2002 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы мұнай транзитi туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы

Актінің түрі
Хаттама
Қаулы
Қабылдау күні
31.03.2016
Өзгерту күні
31.03.2016
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі)

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2013 жылғы 24 желтоқсанда Мәскеуде жасалған 2002 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы мұнай транзитi туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2016 жылғы 31 наурыздағы
№ 169 қаулысымен   
бекітілген      

2002 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы мұнай транзитi туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА

(2016 жылғы 8 сәуірде күшіне енді - Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттары бюллетені, 2016 ж., № 3, 51-құжат)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi
      2002 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы мұнай транзитi туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 18-бабын басшылыққа ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«7-бап

      Қазақстан тарапы қолда бар және жаңадан құрылатын магистральдық мұнай құбырлары жүйелерімен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ресейлік мұнайдың транзитін жылына 10 млн. тоннаға дейін арттыру мүмкіндігімен жылына 7 млн. тонна көлемінде, Ресей Федерациясының шекарасы – Қазақстан Республикасының шекарасы (Ертіс) – Атасу (Қазақстан Республикасы) – Алашанькоу (Қытай Халық Республикасы) бағыты бойынша жүзеге асыру мүмкіндігін кепілді түрде береді.
      Ресей тарапы транзит режимінде жылына 7 млн. тонна көлемінде ресейлік мұнайды жеткізу мүмкіндігін кепілді түрде қамтамасыз етеді.
      Мұнай жеткізуді жылына 10 млн. тоннаға дейін ұлғайтқан жағдайда, Тараптар өз мемлекеттері аумағында орналасқан мұнай құбыры жүйелерін уақтылы жаңарту және қуатын арттыру үшін жағдай жасайды.
      Ресей тарапының құзыретті органы мәлімдеген ресейлік мұнайдың транзит көлемі Қазақстан тарапы бекіткен, экспортқа арналған мұнайды тасымалдау кестесіне енгізіледі.»;
      2) 8-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Омбы (Ресей Федерациясы) – Ертіс (Қазақстан Республикасы) – Атасу (Қазақстан Республикасы) – Алашанькоу (Қытай Халық Республикасы) бағыты бойынша ресейлік мұнайдың транзиті халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.»;
      3) 19-баптың бірінші абзацындағы «15 жыл» деген сөздер «25 жыл» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) Келісімге қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

«2002 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан
Республикасының Yкiметi мен    
Ресей Федерациясының Yкiметi    
арасындағы мұнай транзитi      
туралы келісімге           
ҚОСЫМША              

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы аумақтары бойынша мұнай және тұрақты газ конденсатын тасымалдау
КӨЛЕМДЕРІ МЕН БАҒЫТТАРЫ

(млн. тонна)


2014 жылы

2020 жылы

Ішкі тұтыну

Қазақстан Республикасы – баламалы көлемде мұнайдың өзара жеткізілімін есепке алмағанда Ресей Федерациясының импорты*

0

0

Экспорт

Қазақстан Республикасынан – барлығы (кем емес)

64

69

оның ішінде Ресей Федерациясы арқылы
транзит:



Атырау – Самара (кем емес)

15

15

Каспий құбыры консорциумы

36,4**

50**

Махачкала – Новороссийск

4

4


2014 жылы

2020 жылы

Ресей Федерациясынан – барлығы (аспайтын)

11

22

оның ішінде:



Каспий құбыры консорциумы
(Кропоткин, Комсомольская)


4**

15**

Қазақстан Республикасы арқылы транзит
Омбы – Ертіс – Атасу – Алашанькоу

7***

7***

_________
* Мұнайдың өзара жеткізілімінің көлемдері мен бағыттары 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің 5-бабына сәйкес анықталады.
** Каспий құбыры консорциумының өткізу мүмкіндігін жылына 67 млн. тонна мұнайға дейін кеңейту.
*** Жылына 10 млн. тоннаға ұлғайту мүмкіндігімен».

2-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті барлық мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
      Осы Хаттамаға сәйкес өзгерістер енгізілетін Келісімнің ережелері 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап уақытша қолданылады.

      2013 жылғы «24» желтоқсанда Мәскеу қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды.

      Қазақстан Республикасының          Ресей Федерациясының
             Үкіметі үшін                   Үкіметі үшін

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.