Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің жобасы туралы

Актінің түрі
Жоба
Қаулы
Қабылдау күні
30.12.2019
Өзгерту күні
30.12.2019
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі)

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  ЖОБА

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКСІ

      МАЗМҰНЫ

      ЖАЛПЫ БӨЛІМ

      1-бөлім. Негізгі ережелер

      1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Осы Кодексте реттелетін қатынастар

      2-бап. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы

      3-бап. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының мақсаты мен міндеттері

      4-бап. Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының мемлекеттік экологиялық саясаты және экологиялық негіздері

      5-бап. Мемлекеттік экологиялық саясаттың қағидаттары

      6-бап. Болғызбау қағидаты

      7-бап. Түзету қағидаты

      8-бап. Алдын ала сақтық қағидаты

      9-бап. Бара-барлық қағидаты

      10-бап. "Ластағыш төлейді" қағидаты

      11-бап. Тұрақты даму қағидаты

      12-бап. Интеграция қағидаты

      13-бап. Экологиялық ақпараттың қолжетімділігі қағидаты

      14-бап. Жұртшылықтың қатысу қағидаты

      15-бап. Экожүйелік ұстаным қағидаты

      2-тарау. Қоршаған орта және оны қорғау туралы жалпы ережелер

      16-бап. Қоршаған орта

      17-бап. Қоршаған орта сапасы

      18-бап. Қоршаған ортаны қорғау

      19-бап. Қоршаған ортаны қорғау объектілері

      20-бап. Қоршаған ортаға антропогендік әсер ету туралы жалпы ережелер

      21-бап. Қоршаған ортаның ластануы

      22-бап. Қоршаған ортаға зиянды әсер ететін объектілердің санаттары

      3-тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтар мен міндеттер

      23-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізге алынатын құқықтар мен міндеттер     

      24-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы коммерциялық емес ұйымдардың құқықтары мен міндеттері

      25-бап. Жұртшылықтың шешім қабылдауға қатысуы

      26-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтарды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік шаралар жүйесі

      4-тарау. Экологиялық ақпарат

      27-бап. Экологиялық ақпарат

      28-бап. Экологиялық ақпаратқа қол жеткізу

      29-бап. Экологиялық ақпаратты беру нысаны

      30-бап. Экологиялық ақпаратты беру мерзімдері мен тәртібі

      31-бап. Экологиялық ақпаратты жинау және тарату

      32-бап. Қазақстан Республикасы ластағыштарының шығарындылары мен олардың тасымалдарының тіркелімі

      33-бап. Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндама

      34-бап. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаның жай-күйі туралы және табиғи ресурстарды пайдалану туралы интерактивтік баяндамасы

      35-бап. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қоры

      2-бөлім. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқару

      36-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

      37-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті

      38-бап. Бірыңғай мемлекеттік экологиялық саясатты іске асыру

      38-бап. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар

      40-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл

      3-бөлім. Экологиялық қатынастарды мемлекеттік реттеу

      41-бап. Экологиялық қатынастарды мемлекеттік реттеудің нысандары мен құралдары

      42-бап. Экологиялық талаптар туралы жалпы ережелер

      43-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу құралдарының түрлері     

      44-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті лицензиялау

      5-тарау. Экологиялық нормалау

      45-бап. Жалпы ережелер

      46-бап. Экологиялық сапа нормативтері

      47-бап. Экологиялық сапа нормативтерін әзірлеу және белгілеу тәртібі

      48-бап. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері

      49-бап. Қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер етудің нормативтері

      50-бап. Эмиссия нормативтері

      51-бап. Технологиялық нормативтер

      52-бап. Қалдықтарды жинау лимиттері, қалдықтарды көму лимиттері

      53-бап. Табиғи ортаға физикалық әсер етудің жол берілетін нормативі

      54-бап. Күкірт карталарында ашық түрде күкіртті орналастыру лимиттері

      55-бап. Қоршаған ортаға жиынтық антропогендік жүктеменің жол берілетін нормативтері

      6-тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық реттеу және стандарттау

      56-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы сәйкестікті растау объектілері мен рәсімі

      57-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық стандарттарды енгізу және қолдану

      58-бап. Экологиялық таңбалау

      7-тарау. Экологиялық бағалау

      1-параграф. Экологиялық бағалау туралы жалпы ережелер

      59-бап. Экологиялық бағалау ұғымы

      60-бап. Экологиялық бағалау түрлері

      61-бап. Экологиялық бағалау қағидаттары

      2-параграф. Стратегиялық экологиялық бағалау

      62-бап. Стратегиялық экологиялық бағалау туралы жалпы ережелер

      63-бап. Стратегиялық экологиялық бағалау мәні

      64-бап. Стратегиялық экологиялық бағалау сатылары

      65-бап. Стратегиялық экологиялық бағалау жүргізуге жауапты субъектілер

      66-бап. Құжаттардың әсер ету скринингі

      67-бап. Стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепті қамту саласын анықтау

      68-бап. Стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есеп

      69-бап. Стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепке сәйкестігі мәніне Құжатты қарау     

      70-бап. Стратегиялық экологиялық бағалау шеңберінде мүдделі мемлекеттік органдармен консультациялар

      71-бап. Мүдделі жұртшылықтың стратегиялық экологиялық бағалау жүргізуге қатысуы

      72-бап. Стратегиялық экологиялық бағалау барысында жүргізілетін трансшекаралық әсерлерді бағалау

      73-бап. Стратегиялық экологиялық бағалауға жататын Құжаттарды бекіту ерекшеліктері

      74-бап. Құжаттардың қоршаған ортаға елеулі әсер етуінің мониторингі

      3-параграф. Қоршаған ортаға әсерді бағалау

      75-бап. Қоршаған ортаға әсерді бағалау

      76-бап. Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың міндеттілігі

      77-бап. Қоршаған ортаға әсерді бағалау кезінде есепке алуға жататын әсерлердің түрлері мен объектілері

      78-бап. Қоршаған ортаға әсерді бағалау сатылары

      79-бап. Көзделген қызмет туралы өтініш

      80-бап. Көзделген қызметтің әсер ету скринингі

      81-бап. Қоршаған ортаға елеулі әсер етудің өлшемшарттары

      82-бап. Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау

      83-бап. Ықтимал әсерлер туралы есеп

      84-бап. Ықтимал әсерлер туралы есеп жобасына қатысты қоғамдық тыңдаулар

      85-бап. Сараптама комиссиясы

      86-бап. Қоршаған ортаға әсерді бағалау барысында жүргізілетін трансшекаралық әсерлерді бағалау

      87-бап. Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды

      88-бап. Ықтимал әсерлер туралы есептің мазмұны үшін жауаптылық

      89-бап. Көзделген қызметті іске асырудың іс жүзіндегі әсерлерін жобадан кейінгі талдау     

      90-бап. Қоршаған ортаға әсер етуге бағалауды жүргізуді әдістемелік қамтамасыз ету

      4-параграф. Трансшекаралық әсер етуді бағалау

      91-бап. Трансшекаралық әсер етуге бағалау жүргізу негіздері

      92-бап. Шығу тарапы Қазақстан Республикасы болып табылатын жағдайларда трансшекаралық әсер етуді бағалауға бастамашылық жасау

      93-бап. Трансшекаралық әсер етуге бағалау жүргізу тәртібі

      94-бап. Бастамашының, әзірлеуші мемлекеттік органның және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның трансшекаралық әсер етуге бағалау жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері

      95-бап. Қазақстан Республикасының трансшекаралық әсер етуді бағалауға қарастырылатын тарап ретінде қатысуы

      8-тарау. Экологиялық сараптама

      96-бап. Қазақстан Республикасындағы экологиялық сараптама туралы жалпы ережелер

      97-бап. Экологиялық сараптаманың қағидаттары

      1-параграф. Мемлекеттік экологиялық сараптама

      98-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптама

      99-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органдар

      100-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу тәртібі

      101-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы

      102-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын бөлімшелер басшыларының құқықтары

      103-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшысы

      104-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу процесіне сыртқы сарапшыларды тарту     

      105-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшылық кеңестері

      106-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың жариялылығы

      107-бап. Қоғамдық тыңдауларды өткізу

      108-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру кезіндегі келіспеушіліктерді қарау тәртібі

      2-параграф. Қоғамдық экологиялық сараптама

      109-бап. Қоғамдық экологиялық сараптама

      110-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманың ұйымдастырушысы

      111-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшылары

      112-бап. Қоғамдық экологиялық сараптама объектісі тапсырыс берушісінің құқықтары мен міндеттері

      113-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманы қаржыландыру

      114-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманы өткізу туралы хабарлама

      115-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы

      116-бап. Қоғамдық экологиялық сараптама нәтижелерін пайдалану

      9-тарау. Экологиялық рұқсаттар

      117-бап. Жалпы ережелер

      118-бап. Экологиялық рұқсаттың және объектінің операторы ауысқан кезде қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияның қолданылуы

      119-бап. Экологиялық рұқсатты қайта ресімдеу тәртібі

      120-бап. Экологиялық рұқсатты тоқтата тұру, одан айыру (кері қайтарып алу) және оны жою

      121-бап. Қоршаған ортаға әсер ету туралы декларация

      3-параграф. Кешенді экологиялық рұқсат

      122-бап. Кешенді экологиялық рұқсат туралы жалпы ережелер

      123-бап. Кешенді экологиялық рұқсаттың мазмұны

      124-бап. Ең жақсы қолжетімді техникалар

      125-бап. Кешенді экологиялық рұқсат алуға өтініш

      126-бап. Кешенді экологиялық рұқсат алуға өтінішті қарау рәсімі

      127-бап. Қарастырылатын шет мемлекетпен консультациялар

      128-бап. Кешенді экологиялық рұқсатты беру

      129-бап. Кешенді экологиялық рұқсатты қайта қарау

      130-бап. Экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасы

      4-параграф. Әсер етуге экологиялық рұқсат

      131-бап. Әсер етуге экологиялық рұқсат беру туралы жалпы ережелер

      132-бап. Әсер етуге экологиялық рұқсаттың мазмұны

      133-бап. Әсер етуге экологиялық рұқсат алуға өтініш

      134-бап. Әсер етуге экологиялық рұқсатты қарау және беру мерзімдері

      135-бап. Әсер етуге экологиялық рұқсат беруден бас тарту

      136-бап. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары

      4-бөлім. Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық реттеу

      137-бап. Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық реттеу тетіктерінің түрлері

      138-бап. Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем

      139-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларды басқарудың нарықтық тетіктері

      140-бап. Экологиялық сақтандыру

      141-бап. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған қызметті экономикалық ынталандыру

      5-бөлім. Экологиялық залал

      142-бап. Экологиялық залал

      143-бап. Адам өмірі мен денсаулығына экологиялық зиян

      144-бап. Жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне экологиялық залал

      145-бап. Суға келтірілетін экологиялық залал

      146-бап. Жерге келтірілетін экологиялық залал

      147-бап. Экологиялық залал үшін жауапкершілік

      148-бап. Экологиялық залал фактісін және экологиялық залал келтірген адамды анықтау

      149-бап. Ремедиация

      150-бап. Ремедиация бағдарламасы

      151-бап. Ремедиация бағдарламасын іске асыру

      152-бап. Экологиялық залал келтірумен байланысты талаптар бойынша талап қою мерзімі

      6-бөлім. Тарихи ластану объектілері

      153-бап. Тарихи ластану

      154-бап. Тарихи ластану объектілерін анықтау, бағалау және есепке алу

      155-бап. Тарихи ластануларды жою

      7-бөлім. Қоршаған ортаға зиянды әсер ететін объектілердегі қызмет салдарын жою

      156-бап. Қоршаған ортаға зиянды әсер ететін объектілердегі қызмет салдарын жою туралы жалпы ережелер

      157-бап. Қоршаған ортаға зиянды әсер ететін объектілерді пайдалану салдарын жоюды қаржыландыру

      158-бап. Қызметті жүзеге асыру салдарын жоюмен байланысты міндеттемелер жөніндегі талаптарды қаржылық қамтамасыз ету

      159-бап. Кепілдікті қаржылық қамтамасыз ету ретінде қолдану

      160-бап. Банк салымы кепілін қаржылық қамтамасыз ету ретінде қолдану

      161-бап. Мүлік кепілін қаржылық қамтамасыз ету ретінде қолдану

      162-бап. Сақтандыру шартын қаржылық қамтамасыз ету ретінде қолдану

      8-бөлім. Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттік мониторингі

      163-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі

      164-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне қатысушылар

      165-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің құрылымы

      166-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі

      167-бап. Қазақстан Республикасының Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкіне қол жеткізу шарттары

      168-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің деңгейлері

      169-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін қаржыландыру

      170-бап. Экологиялық мониторинг

      171-бап. Табиғи ресурстар мониторингі

      172-бап. Арнайы мониторинг түрлері

      9-бөлім. Метеорологиялық, гидрологиялық мониторингтер және қоршаған ортаның жай-күйінің мониторингі саласындағы қызмет

      173-бап. Метеорологиялық мониторинг

      174-бап. Гидрологиялық мониторинг

      175-бап. Қоршаған ортаның жай-күйінің мониторингі

      176-бап. Гидрометеорологиялық ақпаратты және қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпаратты әзірлеушілер

      177-бап. Мемлекеттік монополияға жатқызылатын Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің жұмысы

      178-бап. Мемлекеттік байқау желісін ұйымдастыру және оның қызметі, мемлекеттік байқау желісін қорғау

      179-бап. Ұлттық гидрометеорологиялық қызметті қаржыландыру

      180-бап. Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің ақпарат беру талаптары

      10-бөлім. Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарының мемлекеттік кадастрлары

      181-бап. Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарының мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесі туралы жалпы ережелер

      182-бап. Кадастрлардың бірыңғай жүйесінің құрылымы мен мазмұны

      183-бап. Ақпаратты ұсыну

      11-бөлім. Экологиялық бақылау

      10-тарау. Мемлекеттік экологиялық бақылау

      184-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылау

      185-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылау нысандары

      186-бап. Бармай профилактикалық бақылау

      187-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылау жүргізу кезінде нұсқамалардың орындалуын қамтамасыз ету

      188-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзудан болатын экономикалық пайданы анықтау

      189-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар

      190-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері

      191-бап. Апелляциялық комиссияның шағымды қарау тәртібі

      192-бап. Апелляциялық комиссияның шағымды қарауы және мемлекеттік экологиялық бақылауды жүргізу кезінде ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету

      193-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылаудың жариялылығы

      11-тарау. Өндірістік экологиялық бақылау

      194-бап. Өндірістік экологиялық бақылаудың міндеті мен мақсаттары

      195-бап. Өндірістік экологиялық бақылау жүргізу тәртібі

      196-бап. Объект операторының өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері

      197-бап. Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптар

      198-бап. Өндірістік мониторингтің түрлері және оны жүргізуді ұйымдастыру

      199-бап. Өндірістік экологиялық бақылау бойынша есеп және есептілік

      200-бап. Өндірістік экологиялық бақылау қызметі және өндірістік экологиялық бақылауға жауапты адамдар

      201-бап. Ішкі тексерулерді ұйымдастыру

      12-тарау. Қоғамдық экологиялық бақылау

      202-бап. Қоғамдық экологиялық бақылау

      12-бөлім. Экологиялық мәдениет, білім беру және ағарту

      203-бап. Экологиялық мәдениет

      204-бап. Экологиялық білім беру мақсаты, негізгі бағыттары, субъектілері мен объектілері

      205-бап. Білім беру ұйымдарында экологиялық білім беру

      206-бап. Экологиялық білім беру мен ағартуды мемлекеттік қолдау

      13-бөлім. Экологиялық ғылыми зерттеулер

      207-бап. Экологиялық ғылыми зерттеулердің мақсаттары мен міндеттері

      208-бап. Экологиялық ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары

      209-бап. Экологиялық ғылыми зерттеулер жүргізуге қойылатын талаптар

      ЕРЕКШЕ БӨЛІК

      14-бөлім. Атмосфералық ауаны қорғау

      210-бап. Атмосфералық ауа және оны қорғау

      211-бап. Атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындысы

      212-бап. Атмосфералық ауа сапасының экологиялық нормативтері

      213-бап. Атмосфералық ауаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтері

      214-бап. Жол берілетін шығарындылар нормативтері және шығарындылардың технологиялық нормативтері

      215-бап. Жол берілетін шығарындылар нормативтерін сақтау мониторингі

      216-бап. Шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу

      217-бап. Атмосфералық ауа ластануының жиынтық есеп-қисаптары және елді мекендердің шекті жол берілетін шығарындыларының жиынтық томдары

      218-бап. Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптар туралы жалпы ережелер

      219-бап. Газды тазарту қондырғыларын пайдалану кезіндегі атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптар

      220-бап. Көлік және өзге де жылжымалы құралдарды өндіру және пайдалану кезінде атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптар

      221-бап. Қалдықтарды сақтау, залалсыздандыру, көму және жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптар

      222-бап. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туындаған кезде атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптар

      223-бап. Авариялар кезінде атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптар

      15-бөлім. Су объектілерін қорғау

      224-бап. Су объектілері және оларды қорғау

      225-бап. Ластағыш заттардың төгінділері

      226-бап. Су сапасының экологиялық нормативтері

      227-бап. Суға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтері

      228-бап. Жол берілетін төгінділердің нормативтері

      229-бап. Төгінділердің технологиялық нормативтері

      230-бап. Жол берілетін төгінділер нормативтерін сақтау мониторингі

      231-бап. Су объектілерін қорғау жөніндегі экологиялық талаптар туралы жалпы ережелер

      232-бап. Су пайдалануға қойылатын жалпы экологиялық талаптар

      233-бап. Суды алу және (немесе) пайдалану жөніндегі экологиялық талаптар

      234-бап. Сарқынды суды ағызып жіберу кезіндегі экологиялық талаптар

      235-бап. Су қорғау аймақтарында қызметті жүзеге асыру жөніндегі экологиялық талаптар

      236-бап. Жерасты суларын қорғау жөніндегі экологиялық талаптар

      237-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жерасты су объектілерін қорғау жөніндегі экологиялық талаптар

      238-бап. Сақтық аймағында қызметті жүзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптар

      239-бап. Авариялар кезінде су объектілерін қорғау жөніндегі экологиялық талаптар

      16-бөлім. Жерді қорғау

      240-бап. Жерді қорғау туралы жалпы ережелер

      241-бап. Топырақ сапасының экологиялық нормативтері

      242-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді аймақтарға бөлу және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

      243-бап. Елді мекендердің жерін аймақтарға бөлу және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

      244-бап. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерді аймақтарға бөлу және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

      245-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiн және сауықтыру мақсатындағы жердi пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

      246-бап. Орман қорының жерiн пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

      247-бап. Су қорының жерiн аймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

      248-бап. Босалқы жердi аймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

      249-бап. Оңтайлы жер пайдалану жөнiндегi экологиялық талаптар

      250-бап. Жердi пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

      17-бөлім. Табиғатты қорғау

      13-тарау. Жалпы ережелер

      251-бап. Жалпы ережелер

      14-тарау. Жануарлар дүниесін пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

      252-бап. Жануарлар дүниесін жалпы пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

      253-бап. Қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптар

      254-бап. Қамыстарды шабу мен құрғақ өсiмдiктердi өртеу кезiндегi экологиялық талаптар

      255-бап. Өсiмдiктердi қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштар мен қызметте пайдаланылатын басқа да препараттарды тасымалдау, сақтау мен қолдану, жаңа препараттар жасау кезiндегі экологиялық талаптар

      256-бап. Жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру кезіндегі экологиялық талаптар

      257-бап. Жануарларды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету кезіндегі экологиялық талаптар

      258-бап. Балық аулау кезіндегі экологиялық талаптар

      259-бап. Жануарлар тіршілігінің пайдалы қасиеттері мен өнімдерін пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

      260-бап. Зоологиялық коллекцияларға қойылатын экологиялық талаптар

      261-бап. Жануарлардың санын реттеу кезіндегі экологиялық талаптар

      262-бап. Аңшылық және балық шаруашылығын жүргізу кезіндегі экологиялық талаптар

      263-бап. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесі

      264-бап. Табиғи еркін жағдайда тіршілік ететін жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін қорғау және өсімін молайту

      265-бап. Табиғи еркін жағдайда мекендейтін жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін пайдалану

      266-бап. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау және өсіру

      15-тарау. Ормандарды қорғау

      267-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ормандарды молықтырған және орман өсiрген кезде мемлекеттiк орман қорының учаскелерiн пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

      268-бап. Қалалық ормандар мен орман парктерінде орман пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

      269-бап. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне немесе жер пайдаланушыларға пайдалануға берiлген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш және бұта өсiмдiктерiн күзету, қорғау, молықтыру және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

      270-бап. Басқа меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың жер учаскелерi арасында орналасқан мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн күзету, қорғау, пайдалану, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды молықтыру кезiндегi экологиялық талаптар

      271-бап. Темiр жолдарға, автомобиль жолдарына, каналдарға, магистральдық құбырларға және басқа да желiлiк құрылыстарға бөлiп берiлген белдеулердегi қорғаныштық екпелердi күзету, қорғау және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

      272-бап. Қалалық және ауылдық қоныстардың жасыл қорын қорғау

      273-бап. Жасыл белдеулерде орналасқан табиғи объектілерді ерекше қорғау режимі

      16-тарау. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағы

      274-бап. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағының шекаралары

      275-бап. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында қызметті жүзеге асыру режимін шектеу

      276-бап. Каспий теңізінің су қорғау аймағы

      277-бап. Халықтың су пайдалану орындарындағы Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі жағалау бойы суларын қорғау аудандары

      278-бап. Каспий теңізі деңгейінің көтеріліп-қайтып ауытқуының әсер ету аймағы шегінде қызметті жүзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптар

      279-бап. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезіндегі жалпы экологиялық талаптар

      280-бап. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағындағы теңізде көмірсутектерін барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асыру барысындағы экологиялық талаптар

      281-бап. Геофизикалық жұмыстар жүргізу кезіндегі экологиялық талаптар

      282-бап. Мұнай-газ құбырларын жобалау мен салу кезіндегі экологиялық талаптар

      283-бап. Жағалаудағы жарақтандыру базалары мен жағалау инфрақұрылымы объектілеріне арналған экологиялық талаптар

      284-бап. Кеме жүзуіне қойылатын экологиялық талаптар

      285-бап. Көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операциялар объектілерін консервациялауға және жоюға қойылатын экологиялық талаптар

      286-бап. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағындағы қоршаған ортаның мониторингі

      17-тарау. Солтүстік Арал маңындағы мемлекеттік қорық аймағы

      287-бап. Солтүстік Арал маңындағы мемлекеттік қорық аймағының шекаралары

      288-бап. Солтүстік Арал маңындағы мемлекеттік қорық аймағында пайдалану режимін шектеу

      289-бап. Солтүстік Арал маңындағы мемлекеттік қорық аймағының су қорғау аймағындағы шаруашылық және өзге де қызмет түрі

      290-бап. Солтүстік Арал маңындағы мемлекеттік қорық аймағының сақтық аймағындағы шаруашылық және өзге де қызмет

      291-бап. Солтүстік Арал маңындағы мемлекеттік қорық аймағында қызметті жүзеге асыру кезіндегі жалпы экологиялық талаптар

      292-бап. Солтүстік Арал маңындағы мемлекеттік қорық аймағының қоршаған ортасы мониторингі

      18-бөлім. Климат және атмосфераның озон қабаты

      18-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу

      293-бап. Парниктік газдар

      294-бап. Шығарындылар мен парниктік газдарды сіңіру

      295-бап. Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруіне жаһандықден қоюға ұлттық салымдары

      296-бап. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу

      297-бап. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу құралдары

      298-бап. Көміртекті бюджет

      299-бап. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу объектілері

      300-бап. Көміртек бірліктерімен сауда жасау жүйесінің операторы

      301-бап. Көміртекті квоталау

      302-бап. Көміртегі квоталарының ұлттық жоспары

      303-бап. Көміртегі квотасы бірліктерін бөлу

      304-бап. Көміртегі бірліктерін өтеу

      305-бап. Квоталанатын қондырғылардың парниктік газдар шығарындылары мониторингі

      306-бап. Квоталанатын қондырғылардың парниктік газдар шығарындыларын түгендеу

      307-бап. Көміртегі квотасының өзгеруі

      308-бап. Квоталанатын қондырғы операторын ауыстыру

      309-бап. Квоталанатын қондырғы операторының атауын және (немесе) ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту

      310-бап. Көміртегі офсеті

      311-бап. Көміртегі бірліктері және көміртегі нарығы

      312-бап. Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі

      313-бап. Қондырғыларды әкімшілеу

      314-бап. Парниктік газдар шығарындыларын және сіңірулерді мемлекеттік түгендеу жүйесі

      315-бап. Мемлекеттік көміртегі кадастры

      316-бап. Валидация және верификаттау

      19-тарау. Атмосфераның озон қабатын қорғау

      317-бап. Озон қабаты және оны қорғау

      318-бап. Озонды бұзатын заттар және олармен жұмыс істеу

      319-бап. Озон қабатын қорғау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу

      320-бап. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды реттеу

      332-бап. Озонды бұзатын заттармен жұмыс істеуді реттеу

      322-бап. Озонды бұзатын заттардың мемлекеттік кадастры және оны түгендеу

      323-бап. Озонды бұзатын заттардың айналымы мен тұтынуы бойынша қызметке қойылатын жалпы талаптар

      20-тарау. Климаттың өзгеруіне бейімделу саласындағы мемлекеттік басқару

      324-бап. Климаттың өзгеруі және оған бейімделу

      325-бап. Климаттың өзгеруіне бейімделудің мақсаттары, мемлекеттік басқарудың басым салалары және негізгі қағидаттары

      326-бап. Климаттың өзгеруіне бейімделу процесі бойынша жалпы талаптар

      327-бап. Ақпарат жинау және климаттың өзгеруіне осалдықты бағалау бойынша талаптар

      328-бап. Климаттың өзгеруіне бейімделуді жоспарлау

      19-бөлім. Қалдықтар

      21-тарау. Қалдықтар туралы жалпы ережелер

      329-бап. Қалдықтар ұғымы

      330-бап. Қалдықтардың иелері

      331-бап. Қалдықтарды басқару

      332-бап. Қалдықтарды жинақтау

      333-бап. Қалдықтарды жинау

      334-бап. Қалдықтарды тасымалдау

      335-бап. Қалдықтарды қалпына келтіру

      336-бап. Қалдықтарды жою

      337-бап. Қалдықтарды басқару кезіндегі қосалқы операциялар

      338-бап. Қалдықтарды басқару жөніндегі операцияларға қойылатын негізгі экологиялық талаптар

      339-бап. Қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік экологиялық саясат қағидаттары

      340-бап. Иерархия қағидаты

      341-бап. Дереккөзге жақындық қағидаты

      342-бап. Қалдықтарды түзушінің жауапкершілік қағидаты

      343-бап. Өндірушілер мен импорттаушылардың кеңейтілген міндеттемелерінің қағидаты

      344-бап. Қалдықтар мәртебесінің тоқтатылуы

      345-бап. Қалдықтарды басқару саласындағы нормалау

      346-бап. Қалдықтарды басқару бағдарламасы

      347-бап. Қауіпті қалдықтарды қалпына келтіру және жою саласындағы қызметті лицензиялау

      348-бап. Қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің хабарлама режимі

      349-бап. Қалдықтардың түрлері және олардың сыныпталуы

      350-бап. Қалдықтарға арналған меншік құқығы және оларды басқару үшін жауапкершілік

      351-бап. Иесіз қалдықтарды басқару

      352-бап. Қалдықтардың түзілу көлемін азайтуды және түзілетін қалдықтарды қалпына келтіру үлесін ұлғайтуды ынталандыру

      22-тарау. Қауіпті қалдықтар

      353-бап. Қауіпті қалдықтар туралы жалпы ережелер

      354-бап. Қауіпті қалдықтардың паспорты

      355-бап. Қауіпті қалдықтарды басқару кезіндегі экологиялық талаптар

      356-бап. Қауіпті қалдықтарды тасымалдау кезіндегі экологиялық талаптар

      357-бап. Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау

      358-бап. Қауіпті қалдықтарды есепке алу

      23-тарау. Қалдықтарды көму полигондары

      359-бап. Қалдықтарды көму полигондары туралы жалпы ережелер

      360-бап. Полигондар кластары

      361-бап. Полигондарға қойылатын экологиялық талаптар

      362-бап. Полигондар үшін қолайлы емес қалдықтар

      363-бап. Қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыруға арналған полигондарда орналастыруға тыйым салынатын қатты және шлам тектес өнеркәсіптік қалдықтар

      364-бап. Қауіпті қалдықтар полигондарына арналған жалпы талаптар

      365-бап. Қалдықтарды қабылдау рәсімдері

      366-бап. Полигонды пайдалану сатысындағы бақылау және мониторинг

      367-бап. Полигонды (полигонның бөлігін) жабу, рекультивациялау және мониторинг рәсімдері

      24-тарау. Тау-кен өндіру өнеркәсібі қалдықтарын басқару ерекшеліктері

      368-бап. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтары ұғымы

      369-бап. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын басқару

      370-бап. Қалдықтарды жинап қою объектілерін жобалауға, салуға және пайдалануға қойылатын талаптар

      371-бап. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын басқару бағдарламасы

      372-бап. Су жағдайының нашарлауын, ауа мен топырақтың ластануын болдырмау

      373-бап. Ірі экологиялық оқиғаларды болдырмау

      374-бап. Қалдықтарды жинап қою объектісін жабу және жабылғаннан кейінгі кезеңдегі мониторинг

      375-бап. Қалдықтарды қоймалаудың объектілерін түгендеу

      25-тарау. Коммуналдық қалдықтарды басқару ерекшеліктері

      376-бап. Коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы экологиялық талаптар

      377-бап. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесі

      378-бап. Тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдауға қойылатын талаптар

      26-тарау. Радиоактивті қалдықтарды басқару ерекшеліктері

      379-бап. Радиоактивті қалдықтар және оларды сыныптау

      380-бап. Радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму пункттерін сыныптау

      381-бап. Радиоактивті қалдықтарды сақтау және көму кезіндегі экологиялық талаптар

      382-бап. Радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму пункттеріне қойылатын экологиялық талаптар

      383-бап. Радиоактивті қалдықтарды трансшекаралық ауыстыру

      384-бап. Радиоактивті қалдықтарды тасымалдау кезіндегі экологиялық талаптар

      27-тарау. Қалдықтардың жекелеген түрлерін басқару ерекшеліктері

      385-бап. Құрылыс қалдықтарын басқару саласындағы экологиялық талаптар

      386-бап. Медициналық қалдықтарды басқару саласындағы экологиялық талаптар

      387-бап. Биологиялық қалдықтарды басқару саласындағы экологиялық талаптар

      388-бап. Жойылуы қиын органикалық ластағыштары бар қалдықтарды басқару саласындағы экологиялық талаптар

      389-бап. Радиоактивті қалдықтарды басқару саласындағы экологиялық талаптар

      390-бап. Қалдықтардың жекелеген түрлерімен және олардың тіршілік циклінің процестерін басқару саласындағы экологиялық талаптар

      391-бап. Ғимараттарды, құрылысжайларды, құрылысжайлар және өзге де объектілерді жобалау кезінде қалдықтарды басқару саласындағы экологиялық талаптар

      28-тарау. Қалдықтардың мемлекеттік кадастры

      392-бап. Қалдықтардың мемлекеттік кадастры

      393-бап. Қалдықтардың мемлекеттік кадастрының мақсаттары мен міндеттері

      394. Қалдықтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу

      395-бап. Қалдықтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу нәтижелері туралы ақпарат     

      29-тарау. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері

      396-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындауға қойылатын талаптар

      397-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының құқықтық жағдайы

      398-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы қызметінің бағыттары

      399-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының өкілеттіктері

      400-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелеріне қатысушылардың жауапкершілігі

      401-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы қызметінің айқындылығын қамтамасыз ету

      402-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындау

      20-тарау. Жекелеген қызмет түрлері бойынша ерекше экологиялық талаптар

      403-бап. Ғимараттарды, құрылысжайларды және олардың кешендерін жобалау кезіндегі жалпы экологиялық талаптар

      404-бап. Ғимараттарды, құрылысжайларды және олардың кешендерін пайдалануға беру мен пайдалану кезіндегі жалпы экологиялық талаптар

      405-бап. Авариялар кезіндегі жалпы экологиялық талаптар

      406-бап. Әскери және қорғаныс объектілеріне, әскери қызметке қойылатын экологиялық талаптар

      407-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі экологиялық талаптар

      408-бап. Теңізде барлау мен өндіру кезіндегі экологиялық талаптар

      409-бап. Сақтық аймағы шегiнде жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiндегi экологиялық талаптар

      410-бап. Көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайда болатын күкіртті қолданудағы экологиялық талаптар

      411-бап. Су асты құбырлар мен кабельдерді жобалау, төсеу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

      412-бап. Орнықты органикалық ластағыштарды және құрамында хлор бар қалдықтарды өндіру, әкелу, әкету, пайдалану және жою жөніндегі қызметке қойылатын экологиялық талаптар

      413-бап. Гендік-инженерлік қызметті жүзеге асыруға, заманауи биотехнология өнімдерін өндіруге, қолдануға және таратуға қойылатын экологиялық талаптар

      21-бөлім. Төтенше экологиялық жағдай аймақтары және экологиялық апат аймақтары

      414-бап. Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зілзала

      415-бап. Жекелеген аумақтарды (акваторияларды) төтенше экологиялық жағдай аймағы немесе экологиялық зілзала аймағы деп жариялау тәртібі

      416-бап. Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау

      417-бап. Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зілзала аймақтарындағы құқықтық режим

      418-бап. Төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық зілзала салдарынан зардап шеккен адамдарға келтірілген зиянды өтеу

      419-бап. Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зілзала аймақтарындағы экологиялық ахуалды мониторингілеу

      420-бап. Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зілзала аймақтары құқықтық режимінің қолданысын тоқтату

      421-бап. Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зiлзала аймақтарында құқықтық режимдi бұзғаны үшiн жауапкершілік

      АРНАЙЫ БӨЛІК

      22-бөлім. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастығы

      422-бап. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастығының мақсаттары

      423-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтары мен деңгейлері

      424-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық қағидаттары

      425-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық шарттар

      426-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың экономикалық негізі

      427-бап. Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін халықаралық жауапкершілік

      428-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың халықаралық және трансшекаралық рәсімдері

      23-бөлім. Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік және экологиялық дауларды шешу

      429-бап. Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік

      430-бап. Экологиялық дауларды шешу

      24-бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер

      431-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі

      432-бап. Осы Кодексті қолдану тәртібі

      433-бап. Өтпелі ережелер

      25-бөлім. Қосымшалар

      № 1 қосымша

      1-бөлім. Қоршаған ортаға әсер етуге бағалау жүргізу міндетті болып табылатын қызмет түрлерінің тізбесі

      2-бөлім. Скрининг рәсімін жүргізу міндетті болып табылатын көзделген қызмет түрлерінің тізбесі

      № 2 қосымша

      Қоршаған ортаға зиянды әсер ететін объектілерді І, ІІ, немесе ІІІ санаттағы объектілерге жатқызуды жүзеге асыруға негіз болатын қызмет түрлері және өзге де өлшемшарттар

      1-бөлім. Қоршаған ортаға зиянды әсер ететін объектілерді І санаттағы объектілерге жатқызуды жүзеге асыруға негіз болатын қызмет түрлері және өзге де өлшемшарттар     

      2-бөлім. Қоршаған ортаға зиянды әсер ететін объектілерді ІІ санаттағы объектілерге жатқызуды жүзеге асыруға негіз болатын қызмет түрлері және өзге де өлшемшарттар     

      (осы Қосымшаның 1-бөліміне енгізілген қызмет түрлерін қоспағанда)     

      3-бөлім. Қоршаған ортаға зиянды әсер ететін объектілерді ІІІ санаттағы объектілерге жатқызуды жүзеге асыруға негіз болатын қызмет түрлері және өзге де өлшемшарттар

      № 3 қосымша

      № 4 қосымша

      ЖАЛПЫ БӨЛІМ

      1-бөлім. Негізгі ережелер

      1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Осы Кодексте реттелетін қатынастар

      1. Осы Кодекс жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға әсер ететін немесе әсер ете алатын қызметті жүзеге асыруына байланысты туындайтын мемлекеттік экологиялық саясаттың құқықтық негіздері мен принциптерін айқындайды және адам мен табиғаттың өзара іс-қимылы саласындағы (экологиялық қатынастар) қоғамдық қатынастарды реттейді.

      Осы Кодексте реттелетін қатынастарға мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың экологиялық және гидрометеорологиялық ақпаратқа қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг, метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізу саласындағы қоғамдық қатынастар да жатады.

      2. Табиғи ресурстарды пайдалану саласында, сондай-ақ қолданылатын шамада, оларды сақтау, қалпына келтіру және молықтыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастар табиғи ресурстың түріне байланысты тиісінше Қазақстан Республикасының жер, су, орман заңнамасымен, Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы, жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы заңнамасымен және осы Кодекске қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарды қорғау және пайдалану саласындағы өзге де заңнамасымен реттеледі.

      3. Қоршаған ортаны қорғау саласында туындайтын қоғамдық қатынастар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету үшін қажетті және осы Кодекске қайшы келмейтін шамада Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасымен реттеледі.

      4. Өнімге, көрсетілетін қызметке, өнімнің өмірлік циклінің процестеріне (бұдан әрі - процестер) қойылатын міндетті және ерікті талаптарды айқындау, белгілеу, қолдану және орындау, сәйкестікті бағалау және растау, техникалық реттеу саласындағы және стандарттау аясындағы аккредиттеу кезінде туындайтын қоршаған ортаны қорғау саласындағы қоғамдық қатынастар осы Кодекске қайшы келмейтін шамада тиісінше Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы және стандарттау туралы заңнамасымен реттеледі.

