"Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға бөлінген қаражатты пайдаланудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 шілдедегі № 520 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Актінің түрі
Қаулы
Өзгерту
Қабылдау күні
18.11.2019
Өзгерту күні
18.11.2019
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі)

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға бөлінген қаражатты пайдаланудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 шілдедегі № 520 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 29, 251-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарындағы кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға, төлем қызметтерін көрсету үшін комиссия төлеуге бөлінген қаражатты пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығару қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2019 жылғы 18 қарашадағы
№ 856 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 15 шілдедегі
№ 520 қаулысымен
бекітілген

Екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарындағы кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға, төлем қызметтерін көрсету үшін комиссия төлеуге бөлінген қаражатты пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығару қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарындағы кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға, төлем қызметтерін көрсету үшін комиссия төлеуге бөлінген қаражатты пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2018 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-2-бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 34 Жарлығын іске асыру мақсатында әзірленді және көзделген қаражат шегінде екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарындағы кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға, төлем қызметтерін көрсету үшін комиссия төлеуге бөлінген қаражатты пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығару тәртібін айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасының азаматтарын әлеуметтік қолдау шеңберінде екінші деңгейдегі банктердегі және микроқаржы ұйымдарындағы кепілсіз тұтынушылық қарыздар мына талаптардың бәріне сәйкес келген кезде:

      1) 2019 жылғы 26 маусымдағы жағдай бойынша аталған қарыздар бойынша борышкерлер көп балалы отбасылар, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты төлем алатын отбасылар, мүгедек балалары бар, 18 жастан асқан бала жасынан мүгедектер бар отбасылар, атаулы мемлекеттік əлеуметтік көмек алатындар; жетім балалар, ата-анасынан кəмелеттік жасқа дейін айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар болып табылса;

      2) қарыз бойынша жалпы берешегі 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3000000 (үш миллион) теңгеден аспайтын болса;

      3) 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша негізгі борышы мен оған есептелген сыйақыдан тұратын өтелетін берешектің мөлшері бір қарыз алушыға 300000 (үш жүз мың) теңгеден аспайтын болса, өтелуге жатады.

      3. Берешегі бар және осы Қағидалардың қолданысы аясына түсетін адамдар қайтыс болған (қайтыс болды деп жарияланған) жағдайда оның екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдары алдындағы берешегі осы Қағидаларда көзделген тәртіппен және мерзімдерде өтеледі.

      4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) атаулы әлеуметтік көмекті алушы – "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы шешім қабылданған адам (отбасы);

      2) екінші деңгейдегі банк – "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензия негізінде банк қызметін жүзеге асыруға құқылы заңды тұлға, оның ішінде бұдан бұрын банк болып табылған заңды тұлға;

      3) кепілсіз тұтынушылық қарыз – берілген кезде кепіл туралы шарт болмаған, жеке тұлғаға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес мақсаттарға берілген банктік қарыз және (немесе) микрокредит;

      4) көпбалалы отбасы – құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасы;

      5) қарыз бойынша жалпы берешек - 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қолданыстағы барлық банктік қарыз шарты (шарттары) және (немесе) микрокредит беру туралы шарт (шарттар) бойынша негізгі қарызды және сыйақыны көрсетуге арналған бухгалтерлік есептің баланс шоттарына есепке жазылған негізгі борыш және есептелген сыйақы түріндегі борышкердің қарызы;

      6) микроқаржы ұйымы – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркелу және есептік тіркеуден өту арқылы айқындалатын, микрокредиттер беру жөніндегі қызметті, сондай-ақ "Микроқаржы ұйымдары туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен рұқсат етілген қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға.

2-тарау. Екінші деңгейдегі банктердегі және микроқаржы ұйымдарындағы кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға бөлінген қаражатты пайдалану тәртібі

      5. Жергілікті атқарушы органдар 2019 жылғы 19 қарашаға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне 2019 жылғы 26 маусымдағы жағдай бойынша жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалардың тізімін жібереді.

