"Сот шешiмi туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Актінің түрі
Нормативтік қаулы
Толықтыру
Өзгерту
Қабылдау күні
10.10.2018
Өзгерту күні
10.09.2018
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жоғарыда көрсетілген нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 3-тармақта:

      алтыншы абзацтағы "мынадай талаптарға" деген сөздер "сот жүйесінің заң техникасы мәселелерін және сот актілерін жасау өлшемшарттарын регламенттейтін ішкі құжаттарға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы абзацтар алып тасталсын;

      жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші және жиырма төртінші абзацтар тиісінше жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтар болып есептелсін;

      2) 7-тармақтағы бесінші абзац алып тасталсын;

      3) 9-тармақта:

      екінші абзац алып тасталсын;

      үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтар тиісінше екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтар болып есептелсін;

      4) нормативтік қаулыға Қосымша алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы
Ж. Асанов
      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының судьясы,
жалпы отырыс хатшысы
Г. Әлмағамбетова

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.