      5. Атом энергиясын пайдалану және халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастар, осы Кодекске қайшы келмейтін бөлігінде, Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы арнайы заңнамасымен реттеледі.

      6. Биологиялық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қоғамдық қатынастар, осы Кодекске қайшы келмейтін бөлігінде, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы арнайы заңнамасымен реттеледі.

      7. Жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, мемлекеттік органдар және лауазымды тұлғалар осы Кодексте реттелетін қатынастардың субъектілері болып табылады.

      2-бап. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекстен, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес қабылданатын Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

      2. Осы Кодекс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, оның ішінде Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңында және айрықша экономикалық аймағында халықаралық құқық нормаларына сәйкес қолданылады.

      3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар, халықаралық шарттан оны қолдану үшін заңнамалық акт шығару талап етілетін жағдайларды қоспағанда, экологиялық қатынастарға тікелей қолданылады.

      4. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының басқа заңдарына экологиялық қатынастарды реттейтін нормаларды енгізуге тыйым салынады. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының экологиялық қатынастарды реттейтін нормаларды қамтитын өзге де заңдары арасында қайшылық болған жағдайда осы Кодекстің ережелері қолданылады.

      5. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы экологиялық қатынастарға олар осы Кодекстің нормаларымен реттелмеген жағдайларда қолданылады.

      3-бап. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының мақсаты мен міндеттері

      1. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының мақсаты Қазақстан Республикасында бірыңғай мемлекеттік экологиялық саясатты іске асырудың құқықтық негіздерін, міндеттері мен қағидаттарын, сондай-ақ тетіктерін айқындау болып табылады.

      2. Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының міндеттері:

      1) қоршаған ортаның ластануын болғызбауға, кез келген нысандағы экологиялық залал келтіруге жол бермеуге және келтірілген экологиялық залалдың салдарларын жоюды қамтамасыз етуге, сондай-ақ қоршаған ортаға зиянды антропогендік әсерді біртіндеп азайтуға бағытталған мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру арқылы қоршаған ортаны қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету;

      2) адамның өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету;

      3) Қазақстан Республикасының орнықты дамуының экологиялық негіздерін қамтамасыз ету;

      4) орнықты даму тұрғысынан климаттың өзгеру қатеріне жаһандық ден қоюды және кедейшілікті жою жөніндегі күш-жігерді нығайтуға Қазақстан Республикасының үлесін, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруі және "жасыл" экономика жөніндегі халықаралық, өңірлік және трансшекаралық бағдарламаларды қамтамасыз ету;

      5) табиғатты, оның ішінде ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылық болып табылатын аумақтар мен объектілерді қорғау, сақтау және қалпына келтіру;

      6) барлық мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы мен қызметін үйлестіруді көздейтін қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру;

      7) мемлекеттің "жасыл" инвестицияларды тартуын және ең жақсы қолжетімді техникаларды, ресурс үнемдейтін технологиялар мен практикаларды кеңінен қолдануды, қалдықтар қызметін жүзеге асыру және оларды тиімді басқару, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану, су үнемдеу кезінде пайда болатын қауіптілік көлемі мен деңгейін қысқартуды көтермелеу және ынталандыру, сондай-ақ энергия тиімділігін арттыру, табиғи ресурстарды тұрақты пайдалану, қалпына келтіру және молықтыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

      8) жұртшылық үшін, оның ішінде заманауи цифрлық технологияларды пайдалана отырып, экологиялық ақпаратты тұрақты және жүйелі жинауды, жинақтауды, сақтауды, талдауды және таратуды қамтамасыз ету, сондай-ақ әрбір адамның экологиялық ақпаратқа қол жеткізу құқығына кепілдік беру, осы құқықты іске асырудың негізгі шарттарын, тәртібі мен ерекшеліктерін айқындау;

      9) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму мәселелерін шешуге жариялылықты және жұртшылықтың жан-жақты қатысуын қамтамасыз ету;

      10) тиімді экологиялық мониторинг пен экологиялық бақылауды қамтамасыз ету;

      11) қоршаған ортаны қорғау, қоршаған ортаны қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін қолда бар инфрақұрылымды жаңғырту және жаңаларын салу жөніндегі іс-шараларды жүргізуде инвестициялар тарту үшін жағдай жасау;

      12) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

      13) қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, экологиялық білімді насихаттау, тұрақты даму үшін экологиялық білім беру мен ағарту жүйесін барлық деңгейлерде дамыту;

      14) қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңдылық пен құқық тәртібін нығайту.

      4-бап. Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының мемлекеттік экологиялық саясаты және экологиялық негіздері

      1. Мемлекеттік экологиялық саясат мемлекеттің табиғи ортаны сақтау және қалпына келтіру үшін қажетті құқықтық, әлеуметтік, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайлар, тетіктер мен кепілдіктер жасауға, адамның өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы деңгейде қоршаған ортаның сапасына қол жеткізуге және оны қолдауға, Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі мен орнықты дамуының экологиялық негіздерін қамтамасыз етуге бағытталған қызметі болып табылады.

      2. Мемлекеттік экологиялық саясат Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқық қағидалары мен нормаларына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және осы Кодекске негізделеді.

      3. Ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретіндегі экологиялық қауіпсіздігі\ деп жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің құқықтары мен өмірлік маңызды мүдделерінің қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсер етудің нәтижесінде туындайтын қатерлерден қорғалу жағдайы түсініледі.

      4. Қазіргі және болашақ ұрпақтың қажеттіктерін әділ қанағаттандыру мақсатында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және табиғи ресурстарды экологиялық теңгерімді пайдалану кезінде экологиялық тұрақтылықты бұзбай қол жеткізілетін Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы орнықты даму деп танылады.

      5. Қазақстан Республикасының орнықты дамуының экологиялық негіздері:

      1) қоршаған ортаға антропогендік әсерді барынша бәсеңдету, жаңартылмайтын табиғи ресурстарды тұтынуды азайту, қалдықтардың пайда болуы мен көмілу деңгейін төмендету, сондай-ақ оларды қайталама ресурстар ретінде пайдалануды ынталандыру кезінде халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасының артуымен сипатталатын өндіріс пен тұтынудың орнықты модельдерін қалыптастыру және қолдау;

      2) табиғи экологиялық жүйелерді сақтау және олардың тұрақты жұмыс істеуі, биологиялық әртүрлілікті сақтау, табиғи ортаның жұтаңдауына жол бермеу және оны жақсарту жөніндегі шараларды іске асыру, шөлейттенуге қарсы күрес;

      3) Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруін болғызбау және климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шараларды жүзеге асыру арқылы климаттың өзгеру қатеріне жаһандық ден қоюға, сондай-ақ Жер атмосферасының озон қабатын қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыруға қатысуы;

      4) Жер экожүйесінің саламатты жай-күйі мен тұтастығын сақтау, қорғау және қалпына келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығы;

      5) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын халықаралық құқық қағидаттары мен нормаларымен үйлестіру және халықаралық экологиялық құқықты дамытуға жәрдемдесу;

      6) басқа мемлекеттерден және Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттерге экологиялық залал немесе адам денсаулығына зиян келтіретін кез келген қызмет пен заттардың түрлерін Қазақстан Республикасына көшіруді және ауыстыруды тежеу, болғызбау, сондай-ақ сақтық қағидаттарына сәйкес алдын алу шараларын қабылдау болып табылады.

      5-бап. Мемлекеттік экологиялық саясаттың қағидаттары

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық саясаты мынадай қағидаттар:

      1) болғызбау қағидаты;

      2) түзету қағидаты;

      3) алдын ала сақтық қағидаты;

      4) бара-барлық қағидаты;

      5) "ластағыш төлейді" қағидаты;

      6) тұрақты даму қағидаты;

      7) интеграция қағидаты;

      8) экологиялық ақпараттардың қолжетімділік қағидаты;

      9) қоғамдық қатысу қағидаты;

      10) экожүйелік ұстаным қағидаты.

      6-бап. Болғызбау қағидаты

      Қоршаған ортаның ластануын, табиғи ортаның жұтаңдауын, адамдардың өміріне немесе денсаулығына кез келген нысанда экологиялық залал және (немесе) зиян келтіруге әкеп соғатын не осындай салдардың туындауының тікелей және ғылыми негізделген қаупімен ұштасқан кез келген қызметке заңда белгіленген шеңберде, бірінші кезекте қоршаған ортаға әсер ету көзінің өзінде табиғи ортаның ластануының, жұтаңдауының, экологиялық залалдың және адамдардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтірудің туындауын болғызбау жөніндегі барлық қажетті шараларды қамтамасыз ету шартымен, осы Кодексте айқындалған, ең жақсы қолжетімді техникаларды қолдана отырып, заңда белгіленген шеңберде ғана жол беріледі.

      7-бап. Түзету қағидаты

      1. Экологиялық залал толық көлемде жойылуға жатады.

      2. Келтірілген экологиялық залалды толық жою мүмкін болмаған кезде оның салдары ғылыми-техникалық дамудың заманауи деңгейінде қаншалықты мүмкін болғанынша азайтылуға тиіс.

      3. Келтірілген экологиялық залалдың салдары жойылмаған немесе азайтылмаған шамада осы Кодекске сәйкес балама ремедиация жүргізу арқылы оларды ауыстыру қамтамасыз етіледі.

      8-бап. Алдын ала сақтық қағидаты

      Қандай да бір қызметтің салдарынан табиғи орта немесе оның жекелеген құрамбөліктері үшін елеулі және орны толмайтын салдарлары бар экологиялық залал келтіру немесе адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру қаупі болған кезде, ғылыми және техникалық білімнің заманауи деңгейінде көрсетілген теріс салдарлардың туындау ықтималдығын негіздеу және жеткілікті дәл бағалау мүмкіндігінің болмауына қарамастан, экономикалық орынды шығындар кезінде осындай салдардың туындауын болғызбау жөнінде тиімді және барабар шаралар қабылдануы тиіс.

      9-бап. Бара-барлық қағидаты

      1. Бара-барлық қағидатына сәйкес қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талап етілетін шаралар Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін ең аз қажетті іс-қимылдар шеңберінен шықпауға тиіс.

      2. Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының мақсаттары мен міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ететін іс-қимылдардың әртүрлі нұсқалары болған кезде артықшылық ауыртпалығы ең төменгі деңгейде болып табылатын нұсқаға беріледі.

      10-бап. "Ластағыш төлейді" қағидаты

      Қызметі қоршаған ортаның ластануын, табиғи ортаның жұтаңдауын, адамдардың өміріне немесе денсаулығына кез келген нысанда экологиялық залал және (немесе) зиян келтіруі мүмкін тұлға өз қызметінің көрсетілген салдарларын болғызбау және бақылау жөніндегі, оның ішінде келтірілген экологиялық залалды түзету қағидатына сәйкес жою жөніндегі Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындау жөніндегі барлық шығыстарды көтереді.

      11-бап. Тұрақты даму қағидаты

      1. Табиғат пен оның ресурстары Қазақстан Республикасының байлығын құрайды және оларды пайдалану тұрақты болуға тиіс. Мемлекет Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының экологиялық негіздерін, оның ішінде қазіргі және болашақ ұрпақ мүддесіне орай мемлекетке тиесілі табиғи ресурстарды теңгерімді және ұтымды басқару арқылы қамтамасыз етеді.

      2. Кәсіпкерлік және өзге де қызметті жүзеге асыру кезінде табиғи экологиялық жүйелерді сақтау және олардың тұрақты жұмыс істеуі, табиғи ресурстарды, жаңартылмайтын шикізат және энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану, сондай-ақ қалдықтардың түзілуін барынша азайту қамтамасыз етілуге тиіс. Шаруашылық, басқарушылық және өзге де шешімдерді қабылдау кезінде табиғи экологиялық жүйелерді сақтауға, суды үнемдеуге, ресурстарды қайта пайдалануға, жаңартылатын табиғи ресурстар мен энергия көздерін пайдалануға, сондай-ақ қалдықтарды қайталама ресурстар ретінде шаруашылық айналымға тартуға басымдық беріледі.

      12-бап. Интеграция қағидаты

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты экономикалық және әлеуметтік қызметтің барлық салаларында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму міндеттері мен орнықты дамуының экологиялық негіздерін қамтамасыз ету қажеттігі, оның ішінде қоршаған ортаны қорғаудың жоғары деңгейі мен оның сапасын жақсарту арасындағы теңгерім сақталған жағдайда қалыптастырылады және іске асырылады.

      13-бап. Экологиялық ақпараттың қолжетімділігі қағидаты

      Мемлекет Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын негізге ала отырып, заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде экологиялық ақпаратқа қол жеткізу құқығының сақталуын қамтамасыз етеді.

      14-бап. Жұртшылықтың қатысу қағидаты

      1. Жұртшылықтың осы Кодексте белгіленген шарттарда және тәртіппен Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға қатысуға құқығы бар.

      2. Жұртшылықтың Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша шешім қабылдауға қатысуы әртүрлі нұсқаларды қарау үшін барлық мүмкіндіктер ашылған кезде және жұртшылықтың тиімді қатысуы қамтамасыз етілген кезде мүмкін болатын ерте кезеңде қамтамасыз етіледі.

      3. Осы баптың 1-тармағында белгіленген құқықты сақтау мақсатында мемлекет мемлекеттік органдар қабылдауға жоспарлаған, қоршаған ортаның жай-күйіне әсер ететін немесе әсер етуге қабілетті шешімдердің жұртшылыққа өз пікірін білдіруге мүмкіндік беретін шарттарда жариялылығын қамтамасыз етеді және мұндай пікір тиісті шешім қабылдау кезінде ескерілуге тиіс.

      15-бап. Экожүйелік ұстаным қағидаты

      1. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар іске асырылуы нәтижесінде қоршаған ортаның жай-күйі үшін теріс салдарлар болатын немесе туындауы мүмкін шешімдерді жоспарлаған және қабылдаған кезде табиғи экологиялық жүйелердің, тірі организмдердің, табиғи ландшафтардың, өзге де табиғи, табиғи-антропогендік және антропогендік объектілердің тұтастығы мен табиғи өзара байланыстары және табиғи ортаның табиғи теңгерімін сақтау қажеттігі ескерілуге тиіс. Табиғи ландшафттарды, табиғи кешендерді және биологиялық әртүрлілікті сақтауға, табиғи экологиялық жүйелерді сақтауға және тұрақты жұмыс істеуіне және осындай экологиялық жүйелердің қызметтер көрсетуіне теріс ықпал етуге жол бермеуге басымдық беріледі.

      2-тарау. Қоршаған орта және оны қорғау туралы жалпы ережелер

      16-бап. Қоршаған орта

      1. Қоршаған орта деп, табиғи ортаны (табиғат) және антропогендік ортаны қамтитын, адамды қоршаған жағдайлардың, заттар мен материалдық дүниелер объектілерінің жиынтығы танылады.

      2. Табиғи орта табиғи жағдайлардың, тірі организмдердің, және оларды қоршаған жансыз объектілер мен олардың табиғи жай-күйіндегі заттардың және табиғи-антропогендік объектілердің жиынтығы болып табылады.

      Табиғи ортаның құрамбөліктері атмосфералық ауа, жерүсті және жерасты сулары, жер беті және топырақ қабаты, жер қойнауы, өсімдік, жануарлар дүниесі және өзге де организмдер, озон қабатын қоса алғанда, Жер атмосферасының барлық қабаттары, сондай-ақ олардың өзара іс-қимылында Жердегі өмір тіршілігі үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін климат болып табылады.

      Табиғи ортаның құрамбөліктеріне антропогендік объектілер, сондай-ақ адам жасанды түрде қайта өсіретін және табиғи еркіндік жағдайында тұрмайтын тірі организмдер жатпайды.

      3. Белгілі бір шекаралары, өмір сүру жағдайлары мен режимі бар табиғи ортаның өзара байланысты жекелеген құрамбөліктерінің жиынтығы табиғи және табиғи-антропогендік объектілерге бөлінеді.

      4. Табиғи объектілер деп табиғи экологиялық жүйелер мен табиғи ландшафттар, сондай-ақ өздерінің табиғи қасиеттерін сақтаған олардың құрамдас элементтері танылады.

      Географиялық және өзге де тиісті белгілермен біріктірілген функционалдық және табиғи өзара байланысты табиғи объектілер жекелеген табиғи кешендерді құрайды.

      5. Табиғи-антропогендік объектілерге:

      1) адам қызметінің нәтижесінде арнайы өзгертілген, бірақ табиғи объектінің қасиеттерін сақтаған табиғи объектілер;

      2) табиғи объект қасиеттеріне ие, рекреациялық маңызы бар және (немесе) табиғи орта үшін қорғау-сақтау функциясын орындайтын жасанды құрылған объектілер.

      6. Антропогендік орта деп, адамның күн сайынғы мекендеу ортасы болып табылатын жасанды түрде жасалған жағдайлар мен антропогендік объектілердің жиынтығы танылады. Антропогендік деп адам өзінің әлеуметтік қажеттіктерін қамтамасыз ету үшін жасаған немесе өзгертілген және табиғи объектілердің қасиеттеріне ие емес материалдық дүние объектілері танылады.

      17-бап. Қоршаған орта сапасы

      1. Қоршаған ортаның сапасы деп қоршаған ортаның қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығы түсініледі, олар осы жиынтықтың өзара іс-қимылында оның құрамбөліктерінің жай-күйін көрсететін физикалық, химиялық, биологиялық және өзге де көрсеткіштері негізінде айқындалады.

      2. Қоршаған орта, егер оның сапасы экологиялық қауіпсіздікті және табиғи ортаның табиғи теңгерімін, оның ішінде экологиялық жүйелердің, табиғи және табиғи-антропогендік объектілер мен табиғи кешендердің тұрақты жұмыс істеуін, сондай-ақ биоәртүрлілікті сақтауды қамтамасыз ететін болса, адамның өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы (қолайлы қоршаған орта) деп есептеледі.

      18-бап. Қоршаған ортаны қорғау

      Қоршаған ортаны қорғау мемлекет, жеке және заңды тұлғалар жүзеге асыратын табиғи ортаны сақтауға және қалпына келтіруге, қоршаған ортаның ластануын және оған кез келген нысанда залал келтірілуін болғызбауға, қоршаған ортаға зиянды антропогендік әсерді неғұрлым азайтуға және оның салдарын жоюға, Қазақстан Республикасының орнықты дамуының өзге де экологиялық негіздерін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесі болып табылады.

      19-бап. Қоршаған ортаны қорғау объектілері

      1. Атмосфералық ауа, жерүсті және жерасты сулары, жер беті мен топырақ қабаты, жер қойнауы, орман және өзге де өсімдіктер, жануарлар дүниесі және өзге де организмдер, биологиялық әртүрлілік, табиғи және табиғи-антропогендік объектілер, атмосфераның климаты мен озон қабаты жойылудан, жұтаңдаудан, сарқылудан, бүлінуден, ластанудан немесе өзге де зиянды әсерден қорғалуға жатады.

      2. Жекелеген объектілер Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасына сәйкес ерекше қорғалуға жатады.

      20-бап. Қоршаған ортаға антропогендік әсер ету туралы жалпы ережелер

      1. Қоршаған ортаға антропогендік әсер деп қоршаған ортаға адам қызметінің:

      1) антропогендік объектілерден атмосфералық ауаға, суға, жерге немесе оның бетіне шығатын ластағыш заттардың түсуі түсінілетін эмиссиялар;

      2) қоршаған орта құрамбөліктерінің табиғи температуралық, энергетикалық, толқындық, радиациялық және басқа да физикалық қасиеттерінің өзгеруін туғызатын шудың, дірілдің, элетромагнитті өрістердің, иондаушы сәулеленудің, температуралық және басқа да физикалық факторлардың әсері түсінілетін антропогендік объектілердің қоршаған ортаға физикалық әсері;

      3) қалдықтарды көму, оларды жер бетінде заңсыз орналастыру немесе олардың су объектілеріне түсуі;

      4) антропогендік объектілерден босатылатын парниктік газдардың атмосфералық ауаға түсуі;

      5) антропогендік объектілерді (ғимараттарды, құрылысжайларды, құрылғыларды, коммуникацияларды) салу және пайдалану, сондай-ақ өз ресурсын игерген объектілерді кейіннен кәдеге жарату (бұзу);

      6) табиғи ортаның табиғи ресурстары мен пайдалы қасиеттерін, оның ішінде оларды уақытша немесе қайтарымсыз алып қою арқылы пайдалану;

      7) жануарлар мен өсімдіктер дүниесі объектілерінің табиғи ортаға жерсінуі, оның ішінде қоршаған ортаға әдейі жіберілуі және генетикалық түрлендірілген организмдер нарығында өткізу (орналастыру);

      8) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізу түріндегі тікелей немесе жанама әсері түсініледі.

      2. Нәтижесінде халықтың денсаулығына, мүлікке зиян келтіруі мүмкін және (немесе) қоршаған ортаның ластануына, экологиялық залал келтірілуіне және (немесе) табиғи орта сапасының өзге де теріс өзгерістеріне әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтыруы мүмкін, оның ішінде:

      1) табиғи орта құрамбөліктерінің сарқылуы немесе жұтаңдауы;

      2) табиғи және табиғи-антропогендік объектілер мен олардың кешендерін жою немесе тұрақты жұмыс істеуін бұзу;

      3) биологиялық әртүрліліктің жоғалуы немесе азаюы;

      4) табиғи ортаны, оның ресурстары мен қасиеттерін рекреациялық және заңмен жол берілетін өзге де мақсаттарда пайдалану үшін кедергілер туындауы;

      5) табиғи ортаның эстетикалық құндылығының төмендеуі нысанындағы қоршаған ортаға антропогендік әсер етудің кез келген нысандары зиянды деп танылады.

      21-бап. Қоршаған ортаның ластануы

      1. Қоршаған ортаның ластануы деп атмосфералық ауада, жерүсті және жерасты суларында, топырақта немесе жер бетінде ластағыш заттардың, жылудың, шудың, дірілдің, электромагниттік өрістердің, радиацияның қоршаған орта сапасының мемлекет белгілеген экологиялық нормативтерінен асатын мөлшерде (концентрацияларда, деңгейлерде) болуы түсініледі.

      2. Ластағыш заттар деп қатты, сұйық, газ тәрізді немесе бу тәрізді күйдегі кез келген заттар түсініледі, олар қоршаған ортаға түскен кезде өздерінің сапалық немесе сандық сипаттамасына байланысты табиғи ортаның табиғи тепе-теңдігін бұзатын, табиғи орта құрамбөліктерінің сапасын нашарлататын және (немесе) халықтың денсаулығына экологиялық залал және (немесе) зиян келтіруге қабілетті кез келген зат түсініледі.

      Осы Кодексте заттар деп табиғи ортада олардың табиғи күйіндегі немесе адам қызметінің нәтижесінде пайда болатын химиялық элементтер, олардың қосылыстары, қоспалары, ерітінділер мен агрегаттар түсініледі.

      Эмиссиясы экологиялық нормалауға жататын ластағыш заттардың тізбесін (бұдан әрі – Ластағыш заттардың тізбесі) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган он жыл мерзімге бекітеді және қоршаған орта және оның сапасына әсер ететін антропогендік факторлар туралы жаңартылған ғылыми білімдер негізінде, сондай-ақ ластағыш заттардың мониторингі мен бақылау әдістерінің, техникалары мен технологияларының дамуын ескере отырып, қайта қарауға жатады. Ластағыш заттардың тізбесі сол кезде қолданылып жүрген тізбеде жоқ ластағыш заттарға қатысты мемлекеттік реттеу шараларын қабылдауды талап ететін Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық міндеттемелері күшіне енгеннен кейін бірінші жылдан кешіктірілмей қайта қарауға жатады.

      3. Ластағыш заттардың тізбесі:

      1) заттардың уыттылық деңгейі, канцерогендік және (немесе) мутагендік қасиеттері, оның ішінде қоршаған ортада жинақталу үрдісі бар, сондай-ақ олардың қоршаған ортада үлкен уыттылығы бар қосылыстарға өгерту қабілеті ескерілетін;

      2) адамның араласуынсыз табиғи ортаның табиғи қасиеттері және оның белгілі бір аумақта ластануды сіңіру, тазарту және өзге де жою арқылы өз сапасын қолдау және қалпына келтіру жөніндегі қабілеті ескерілетін;

      3) мемлекеттік экологиялық мониторинг пен санитариялық-гигиеналық мониторинг деректері ескерілетін;

      4) ластағыш заттардың сандық және сапалық сипаттамаларын өлшеудің ғылыми негізделген әдістемелері (әдістері), техникалары және технологиялары болған кездегі өлшемшарттар негізінде айқындалады.

      22-бап. Қоршаған ортаға зиянды әсер ететін объектілердің санаттары

      1. Қоршаған ортаға зиянды әсер ететін объектілер осындай әсер ету деңгейі мен тәуекеліне байланысты төрт санатқа:

      1) қоршаған ортаға зиянды әсер ететін объектілерге (I санаттағы объектілер);

      2) қоршаған ортаға бәсең зиянды әсер ететін объектілерге (ІІ санаттағы объектілер);

      3) қоршаған ортаға елеусіз зиянды әсер ететін объектілерге (III санаттағы объектілер);

      4) қоршаған ортаға өте аз зиянды әсер ететін объектілерге (IV санаттағы объектілер) бөлінеді.

      2. Осы Кодекске 2-қосымшада қызметтің түрлері және олардың негізінде қоршаған ортаға зиянды әсер ететін объектілерді І, ІІ немесе ІІІ санаттағы объектілерге жатқызу жүзеге асырылатын өзге де өлшемшарттар белгіленеді.

      Осы Кодекске 2-қосымшада көрсетілмеген немесе онда баяндалған өлшемшарттарға сәйкес келмейтін қызмет түрлері IV санаттағы объектілерге жатқызылады.

      3. I және II санаттағы объектілерге қатысты "объект" термині стационарлық технологиялық объектіні (кәсіпорын, өндіріс) білдіреді, оның шегінде осы Кодекске 2-қосымшаның 1-бөлімінде (I санаттағы объектілер үшін) немесе 2-бөлімінде (II санаттағы объектілер үшін) көрсетілген қызмет түрлерінің біреуі немесе бірнешеуі, сондай-ақ олармен технологиялық тікелей байланысты, объект орналасқан сол өнеркәсіптік алаң шегінде қызметтің өзге де кез келген түрлері жүзеге асырылады және эмиссиялардың көлеміне, санына және (немесе) қарқындылығына және осындай объектінің қоршаған ортаға зиянды әсерінің өзге де нысандарына елеулі әсер ете алады.

      III санаттағы объектілерге қатысты "объект" термині құрылыс объектісін (ғимаратты, құрылысжайды немесе олардың кешенін) немесе алаңды білдіреді, олардың шегінде осы Кодекске 2-қосымшаның 3-бөлімінде көрсетілген қызмет түрлері жүзеге асырылады.

      4. Объектіні санаттарға жатқызу осы баптың 2-тармағының талаптарына сәйкес:

      1) осы Кодекске сәйкес қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауға жататын, көзделген қызметке қатысты – қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауды жүргізу кезінде;

      2) осы Кодекске сәйкес көзделген қызмет әсер етуінің міндетті скринингіне жататын көзделген қызметке қатысты – көзделген қызмет әсер етуінің скринингін жүргізу кезінде;

      3) осы тармақтың 1) немесе 2) тармақшаларында көрсетілмеген өзге көзделген қызметке қатысты – осы Кодекстің талаптарын ескере отырып, оператор дербес жүзеге асырады.

      Қоршаған ортаға зиянды әсер ететін объектінің санатын айқындау жөніндегі нұсқаулықты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      5. Объектілерді тиісті санатқа жатқызу кезінде:

      1) қызмет түрлері (сала, саланың бөлігі, өндіріс, объект) бойынша қоршаған ортаға зиянды әсер ету деңгейлері;

      2) ластағыш заттар қалдықтарындағы, шөгінділеріндегі ластағыш заттардың уыттылық деңгейі, канцерогендік және мутагендік қасиеттері, сондай-ақ қалдықтардың сыныпталуы ескеріледі.

      6. Осы Кодексте объектінің операторы деп меншігінде немесе өзге де заңды пайдалануында қоршаған ортаға зиянды әсер ететін объект бар жеке немесе заңды тұлға түсініледі.

      Қоршаған ортаға зиянды әсер ететін объектіні салу, реконструкциялау, пайдалану және (немесе) жою (кейіннен кәдеге жарату) кезінде жекелеген жұмыстарды орындау және (немесе) жекелеген қызметтер көрсету үшін объектінің операторы тартқан жеке және заңды тұлғалар объект операторлары болып танылмайды.

      3-тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтар мен міндеттер

      23-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізге алынатын құқықтар мен міндеттер

      1. Әркімнің қолайлы қоршаған ортаға құқығы бар.

      2. Әрбір адамның, қазіргі және болашақ ұрпақтың денсаулығы мен әл-ауқаты үшін қолайлы қоршаған ортада өмір сүру құқығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет жұртшылықтың мынадай құқықтарын:

      1) осы Кодекске сәйкес уақтылы, толық және дәйекті экологиялық ақпаратқа қол жеткізу құқығын;

      2) осы Кодексте белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдау процесіне қатысу құқығын;

      3) "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылауға қатысу және әзірлеушілерге өз ескертулерін ұсыну құқығын;

      4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға экологиялық залал келтірудің, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын бұзудың кез келген болжамды фактілері немесе осындай зардаптардың туындау қатерін туғызатын өзге де мән-жайлар туралы өтінішпен жүгінуге, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның көрсетілген мән-жайларды қарау нәтижелері және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте белгіленген тәртіппен қабылданған шешімдер туралы жауаптарын алу құқығын;

      5) мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, лауазымды адамдардың және мемлекеттік қызметшілердің қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша, оның ішінде келтірілген экологиялық залалды жоюға және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзушылықтың жолын кесуге байланысты әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдерінің заңдылығына дауласу туралы өтінішпен сотқа жүгіну құқығын;

      6) үшінші тұлғалардың Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын бұзуы нәтижесінде зиян келтірілген мүліктік немесе мүліктік емес игіліктер мен құқықтарды қорғау үшін Қазақстан Республикасының азаматтық және азаматтық процестік заңнамасына сәйкес сотқа жүгіну құқығын таниды және оған кепілдік береді.

      3. Осы Кодексте жұртшылық деп бір немесе біреуден көп жеке немесе заңды тұлға, оның ішінде коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ олардың қауымдастықтары, одақтары немесе өзге де бірлестіктері түсініледі.

      4. Табиғатты сақтау және оның ресурстарына ұқыпты қарау барлық жеке және заңды тұлғалардың борышы мен міндеті болып табылады.

      Жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларға жәрдемдесуге тиіс.

      5. Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер өздерінің қызметін жүзеге асыру нәтижесінде туындауы мүмкін қоршаған ортаның ластануын және табиғи ортаның жұтаңдауын, кез келген нысанда экологиялық залал келтіруді және осыған байланысты адамдардың өмірі мен денсаулығына қатерді болғызбау жөніндегі қажетті шараларды өз есебінен қамтамасыз етуге міндетті, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзге де арнаулы міндеттерді мойнына алады.

      6. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтары бар және өзге де міндеттерді мойнына алады.

      24-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы коммерциялық емес ұйымдардың құқықтары мен міндеттері

      1. Коммерциялық емес ұйымдардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы өз қызметін жүзеге асыру кезінде осы Кодекстің 24-бабында көзделген құқықтардан басқа, сондай-ақ:

      1) өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік емес бағдарламаларды әзірлеуге, насихаттауға және іске асыруға, жеке тұлғаларды ерікті негізде, өтеусіз немесе өтеулі негізде қоршаған ортаны қорғау саласындағы белсенді қызметке тартуға;

      2) қоршаған ортаны қорғау және оның сапасын жақсарту жөніндегі жұмыстарды орындауға;

      3) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінуге, оның ішінде адамдардың айқындалмаған тобының мүддесіне орай мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі әрекеттері (әрекетсіздіктері) мен шешімдеріне дауласуға;

      4) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, табиғи ресурстарды қорғауды, молықтыруды және орнықты пайдалануды қамтамасыз етуге, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін қорғауға қатысуға;

      5) осы Кодекске сәйкес қоғамдық тыңдау өткізуге бастамашылық жасауға және ұйымдастыруға;

      6) осы Кодекске сәйкес қоғамдық экологиялық бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар.

      2. Коммерциялық емес ұйымдар қоршаған ортаны қорғау саласындағы өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.

      3. Коммерциялық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтары бар және өзге де міндеттерді мойнына алады.

      25-бап. Жұртшылықтың шешім қабылдауға қатысуы

      1. Мүдделі жұртшылық экологиялық бағалау жүргізу және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша өзге де шешімдер қабылдауы процесіне осы Кодексте белгіленген жағдайларда және тәртіппен қатысуға құқылы.

      2. Осы Кодексте мүдделі жұртшылық деп қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдау процесінде қозғалатын немесе қозғалуы мүмкін немесе осы процеске мүдделі жұртшылық түсініледі.

      Жарғылық мақсаттары қоршаған ортаны тұтастай немесе оның жекелеген элементтерін қорғауға жәрдемдесуді көздейтін коммерциялық емес ұйымдар мүдделі ұйымдар болып есептеледі.

      3. Осы Кодексте айқындалған рәсімдер шеңберінде мүдделі жұртшылық өкілдері көзделген қызметке немесе қабылданатын шешімге қатысы бар деп санайтын кез келген ескертулерді, ақпаратты, талдауды немесе пікірлерді жазбаша немесе электрондық нысанда, оның ішінде жария тыңдауларды өткізу барысында, оларды өткізу осы Кодексте көзделген кезде ауызша ұсынуға құқылы.

      4. Мемлекеттік орган немесе лауазымды тұлға қоршаған ортаға қатысты қабылдайтын мәселелер бойынша тиісті шешімдерде жұртшылықтың қатысу нәтижелері көрсетілуге тиіс.

      5. Қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешім қабылдаған мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар бұл туралы мүдделі жұртшылықты осы Кодексте айқындалған тәртіппен осы шешімнің негізіне алынған себептер мен пайымдауларды көрсете отырып, шешімнің мәтінін беру арқылы дереу хабардар етуге міндетті.

      26-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтарды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік шаралар жүйесі

      1. Мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және лауазымды адамдар жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтарын іске асыруда оған жәрдемдесуге міндетті.

      2. Өз құзыреті шегінде жұртшылықтың осы Кодексте көзделген құқықтарын іске асыруды қамтамасыз етпеген немесе оларды іске асыруға кедергі келтірген лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

      4-тарау. Экологиялық ақпарат

      27-бап. Экологиялық ақпарат

      1. Экологиялық ақпарат:

      1) атмосфералық ауа, озон қабатын қоса алғанда, Жер атмосферасының барлық қабаттары, жерүсті және жерасты сулары, топырақ, жер, ландшафттар мен экологиялық жүйелер, табиғи-антропогендік объектілер, табиғи кешендер, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері, генетикалық түрлендірілген организмдерді қоса алғанда, биологиялық әртүрлілік және оның құрамбөліктері сияқты элементтердің қоршаған ортаны құрайтын жай-күйі және осы элементтер арасындағы өзара іс-қимыл туралы;

      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген қоршаған орта элементтеріне әсер ететін және (немесе) әсер етуге қабілетті радиациялық активті қалдықтарды, шығарындыларды қоса алғанда, заттар, энергия, шу, сәулелену, қалдықтар сияқты факторлар;

      3) мемлекеттік органдар қолданатын әкімшілік, заңнамалық, бағдарламалық және өзге де шаралар, оның ішінде осы тармақтың 1) және
2) тармақшаларында көрсетілген элементтер мен факторларға әсер ететін және (немесе) әсер ете алатын қоршаған орта саласындағы әзірленетін нормативтік құқықтық актілер, саясаттар, жоспарлар, бағдарламалар мен келісімдер, оның ішінде осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген элементтерді қорғауға бағытталған жоспарланған, іске асырылатын немесе орындалған шаралар мен іс-қимылдар;

      4) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген элементтер мен факторларға әсер ететін және (немесе) әсер ете алатын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметі, сондай-ақ осындай элементтерді қорғауға бағытталған жоспарланған, іске асырылатын немесе орындалған шаралар мен әрекеттер;

      5) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы және оны қолдану туралы есептер;

      6) шығындар мен пайда, экономикалық талдаудың басқа да түрлері мен шаралар қабылдау және осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асыру шеңберінде шешімдер қабылдау кезінде пайдаланылған жол берулерді талдау;

      7) егер қолдануға болатын болса, тамақ тізбегінде ластағыш заттардың шоғырлануын, адамдардың өмір сүруінің экологиялық жағдайларын, мәдениет объектілерінің, ғимараттар мен құрылысжайлардың жай-күйін осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген қоршаған орта элементтерінің жай-күйі оларға әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін дәрежеде немесе осы элементтер арқылы осы тармақтың 2) – 4) тармақшаларында көрсетілген факторларды, қызметті немесе шараларды қоса алғанда, адамдар денсаулығының, экологиялық қауіпсіздіктің жай-күйі;

      8) климаттың өзгеруіне, климаттың өзгеруінің әсер етуіне, климаттың өзгеруінің болжамды әсер етуіне, сондай-ақ климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шараларға осалдықтар туралы жазбаша, көрнекі, дыбыстық, электрондық немесе кез келген өзге де материалдық нысандағы кез келген ақпаратты білдіреді.

      2. Экологиялық ақпарат жалпыға қолжетімді болып табылады және шектелуге және құпияландыруға жатпайды.

