Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2016 жылға арналған талаптарын бекіту туралы

Актінің түрі
Шарт
Қаулы
Қабылдау күні
18.02.2016
Өзгерту күні
14.04.2016
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі)

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.04.2016 № 212 қаулысымен.

      «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2016 жылға арналған талаптары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.04.2016 № 212 қаулысымен.
      2. Тиісті мәслихаттар 2016 жылға арналған облыстық бюджеттерде тиісті түсімдерді көздейтін шешімдер қабылдағаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде облыстардың жергілікті атқарушы органдары мәслихаттардың көрсетілген шешімдерін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне берсін.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;
      2) бюджеттік кредиттердің мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      4. Жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Қаржы, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктеріне кредиттердің игерілуі туралы ақпарат берсін.
      5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2016 жылға бөлінген бюджеттік кредиттердің игерілу мониторингін қамтамасыз етсін.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.04.2016 № 212 қаулысымен.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне жүктелсін.
      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2016 жылғы 18 ақпандағы
№ 84 қаулысымен   
бекітілген      

Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 жол картасы
шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің
2016 жылға арналған талаптары

      Ескерту. Талап жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.04.2016 № 212 қаулысымен.

      1. Облыстардың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – қарыз алушылар) кредит беру үшін мынадай негізгі талаптар белгіленеді:
      1) «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2016 жылға «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысында көзделген 30 823 827 000 (отыз миллиард сегіз жүз жиырма үш миллион сегіз жүз жиырма жеті мың) теңге сомасындағы кредиттер қарыз алушыларға 5 (бес) жыл мерзімге 0,01 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша беріледі;
      2) кредиттерді игеру кезеңі кредитордың шотынан қаражат аударылған кезден бастап есептеледі және 2017 жылғы 1 сәуірде аяқталады.
      2. Бюджеттік кредиттерді беру, өтеу, қызмет көрсету және міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шарттар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес кредиттік шартта белгіленеді.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.