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2019 жылғы 20 қарашаға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 2019 жылғы 26 маусымдағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдар ұсынған тізімдер негізінде қалыптастырылған жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалардың тізімін жібереді.

      6. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2019 жылғы 22 қарашаға дейінгі мерзімде осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген адамдардың тізімін қалыптастырады және оны "Мемлекеттік кредиттік бюро" АҚ-ға (бұдан әрі – Кредиттік бюро) жібереді.

      7. Кредиттік бюро 2019 жылғы 26 қарашаға дейінгі мерзімде екінші деңгейдегі банктерге және микроқаржы ұйымдарына Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген адамдардың тізімін жібереді.

      8. Екінші деңгейдегі банктер және микроқаржы ұйымдары 2019 жылғы 27 қарашаға дейінгі мерзімде Кредиттік бюро белгілеген нысан мен формат бойынша 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдайға негізгі борыш және сыйақы бойынша берешекті көрсетіп, әрбір қарыз немесе микрокредит бойынша бөлінген осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген адамдардың берешегі туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 26 наурыздағы № 137 және "Берілетін микрокредиттер бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін (бұдан әрі – ЖСТМ) есептеу қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 378 қаулыларына сәйкес есептелген жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері туралы ақпаратты қоса бере отырып, бірінші басшының немесе уәкілетті адамның қолы қойылған ресми хатты Кредиттік бюроға жолдайды.

      Кредиттік бюроға ұсынылатын ақпараттың дәйектілігін, дұрыстығын және толықтығын екінші деңгейдегі банктер және микроқаржы ұйымдары қамтамасыз етеді.

      9. Кредиттік бюро 2019 жылғы 29 қарашаға дейінгі мерзімде:

      1) осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген әрбір адам бойынша жалпы берешекті есептейді және жалпы берешегі 3000000 (үш миллион) теңгеден аспайтын адамдарды (бұдан әрі – борышкер) айқындайды;

      2) 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша бір қарыз алушыға 300000 (үш жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде негізгі борыш және сыйақы бойынша берешекті өтеу жүзеге асырылатын борышкерлерді және олардың қарыздарын және (немесе) микрокредиттерін айқындайды және мынадай басымдықтарды ескере отырып, ақы төлеуге арналған тізімді қалыптастырады:

      бірінші кезекте ЖСТМ мөлшері ең көп қарыздар және (немесе) микрокредиттер бойынша берешек өтеледі;

      екінші кезекте 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша негізгі борыш және сыйақы бойынша ең көп берешегі бар қарыздар және (немесе) микрокредиттер бойынша берешек өтеледі;

      үшінші кезекте қарыз және (немесе) микрокредит шартын жасау мерзімі анағұрлым ерте қарыздар және (немесе) микрокредиттер бойынша берешек өтеледі.

      3) "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ-ға (бұдан әрі – Қор), екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарына ақы төлеуге арналған тізімді ұсынады.

      10. Қор:

      2019 жылғы 5 желтоқсанға дейінгі мерзімде әрбір екінші деңгейдегі банкпен және микроқаржы ұйымымен осы Қағидаларда көзделген шарттарда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті өтеу туралы келісім жасасады;

      Кредиттік бюро ұсынған ақы төлеуге арналған тізімнің негізінде ол алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қорға төлем қызметтерін көрсету үшін комиссияны ескере отырып, тұтынушылық кредиттер бойынша қалыптасқан берешекті өтеу бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын әлеуметтік қолдауды қаржыландыруға арналған өтінімді қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жібереді.

      11. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қор ұсынған қаржыландыруға арналған өтінімге сәйкес оны алған күннен бастап 2019 жылғы 10 желтоқсанға дейінгі мерзімде көзделген қаражат шегінде 088 "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен тұтынушылық кредиттер бойынша қалыптасқан берешекті өтеу жөнінде жеке тұлғаларға әлеуметтік қолдау көрсетуге "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ-ға нысаналы аударым" бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға және Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға бөлінген қаражатты екінші деңгейдегі банктерге және микроқаржы ұйымдарына аударуға байланысты Қорға төлем қызметтерін көрсеткені үшін комиссияны төлеуге бөлінген қаражатты Қорға аударады.

