Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі лицензияланатын қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Актінің түрі
Талаптар
Қаулы
Қабылдау күні
14.12.2011
Өзгерту күні
14.12.2012
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.12.14 № 1598 (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн еткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі лицензияланатын қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
      2. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектілерді дайындау жөніндегі лицензияланатын қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 сәуірдегі № 392 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 16, 206-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                         К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің          
2011 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 1529 қаулысымен     
бекітілген     

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі лицензияланатын қызметке қойылатын біліктілік талаптары

      1. Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын (бұдан әрі - мемлекеттік рәміздер) дайындау жөнінде лицензия алуға үміткер заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.
      2. Мемлекеттік рәміздерді дайындау жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары:
      1) стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың, сондай-ақ белгіленген тәртіппен келісілген және бекітілген мемлекеттік рәміздерді дайындау үдерісін регламенттейтін техникалық құжаттамалардың (техникалық тапсырманың, техникалық шарттардың, конструкторлық-технологиялық құжаттаманың);
      2) жеке меншік немесе оны жалға алу құқығындағы өндірістік-техникалық базаның (өндірістік үй-жайлардың, технологиялық жабдықтың, өлшеу және бақылау құралдарының, оның ішінде қолданыстағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес дайындалған мемлекеттік рәміздердің сапасын және оларды дайындаудың технологиялық үдерісін сақтауды қамтамасыз ететін түстер атласының);
      3) пайдаланылатын өлшеу құралдарын және сынау жабдығын салыстыру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттардың;
      4) мемлекеттік рәміздерді дайындаудың технологиялық үдерісіне байланысты, өндіруші әзірлеген нұсқаулықтарда белгіленген, лицензияланатын қызмет саласында тиісті біліктілігі және білім деңгейі бар персоналдың болуын қамтиды.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.