      28-бап. Экологиялық ақпаратқа қол жеткізу

      1. Жұртшылықтың мемлекеттік органдарда бар, оның ішінде олар шығарған немесе алған не мемлекеттік органның тапсырмасы бойынша әрекет ететін кез келген жеке немесе заңды тұлғаның иелігіндегі экологиялық ақпаратқа толық, дәйекті және уақтылы қол жеткізуге құқығы бар.

      2. Экологиялық ақпарат иелері осы Кодекстің 31-бабында, көзделген жағдайларды қоспағанда сұрау салу бойынша экологиялық ақпаратты беруге міндетті. Экологиялық ақпарат беру туралы сұрау салған тұлғадан оның осындай ақпаратты алуға мүдделілігін көрсетуді, сол сияқты осындай мүдделіліктің қандай да бір негіздемесін беруді талап етуге ешкім де құқылы емес.

      3. Экологиялық ақпараттың иелері деп:

      1) мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары мен мекемелері;

      2) қызметінің немесе көрсететін қызметтерінің қоршаған ортаға қатысы бар мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер;

      3) қызметінің немесе көрсететін қызметтерінің қоршаған ортаға қатысы бар квазимемлекеттік сектор субъектілері,

      4) өздері иеленетін экологиялық ақпарат бөлігінде – жеке және заңды тұлғалар танылады.

      4. Жеке және заңды тұлғалардың экологиялық ақпараты бар жалпыға бірдей қолжетімді мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарға еркін және тегін қол жеткізуге құқығы бар.

      29-бап. Экологиялық ақпаратты беру нысаны

      1. Экологиялық ақпарат:

      1) оны басқа нысанда беруге объективті және ақылға қонымды негіздер болғаннан, мұндай жағдайда осы нысанда ақпарат беруді ақтайтын себептер көрсетілуге тиіс болғаннан; немесе

      2) ақпарат басқа нысанда жұртшылыққа берілгеннен басқа жағдайларда өтініш берушіге экологиялық ақпарат беру туралы тиісті сұрау салуда көрсетілген нысанда берілуі тиіс.

      2. Экологиялық ақпарат беру туралы сұрау салуда мұндай нұсқау болған кезде өтініш берушіге тиісті экологиялық ақпараты бар немесе оны қамтитын нақты құжаттаманың көшірмелері берілуге тиіс.

      30-бап. Экологиялық ақпаратты беру мерзімдері мен тәртібі

      1. Экологиялық ақпаратты беру және беруден бас тарту мерзімдері, тәртібі осы Кодекстің талаптары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте және "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.

      2. Қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және көзделген қызмет бойынша шешімдер қабылдау процесіне қатысты экологиялық ақпаратқа қол жеткізу осы Кодекске сәйкес қамтамасыз етіледі.

      3. Экологиялық ақпаратқа қол жеткізуге рұқсат беруден:

      1) егер сұрау салудың мазмұны сұрау салынған экологиялық ақпаратты анықтауға мүмкіндік бермесе;

      2) егер сұрау салу "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкес келмесе;

      3) егер Қазақстан Республикасының дербес деректер туралы заңнамасын және олардың қорғалуын бұзуға әкеп соқса;

      4) егер сұрау салуда экологиялық ақпарат иесі қабылдаған актілерді құқықтық бағалау, экологиялық ақпарат иегерінің не оларға ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдардың қызметіне талдау жүргізу немесе ол аяқталғанға дейін өзге де талдау жұмыстарын жүргізу туралы мәселе қойылса;

      5) мемлекеттік бақылау және қадағалау шеңберінде жүргізілетін тексерулердің нәтижелері бойынша шешім қабылданғанға дейін;

      6) ведомствоаралық және ведомствоішілік хат алмасу негізінде немесе мемлекеттік органдардағы кеңестер негізінде әзірленетін түпкілікті шешім қабылданғанға дейін;

      7) шет мемлекеттерден немесе халықаралық ұйымдардан түскен құжаттарды ашу талаптары туралы өзара келісім қабылданғанға дейін;

      8) егер зияткерлік меншік құқықтарын бұзуға әкеп соқса;

      9) егер бастапқы статистикалық деректердің құпиялылығын бұзуға әкеп соқса бас тартылады.

      Қоршаған ортаға эмиссиялардың сандық және сапалық көрсеткіштері туралы ақпаратты коммерциялық немесе өзге де қорғалатын құпия деп тануға болмайды.

      4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес ашылуға жатпайтын ақпарат оның өзге ақпараттан құпиялығына нұқсан келтірмей бөлінуі мүмкін болған жағдайларда, соңғысы өтініш берушіге берілуге тиіс.

      5. Мемлекеттік органда сұрау салынған экологиялық ақпарат болмаған жағдайда, алынған сұрау салу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде тиісті мемлекеттік органға қайта жіберіледі, бұл туралы өтініш берушіге хабарланады.

      31-бап. Экологиялық ақпаратты жинау және тарату

      1. Мемлекет экологиялық ақпаратты жинау және тарату жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді, оның ішінде:

      1) Қазақстан Республикасы ластағыштарының шығарындылары мен тасымалдауларының тіркелімін жүргізу қолжетімді ашық түрде орналастыру;

      2) қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы Ұлттық баяндаманы әзірлеу және жариялау;

      3) Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорына еркін қол жеткізуді жүргізу және беру;

      4) бұқаралық ақпарат құралдарында, мерзімді және арнайы баспа басылымдарында және өзге де ақпараттық өнімдерде, интернет-ресурстарда, өзге де жалпыға бірдей қолжетімді ақпараттық-коммуникациялық құралдарды қолдана отырып, сондай-ақ мемлекеттік органдар жүргізетін экологиялық ағарту жөніндегі іс-шаралар шеңберінде экологиялық ақпаратты жүйелі түрде тарату арқылы қамтамасыз етіледі.

      2. Мемлекеттік органдар ақпаратқа қол жеткізу мәселелерінде, оның ішінде тиісті мемлекеттік органдардың иелігіндегі экологиялық ақпараттың түрі мен қамтылуы туралы және осындай ақпаратты беру және оған қол жеткізу талаптары мен тәртібі туралы жеткілікті ақпарат беру арқылы жұртшылыққа қолдау көрсетуге міндетті.

      3. Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жыл сайын жылдың 1 мамырына дейін ресми интернет-ресурста өткен жыл үшін:

      1) қоршаған орта сапасының бекітілген нысаналы көрсеткіштері және барлық тиісті индикаторлардың нақты жай-күйі туралы;

      2) жергілікті деңгейде мемлекеттік экологиялық саясатты іске асыру барысы;

      3) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға жергілікті бюджеттің шығыстары туралы ақпаратты орналастырады.

      4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жыл сайын жылдың 1 мамырына дейін мыналар туралы ресми интернет-ресурсында өткен жыл үшін:

      1) мемлекеттік экологиялық саясаттың іске асырылу барысы;

      2) экологиялық залалды ремедиациялау жөніндегі іске асырылған іс-шаралар;

      3) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға арналған республикалық бюджеттің шығыстары туралы ақпаратты орналастырады.

      32-бап. Қазақстан Республикасының ластағыштар шығарындылары мен олардың тасымалдарының тіркелімі

      1. Қазақстан Республикасының ластағыштар шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімі – әрбір адамның экологиялық ақпаратқа қол жеткізу құқығын қамтамасыз ету, қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы, сондай-ақ қоршаған ортаның ластануын болғызбау мен азайтуға жәрдемдесу мақсатында жүргізетін интернет-ресурста ашық түрде орналастырылған, қоршаған ортаға ластағыш заттар эмиссияларының жай-күйі және қоршаған ортаның ластану деңгейлері туралы құрылымдық электрондық деректер базасы.

      2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының ластағыштар шығарындылары мен олардың тасымалдарының тіркелімін жүргізуді ұйымдастырады.

      Қазақстан Республикасының ластағыштар шығарындылары мен олардың тасымалдарының тіркелімін жүргізу қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      3. Осы баптың мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының ластағыштар шығарындылары мен олардың тасымалдарының тіркеліміне қатысты:

      1) "ластағыш" термині олардың қасиеттеріне байланысты және оларды қоршаған ортаға енгізу нәтижесінде қоршаған ортаға немесе адам денсаулығына зиянды болуы мүмкін, Қазақстан Республикасының ластағыштар шығарындылары мен олардың тасымалдарының тіркелімін жүргізу қағидаларында белгіленген өнеркәсіп салалары бойынша есептілік үшін ластағыштардың тізбесіне енгізілген затты немесе заттар тобын білдіреді;

      2) "шығарынды" термині ластағыштардың кез келген антропогендік қызметтің нәтижесінде, оның әдейі немесе авариялық, жоспарлы немесе жоспардан тыс болып табылатындығына қарамастан, атмосфералық ауаға шығару, эмиссияны, су объектілеріне ағызу, жер қойнауына айдауды, жер бетінде немесе кәріз жүйесі арқылы сарқынды суларды түпкілікті тазартусыз жерге көмуді немесе үйінділерде орналастыруды қоса алғанда, қоршаған ортаға кез келген енгізуді білдіреді;

      3) "көшіру" термині жоюға немесе қалпына келтіруге арналған ластағыштардың немесе қалдықтардың, сондай-ақ тазартуға арналған сарқынды сулардағы ластағыштардың объектісі шегінен тысқары жерге орнын ауыстыруды білдіреді;

      4) "объект" термині белгілі бір тұлғаның меншігіндегі немесе сол бір тұлға пайдаланатын бір учаскедегі немесе іргелес учаскелердегі бір немесе бірнеше өнеркәсіптік қондырғыларды білдіреді.

      4. Қазақстан Республикасының ластағыштар шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімі ақпараты ластағыш заттарды жергілікті жерде көрнекі көрсету мақсатында тиісті картографиялық материалдарға байланыстырыла отырып жүргізіледі.

      5. Қазақстан Республикасының ластағыштар шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімі:

      1) стационарлық ұйымдастырылған көздер бойынша есептілікке қатысты нақты объектілерге байланыстырыла отырып;

      2) Қазақстан Республикасындағы ластағыштар шығарындылары мен олардың тасымалдарының тіркелімін жүргізу қағидаларында белгіленген өнеркәсіп салалары бойынша есептілік үшін ластағыштардың тізбесіне сәйкес ластағыштың әрбір түрі бойынша және қалдықтардың әрбір түрі бойынша жеке;

      3) қолданыстағы нұсқаулық-әдістемелік құжаттарға сәйкес эмиссияларды айқындау негізінде жүргізіледі.

      Эмиссияларды анықтаудың нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды, оның ішінде ауыр металдар мен төзімді органикалық ластағыш заттар эмиссияларын есептеу әдістемесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      6. Қазақстан Республикасының ластағыштар шығарындылары мен олардың тасымалдарының тіркелімі Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы қоршаған орта сапасының нормативтері, ластағыш заттардың халық денсаулығы мен қоршаған ортаға әсері туралы ақпаратты, ластағыш заттардың шығарындылары мен көшірілуі жөніндегі басқа да ғылыми негізделген ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Республикасында ластағыш заттардың эмиссиясын жүзеге асыратын объектілер туралы ақпаратты қамтиды.

      7. Қазақстан Республикасының ластағыштар шығарындылары мен олардың тасымалдарының тіркеліміне берілетін ақпаратта әрбір объект туралы:

      1) есептілік берілетін объектінің атауы, бизнес-идентификаттау нөмірі, пошталық мекенжайы, географиялық орналасқан жері (объектінің координаттары) және қызмет түрі немесе түрлері, сондай-ақ бірінші басшының аты және тегі;

      2) есептілікті табыс етілу талап етілетін әрбір ластағыштың атауы және идентификаттау нөмірі;

      3) есептілік табыс ету талап етілетін әрбір ластағыш заттың және қоршаған ортаға объектіде жүзеге асырылған эмиссиялардың есепті жыл үшін жер қойнауына айдауды қоса алғанда, ауаға, суға немесе жерге шығарындылардың жиынтығының да, бөлшектелгеннің де саны;

      4) қауіпті қалдықтар мен қауіпті емес қалдықтар арасындағы аражікті белгілеп, тиісінше "В" немесе "У" белгілерін көрсете отырып, қалпына келтіру немесе жою жөніндегі кез келген операциялар үшін, сондай-ақ қауіпті қалдықтар мен қауіпті қалдықтарды трансшекаралық көшіру кезінде есепті жылы объектіден тыс көшірілген қалдықтардың саны (қауіпті қалдықтар үшін объектіден тыс жылына екі тоннадан немесе қауіпсіз қалдықтар үшін жылына екі мың тоннадан асып кеткен жағдайда) – қалдықтарды қалпына келтіруді немесе жоюды жүзеге асыратын кәсіпорынның және қалпына келтірудің немесе жоюдың көшірілім түсетін нақты учаскесінің атауы мен мекенжайы;

      5) есепті жыл ішінде есеп беру талап етілетін сарқынды суларды объект шегінен тысқары төккен әрбір ластағыштың саны;

      6) ақпараттың өлшемдерге, есептерге немесе бағалауға негізделгенін көрсете отырып, ластағыштар мен қалдықтардың саны туралы ақпарат алу үшін пайдаланылған әдістеменің үлгісі қамтылуға тиіс.

      8. Осы баптың 9-тармағында көрсетілген объектілердің операторлары жыл сайын 1 сәуірге дейін осы баптың 7-тармағына сәйкес ақпаратты қамтитын, өткен күнтізбелік жыл үшін Қазақстан Республикасының шығарындылар мен ластағыштардың тасымалдарының тіркеліміне есептілікті беруге міндетті.

      Осындай ақпарат тиісті болатын күнтізбелік жыл есепті жыл болып табылады.

      9. Осы баптың 8-тармағында белгіленген есептілікті беру жөніндегі міндет Қазақстан Республикасының ластағыштар шығарындылары мен олардың тасымалдарының тіркелімін жүргізу қағидаларында белгіленген өндірістің қуаттылығы үшін қолданылатын шекті мәндердің бір немесе одан көп қызмет түрлерін жүзеге асыратын объектілер операторларына қолданылады және төменде санамаланған өлшемшарттардың кез келгеніне сәйкес келеді:

      1) қолданылатын шекті мәндерден асатын мөлшердегі кез келген ластағыштардың шығарындыларын жүзеге асырады; немесе

      2) қолданылатын шекті мәннен асатын мөлшерде тазартуға арналған сарқынды сулардағы кез келген ластағышты өнеркәсіптік алаңның шегінен тысқары жерге көшіруді жүзеге асырады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес ластағыш шығарындылары мен көшірілуі үшін қолданылатын шекті мәндер Қазақстан Республикасының ластағыштар шығарындылары мен олардың тасымалдарының тіркелімін жүргізу қағидаларында белгіленеді.

      10. Ластағыштар шығарындылары мен олардың көшірілуінің тіркеліміне ақпаратты операторлар ақпараттық жүйеде нысанды толтыру және осы нысанға тиісті оператор атынан ақпаратты Қазақстан Республикасының ластағыштар шығарындылары мен олардың тасымалдарының тіркеліміне беруге уәкілеттік берілген тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою арқылы беріледі.

      11. Ластағыштар шығарындылары мен көшірілуін айқындау Қазақстан Республикасының ластағыштар шығарындылары мен олардың тасымалдарының тіркелімін жүргізу қағидаларына сәйкес анықталатын ең үздік ақпаратты пайдалана отырып жүзеге асырады. Олардың көмегімен есепті ақпарат алынған деректерді, сондай-ақ деректерді жинаудың пайдаланылған әдіснамасының сипаттамасын оператор тиісті есепті жылдың соңынан бастап бес жыл бойы сақтауға тиіс.

      12. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган операторлары Қазақстан Республикасының ластағыштары шығарындылары және олардың тасымалдарының тіркеліміне беретін ақпаратты ашық түрде орналастырады.

      Табыс етілген ақпараттың толықтығы мен сапасына оператор жауапты болады.

      13. Ақпарат Қазақстан Республикасы ластағыштарының шығарындылары мен олардың тасымалдарының тіркеліміне енгізілуі және әрбір есепті жыл аяқталған кезден бастап он бес айдан кешіктірмей жұртшылық үшін қолжетімді болуға тиіс.

      14. Қазақстан Республикасының ластағыштар шығарындылары мен тасымалдары тіркелімінің деректері Қазақстан Республикасы ластағыштарының шығарындылары мен олардың тасымалдарының тіркелімі енгізілген сәттен бастап кемінде алдыңғы он жыл кезеңде жұртшылыққа қолжетімді болуға тиіс.

      15. Қазақстан Республикасының ластағыштар шығарындылары мен олардың тасымалдарының тіркелімінде ластағыштардың шығарындылары мен тасымалдарын:

      1) объект және оның географиялық орналасқан жері;

      2) қызмет түрі;

      3) оператор;

      4) тиісті жағдайда ластағыштар немесе қалдықтар;

      5) қоршаған ортаның ластағыш шығарылатын әрбір құрамбөліктері;

      6) ластағыштарды көшірудің соңғы пункті және тиісті жағдайларда қалдықтарды жою және қалпына келтіру бойынша іздестіру мүмкіндігі және оларды идентификаттау көзделуге тиіс.

      33-бап. Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндама

      1. Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндама (бұдан әрі – Ұлттық баяндама) қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы талдамалық есеп болып табылады, ол жыл сайынғы негізде халықты Қазақстан Республикасының аумағындағы нақты экологиялық жағдай және оны жақсарту жөнінде қабылданатын шаралар туралы хабардар ету мақсатында жасалады.

      2. Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы және қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы интерактивтік баяндаманы әзірлеу қағидаларын (бұдан әрі – Ұлттық және интерактивтік баяндамаларды әзірлеу қағидаларын) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

      3. Ұлттық баяндамада:

      1) қоршаған орта мен табиғи ресурстардың сапалық және сандық сипаттамалары туралы;

      2) негізгі қоғамдық маңызы бар экологиялық проблемаларды қоса алғанда, қоршаған ортаға антропогендік әсер ету туралы;

      3) өңірлердегі экологиялық жағдай туралы;

      4) есепті кезеңде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы;

      5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық саясатын және табиғи ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттік экологиялық, оның ішінде Қазақстан Республикасының "жасыл" экономикаға көшуі және орнықты дамуы бөлігіндегі саясатын іске асыру туралы;

      6) климат өзгеруінің әсері, климат өзгеруінің болжанатын әсері, климаттың өзгеруіне осалдық және климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шаралар туралы;

      7) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық міндеттемелерін орындау туралы мәліметтер көрсетіледі.

      4. Орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін Ұлттық және интерактивтік баяндаманы әзірлеу қағидаларына сәйкес Ұлттық баяндаманы жасау үшін ақпарат береді.

      5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган өзінде бар деректер, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар берген ақпарат негізінде Ұлттық баяндаманы әзірлеуді және оны ресми интернет-ресурсында жариялауды ұйымдастырады.

      34-бап. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаның жай-күйі туралы және табиғи ресурстарды пайдалану туралы интерактивтік баяндамасы

      1. Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және табиғи ресурстарды пайдалану туралы ақпаратты адамдардың кең ауқымы түсінуі үшін қолжетімді нысанда тарату мақсатында және жеке және заңды тұлғалардың осындай ақпаратқа қол жеткізуін ұлғайту үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жыл сайын қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы интерактивтік баяндаманы (бұдан әрі – Интерактивтік баяндама) әзірлеуді ұйымдастырады.

      2. Интерактивтік баяндама өткен жыл үшін осы Кодекстің 34-бабына сәйкес бекітілген Ұлттық баяндаманың негізінде әзірленеді және баяндаманы әзірлеуге жауапты адамның және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.

      3. Интерактивтік баяндаманы әзірлеу және жүргізу Ұлттық және Интерактивтік баяндамаларды әзірлеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      35-бап. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қоры

      1. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қоры экологиялық ақпаратты, қоршаған орта, табиғи ресурстар, экологияның тұрақты дамуы мәселелеріне қатысты өзге де нормативтік, статистикалық, есепке алу, есеп беру, ғылыми және талдамалық ақпаратты жазбаша, көрнекі, дыбыстық, электрондық немесе кез келген өзге де материалдық нысанда орталықтандырылған жинау, сақтау, өңдеу (есепке алу және жүйелеу) және тарату жүйесін білдіреді.

      2. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қоры әркімнің экологиялық ақпаратқа қол жеткізу құқығын қамтамасыз ету, экологиялық ағарту және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру, сондай-ақ мемлекеттік органдарды, жұртшылықты ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

      3. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      4. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органы ұйымдастырады және ол экологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу (есепке алу және жүйелеу), талдау, беру және тарату жөніндегі іс-шараларды қамтиды.

      5. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорының ақпараты электрондық нысанда Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидаларына сәйкес интернет-ресурста ашық қолжетімді етіп орналастырылады.

      6. Мемлекеттік органдар Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидаларына сәйкес Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорына ақпарат береді.

      7. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорының ақпарат көздері:

      1) табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрлары;

      2) қалдықтардың мемлекеттік кадастры;

      3) озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастры;

      4) мемлекеттік көміртегі кадастры;

      5) көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі;

      6) көміртегі квоталарының ұлттық жоспары;

      7) ұлттық деңгейде айқындалатын Қазақстан Республикасының парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі үлестері;

      8) парниктік газдар шығарындыларын тиісті кезеңге азайту және парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық деңгейінде айқындалатын үлестерін орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары;

      9) Қазақстан Республикасының ластағыштар шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімі;

      10) озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасымен реттелмейтін көздерден антропогендік шығарындылардың және парниктік газдарды сіңірушілердің абсорбциясы туралы Қазақстан Республикасының ұлттық баяндамасы;

      11) тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізілімі;

      12) қоршаған ортаға әсерді бағалау және мемлекеттік экологиялық сараптама материалдары, оның ішінде қоғамдық тыңдаулардың хаттамалары;

      13) осы Кодекстің 71-бабының 6-тармағына сәйкес стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі материалдар;

      14) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша халықаралық шарттар;

      15) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану мәселелерін қозғайтын мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, табиғат қорғау келісімдері;

      16) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттар;

      17) осы Кодекстің талаптарына сәйкес әзірленген Ең жақсы қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтар;

      18) климаттың өзгеруінің әсер етуіне, климаттың өзгеруінің болжамды әсер етуіне, климаттың өзгеруіне осалдыққа және климаттың өзгеруіне бейімделу шараларына байланысты ақпарат;

      19) қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарды пайдалануға байланысты ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың орындалуы туралы есептер;

      20) қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндамалар;

      21) Қазақстан Республикасының теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жоюға арналған экологиялық сезімталдық карталары;

      22) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы бақылау және құқық қолдану қызметінің нәтижелері жөніндегі есептер;

      23) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламалары және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері жөніндегі есептер;

      24) мемлекеттік экологиялық мониторингтің деректері;

      25) генетикалық түрлендірілген организмдер мен өнімдердің тізілімі (тізбесі);

      26) экология саласындағы ғылыми-техникалық және талдамалық әдебиет;

      27) экологиялық ақпаратты қамтитын өзге де материалдар мен құжаттар болып табылады.

      2-бөлім. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқару

      36-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қоршаған ортаны қорғау саласында:

      1) мемлекеттік экологиялық саясатты іске асырудың негізгі бағыттарын әзірлейді және оларды жүзеге асыруды ұйымдастырады;

      2) осы Кодексте көзделген жағдайларда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;

      3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      4) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Кодексте, өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

      37-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті

      1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасында бірыңғай мемлекеттік экологиялық саясатты жүргізуге және оны іске асыруға жауапты, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, метеорологиялық және гидрологиялық мониторингті жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.

      2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бірыңғай мемлекеттік экологиялық саясатты:

      1) осы Кодексте көзделген жағдайларда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;

      2) өз құзыреті шегінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыруы бөлігінде қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

      3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті лицензиялау;

      4) осы Кодексте белгіленген өз құзыреті шегінде экологиялық рұқсаттар беру;

      5) осы Кодексте көзделген жағдайларда, кәсіпкерлік қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау;

      6) осы Кодексте белгіленген өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу;

      7) мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру;

      8) республикалық деңгейде маңызы бар қоршаған ортаны қорғау шараларын әзірлеу және жүзеге асыруды ұйымдастыру;

      9) парниктік газдардың шығарындылары мен сіңірілуі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;

      10) жердің озон қабатын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;

      11) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларын келісу;

      12) өзіне осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындау арқылы жүргізеді және іске асырады.

      Осы баптың 2-тармағының 4)-7) тармақтарында көзделген функциялар мен өкілеттіктерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган, оның ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері арасында бөлуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

      38-бап. Бірыңғай мемлекеттік экологиялық саясатты іске асыру

      1. Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттік экологиялық саясаты Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған негізгі бағыттар бойынша іске асырылады.

      2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қоршаған орта сапасының бекітілген нысаналы көрсеткіштерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті деңгейде мемлекеттік экологиялық саясаттың іске асырылуы үшін жауапты болады.

      3. Мемлекеттік экологиялық саясатты іске асыру кезінде орталық және жергілікті деңгейлерде мүдделі жұртшылықтың осы Кодекске сәйкес қоршаған ортаны қорғауға қатысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдау процесіне қатысу құқығының сақталуы қамтамасыз етілуге тиіс.

      4. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғаларды экологиялық ағарту және олардың экологиялық мәдениетін арттыру жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді, сондай-ақ оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға ерікті түрде тарту үшін қажетті жағдайлар жасайды.

      39-бап. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар

      1. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында белгіленген бағыттарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың шешімдеріне сәйкес айқындалады.

      2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізу:

      1) жергілікті деңгейде – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары;

      2) республикалық деңгейде – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырады.

      3. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар қоршаған ортаны қорғауға және оның сапасын жақсартуға бағытталған технологиялық, техникалық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік және экономикалық шаралар кешені болып табылады.

      4. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға:

      1) экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған;

      2) қоршаған ортаның сапалық сипаттамаларын арттыру арқылы қоршаған орта құрамбөліктерінің жай-күйін жақсартатын;

      3) экологиялық жүйелердің жай-күйін тұрақтандыру мен жақсартуға, биологиялық әртүрлілікті сақтауға, табиғи ресурстарды молықтыруға септігін тигізетін;

      4) қоршаған ортаның ластануының, табиғи ортаның жұтаңдауының, кез келген нысанда экологиялық залал келтірудің және осыған байланысты адамдардың өмірі мен денсаулығына қатердің алдын алатын және оларды болдырмайтын;

      5) төзімді органикалық ластағыштарды қоса алғанда, қауіпті химиялық заттарды қауіпсіз басқаруды қамтамасыз етуге, қоршаған ортаға антропогендікте, табиғи да әсер етуінің химиялық, биологиялық және физикалық әсер ету деңгейін төмендетуге бағытталған;

      6) қоршаған ортаны қорғауға, табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануға және қоршаған ортаны қорғауды басқарудың халықаралық стандарттарын енгізуге бағытталған әдістер мен технологияларды жетілдіретін;

      7) өндірістік экологиялық бақылауды дамытатын;

      8) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпараттық жүйелерді қалыптастыратын және экологиялық ақпарат беруге ықпал ететін;

      9) орнықты даму үшін экологиялық білімді насихаттауға, экологиялық білім беруге және ағартуға септігін тигізетін;

      10) парниктік газдар шығарындылары көлемін азайтуға және (немесе) парниктік газдардың сіңірілуін ұлғайтуға бағытталған іс-шаралар жатады.

      5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралары қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының негізінде және соған сәйкес жүргізіледі.

      Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы осы Кодекске 4-қосымшада көзделген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың үлгі тізбесін негізге ала отырып, үш жылдық перспективаға әзірлейді және осы жоспарды іске асыру басталатын жылдың алдындағы жылдың 15 сәуіріне дейін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілгеннен кейін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органы бекітеді.

      Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысанын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

      6. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есепті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тиісті жергілікті өкілді органына және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға есепті кезең аяқталғаннан кейін 1 ақпаннан кешіктірмей табыс етеді.

      7. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспары осы іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту жылының алдындағы үш жыл ішінде жергілікті бюджетке түскен қоршаған ортаға теріс әсер үшін төлем сомасынан кем емес көлемде бюджет қаражаты есебінен іске асырылады.

      Қоршаған ортаға теріс әсері үшін келіп түскен төлем сомасынан қалыптастырылатын және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға жіберілетін қаражат жеткіліксіз болған жағдайда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ғана өзгертілуі мүмкін.

      8. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қосымша жүзеге асырылуы мүмкін.

      40-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл

      1. Мемлекеттік экологиялық саясатты іске асыру мақсатында мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға оның функцияларын жүзеге асыру кезінде жәрдемдесуге міндетті.

      2. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың қызметін үйлестіруді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

      3-бөлім. Экологиялық қатынастарды мемлекеттік реттеу

      41-бап. Экологиялық қатынастарды мемлекеттік реттеудің нысандары мен құралдары

      Экологиялық қатынастарды мемлекеттік реттеу осы Кодексте реттелетін субъектілердің орындауы үшін міндетті экологиялық талаптарды мемлекеттің белгілеуі және осы Кодекске сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу құралдарын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

      42-бап. Экологиялық талаптар туралы жалпы ережелер

      1. Экологиялық талаптар деп қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген қағидалар, талаптар, шектеулер мен тыйымдар түсініледі.

      2. Осы Кодексте жалпы сипаттағы экологиялық талаптар (жалпы экологиялық талаптар) белгіленеді.

      43-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу құралдарының түрлері

      1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу құралдары деп экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар, іс-қимылдар мен рәсімдер жиынтығы түсініледі.

      2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу құралдары:

      1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті лицензиялау;

      2) экологиялық нормалау;

      3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық реттеу;

      4) экологиялық бағалау;

      5) мемлекеттік экологиялық сараптама;

      6) экологиялық рұқсаттар және қоршаған ортаға әсер ету туралы декларациялар;

      7) қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингі;

      8) мемлекеттік экологиялық бақылау;

      9) қалдықтарды жинау, сұрыптау және (немесе) тасымалдау жөніндегі қызметтің хабарлама тәртібі;

      10) парниктік газдардың шығарындылары мен сіңірілуі саласындағы мемлекеттік реттеу құралдары болып табылады.

      44-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті лицензиялау

      1. Жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензиялануға жататын жұмыстары мен көрсететін қызметтерінің түрлері "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.

      2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

      3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түріне қойылатын олардың кіші түрлері бойынша біліктілік талаптарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      5-тарау. Экологиялық нормалау

      45-бап. Жалпы ережелер

      1. Экологиялық нормалау экологиялық сапаның нормативтерін, қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін және қоршаған ортаға берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін белгілеу болып табылады.

      2. Экологиялық нормалау қолайлы қоршаған ортаны сақтауға және қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына зиянды әсерді болғызбау және (немесе) төмендету үшін адам қызметін мемлекеттік реттеудің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кепілдік беру мақсатында жүзеге асырылады.

      3. Мемлекеттік орган іске асырылуы нәтижесінде қоршаған ортаға әсер ететін және (немесе) әсер етуі мүмкін нормативтік құқықтық актіні әзірлеу және бекіту немесе нормативтік емес құқықтық актіні қабылдау кезінде интеграция қағидатын негізге ала отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер үшін белгіленген қоршаған орта сапасының экологиялық нормативтері мен сапасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу қажеттігін ескеруге міндетті.

      Қала құрылысын жоспарлауды жүзеге асыру кезінде аумақтарды дамыту мен құрылыс салуда адам денсаулығын сақтауға бағытталған экологиялық сапа нормативтерінің сақталуы қамтамасыз етілмейтін аймақтар шегінде жаңа қоныстану аумақтарын орналастыруға жол берілмейді.

      4. Осы баптың 3-тармағының талаптарын бұзатын мемлекеттік орган немесе лауазымды адам шешімдерінің, әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) заңдылығына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дау айтылуы мүмкін.


      46-бап. Экологиялық сапа нормативтері

      1. Экологиялық сапа нормативтері деп қол жеткізу және қолдау қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету үшін қажет болатын, қоршаған ортаның жекелеген құрамбөліктерінің жай-күйінің сандық және сапалық сипаттамаларының мемлекет белгілеген жиынтығы түсініледі.

      2. Экологиялық сапа нормативтері негізінде қоршаған ортаның қазіргі жай-күйіне баға беріледі және оған жол берілетін антропогендік әсер ету стандарттары белгіленеді.

      3. Экологиялық сапа нормативтері осы Кодекске сәйкес қоршаған ортаның:

      1) атмосфералық ауа;

      2) жерүсті және жерасты сулары;

      3) топырақ және жер құрамбөліктерінің әрқайсысы үшін жеке әзірленеді және белгіленеді.

      4. Экологиялық сапа нормативтеріне:

      1) қоршаған орта құрамбөліктері жай-күйінің химиялық көрсеткіштері үшін белгіленген нормативтер;

      2) Қоршаған орта құрамбөліктері жай-күйінің физикалық көрсеткіштері үшін белгіленген нормативтер;

      3) қоршаған орта құрамбөліктері жай-күйінің биологиялық көрсеткіштері үшін белгіленген нормативтер жатады.

      5. Қоршаған орта құрамбөліктері жай-күйінің химиялық көрсеткіштеріне арналған экологиялық сапаның нормативтері ластағыш заттардың шекті жол берілетін шоғырлануы түрінде белгіленеді.

      Ластағыш заттың шекті жол берілетін шоғырлануы деп Ластағыш заттар тізбесіне енгізілген ластағыш заттардың, атмосфералық ауаның, жерүсті немесе жерасты суларының, топырақтың бірлігіндегі немесе массасының бірлігіндегі немесе жер беті алаңының бірлігіне, ол адамға тұрақты немесе уақытша әсер ету кезінде оның денсаулығына әсер етпейтін және ұрпақта тұқым қуалаушылық қолайсыз өзгерістер туғызбайтын, сондай-ақ табиғи орта объектілерінің жұтаңдауын туғызбайтын, экологиялық жүйелердің орнықтылығын және биоәртүрлілікті бұзбайтын ең көп мөлшері (массасы) түсініледі.

      Қоршаған орта құрамбөліктері жағдайының химиялық көрсеткіштеріне арналған экологиялық сапа нормативтері адам денсаулығына әсер ету тқрғысынан және табиғи ортаға (экологиялық жүйе, жануарлар және өсімдіктер жүниесі) әсер ету тұрғысынан жеке белгіленеді.

      6. Қоршаған орта құрамбөліктері жай-күйінің физикалық көрсеткіштеріне арналған экологиялық сапа нормативтері қоршаған ортаға зиянды физикалық әсер етудің шекті жол берілетін деңгейлері түрінде белгіленеді.

      Зиянды физикалық әсер етудің шекті жол берілетін деңгейі деп жануарлардың, өсімдіктердің жай-күйіне, экологиялық жүйелердің тұрақты жұмыс істеуіне және биоәртүрлілікке зиянды әсері жоқ физикалық әсер етудің жекелеген түрлерінің (шу, діріл, электр, электромагниттік, магниттік өрістер, радиация, жылу) ең жоғары деңгейі түсініледі.

      7. Қоршаған орта құрамбөліктері жай-күйінің биологиялық көрсеткіштері үшін экологиялық сапаның нормативтері өсімдіктердің, жануарлардың және табиғи орта сапасының индикаторлары ретінде пайдаланылатын басқа да организмдердің жекелеген түрлері мен топтарына қатысты олардың табиғи көрсеткіштері деңгейінде не табиғи ортаның қасиеттері мен оның өз сапасын ұстап тұру және қалпына келтіру жөніндегі қабілетін ескере отырып, осындай табиғи көрсеткіштерден жол берілетін ауытқу аралығы түрінде белгіленеді.

      8. Экологиялық сапа нормативтері табиғи ортаға әсер ету тұрғысынан нақты аумаққа немесе акваторияға тән табиғи факторлардың әсерінен қалыптасқан табиғи жағдайларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген аумақтарды немесе акваторияны пайдалану мақсатын ескере отырып белгіленеді.

      9. Трансшекаралық су айдындары мен ағын сулардың сапасына экологиялық нормативтер белгілеу кезінде Қазақстан Республикасы ратификациялаған тиісті халықаралық шарттардың талаптары ескерілуі тиіс.

      10. Табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының табиғи ресурстардың тиісті түрін пайдалану туралы заңнамасына сәйкес белгіленген нормалар мен стандарттар экологиялық нормативтерге жатпайды.

      11. Осы аумақтар үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды сақтау және жақсарту мақсатында олардың осы Кодекске сәйкес ерекше табиғат қорғау мәртебесі ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы үшін белгіленгеннен неғұрлым қатаң экологиялық сапа нормативтері әзірленуі және бекітілуі мүмкін.

      47-бап. Экологиялық сапа нормативтерін әзірлеу және белгілеу тәртібі

      1. Экологиялық сапаның нормативтерін әзірлеу, белгілеу және қайта қарау қағидаларын осы Кодекстің ережелерін ескере отырып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      2. Экологиялық сапаның нормативтерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган көп жылдық (кемінде бес жыл) зертханалық сынақтардың, ғылыми зерттеулердің нәтижелері негізінде, сондай-ақ нақты аумақтар мен акваториялар үшін – осындай аумақтар мен акваториялардағы қоршаған ортаның жай-күйін көп жылдық (кемінде бес жыл) бақылаудың деректері негізінде әзірлейді.

      3. Экологиялық сапа нормативтері сақталуын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген бақылау-өлшеу жабдығының және өлшемшарттар тиісті әдістемелерінің (әдістерінің), индикациялау, тестілеу және (немесе) бақылау тәсілдерінің болуымен қамтамасыз етілетін көрсеткіштер бойынша белгіленеді.

      4. Экологиялық сапа нормативтері табиғи ортаның тиісті құрамбөлігінің табиғи фонының мәндерін ескере отырып әзірленеді және белгіленеді. Табиғи орта құрамбөлігінің табиғи фоны қоршаған ортаның жай-күйін көпжылдық (кемінде бес жыл) бақылау және эталондық учаскелердегі табиғи орта құрамбөлігінің химиялық, биологиялық және физикалық көрсеткіштері бойынша сынамаларды және (немесе) өлшемдерді іріктеу нәтижелері негізінде айқындалады.

