Күшін жойған

Көрсетілетін заң көмегі сапасының критерийлерін бекiту туралы

Актінің түрі
Қаулы
Өлшемдер
Қабылдау күні
10.02.2014
Өзгерту күні
18.06.2015
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 459 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» 2013 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған көрсетілетін заң көмегі сапасының критерийлері бекiтілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 10 ақпандағы
№ 72 қаулысымен    
бекітілген      

Көрсетілетін заң көмегі сапасының
критерийлері

      1. Мемлекет кепілдік берген заң көмегі:
      1) құқықтық ақпарат беру;
      2) құқықтық консультация беру;
      3) «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» 2013 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру түрінде көрсетіледі.
      2. Мыналар құқықтық ақпарат беру түрінде көрсетілетін заң көмегі сапасының критерийлері болып табылады:
      1) заңмен берілген өкілеттіктер шегінде құқықтық ақпарат беруді жүзеге асыру;
      2) халыққа объективтi және жан-жақты ақпараттың берілуін қамтамасыз ету;
      3) құқықтық ақпарат беру түрінде заң көмегін көрсететін субъектілердің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) негізделген шағымдардың болмауы.
      3. Мыналар құқықтық консультация беру түрінде көрсетілетін заң көмегі сапасының критерийлері болып табылады:
      1) жеке тұлғалардың өтініштеріне мемлекеттік тілде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сiлтеме жасай отырып, өтініш берілген тілде уәжделген жауап бере отырып, олардың объективтi, жан-жақты қаралуын қамтамасыз ету;
      2) жеке тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде мерзімдерін сақтау;
      3) өтініш берушілердің өтініштері құзыретіне сәйкес басқа субъектілерге немесе лауазымды адамдарға жіберілгені туралы оларды уақтылы хабардар ету;
      4) құқықтық консультация түрінде заң көмегін көрсететін субъектілердің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) негізделген шағымдардың болмауы.
      4. Мыналар соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру түрінде көрсетілетін заң көмегі сапасының критерийлері болып табылады:
      1) кәсiптік мiндеттерді орындау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтау;
      2) кәсiптiк міндеттерді орындау кезінде Адвокаттардың кәсіптік этикасы кодексiнiң нормаларын сақтау;
      3) қылмыстық қудалау органдарының лауазымды адамдарының заң көмегін көрсететін субъектілердің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) негізделген шағымдарының болмауы;
      4) заң көмегін көрсететін субъектілердің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) соттардың заңды күшіне енген жеке қаулыларының, ұйғарымдарының болмауы;
      5) заң көмегін көрсететін субъектілердің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) негізделген шағымдардың болмауы.
      5. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін субъектілердің қызметін үйлестіруді, сондай-ақ көрсетілетін заң көмегінің сапасын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган жүзеге асырады.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.