      12. Қор Кредиттік бюро ұсынған ақы төлеуге арналған тізімге сәйкес 2019 жылғы 12 желтоқсанға дейінгі мерзімде Кредиттік бюро ұсынған ақы төлеуге арналған тізімге сәйкес мөлшерде екінші деңгейдегі банктердің және микроқаржы ұйымдарының шоттарына ақша аударады.

      13. Қазақстан Республикасының азаматтарын әлеуметтік қолдау мақсатында екінші деңгейдегі банктер және микроқаржы ұйымдары 2019 жылғы 13 желтоқсанға дейінгі мерзімде осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес жасалған келісімнің шарттарына және ақы төлеуге арналған тізімге сәйкес борышкерлердің берешегін өтеу жолымен мүлікті (ақшалай қаражатты) өтеусіз беруді жүзеге асырады, содан кейін борышкерлерге берешектің өтелгені және берешек қалдығының мөлшері туралы хабарлама жібереді.

      Берешекті өтеу мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады:

      1) негізгі борыш бойынша берешек;

      2) сыйақы бойынша берешек.

      14. Екінші деңгейдегі банктер және микроқаржы ұйымдары 2019 жылғы 20 желтоқсанға дейінгі мерзімде:

      қарыз бойынша төлемдер графигін қайта қарауды жүзеге асырады;

      Қор белгілеген нысан және формат бойынша әрбір борышкер және оның қарызы (қарыздары) бойынша берешекті өтеуді жүзеге асыру туралы ақпаратты Қорға ұсынады.

      Қорға ұсынылатын ақпараттардың дәйектілігін, дұрыстығын және толықтығын екінші деңгейдегі банктер және микроқаржы ұйымдары қамтамасыз етеді.

      15. Егер 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қағидалардың 12-тармағына сәйкес Қор ақша аударғанға дейін қарыз толық немесе ішінара өтелген болса, екінші деңгейдегі банк және (немесе) микроқаржы ұйымы борышкерге соманың түсуі туралы хабарлайды және қарыздың нақты қалдығы мен Қордан түскен сома арасындағы айырма мөлшерінде түскен ақшаны борышкердің шотына аударуды жүзеге асырады не борышкерден өтініш болса, борышкердің таңдауы бойынша борышкердің кепілсіз тұтынушылық қарызы бойынша өзге ағымдағы қарызын өтеу шотына аударады.

      16. Қор 2019 жылғы 23 желтоқсанға дейінгі мерзімде:

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне екінші деңгейдегі банктердің және микроқаржы ұйымдарының әрбір борышкер және оның қарызы (қарыздары) бойынша берешекті өтеуді жүзеге асырғаны туралы ақпарат береді;

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құрамда деректер тізімін береді.

      17. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қордан осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген ақпаратты алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны "Е-халық" ақпараттық жүйесіне енгізеді.

      18. Кепілсіз тұтынушылық қарыздың өтелгені туралы ақпарат алу үшін өтініш беруші осы Қағидаларға сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына жүгінеді.

      Мемлекеттік корпорация өтініш беруші жүгінген кезде "электрондық үкімет" шлюзі арқылы "Е-халық" ақпараттық жүйесіне сұрауды қалыптастырады және оған кепілсіз тұтынушылық қарыздың өтелгені туралы ақпаратты хабарлайды.

      "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінген жағдайда кепілсіз тұтынушылық қарыздың өтелгені туралы ақпарат өтініш берушіге "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      19. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі екінші деңгейдегі банктерді және микроқаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау бойынша функцияларды орындау шеңберінде екінші деңгейдегі банктерді және микроқаржы ұйымдарын осы Қағидалардың 8 және 14-тармақтарында көзделген ақпаратты ұсынудың дұрыстығы тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады.

