Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитетін құру және "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Актінің түрі
Толықтыру
Қаулы
Өзгерту
Қабылдау күні
24.10.2019
Өзгерту күні
24.10.2019
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі)

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті құрылсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ережеде:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті.";

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функциялары:

      709-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "709-3) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерімен, басқа да әскерлерімен және әскери құралымдарымен, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру және жүзеге асыру;";

      709-6), 709-7), 709-8) тармақшалар алып тасталсын;

      709-9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "709-9) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың әскери мақсаттағы тауарларын (өнімін), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларын (өнімін) отандық өндірушілерінің және әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерінің тізілімін бекіту;"

      709-10) тармақша алып тасталсын;

      709-11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "709-11) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну;";

      709-12), 709-13), 709-14), 709-15), 709-16) тармақшалар алып тасталсын;

      709-27) тармақша алып тасталсын;

      ведомстволардың функциялары:

      мынадай мазмұндағы 521-1), 521-2), 521-3), 521-4), 521-5), 521-6), 521-7), 521-8), 521-9), 521-10), 521-11), 521-12), 521-13) тармақшалармен толықтырылсын:

      "521-1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерімен, басқа да әскерлерімен және әскери құралымдарымен, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      521-2) қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы басшылықты жүзеге асыру;

      521-3) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларын әзірлеу;

      521-4) монополияға қарсы органмен келісу бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын әзірлеу;

      521-5) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың әскери мақсаттағы тауарларын (өнімін), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларын (өнімін) отандық өндірушілерінің және әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу;

      521-6) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыны таңдауды жүзеге асыру;

      521-7) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру және бекітілген мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың тапсырмасын мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларға дейін жеткізу;

      521-8) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушымен мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға шарт жасасу;

      521-9) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қаржыландыруды жүзеге асыру;

      521-10) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде бюджет қаражаты уәкілетті органның бюджетінде көзделгенде заңнамада көзделген жағдайларда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде бюджет қаражатын қайта бөлу туралы шешім қабылдау;

      521-11) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушыларды әскери мақсаттағы тауарлармен (өнімдермен) және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлармен (өнімдермен) қамтамасыз ету;

      521-12) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде бюджет қаражаты уәкілетті органның бюджетінде көзделгенде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде сатып алынатын әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының мемлекеттік мекемелеріне бөлу;

      521-13) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалуын бақылауды және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру.".

      3. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.