"Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария, анықтама және басқа да қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 929 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Қаулы
Өзгерту
Қабылдау күні
25.01.2019
Өзгерту күні
25.01.2019
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі)

      "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1."Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария, анықтама және басқа да қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 929 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 33, 445-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария және басқа да қызметтердің тізбесін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылу тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария және басқа да қызметтердің тізбесі бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария және басқа да, анықтама және басқа да қызметтердің тізбесінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылу тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария және басқа да қызметтердің тізбесі";

      реттік нөмірлері 5 және 8-жол алып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.