2002 жылғы 7 қазандағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң кәмелетке толмағандарды олардың тұрақты тұратын мемлекеттерiне қайтару мәселелерiндегі ынтымақтастығы туралы келiсiмге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Актінің түрі
Хаттама
Қаулы
Өзгерту
Қабылдау күні
01.01.1970
Өзгерту күні
28.05.2014
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі)

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2002 жылғы 7 қазандағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң кәмелетке толмағандарды олардың тұрақты тұратын мемлекеттерiне қайтару мәселелерiндегі ынтымақтастығы туралы келiсiмге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа 2002 жылғы 7 қазандағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң кәмелетке толмағандарды олардың тұрақты тұратын мемлекеттерiне қайтару мәселелерiндегі ынтымақтастығы туралы келiсiмге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға мынадай: «Қазақстан Республикасы үшін осы Хаттама Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығына қайшы келмейтін бөлігінде уақытша қолданылатын болады.» деген ескертпемен Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2014 жылғы 28 мамырдағы
№ 555 қаулысымен    
мақұлданған       

Жоба

2002 жылғы 7 қазандағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң кәмелетке толмағандарды олардың тұрақты тұратын мемлекеттерiне қайтару мәселелерiндегі ынтымақтастығы туралы келiсiмге өзгерістер енгізу туралы хаттама

      2002 жылғы 7 қазандағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң кәмелетке толмағандарды олардың тұрақты тұратын мемлекеттерiне қайтару мәселелерiндегі ынтымақтастығы туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердің үкіметтері бұдан әрі Тараптар деп аталатын,
      кәмелетке толмағандарды олардың тұрақты тұратын мемлекеттерiне қайтару мәселелерiндегі ынтымақтастықты жалғастырудағы мүдделілікті ескере отырып төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      2002 жылғы 7 қазандағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң кәмелетке толмағандарды олардың тұрақты тұратын мемлекеттерiне қайтару мәселелерiндегі ынтымақтастығы туралы келiсiмнің 17-бабының бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер Тараптар өзгеше шешім қабылдамаса, осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады».

2-бап

      Осы Хаттама 2014 жылғы 10 маусымнан бастап уақытша қолданылады және оған қол қойған Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші хабарлама депозитарийге сақтауға берілген күнінен бастап күшіне енеді. Қажетті рәсімдерді кейінірек орындаған Тараптар үшін Хаттама тиісті құжаттарды депозитарийге тапсырған күнінен бастап күшіне енеді.
      қаласында бір түпнұсқа данада орыс тілінде жасалды. Түпнұсқа данасы оның куәландырылған көшірмесін осы Хаттамаға қол қойған әр мемлекетке жіберетін Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады.

      Әзербайжан Республикасының     Ресей Федерациясының
            Үкіметі үшін                 Үкіметі үшін

      Армения Республикасының        Тәжікстан Республикасының
           Үкіметі үшін                    Үкіметі үшін

      Беларусь Республикасының       Түрікменстанның
           Үкіметі үшін              Үкіметі үшін

      Қазақстан Республикасының      Өзбекстан Республикасының
           Үкіметі үшін                 Үкіметі үшін

      Қырғыз Республикасының         Украина Үкіметі үшін
           Үкіметі үшін

      Молдова Республикасының
           Үкіметі үшін

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.