      5. Эталондық учаске ретінде репрезентативтік ерекше қорғалатын табиғи аумақ (акватория) шегінде, ал мұндай ерекше қорғалатын табиғи аумақ (акватория) болмаған кезде ұқсас табиғи ерекшеліктері бар және жай-күйі табиғи экологиялық жүйенің тірі элементтерінің (өсімдіктер, жануарлар және басқа да организмдер) тежелу белгілерінің болмауымен сипатталатын аумақта немесе акваторияда орналасқан аумақ, акватория немесе оның бөлігі қабылданады.

      Эталондық учаске ретінде аумақты, акваторияны немесе оның бір бөлігін таңдау өлшемшарттары мен қағидалары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін атмосфералық ауа, жерүсті және жерасты су объектілерінің сулары, топырақ және жер сапасының экологиялық нормативтерін әзірлеу әдістемесінде айқындалады.

      6. Экологиялық сапа нормативтерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган он жыл мерзімге бекітеді және қоршаған орта, оның сапасына әсер ететін табиғи және антропогендік факторлар туралы жаңартылған ғылыми білімдер негізінде, сондай-ақ мониторинг пен бақылау әдістерінің, техникалары мен технологияларының дамуын ескере отырып, көрсетілген мерзім өткеннен кейін қайта қарауға жатады. Экологиялық сапаның нормативтері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы неғұрлым қатаң экологиялық сапаның нормативтерін енгізу жөнінде шаралар қабылдауды талап ететін халықаралық міндеттемелері күшіне енгеннен кейін де бірінші жылдан кешіктірілмей қайта қаралуға жатады.

      48-бап. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері

      1. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері (бұдан әрі – сапаның нысаналы көрсеткіштері) деп қоршаған ортаның жекелеген құрамбөліктері жай-күйінің сандық және сапалық сипаттамаларының және қоршаған ортаны қорғау, белгілі бір уақыт кезеңінде қол жеткізілуі тиіс қалдықтарды тиімді басқару жөніндегі шараларды қамтамасыз ету деңгейін сипаттайтын өзге де көрсеткіштердің жиынтығы түсініледі.

      2. Сапаның нысаналы көрсеткіштері әрбір облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың деңгейінде белгіленеді.

      3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары әрбір бес жылдық кезеңге арналған сапаның нысаналы көрсеткіштерін әзірлеуге міндетті.

      4. Әзірленген нысаналы сапа көрсеткіштері қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілуге жатады және оны тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті өкілді органдары бекітеді.

      5. Әрбір облыс үшін әзірленетін және бекітілетін сапаның нысаналы көрсеткіштері жалпы облыс үшін де, облыс шегіндегі мына объектілер:

      1) аудандар;

      2) халық саны жүз мың адамнан асатын елді мекендер;

      3) шегінде қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша экологиялық сапа нормативтерінің бұзылуы анықталған өзге де елді мекендер;

      4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;

      5) қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша экологиялық сапа нормативтерінің бұзылуы анықталған өзге де аумақтар (акваториялар) үшін де тиісті көрсеткіштерді қамтуы тиіс.

      6. Сапаның нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу қағидаларын, оның ішінде сапаның нысаналы көрсеткіштері белгіленетін индикаторлардың ең аз тізбесін осы Кодекстің ережелерін ескере отырып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      7. Сапаның нысаналы көрсеткіштері белгіленетін ең төменгі индикаторлар тізбесіне міндетті түрде:

      1) атмосфералық ауаның сапасы;

      2) жерүсті және жерасты суларының сапасы;

      3) жердің және топырақтың сапасы;

      4) әрбір жекелеген аймақтың климаты мен топырақ жағдайлары ескеріле отырып, ормандардың және көгалдандырудың жиынтық алқаптары;

      5) жердің жұтаңдауын және шөлейттенуін азайту;

      6) ластағыш заттардың түрлері бойынша шығарындылардың жиынтық көлемі;

      7) ластағыш заттардың түрлері бойынша және әрбір жеке су объектісі мен бассейні бойынша төгінділердің жиынтық көлемі;

      8) коммуналдық қалдықтардың түрлері бойынша – оларды бөлек жинау, қайта пайдалануға дайындау, қайта өңдеу, кәдеге жарату және жою (жою және (немесе) көму) үлесі;

      9) парниктік газдар шығарындыларын азайтудың жиынтық көлемі енгізіледі.

      8. Экологиялық сапаның нормативтері сақталмайтын әкімшілік-аумақтық бірліктер, аумақтар (акваториялар) үшін нысаналы сапа көрсеткіштері он жылдан аспайтын мерзімде экологиялық сапаның нормативтеріне кезең-кезеңмен қол жеткізуді қамтамасыз ететіндей етіп белгіленуге тиіс.

      9. Экологиялық сапа нормативтері сақталатын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында экологиялық сапаның нормативтерімен салыстырғанда қоршаған орта сапасының неғұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз ететін сапалы нысаналы көрсеткіштерін, оның ішінде сапаның нысаналы көрсеткіштері белгіленетін ең төменгі индикаторлар тізбесіне кірмейтін индикаторлар үшін белгіленуі мүмкін.

      49-бап. Қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер етудің нормативтері

      1. Қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтері – антропогендік қызметтің қоршаған ортаға әсер ету көрсеткіштері үшін белгіленген экологиялық нормативтер.

      2. Қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер етудің нормативтеріне:

      1) эмиссиялар нормативтері;

      2) технологиялық нормативтер;

      3) қалдықтардың жинақталу лимиттері, қалдықтарды көму лимиттері;

      4) табиғи ортаға жол берілетін физикалық әсер етудің нормативтері;

      5) күкірт карталарында ашық түрде күкіртті орналастыру лимиттері;

      6) қоршаған ортаға жол берілетін жиынтық антропогендік жүктеме нормативтері жатады.

      3. Технологиялық нормативтерді қоспағанда, қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін сақтау қоршаған орта сапасы нормативтерінің сақталуын қамтамасыз етуге тиіс.

      4. Көлік құралдарының және іштен жанатын қозғалтқыштарының әртүрлі экологиялық сыныптары үшін арналған шығарындыларға және отын түрлеріндегі ластағыш заттардың құрамына қойылатын талаптар Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде белгіленеді.

      50-бап. Эмиссия нормативтері

      1. Эмиссиялар нормативтері деп эмиссиялардың шекті сандық және сапалық көрсеткіштерінің жиынтығы түсініледі, оларды сақтаған кезде қоршаған ортаға осындай эмиссиялардың әсері тиісті әсер ету салалары шегінде қоршаған орта сапасының экологиялық нормативтерінің бұзылуына әкеп соқпайды.

      2. Эмиссия нормативтеріне:

      1) жол берілетін шығарындылар нормативтері;

      2) жол берілетін төгінділер нормативтері жатады.

      3. Эмиссия нормативтері осы Кодекстің 21-бабына сәйкес Ластағыш заттар тізбесіне енгізілген ластағыш заттар түрлері бойынша белгіленеді.

      4. Эмиссиялар нормативтері I және II санаттағы объектілерге жататын жекелеген стационарлық көздер бойынша, осы санаттардан аспайтын:

      1) осы Кодекске сәйкес қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалау жүргізілген жағдайда – осы Кодекстің 87-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындыда көрсетілген тиісті шекті мәндер;

      2) осы Кодекске сәйкес нәтижесі бойынша қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалау қажеттігі жоқ екендігі туралы қорытынды шығарылып, көзделген қызмет скринингін жасау жағдайында – осы Кодекстің 79-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес көзделген қызметтер туралы өтініште көрсетілген тиісті мәндер деңгейінде белгіленеді.

      Оларға қатысты кешенді экологиялық рұқсат берілетін объектілер үшін эмиссиялар нормативтері осы Кодекстің 124-бабына сәйкес бекітілетін Ең үздік қолжетімді технологиялар бойынша қорытындыларда келтірілген ең үздік қолжетімді техникаларды қолданумен байланысты маркерлік ластағыш заттар эмиссияларының тиісті шекті мәндерінен аспайтын деңгейлерде I және II санаттағы объектілерге жататын жекелеген стационарлық көздер бойынша белгіленеді.

      5. Көзделген қызмет үшін, оның ішінде қызметке елеулі өзгерістер енгізу кезінде эмиссиялар нормативтері көзделген қызметтің тиісті жобалау құжаттамасына байланыстырыла отырып әзірленетін және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға осы Кодекске сәйкес экологиялық рұқсат алуға өтінішпен бірге ұсынылатын жеке құжат - эмиссиялар нормативтерінің жобасы (жол берілетін шығарындылар нормативтерінің жобасы, жол берілетін төгінділер нормативтерінің жобасы) түрінде есептеледі және негізделеді.

      6. Эмиссиялар нормативтерін анықтау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістеме бойынша осы Кодекстің талаптарына сәйкес есептеу арқылы жүзеге асырылады

      7. Эмиссиялар нормативтерінің жобаларын әзірлеуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиясы бар тұлға I және (немесе) II санаттағы объектілер үшін жүзеге асырады.

      8. Эмиссиялар нормативтері экологиялық рұқсаттың қолданыс мерзіміне белгіленеді.

      9. Көрсеткіштері осы Кодекстің Ерекше бөлігінде көзделген экологиялық рұқсатта белгіленген эмиссиялар нормативтерінен асатын қоршаған ортаға эмиссиялардың көлемдері нормативтен тыс деп танылады.

      10. Табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарларын жою жөніндегі іс-шараларды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес, сондай-ақ осы Кодекстің талаптарына сәйкес мұнайдың авариялық төгілуін жою әдістерін қолдану салдарынан жүзеге асырылатын эмиссиялар нормалауға жатпайды және нормативтен тыс деп есептелмейді.

      11. Эмиссия нормативтері ІІІ және IV санаттағы объектілер үшін белгіленбейді.

      51-бап. Технологиялық нормативтер

      1. Осы Кодексте технологиялық нормативтер деп кешенді экологиялық рұқсатта белгіленген:

      1) эмиссиялар көлемінің бірлігіне маркерлік ластағыш заттардың шекті саны (массасы);

      2) уақыт бірлігіне немесе өндірілетін өнімнің (тауардың), орындалатын жұмыстың, көрсетілетін қызметтердің бірлігіне есептелетін ластағыш заттар эмиссияларының үлестік көрсеткіштері;

      3) орындалатын жұмыстың, көрсетілетін қызметтердің уақыт бірлігіне немесе өндірілетін өнім (тауар) бірлігіне есептелетін электр және (немесе) жылу энергиясының, өзге ресурстарды тұтыну мөлшері түріндегі экологиялық нормативтер түсініледі.

      Маркерлік ластағыш заттар деп өндірістің немесе технологиялық процестің нақты түрінің эмиссиялары үшін неғұрлым маңызды ластағыш заттар түсініледі, олар осындай өндіріске немесе ластағыш заттардың технологиялық процесіне тән топтан таңдап алынады және олардың көмегімен топқа кіретін барлық ластағыш заттар эмиссияларының мәнін бағалауға болады.

      Маркерлік ластағыш заттар, маркерлік ластағыш заттар эмиссияларының деңгейлері және ең жақсы қолжетімді техникаларды қолданумен байланысты энергияны және (немесе) өзге де ресурстарды тұтыну деңгейлері осы Кодекстің 124-бабына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін Озық қолжетімді техникалар бойынша қорытындыларда айқындалады.

      2. Технологиялық нормативтерге:

      1) шығарулардың технологиялық нормативтері;

      2) төгінділердің технологиялық нормативтері;

      3) эмиссиялардың технологиялық үлестік нормативтері;

      4) суды тұтынудың технологиялық үлестік нормативтері

      5) жылу және (немесе) электр энергиясын тұтынудың технологиялық үлестік нормативтері жатады.

      3. Технологиялық нормативтер кешенді экологиялық рұқсатта белгіленеді және осы Кодекстің 125-бабына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін озық қолжетімді техникалар жөніндегі қорытындыларда белгіленген оларды қолданудың нақты салалары бойынша озық қолжетімді техникаларды қолданумен байланысты тиісті технологиялық көрсеткіштерден (олар бар болса) аспауға тиіс.

      4. Технологиялық стандарттардың негіздемесі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға кешенді экологиялық рұқсат алуға өтініммен бірге берілетін технологиялық стандарттардың жобаларында қамтамасыз етіледі.

      52-бап. Қалдықтарды жинау лимиттері, қалдықтарды көму лимиттері

      1. Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғауды, жерге көмілетін қалдықтардың көлемін азайтуды және оларды қайта пайдалануға, қайта өңдеуге және кәдеге жаратуға дайындауды ынталандыруды қамтамасыз ету мақсатында:

      1) қалдықтарды жинау лимиттері;

      2) қалдықтарды көму лимиттері белгіленеді.

      2. Қалдықтарды жинау лимиттері осы Кодекске сәйкес белгіленген мерзім шегінде тиісті жинау орнында қоймаға орналстыру үшін жол берілетін олардың түрлері бойынша шекті мөлшері (массасы) түрінде І және ІІ санаттағы объектілер құрамына кіретін қалдықтарды әрбір нақты жинау орны үшін белгіленеді.

      3. Қалдықтарды көму лимиттері тиісті полигонда көму үшін жол берілетін олардың түрлері бойынша қалдықтардың шекті мөлшері (массасы) түрінде І және ІІ санаттағы объектілер құрамына кіретін қалдықтардың әрбір нақты полигоны үшін белгіленеді.

      4. Қалдықтардың жинау лимиттері және қалдықтарды көму лимиттері экологиялық рұқсатта белгіленеді. Қалдықтарды көму лимиті полигонның тиісті өндірістік қуатына сәйкес әрбір күнтізбелік жылға белгіленеді.

      5. Қалдықтарды жинау лимиттерін және қалдықтарды көму лимиттерін осы Кодекске сәйкес экологиялық рұқсат алған кезде I және II санаттағы объектілердің операторлары қалдықтарды басқару бағдарламасында негіздейді.

      6. I және II санаттағы объектілер үшін қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиясы бар тұлға жүзеге асырады.

      7. Қалдықтарды жинау лимиттерін және қалдықтарды көму лимиттерін есептеу әдістемесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      8. Қалдықтарды жинау лимиттері және қалдықтарды көму лимиттері III және IV санаттағы объектілер үшін белгіленбейді.

      ІІІ санаттағы объектілердің операторлары осы Кодекске сәйкес берілетін қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияның құрамында қалдықтар туралы ақпарат беруге міндетті.

      53-бап. Табиғи ортаға физикалық әсер етудің жол берілетін нормативі

      Табиғи ортаға физикалық әсер етудің жол берілетін нормативі деп табиғи ортаның құрамбөліктеріне жылудың, шудың, дірілдің, иондалған сәулеленудің, электр магниттік өріс кернеуінің және өзге де физикалық әсер етудің жол берілетін деңгейлері түрінде әр көз үшін анықталатын, аталған және барлық басқа да көздердің зиянды физикалық әсер етуі табиғи ортаға физикалық әсер етудің анықталған жол берілетін деңгейлерінің артуына алып келмейтін экологиялық норматив түсініледі.

      54-бап. Күкірт карталарында ашық түрде күкіртті орналастыру лимиттері

      1. Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету, көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайда болатын күкіртті жинау көлемін азайту және оны шаруашылық айналымға тартуды ынталандыру мақсатында күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру лимиттері (бұдан әрі – күкіртті ашық түрде жинау лимиттері) белгіленеді.

      2. Осы баптың күші көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру кезінде түзілетін кез келген агрегаттық күйдегі техникалық газ күкіртіне қолданылады.

      3. Күкіртті ашық түрде орналастыру лимиттері күкіртті ашық жерде сақтау үшін жабдықталған әрбір арнайы алаң (күкірт картасы) үшін, құю үшін жол берілетін күкірттің шекті мөлшері (массасы) және осындай күкірт картасына өзге де ашық орналастыру түрінде белгіленеді.

      Күкіртті жабық тәсілмен цистерналарда, сүрлемдерде, қоршаған ортаға әсерін болдырмайтын өзге де резервуарлар мен құрылысжайларда (қоймаларда) сақтау экологиялық нормалауға жатпайды.

      4. Күкіртті ашық түрде орналастыру лимиттері әрбір күнтізбелік жылға арналған экологиялық рұқсатта белгіленеді.

      5. Күкіртті ашық түрде орналастыру лимиттері күкіртті ашық түрде орналастыру нормативтерінің жобасында негізделеді, ол бекітілген әдістемеге сәйкес өндіріс көлемі туралы деректер негізінде әзірленеді және экологиялық рұқсат алуға өтінішпен бірге табыс етіледі.

      Күкіртті ашық түрде орналастыру нормативтерінің жобасын әзірлеу әдістемесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      55-бап. Қоршаған ортаға жиынтық антропогендік жүктеменің жол берілетін нормативтері

      1. Қоршаған ортаға жиынтық антропогендік жүктеменің жол берілетін нормативтері деп қоршаған ортаға антропогендік әсер етудің барлық көздерінің жол берілетін жиынтық әсерінің шамасына сәйкес белгіленген экологиялық нормативтер және (немесе) нақты аумақтар және (немесе) акваториялар (немесе олардың бөліктері) шегінде және олар сақталған кезде табиғи экологиялық жүйенің тұрақты жұмыс істеуі қамтамасыз етілетін және биологиялық әртүрлілік сақталатын табиғи ортаның жекеленген құрамбөліктері түсініледі.

      2. Егер тиісті міндеттемелер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қабылданған болса, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының барлық аумағының шегінде жекелеген ластағыш заттардың эмиссиясы нәтижесінде қоршаған ортаға жиынтық антропогендік жүктеменің жол берілген нормативтерін бекітеді.

      3. Атмосфералық ауаға жиынтық антропогендік жүктеменің жол берілетін нормативтерін әзірлеу қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      4. Су объектілеріне зиянды әсер етудің шекті жол берілетін нормативтері Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      6-тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық реттеу және стандарттау

      56-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы сәйкестікті растау объектілері мен рәсімі

      Қоршаған ортаны қорғау саласында сәйкестікті растау объектілері мен рәсімі Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасымен анықталады.

      57-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық стандарттарды енгізу және қолдану

      1. Қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық стандарттарды енгізу және қолдану осы Кодекстің талаптарын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады.

      3. Жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесінің халықаралық стандарттарын енгізуі:

      1) Қазақстан Республикасында қолданылатын қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесінің халықаралық стандарттары туралы ақпараттар тарату;

      2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесінің халықаралық стандарттарын енгізген және осындай енгізуді растау құжаты бар тұлғалар үшін мемлекеттік экологиялық бақылау жиілігін қысқарту;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесінің халықаралық стандарттарын енгізуді экономикалық ынталандыру шараларын қолдануы арқылы ынталандырылады.

      58-бап. Экологиялық таңбалау

      1. Экологиялық таңбалау деп мәтін түрінде келтірілетін өнімдердің, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің экологиялық аспектілері, ілеспе құжаттамада, техникалық сипаттамада, жарнама түріндегі анықтамалық басылымда, жұртышылыққа арналған ақпараттандыру парағында келтірілген немесе басқа тәсілмен орындалған өнім затбелгілеріндегі немесе қаптамадағы белгілер немесе графикалық суреттер туралы ақпараттандыратын өтініш түсініледі.

      Осы бапта экологиялық аспектілер деп ұйымдастыру қызметінің элементтері, оның өнімдері немесе қоршаған ортаға әсер етуі мүмкін көрсетілетін қызметтер түсініледі.

      2. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, экологиялық таңбалауды Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген тұлғалар сәйкестікті растағаннан кейін өнім өндіруші (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді орындаушы) ерікті негізде жүзеге асырады.

      3. Ауылшаруашылық өнімдерін, аквадақыл және балық аулау өнімдерін, тамақ өнімдерін, жабайы өсімдіктерден жасалған өнімдер мен олардың қайта өңделген өнімдерін өндірушілер "Органикалық өнім өндіру туралы" Заңға сәйкес экологиялық таңбалауды ерікті негізде жүзеге асырады.

      4. Экологиялық таңбалау міндеттері:

      1) тұтынушыларды олар сатып алатын өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің экологиялық аспектілері туралы хабардар ету;

      2) қоршаған ортаға негативті антропогендік әсер етуін төмендету мақсатында экологиялық таза өнімдерді, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу мен тұтынуды (пайдалануды) көбейтуді ынталандыру;

      3) өнімнің тіршілік циклі бойында қоршаған ортаға негативті антропогендік әсер етудің алдын алу немесе барынша азайту;

      4) отандық өнімдерді экспорттауға жәрдемдесу және олардың бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру болып табылады.

      1. Экологиялық таңбалау барысында өнімдердің, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің тіршілік циклінің барлық аспектілері ескеріледі.

      7-тарау. Экологиялық бағалау

      1-параграф. Экологиялық бағалау туралы жалпы ереже

      59-бап. Экологиялық бағалау ұғымы

      1. Экологиялық бағалау деп көзделген қызметті іске асырудың немесе әзірленетін құжаттың қоршаған ортаға тікелей ықтимал және жанама елеулі әсерлерін анықтау, зерделеу, сипаттау және бағалау процесі түсініледі.

      2. Экологиялық бағалаудың мақсаты Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының мақсаттары мен міндеттеріне сай келетін көзделген қызметті немесе әзірленетін құжатты іске асыру туралы шешімдерді қабылдау үшін қажетті материалдарды дайындау болып табылады.

      3. Оның түрлері бойынша экологиялық бағалау осы Кодекске және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нұсқаулықтарға (бұдан әрі – Экологиялық бағалауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық) сәйкес ұйымдастырылады және жүргізіледі.

      60-бап. Экологиялық бағалау түрлері

      1. Экологиялық бағалау бағалау мәніне қарай:

      1) стратегиялық экологиялық бағалау;

      2) қоршаған ортаға әсерді бағалау;

      3) трансшекаралық әсерлерді бағалау;

      4) оңайлатылған тәртіп бойынша экологиялық бағалау түрінде жүргізіледі.

      2. Стратегиялық экологиялық бағалау және (немесе) қоршаған ортаға әсерді бағалау осы Кодексте көзделген жағдайларда қоршаған ортаға трансшекаралық әсерді бағалауды жүргізуді қамтиды.

      3. Оңайлатылған тәртіп бойынша экологиялық бағалау осы Кодекске сәйкес қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауға жатпайтын көзделген және жүзеге асырылатын қызмет үшін:

      1) I және II санаттағы жұмыс істеп тұрған объектілер үшін эмиссиялар нормативтерінің жобаларын әзірлеу;

      2) көзделген қызметтің жобалау құжаттамасының құрамында "Қоршаған ортаны қорғау" бөлімін әзірлеу барысында және қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны дайындау кезінде жүргізіледі.

      Оңайлатылған тәртіп бойынша экологиялық бағалауды жүргізудің талаптары мен тәртібі Экологиялық бағалауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықпен айқындалады.

      61-бап. Экологиялық бағалау қағидаттары

      Осы Кодекстің 5-бабында баяндалған жалпы қағидаттарға қосымша Экологиялық бағалау мынадай арнайы қағидаттар сақтала отырып жүзеге асырылады.

      1) ықтимал экологиялық қауіптілік қағидаты – экологиялық бағалау көзделген қызметті немесе әзірленетін құжатты іске асыру қоршаған ортаға теріс әсер етуі мүмкін деген болжамға және осындай ықтимал әсерлерді зерделеу қажеттілігіне, маңыздылығына және оларды болдырмау, барынша азайту немесе жеңілдету жөніндегі қажетті шараларды айқындау үшін басталу ықтималдығын ескере отырып жүргізіледі;

      2) ескерту функциясының қағидаты – көзделген қызметті жоспарлаудың немесе құжатты әзірлеудің ең алдыңғы кезеңдерінде экологиялық негізделген шешімдерді қалыптастыру үшін экологиялық бағалауды қолдану;

      3) баламалық қағидаты – әсер етуді бағалау көзделген қызметті немесе оларды іске асырудан бас тарту нұсқасын ("нөлдік" нұсқаны") қоса алғанда, әзірленетін құжатты іске асырудың бірнеше баламалы нұсқаларын міндетті қарастыруға негізделуі тиіс;

      4) ұзақ мерзімді болжау қағидаты – бағалау объективті болжанатын әлеуметтік-экономикалық дамуды және ұзақ мерзімді перспективадағы қоршаған орта сапасын ескере отырып, көзделген қызметті немесе әзірленетін құжатты іске асырудың әсерін ескеруі тиіс;

      5) кешенділік қағидаты – көзделген қызметті немесе әзірленетін құжатты іске асырудың барлық экологиялық, технологиялық, техникалық, ұйымдастырушылық-өндірістік, әлеуметтік және экономикалық аспектілерінің өзара байланысын экологиялық бағалау аясында қарау;

      6) үйлесімділік қағидаты – көзделген қызметті немесе әзірленетін құжатты іске асыру жергілікті тұрғындардың өмір сапасын және басқа да қызмет түрлерін, оның ішінде ауыл, су және орман шаруашылығы саласында қызметтерді жүзеге асыру сапасын нашарлатуға әкелмеуі тиіс;

      7) икемділік қағидаты – экологиялық бағалау шеңберінде қаралуға жататын қоршаған ортаға әсер етудің түрлері, сондай-ақ қажетті зерттеулердің ауқымы, тереңдігі мен бағыттары әрбір жағдайда көзделген қызметтің немесе әзірленетін құжаттың нақты сипатына қарай, оның ішінде осы Кодекске сәйкес қамту саласын айқындау әр жағдайда дербес айқындалады.

      2-параграф. Стратегиялық экологиялық бағалау

      62-бап. Стратегиялық экологиялық бағалау туралы жалпы ережелер

      1. Стратегиялық экологиялық бағалау деп осы Кодекстің (бұдан әрі Кодекстің осы тарауының мақсаттары үшін – Құжаттар) 64-бабының 3-тармағында санамаланған салаларда мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың қоршаған ортаға ықтимал елеулі әсерлерінің тиісті зерттеулері негізінде өзіне осы Кодекстің 65-бабында көзделген кезеңдерді қамтитын анықтау, зерделеу, сипаттау және бағалау процесі түсініледі.

      2. Стратегиялық экологиялық бағалау Құжатты әзірлеудің бүкіл процесі ішінде жүргізіледі және, мұндай Құжатты іске асырудан туындауы мүмкін қоршаған ортаға барлық елеулі теріс әсерлерді уақтылы анықтауға әрі зерделеуге және Құжатты одан әрі әзірлеу және бекіту кезінде мұндай әсерлерді болғызбау немесе, егер толық болдырмау мүмкін болмаса, барынша азайту жөніндегі барлық қажетті шараларды есепке алуға мүмкіндік беретін оны әзірлеудің бастапқы сатысында бастамашылық жасалуға тиіс

      3. Құжатты бекітуге, іске асыруға және стратегиялық экологиялық бағалау жүргізілмей, егер оны жүргізу міндеттілігі осы Кодексте көзделсе немесе Құжаттардың әсер ету скринингі нәтижесінде айқындалса, онда көзделген іс-шараларды қаржыландыруға тыйым салынады.

      4. Жоғары тұрған деңгейдегі Құжаттарды стратегиялық экологиялық бағалау нәтижелері төмен тұрған деңгейдегі Құжаттарға стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу кезінде ескерілуге тиіс.

      5. Төмен тұрған деңгейлерде әзірленетін Құжаттарды стратегиялық экологиялық бағалау нәтижелері жоғары тұрған деңгейлерде әзірленетін Құжаттарға стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу кезінде ескерілуге тиіс.

      6. Стратегиялық экологиялық бағалау, сондай-ақ Құжаттардың әсер етуінің скринингі осы Кодекске және Экологиялық бағалауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.

      63-бап. Стратегиялық экологиялық бағалау мәні

      1. Стратегиялық экологиялық бағалаудың мәні іске асырылуы қоршаған ортаға елеулі әсер етуі мүмкін Құжаттардың жобалары, сондай-ақ іске асырылуы қоршаған ортаға елеулі әсер етуі мүмкін қолданыстағы Құжаттарға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар болып табылады.

      2. Іске асырылуы қоршаған ортаға елеулі әсер етуі мүмкін қолданыстағы Құжатқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда мұндай қолданыстағы Құжат оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін жобамен бірге стратегиялық экологиялық бағалауға жатады.

      3. Осы баптың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген, ауыл шаруашылығын, орман шаруашылығын, балық аулау, энергетика, өнеркәсіп (пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруді қоса алғанда), көлік, қалдықтарды басқару салаларын, су шаруашылығы, телекоммуникацияларды, туризмді дамытуға, қалалық және ауылдық аумақтарды дамытуды жоспарлауға, жерді пайдалану мен қорғауға бағытталған құжаттарды қоспағанда, егер мұндай құжаттарды іске асыру қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін жағдай жасайтын болса, Құжаттар осы Кодекстің 77-бабының 1-тармағына сәйкес міндетті стратегиялық экологиялық бағалауға жатады.

      4. Осы баптың 3-тармағының қолданысына жатпайтын Құжаттардың жобалары, егер олар қоршаған ортаға әсер ететін қызметке қатысты "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен рұқсаттар беру немесе хабарламалар қабылдау шарттары болып табылатын немесе болуы мүмкін ережелерді көздесе және егер стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу қажеттілігі осы Кодекстің 67-бабына сәйкес өткізілетін Құжаттардың әсер ету скринингінің нәтижелері бойынша белгіленсе, міндетті стратегиялық экологиялық бағалауға жатады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері осы баптың 6-тармағында көрсетілген Құжаттарға қолданылмайды.

      5. Осы баптың 3-тармағында санамаланған Құжаттарға өзгерістер енгізілген кезде, егер мұндай өзгерістерді стратегиялық экологиялық бағалауды жүргізу қажеттілігінің болмауы Құжаттардың әсер ету скринингінің нәтижелері бойынша белгіленсе, стратегиялық экологиялық бақылау жүргізілмейді.

      6. Мыналар:

      1) қаржы және бюджет саласындағы құжаттар;

      2) жалғыз мақсаты қорғанысты, ұлттық қауіпсіздікті, азаматтық қорғау, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету болып табылатын құжаттар міндетті стратегиялық экологиялық бағалау жүргізуді талап етпейді.

      64-бап. Стратегиялық экологиялық бағалау сатылары

      Стратегиялық экологиялық бағалау мынадай сатылардан тұрады:

      1) осы Кодексте белгіленген өлшемшарттар негізінде, оның ішінде осы Кодексте белгіленген жағдайларда - Құжаттың әсер ету скринингінің нәтижелері бойынша стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу қажеттілігін айқындау;

      2) стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есептің қамту саласын айқындау;

      3) стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепті дайындау;

      4) стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есептің сапасын бағалау;

      5) Құжаттың жобасы бекітілгенге дейін оны стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепке сәйкестігі тұрғысынан қарау;

      6) Құжаттың қоршаған ортаға елеулі әсер етуінің мониторингі.

      65-бап. Стратегиялық экологиялық бағалау жүргізуге жауапты субъектілер

      1. Стратегиялық экологиялық бағалау жүргізуді қамтамасыз етуге Құжатты әзірлеуші мемлекеттік орган жауапты болады.

      2. Құжаттарды әзірлеуші мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жұртшылықтың экологиялық ақпаратқа қол жеткізу құқығын және мүдделі жұртшылықтың Құжатты әзірлеу мен бекітудің барлық кезеңдерінде қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға қатысу құқығын қамтамасыз етуге қатысады.

      3. Стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепті дайындау, стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу процесінде өзге жұмыстарды орындау және өзге қызметтерді көрсетуді әзірлеуші мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке және (немесе) сыртқы сарапшыларды тарту арқылы қамтамасыз етеді.

      66-бап. Құжаттардың әсер ету скринингі

      1. Құжаттардың әсер етуінің скринингі осы баптың 3-тармағында белгіленген өлшемшарттар негізінде стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу қажеттілігін немесе қажеттілігінің болмауын айқындау мақсатында жүзеге асырылатын қоршаған ортаға Құжаттарды іске асырудың ықтимал елеулі әсерін анықтау процесін білдіреді.

      2. Құжаттардың әсер ету скринингін жүргізу осы Кодекстің 64-бабы 4 немесе 5-тармақтарының қолданысына жатқызылатын барлық Құжаттар үшін міндетті.

      3. Құжаттардың әсер ету скринингі негізінде мынадай өлшемшарттар жүргізіледі:

      1) қоршаған ортаға әсер етуге және тұрақты дамуына жәрдемдесу мақсаттарына Құжаттың сәйкестігін қамтамасыз етуге байланысты оның тәуекелдерін есепке алу қажеттілігі тұрғысынан Құжаттың өзектілігі;

      2) қызмет орнын, түрін, масштабын, жағдайларын есепке ала отырып, табиғи ресурстар мен оларды пайдалану шартының бар болуын есепке ала отырып Құжат белгілеген қызмет түрлерін іске асыру мүмкіндіктері;

      3) өзге де Құжаттарды іске асыруға осы құжаттың әсер ету дәрежесі;

      4) Құжаттарды іске асырумен негізделген, соның ішінде тұрғындардың денсаулығына әсер етуі тұрғысынан экологиялық тәуекелдер;

      5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын және оның халықаралық міндеттемелерін орындау тұрғысынан Құжаттың өзектілігі;

      6) ықтималдылық, ұзақтық, жиілік және салдарлар қайтымдылығы, шоғырланымдық сипат салдары,шамасы және әсер етудің кеңістіктік бойлығы (географиялық ауданы және қарастырылатын тұрғындар саны) сияқты Құжатты іске асырудың экологиялық нәтижелерінің ерекшеліктері;

      7) Құжатты іске асыру нәтижесінің трансшекаралық сипаты;

      8) сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің жойылу қаупі төнген ерекше қорғалатын табиғи аумақтармен және табиғи таралу аймақтарымен, тарихи-мәдени мұра, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени маңызды нысандарымен байланысты ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, мемлекеттік табиғи-қорықтың қор нысандары, экологиялық желі элементтері үшін Құжатты іске асырудың мүмкін болатын нәтижелерінің деңгейлері мен сипаттары;

      9) бұрын стратегиялық экологиялық бағалау жүргізілмеген не жүргізілген, бірақ Құжатты іске асырудың барлық ықтимал экологиялық нәтижелерінің жеткілікті зерделеу қамтамасыз етілмеуіне қатысты Құжаттың ықтимал экологиялық салдарын бағалау қажеттілігі;

      10) стратегиялық экологиялық бағалау жүргізуге қатысты Құжатқа ұсынылатын өзгерістер сипаты негізінде жүргізіледі.

      4. Құжаттардың әсер ету скринингін жүргізуді құжатты әзірлеуші мемлекеттік орган құжатты әзірлеудің бастапқы сатысында ұйымдастырады.

      5. Құжаттардың әсер етуіне скрининг қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган:

      1) осы Кодекстің 71 және 72-баптарымен белгіленген тәртіпте және экологиялық бағалауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулыққа сәйкес мүдделі жұртшылықтан және мүдделі мемлекеттік органдардан алынған ескертулер мен ұсыныстарды;

      2) осы Кодекстің 92-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздің бар болуы кезінде трансшекаралық әсер етуіне бағалау жүргізу қажеттілігін ескере отырып жүргізеді.

      6. Құжатты әзірлеуші мемлекеттік орган Құжаттың әсер ету скрининіне бастамашылық ету үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға мына құжаттарды:

      1) Құжаттың негізгі бағыттары мен іске асыру мерзімдері туралы ақпаратты;

      2) Құжатты іске асыру жоспарланатын аумақ сипаттамасын;

      3) Құжатты іске асырудың қоршаған орта мен халықтың денсаулығына ықтимал әсерінің жалпы сипаттамасын жолдайды.

      7. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган оларды ресми интернет-ресурсында орналастырады және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 70-бабына сәйкес мүдделі ретінде анықтаған барлық мемлекеттік органдарға бұл туралы хабарлайды, ал әзірлеуші мемлекеттік орган сол мерзімде осы Кодекстің
71-бабында көзделген тәсілдермен мүдделі жұртшылыққа бұл туралы хабарлайды.

      8. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Құжаттың әсер етуіне скрининг жүргізу өтінішті және осы баптың 2-тармағында анықталған өлшемшарттар негізінде оған қоса берілетін Құжаттарды қарайды және мүдделі мемлекеттік органдардан және жұртшылықтан келіп түсетін ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, стратегиялық экологиялық бағалауды жүргізу қажеттілігінің жоқтығы немесе қажеттілігі туралы қорытынды (бұдан әрі – Құжаттың әсер етуіне скрининг нәтижелері туралы қорытынды) дайындайды.

      Егер қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Құжатты іске асырудың мүмкін болатын экологиялық нәтижелерінің маңызды еместігі туралы қорытындыға келсе, Құжаттың әсер ету скринингінің нәтижелері туралы қорытындыға осы Құжатқа стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу қажеттілігінің жоқтығы туралы қорытынды келтіріледі.

      Егер қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Құжатты іске асырудың мүмкін болатын маңызды экологиялық нәтижелері туралы қорытындыға келсе, Құжаттың әсер ету скринингінің нәтижелері туралы қорытындыға осы Құжатқа стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу қажеттілігі туралы қорытынды келтіріледі.

      9. Осы баптың 10-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктірмей қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлеуші мемлекеттік органға құжаттың әсер ету скринингінің нәтижелері туралы қорытындыны жібереді және мұндай қорытындының көшірмесін ресми интернет-ресурста орналастырады.

      10. Құжаттың әсер етуіне скрининг жүргізу мерзімі осы баптың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган алған күнінен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.

