Күшін жойған

"Негізінде алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызу жүзеге асырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының растаманы беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 1749 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Қаулы
Өзгерту
Қабылдау күні
18.06.2013
Өзгерту күні
04.05.2016
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.05.2016 № 271 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Негізінде алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызу жүзеге асырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының растаманы беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 1749 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 21, 304-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Негізінде алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызу жүзеге асырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының растаманы беру қағидаларында:
      9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Өтініш берушінің Салық кодексінің 150-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларының және 2-тармағының 4) тармақшасының талаптарына сәйкес келмеуі растауды беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.»;
      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:
      3-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «20__ жылғы «___» «______» бастап 20__ жылғы «___» «_______» дейінгі кезеңде алынған (алынуға жататын) табыстарды «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 151-1151-2151-3151-4151-5151-6151-7151-8151-9-баптарында көрсетілген қызмет түрлерінің табыстарына жатқызу туралы растау-анықтаманы беруді сұраймыз (қажетін сызу керек).».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.