"Қазақстан Республикасының Президентi жанынан Ұлттық инвесторлар кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы 

Актінің түрі
Жоба
Қаулы
Қабылдау күні
01.06.2013
Өзгерту күні
01.06.2013
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі)

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының Президенті жанынан Ұлттық инвесторлар кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                          С. Ахметов

Қазақстан Республикасының Президенті жанынан Ұлттық инвесторлар кеңесін құру туралы

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес мемлекет пен кәсiпкерлердiң өзара iс-қимылын жандандыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Қазақстан Республикасының Президенті жанынан Ұлттық инвесторлар кеңесi (бұдан әрi – Кеңес) құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған:
      1) Кеңес туралы ереже;
      2) Кеңестің құрамы бекітілсін.
      3. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі таратылсын.
      4. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                              Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2013 жылғы « »    
№ Жарлығымен     
БЕКІТІЛГЕН     

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы
Ұлттық инвесторлар кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
      3. Кеңестің қызметін қамтамасыз етуді Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.
      4. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Кеңестің жұмыс органы (бұдан әрі – жұмыс органы) болып табылады.

2. Кеңестің негізгі міндеттері

      5. Кеңестің негізгі міндеттері:
      1) мына:
      Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;
      шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту үшін қолайлы құқықтық жағдайлар жасау;
      нарықтық экономиканың дамуын ынталандыратын жағдайлар жасау;
      отандық инвестицияларды ел экономикасына тартуды ынталандыратын жағдайлар жасау мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;
      2) Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және олардың бірлестіктерінің қызметін шоғырландыру;
      3) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша кәсіпкерлік және инвестициялық саясат саласындағы өзге де маңызды мәселелерді қарау және талқылау болып табылады.

3. Кеңестің құқықтары

      6. Кеңестің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде:
      1) кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға байланысты мәселелер жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар енгізуге;
      2) консультациялар өткізуге, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан ақпарат сұрауға және алуға;
      3) проблемалық мәселелерді талқылауға қатысу үшін кәсіпкерлерді, мамандарды, ғалымдар мен тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқығы бар.

4. Кеңестің құрамы және оның қызметін ұйымдастыру

      7. Кеңестің құрамы мемлекеттік органдар және «Атамекен» одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы (бұдан әрі – «Атамекен» ҚҰЭП) төралқасының мүшелері өкілдерінің қатарынан қалыптастырылады.
      8. Қазақстан Республикасының Президенті Кеңестің төрағасы болып табылады.
      9. Лауазымы бойынша: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағалары Кеңестің тұрақты мүшелері болып табылады.
      10. Кеңестің құрамына Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де лауазымды адамдары енгізілуі мүмкін.
      11. Кеңестің жалпы отырыстары Кеңестің төрағасы айқындайтын мерзімде кемінде жылына бір рет өткізіледі.
      12. Кеңестің жалпы отырыстарының арасындағы кезеңде Кеңес төрағасы орынбасарының төрағалық етуімен Кеңестің аралық отырыстары өткізіледі.
      Аралық отырыстарда Кеңестің соңғы жалпы отырысының шешімдерін орындаудың қорытындылары, жұмыс топтары қызметінің нәтижелері, келесі жалпы отырысқа дайындық, кәсіпкерлердің ағымдағы проблемалары мен өзге де мәселелер талқыланады.
      13. Кеңестің кезектен тыс отырысы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша шақырылады.
      14. Кеңес мүшелері оның отырысына алмастыру құқығынсыз қатысады.
      15. Кеңестің жалпы және аралық отырыстарына басшының орынбасарынан төмен емес деңгейде Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктерінен Кеңес мүшелерінің өкілдері шақырылуы мүмкін.
      16. Кеңестің жалпы, кезектен тыс және аралық отырыстары Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі болғанда ғана заңды.
      17. Кеңес шешімдері отырысқа қатысушы Кеңес мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Талқыланатын мәселе бойынша дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
      18. Кеңес мүшесі қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда өзінің ерекше пікірін білдіруге құқылы.
      19. Кеңестің жалпы, кезектен тыс және аралық отырыстарының қорытындылары бойынша хаттамамен ресімделетін шешімдер қабылданады.

