Қазақстандық өндірістің жеңіл автокөлігін сатып алушы – жеке тұлғаларды кредиттеу үшін, сондай-ақ қазақстандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасын қоспағанда, автокөлік құралдарын және арнайы мақсаттағы автотехниканы лизингке сатып алатын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерді лизингтік қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі банктерді шартты қаржыландыру арқылы отандық автомобиль өндірушілерді қаржыландыру үшін "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы

Актінің түрі
Жағдай
Қаулы
Қабылдау күні
29.11.2017
Өзгерту күні
29.11.2017
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі)

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 180-бабының 2-тармағына, "2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстандық өндірістің жеңіл автокөлігін сатып алушы – жеке тұлғаларды кредиттеу үшін, сондай-ақ қазақстандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасын қоспағанда, автокөлік құралдарын және арнайы мақсаттағы автотехниканы лизингке сатып алатын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерді лизингтік қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі банктерді шартты қаржыландыру арқылы отандық автомобиль өндірушілерді қаржыландыру үшін "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамын кейіннен кредиттеумен, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы, Инвестициялар және даму министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамымен кредиттік шарт жасасуды;

      2) кредит берудің негізгі және қосымша шарттарының орындалуын бақылауды;

      3) бюджеттік кредиттің нысаналы және тиімді пайдаланылуын, уақтылы өтелуі мен оған қызмет көрсетілуін бақылауды және мониторингілеуді қамтамасыз етсін.

      3. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы (келісім бойынша) тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы, Инвестициялар және даму министрліктеріне кредиттің игерілуі туралы ақпарат берсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.



      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 29 қарашадағы
№ 792 қаулысымен
бекітілген

Қазақстандық өндірістің жеңіл автокөлігін сатып алушы – жеке тұлғаларғы кредиттеу үшін, сондай-ақ қазақстандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасын қоспағанда, автокөлік құралдарын және арнайы мақсаттағы автотехниканы лизингке сатып алатын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерді лизингтік қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі банктерді шартты қаржыландыру арқылы отандық автомобиль өндірушілерді қаржыландыру үшін "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамын кейіннен кредиттеумен, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары

      1. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Қарыз алушы) кредит беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:

      1) кредит "2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында 240 "Қазақстандық өндірістің жеңіл автокөлігін сатып алушы – жеке тұлғаларды кредиттеу үшін, сондай-ақ қазақстандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасын қоспағанда, автокөлік құралдарын және арнайы мақсаттағы автотехниканы лизингке сатып алатын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерді лизингтік қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі банктерді шартты түрде қаржыландыру арқылы отандық автомобиль өндірушілерді қаржыландыру үшін "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ кейіннен кредиттеумен "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ кредиттеу" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген 10000000000 (он миллиард) теңге сомасында беріледі;

      2) кредит қарыз алушыға мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарында 20 (жиырма) жыл мерзімге жылдық 0,1%-ға тең сыйақы мөлшерлемесі бойынша теңгемен беріледі;

      3) республикалық бюджеттен кредитті бөлу қарыз алушының шотына кредиттің барлық сомасын біржола аудару жолымен жүзеге асырылады;

      4) игеру кезеңі қарыз алушының шотына кредит аударылған күннен бастап 18 (он сегіз) айды құрайды;

      5) кредит бойынша есептелген сыйақыны төлеу жылына 2 (екі) рет жүзеге асырылады (есептелген сыйақының алғашқы төлемі қарыз алушының шотына кредит қаражаты аударылған күннен бастап 6 (алты) ай өткен соң жүргізіледі);

      6) кредит бойынша негізгі борышты өтеуді қарыз алушы 6 жылды құрайтын жеңілдік кезеңі өткен соң 2024 жылдан бастап тең үлестермен жылына 2 (екі) рет жүзеге асырады;

      7) бюджеттік кредитті берудің мақсаты қазақстандық өндірістің жеңіл автокөлігін сатып алушы – жеке тұлғаларды кредиттеу үшін, сондай-ақ қазақстандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасын қоспағанда, автокөлік құралдарын және арнайы мақсаттағы автотехниканы лизингке сатып алатын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерді лизингтік қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі банктерді шартты түрде қаржыландыру арқылы отандық автомобиль өндірушілерді қаржыландыру үшін қарыз алушының "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамына жылдық 0,15% сыйақы мөлшерлемесі бойынша кейіннен кредит беруі болып табылады.

      2. Кредитті беру, өтеу және оған қызмет көрсету бойынша қосымша шарттар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес кредиттік шартта белгіленеді.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.