және жинақтаудағы аппаратшылар, есепшi, шаң мен газды ұстап қалатын жабдықтарға қызмет көрсетушi операторлардан басқа, технологиялық үдерiстi жүргiзумен тiкелей айналысатын аппаратшылар
      179. Ұста-механик, ұста-электрик, автомат пен жартылай автоматты баптау, жабдықтарды жөндеу жөнiндегi слесарь, слесарь-сантехниктер, электромонтер

1.7-кіші бөлім. Электр станциялары мен желiлер жабдықтарын жөндеу

      180. Қорғасын өзектi кабель тартпаларын жөндеумен және қорғасын кабель муфталары мен сыртқы қабатын дәнекерлеумен айналысатын, кабельдi желiлердi жөндеу және құрастыру жөнiндегi электр монтерi
      181. Жоғарғы вольттi электр таратқыш желiлердi биiкте жөндеу жұмыстарымен айналысатын, электр таратқыш әуе желiлерiн жөндеу жөнiндегi электр монтерi

1.8-кіші бөлім. Абразив өндiрiсi

      182. Абразив бұйымдарға қорғасын құюмен айналысатын, абразив шеңберлердi құюшы
      183. Абразив өндiрiсiнде кедергiлiк пешiн ыстықтай бұзумен айналысатын бульдозер машинисi
      184. Абразив материалдардың балқытушысы
      185. Кремний карбидiн балқытушы
      186. Корунд цехында iстейтiн подинщик

1.9-кіші бөлім. Электр техника өндiрiсi

1. Жалпы слесарлық жинау және электр техника өндiрiсi кәсiптері

      187. Сынап тазартушы
      188. Сынапты түзеткiштердi қалыпқа құюшы

2. Электр көмiр өндiрiсi

      189. Пеште балқытумен айналысатын жұмысшылар

3. Кабель өндiрiсi

      190. Қорғасынды ыстықтай құю әдiсiмен айналысатын, кабельдердi қорғасынмен немесе алюминиймен престеушi
      191. Тек қана қорғасын қабықтарды сыдырумен айналысатын, кабель бұйымдарының сыртқы қабатын сыдырушы

4. Химиялық ток көздерiн өндiру

      192. Қорғасын балқыма бұйымдарын құюшы
      193. Құрғақ массаны (қорғасын аккумуляторлар үшiн) араластырушы
      194. Қорғасын балқымалар мен қорғасын түзетiн қалдықтарды қорытушы
      195. Қалыптағы қорғасын пластиналарды штампылап бөлумен айналысатын аккумуляторлық пластиналарды бөлшектеушi

1.10-кіші бөлім. Химия өндiрiсi

      196. Химия өндiрiсiне жатпайтын негiзгi өндiрiске қызмет көрсетумен айналысатын химиялық зертхана зертханашыларын қоспағанда қауiптiлiгi 1-2 сыныпты химиялық заттарды пайдалануға байланысты бала туатын жастағы әйелдерге арналған жұмыстар.

1. Жалпы химия өндiрiсi кәсіптері

      197. Балқытуда және бабымен пiсiретін балқыту аппаратшысы
      198. Каучукты көлденең қысыммен сүргiлеумен айналысатын еселеп булаушы

2. Сары және қызыл фосфор өндiрiсi және олардың қосындылары

      199. Шахталы саңлаулы пештерде, күйдiргiш және агломерациялық пештерге, фосфорды электрмен айдау бөлiмшелерiнде ұсақтарды қырлау қондырғыларына қызмет көрсетумен, фосфор ыдыстарды толтырумен, қоймалардағы фосфор, фосфор тұнбаларының ыдыстарына қызмет көрсетумен, қоймалжың қалдықтарды тазартумен және отқа жанатын сұйық қалдықтарды қайта өңдеумен тiкелей айналысатын жұмысшылар, басшылар мен мамандар

3. Үш хлорлы фосфор және бес күкiрттi фосфор өндiрiсi

      200. Негiзгi өндiрiстегi технологиялық процесте iстейтiн жұмысшылар, басшылар мен мамандар

1.11-кіші бөлім. Лак-сыр өндiрiсi
Қорғасын глет пен жоса, қорғасынды крон,
ақ сыр, қорғасын көгі және жасыл бояу өндiрiсi

