"Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Шетелдік инвесторлар кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3985 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Актінің түрі
Жоба
Қаулы
Қабылдау күні
16.05.2013
Өзгерту күні
16.05.2013
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі)

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Шетелдік инвесторлар кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3985 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      С. Ахметов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Шетелдік инвесторлар кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3985 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Шетелдік инвесторлар кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3985 Жарлығына (бұдан әрі – Жарлық) (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 18, 156-құжат; 2000 ж.,
№ 17, 168-құжат; 2003 ж., № 45, 486-құжат; 2007 ж., № 14, 160-құжат;
2011 ж., № 30, 366-құжат; 2012 ж., № 10, 189-құжат; № 36, 476-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі туралы ережеде:
      10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кеңестің шетелдік тараптан құрамына, Кеңестің бірлескен жұмыс топтарының қызметіне байланысты мәселелерді қарау мақсатында Кеңестің операциялық қызметі жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады, оның құрамы Кеңестің жалпы отырысында бекітіледі.»;
      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Кеңестің операциялық қызметі жөніндегі комиссия»;
      18, 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Комиссия қазақстандық тараптың алты өкілінен және шетелдік тараптың алты өкілінен тұрады.
      Қазақстандық тараптан Комиссия мүшелері лауазымы бойынша мыналар болып табылады: Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары (Комиссия төрағасы), Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі, Кеңестің жұмыс органының бірінші басшысы (Комиссия хатшысы).
      19. Комиссия отырыстары жылына кемінде екі рет өткізіледі. Комиссияның шешімдері көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең бөлінген жағдайда Комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады.»;
      мынадай мазмұндағы 19-1, 19-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «19-1. Комиссия Кеңестің бірлескен жұмыс топтарының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, Кеңестің бірлескен жұмыс топтарының ережесін, құрамын, жұмыс жоспарын бекітеді.
      19-2. Кеңестің бірлескен жұмыс топтарының қызметі қажет болған жағдайда Комиссияның шешімімен құрылады және таратылады.»;
      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. Коммисияның шетелдік тарап ұсынған өтінімдерді қарауын ескере отырып, жұмыс органы Қазақстан Республикасының Президентіне Кеңестің шетелдік тараптан құрамы бойынша ұсыныстарды әзірлейді.»;
      23, 24, 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «23. Кеңестің бірлескен жұмыс топтарын қазақстандық және шетелдік тараптарынан тең төрағалары басқарады.
      Бiрлескен жұмыс тобының қазақстандық тарапынан тең төраға министрлiк немесе ведомство басшысы орынбасарынан төмен емес деңгейдегi лауазымды тұлға бола алады.
      Басшыларының бiрi Кеңестiң мүшесi болып табылатын халықаралық ұйымның немесе шетелдiк компанияның қазақстандық өкiлдiгiнiң басшысы немесе басшылық ішінен басқа лауазымды тұлға ғана Бiрлескен жұмыс тобының шетелдiк тараптан тең төрағасы бола алады.
      24. Кеңестің бірлескен жұмыс топтарының іс-шаралар жоспарларын Комиссия төрағасы бекітеді.
      25. Кеңестің бірлескен жұмыс топтарының құрамы Комиссия отырыстарында бекітіледі.»;
      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «29. Кеңестің жалпы отырыстары аралығындағы кезеңде
Премьер-Министрдің, Премьер-Министр орынбасарының төрағалық етуімен Кеңестің аралық отырыстары өткізіледі.
      Аралық отырыстарға Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдары басшыларының орынбасарынан төмен емес деңгейдегi өкiлдерi, Кеңестiң бiрлескен жұмыс топтарының тең төрағалары, сондай-ақ Кеңестiң шетелдiк мүшелерiнiң Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкiлдерi қатысады.
      Аралық отырыстарда соңғы жалпы отырыс шешімдерінің орындалу қорытындылары, Комиссияның, Кеңестің бірлескен жұмыс топтары қызметінің нәтижелері, келесі жалпы отырысқа дайындық, шетелдік инвесторлардың ағымдағы проблемалары және өзге де мәселелер талқыланады.».
      32-тармақта:
      3) тармақша алып тасталсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) Кеңестің, оның бірлескен жұмыс топтарының және Комиссияның хаттамалық шешімдерін орындау мониторингін жүргізу;»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) Кеңестiң, оның бiрлескен жұмыс топтарының және Комиссияның қызметiн талдау, Кеңестiң, оның бiрлескен жұмыс топтарының және Комиссияның қызметiн жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды қарау, әзiрлеу және iске асыру жөнiндегi функцияларды атқарады.».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.