"Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту" басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және "Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту" басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарын бекіту туралы

Актінің түрі
Шарт
Қаулы
Қабылдау күні
19.03.2015
Өзгерту күні
28.06.2016
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі)

      «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгіленсін.
      2. Қоса беріліп отырған «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары (өтініш беруші – «SINOPEC Engineering (Group) Co., Ltd» қазақстандық филиалы) бекітілсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2016 жылғы 28 маусымдағы
№ 380 қаулысына қосымша

«Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасы
бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квоталар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.06.2016 № 380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Жобаның атауы

Өтініш
беруші

Іске асыру орны

Іске асыру мерзімі

Квота (адам)

1

2

3

4

5

«Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту»

«SINOPEC Engineering (Group) Co., Ltd» Қазақстандық филиал

Атырау қаласы, Атырау облысы

2013-2016 жылдар

2016 жыл: 2050

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2015 жылғы 19 наурыздағы
№ 147 қаулысымен   
бекітілген      

«Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасын
іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру
шарттары (өтініш беруші – «SINOPEC Engineering (Group) Co.,
Ltd» қазақстандық филиалы)

      1. Аумағында басым жоба іске асырылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкілетті органына жұмыс беруші не ол уәкілеттік берген тұлға ұсынатын шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтінішке қоса берілетін құжаттарда мыналар қамтылуға тиіс:
      1) тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, еңбек жөніндегі орталық атқарушы орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 «Кәсіптер жіктеушісі» Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісіне сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атаулары көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер;
      2) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелері);
      3) қызметкер бұрын жұмыс істеген жұмыс берушінің ресми бланкісінде қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растауы қоса берілген қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнінде біліктілік талаптары болған кезде) немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар;
      4) басым жобаны іске асыруға қатысқанын куәландыратын шарттан нотариалды расталған үзінді көшірме немесе салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылған көшірмесі (мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдар үшін).
      2. Уәкілетті органның жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруі мынадай қатынастар сақталған кезде жүзеге асырылады:
      1) «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны бас мердігерлік және олардың қосалқы мердігерлік ұйымдарындағы бірінші және екінші санатқа жатқызылатын қызметкерлердің тізімдік санының 50%-нан кем болмауы тиіс;
      2) «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны бас мердігерлік және олардың қосалқы мердігерлік ұйымдарындағы үшінші және төртінші санатқа жатқызылатын қызметкерлердің тізімдік санының 70%-нан кем болмауы тиіс.
      3. Шетелдік қызметкерлердің елге кіруі «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады.
      4. Шетелдік жұмыс күшін тарту «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы сақталған жағдайда жүзеге асырылады.
      5. Еңбек нарығында ұсыныстар болған жағдайда уәкілетті орган жұмыс беруші өкілінің қатысуымен бос лауазымға үміткер қазақстандық азаматтардың кандидатурасын қарайды. Кездесу уақыты мен орнын уәкілетті орган белгілейді, бұл туралы жұмыс берушіге және тиісті үміткерге хабарланады.
      6. Осы шарттарда реттелмеген шетелдік жұмыс күшін тартудың өзге де шарттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарында регламенттеледі.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.