5. Кеңестің жұмыс органы

      20. Кеңестің жұмыс органы:
      1) Кеңес мүшелерінің ұсыныстары мен олар бұрын қабылдаған шешімдер негізінде жалпы, кезектен тыс және аралық отырыстардың күн тәртібінің жобасын қалыптастырады;
      2) Кеңестің жалпы, кезектен тыс және аралық отырыстарын өткізуді ұйымдастырады;
      3) Кеңестің хаттамалық шешімдерінің орындалуына мониторингті жүзеге асырады;
      4) Кеңес мүшелерін Кеңестің жалпы, кезектен тыс және аралық отырыстарының өткізілетін орны, уақыты мен күн тәртібі туралы хабардар етеді және оларды қажетті материалдармен уақтылы қамтамасыз етеді;
      5) Кеңестің шешімдері бекітілген күннен бастап екі апта ішінде Кеңес мүшелеріне және басқа да мүдделі адамдарға хаттаманың көшірмесін және өзге де қажетті материалдарды жібереді;
      6) Кеңестің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді.

6. Кеңестің жұмыс топтары

      21. Кеңестің алдына қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында оның шешімімен мынадай мәселелер бойынша Кеңестің жұмыс топтары құрылады:
      1) кеден және салық саясаты – жұмыс органы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;
      2) кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары мен құралдарын іске асыру – жұмыс органы Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі;
      3) сауда-тариф саясаты – жұмыс органы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;
      4) Бірыңғай экономикалық кеңістік пен Кеден одағы – жұмыс органы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;
      5) әкімшілік кедергілерді қысқарту мен кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы жетілдіру – жұмыс органы Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі;
      6) индустриялық-инновациялық саладағы салааралық үйлестіру – жұмыс органы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі.
      22. Кеңестің жұмыс топтарының қызметін жалпы басқаруды мемлекеттік органдар мен «Атамекен» ҚҰЭП тең төрағалары жүзеге асырады.
      23. Министрлік немесе ведомство басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам мемлекеттік органнан жұмыс тобының тең төрағасы бола алады.
      24. Жұмыс тобының тең төрағасы «Атамекен» ҚҰЭП-тен басшысы немесе басшыларының орынбасарларынан төмен емес лауазымдағы тұлғалар бола алады.
      25. Кеңестің іс-шаралар жоспарлары мен жұмыс топтарының құрамдарын жұмыс топтарының тең төрағалары бекітеді.
      26. Жұмыс топтарының тең төрағалары іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есепті тоқсанына бір рет Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жібереді және жылына бір рет Кеңестің жалпы отырысында баяндайды.
      27. Кеңестің жұмыс топтарының құрамдарына мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің және шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары болып табылатын Кеңес мүшелерінің өкілдері кіре алады.
      28. Кеңестің жұмыс топтарының жұмысына қатысу алмастыру құқығынсыз жүзеге асырылады.

7. Кеңестің қызметін тоқтату

      29. Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі Кеңестің қызметін тоқтату үшін негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2013 жылғы « »    
№ Жарлығымен     
БЕКІТІЛГЕН     

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы
Ұлттық инвесторлар кеңесінің
ҚҰРАМЫ

Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы

-

Қазақстан Республикасының Президенті, төраға

Ахметов Серік Нығметұлы

-

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төрағаның орынбасары

Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы

-

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары

Құлыбаев Тимур Асқарұлы

-

«Атамекен» одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігі төралқасының төрағасы (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі;
«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша);
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша);
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша);
«Атамекен» одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігінің төралқа мүшелері (келісім бойынша).

Қазақстан Республикасы 
Президентінің    
2013 жылғы « »    
№ Жарлығына     
ҚОСЫМША      

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір
күші жойылған жарлықтарының тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі № 1560 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 17, 199-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі № 1560 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 23 мамырдағы № 121 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 18, 166-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі № 1560 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 321 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 13, 145-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі № 1560 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 24 қазандағы № 428 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 41, 463-құжат).
      5. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 576 Жарлығының 1-тармағының 14) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 20, 182-құжат).
      6. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 12 қарашадағы № 689 Жарлығының 1-тармағының 9) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 42, 465-құжат).
      7. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 мамырдағы № 815 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 27-28, 234-құжат).
      8. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 8 маусымдағы № 817 Жарлығының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 29, 249-құжат).
      9. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі № 1560 Жарлығына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 мамырдағы № 987 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 32, 252-құжат).
      10. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 204 Жарлығының 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 10, 189-құжат).
      11. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 284 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 9-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 36, 476-құжат).
      12. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 13 қарашадағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 77-78, 1131-құжат).
      13. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 533 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістердің 7-тармағы.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.