      201. Негiзгi технологиялық процесте iстейтiн жұмысшылар, басшылар мен мамандар

1.12-кіші бөлім. Резинаны қайта өңдеу

1. Жалпы резина қоспалары мен оларды қайта өңдеу өндiрiсi кәсіптері

      202. Ұзындығы 6 метрден астам қазандарда бұйымдарды тиеп-түсiрумен, ескек бiлiктерiн вулканизациялаумен айналысатын вулканизаторшы
      203. Резина араластырғыш
      204. Салқын вулканизация, радол мен фактис шығару бөлiмшелерiнде iстейтiн жұмысшылар
      205. Iрi габариттi резина бөлшектер мен бұйымдар дайындауда және жөндеуде, арматура бөлшектердi вулканизациялауда (iрi қақпақтар, резина отын бактер, резервуарлар, транспортер ленталары және т.б.) iстейтiн резина бұйымдарды жөндеушi

2. Шина өндiру, қалпына келтiру және жөндеу

      206. Вулканизаторшы
      207. Покрышкаларды (ауыр жүктi) жинаушы

1.13-кіші бөлім. Мұнайды, газды, сланецтi және көмiрді
қайта өңдеу, синтетикалық мұнай өнiмдерiн, мұнай майларын өндiру

      208. Кокс түсiрушi
      209. Кокс тазалаушы
      210. Хош иiстi көмiр сутегi өндiрiсiнiң экстракт цехтары мен бөлiмшелерiнде iстейтiн жұмысшылар
      211. Күкiрт түзетiн мұнай газын тазарту кезiнде мышьяк ерiтiндiлерiн дайындаумен айналысатын жұмысшылар
      212. Бензиндi этилдейтiн технологиялық қондырғылармен айналысатын жұмысшылар, басшылар мен мамандар
      213. Мұнай мен газ өңдеу қалдықтарын жинауға арналған қысымда және дренажды ыдыстарда жұмыс iстейтiн сауыттарды жөндеу жұмыстарымен айналысатын жұмысшылар
      214. Жоғары мөлшердегi күкiрт сутегiсi бар газ жарылу қаупi бар ортада алдын алу жұмыстарымен айналысатын жұмысшылар

1.14-кіші бөлім. Целлюлоза, қағаз, картон және олардан бұйым жасау өндiрiсi

      215. Коррозияға қарсы және ингибитор қағаздары өндiрiсiмен айналысатын сорғызу аппаратшысы
      216. Хлор ерiтумен айналысатын, химиялық ерiтiндiлер дайындау аппаратшысы
      217. Целлюлоза қайнатушы
      218. Талшық шикiзатын қайнатушы
      219. Ағаш булаушы
      220. Колчедан ұнтақтаушы
      221. Сульфат тиеушi
      222. Колчедан, күкiрт пештердi және турм тиеушi
      223. Дефибрерге баланстарды (қабығы аршылған материал) тиеушi
      224. Қышқылдаушы
      225. Микстеуші
      226. Қышқылды резервуарларды кiрпiшпен айналдыра қалаушы
      227. Фибрлердi кесушi
      228. Коррозияға қарсы және ингибитирленген қағаз өндiрiсiнде iстейтiн қағаз және қағаз бұйымдарына дымқыл сiңiрушi
      229. Күкiрт қышқылын қалпына келтiрушi
      230. Содашы
      231. Сульфиттi целлюлоза және күкiрт қышқылы өндiрiсiнде iстейтiн жөндеушi-слесарь, жөндеу жөнiндегi электромонтерi, электр жабдықтарына қызмет көрсету жөнiндегi электромонтерi, майлаушы, өндiрiстiк орындарда еден жуушы
      232. Минутына 400 метр және одан да астам жылдамдықта жұмыс iстейтiн, жылдам жүретiн қағаз жасайтын және картон жасайтын машиналарда жұмыс істейтін, қағаз жасаушы (картон жасаушы) машиналардың құрғатушысы
      233. Хлоршы

1.15-кіші бөлім. Цемент өндiрiсi

      234. Қоймалжың тұнбалар бассейндерi мен қойыртпақтарды тазалайтын жұмысшылар

1.16-кіші бөлім. Тас өңдеу және тастан құйылатын бұйымдар өндiрiсi

      235. Тастан құйылатын бұйымдарды құюшы
      236. Тас қашаушы
      237. Тас қайнатушы
      238. Диабаз қиыршық тастарын тартып ұнтақ жасайтын диiрмен машинисi
      239. Тас өңдейтiн жабдықтарды реттеушi
      240. Фрезамен тас өңдеушi

1.17-кіші бөлім. Темiр-бетон және бетон бұйымдары мен құрылғылар өндiрiсi

      241. Бетон және темiр-бетон бұйымдарын кесушi

1.18-кіші бөлім. Жылу сақтағыш материалдар өндiрiсi

      242. Битумшы
      243. Ваграншы

1.19-кіші бөлім. Жұмсақ жабындылар мен су өткiзбейтiн материалдар өндiрiсi

      244. Қайнатқыш қазандарды толтырушы

1.20-кіші бөлім. Тоқыма және жеңiл өнеркәсiп

1. Тоқыма өндiрiсiнiң жалпы мамандықтары

      245. Бiлiктердi механикаландырмай көтерiп-түсiрумен айналысатын шлихталандыру жабдықтарының операторы
      246. Кәріз орлары мен құдықтарын тазартумен айналысатын апат зардаптарын қалпына келтiру жұмыстарының слесары
      247. Түту аппараттарын тазартып-қайраушы