      67-бап. Стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепті қамту саласын анықтау

      1. Стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есептің қамту саласын айқындау барысында Құжаттың сипаты мен мазмұнын негізге ала отырып, стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепке енгізілуге жататын ақпараттың көлемі мен нақтылау дәрежесі белгіленеді.

      Стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есептің қамту саласын айқындау:

      1) қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына Құжатты іске асырудың ықтимал әсер етуінің масштабтарын анықтау;

      2) құжаттарға, қосылуы мүмкін негізделген және іс-жүзінде қолданылатын баламалы шешімдерді, соның ішінде қоршаған ортаны қорғау тұрғысынан ең жақсы шешімдерді анықтау;

      3) жұртшылыққа жоспарланатын Құжат, оған енгізілуі мүмкін болатын баламалы шешімдер және оны іске асырудың күтілетін нәтижелері туралы хабарлау;

      4) нақты Құжатқа қатысты мүдделі жұртшылықты анықтау;

      5) стратегиялық экологиялық бағалау жөнінде есепті дайындау шығындары негіздемесі үшін әзірлеуші мемлекеттік органды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;

      6) стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу барысында қажетті бастапқы деректер мен басқа да ақпараттың шеңберін анықтау;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) халықаралық шарттарына сәйкес қорғауға жататын және жергілікті, ұлттық немесе халықаралық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, өзге де аумақтарға және объектілерге жоспарланатын Құжаттың маңызды әсер етуін анықтау;

      8) қоршаған ортаға жоспарланатын Құжаттың іске асырылуының трансшекаралық әсер ету ықтималдығын анықтау;

      9) қоршаған ортаны қорғау саласында, соның ішінде халықаралық, ұлттық және жергілікті деңгейлерде Құжатқа қатынасы бар халықтың денсаулығына байланысты мақсаттарды анықтау мақсатында жүргізіледі.

      2. Стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепті қамту саласын анықтау осы Кодекстің 71 және 72-баптарына сәйкес мүдделі мемлекеттік органнан және жұртшылықтан алынған ескертпелер мен ұсыныстарды ескере отырып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.

      3. Стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепті қамту саласын анықтау Экологиялық бағалауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық белгілейді.

      4. Стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепті қамту саласын анықтау нәтижелерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қорытынды (бұдан әрі – стратегияны экологиялық бағалау жөніндегі есепті қамту саласын анықтау туралы қорытынды) түрінде рәсімдейді.

      68-бап. Стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есеп

      1. Стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепте қоршаған ортаға Құжатты іске асырудың ықтимал маңызды әсер етуі, сондай-ақ Құжат мақсаттарын және географиялық қамтылуын ескере отырып, онда ұсынылған ақылға қонымды баламалы шешімдер анықталады, сипатталады және бағаланады.

      2. Стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есептің мазмұны стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепті қамту саласын анықтау туралы қорытындыға сәйкес келуі тиіс.

      2. Стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есеп заманауи білім деңгейіне сәйкес келетін, осы баптың 4-тармағында көрсетілген ақпарат және бағалау әдістерін, Құжаттың мазмұнын және нақтылау дәрежесін қамтуы тиіс.

      3. Стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есеп:

      1) Құжат мазмұнының, Құжаттың негізгі мақсаттарының және оның басқа Құжаттармен байланысының қысқаша баяндалуын;

      2) Құжатты қабылдаудан бас тартқан жағдайда қоршаған ортаның ағымдағы сапасын бағалау және оны ықтимал өзгерту;

      3) Құжаттың іске асырылуымен байланысты маңызды дәрежеде қозғалатын аумақтардағы қоршаған орта сапасын бағалау;

      4) Құжатты іске асыру, соның ішінде халықтың денсаулығына қоршаған орта сапасының әсер етуі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға әсер етуі нәтижесінде қолданыстағы экологиялық мәселелер, олардың ұлғаю қаупі немесе жаңа экологиялық мәселелердің пайда болуы;

      5) қоршаған ортаны қорғау аумағының, соның ішінде халықаралық, ұлттық және (немесе) жергілікті деңгейлерде белгіленген, Құжатқа қатынасы бар қоршаған орта халқының денсаулығы мен өмірі үшін қолайлылықты қамтамасыз етуге байланысты мақсаттар, сондай-ақ Құжатты әзірлеу процесінде қоршаған ортаны қорғауға байланысты осы мақсаттарды және басқа мәселелерді есепке алу тәртібі;

      6) жанама, шоғырланымдық, қысқа мерзімді, орташа мерзімді және ұзақ мерзімді, тұрақты және уақытша, оң және теріс нәтижелерін қоса алғанда, Құжатты іске асырудың ықтимал маңызды экологиялық нәтижелерінің сипаты;

      7) қоршаған ортаға Құжатты іске асырудың кез-келген елеулі негативті әсер етуінің болдырмау, азайту, өтеу жөніндегі шаралар;

      8) стратегиялық экологиялық бағалау барысы0нда қаралған баламалы нұсқалардың арасынан Құжатта қабылданған таңдау негіздемесі және бағалауды жүргізу процесінің, соның ішінде қажетті әдістеменің жоқтығымен немесе білім олқылықтардың орын алуымен, бағалау процесінде ақпараттың немесе техникалық құралдардың жеткіліксіздігімен байланысты кез-келген қиындықтардың сипаты;

      9) жүргізілуі бойынша нақты шаралар сипатын қамтитын, қоршаған ортаға Құжатты іске асырудың елеулі әсер ету мониторингінің бағдарламасы;

      10) қоршаған ортаға Құжатты іске асырудың ықтимал трансшекаралық әсер етуінің сипаты (олар болған кезде), мүдделі мемлекеттік органдардың және жұртшылықтың, соның ішінде трансшекаралық әсер етуін бағалау барысында алынған ескертпелер мен ұсыныстары;

      11) осы тармақтың 1)-10) тармақшалары бойынша қысқаша және жалпылай түйінделген және жұртшылықтың түсінуі үшін қолжетімді нысанда ұсынылған қорытындыларды қамтитын стратегиялық экологиялық бағалау жөнінде есеп түйіндемесі.

      4. Құжатты әзірлеу аясында әзірлеуші мемлекеттік орган стратегиялық экологиялық бағалау жөнінде есеп дайындауды, соның ішінде қажеттілігіне қарай мемлекеттік сатып алулар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте сыртқы сарапшыларды тарта отырып қамтамасыз етеді.

      5. Әзірлеуші мемлекеттік орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға спасын бағалау үшін стратегиялық экологиялық бағалау жөнінде есепті тапсыруға міндетті. Стратегиялық экологиялық бағалау бойынша есепті әзірлеу мерзімін әзірлеуші мемлекеттік орган жеке, осындай мерзімнің Құжатты бекіткенге және онда стратегиялық экологиялық бағалау нәтижелерін есепке алғанға дейін стратегиялық экологиялық бағалауды аяқтау мүмкіндігі қамтамасыз етілетіндей жағдайда анықтайды.

      6. Әзірлеуші мемлекеттік органнан стратегиялық экологиялық бағалау жөнінде есепті алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган оларды ресми интернет-ресурсында орналастырады және қоршаған ортаны қорғау саласында уәкілетті орган 71-бапқа сәйкес мүдделі ретінде анықтаған барлық мемлекеттк органдарға осы туралы хабарлайды, ал әзірлеуші мемлекеттік орган сол мерзімде осы Кодекстің 72-бабында көзделген тәсілдермен мүдделі жұртшылыққа осы туралы хабарлайды.

      7. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепті қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың ескертпелері мен ұсыныстарын қабылдауды жүзеге асырады.

      8. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлеуші мемлекеттік органнан алынған стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепті мемлекеттік органдардан және жұртшылықтан келіп түскен ескертулер мен ұсыныстарды есепке ала отырып, стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі экологиялық есепті оның сапасына орай және мүдделі қамту саласын анықтау туралы қорытындыға сәйкестігін қарайды.

      9. Стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есептің сапасын бағалау нәтижелері бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы баптың 8-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есептің қанағаттанарлық немесе қанағаттанарлықсыз сапасы туралы қорытынды шығарады.

      Стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепті қанағаттанарлықсыз деп санаған жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қорытындысында есепті қанағаттанарлықсыз деп таныған аспектілерге нұсқаулар, соның ішінде мүдделі мемлекеттік органдардан және жұртшылықтан алынған ескертулер мен ұсыныстар сілтемесі, сондай-ақ қатар оның сапасын қанағаттанарлық деп тану үшін стратегиялық экологиялық бағалау жөнінде есепті пысықтау кезінде қабылдануы қажет шараларға қатысты ұсыныстар қамтылуы тиіс.

      Стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепті қанағаттанарлықсыз деп танылған жағдайда әзірлеуші мемлекеттік орган оны және қажеттілігіне қарай Құжат жобасын пысықтайды және осы бапта көзделген тәртіпте сапасына қайта бағалау жүргізу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға оларды табыс етеді.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қорытындысы негізінде сапасы қанағаттанарлық деп танылған стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есеп бар болған кезде ғана, осы Кодекске сәйкес стратегиялық экологиялық бағалауға жататын Құжатты бекітуге рұқсат етіледі.

      10. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есеп сапасы туралы қорытынды алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде әзірлеуші мемлекеттік орган осындай қорытындының көшірмесін ресми интернет-ресурсында орналастырады және осы Кодекстің 72-бабында көзделген тәсілдермен бұл туралы жұртшылыққа хабарлайды.

      69-бап. Стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепке сәйкестігі мәніне Құжатты қарау

      1. Әзірлеуші мемлекеттік орган стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепті осы Кодекстің 69-бабы 9-тармағына сәйкес қанағаттанарлық деп танығаннан кейін қажеттілігіне қарай стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есеп қорытындысын есепке ала отырып, Құжатты пысықтауды жүзеге асырады.

      2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес Құжатты пысықтағаннан кейін Құжат жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган қоғамдық тыңдауларға шығарады.

      Қоғамдық тыңдаулар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қоғамдық тыңдаулар жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

      70-бап. Стратегиялық экологиялық бағалау шеңберінде мүдделі мемлекеттік органдармен консультациялар

      1. Мүдделі мемлекеттік органдарға функциялары Құжатты іске асыруды қарастырылатын мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар жатады.

      2. Әрбір нақты жағдайда мүдделі мемлекеттік органдардың тізбесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган анықтайды. Бұл ретте барлық жағдайларда мүдделі мемлекеттік органдардың қатарына міндетті түрде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган, сондай-ақ Құжатты іске асырылуы болжанатын әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары қосылады.

      3. Құжаттардың жекелеген түрлері үшін міндетті түрде мүдделі мемлекеттік органдар қатарына жатқызуға жататын мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар тізбесі осындай Құжаттарды әзірлеу және бекіту тәртібін ретке келтіретін нормативтік құқықтық актілермен белгіленуі мүмкін.

      4. Мүдделі мемлекеттік органдармен консультациялар мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын алу, қарау және есепке алу процесі мыналарды:

      1) құжаттың әсер етуіне скрининг жүргізуді;

      2) стратегиялық экологиялық бағалау жөнінде есепті қамту саласын анықтауды;

      3) стратегиялық экологиялық бағалау жөнінде есеп сапасын қарастыруды;

      4) осы Кодекстің 69-бабы 9-тармағына сәйкес қанағаттанарлық деп танылған стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепке сәйкестігіне оны бекіткенге дейін Құжат жобасын қарауды білдіреді.

      5. Мүдделі органдармен консультациялар осы бапқа және Экологиялық бағалауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.

      6. Егер бұл ескертулер мен ұсыныстар Экологиялық бағалауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықта белгіленген тиісті мерзімдер ішінде ұсынылса, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Құжаттың әсер етуіне скрининг барысында алынған мүдделі мемлекеттік органдардың барлық ескертулері мен ұсыныстарын қарауға, стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепті қамту саласын анықтауға және стратегиялық экологиялық бағалау жөнінде есеп сапасын қарауға міндетті.

      Осы бапқа сәйкес мүдделі мемлекеттік органдар қатарына жатқызылған мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар осы Кодекстің талаптарына және Экологиялық бағалауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес өз ескертулері мен ұсыныстарын немесе олардың жоқтығы туралы хат тапсыруға міндетті.

      7. Осы бапқа сәйкес мүдделі мемлекеттік органдар жүргізілген консультациялар нәтижесі бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдардан алынған барлық ескертулер мен ұсыныстар көрсетілетін мүдделі органдармен консультациялардың хаттамасы жасалады.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдарға олардың ескертулері мен ұсыныстары стратегиялық экологиялық бағалаудың тиісті баптарында қалайша ескерілгені, сондай-ақ жекелеген ескертулер мен ұсыныстардың ескерілмеген себептері туралы ақпаратты тапсыруға міндетті.

      8. Мүдделі мемлекеттік органдармен консультациялар хаттамасы осы Кодекстің 72-бабы 5-тармағында көзделген тәсілдермен жұртшылыққа жеткізіледі.

      71-бап. Мүдделі жұртшылықтың стратегиялық экологиялық бағалау жүргізуге қатысуы

      1. Мүдделі жұртшылық:

      1) Құжаттың жобасына – стратегиялық экологиялық бағалаудың кез келген сатысында;

      2) стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу қажет болған немесе қажеттілік болмаған жағдайға – осы Кодекстің 67-бабында көзделген сатыда;

      3) стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепті қамту салаларына – осы Кодекстің 68-бабында көзделген сатыда;

      4) стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есептің сапасына – осы Кодекстің 69-бабында көзделген сатыда;

      5) Құжаттың қоршаған ортаға елеулі әсер етуінің мониторингі бағдарламасына – осы Кодекстің 75-бабында көзделген сатыда өздеріне қатысты ескертулер немесе ұсыныстар білдіруге құқылы.

      2. Әзірлеуші мемлекеттік орган мүдделі жұртшылықтың осы Кодекстің талаптарына және стратегиялық Экологиялық бағалауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, қолдағы баламалар қатарынан шешімдердің нұсқаларын таңдау мүмкін болатын Құжаттарды әзірлеудің бастапқы кезеңдерінен бастап, стратегиялық экологиялық бағалауды ұйымдастыру мен өткізу бойынша стратегиялық экологиялық бағалаудың барлық сатыларына қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

      3. Әзірлеуші мемлекеттік орган мүдделі жұртшылықтың стратегиялық экологиялық бағалау жүргізуге қатысуын:

      1) мүдделі жұртшылықты айқындау;

      2) мүдделі жұртшылыққа стратегиялық экологиялық бағалаудың барлық сатыларында уақтылы және лайықты тиімді ескертулер мен ұсыныстар беру мүмкіндігін жасайтын ақылға қонымды мерзімдерді белгілеу;

      3) осы Кодексте көзделген жағдайларда жұртшылыққа осы баптың 5-тармағында көзделген тәсілдермен хабарлау;

      4) жұртшылыққа оның сұрау салулары негізінде ақпарат беру;

      5) мүдделі жұртшылықты трансшекаралық әсерлерге бағалау жүргізілген жағдайларда оның консультациялар жүргізуге қатысу мүмкіндігі туралы хабарлау;

      6) стратегиялық экологиялық бағалау процесінде жұртшылықтың ескертулері мен ұсыныстарын есепке алу жолымен қамтамасыз етеді.

      4. Мүдделі жұртшылықты айқындау өлшемшарттары экологиялық бағалауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықта айқындалады.

      5. Стратегиялық экологиялық бағалау процесінде жұртшылыққа хабарлаудың міндетті тәсілдеріне:

      1) әзірлеуші мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында;

      2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында;

      3) осы баптың 6-тармағының 1) – 3), 11) тармақтарында көрсетілген ақпаратқа қатысты – Құжатты іске асыруға қатысты барлық аумақта таратылатын кемінде бір бұқаралық ақпарат құралында (мерзімді баспасөз басылымында, телеарна немесе радиоарна арқылы);

      4) Осы баптың 6-тармағының 1)-3), 11) тармақтарында көрсетілген ақпаратқа қатысты – қағаз жеткізгіштерде жергілікті жердегі халық үшін жалпыға бірдей қолжетімді орындарда (қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органның хабарландыру тақталарында, қағаз жеткізгіштерде, арнайы хабарландыруларды орналастыруға арналған орындарда);

      5) қарамағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар заңды тұлғаларға, егер олар қоршаған ортаға Құжаттың әсер етуімен оларға қозғалыс салу мүмкін болса, жеке жазбаша хабарламаларды тарату арқылы ақпаратты орналастыру жатады.

      6. Экологиялық бағалауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықта белгіленген тәртіппен стратегиялық экологиялық бағалау процесінде жұртшылыққа міндетті түрде берілуі тиісті ақпарат мыналардан:

      1) Құжатты әзірлеудің басталуы, оның атауы, негізгі бағыттары мен іске асыру мерзімдері туралы ақпаратты;

      2) мүдделі жұртшылықтан ескертулер мен ұсыныстарды қабылдауға және есепке алуға жауапты мемлекеттік органның (лауазымды тұлғаның) атауы және орналасқан жерін;

      3) стратегиялық экологиялық бағалаудың әр түрлі сатыларында мүдделі жұртшылықтан ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау мерзімдері, орнын және тәсілін;

      4) бекітілгенге дейін Құжаттардың жобаларын;

      5) Құжаттың әсер ету скринингін жүргізуге өтінішті және Құжаттың әсер ету нәтижелері туралы қорытындыны;

      6) стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есептердің қамту саласын айқындау туралы өтініштер мен қорытындыларды;

      7) стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есептерді;

      8) Құжаттың әсер етуінің скринингін жүргізу, стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есептің қамту саласын айқындау кезінде, сондай-ақ Құжат жобасының стратегиялық экологиялық бағалауының сапасын бағалау кезінде мүдделі мемлекеттік органдармен жүргізілген консультациялардың хаттамаларын;

      9) қоршаған ортаға Құжаттарды іске асырудың елеулі әсерлерінің мониторингі бойынша есептерді;

      10) қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы хабарландыруды;

      11) Құжаттардың жобалары және стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есептер бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу хаттамаларын;

      12) қоғамдық тыңдау барысында алынған ескертулер мен ұсыныстарды қорытуды қамтитын анықтамаларды;

      13) стратегиялық экологиялық бағалау шеңберінде жүргізілген трансшекаралық әсерлерді бағалау туралы ақпаратты;

      14) стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есептердің сапасы туралы қорытындыларын;

      15) бекітілген Құжаттарды;

      16) стратегиялық экологиялық бағалау жүргізуге байланысты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынылған өзге де құжаттар мен ақпаратты қамтиды.

      7. Осы баптың 6-тармағының 8-16-тармақтарда көрсетілген стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі ақпаратты әзірлеуші мемлекеттік орган міндетті түрде Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорына береді.

      72-бап. Стратегиялық экологиялық бағалау барысында жүргізілетін трансшекаралық әсерлерді бағалау

      1. Осы Кодекстің 92-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздер болған кезде стратегиялық экологиялық бағалау барысында трансшекаралық әсерлерге бағалау жүргізіледі.

      2. Трансшекаралық әсерлерді бағалау осы тараудың 4-параграфына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүргізіледі.

      73-бап. Стратегиялық экологиялық бағалауға жататын Құжаттарды бекіту ерекшеліктері

      1. Стратегиялық экологиялық бағалауға жататын Құжат стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есептің деректерін, мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың ескертулері мен ұсыныстарын, оның ішінде қоғамдық тыңдаулардың нәтижелерін, ал трансшекаралық әсерлерге бағалау жүргізілген жағдайда осындай бағалау нәтижелерін ескеруге тиіс.

      74-бап. Құжаттардың қоршаған ортаға елеулі әсер етуінің мониторингі

      1. Әзірлеуші мемлекеттік орган стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есептің бөлігі болып табылатын мониторинг бағдарламасына сәйкес Құжаттың қоршаған ортаға елеулі әсерлерінің мониторингін жүргізуді қамтамасыз етуге жауапты болады.

      2. Құжаттардың қоршаған ортаға елеулі әсер етуі мониторингінің мақсаттары:

      1) Құжаттың бұрын ескерілмеген қоршаған ортаға елеулі қолайсыз әсерін уақтылы анықтау және оларды болдырмау және жою жөнінде тиісті шаралар қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз ету;

      2) Құжаттың қоршаған ортаны қорғау мақсаттарына, оның ішінде қоршаған орта сапасының халықаралық, ұлттық және жергілікті деңгейде белгіленген және осы Құжатқа қатысы бар халықтың өмірі мен денсаулығына әсеріне байланысты сәйкестігін қамтамасыз ету болып табылады.

      3. Құжаттарды іске асыру нәтижесінде қоршаған ортаға елеулі әсерлерге мониторинг жүргізу тәртібі Экологиялық бағалауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықта белгіленеді.

      4. Құжатты әзірлеуші мемлекеттік орган мониторинг бағдарламасында белгіленген мерзім ішінде жыл сайынғы негізде қоршаған ортаға Құжаттарды іске асырудың елеулі әсерлерінің мониторингі жөніндегі есепті дайындауды қамтамасыз етеді және оны қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынады, сондай-ақ осы Кодекстің 72-бабының 5-тармағына және Экологиялық бағалауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес мониторинг нәтижелері туралы жұртшылыққа хабарлайды.

      Параграф 3. Қоршаған ортаға әсерді бағалау

      75-бап. Қоршаған ортаға әсерді бағалау

      1. Қоршаған ортаға әсерді бағалау деп осы Кодекстің 79-бабында көзделген кезеңдерді қамтитын көзделген қызметті іске асырудың қоршаған ортаға ықтимал елеулі әсерлерін тиісті зерттеулер негізінде анықтау, зерделеу, сипаттау және бағалау процесі түсініледі.

      2. Осы Кодексте көзделген қызмет деп жеке және заңды тұлғалардың өндірістік және өзге де объектілерді салуға және одан әрі пайдалануға, қоршаған ортаға өзгедей түрде араласуға, оның ішінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу жолымен, сондай-ақ осындай қызметке елеулі өзгерістер енгізуге байланысты көзделген қызметі түсініледі.

      76-бап. Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың міндеттілігі

      1. Қоршаған ортаға әсерді бағалау:

      1) көрсетілген сандық шекті мәндерді (бар болған кезде) ескере отырып, осы Кодекске 1-қосымшаның 1-бөліміне сәйкес көзделген қызмет түрлері;

      2) осы Кодекске 1-қосымшаның 1-бөлімінде көрсетілген, нәтижесінде тиісті сандық шекті мәндерге қол жеткізілетін көзделген немесе жүзеге асырылатын қызмет түрлеріне енгізілетін өзгерістер;

      3) қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу міндеттілігі көзделген қызметтің әсерлері скринингінің нәтижелері туралы қорытындыда белгіленген болса, онда көрсетілген сандық шекті мәндерді (олар болған кезде) ескере отырып, осы Кодекске 1-қосымшаның 2-бөліміне сәйкес көзделген қызметтің түрлері;

      4) қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу міндеттілігі көзделген қызметтің әсерлері скринингінің нәтижелері туралы қорытындыда белгіленген болса, оған қатысты бұрын қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалау жүргізілген, көзделген немесе жүзеге асырылатын қызметке енгізілетін елеулі өзгерістердің болуы үшін міндетті болып табылады.

      2. Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы және осы Кодекстің 81-бабы 2-тармағының 3) тармақшасындағы елеулі өзгерістер деп нәтижесінде:

      1) өндіріс көлемі немесе қуаты артатын;

      2) қызметінде пайдаланылатын табиғи ресурстардың мөлшері ұлғаятын және (немесе) түрі өзгеретін;

      3) пайдаланылатын отынның және (немесе) шикізаттың мөлшері ұлғаятын және (немесе) түрі өзгеретін;

      4) қоршаған ортаға әсер етуге бағалау жүргізу кезінде бұрын ескерілмеген бұзылған жерлердің көлемі ұлғаятын немесе жердің бұзылуына әкелетін;

      5) нәтижесінде эмиссиялардың сандық және сапалық көрсеткіштері нашарлауы, осындай эмиссиялардың аймағы өзгеруі және (немесе) түзілген қалдықтардың көлемі артуы мүмкін технология, өндірістік процесті не пайдалану тәсілін басқару өзгедей түрде елеулі өзгеретін қызметтің көрсетілген түрлеріне енгізілетін кез келген өзгерістер түсініледі.

      3. Қоршаған ортаға әсерді бағалау осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген белгіленіп отырған қызмет үшін міндетті болып табылмайды және осындай қызмет бастамашыларының қалауы бойынша ерікті түрде жүргізілуі мүмкін.

      4. Көзделген қызмет немесе оның бөлігі қоршаған ортаға әсері, сондай-ақ оған, егер оны жүзеге асыру немесе оған өзгерістер енгізу, оның ішінде елеулі өзгерістер енгізу, авариялық немесе төтенше жағдайдың алдын алуға, жоюға немесе салдарларын жоюға, соғыс жағдайын енгізуге байланысты немесе Қазақстан Республикасының қорғанысын немесе ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл шараларға байланысты қажет болса, міндетті бағалауға жатпайды.

      5. Егер оны жүргізу осы Кодекстің талаптарына сәйкес осындай көзделген қызмет үшін міндетті болып табылса, қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалауды жүргізбей, көзделген қызметті іске асыруға, оның ішінде көзделген қызметті жүзеге асыру үшін экологиялық рұқсат беруге және жер учаскесін беруге тыйым салынады.

      Осы Кодекстің 83-бабына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган дайындаған қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы қорытындының негізінде көзделген қызметтің бастамашысы Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен көзделген қызметті жүзеге асыру үшін қажетті жер учаскесін (жер учаскелерін) қоршаған ортаға әсерге міндетті бағалау жүргізу кезеңіне резервте қалдыру үшін өтініш жасауға құқылы.

      Көзделген қызмет үшінші тұлғалардың жеке меншігіндегі немесе жер пайдалануындағы жер учаскелерін пайдалануды көздеген жағдайларда бастамашының мұндай тұлғалармен қатынастары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі.

      77-бап. Қоршаған ортаға әсерді бағалау кезінде есепке алуға жататын әсерлердің түрлері мен объектілері

      1. Қоршаған ортаға әсерді бағалау процесінде әсер етудің мынадай түрлері:

      1) тікелей әсер етулер – көзделген қызметтің негізгі және ілеспе түрлерімен тікелей көрсетілуі мүмкін әсер етулер;

      2) жанама әсер ету – көзделген қызметті жүзеге асыру салдарынан туындауы мүмкін жанама (қайталама) факторлардан туындайтын қоршаған орта мен халықтың денсаулығына әсер ету;

      3) кумулятивтік әсер ету – бұрынғы және қолданыстағы антропогендік немесе табиғи сипаттағы әсерлердің жиынтығында туындайтын, қоршаған ортадағы тұрақты өсіп келе жатқан теріс өзгерістердің нәтижесінде, сондай-ақ, көзделген қызметті жүзеге асыруға ілесіп жүретін, негізді болжамды болашақ әсерлердің салдарынан туындайтын әсер ету есепке алынуы тиіс.

      2. Қоршаған ортаға әсерді бағалау процесінде мынадай әсер ету объектілеріне, оның ішінде олардың өзара байланысы мен өзара іс-қимылында:

      1) атмосфералық ауаға;

      2) жерүсті және жерасты суларына;

      3) су айдындары түбінің бетіне;

      4) ландшафтарға;

      5) жер және топырақ жамылғысына;

      6) өсімдік дүниесіне;

      7) жануарлар дүниесіне;

      8) экологиялық жүйелердің жай-күйіне;

      9) халық денсаулығының жай-күйі мен өмір сүру жағдайына;

      10) ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылықты білдіретін объектілерге;

      11) экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жүйелер ахуалының өзгеруіне қарсылыққа әсерді бағалау жүргізіледі.

      3. Көзделген қызмет ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға әсер ете аталатын жағдайларда, қоршаған ортаға әсерді бағалау процесінде тиісті табиғи кешендерге, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлеріне, сондай-ақ, осы жерлерде және басқа санаттағы жерлерде орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілеріне әсерді бағалау жүргізіледі.

      4. Қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу кезінде антропогендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың, қоршаған ортаның авариялық ластануының туындауынан пайда болуы мүмкін қоршаған ортаға әсерді бағалауға жатады, көзделген қызметтің қоршаған ортаға зиянды әсерінің алдын алу және қысқарту жөніндегі ықтимал шаралар мен әдістер, сондай-ақ, өндірістік экологиялық мониторингтің қажетті көлемі айқындалады.

      5. Қоршаған ортаға әсерге бағалау жүргізу процесінде қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсер етудің теріс және оң әсері есепке алынуға жатады.

      6. Қоршаған ортаға әсерді бағалау процесінде парниктік газдар шығарындыларының нәтижесінде пайда болған әсер есепке алуға жатпайды.

      78-бап. Қоршаған ортаға әсерді бағалау сатылары

      Қоршаған ортаға әсерді бағалау мынадай сатыларды:

      1) көзделген қызмет туралы өтінішті оның осы Кодекстің талаптарына сәйкестігін айқындау, сондай-ақ, осы Кодексте көзделген жағдайларда көзделген қызметтің әсерлеріне скрининг жүргізу мақсатында қарауды;

      2) қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындауды;

      3) ықтимал әсерлер туралы есепті дайындауды;

      4) ықтимал әсерлер туралы есептің сапасын бағалауды;

      5) қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды шығаруды және оны есепке алуды;

      6) осы Кодекске сәйкес анықталған жағдайда, көзделген қызметті іске асырудың іс жүзіндегі әсерлерін жобадан кейінгі талдауды жүргізуді қамтуы тиіс.

      79-бап. Көзделген қызмет туралы өтініш

      1. Осы Кодексте қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалау немесе көзделген қызметтің әсерлеріне міндетті скрининг көзделген қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген тұлға қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға көзделген қызмет туралы өтініш беруге міндетті, содан кейін аталған тұлға қоршаған ортаға әсерді тиісінше бағалаудың немесе көзделген қызметтің әсерлеріне скринингтің бастамашысы (бұдан әрі – бастамашы) болып танылады.

      2. Көзделген қызмет туралы өтініш электрондық нысанда беріледі, ол мынадай мәліметтерді:

      1) жеке тұлға үшін: тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), тұрғылықты мекенжайын, жеке сәйкестендіру нөмірін, телефонын, электрондық пошта мекенжайын;

      2) заңды тұлға үшін: атауы, орналасқан жерінің мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірін, бірінші басшы туралы деректерді, телефоны, электрондық пошта мекенжайын;

      3) көзделген қызмет түрлерінің жалпы сипаттамасы және оларды 1-қосымшаға сәйкес жіктеу немесе осы кодекстің 77-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес осындай қызмет түрлеріне енгізілетін елеулі өзгерістердің сипаттамасын;

      4) көзделген қызметті жүзеге асырудың болжамды орны туралы мәліметтер, орынды таңдау негіздемесі және басқа да орындарды таңдау мүмкіндіктерін;

      5) объектінің қуатын (өнімділігін), оның ұзындығын, ауданын, өнімнің сипаттамасын қоса алғанда, көзделген қызметтің жалпы болжамды техникалық сипаттамаларын;

      6) көзделген қызмет үшін болжанатын техникалық және технологиялық шешімдердің қысқаша сипаттамасын;

      7) көзделген қызметті іске асыруды бастаудың және оны аяқтаудың болжамды мерзімін;

      8) қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ресурстар түрлерінің, оның ішінде су ресурстарының, жер ресурстарының, топырақтың, пайдалы қазбалардың, өсімдіктердің, шикізаттың, энергияның болжамды мөлшерлік және сапалық сипаттамалары көрсетіле отырып жасалған сипаттамасын;

      9) көзделген қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пайда болуы мүмкін қоршаған ортаға эмиссиялар мен қалдықтардың болжамды түрлерінің, көлемдерінің және сапалық сипаттамаларының сипаттамасын;

      10) көзделген қызметті жүзеге асыру үшін, болуы болжамды талап етілетін рұқсаттардың және осындай рұқсаттарды беру құзыретіне кіретін мемлекеттік органдардың тізбесі;

      11) көрсетілген көзделген қызметтің мақсаттарына қол жеткізудің ықтимал баламаларын (баламалы техникалық және технологиялық шешімдерді қолдануды және объектінің орналасқан жерін қоса алғанда) және оны жүзеге асыру нұсқаларын сипаттауды;

      12) көзделген қызметті жүзеге асыру нәтижесінде қоршаған ортаға теріс және оң әсер етудің ықтимал нысандарының сипаттамасы, олардың ықтималдығын, ұзақтығын, жиілігін және қайтымдылығын ескере отырып, олардың сипаты мен күтілетін ауқымдарын;

      13) қоршаған ортаға трансшекаралық әсер етудің ықтимал нысандарының сипаттамасы, олардың ықтималдығын, ұзақтығын, жиілігін және қайтымдылығын ескере отырып, олардың сипаты мен күтілетін ауқымдарын;

      14) көзделген қызметті жүзеге асыру болжанатын аумақтағы және (немесе) акваториядағы қоршаған орта құрамбөліктерінің ағымдағы
жай-күйінің қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ егер бастамашыда ондайлар бар болса, фондық зерттеулердің нәтижелерін;

      15) қолайсыз әсер етудің ықтимал нысандарының алдын алу, болдырмау және оларды азайту жөніндегі, сондай-ақ олардың зардаптарын жою жөніндегі ұсынылатын шараларды қамтуы тиіс.

      3. Көзделген қызмет туралы өтініш беру, көзделген қызметтің әсерлеріне скрининг жүргізу немесе қоршаған ортаға әсерді бағалау мақсаттары үшін бастамашыда көзделген қызметті жүзеге асыру үшін қажетті жер учаскесіне қатысты құқықтардың болуы талап етілмейді.

      4. Егер көзделген қызметті жүзеге асыру үшін экологиялық рұқсат алу талап етілетін болса, бастамашы тиісті экологиялық рұқсат беру рәсімі шеңберінде көзделген қызмет туралы өтініш беруге құқылы.Мұндай жағдайларда тиісті рұқсат беруге арналған өтінішті қарау мерзімі қоршаған ортаға әсерге бағалау жүргізу кезеңіне тоқтатыла тұрады.

      5. Көзделген қызмет туралы өтінішті алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган оны осы баптың 2-тармағында көрсетілген мәліметтердің болуы тұрғысынан тексереді және:

      1) көзделген қызмет туралы өтініште осы баптың 2-тармағына сәйкес міндетті бір немесе бірнеше деректемелер болмаған жағдайда, бастамашыға кемшіліктерді жою және көзделген қызмет туралы қайтадан өтініш беру қажеттігі туралы хабарлайды;

      2) бастамашы осы баптың 2-тармағына сәйкес барлық қажетті мәліметтерді қамтитын көзделген қызмет туралы өтініш берген жағдайда көзделген қызмет туралы өтінішті ресми интернет-ресурсында орналастырады және оның көшірмесін тиісті мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді.

      Осы параграфта мүдделі мемлекеттік органдар деп қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволары, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган, құзыреті саласына көзделген қызметтің құрамына кіретін қызметтің бір немесе бірнеше түрлерін реттеу, қызметтің мұндай түрлері үшін рұқсаттар беру немесе хабарламалар қабылдау жататын мемлекеттік органдар, сондай-ақ қарастырылып отырған аумақтың шегінде толық немесе ішінара орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктердің (қалалардың, аудандардың) жергілікті атқарушы органдары түсініледі.

      Осы параграфта қарастырылатын аумақ деп шегінде қоршаған орта мен халық көзделген қызметтің елеулі әсеріне ұшырауы мүмкін аумақ түсініледі

      6. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (қалалардың, аудандардың) жергілікті атқарушы органдары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан көзделген қызмет туралы өтініштің көшірмесін алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурстарында орналастырады.

      7. Көзделген қызмет туралы өтініш қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (қалалардың, аудандардың) жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурсында орналастырылған күнінен бастап, қатарынан күнтізбелік отыз күн ішінде орналастырылуға тиіс.

      Интернет-ресурста орналастырылған көзделген қызмет туралы өтініш көзделген қызмет түрі, пошта мекенжайы және ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау жүзеге асырылатын электрондық мекенжайлары, сондай-ақ ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың аяқталу күні көрсетіле отырып, көзделген қызмет туралы өтінішке қатысты ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау туралы жұртшылық үшін ресми хабарламамен сүйемелденуі тиіс.

      8. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (қалалардың, аудандардың) жергілікті атқарушы органдары көзделген қызмет туралы өтініш ресми интернет-ресурстарда орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарының бірінде, сондай-ақ өзге де тәсілдермен осы баптың 7-тармағында көрсетілген ресми хабарламаны таратуды қосымша ұйымдастырады.

      9. Көзделген қызмет туралы өтінішке қатысты мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың ескертулері мен ұсыныстарын қабылдауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылық көзделген қызмет туралы өтінішке қатысты өзінің ескертулері мен ұсыныстарын бастамашы көзделген қызмет туралы өтінішті қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға берген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде беруге құқылы.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін алынған мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың ескертулері мен ұсыныстарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қарауға қабылдамайды.

      10. Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау мерзімі өткен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтан қарауға қабылданған көзделген қызмет туралы өтінішке ескертулер мен ұсыныстардың жиынтық кестесі түрінде ресімделетін хаттамаға барлық ескертулер мен ұсыныстарды енгізеді, сондай-ақ сол мерзім ішінде мұндай хаттаманы ресми интернет-ресурсында орналастырады және оның көшірмесін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (қалалардың, аудандардың) жергілікті атқарушы органдарына жібереді.

      Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (қалалардың, аудандардың) жергілікті атқарушы органдары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген хаттаманың көшірмесін алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде оны ресми интернет-ресурстарда орналастырады.

      11. Трансшекаралық әсерлерді бағалауға бастамашылық жасау үшін негіз болған кезде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 92-бабына сәйкес трансшекаралық әсерлерді бағалауға бастамашылық жасайды.