3-тарау. Қазақстан Республикасы азаматтарының айыппұлдары мен өсімпұлдарын есептен шығару тәртібі

      20. Қазақстан Республикасы азаматтарының екінші деңгейдегі банктердегі және микроқаржы ұйымдарындағы кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша айыппұлдары мен өсімпұлдарын есептен шығару "Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 34 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 2 шілдедегі № 116 қаулысына (бұдан әрі – Басқарма қаулысы) сәйкес жүзеге асырылады.

      21. Қор:

      облигациялар шығарады және оларды "Қазақстан тұрақтылық қоры" АҚ-ның пайдасына орналастырады;

      әрбір екінші деңгейдегі банкпен және микроқаржы ұйымымен Басқарма қаулысында көзделген шарттарда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша кешірілген тұрақсыздық айыбының (айыппұлдардың, өсімпұлдардың) бір бөлігін Қордың өтеуі туралы келісім жасасады.

      22. Осы тарауда көрсетілген іс-шаралар іске асырылғаннан кейін кешірілген айыппұлдар мен өсімпұлдардың бір бөлігін, оның ішінде осы тарауда көзделген екінші деңгейдегі банктерге және микроқаржы ұйымдарына қаражат аударуға байланысты Қорға төлем қызметтерін көрсеткені үшін комиссияға, сондай-ақ Қор міндеттемелеріне жұмсалған қаражат сомасын Қор қаржылық есептілікте шығын деп көрсетеді.

  Екінші деңгейдегі банктер мен
микроқаржы ұйымдарындағы
кепілсіз тұтынушылық қарыздар
бойынша Қазақстан
Республикасы азаматтарының
борыш жүктемесін азайтуға,
төлем қызметтерін көрсету үшін
комиссия төлеуге бөлінген
қаражатты пайдалану, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының
азаматтарына айыппұлдар мен
өсімпұлдарды есептен шығару
қағидаларына
1-қосымша
Бекітемін
Қордың басшысы
  ___________________________
  (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мөр)

Қорға төлем қызметтерін көрсеткені үшін комиссия ескерілген, тұтынушылық кредиттер бойынша қалыптасқан берешекті өтеу бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын әлеуметтік қолдауды қаржыландыруға арналған өтінім

Р/с №

Банктің атауы

Берешегі өтелетін борышкерлердің саны

Өтелетін берешек сомасы

Қорға төлем қызметтерін көрсеткені үшін комиссия сомасы

Қаржыландыруға жалпы қажеттілік

1






...






Жиыны






_______________________________ (қаржылай қамтамасыз етуге жауапты адамның лауазымы)

_______ (қолы)

____________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

  Екінші деңгейдегі банктер мен
микроқаржы ұйымдарындағы
кепілсіз тұтынушылық қарыздар
бойынша Қазақстан
Республикасы азаматтарының
борыш жүктемесін азайтуға,
төлем қызметтерін көрсету үшін
комиссия төлеуге бөлінген
қаражатты пайдалану, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының
азаматтарына айыппұлдар мен
өсімпұлдарды есептен шығару
қағидаларына
2-қосымша

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тізіммен ұсынылатын деректердің құрамы

Атауы

Формат

Мөлшері

Ескертпе

Реті бойынша нөмірі

Сандық

10


ЖСН

Мәтіндік

12


Тегі

Мәтіндік

60


Аты

Мәтіндік

60


Әкесінің аты (бар болса)

Мәтіндік

60


Туған күні

Күні



Банктің атауы

Мәтіндік

400


Банктің BIC

Мәтіндік

8


Шарт №

Мәтіндік

30


Шарт күні

Күні



Негізгі борыштың өтелген сомасы

Сандық

12


Сыйақының өтелген сомасы

Сандық

12


Айыппұлдың, өсімпұлдың өтелген сомасы

Сандық

12


Ішінара немесе толық өтеу белгісі

Сандық

1

1 – толық өтеу, 0 – ішінара өтеу

Өтеу күні

Күні




Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.