2. Мақтаны алғашқы өңдеу

      248. Шикiзатты және талшықты престеушi

3. Зығыр және кендiр-талшық өндiрiсi

      249. Талшық дайындаушы

4. Жүн өндiрiсi

      250. Шұға өндiрiсiндегi тоқыма цехында iстейтiн шебер
      251. Техникалық шұғаны жуумен айналысатын жұмысшы

5. Киiз басу өндiрiсi

      252. Қалың киiз дайындаумен айналысатын киiз басушы
      253. Қол жұмыстарымен айналысатын аяқ киiм саптаушы
      254. Қол жұмыстарымен айналысатын аяқ киiмдердi қалыптан шығарушы

1.21-кіші бөлім. Тамақ өнеркәсiбi

1. Жалпы тамақ өнiмдерi өндiрiсiнің кәсіптері

      255. Қолмен тиеуде мерзiмiмен iске қосылатын диффузорларға қызмет көрсететiн кiрiктiргiш аппаратшысы
      256. Су айдындарда мұз дайындаумен және оны бунтқа салумен айналысатын мұз дайындаушы
      257. Сүйек желiмiн дайындаушы
      258. Сепараторларды қолмен бұзып-таратумен айналысатын, тазарту машинасының машинисi
      259. Гофронды-ыдыс өндiрiсiнiң қалдықтарын теңдеумен айналысатын жұмысшылар

2. Ет өнiмдерiнің өндiрiсi

      260. Мына жұмыстармен:
      1) iрi қара және ұсақ малдарды және шошқаларды естен тандыра құлату, шынжырға iлу, қанын сорғызу;
      2) iрi қара малды сұрыптап қолмен терiсiн сыдыру;
      3) ұшасын бөлшектеп кесу;
      4) шошқаның ұшасы мен басын үйiту;
      5) iрi қара малдың ұшасын көлденең әдiспен өңдеу;
      6) терiлердi шелдеушi;
      7) терiлердi өңдеушi операцияларымен айналысатын мал жығушы қасапшы

1.22-кіші бөлім. Темiр жол көлiгi және метрополитен

      261. Дизельдi пойыз, тепловоз, электропойыз машинистерi
      262. Мотовоз машинисi, мотовоз машинисiнiң көмекшiсi, қол арба жүргiзушiсi
      263. Кең табанды темiр жол желiлерiнде жұмыс iстейтiн қол арба жүргiзушiсiнiң көмекшiсi
      264. Дизельдi пойыз, тепловоз, электропойыз машинистерiнiң көмекшiсi
      265. Пойыздарды құрастырушы, пойыздарды құрастырушының көмекшiсi
      266. Электрлендiрiлген темiр жолдарда биiкте жұмыс iстейтiн түйiсу желiлерiнiң электр монтерi
      267. Жол монтерi
      268. Вагондарды қадағалаушы-жөндеушi

1.23-кіші бөлім. Өзен көлiгi

      269. Жүкшi, докер-механизатор (тұрақты краншы, порт iшiндегi көлiк жүргiзушiсi болып жұмыс iстейтiн докер-механизатордан және қауiптiлiгi 1 және 2 сыныпқа жататын заттарды қоспағанда жүктердi қайта өңдеумен үздiксiз айналысатын машиналар мен тетiктерге қызмет көрсететiн жұмысшылардан басқа)
      270. Қатты отынмен жұмыс iстейтiн кемелердiң от жағушысы
      271. Жолаушы, жүк-жолаушы кемелерiнiң, топырақ сорғыш земснарядтардың және өзен-теңiзде қатар жүзетiн кемелердiң барлық атаудағы матростары (су асты қанаты бар кемелерiн, сондай-ақ қала iшiнде және қала маңындағы бағыттарда жұмыс iстейтiн кемелерден басқа)
      272. Жүзгiш кранда жұмыс iстейтiн кран машинисi (краншы)

1.24-кіші бөлім. Полиграфия өндiрiсi

1. Қорғасын балқымаларын пайдалануға байланысты жұмыстар

      273. Стереотип, қарiп, теру және ашық жер материалдарын құю учаскелерiнде iстейтiн полиграфия жабдықтарын реттеушiсi
      274. Құюшы
      275. Құю операцияларында және стереотип бөлуде iстейтiн жұмысшылар
      276. Стереотипші