      80-бап. Көзделген қызметтің әсер ету скринингі

      1. Көзделген қызметтің әсер ету скринингі осы Кодекстің 82-бабында белгіленген шарттар өлшемшарттар негізінде қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу қажеттілігін немесе қажеттілігінің болмауын айқындау мақсатында жүзеге асырылатын көзделген қызметті іске асырудың қоршаған ортаға ықтимал елеулі әсер етуін анықтау процесін білдіреді.

      2. Скрининг жүргізу мақсатында көзделген қызмет туралы өтініш беру:

      1) осы Кодекске 1-қосымшаның 2-бөліміне сәйкес онда көрсетілген сандық шекті мәндер (олар болған жағдайда) ескеріле отырып, көзделген қызметтің түрлері үшін;

      2) осы Кодекске 1-қосымшаның 2-бөлімінде көрсетілген, нәтижесінде тиісті сандық шекті мәндерге қол жеткізілетін көзделген немесе жүзеге асырылатын қызмет түрлеріне енгізілетін өзгерістер үшін;

      3) осы Кодекске 1-қосымшаның 2-бөлімінде көрсетілген, оған қатысты бұрын көзделген қызметтің әсеріне скрининг жүргізілген, оның нәтижелері бойынша қоршаған ортаға әсерге міндетті бағалау жүргізу қажеттілігінің болмауы белгіленген көзделген немесе жүзеге асырылатын қызметке енгізілетін елеулі өзгерістер үшін;

      4) осы Кодекстің 77-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген жағдайда міндетті болып табылады.

      Мұндай қызметті белгіленген қызметтің скринингінен өтпей жүзеге асыруға тыйым салынады.

      3. Белгіленген қызмет скринингін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 80-бабының 5-10-тармақтарына, 81-бабына және Экологиялық бағалауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес ұйымдастырады.

      4. Көзделген қызмет әсерлерінің скринингін жүргізу мерзімі осы Кодекстің 80-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында көзделген қызмет туралы өтініштің көшірмесі орналастырылған күннен бастап отыз жұмыс күнін құрайды.

      5. Көзделген қызметтің әсер ету скринингін жүргізу кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 80-бабының 10-тармағына сәйкес хаттамаға енгізілген барлық ескертулер мен ұсыныстарды назарға алады.

      6. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы баптың 4-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктірмей қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауды жүргізу қажеттілігі немесе қажеттілігінің болмауы туралы қорытынды қамтитын көзделген қызмет әсерлері скринингінің нәтижелері жөнінде қорытынды шығарады, оны бастамашыға және мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді, сондай-ақ осыдан кейін екі жұмыс күні ішінде оның көшірмесін ресми интернет-ресурсында орналастырады.

      7. Көзделген қызметтің әсер ету скринингінің нәтижелері туралы қорытындыда қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауды жүргізу қажеттілігінің немесе қажеттіліктің болмауының дәлелді негіздемесі қамтылуға тиіс7

      8. Егер көзделген қызметтің әсер ету скринингінің нәтижелері туралы қорытындыда қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауды жүргізу қажеттігі туралы тұжырым жасалса, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган скрининг нәтижелері туралы қорытындымен бірге бастамашыға осы Кодекстің 83-бабына сәйкес дайындалған қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы қорытындыны жібереді.

      9. Көзделген қызмет туралы өтініште көзделген қызметті іске асырудың бірнеше балама нұсқалары болған кезде скрининг нәтижелері туралы қорытындыда әрбір нұсқа бойынша жеке тұжырым жасалады.

      10. Жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен скрининг нәтижелері туралы қорытындыға дау айтуға құқылы.

      81-бап. Қоршаған ортаға елеулі әсер етудің өлшемшарттары

      1. Көзделген қызмет әсерлерінің скринингін жүргізу кезінде көзделген қызметті және оның қоршаған ортаға ықтимал әсерінің маңыздылығын сипаттайтын мынадай өлшемшарттар:

      1) Мыналарды:

      көзделген қызметтің түрі мен ауқымын (өндіріс көлеміне, қуатына және осы Кодекске 1-қосымшаның I бөлімінде сандық шекті мәндерге қатысты көзделген өзге де көрсеткіштерге);

      болжанатын объектіні орналастыру ауданында басқа да белгілі қызметтің (іске асырылған, жобаланатын, көзделген) әсері мен оның әсерін кумуляциялауды;

      пайдаланылатын табиғи ресурстардың түрлері мен санын,

      түзілетін қалдықтардың түрлері мен санын,

      қоршаған ортаны ластау және халықтың денсаулығына зиян келтіру қатерінің деңгейін,

      Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасының ережелерін ескере отырып, төтенше жағдайдың және (немесе) аварияның туындау қатері деңгейін есепке ала отырып, көзделген қызмет параметрлерін;

      2) Мыналары:

      тиісті жерлердің ағымдағы нысаналы мақсатын және тұрақты жер пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясаттың басымдықтарын;

      қарастырылатын аумақтағы табиғи ресурстарды табиғи регенерациялаудың салыстырмалы өкілдігіне, санына, сапасына және қабілетін;

      ландшафтың экологиялық орнықтылығының аумақтық жүйесіне, ерекше қорғалатын аумақтарға, ландшафттың маңызды элементтеріне, тарихи-мәдени мұра объектілеріне, тығыз қоныстанған аумақтар мен рұқсат етілген шектен тыс жүктеме (ескі жүктемені қоса алғанда) салмағын көтеретін ерекше назар аудара отырып, жүктеме тасымалдау қабілетін ескере отырып қарастырылатын аумақ параметрлерін;

      3) әсер ету көлемін (аумақты және халық санын), оның трансшекаралық сипатын (оны мемлекет шекарасынан тыс жерге тарату тұрғысынан), мөлшерін, күрделілігін, ықтималдығын, ұзақтығы мен жиілігін, сондай-ақ салдардың қайтымдылығын (қоршаған ортаны немесе оның жеке құрамбөлігін бастапқы жағдайға жақын күйге қайтару мүмкіндігі) ескере отырып, көзделген қызметтің халыққа, адамның өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға әсерінің әлеуетті маңыздылығын қарастырады.

      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген өлшемшарттарды қарау экологиялық бағалауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

      82-бап. Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау

      1. Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындаудың мақсаты қоршаған ортаға әсерді бағалау барысында жинақталуы және зерттелуі тиіс егжей-тегжейлі дәрежесін және ақпарат түрлерін, зерттеу әдістерін және ықтимал әсерлер туралы есепте осындай ақпаратты ұсыну тәртібін айқындау болып табылады.

      2. Осы Кодекске сәйкес қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауға жататын қызметке қатысты көзделген қызмет туралы өтініш ресми интернет-ресурсында орналастырылған күннен бастап отыз жұмыс күні өткен соң қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің
80-бабының 10-тармағына сәйкес хаттамаға енгізілген мүдделі органдар мен жұртшылықтың ескертпелері мен ұсыныстарын ескере отырып, көзделген қызмет туралы өтініште қамтылған мәліметтер негізінде қоршаған ортаға әсерді бағалауды қамту саласын айқындау туралы қорытынды шығарады, осындай қорытындыны бастамашыға жібереді және оның көшірмесін ресми интернет-ресурсында орналастырады.

      3. Қамту саласын айқындау кезінде заманауи білім деңгейі, зерттеулердің озық әдістері, экономиканың тиісті саласындағы қазіргі техникалық мүмкіндіктер және қоршаған ортаның жай-күйі туралы деректердің болуы ескерілуі тиіс.

      4. Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау барысында қоршаған ортаға ықтимал әсерлердің оқшаулануын, сипаты мен ауқымын, сондай-ақ осы Кодекстің 80-бабының 10-тармағына сәйкес хаттамаға енгізілген мүдделі органдар мен жұртшылықтың ескертпелері мен ұсыныстарын ескере отырып:

      1) ықтимал әсерлер туралы есептің мазмұнына нақты талаптар қоюдан бас тарту;

      2) нұсқау:

      қоршаған ортаға әсерді бағалауды орындау кезінде зерделенуі тиіс көзделген қызметтің мақсаттарына қол жеткізудің және оны жүзеге асырудың балама нұсқаларын әзірлеу;

      егжей-тегжейлі зерделеуді талап ететін әсер ету түрлерін және әсер ету объектілері;

      бағалау саласы және оның әдістері туралы шешім қабылдануы мүмкін.


      83-бап. Ықтимал әсерлер туралы есеп

      1. Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы қорытындыға сәйкес бастамашы көзделген қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау үшін қажетті іс-шараларды өткізуді және олардың нәтижелері бойынша ықтимал әсерлер туралы есепті дайындауды қамтамасыз етеді.

      2. Ықтимал әсерлер туралы есепті дайындауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – ықтимал әсерлер туралы есепті құрастырушылар) жүзеге асырады.

      3. Қоршаған ортаға әсерді бағалау және ықтимал әсерлер туралы есеп жобасын дайындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыруды бастамашы өз есебінен қамтамасыз етеді.

      4. Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы қорытындының мазмұнын ескере отырып, ықтимал әсерлер туралы есептің жобасы:

      1) өзіне қатысты есеп жасалған көзделген қызметтің сипаттамасы, оның ішінде:

      көзделген қызметті жүзеге асырудың болжамды орнының сипаттамасы, геоақпараттық жүйеге сәйкес анықталған, векторлық файлдары бар оның координаттары, сондай-ақ есепті жасау сәтінде көзделген қызметті жүзеге асырудың болжамды орнындағы қоршаған ортаның
жай-күйінің сипаттамасы;

      белгіленіп отырған қызметті жүзеге асыру үшін қажетті объектілерді салу және пайдалану барысында жер санаты және жер учаскесін пайдалану мақсаты туралы ақпарат;

      қуатын, габариттерін (алып отырған жерлердің ауданы, биіктігі) қоса алғанда, көзделген қызметті жүзеге асыру үшін қажетті объектілердің көрсеткіштері туралы ақпарат, өндірістік процесс туралы, оның ішінде кәсіпорынның күтілетін өнімділігі, оның энергияға, табиғи ресурстарға, шикізат пен материалдарға деген қажеттілігі туралы мәліметтер;

      жұмыс істеп тұрған ғимараттарды, құрылысжайларды, құрылысжайларды, ғимараттарды, жабдықтарды кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстардың сипаттамасы және егер бұл жұмыстар көзделген қызметті іске асыру мақсаттары үшін қажет болса, орындау тәсілдері;

      қоршаған ортаға күтілетін эмиссиялар және қаралатын қызметті жүзеге асыру үшін объектілерді салуға және пайдалануға байланысты өзге зиянды антропогендік әсер зиянды әсерлер мен эмиссиялар, оның ішінде суға, атмосфералық ауаға, топыраққа, жер қойнауына әсер етуі, сондай-ақ шу, электромагниттік, жылу және радиациялық әсер етулер туралы ақпарат;

      көзделетін қызмет аясында объектілерді салу және пайдалану барысында пайда болған қалдықтардың, оның ішінде жұмыс істеп тұрған ғимараттарды, құрылысжайларды, құрылымжайларды, жабдықтарды кейіннен кәдеге жаратуды жүзеге асыру нәтижесінде пайда болған қалдықтардың күтілетін түрлері, сипаттамалары және көлемі туралы ақпарат;

      2) көзделген қызметті оның ерекшеліктері мен оның қоршаған ортаға ықтимал әсерін ескере отырып, жүзеге асырудың ықтимал нұсқаларының сипаттамасы, оның ішінде:

      бастамашы қолдану үшін таңдаған нұсқа, оны таңдауды негіздеу, басқа да ықтимал ұтымды нұсқаларды, оның ішінде қоршаған ортаны және адамдардың денсаулығын қорғау тұрғысынан неғұрлым қолайлы ұтымды нұсқаны сипаттау;

      қолда бар ақпарат пен ғылыми білімге негізделген бастамашы көзделген қызметті жүзеге асырудан бас тартқан жағдайда қоршаған орта
жай-күйінің ықтимал болашақ өзгерістерінің сипаттамасы;

      3) қоршаған ортаның компоненттері және көзделген іс-әрекеттің елеулі әсерлеріне ұшырауы мүмкін өзге құрамбөліктер, оның ішінде адамдардың денсаулығын, олардың өмір сүру және қызмет жағдайларын, биоәртүрлілікті (өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, өсімдіктер мен жабайы жануарлардың табиғи ареалдарын, экожүйелерді қоса алғанда), жерді (жерді алып қоюды қоса алғанда), топырақты (органикалық құрамды, эрозияны, нығыздалуды, тозудың өзге де нысандарын қоса алғанда), суды (судың гидроморфологиялық өзгерістерін, мөлшері мен сапасын қоса алғанда), атмосфералық ауаны қоса алғанда, экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жүйелер ахуалының өзгеруіне қарсы тұру, материалдық активтер, тарихи-мәдени мұра объектілері (оның ішінде сәулет және археологиялық), ландшафттар, сондай-ақ аталған объектілердің өзара әрекеті туралы ақпарат;

      4) осы тармақтың 3) тармақшасында санамаланған объектілерге көзделген қызметтің ықтимал елеулі әсерлерінің (тікелей және жанама, кумулятивтік, трансшекаралық, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді, оң және теріс) сипаттамасы:

      көзделген қызметті жүзеге асыруға арналған объектілерді салу және пайдалану, оның ішінде жұмыс істеп тұрған объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстарды жүргізу қажет болған жағдайларда оларды салу және пайдалану;

      табиғи ресурстарды пайдалану (оның ішінде осы ресурстарының болуына және олардың орналасқан жеріне байланысты жерді, жер қойнауын, топырақты, суды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілері);

      қоршаған ортаға эмиссиялар, қалдықтардың жинақталуы және оларды көму;

      жұмыс істеп тұрған және жоспарланатын өндірістік және өзге де объектілерден кумулятивтік әсер ету;

      көзделген қызметті жүзеге асыру процесінде ғылыми-технологиялық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және өзге де жобалық шешімдерді, оның ішінде осы Кодексте көзделген жағдайларда - оларды қолданудың тиісті салалары бойынша ең озық қолжетімді техникаларды қолдану;

      5) эмиссиялардың шекті сандық және сапалық көрсеткіштерінің, табиғи ортаға физикалық әсерлердің негіздемесі;

      6) қалдықтардың түрлері бойынша жинақталуының шекті көлемдерінің негіздемесі;

      7) егер қалдықтарды көму көзделген қызмет шеңберінде көзделсе, олардың түрлері бойынша көмудің шекті көлемдерінің негіздемесі;

      8) көзделген қызметті жүзеге асыру шеңберінде тиісінше көзделген қызметке және оны жүзеге асырудың болжамды орнына тән авариялар мен қауіпті табиғи құбылыстардың туындау ықтималдығын айқындау туралы ақпарат, оларды болдырмау және жою жөніндегі іс-шараларды жүргізу мүмкіндігін ескере отырып жасалған авариялар мен қауіпті табиғи құбылыстардың туындау тәуекелдеріне байланысты қоршаған ортаға ықтимал елеулі зиянды әсерлердің сипаттамасы;

      9) объектіні салу және пайдалану кезеңдері үшін көзделетін қоршаған ортаға көзделген қызметтің анықталған елеулі әсерлерін болдырмау, қысқарту, жеңілдету жөніндегі шаралардың, оның ішінде қалдықтарды басқару жөніндегі ұсынылатын іс-шаралардың, сондай-ақ ықтимал елеулі әсерлерді бағалау белгісіз болған кезде, әсерлердің мониторингі жөніндегі ұсынылатын шаралардың (көзделген қызметті іске асырғаннан кейін ықтимал әсерлері туралы есепте келтірілген ақпаратпен салыстырғанда жобадан кейінгі талдаулар жүргізу қажеттілігін қоса алғанда) сипаттамасы;

      10) қоршаған ортаға ықтимал қайтымсыз әсерлерді бағалау және осындай әсерлерге әкеп соғатын операцияларды орындау қажеттігінің негіздемесі, оның ішінде қайтымсыз әсерлерден болатын ысыраптарды және экологиялық, мәдени, экономикалық және әлеуметтік контекстерде осы ысыраптарды келтіретін операциялардан түсетін пайданы салыстырмалы талдау;

      11) көзделген қызмет тоқтатылатын жағдайда оны жүзеге асырудың бастапқы сатысында айқындалған қоршаған ортаны қалпына келтіру тәсілдері мен шаралары;

      12) қамту саласын айқындау туралы қорытындыда көрсетілген өзге де талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың сипаттамасы;

      13) зерттеу әдіснамасының сипаттамасы және ықтимал әсерлер туралы есепті жасау кезінде пайдаланылған экологиялық ақпарат көздері туралы мәліметтер;

      14) зерттеулер жүргізу кезінде туындаған және техникалық мүмкіндіктердің болмауына және заманауи ғылыми білімнің жеткіліксіз деңгейіне байланысты туындаған қиындықтар сипаттамасы;

      15) қоршаған ортаға әсерді бағалауға оның қатысуына байланысты жұртшылыққа хабарлау мақсатында осы тармақтың 1)-12) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты қорыта отырып, қысқаша техникалық емес түйіндеме;

      16) ықтимал әсерлер туралы есепті дайындау кезінде пайдаланылған бастапқы ақпарат көздерінің тізбесі.

      5. Ықтимал әсерлер туралы есептегі мәліметтер ақпараттың сапасы жөніндегі талаптарға сәйкес болуы, оның ішінде анық, дәл, толық және өзекті болуы тиіс. Ықтимал әсерлер туралы есептердегі ақпарат, осы баптың 8-тармағында көрсетілген ақпаратты қоспағанда, жалпыға бірдей қолжетімді болып табылады.

      6. Ықтимал әсерлер туралы есептің жобасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы қорытынды шығарған күннен бастап үш жылдан кешіктірілмей қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынылуға тиіс. Бастамашы көрсетілген мерзімді өткізіп алған жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қоршаған ортаға әсерді бағалау процесін тоқтатады, бастамашыға ықтимал әсерлер туралы есептің жобасын қайтарады және оған көзделген қызмет туралы жаңа өтініш беру қажеттігі туралы хабарлайды.

      7. Ықтимал әсерлер туралы есеп жобасын әзірлеу аяқталғаннан кейін бастамашы шарт бойынша әрекет ететін ықтимал әсерлер туралы есеп жобасының бастамашысы немесе құрастырушысы:

      1) мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың ескертулері мен ұсыныстарын, қоғамдық тыңдаулардың нәтижелерін ескере отырып, оның сапасына бағалау жүргізу және пысықтау қажеттілігін айқындау мақсатында ықтимал әсерлер туралы есептің және осы Кодекстің 88-бабында көзделген жағдайларда сараптама комиссиясының хаттамасының жобасын;

      2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (қалалардың, аудандардың) жергілікті атқарушы органдарымен келісілген қоғамдық тыңдауларды өткізудің ұсынылатын орындары, күні мен уақыты көрсетілген ілеспе хатты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жібереді.

      8. Есепте коммерциялық, қызметтік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болған кезде бастамашымен шарт бойынша әрекет ететін бастамашысы немесе орындаушысы ықтимал әсерлер туралы есептің жобасымен бірге оны қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға:

      1) жария етуге жатпайтын ықтимал әсерлер туралы есеп жобасында нақты ақпаратқа нұсқау берілуге тиіс өтініш және көрсетілген ақпараттың қандай заңмен қорғалатын құпияға жататынын түсіндіруді;

      2) тиісті ақпарат жойылуға және "Құпия ақпарат" мәтініне ауыстырылуы тиіс ықтимал әсерлер туралы есеп жобасының екінші көшірмесін береді.

      Бұл ретте жұртшылықтың экологиялық ақпаратқа қол жеткізу құқығын қамтамасыз ету мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы баптың 8-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген ықтимал әсерлер туралы есептің көшірмесіне жұртшылықтың қол жеткізуін қамтамасыз етуге тиіс.

      Қоршаған ортаға эмиссиялардың, физикалық әсерлердің сандық және сапалық көрсеткіштері туралы, сондай-ақ түзілетін, жинақталатын және көмілетін қалдықтар туралы есепте көрсетілген ақпарат коммерциялық немесе өзге де қорғалатын құпия деп танылмайды.

      9. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бастамашы көрсеткен ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      84-бап. Ықтимал әсерлер туралы есеп жобасына қатысты қоғамдық тыңдаулар

      1. Ықтимал әсерлер туралы есептің жобасы осы бапқа және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларына (бұдан әрі –Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидалары) сәйкес өткізілетін мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылық өкілдерінің қатысуымен қоғамдық тыңдауларға шығарылуға жатады.

      2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 84-бабының 7-тармағында көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде:

      1) ықтимал әсер ету туралы есептің жобасын қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы хабарландырумен бірге ресми интернет-ресурсында орналастырады;

      2) ықтимал әсерлер туралы есептің жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді.

      3. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (қалалардың, аудандардың) жергілікті атқарушы органдары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан ықтимал әсерлер туралы есептің жобасын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде оларды ресми интернет-ресурстарында орналастырады.

      4. Бастамашы қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы хабарландыруды мемлекеттік және орыс тілдерінде кемінде бір газетте және әкімшілік - аумақтық бірліктердің (қалалардың, аудандардың) аумағында таратылатын, қарастырылатын аумақ шегінде толық немесе ішінара орналасқан кемінде бір теле-немесе радиоарна арқылы таратуды ұйымдастыруға міндетті.

      Қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы хабарландыру осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген тәсілдермен қоғамдық тыңдауларды өткізу басталған күнге дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей таратылуға тиіс.

      Қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы хабарландыру мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:

      1) қоғамдық тыңдаудың мәні;

      2) қоғамдық тыңдауларды өткізу орны, күні және уақыты;

      3) қоғамдық тыңдауларды өткізу тәртібі;

      4) ықтимал әсерлер туралы есептің жобасымен танысуға болатын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсының бетіне сілтеме;

      5) көзделген қызмет бастамашысының деректемелері мен байланыс деректері;

      6) көзделген қызмет, қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы қосымша ақпарат алуға, сондай-ақ көзделген қызметке қатысты құжаттардың көшірмелерін сұратуға болатын электрондық мекенжай мен телефон нөмірі.

      5. Бастамашы жұртшылыққа оның сұратуы бойынша көзделген қызмет туралы өтініштің, көзделген қызметтің әсер ету скринингінің нәтижелері туралы қорытындының (ол жүргізілген жағдайда), қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы қорытындының және болуы мүмкін әсерлер туралы есеп жобасының көшірмелерін электрондық нысанда ұсынуға міндетті.

      6. Қоғамдық тыңдауларды өткізуді ұйымдастыру, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы хабарландыруларды тарату, тыңдауларды өткізу орнын, қажетті аппаратура мен материалдарды қамтамасыз ету жөніндегі шығыстарды бастамашы көтереді.

      7. Мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылық қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ықтимал әсерлер туралы өзінің ескертулері мен ұсыныстарын есептің жобасына қоғамдық тыңдауларды өткізу басталған күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша нысанда (қағаз немесе электрондық жеткізгіштерде) жіберуге не қоғамдық тыңдауларды өткізу барысында өз ескертпелері мен ұсыныстарын ауызша айтуға құқылы.

      Мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтан алынған ескертулер мен ұсыныстарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жиынтық кестеге енгізеді, ол ықтимал әсерлер туралы есептің жобасымен бірге қоғамдық тыңдауларға шығарылады.

      8. Қоғамдық тыңдауларды өткізу кезінде ескертулер немесе ұсыныстардың мәнін анықтауға мүмкіндік бермейтін тым жалпылай түрде тұжырымдалған немесе қоршаған ортаға әсерді бағалау шеңберінде зерделеуге жататын мәселелерге анық қатысы жоқ мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың ескертулері мен ұсыныстары ескерілмейді.

      9. Қоғамдық тыңдаулар тұратын жеріне қарамастан, оларға қатысуға ниет білдірген кез келген адамдар үшін ашық болып табылады. Қоғамдық тыңдауларды өткізу процесінде оған қатысушы кез келген тұлға қоғамдық тыңдауларды өткізудің белгіленген регламентіне сәйкес ықтимал әсерлер туралы есептің жобасы бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге құқылы.

      10. Қоғамдық тыңдауларды өткізу, оның ішінде регламентті бекіту, хаттаманы ресімдеу, хаттаманы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға беру және хаттаманы жұртшылықтың назарына жеткізу тәртібі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларында (бұдан әрі - қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидалары) белгіленеді.

      11. Қоғамдық тыңдаулар тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (қаланың, ауданның) жергілікті атқарушы органы өкілінің төрағалық етуімен өткізіледі.

      Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (қаланың, ауданның) жергілікті атқарушы органы қоғамдық тыңдаулар отырысы барысының барлық бейне және аудиожазбасын қамтамасыз етеді. Қоғамдық тыңдаулар отырыстарының бейне және аудиожазбасы бар электрондық жеткізгіш қоғамдық тыңдаулар хаттамасына қоса тіркелуге тиіс.

      12. Қоғамдық тыңдауларды өткізу мерзімі қатарынан бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      13. Қоғамдық тыңдаулар аяқталғаннан кейін қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларында белгіленген нысан бойынша хаттама ресімделеді, оған міндетті түрде мыналар енгізіледі:

      1) қоғамдық тыңдауларды өткізу барысында олардың авторлары алып тастаған ескертулер мен ұсыныстарды қоспағанда, мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың осы баптың 7-тармағына сәйкес жазбаша нысанда берілген немесе қоғамдық тыңдауларды өткізу барысында айтылған барлық ескертулері мен ұсыныстары;

      2) 1) тармақшасына сәйкес жоғарыда хаттамаға енгізілген әрбір ескерту мен ұсыныс бойынша тапсырыс берушінің жауаптары мен түсініктемелері;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хаттамаға шағым жасау құқығы туралы ақпарат.

      14. Қоғамдық тыңдаулардың хатшысы қоғамдық тыңдаулардың хаттамасын ресімдейді және онда көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен анықтығына жауап береді. Хаттамаға қоғамдық тыңдаулардың төрағасы мен хатшысы қоғамдық тыңдаулар аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қол қояды.

      15. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (қаланың, ауданның) жергілікті атқарушы органы қол қойылған хаттаманы оған қол қойылғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей ресми интернет-ресурсында орналастырады.

      16. Қоғамдық тыңдау хаттамасына қол қойылғаннан кейін:

      1) хаттамада мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың қоғамдық тыңдауларды өткізу барысында олардың авторлары алып тастамаған ескертулері мен ұсыныстары болмаған кезде - қоғамдық тыңдаулардың төрағасы екі жұмыс күні ішінде осы Кодекстің 88-бабына сәйкес қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды дайындау үшін қол қойылған хаттаманы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жібереді;

      2) хаттамада мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың қоғамдық тыңдауларды өткізу барысында олардың авторлары алып тастамаған ескертулері мен ұсыныстары болған кезде - бастамашы осындай ескертулер мен ұсыныстарға сәйкес ықтимал әсерлер туралы есеп жобасын пысықтауды қамтамасыз етеді және ықтимал әсерлер туралы есептің пысықталған жобасын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жібереді.

      17. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ықтимал әсерлер туралы пысықталған есеп жобасын алғаннан кейін қайтадан қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылады, олар осы баптың 1-14, 18-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.

      18. Қоғамдық тыңдауларды қайта өткізу процесінде ықтимал әсерлер туралы есептің жобасы бастапқы қоғамдық тыңдаулардың хаттамасына енгізілген ескертулер мен ұсыныстарға сәйкес пысықталған бөлігінде қаралады. Егер ықтимал әсерлер туралы есептің жобасын пысықтау кезінде бастапқы қоғамдық тыңдаулардың хаттамасына енгізілген қандай да бір ескертулер мен ұсыныстар ескерілмесе, қоғамдық тыңдауларды қайта өткізу процесінде осы бөліктегі ықтимал әсерлер туралы есептің жобасын пысықтаудан инциатордың бас тарту себептері де қаралады.

      Қоғамдық тыңдауларды қайта өткізу процесінде оларға қатысушы кез келген тұлға осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес қоғамдық тыңдауларды қайта өткізу кезінде қарауға жататын мәселелер шегінде өзінің ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге құқылы. Көрсетілген мәселелерге қатысы жоқ ескертулер мен ұсыныстар қоғамдық тыңдауларды қайта өткізу кезінде есепке алынбайды.

      19. Бастамашы қоғамдық тыңдауларды қайта өткізу барысында олардың авторлары алып тастамаған мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың ескертулері мен ұсыныстарымен келіспеген жағдайда бастамашының тиісті пікірі қоғамдық қайта тыңдаулардың хаттамасына енгізіледі, содан кейін даулы мәселелер бойынша келіспеушіліктер осы кодекстің 86-бабына сәйкес шешіледі.

      85-бап. Сараптама комиссиясы

      1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 85-бабының 19-тармағында көрсетілген жағдайда қоғамдық қайта тыңдаулар хаттамасына қол қойылғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде:

      1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосы өкілінің төрағалық етуімен сараптама комиссиясын құрады;

      2) сараптама комиссиясының мүшелеріне пысықталған бастапқы және қоғамдық қайта тыңдаулардың ықтимал әсерлер туралы есеп жобасының көшірмесін және хаттамаларын жібереді;

      3) сараптама комиссиясының отырысын өткізу күнін тағайындайды.

      2. Сараптама комиссиялары ықтимал әсерлер туралы есептің әрбір жеке жобасын есепті қарау үшін шақырылатын алқалы, консультативтік-кеңесші органдар болып табылады.

      3. Сараптама комиссиялары осы Кодекске және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен сараптама комиссиялары туралы ережеге сәйкес жұмыс істейді.

      4. Мыналар:

      1) сараптама комиссиясы төрағасының функцияларын жүзеге асыратын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының өкілі;

      2) әрбір мүдделі мемлекеттік органының бір өкілі;

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының бір өкілі;

      4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы аккредиттелген коммерциялық емес ұйымдардың бірінің өкілі сараптама комиссиясының мүшелері болып табылады.

      5. Бастамашы, сараптама комиссиясының мүшелері сараптама комиссиясының отырысына сараптама қоғамдастығының өкілдері (ғылыми қызметкерлер, танылған тәжірибелі мамандар) қатарынан Сараптама комиссиясының қарауына жататын мәселелер бойынша тиісті кәсіби білімі мен практикалық тәжірибесі бар тәуелсіз сарапшыларды шақыруға құқылы. Сараптама комиссиясының отырысына шақырылған тәуелсіз сарапшылар сараптама комиссиясының отырыстарында қаралатын мәселелер бойынша кәсіби білімі мен практикалық тәжірибесі саласындағы өзінің тәуелсіз пікірін ұсынады және сараптама комиссиясының дауыс беруіне қатысуға құқығы жоқ.

      6. Сараптама комиссиясының отырысы сараптама комиссиясының мүшелеріне ықтимал әсер ету туралы есеп жобасының және қоғамдық тыңдаулар хаттамаларының көшірмелері жіберілгеннен кейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.

      7. Сараптама комиссиясының мүшелері ықтимал әсерлер туралы есеп жобасының және қоғамдық тыңдаулар хаттамаларының көшірмелерін алғаннан кейін он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде сараптама комиссиясының барлық мүшелері төрағаға сараптама комиссиясының қарауына шығарылған даулы мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын жібереді.

      8. Сараптама комиссиясының төрағасы бастамашыны сараптау комиссиясы отырысының өткізілетін орны мен уақыты туралы хабардар етеді және оған комиссия мүшелерінің ескертулері мен ұсыныстарын отырыс басталған күнге дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

      9. Сараптама комиссиясының отырысы қоршаған ортаға ықтимал әсер ету туралы есеп жобасының бастамашысы мен құрастырушыларының қатысуымен өткізіледі.

      10. Сараптама комиссиясының отырысы барысында:

      1) ықтимал әсерлер туралы есептің бастамашысы және құрастырушылары мыналарға қатысты баяндама жасайды:

      көзделген қызмет туралы;

      қоршаған ортаға оның күтілетін елеулі әсерлері мен осындай әсерлерді болдырмау, қысқарту және (немесе) жеңілдету жөніндегі қажетті шаралар туралы;

      қоғамдық тыңдау шеңберінде алынған ескертулер мен ұсыныстарға сәйкес ықтимал әсерлер туралы есептің жобасын пысықтау үшін қабылданған шаралар туралы;

      ықтимал әсерлер туралы есеп жобасын пысықтау кезінде ескерілген қоғамдық тыңдау барысында ұсынылған ықтимал әсерлер туралы есеп жобасына ұсыныстар мен ескертулер туралы;

      қоғамдық тыңдаулар барысында ұсынылған және ықтимал әсерлер туралы есептің жобасын пысықтау кезінде ескерілмеген даулы ескертулер мен ұсыныстар және осындай ескертулер мен ұсыныстар ескерілмеген себептер туралы;

      2) сараптама комиссиясының мүшелері, ықтимал әсерлер туралы есептің бастамашысы және құрастырушысы сараптама комиссиясының қарауына шығарылған даулы мәселелер бойынша талқылау жүргізеді, шақырылған тәуелсіз сарапшылардың пікірін тыңдайды.;

      3) сараптама комиссиясы көзделген қызметке және оның қоршаған ортаға ықтимал әсеріне байланысты даулы мәселелер бойынша және осыған байланысты ықтимал әсерлер туралы есеп жобасын пысықтау қажеттігі немесе қажеттілігінің жоқтығы туралы шешім қабылдайды.

      11. Сараптама комиссиясының шешімдері сараптама комиссиясының барлық мүшелерінің кемінде үштен екісімен қабылданады және сараптама комиссиясы отырысының хаттамасында тіркеледі.

      Сараптама комиссиясының шешімін қабылдауға қарсы дауыс берген сараптама комиссиясының мүшелері даулы мәселе бойынша ерекше пікір жасауға құқылы, ол сараптама комиссиясы отырысының хаттамасына қоса беріледі.

      12. Сараптама комиссиясының отырысы ол басталған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде аяқталуы тиіс.

      Сараптама комиссиясы отырысының нәтижелері бойынша сараптама комиссиясы отырысының хаттамасы жасалады, онда сараптама комиссиясы мүшелерінің, есептің бастамашысы мен құрастырушыларының отырыс кезінде айтылған барлық ескертулері мен ұсыныстары, шақырылған тәуелсіз сарапшылардың пікірлері, сондай-ақ қабылданған шешімдер көрсетіледі. Хаттамаға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімнен кешіктірмей отырысқа қатысқан сараптама комиссиясының төрағасы мен барлық мүшелері қол қояды.

      13. Сараптама комиссиясы отырысының хаттамасын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ықтимал әсерлер туралы есептің жобасы бойынша қорытынды дайындау процесінде қарайды.

      14.Сараптама комиссиясы ықтимал әсерлер туралы есептің жобасын пысықтау қажеттігі туралы шешім қабылдаған жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бастамашыға есептің жобасын пысықтауға жібереді, содан кейін осы Кодекстің 85-бабының ережелері қайтадан қолданылады.

      15. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сараптама комиссиясы мүшелерінің мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді, сондай-ақ жариялылығына осы Кодексте кепілдік берілетін экологиялық ақпаратты жария етуге құқығы жоқ.

      86-бап. Қоршаған ортаға әсерді бағалау барысында жүргізілетін трансшекаралық әсерлерді бағалау

      1. Осы Кодекстің 92-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіздер болған кезде қоршаған ортаға әсерді бағалау барысында трансшекаралық әсерлерге бағалау жүргізіледі.

      2. Трансшекаралық әсерлерді бағалау осы тараудың 4-параграфына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүргізіледі.

      87-бап. Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды

      1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың ескертулері мен ұсыныстарының болмауы белгіленген қоғамдық тыңдаулар хаттамасын алған күннен кейінгі он жұмыс күні ішінде немесе осы кодекстің 86-бабына сәйкес сараптама комиссиясы отырысының хаттамасына қол қойылған күннен кейінгі он жұмыс күні ішінде қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды шығарады.

      Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды шығарған кезде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекске сәйкес оның ықтимал пысықталуын ескере отырып, ықтимал әсерлер туралы есептің жобасы, мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың ескертулері мен ұсыныстарының болмауы белгіленген қоғамдық тыңдаулар хаттамасы, сараптама комиссиясы отырысының хаттамасы (ол болған кезде), ал трансшекаралық әсерлерге бағалау жүргізу қажет болған жағдайларда-қоршаған ортаға әсерді осындай бағалау нәтижелері негізге алынады.

      2. Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды мынадай ақпаратты:

      1) көзделген қызмет шеңберінде көзделген операциялар түрлерінің сипаттамасы және оларды жүзеге асыру орнын;

      2) төмендегілер туралы дәлелді қорытындыны:

      төмендегілерді есепке ала отырып, қоршаған ортаға көзделген қызметтің ықтимал елеулі әсер етуін;

      3) көзделген қызметті іске асыруға жол берілетін деп танылатын шарттар, оның ішінде:

      объектілерді жобалау, салу, реконструкциялау, пайдалану, кейіннен кәдеге жарату және көзделген қызметтің салдарын жою кезеңдерін қоса алғанда, көзделген қызметті іске асыру кезінде сақталуы бастамашы үшін міндетті болып табылатын қоршаған ортаны және адамдардың денсаулығын қорғау шарттары, сондай-ақ көзделген қызметке байланысты шешімдер қабылдау кезінде мемлекеттік органдар ескеруі тиіс қоршаған ортаны және адамдардың денсаулығын қорғаудың осындай шарттарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған қажетті шаралар туралы;

      эмиссиялардың, табиғи ортаға физикалық әсерлердің шекті мөлшерлік және сапалық көрсеткіштері;

      қалдықтардың түрлері бойынша жинақталуының шекті мөлшерін;

      егер мұндай көму көзделген қызмет шеңберінде көзделген болса, қалдықтарды олардың түрлері бойынша көмудің шекті мөлшерін;

      есепте жобадан кейінгі талдау жүргізу қажеттігі ықтимал әсерлер туралы анықталған жағдайда: жобадан кейінгі талдау туралы есептерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға және қажет болған жағдайда, басқа да мемлекеттік органдарға ұсыну мерзімдері белгіленген оны жүргізудің мақсаттарын, ауқымдары мен мерзімдерін, оның мазмұнына қойылатын талаптарды;

      авариялардың алдын алуға, олардың зардаптарын шектеуге және жоюға бағытталған шарттар мен қажетті шараларды;

      бастамашының көзделген қызметтің қоршаған ортаға теріс әсерлерін болдырмау, қысқарту және (немесе) жеңілдету жөніндегі, сондай-ақ, егер көзделген қызмет оны келтіруге әкеп соғуы мүмкін болса, ықтимал экологиялық залалды жою жөніндегі міндеттерін;

      4) трансшекаралық әсерлерді бағалау нәтижелері туралы ақпаратты (ол жүргізілген жағдайда) қамтуы тиіс.

