"Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 17 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Актінің түрі
Жоба
Қаулы
Қабылдау күні
28.12.2019
Өзгерту күні
28.12.2019
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі)

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 17 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

"Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 17 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 17 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 29-30, 186-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:

      5-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасының Президенті алдында Ұлттық комиссияның жұмысы туралы жыл сайын, бірақ есепті кезеңнен кейінгі 1 наурыздан кешіктірмей есеп береді.";

      5) тармақша алып тасталсын;

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Ұлттық комиссияның жұмысы қажеттігіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен сиретпей Комиссияның төрағасы айқындайтын мерзімдерде отырыстар өткізу арқылы жүзеге асырылады.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.