2. Терең басу цехтары

      277. Терең басу баспа бөлiмшесiнде жұмыс iстейтiн жұмысшылар (дайын өнiмдердi қабылдау мен ораудан басқа)
      278. Терең басу қалыптарын өрнектеушi

1.25-кіші бөлім. Экономиканың барлық салаларына ортақ жұмысшы кәсіптері

      279. Антеннашы-дiңгекшi
      280. Битум қайнатушы
      281. Аэрошана жүргiзушi
      282. 3,5 тоннадан жоғары жүк көтеретiн автомобиль жүргiзушiсi (автобустардан басқа)
      283. Су астындағы жұмыс маманы
      284. Газдан құтқарушы
      285. Өрт десантнигi, өрт парашютшiсi
      286. Ашық сынапты қолмен мөлшерлеп бөлушi
      287. Қол жұмысымен айналысатын ағаш жарушы
      288. Ыстық қазандарды жөндеумен айналысатын қазаншы
      289. Қазан тазалаушы
      290. Қолмен қорғасын, сыр әзiрлеумен айналысушы сыр езушi
      291. Қорғасын, хош иiстi және хлорлы көмiртегi түзетiн лак-сыр материалдарын қолданып ыдыстардың iшiн сырлаумен, сондай-ақ жабық камераларда бiрiккiштермен осы лак-сыр материалдарын қолданып iрi габариттi бұйымдарды сырлаумен айналысатын сыршы
      292. Теңiзде жұмыс iстейтiн кран машинисi (краншы)
      293. Қолмен атқарылатын кезде бумен және сумен жылытылатын қазандарға қызмет көрсетумен айналысатын қазандық машинисi (от жағушы)
      294. Жүзбелi крандар машинисi командасының қызметкерлерi
      295. Мына жұмыстармен айналысушы қызметкерлер:
      1) ашық түрдегi металл сынаптармен (жұмыс орнында тиiмдi ауа жаңартқышпен қамтамасыз етiлген қондырғылар мен жартылай автоматтарда iстейтiндерден басқа)
      2) күкiрттi мұнай, оның қайта өңделетiн өнiмдерi мен күкiрт түзетiн мұнайлы газдың ыдыстарын (резервуарлар, өлшеуiштер, цистерналар, барждар ж.б.) тазартумен;
      3) тiкелей өрт сөндiруге байланысты жұмыстармен;
      4) кеме және темiр жол цистерналарында, сұйық отынды кеме танкерiнде және мұнай құятын кемелерде, коффердамдарда, фор және ахтер пиктерде, тiркемелi жәшiктерде, түптердiң арасындағы және борттардың арасындағы кеңiстiктерде және басқа өтуi қиын орындарда тазалау, қож шығару және сырлау жұмыстарымен;
      5) бензиннiң этилдi сұйық қоспасын жасаумен;
      6) түйiсетiн желiлердi, сондай-ақ 10 м асатын биiктiгi жұмыс кезiнде электр берiлiстерiнiң әуе желiлерiн құрастырумен, жөндеумен және қызмет көрсетумен;
      7) жүзбелi құралдарға, кемедегi такелаждық (жабдықтар жинағы) жұмыстарды орындаумен қатар топырақ снарядтарына қызмет көрсетумен.
      296. Кәріз желiлерiн тазарту жөнiндегi жұмыстармен айналысатын апаттық қалпына келтiру жұмыстарының слесары
      297. Көпiр слесары
      298. Жабдықтарды құрастырумен және таратумен айналысушы такелажшы
      299. Тазалаушы

2-бөлім. Әйелдердiң жүктi қолмен көтеру және алып жүруiнiң шектi нормалары


р/с

Жұмыстың сипаты

Жүктiң шектi салмағы

1

2

3

1

Ауыр заттарды қолмен көтеру және орнын (бiр жолғы) ауыстыруды басқа жұмыспен кезектестiру (бiр сағатта 2 ретке дейiн)

10 кг

2

Жұмыс ауысымы бойы үнемi ауыр заттарды қолмен көтеру және орнын (бiр жолғы) ауыстыру

7 кг

3

Жүктiң орнын 1-ден 5 метрге дейiнгi қашықтыққа ауыстыру кезiндегi жұмыс ауысымының әр сағат сайын орындалатын серпiндi жұмыс мөлшерi:
жұмыс орнының үстiнен
еденнен аспауға тиiс


 
 
 
 

1750 кгм
875 кгм

      Ескертпе:
      1. Көтеретiн және алып өтетін жүктiң салмағына ыдыстың және орамының салмағы кiредi.
      2. Арбамен немесе контейнермен жүктi алып өту кезiнде қоса жұмсалатын күш-жігер 10 кг-дан аспауға тиiс.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.