      3. Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындыға:

      1) қорытынды шығаруға негіз болған негізді дәлелдер мен қорытындылар;

      2) Қоғамдық тыңдауларды өткізу (қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы хабарландыруларды тарату, жұртшылыққа ақпарат пен құжаттарды ұсыну, қоғамдық тыңдауларды өткізу процесі), жұртшылықтың ескертулері мен ұсыныстарын қарау туралы және қарау нәтижесінде алынған қорытындылар туралы ақпарат;

      3) мүдделі мемлекеттік органдармен консультациялар, қоғамдық тыңдаулар өткізу және трансшекаралық әсерлерді бағалау (ол жүргізілген жағдайда), сарапшылық комиссиясының ықтимал әсерлері туралы есептің жобасын қарау нәтижесінде алынған ақпаратты қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды шығару кезінде көрсетілген ақпараттың қалай есепке алынғаны туралы түсіндіре отырып қорыту негіздемесі қоса беріледі.

      4. қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды шығарылған күннен кейінгі екі жұмыс күні ішінде:

      1) Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындыны ресми интернет-ресурсында орналастырады;

      2) қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындыны электрондық нысанда бастамашыға жібереді;

      3) қорытындыны алған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей өзінің интернет-ресурстарында жариялайды, қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындыны қарастырылатын аумақ шегінде толық немесе ішінара орналасқан тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (қалалардың, аудандардың) жергілікті атқарушы органдарына жібереді.

      5. Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындыда қамтылған қорытындылар мен шарттарды барлық мемлекеттік органдар рұқсат беру, хабарламаларды қабылдау және тиісті көзделген қызметті іске асыруға байланысты өзге де әкімшілік рәсімдер кезінде міндетті түрде есепке алады.

      6. Көзделген қызметті іске асыру үшін әзірленетін жобалық құжаттарда осы Кодексте айқындалған жағдайларда Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының сақталуын және қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындыда қамтылған қорытындылар мен шарттарға сәйкестігін қамтамасыз ететін ең озық қолжетімді техникаларды қолдануды қоса алғанда, техникалық-технологиялық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және өзге де жобалық шешімдер көзделуі тиіс.

      7. Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындының қолданылу мерзімі үш жылды құрайды.

      88-бап. Ықтимал әсерлер туралы есептің мазмұны үшін жауаптылық

      1. Ықтимал әсерлер туралы есепті құрастырушылар бастамашының алдында олардың арасында жасалған шартқа сәйкес қоршаған ортаға ықтимал әсерлер туралы есептің және құрастырушылар алған өзге де қоршаған ортаға ықтимал әсер етуін бағалау нәтижелерінің сапасы үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықта болады.

      2. Ықтимал әсерлер туралы есепті құрастырушылар, бастамашы қоршаған ортаға әсер ету туралы алынған мәліметтерді жасырғаны үшін және қоршаған ортаға әсер етуге бағалау жүргізу кезінде дұрыс емес мәліметтер бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әкімшілік және қылмыстық жауаптылықта болады.

      3. Қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

      89-бап. Көзделген қызметті іске асырудың іс жүзіндегі әсерлерін жобадан кейінгі талдау

      1. Көзделген қызметті іске асырудың іс жүзіндегі әсерлеріне жобадан кейінгі талдау (бұдан әрі – жобадан кейінгі талдау) іске асырылған көзделген қызметтің қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша ықтимал әсерлер туралы есепке сәйкестігін растау мақсатында ықтимал әсерлер туралы есепті құрастырушы жүргізеді.

      Жобадан кейінгі талдау кемінде 12 айдан кейін басталуы және қоршаған ортаға зиянды әсер ететін тиісті объектіні пайдалану басталғаннан кейін кемінде 18 айдан кешіктірілмей аяқталуы тиіс.

      Жобадан кейінгі талдау жүргізуді тиісті объектінің операторы өз есебінен қамтамасыз етеді.

      2. Осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мерзімнен кешіктірмей ықтимал әсерлер туралы есепті құрастырушы жобадан кейінгі талдаудың нәтижелері бойынша қорытынды дайындайды және қол қояды, онда іске асырылған көзделген қызметтің ықтимал әсерлері туралы есепке сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды және қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды жасалады. Жобадан кейінгі талдау нәтижелері бойынша қорытындыда сәйкессіздіктер анықталған жағдайда осындай сәйкессіздіктердің егжей-тегжейлі сипаттамасы да келтіріледі.

      Құрастырушы жобадан кейінгі талдау нәтижелері бойынша қол қойылған қорытындыны тиісті объектінің операторына және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жобадан кейінгі талдау нәтижелері бойынша қорытындыға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жібереді.

      3. Жобадан кейінгі талдау жүргізу тәртібін және жобадан кейінгі талдау нәтижелері бойынша қорытындының нысанын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      4. Құрастырушы жобадан кейінгі талдау жүргізу кезінде алынған мәліметтерді жасырғаны үшін және жобадан кейінгі талдау нәтижелері бойынша қорытындыда дұрыс емес мәліметтер бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әкімшілік және қылмыстық жауаптылықта болады.

      90-бап. Қоршаған ортаға әсер етуге бағалау жүргізуді әдістемелік қамтамасыз ету

      1. Қоршаған ортаға әсерді бағалау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттарға сәйкес жүргізіледі.

      2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиясы бар тұлғалардың қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

      Параграф 4. Трансшекаралық әсер етуді бағалау

      91-бап. Трансшекаралық әсер етуге бағалау жүргізу негіздері

      1. Қоршаған ортаға трансшекаралық әсер етуді бағалау, егер:

      1) жүзеге асырылуы Қазақстан Республикасының аумағында көзделген ұйғарылып отырған қызмет басқа мемлекеттің аумағында елеулі зиянды трансшекаралық әсер ететін болса;

      2) Қазақстан Республикасының аумағында құжатты іске асыру басқа мемлекеттің аумағында қоршаған ортаға елеулі зиянды трансшекаралық әсер ететін болса, жүргізіледі.

      3) көзделген қызметті жүзеге асыру немесе Құжатты Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде іске асыру Қазақстан Республикасының аумағында қоршаған ортаға елеулі зиянды трансшекаралық ететін болса, жүргізіледі.

      2. Трансшекаралық әсер етуді бағалау Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайда, ол осындай шарттардың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

      3. Осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздерді:

      1) көзделген қызмет туралы өтінішті дайындау кезінде немесе одан әрі осындай қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау барысында жүзеге асырылуы Қазақстан Республикасының аумағында көзделген ұйғарылып отырған қызметтің бастамашысы;

      2) стратегиялық экологиялық бағалауды жүргізу барысында Қазақстан Республикасының Құжатын әзірлеуші мемлекеттік орган;

      3) қоршаған ортаға әсерді бағалауды және стратегиялық экологиялық бағалауды жүргізу кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган өз функцияларын орындау барысында Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган анықтайды;

      4. Әзірлеуші мемлекеттік орган Құжаттың қоршаған ортаға ықтимал трансшекаралық әсер етуінің ықтималдығын, сипатын және ауқымын бағалау үшін қажетті ақпаратты жинауды Құжаттың әсер етуіне скрининг жүргізу туралы өтініш бергенге дейін немесе, егер Құжат скринингке жатпаса, стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есептің қамту саласын айқындау кезеңінде бастайды.

      Бастамашы бағалау нәтижелері бойынша шешім беру туралы өтініш бергенге дейін көзделген қызметтің қоршаған ортаға ықтимал елеулі зиянды трансшекаралық әсер етуі туралы ақпаратты жинауды бастайды.

      Қосымша ақпараттың пайда болуына қарай осы баптың 1-тармағының
1) және 2) тармақшаларында санамаланған негіздер стратегиялық экологиялық бағалауды немесе қоршаған ортаға әсерді бағалауды одан әрі жүргізу барысында анықталуы мүмкін.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Құжаттың немесе көзделген қызметтің әсер ету скринингі барысында, сондай-ақ қоршаған ортаға әсерді стратегиялық экологиялық бағалау немесе бағалау процесінде осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында санамаланған негіздердің болуын тексереді.

      5. Трансшекаралық әсер етуге бағалау жүргізуге қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жауапты болады.

      92-бап. Шығу тарапы Қазақстан Республикасы болып табылатын жағдайларда трансшекаралық әсер етуді бағалауға бастамашылық жасау

      1. Осы Кодекстің 92-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында санамаланған негіздер анықталған кезде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган трансшекаралық әсер етуді бағалауды бастау туралы бұйрық шығарады.

      2. Трансшекаралық әсер етуді бағалауды бастау туралы бұйрықта (бұдан әрі – бұйрық):

      1) трансшекаралық әсер етуді бағалауды бастау және стратегиялық экологиялық бағалауға немесе қоршаған ортаға әсерді бағалауға байланысты бұрын басталған барлық әкімшілік рәсімдерді тоқтата тұру туралы шешім;

      2) стратегиялық экологиялық бағалау үшін – мыналарды:

      Құжаттың әсер ету скринингін жүргізу туралы өтінішті;

      стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есептің қамту саласын айқындау туралы өтінішті;

      Құжат әсер етуінің скрининг нәтижелері туралы қорытындыны;

      стратегиялық экологиялық бағалау бойынша есептің қамту саласын айқындау туралы қорытындыны;

      егер, Құжат тұжырымдамасының жобасы, оны әзірлеу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделсе, осы жобаны;

      тұжырымдаманы алдын ала әзірлеу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген Құжатты іске асырудың негізгі бағыттары мен мерзімдері туралы ақпаратты;

      оны іске асырудың қоршаған ортаға ықтимал трансшекаралық әсері туралы ақпаратты қамтитын Құжат жобасының фрагментін;

      қоршаған ортаға Құжатты іске асырудың ықтимал трансшекаралық әсер етуі туралы ақпаратты қамтитын стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есептің фрагментін қамтитын әзірлеуші мемлекеттік органнан сұратылып отырған құжаттарды және (немесе) ақпаратты қамтитын тізім;

      3) қоршаған ортаға әсер етуді бағалау үшін – мыналарды:

      бастамашының трансшекаралық әсер етуді бағалау нәтижелері бойынша шешім шығару туралы мәлімдемесін;

      белгіленген қызмет туралы өтінішті;

      белгіленген қызмет әсер етуі скринингінің нәтижелері туралы қорытындыны;

      қамту саласын айқындау туралы қорытындыны;

      көзделген қызметтің қоршаған ортаға ықтимал трансшекаралық әсері туралы ақпаратты қамтитын ықтимал әсер ету туралы есептен үзіндіні қамтитын көзделген қызметтің бастамашысынан сұратылып отырған құжаттардың және (немесе) ақпараттың тізбесі;

      4) осы баптың 3-тармағында көрсетілген, осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында санамаланған құжаттарға және (немесе) ақпаратқа қойылатын талаптар қамтылады.

      3. Осы баптың 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында санамаланған құжаттар және (немесе) ақпарат электрондық нысанда мемлекеттік тілде немесе мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында мемлекеттік тілмен бірдей ресми түрде қолданылатын тілде берілуге тиіс.

      4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бұйрық қабылданған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей оның көшірмесін әзірлеуші мемлекеттік органға немесе бастамашыға жібереді немесе тапсырады.

      5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бұйрықта көрсетілген талаптарға сәйкес келетін құжаттарды әзірлеуші мемлекеттік органнан немесе бастамашыдан алған күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде қарастырылатын тараптарға одан әрі беру үшін мынадай құжаттарды:

      1) мыналарды:

      Құжат немесе көзделген қызмет туралы ақпаратты, оның ішінде әзірленетін құжаттың немесе көзделген қызметтің қоршаған ортаға ықтимал трансшекаралық әсері туралы барлық қолда бар мәліметтерді;

      Құжатты бекітудің немесе бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдаудың тәртібі мен құқықтық салдары туралы ақпаратты;

      жұртшылықтың және мүдделі органдардың ескертпелері мен ұсыныстарын ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, қоршаған ортаға әсерді стратегиялық экологиялық бағалауды немесе бағалауды жүргізу тәртібі туралы ақпаратты;

      қарастырылатын тараптардың трансшекаралық әсер етуді бағалауға қатысу ниеті туралы жауап беруге арналған күнтізбелік 15 күннен аспауы тиіс мерзімді қамтитын хатты;

      2) бұйрықтың талаптарына сәйкес әзірлеуші мемлекеттік орган немесе бастамашы ұсынған құжаттарды және (немесе) ақпаратты;

      3) егер қосымша материалдар бар болса және қарастырылатын тараптың трансшекаралық әсер етуді бағалауға қатысу туралы шешіміне олардың әсер етуі мүмкін болса, қосымша материалдарды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жібереді.

      6. Қарастырылатын тараптар трансшекаралық әсер етуді бағалауға қатысудан бас тартқан не олар хабарламада көрсетілген мерзімде жауап бермеген жағдайда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бұл туралы көзделген қызметті әзірлеуші немесе бастамашысы тиісті мемлекеттік органды хабардар ете отырып, осы жұмыс күнінен кейінгі жұмыс күні ішінде қоршаған ортаға трансшекаралық әсер етуді бағалауды тоқтату және стратегиялық экологиялық бағалауға немесе қоршаған ортаға әсерді бағалауға байланысты бұрын басталған әкімшілік рәсімдерді қайта бастау туралы бұйрық қабылдайды.

      7. Егер осы баптың 5-тармағына сәйкес оған жіберілген құжаттарды алған қарастырылатын тараптардың ең болмағанда біреуі өзінің трансшекаралық әсер етуді бағалауға қатысу ниеті туралы хабарламада көрсетілген мерзімде хабарлаған болса, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде мұндай тараппен ақпарат алмасу және одан әрі консультациялар өткізу тәртібін, мерзімдерін, орнынбелгілеу, қоршаған ортаға трансшекаралық әсер етуді бағалау жүргізудің өзге де шарттары қозғалатын тарапқа беруге жататын құжаттардың тілін белгілеу мақсатында бастапқы консультацияларды ұйымдастырады.

      Трансшекаралық әсер етуді бағалау бойынша қарастырылатын тараптармен консультациялар өткізудің жалпы мерзімі күнтізбелік 180 күннен аспауға тиіс.

      93-бап. Трансшекаралық әсер етуге бағалау жүргізу тәртібі

      1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бастапқы консультациялар барысында келісілген тәртіп пен шарттарға сәйкес қарастырылатын тараптармен консультациялар өткізуді ұйымдастырады.

      Консультациялар жүргізу кезінде тараптар Қазақстан Республикасының жұртшылығымен қатар стратегиялық экологиялық бағалауға немесе қоршаған ортаға әсерді бағалауға қарастырылатын тараптар жұртшылығының қатысу тәртібі мен шарттарын келісуі мүмкін.

      2. Стратегиялық экологиялық бағалау және оның сапасын бағалау жөніндегі есепті дайындау аяқталғаннан не ықтимал әсер ету туралы есепті дайындау аяқталғаннан кейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Құжаттың, стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есептің, ықтимал әсер ету туралы есептің фрагменттерін, стратегиялық экологиялық бағалауға не қоршаған ортаға әсер етуді бағалауға байланысты өзге де құжаттаманы және (немесе) ақпаратты айқындайды, олар Қазақстан Республикасының қарастырылатын тараптармен консультациялар кезінде айқындалған тілге аударылуға тиіс және бұл туралы әзірлеуші мемлекеттік органды немесе бастамашыны хабардар етеді.

      3. Көзделген қызметтің бастамашысы немесе әзірлеуші мемлекеттік орган осы баптың 2-тармағында көрсетілген хабарламаны алған күннен кейінгі он бес жұмыс күні ішінде Құжаттан, стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есептен немесе стратегиялық экологиялық бағалауға не қоршаған ортаға әсерді бағалауға байланысты өзге де құжаттамамен немесе (ақпаратпен) ықтимал әсер ету туралы есептен үзінділерді хабарламада көрсетілген тілге нотариат куәландырған аудармасымен бірге қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға береді.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптарына сәйкес келетін ақпаратты алған күннен кейінгі бес жұмыс күні ішінде оны трансшекаралық әсер етуді бағалауға қатысқан қозғалатын тараптарға беру үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жібереді.

      4. Құжат, стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есеп, ықтимал әсер ету туралы есеп, сондай-ақ Құжаттың немесе қоршаған ортаға көзделген қызметтің ықтимал трансшекаралық әсер етуіне байланысты өзге де ақпарат пен құжаттар негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қарастырылатын тараптармен мыналарды:

      Құжаттың ықтимал балама ережелерін немесе көзделген қызметті жүзеге асыру нұсқаларын;

      шығу тарабының қаражаты есебінен трансшекаралық әсер етуді азайту және осындай шараларды қолдану салдарларының мониторингі жөніндегі ықтимал шараларды;

      Құжатты іске асырудың немесе көзделген қызметтің қоршаған ортаға кез келген трансшекаралық әсерін азайтуда тараптардың өзара көмегінің басқа да нысандарын талқылауды қамтитын консультациялар өткізуді ұйымдастырады.

      5. Қарастырылатын тараптармен консультациялар барысында консультацияларды өткізу кезінде келісілген тәртіппен және мерзімдерде қозғалатын тараптардың мүдделі органдары мен жұртшылығының ескертулері мен ұсыныстарын жинау, сондай-ақ қозғалатын тараптардың мүдделі органдары мен жұртшылығының Құжат жобасы, стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есеп пен осы Кодекске және Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларына сәйкес ықтимал әсер етуі туралы есеп бойынша өткізілетін қоғамдық тыңдауларға қатысуы ұйымдастырылуы мүмкін.

      6. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қарастырылатын тараптармен консультациялар барысында алынған, сондай-ақ стратегиялық экологиялық бағалау немесе қоршаған ортаға әсер етуді бағалау процесінде өз функцияларын орындау кезінде қарастырылатын тараптардың мүдделі органдары мен жұртшылығы берген ескертулер мен ұсыныстарды қарауды және есепке алуды қамтамасыз етеді.

      Әзірлеуші мемлекеттік орган және бастамашы Құжаттың жобасын және стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепті не ықтимал әсер ету туралы есепті дайындау кезінде қарастырылатын тараптармен консультациялардың нәтижелерін, қарастырылатын тараптардың мүдделі органдары мен жұртшылығының ескертулері мен ұсыныстарын қарауға және ескеруге міндетті.

      Құжатты бекітуге уәкілетті мемлекеттік орган қарастырылатын тараптармен консультациялардың нәтижелерін, Құжатты бекіту кезінде қозғалатын тараптардың мүдделі органдары мен жұртшылығының ескертулері мен ұсыныстарын ескеруге міндетті.

      7. Бастамашы және әзірлеуші мемлекеттік орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қарастырылатын тараптармен консультациялар барысында айқындалған тілге нотариат куәландырған аудармасы бар мынадай құжаттарды және (немесе) ақпаратты:

      түпкілікті редакцияланған экологиялық есептің және бекітілген Құжаттың фрагменттерін;

      бағалау нәтижелері бойынша шешімнің фрагменттерін;

      стратегиялық экологиялық бағалау бойынша есепті дайындау, Құжатты бекіту немесе бағалау нәтижелері бойынша шешім шығару кезінде қарастырылатын тараптармен консультациялардың нәтижелері, қарастырылатын тараптардың мүдделі органдары мен жұртшылығының ескертулері мен ұсыныстары, сондай-ақ бекітілген Құжаттың ережелері немесе бағалау нәтижелері бойынша шешімдер бар балама нұсқалардың арасынан таңдап алынған себептер туралы түсіндірмесі бар анықтаманы;

      бағалау нәтижелері туралы шешімнің негізінде мемлекеттік орган берген немесе қабылдаған рұқсаттың немесе хабарламаны қабылдау туралы талонның көшірмесін (қоршаған ортаға әсерді бағалауға жататын көзделген қызметті жүзеге асыру үшін рұқсаттар алу немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеде көрсетілген хабарламаларды мемлекеттік органдарға жіберу қажет болған жағдайда) беруге міндетті.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттардың фрагменттерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

      8. Бастамашы және әзірлеуші мемлекеттік орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жобадан кейінгі талдау туралы есептерді (егер оны жүргізу қажеттігі бағалау нәтижелері жөніндегі шешімде немесе қарастырылатын тараппен келісімде белгіленсе) немесе қарастырылатын тараптармен консультациялар барысында айқындалған тілге нотариат куәландырған аудармасы бар қоршаған ортаға Құжатты іске асырудың елеулі әсер етуінің мониторингі туралы есептерді беруге міндетті.

      9. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы баптың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген құжаттар ұсынылған күннен кейінгі бес жұмыс күні ішінде оларды қоршаған ортаға трансшекаралық әсер етуді бағалауға қатысқан қарастырылатын тараптарға одан әрі беру үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жібереді.

      10. Әзірлеуші мемлекеттік органда, бастамашыда немесе Қазақстан Республикасының мүдделі органдарында қоршаған ортаға трансшекаралық әсер етуді бағалау нәтижелеріне әсер ететін қосымша ақпарат пайда болған не қарастырылатын тараптан онда осындай ақпараттың пайда болуы туралы хабарлама алған жағдайда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қарастырылатын тараппен консультациялар жүргізеді, олардың барысында тараптар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Құжатқа тиісті өзгерістер енгізу туралы мәселені қарайды, бағалау нәтижелері бойынша не қоршаған ортаға елеулі зиянды трансшекаралық әсер етуді жою немесе азайту жөнінде шаралар қабылдау туралы шешім қабылдайды.

      94-бап. Бастамашының, әзірлеуші мемлекеттік органның және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның трансшекаралық әсер етуге бағалау жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері

      1. Бастамашы мен әзірлеуші мемлекеттік органның қарастырылатын тараптармен консультацияларды қоса алғанда, қоршаған ортаға трансшекаралық әсер етуді бағалауға қатысуға құқығы бар

      2. Бастамашы және әзірлеуші мемлекеттік орган:

      1) көзделген қызметтің немесе қоршаған ортаға арналған Құжаттың ықтимал елеулі зиянды трансшекаралық әсер етуін анықтау;

      2) Құжаттың әсер ету скринингін жүргізу, стратегиялық экологиялық бағалау бойынша есептің қамту саласын айқындау, көзделген қызметтің әсер ету скринингі, қоршаған ортаға әсер етуді бағалаудың қамту саласын айқындау үшін ұсынылатын құжаттарда қоршаған ортаға ықтимал елеулі зиянды трансшекаралық әсер ету туралы толық және негізделген ақпаратты көрсету;

      3) стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепте немесе ықтимал әсер ету туралы есепте ықтимал елеулі зиянды трансшекаралық әсер етуді тиісінше бағалау;

      4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қарастырылатын тараптарға беруге арналған, осы Кодекстің талаптарына сәйкес келетін құжаттарды ұсыну;

      5) қарастырылатын тараптардың жұртшылық өкілдерінің қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өткізілген жағдайда тиісті сападағы аударма қызметтерін қамтамасыз ету;

      6) трансшекаралық әсер етуге бағалау жүргізу кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жәрдемдесу;

      7) қарастырылатын тараптармен консультациялар нәтижелерін, сондай-ақ қарастырылатын тараптардың мүдделі органдары мен жұртшылығы ұсынған барлық ескертулер мен ұсыныстарды, оның ішінде қоғамдық тыңдаулар барысында, стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепті, Құжатты және ықтимал әсер ету туралы есепті дайындау кезінде есепке алу;

      8) қозғалатын тараптарға кейіннен беру үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының қозғалатын тараптармен консультациялары барысында айқындалған тілге нотариат куәландырған аудармасын қоса бере отырып, бағалау нәтижелері туралы шешім негізінде мемлекеттік орган берген немесе қабылдаған рұқсаттың немесе хабарламаны қабылдау туралы талонның көшірмесін беру (егер қоршаған ортаға әсер етуді бағалауға жататын көзделген қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеде көрсетілген хабарламаларды мемлекеттік органдарға жіберу немесе рұқсаттар алу қажет болса), үшін жауаптылықта болады.

      3. Бастамашы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес трансшекаралық әсер етуге бағалау жүргізумен байланысты шығындар ауыртпалығын көтереді, мемлекеттік бюджет есебінен өтелмесе не егер шығу тарабымен консультациялар нәтижесінде мұндай шығындарды тарабы өтейтіні анықталмаса, мұндай шығындардың ауыртпалығын көтереді.

      4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган:

      1) трансшекаралық әсер етуді бағалаумен байланысты барлық материалдарды ресми интернет-ресурсында орналастыруға және олардың жалпыға бірдей қолжетімділігін қамтамасыз етуге;

      2) егер осы Кодексте өзгеше мерзім көзделмесе және трансшекаралық әсер етуді бағалауға қатысатын қарастырылып отырған тараппен консультациялар барысында келісілмесе, қарастырылатын тараптарға одан әрі беруге арналған құжаттарды бастамашыдан немесе әзірлеуші мемлекеттік органнан алған күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне беруге міндетті.

      95-бап. Қазақстан Республикасының трансшекаралық әсер етуді бағалауға қарастырылатын тарап ретінде қатысуы

      1. Қазақстан Республикасы іске асырылуы Қазақстан Республикасында қоршаған ортаға елеулі зиянды трансшекаралық әсер етуі мүмкін қызметті жоспарлау немесе Құжатты әзірлеу туралы шет мемлекеттің хабарламасын алған жағдайда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының әсер ететін тарап ретінде трансшекаралық әсер етуді бағалауға қатысуын ұйымдастырады.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген хабарламаны алған күннен кейінгі екі жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ресми интернет-ресурсында хабарламаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасы жұртшылығының трансшекаралық әсер етуге бағалау жүргізу қажеттігі туралы өз пікірін білдіруге және көзделген қызметке және әзірленетін Құжатқа байланысты мәселелер бойынша ескертулер мен ұсыныстар беруге шақыруын орналастырады.

      3. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде көзделген Құжаттың қызметін жүзеге асыру немесе іске асыру Қазақстан Республикасының аумағында елеулі зиянды трансшекаралық әсер етуі мүмкін деп пайымдауға негіздер болған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ұсынуы бойынша шығу мемлекетіне трансшекаралық әсер етуге бағалау жүргізу туралы өтініш жіберуге құқылы.

      4. Трансшекаралық әсерлерді бағалау басталғаннан кейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган:

      1) қарастырылатын аумақтардың жұртшылығын және жергілікті атқарушы органдарын трансшекаралық әсер етуге бағалау жүргізу туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді;

      2) трансшекаралық әсер етуді бағалау шеңберінде шығу мемлекетімен консультациялар жүргізеді.

      5. Жұртшылықты және жергілікті атқарушы органдарды трансшекаралық әсер етуге бағалау жүргізу туралы хабардар етуге арналған шығындар, егер шығу тарабымен консультациялар нәтижесінде мұндай шығындарды шығу тарабының өтейтіні анықталмаса, бюджеттен өтеледі.

      8-тарау. Экологиялық сараптама

      96-бап. Қазақстан Республикасындағы экологиялық сараптама туралы жалпы ережелер

      1. Экологиялық сараптама деп экологиялық сараптамаға ұсынылған құжаттаманың Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы талаптарына сәйкестігін белгілеуге бағытталған және осындай құжаттаманы іске асырудың халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға ықтимал елеулі қолайсыз әсер етуінің алдын алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орнықты дамуының экологиялық негіздерін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын сараптама қызметі түсініледі.

      2. Осы Кодексте экологиялық сараптамаға ұсынылған құжаттаманы іске асыру деп тиісті құжаттаманы бекіту, осындай құжаттамада көзделген шешімдерге сәйкес қызметті жүзеге асырудың басталуы мен барысы, ал нормативтік құқықтық актінің жобасына қатысты – осындай нормативтік құқықтық актіні қабылдау және қолданысқа енгізу түсініледі.

      3. Осы Кодексте экологиялық сараптаманың мынадай түрлерін:

      1) мемлекеттік экологиялық сараптаманы;

      2) қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізуге қойылатын талаптар белгіленеді.

      97-бап. Экологиялық сараптаманың қағидаттары

      Осы Кодекстің 5-бабында баяндалған жалпы қағидаттарға қосымша экологиялық сараптама жүргізу мынадай арнайы қағидаттарға негізделеді:

      1) тәуелсіздік – экологиялық сараптаманы жүзеге асыру кезінде сарапшылар өз бағалаулары мен тұжырымдарында еркін және тәуелсіз, оларды негіздеудің фактілерін, ғылыми қағидаттарын және қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын ғана басшылыққа алады және олардың заңды жұмысына ешкімнің де араласуға құқығы жоқ;

      2) ғылыми негізділік пен объективтілік қағидаты – экологиялық сараптаманың қорытындылары дәлелді болуға, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, ғылыми білімнің және ғылыми-техникалық жетістіктердің заманауи даму деңгейіне сәйкес келуге және сарапшылардың әділ әрі объективті пікіріне негізделуге тиіс.

      1-параграф. Мемлекеттік экологиялық сараптама

      98-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптама

      1. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы осы Кодексте белгіленген өз құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген тәртіппен ұйымдастырады және жүргізеді.

      2. Міндетті мемлекеттік экологиялық сараптамаға мынадай құжаттар түрлері (мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері):

      1) іске асырылуы қоршаған ортаға теріс әсер етуге әкелуі мүмкін орталық мемлекеттік органдар және жергілікті мемелекеттік басқару органдары әзірлейтін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобалары;

      2) Қазақстан Республикасының "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" заңына сәйкес әзірленетін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру, республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын азайту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобалары;

      3) осы аумақтарды экологиялық зілзала немесе төтенше экологиялық жағдай аймақтарына жатқызуды негіздейтін аумақтарды зерттеу материалдары;

      4) бұрын ядролық қару сынақтары жүргізілген жерлерді кешенді экологиялық зерттеу материалдары;

      5) мемлекеттік орман иеліктерінің орман орналастыру жобалары және орман орналастырудың басқа да құжаттары; мемлекеттік орман қорын санаттарға жатқызу, бір санаттан екіншісіне ауыстыру, сондай-ақ орман пайдалануға тыйым салынатын немесе шектелетін ерекше қорғау учаскелерін бөлу үшін орман орналастыру және (немесе) арнайы зерттеулер материалдары;

      6) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде есепті кеспеағаштарға өзгерістер енгізу жөніндегі материалдар;

      7) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді қалыптастыру, оларды пайдалану режимін белгілеу жөніндегі жобалар;

      8) Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының міндетті болуы көзделген, экологиялық рұқсатты талап етпейтін қызмет түрлеріне арналған жобалау құжаттары жатады.

      99-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органдар

      1. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.

      2. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган, оның құрылымдық және аумақтық бөлімшелері арасында бөлуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

      100-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу тәртібі

      1. Мемлекеттік экологиялық сараптама осы Кодекске және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға (бұдан әрі – мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидалары) сәйкес жүргізіледі.

      2. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға арналған құжаттама Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес электрондық нысанда ұсынылады.

      3. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу мерзімі Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларында айқындалған құжаттардың толық топтамасы ұсынылған кезден бастап қырық бес жұмыс күнін құрайды.

      4. Құжаттаманы алғаннан кейін мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік орган оны бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде толықтығы (жинақтылығы) тұрғысынан қарайды.

      Құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған жағдайда құжаттар электрондық нысанда оларды ұсынған тұлғаға қайтарылуға жатады.

      5. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын құжаттар бойынша ескертулер болған жағдайда, мемлекеттік экологиялық сараптама сарапшылары мұндай ескертулерді құжаттар ұсынған тұлғаға құжаттардың толық топтамасы ұсынылған кезден бастап жиырма бес жұмыс күні ішінде электрондық нысанда жібереді.

      6. Осы баптың 5-тармағына сәйкес жіберілген ескертулерді алған жағдайда, мемлекеттік экологиялық сараптамаға құжаттарды ұсынған тұлға мұндай ескертулерді жоюға және мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшысына түзетілген құжаттарды ескертулер жіберілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде электрондық нысанда жіберуге міндетті.

      7. Ескертулер жойылмаған немесе түзетілген құжаттар осы баптың 6-тармағында көрсетілген тиісті мерзімдерде ұсынылмаған жағдайда, осы баптың 3-тармағында айқындалған тиісті мерзімдерде мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы беріледі.

      8. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылған құжаттарға ескертулер болмаған немесе осы баптың 6-тармағының талаптарына сәйкес ескертулер жойылған жағдайда мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы беріледі.

      101-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы

      1. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысында:

      1) мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылған құжаттаманың Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкестігі;

      2) мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылған құжаттаманы іске асыру туралы шешім қабылдауға жол беру қамтылады.

      2. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылған құжаттама Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы шығарылады.

      3. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылған құжаттаманы міндетті мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алғанға дейін іске асыруға тыйым салынады.

      4. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысына осы Кодекстің 100-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалған өз құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының, оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары қол қояды.

      5. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының күшін жоюды оны берген орган осындай қорытынды берілген адамның жазбаша өтініші немесе келісімі негізінде жүзеге асырады.

      6. Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын бұзу анықталған кезде мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысынан айыру (кері қайтарып алу) сот тәртібімен жүзеге асырылады.

      102-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын бөлімшелер басшыларының құқықтары

      1. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын бөлімшелер басшыларының:

      1) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу әдістерін айқындауға;

      2) мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылған, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына жауап сәйкес келмейтін құжаттардың толықтығы (жинақтылығы) бөлігінде қабылдамауға;

      3) осы Кодекске сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылған құжаттарға дәлелді ескертулер жіберуге, оның ішінде түзетілуі қосымша зерттеулер, іздестіру жұмыстарын немесе өзге де іс-шараларды жүргізуді талап ететін есептерде қателер мен басқа да сәйкессіздіктер бар құжаттарды пысықтауға қайтаруға;

      4) ұсынылуы Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларында регламенттелген мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу үшін қажетті қосымша материалдарды сұратуға;

      5) осы Кодекске сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшылық кеңестерін құруға, оларды басқаруға және олардың қызметін ұйымдастыруға;

      6) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу процесінде арнайы зерттеулер жүргізу үшін сыртқы сарапшыларды тартуға;

      7) мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын бөлімшелердің және құрылатын сарапшылық кеңестердің қызметін бақылауды жүзеге асыруға;

      8) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу бөлігінде Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін адамдарды жауапқа тарту туралы мәселелерді шешу үшін құқық қорғау және өзге де органдарға тиісті материалдар дайындауға және беруге құқығы бар.

      2. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу кезінде бөлімшелердің басшылары тәуелсіз болады және Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасына сәйкес әрекет етеді.

      3. Бөлімшелер басшыларының тәуелсіздігі оларды тағайындау және босату тәртібін және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шарттарды қамтитын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін олар туралы ережелермен қамтамасыз етіледі.

      103-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшысы

      1. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бөлімшесінің мемлекеттік қызметшісі мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшысы болып табылады.

      2. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың объектісіне тапсырыс берушінің немесе оны әзірлеушінің басшыларымен жақын туыстық немесе жекжаттық қатынаста тұратын адам мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге тартыла алмайды.

      3. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшысы өзі орындаған сараптама үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

      4. Мемлекеттік экологиялық сараптама сарапшысының мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізумен байланысты қызметіне мемлекеттік органдардың, жеке, заңды және лауазымды тұлғалардың араласуына тыйым салынады.

      5. Мемлекеттік экологиялық сараптама сарапшысының бұзылған құқықтары сот және әкімшілік тәртіппен қорғалуға жатады, ал бұл бұзушылыққа кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

      6. Мемлекеттік экологиялық сараптама сарапшысының:

      1) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу мерзімі шегінде мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу үшін қажетті, мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылған құжаттаманы жан-жақты және объективті түрде бағалау үшін маңызы бар және ұсынылуы мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларында регламенттелген қосымша материалдарды сұратуға;

      2) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу процесінде арнайы зерттеулер жүргізу үшін сыртқы сарапшыларды тартуға бастамашылық жасау;

      3) мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын бөлімшенің басшысына мемлекеттік экологиялық сараптама жұмысын ұйымдастыруды, әдіснаманы, оны жүзеге асырудың тәртібі мен қағидаттарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      4) мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысына қоса берілуге тиіс мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылған құжаттама бойынша ерекше пікір қалыптастыруға құқығы бар.

      Осы тармақтың 4) тармақшасына сәйкес сарапшы қалыптастырған ерекше пікір тек қана ақпараттық сипатта болады және мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылған құжаттаманы іске асыру кезінде сақтау үшін міндетті болып табылмайды.

      7. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшысы:

      1) мемлекеттік экологиялық сараптаманы кешенді, объективті және сапалы жүргізуді қамтамасыз етуге;

      2) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге;

      3) мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асырудың белгіленген мерзімдері мен тәртібін сақтауға;

      4) мемлекеттік экологиялық сараптаманың дәлелді қорытындыларын дайындауға және оларды мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылған құжаттаманы іске асыру туралы шешім қабылдайтын органдарға және тапсырыс берушілерге уақтылы беруге;

      5) егер осы Кодекске сәйкес қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалау жүргізу талап етілетін болса, Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының нақты нормаларына сілтеме жасай отырып және (немесе) қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындының тұжырымдарымен мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылған құжаттамаға өзі жіберген ескертулерді тиісті түрде негіздеуге;

      6) материалдардың сақталуын қамтамасыз етуге және құпия құжаттарға қатысты өз әрекеттерін олардың иесімен келісуге, өзіне сеніп тапсырылған мәліметтердің жария етілуіне жол бермеуге міндетті.

      104-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу процесіне сыртқы сарапшыларды тарту

      1. Егер мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу процесінде сараптамалық бөлімшелердің мамандарында жоқ тар бейіндегі арнайы білім талап етілсе, мемлекеттік экологиялық сараптама органдары сараптамалық қорытындылар үшін басқа да мемлекеттік органдарға, өзге де ұйымдарға, сондай-ақ тиісті білімі мен тәжірибесі бар жекелеген отандық және шетелдік мамандарға (ғылыми-зерттеу мекемелерінің, жоғары оқу орындарының ғалымдарына, практик мамандарға) жүгінуге құқығы бар.

      2. Сыртқы сарапшыларды тартуды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      105-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшылық кеңестері

      1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның жанынан олар туралы ережелерге сәйкес жұмыс істейтін тұрақты консультативтік-кеңесші органдар болып табылатын мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшылық кеңестері құрылады.

      2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық сараптамасының сарапшылық кеңестері туралы ережелерді, олардың дербес құрамдарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының басшысы және оның аумақтық органдарының басшылары бекітеді.

      3. Мемлекеттік органдардың функциялары қоршаған ортаны қорғаумен байланысты мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары, ғылыми-зерттеу мекемелерінің, жоғары оқу орынжарының ғалымдары, практик-мамандары және жұртшылық өкілдері мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшылық кеңестерінің мүшелері бола алады.

      4. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшылық кеңестерінің қарауына:

      1) экологиялық сараптама жүргізу кезінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, қоршаған ортаны қорғаудың, табиғи ресурстарды пайдалану мен молықтырудың күрделі проблемаларын талқылау;

      2) экологиялық қауіптілігі жоғары объектілерге қатысты мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындыларын қарау жатады.

      106-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың жариялылығы

      1. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың жариялылығы және жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға қатысуы қоғамдық тыңдаулар өткізу арқылы қамтамасыз етіледі.

      2. Барлық мүдделі жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезеңінде өз пікірін білдіруге мүмкіндік беріледі.

      3. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында ол берілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде орналастырылуға және ол орналастырылған күннен бастап кемінде отыз жұмыс күні ішінде жария түрдегі қолжетімділікпен орналастырылуға тиіс.

      4. Жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысына дау айтуға құқылы.

      107-бап. Қоғамдық тыңдауларды өткізу

      1. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу процесінде қоғамдық тыңдауларды өткізу міндетті болып табылады.

      2. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қоғамдық тыңдаулары Қоғамдық тыңдауларды өткізу тәртібі қағидаларына сәйкес өткізіледі.

      108-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру кезіндегі келіспеушіліктерді қарау тәртібі

      1. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру кезіндегі келіспеушіліктер келіссөздер арқылы не сот тәртібімен қаралады.

      2. Мемлекеттік экологиялық сараптама мәселелері бойынша келіспеушіліктерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мүдделі тараптардың кез келгенінің өтініші бойынша келіссөздер арқылы қарайды.

      2-параграф. Қоғамдық экологиялық сараптама

      109-бап. Қоғамдық экологиялық сараптама

      1. Қоғамдық экологиялық сараптаманы коммерциялық емес ұйымдар құратын сарапшылық комиссиялары ерікті негізде жүргізеді.

      2. Қоғамдық экологиялық сараптама кез келген қызметті халықтың өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау жөніндегі қоғамдық мүдделердің сақталуы тұрғысынан қарайды.

      3. Осы Кодекске сәйкес ластағыш заттар ретінде айқындалған заттардың шығарындыларын қоспағанда, парниктік газдар шығарындылары қоғамдық экологиялық сараптаманың объектісі болып табылмайды.

      4. Қоғамдық экологиялық сараптаманың объектісі іске асырылған жағдайда мүдделері қозғалатын жеке тұлғалар немесе коммерциялық емес ұйымдар қоғамдық экологиялық сараптаманың бастамашысы бола алады.

      110-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманың ұйымдастырушы

      1. Қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушы ретінде тұлғадан қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу туралы хабарлама берілетін және сарапшылық комиссиясының қызметін ұйымдастыру жөніндегі шаралар қолданылатын коммерциялық емес ұйым танылады.

      2. Қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының:

      1) қоғамдық экологиялық сараптаманың объектісі не тапсырыс берушіден қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу үшін қажетті құжаттар мен материалдарды сұратуға;

      2) қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу үшін сарапшылық комиссиясын құруға;

      3) жергілікті атқарушы органдар мен қаржы ұйымдарына қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысын ұсынуға құқығы бар.

      3. Қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушы:

      1) осы Кодексте баяндалған талаптарға сәйкес қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастыруға;

      2) қоғамдық экологиялық сараптаманың барысы мен нәтижелері туралы жұртшылықты хабардар етуді және қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысын дайындау кезінде қоғамдық пікірді есепке алуды қамтамасыз етуге;

      3) жұртшылық үшін қоғамдық экологиялық сараптама қорытындысының ашықтығын қамтамасыз етуге міндетті.

      111-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшылары

      1. Қаралатын мәселе бойынша ғылыми және (немесе) практикалық білімі бар және қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушы қоғамдық сараптама жүргізуге тартқан жеке тұлға қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшысы болып табылады.

      2. Мыналар:

      1) қоғамдық экологиялық сараптаманың объектісі не тапсырыс берушінің өкілі;

      2) қоғамдық экологиялық сараптаманың объектісін әзірлеушінің өкілі;

      3) қоғамдық экологиялық сараптаманың объектісіне тапсырыс берушімен немесе әзірлеушімен еңбек немесе өзге де шарттық қатынастарда тұратын жеке тұлға;

      4) Тапсырыс берушімен немесе қоғамдық экологиялық сараптаманың объектісін әзірлеушімен шарттық қатынастарда тұрған заңды тұлғаның өкілі қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшысы бола алмайды.

      3. Қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшысы оны жүргізуге Қазақстан Республикасының заңнамасына және қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушы берген тапсырмаға сәйкес қатысады.

      4. Қоғамдық экологиялық сараптама сарапшысының қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу кезінде қоғамдық экологиялық сараптаманың объектісі бойынша ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол қоғамдық экологиялық сараптама қорытындысына қоса беріледі.

      5. Қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшысы:

      1) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын сақтауға;

      2) қоғамдық экологиялық сараптаманың объектісі бойынша өз қорытындысының объективтілігі мен негізділігін, сондай-ақ мүдделі жеке тұлғалардан және коммерциялық емес ұйымдардан қоғамдық экологиялық сараптаманың атына келіп түсетін ескертулер мен ұсыныстарды есепке алуды қамтамасыз етуге;

      3) қоғамдық экологиялық сараптамаға ұсынылған материалдардың сақталуын және мәліметтердің құпиялылығын, сондай-ақ зияткерлік меншікті қорғауды қамтамасыз етуге міндетті.

      112-бап. Қоғамдық экологиялық сараптама объектісі тапсырыс берушісінің құқықтары мен міндеттері

      1. Қоғамдық экологиялық сараптама объектісінің тапсырыс берушісі шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметті жүзеге асыруды жоспарлайтын жеке немесе заңды тұлға болып табылады.

      2. Қоғамдық экологиялық сараптаманың объектісі тапсырыс берушісінің:

      1) көзделген қызмет бойынша құжаттамада қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді қорғауға;

      2) қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу барысы мен нәтижелері туралы ақпарат алуға және ақпаратқа қол жеткізуге;

      3) қоғамдық экологиялық сараптама шеңберінде өткізілетін қоғамдық тыңдауларға және өзге де іс-шараларға қатысуға;

      4) мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органға, жергілікті атқарушы органдарға қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысына өз түсіндірмелері мен түсініктемелерін ұсынуға құқығы бар.

      3. Қоғамдық экологиялық сараптама объектісінің тапсырыс берушісі:

      1) қоғамдық экологиялық сараптамаға қажетті құжаттар мен материалдарды ұсынуға;

      2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысында жазылған ұсынымдарға жазбаша жауап беруге міндетті.

      113-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманы қаржыландыру

      Қоғамдық экологиялық сараптаманы қаржыландыру:

      1) қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастыратын және жүргізетін коммерциялық емес ұйымдардың өз қаражаты;

      2) өтеусіз негізде берілетін ерікті қайырмалдықтар, гранттар;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүргізіледі.

      114-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманы өткізу туралы хабарлама

      1. Қоғамдық экологиялық сараптама сараптаманы ұйымдастырушының оны өткізу туралы хабарламаны жіберген жағдайда жүзеге асырылады.

      2. Қоғамдық экологиялық сараптаманы өткізу туралы хабарламаны оны ұйымдастырушы аумағында сараптама объектісінің қызметі белгіленіп отырған жергілікті атқарушы органдарға береді.

      3. Қоғамдық экологиялық сараптама өткізу хабарламасында:

      1) қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының атауы, заңды мекенжайы;

      2) қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының жарғысында көзделген қызметтің сипаты;

      3) қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшылық комиссиясының құрамы туралы мәліметтер;

      4) қоғамдық экологиялық сараптаманың объектісі туралы мәліметтер;

      5) қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізудің 25 жұмыс күнінен асыруға болмайтын мерзімі көрсетілуге тиіс.

      4. Қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастыру өткізу, егер:

      1) қоғамдық экологиялық сараптама бұрын осы объектіге қатысты екі рет жүргізілген болса;

      2) қоғамдық экологиялық сараптаманың объектісі мемлекеттік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қамтыса;

      3) қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының жарғысы осы коммерциялық емес ұйымның қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметін көздемейтін болса;

      4) экологиялық сараптаманың болжамды объектісінің мемлекеттік экологиялық сараптамасы аяқталса немесе оған қатысты экологиялық рұқсат берілсе, рұқсат етіледі.

      115-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы

      1. Қоғамдық экологиялық сараптаманың нәтижелері ұсынымдық сипатта болатын қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы түрінде ресімделеді.

      2. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысында:

      1) экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының атауы мен заңды мекенжайы;

      2) тапсырыс берушінің тегі, аты, әкесінің аты немесе толық атауы, қоғамдық экологиялық сараптаманың объектісі нің атауы және орналасқан жері;

      3) жергілікті атқарушы органда қоғамдық экологиялық сараптаманы өткізу туралы хабарламаны жіберу туралы мәліметтер;

      4) қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізу мерзімдері;

      5) қоғамдық экологиялық сараптамадан өткен құжаттаманың құрамы, қоғамдық экологиялық сараптама процесінде пайдаланылған басқа да құжаттарды тізбеленіп көрсетілуі;

      6) қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшылық комиссиясы мүшелерінің құрамы;

      7) сараптама нәтижелерін баяндау;

      8) қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушы айқындаған қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі тапсырманы сипаттау;

      9) қоғамдық экологиялық сараптама процесін, оның ішінде жұртшылықпен, тапсырыс берушімен және басқа да мүдделі тараптармен өзара іс-қимылды сипаттау;

      10) қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындылары қамтылуға тиіс.

      3. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындылары:

      1) қоғамдық экологиялық сараптаманың объектісінің Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыны;

      2) тапсырыс беруші жүргізген қоршаған ортаға әсерді бағалаудың толықтығына, сапасына және дәйектілігіне сипаттаманы;

      3) қоғамның әртүрлі топтарының көзделген қызметке қатысты көзқарастарының сипаттамасын, жұртшылықтың ұсыныстары мен ескертулеріне шолу жасауды;

      4) сарапшылардың қоғамдық экологиялық сараптаманың объектісін іске асыруға экологиялық және әлеуметтік тұрғыдан жол беру жөніндегі пікірді;

      5) мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органға, тапсырыс берушіге, сараптаманың объектісі н іске асыруға байланысты шешімдер қабылдайтын мемлекеттік органдарға және заңды тұлғаларға ұсыныстар мен ұсынымдарды қамтуға тиіс.

      4. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысына қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, сарапшылық комиссиясының төрағасы мен мүшелері қол қояды.

      5. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы:

      1) Алдында қоғамдық экологиялық сараптама өткізу туралы тиісті хабарлама жіберілген жергілікті атқарушы органға;

      2) осы объектінің мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүзеге асыратын немесе оған қатысты экологиялық рұқсат берген органға;

      3) көзделген қызметтің тапсырыс берушісіне;

      4) қоғамдық экологиялық сараптаманың объектісін іске асыруға байланысты шешімдер қабылдайтын органдарға;

      5) бұқаралық ақпарат құралдарына жіберіледі.

      116-бап. Қоғамдық экологиялық сараптама нәтижелерін пайдалану

      1. Көзделген қызметтің тапсырыс берушісі қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысын алған күннен бастап бір ай мерзімде онда қамтылған қорытындылар мен ұсынымдарды қарауға және өз түсініктемелерін мемлекеттік экологиялық сараптама органына және қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушыға жіберуге міндетті.

      2. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезінде қаралуға тиіс. Қарау нәтижелері қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушыға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жіберілуге тиіс.

      3. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы жергілікті атқарушы органдардың, қаржы ұйымдарының және көзделген қызметтің тапсырыс берушісінің шешімдер қабылдауы кезінде де ескерілуі мүмкін.

      4. Қоғамдық экологиялық сараптаманың нәтижелері сондай-ақ жаңа ғимараттар мен құрылысжайларды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға немесе жұмыс істеп тұрғандарын реконструкциялауға (кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға), күрделі жөндеуге, аяқталмаған объектілерді консервациялауға және өз ресурстарын игерген объектілерді кейіннен кәдеге жаратуға (бұзуға) арналған жобаларға (жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу кезінде ескерілуі мүмкін.

      9-тарау. Экологиялық рұқсаттар

      117-бап. Жалпы ережелер

      1. Экологиялық рұқсат – заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге I және II санаттағы объектілерді пайдалануға беретін және осындай қызметті жүзеге асырудың экологиялық шарттарын айқындайтын рұқсат.

      Экологиялық жағдайлар деп Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген осындай қызметке қолданылатын экологиялық талаптардың, сондай-ақ қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындыларда қамтылған тұжырымдардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында I және II санаттағы объектілерді салуға және пайдалануға қойылатын жеке талаптар түсініледі.

      Қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге бағытталмаған экологиялық рұқсаттарға шарттарды енгізуге тыйым салынады.

      2. Экологиялық рұқсат алған оператор, сондай-ақ І немесе ІІ санаттағы тиісті объектінің аумағында жекелеген жұмыстарды орындау және (немесе) жекелеген қызметтер көрсету үшін объектінің операторы тартқан жеке және заңды тұлғалар осындай экологиялық рұқсаттың шарттарын сақтауға міндетті және оларды сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады. Мұндай жеке және заңды тұлғалардың I немесе II санаттағы тиісті объектінің аумағында жұмыстарды орындау және (немесе) қызметтерді көрсету үшін жеке экологиялық рұқсат алуы талап етілмейді.

      3. Экологиялық рұқсат I және II санаттағы әрбір жеке объектіге беріледі.

      4. Қазақстан Республикасында экологиялық рұқсаттардың мынадай түрлері беріледі:

      1) кешенді экологиялық рұқсаттар;

      2) әсер етуге экологиялық рұқсат.

      5. I және II санаттағы объектілерді тиісті экологиялық рұқсатсыз салуға және пайдалануға тыйым салынады.

      6. Осы Кодекске сәйкес ластағыш ретінде айқындалған заттардың шығарындыларын қоспағанда, парниктік газдар шығарындылары экологиялық рұқсаттардың нысанасы болып табылмайды.

      7. Экологиялық рұқсат III және IV санаттағы объектілерді, оның ішінде І немесе ІІ санаттағы объектінің өнеркәсіптік алаңы шегінде орналастырылатын, бірақ олармен технологиялық тікелей байланысы жоқ немесе І немесе ІІ санаттағы объектіні жойылған немесе кейіннен кәдеге жарату процесінде тұрған өнеркәсіптік алаң шегінде орналастырылатын объектілерді салу және пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін талап етілмейді.

      ІІІ санаттағы объектілерді пайдалану жөніндегі қызмет осы Кодекстің 122-бабына сәйкес қоршаған ортаға әсер ету туралы декларация берілген жағдайда жүзеге асырылуы мүмкін.

      Экологиялық рұқсаттар беру, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны табыс ету, экологиялық рұқсаттар тізілімін және қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияларды жүргізу қағидаларын (бұдан әрі - Экологиялық рұқсаттар беру қағидалары) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      118-бап. Экологиялық рұқсаттың және объектінің операторы ауысқан кезде қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияның қолданылуы

      1. Объектіні иеліктен шығару немесе оны өзгедей заңды түрде пайдалануға басқа тұлғаға беру нәтижесінде объект операторы ауысқан, объект операторын бөлу, бөлу немесе біріктіру арқылы қайта ұйымдастыру немесе басқа да әмбебап құқықтық мирасқорлық жағдайларында бұрын берілген экологиялық рұқсат немесе қоршаған ортаға әсер ету туралы ұсынылған декларация өз күшін сақтайды және объектінің жаңа операторы үшін міндетті болады.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап он жұмыс күн ішінде жаңа оператор қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға осы Кодекстің 120-бабына сәйкес экологиялық рұқсатты қайта ресімдеуге өтініш беруге міндетті.

      119-бап. Экологиялық рұқсатты қайта ресімдеу тәртібі

      1. Экологиялық рұқсатты қайта ресімдеу:

      1) экологиялық рұқсат берілген объект операторының атауы өзгерген, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайларда;

      2) осы Кодекстің 119-бабында көрсетілген жағдайларда, бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      2. Рұқсатты қайта ресімдеу рұқсатты қайта ресімдеуге арналған өтініш негізінде жүзеге асырылады.

      Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша рұқсатты қайта ресімдеген жағдайда, өтінішке объект операторының ауысуын растайтын құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі қоса берілуге тиіс.

      120-бап. Экологиялық рұқсатты тоқтата тұру, одан айыру (кері қайтарып алу) және оны жою

      1. Экологиялық рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру және одан айыру (оны кері қайтарып алу) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен жүзеге асырылады.

      2. Экологиялық рұқсатты берген орган оның иесінің тиісті жазбаша өтінішін алған кезде немесе жаңа экологиялық рұқсат берілген күннен бастап экологиялық рұқсатты жояды.

      121-бап. Қоршаған ортаға әсер ету туралы декларация

      1. ІІІ санаттағы объектілерде қызметін жүзеге асыратын тұлғалар (бұдан әрі – декларант) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органына қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны табыс етеді.

      2. Қоршаған ортаға әсер ету туралы декларация жазбаша нысанда немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжат нысанында ұсынылады.

      3. Қоршаған ортаға әсер ету туралы декларация мынадай мәліметтерді:

      1) заңды тұлғаның атауын, ұйымдық-құқықтық нысанын, бизнес-сәйкестендіру нөмірін және мекенжайын (орналасқан жерін) немесе дара кәсіпкердің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірін, тұрғылықты жерін; объектінің атауын және қысқаша сипаттамасын;

      2) объектінің атауын және қысқаша сипаттамасын;

      3) негізгі қызмет түрін, өндірілетін өнімнің, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің түрлері мен көлемін;

      4) жұмыс істеп тұрған объектілер үшін – тиісті объектілерде осының алдындағы өткен жеті жылда болған және қоршаған ортаға теріс әсер етуге әкеп соққан авариялар мен тосын оқиғалар туралы деректерді;

      5) ластағыш заттар шығарындыларының, төгінділерінің декларацияланатын санын, қалдықтардың (түзілетін, жинақталатын және қалдықтарды басқару жөніндегі мамандандырылған ұйымдарға берілетін) саны мен түрлерін қамтуға тиіс.

      4. Қоршаған ортаға әсер ету туралы декларация:

      1) белгіленген қызмет басталар алдында;

      2) қызметті жүзеге асыру басталғаннан кейін - негізгі өндірістердің технологиялық процестері, ластағыш заттар шығарындыларының, төгінділерінің сапалық және сандық сипаттамалары және стационарлық көздер, қалдықтар (түзілетін, жинақталатын және қалдықтарды басқару жөніндегі мамандандырылған ұйымдарға берілетін) елеулі түрде өзгерген жағдайда ұсынылады;

      5. Ластағыш заттар шығарындыларының, төгінділерінің және стационарлық көздердің, қалдықтардың (түзілетін, жинақталатын және қалдықтарды басқару жөніндегі мамандандырылған ұйымдарға берілетін) технологиялық процестері, сапалық және сандық сипаттамалары елеулі түрде өзгерген жағдайда, декларант тиісті елеулі өзгерістер енгізілген күннен бастап үш ай ішінде қоршаған ортаға әсер ету туралы жаңа декларацияны табыс етуге міндетті.

      6. Қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияның нысаны және оны толтыру тәртібі экологиялық рұқсаттар беру қағидаларында белгіленеді.

      7. Қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсынбағаны немесе осы декларацияда қамтылған дәйексіз ақпаратты ұсынбағаны үшін тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауаптылықта болады.

      8. Жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі 5-күнге дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар бойынша жиынтық деректерді жібереді.

      3-параграф. Кешенді экологиялық рұқсат

      122-бап. Кешенді экологиялық рұқсат туралы жалпы ережелер

      1. Кешенді экологиялық рұқсаттың болуы I санаттағы объектілер үшін міндетті.

      2. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілмеген өзге де объектілердің операторлары тиісті технологиялық процесс немесе өндіріс саласы үшін ең жақсы қолжетімді техникалар бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қорытындылар болған кезде ерікті түрде кешенді экологиялық рұқсат алуға құқылы.

      3. Кешенді экологиялық рұқсаттарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган береді.

      Осы Кодекстің 127-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда кешенді экологиялық рұқсатты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган тиісті мемлекеттік органдармен келісім бойынша береді.

      4. Кешенді экологиялық рұқсат осы тармақтың екінші бөлігінің ережелері ескеріліп, мерзімсіз қолданылады.

      Кешенді экологиялық рұқсаттар берілген объектілердің операторлары мұндай объект сәйкес келмейтін талаптарды белгілейтін ең жақсы қолжетімді техникалар бойынша жаңа қорытынды бекітілген жағдайда осы Кодекске сәйкес жаңа кешенді экологиялық рұқсат алуға міндетті.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайда бұрын берілген кешенді экологиялық рұқсаттың қолданылуы ең жақсы қолжетімді техникалар бойынша осындай қорытынды бекітілген күннен кейін бір жыл өткен соң тоқтатылады.

      5. Кешенді экологиялық рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру немесе кері қайтарып алу осы Кодекске және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

      123-бап. Кешенді экологиялық рұқсаттың мазмұны

      1. Кешенді экологиялық рұқсат белгіленген үлгідегі рұқсат болып табылады, онда:

      1) оның иесі (операторы), объектісі және онда жүзеге асырылатын қызмет түрлері туралы мәліметтер;

      2) кешенді экологиялық рұқсаттың қолданылу мерзімі;

      3) қызметті жүзеге асырудың экологиялық шарттары, оның ішінде:

      технологиялық нормативтер;

      осы Кодексте көзделген жағдайларда – қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтері;

      қоршаған ортаға жол берілетін физикалық әсер етудің нормативтері;

      қалдықтардың жинақталу лимиттері, қалдықтарды көму лимиттері (жеке полигон болған кезде);

      егер қызмет арнайы су пайдалануды қамтитын болса, Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес арнайы су пайдалануға арналған лимиттер;

      энергия тиімділігін арттыру және энергия үнемдеу жөніндегі іс-шаралар;

      қалдықтарды басқару бағдарламасы;

      қоршаған ортаға қауіп төндіретін жағдайларда объектіні пайдалану бойынша әрекеттер мен шаралар;

      өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы, оның ішінде топырақ пен жерасты сулары жай-күйінің мониторингін және эмиссиялардың автоматтандырылған мониторингін қоса алғанда, өндірістік мониторинг жүргізу жөніндегі талаптар;

      топырақтағы және жерасты суларындағы эмиссияларды болғызбау үшін қажетті шарттар мен шаралар, сондай-ақ жабдықты пайдалану процесінде немесе қалдықтар мен өзге де қауіпті заттарды сақтау кезінде ағуды, төгілуді, аварияларды және өзге де штаттан тыс жағдайларды болғызбау мақсатында осындай шарттар мен шаралардың сақталуын ұдайы бақылау және бақылау жөніндегі талаптар;

      ең жақсы қолжетімді техникаларды қолданумен байланысты технологиялық көрсеткіштерді сақтау мүмкін болмаған кезде I санаттағы жұмыс істеп тұрған объектілер үшін – экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасының жобасы;

      қоршаған ортаға әсерді бағалау туралы қорытындыда көрсетілген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өзге де талаптар;

      4) кешенді экологиялық рұқсат беру, оның ішінде мүдделі жұртшылықтың осы Кодекстің 127-бабының 10-тармағына сәйкес ұсынылған ұсыныстарын есепке алу немесе қабылдамау туралы шешім қабылдау себептерінің негіздемесі қамтылады.

      2. Кешенді экологиялық рұқсат бланкілерінің нысандары және оларды толтыру тәртібі Экологиялық рұқсаттар беру қағидаларында белгіленеді.

      124-бап. Ең жақсы қолжетімді техникалар

      1. Ең жақсы қолжетімді техникалар деп қызмет түрлері мен оларды жүзеге асыру әдістерінің дамуының неғұрлым тиімді және озық сатысы түсініледі, ол технологиялық нормативтер мен қоршаған ортаға теріс антропогендік әсерді болғызбауға немесе, егер бұл іс жүзінде жүзеге асырылмаса, азайтуға бағытталған өзге де экологиялық жағдайларды белгілеуге негіз болу үшін олардың практикалық жарамдылығын куәландырады. Бұл ретте:

      1) техникалар деп объектіні жобалауға, салуға, қызмет көрсетуге, пайдалануға, басқаруға және пайдаланудан шығаруға қолданылатын пайдаланудағы технологиялар, сол сияқты тәсілдер, әдістер, процестер, практикалар, ұстанымдар мен шешімдер түсініледі;

      2) егер олардың даму деңгейі мұндай техниканы өндірістің тиісті секторында экономикалық және техникалық тұрғыдан ықтимал жағдайларда енгізуге мүмкіндік берсе, шығындар мен пайданы назарға ала отырып, мұндай техниканың Қазақстан Республикасында қолданылуына немесе өндірілуіне қарамастан және объектінің операторы үшін олар негізді түрде қаншалықты қолжетімді болса, сондай шамада ғана қолжетімді болып есептеледі;

      3) ең жақсы деп қоршаған ортаны қорғаудың жалпы жоғары деңгейіне жетуде неғұрлым пәрменді қолжетімді техника түсініледі.

      2. Ең жақсы қолжетімді техникаларды қолдану қоршаған орта ластануының кешенді түрде алдын алуға, қоршаған ортаға теріс антропогендік әсерді барынша азайтуға және бақылауға бағытталған.

      Ең жақсы қолжетімді техникаларды қолдану салалары деп экономиканың жекелеген салалары, қызмет түрлері, технологиялық процестер, осы Кодекске сәйкес ең жақсы қолжетімді техникалар айқындалатын қызметті жүргізудің техникалық, ұйымдастырушылық немесе басқарушылық аспектілері түсініледі. Ең жақсы қолжетімді техникаларды қолдану салалары осы Кодекстің 3-қосымшасында айқындалады.

      3. Ең жақсы қолжетімді техникалар мынадай өлшемшарттар үйлесімі:

      1) аз қалдықты технологияны пайдалану;

      2) қауіптілігі неғұрлым аз заттарды пайдалану;

      3) технологиялық процесте пайда болатын және пайдаланылатын заттардың, сондай-ақ қалдықтардың қалпына келтірілуі мен рециклингіне, қаншалықты қолданылуына ықпал ету;

      4) өнеркәсіптік деңгейде табысты сыналған процестердің, құрылғылардың және операциялық әдістердің салыстырмалылығы;

      5) ғылыми білім мен түсініктегі технологиялық серпілістер мен өзгерістер;

      6) қоршаған ортаға тиісті эмиссиялардың табиғаты, әсері және көлемі;

      7) жаңа және жұмыс істеп тұрған объектілер үшін пайдалануға берілген күндер;

      8) ең жақсы қолжетімді техниканы енгізу үшін қажетті мерзімдердің ұзақтығы;

      9) процестерде пайдаланылатын шикізат пен ресурстардың (суды қоса алғанда) тұтыну деңгейі мен қасиеттері және энергия тиімділігі;

      10) қоршаған ортаға эмиссиялардың теріс әсері мен қоршаған ортаға қауіп-қатердің жалпы деңгейіне дейін алдын алу немесе азайту қажеттігі;

      11) авариялардың алдын-алу қажеттігі және қоршаған орта үшін теріс салдарды барынша азайту;

      12) халықаралық ұйымдар жариялаған ақпарат;

      13) Қазақстан Республикасында немесе одан тыс жерлерде екі және одан да көп объектілерде өнеркәсіптік енгізу негізінде айқындалады.

      4. Қолданылуы кезінде табиғи ортаның бір немесе бірнеше құрамбөліктеріне зиянды әсерді болғызбау немесе қысқарту табиғи ортаның басқа құрамбөліктеріне зиянды әсерді ұлғайту есебінен қол жеткізілетін технологиялық процестер, техникалық, басқарушылық және ұйымдастырушылық тәсілдер, әдістер, ұстанымдар мен практикалар ең жақсы қолжетімді техника ретінде айқындалмайды.

      5. Ең жақсы қолжетімді техникалар бойынша қорытындылар – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мына ережелерді:

      1) ең жақсы қолжетімді техникалар бойынша тұжырымдарды;

      2) ең жақсы қолжетімді техникалардың сипаттамасын;

      3) ең жақсы қолжетімді техникалардың қолданылуын бағалау үшін қажетті ақпаратты;

      4) ең жақсы қолжетімді техникаларды қолданумен байланысты эмиссиялардың деңгейлерін;

      5) ең жақсы қолжетімді техникаларды қолданумен байланысты өзге де технологиялық көрсеткіштер, оның ішінде энергетикалық, су және өзге де ресурстарды тұтыну деңгейлерін;

      6) ең жақсы қолжетімді техникаларды қолданумен байланысты мониторинг бойынша талаптарды;

      7) ремедиация бойынша талаптарды қамтитын Ең жақсы қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтардың негізінде бекітілген нормативтік құқықтық актілері.

      Ең жақсы қолжетімді техникаларды қолданумен байланысты эмиссиялар деңгейлері белгілі бір уақыт кезеңі ішінде және белгілі бір жағдайларда орташалауды ескере отырып, Ең жақсы қолжетімді техникалар бойынша қорытындыда сипатталған бір немесе бірнеше ең жақсы қолжетімді техникаларды қолдану арқылы объектіні пайдаланудың қалыпты жағдайы кезінде қол жеткізілуі мүмкін эмиссиялар деңгейінің (ластағыш заттардың шоғырлануының) ауқымы ретінде айқындалады. Ең жақсы қолжетімді техникалар бойынша қорытындыларда сондай-ақ диапазонның төменгі шекарасында эмиссия деңгейіне қол жеткізуге болатын шарттардың сипаттамасы келтіріледі

      6. Ең жақсы қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтар Қазақстан Республикасының Стандарттау жөніндегі заңнамасында белгіленген тәртіпте ұлттық стандарт түрінде әзірленеді.

      7. Қазақстан Республикасының Үкіметі міндетіне:

      1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен Ең жақсы қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтарды әзірлеу және өзектендіру мәселелері бойынша өзге мемлекеттік органдардың өзара әрекетін жүзеге асыру;

      2) Ең жақсы қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтарды әзірлеу процесін қамтамасыз етуді және ең жақсы қолжетімді техникаларды ендіруді ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      3) Ең жақсы қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтарды әзірлеу мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдарды, ұйымдарды және жұртшылықты ақпараттандыруды жүзеге асыру және оларға ең жақсы қолжетімді техникалар саласында консультациялық қолдауды ұсыну;

      4) Ең жақсы қолжетімді техникалар саласында нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындауға қатысу;

      5) Ең жақсы қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтарды әзірлеу, Қазақстан Республикасында заманауи технологиялар трансфері мен бейімдеу мәселелері бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның және техникалық жұмыс топтарының қызметін ұйымдастырушылық, әдістемелік және сараптамалық-аналитикалық қолдауды қамтамасыз ету;

      6) Ең жақсы қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтарды әзірлеу бойынша техникалық жұмыс топтарына қатысу кіретін Ең жақсы қолжетімді техникалар жөніндегі бюро функциясын жүзеге асыратын ұйымды анықтайды.

      8. Ең жақсы қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтар мына мәліметтерді қамтиды:

      1) саланы, саланың бір бөлігін, қызмет түрін, технологиялық процестерді және техникаларды сипаттауды қоса алғанда, нақты қолдану саласы туралы жалпы ақпарат;

      2) эмиссиялардың ағымдағы деңгейін, сондай-ақ энергетикалық және су ресурстарын тұтынуды қоса алғанда, қолдану саласына тән негізгі экологиялық проблемаларды сипаттамасы;

      3) ең жақсы қолжетімді техниканы айқындау әдістемесі;

      4) ең жақсы қолжетімді техникаларды айқындау мақсатында қарастыру үшін ұсынылатын қолданудың нақты саласы үшін жұмыс істеп тұрған техникалардың сипаттамасы;

      5) қоршаған ортаға технологиялық процестердің теріс әсерін төмендету үшін оларды жүзеге асыру кезінде қолданылатын және техникалық қайта жарақтандыруды, қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектіні реконструкцияларды талап етпейтін әдістер;

      6) қоршаған орта үшін ең жақсы қолжетімді техниканы енгізудің артықшылықтарын бағалау;

      7) ең жақсы қолжетімді техниканы қолданудағы шектеулер туралы деректер;

      8) ең жақсы қолжетімді техниканы сипаттайтын экономикалық көрсеткіштер;

      9) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізілетін немесе оларды тәжірибелік-өнеркәсіптік енгізу жүзеге асырылатын жаңа техникалар туралы мәліметтер;

      10) ең жақсы қолжетімді техниканы іс жүзінде қолдану үшін маңызы бар өзге де мәліметтер;

      11) осындай ең жақсы қолжетімді техникаларды қолданумен байланысты технологиялық көрсеткіштерді қоса алғанда, ең жақсы қолжетімді техникалар бойынша тұжырымдарды қамтитын қорытынды;

      12) анықтамалықпен одан әрі жұмыс істеу үшін техникалық жұмыс тобының қосымша түсініктемелері мен ұсыныстары қамтылады.

      9. Ең жақсы қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтарды әзірлеу кезінде осы саладағы ең үздік әлемдік тәжірибе ескеріледі, оның ішінде Ең жақсы қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтардың негізі ретінде оларды қолданудың нақты салаларында ең жақсы қолжетімді техникалардың техникалық және экономикалық қолжетімділігін негіздейтін Қазақстан Республикасының климаттық, экологиялық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларына негізделген бейімдеу қажеттігін ескере отырып, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше болып табылатын мемлекеттерде ресми қолданылатын ұқсас және салыстырмалы анықтамалықтар пайдаланылуға тиіс.

      10. Ең жақсы қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтарды қайта қарау ғылыми-техникалық дамуды ескере отырып, бірақ тиісті анықтамалықтың алдыңғы нұсқасы жарияланғаннан кейін әрбір сегіз жылдан кем емес уақытта жүзеге асырылады.

      11. Ең жақсы қолжетімді техниканы енгізу деп мыналар:

      1) жаңа объектілерді жобалау, салу немесе жұмыс істеп тұрған объектілерді реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыру (жаңғырту), оның ішінде жаңа жабдықты орнату арқылы іске асыру;

      2) жиынтығында қоршаған ортаны қорғау деңгейіне қол жеткізуді Ең жақсы қолжетімді техникалар бойынша жарияланған анықтамаларда сипатталған ең жақсы қолжетімді техникаларды қолданумен байланысты көрсеткіштерден төмен болмайтындай ететін мұндай объектілерге қызмет көрсету, оларды пайдалану, басқару және пайдаланудан шығару тәсілдерін, әдістерін, процестерін, практикаларын, ұстанымдары мен шешімдерін қолдану жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырудың уақыт жағынан шектелген процесі танылады.


      125-бап. Кешенді экологиялық рұқсат алуға өтініш

      1. Кешенді экологиялық рұқсат алуға өтініш қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға электрондық түрде беріледі және онда мынадай ақпарат:

      1) заңды тұлғаның атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны немесе дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса); бизнес-идентификаттау нөмірі;

      2) объектінің атауы, орналасқан жері;

      3) негізгі қызмет түрі, өндірілетін өнімнің (тауардың) түрлері мен көлемі;

      4) объектіні салу, реконструкциялау және (немесе) пайдалану жоспарланып отырған аумақтың ағымдағы жай-күйінің сипаттамасы;

      5) қоршаған ортаға оның зиянды антропогендік әсер етуін болғызбау немесе деңгейін төмендету мақсатында объектіде қолданылатын немесе қолдануға ұсынылатын техникаларды сипаттау, оның ішінде кешенді экологиялық рұқсатта белгілеу үшін оператор ұсынатын технологиялық нормативтердің есептері мен негіздемелері;

      6) тиісті қолданылу салалары бойынша ең жақсы қолжетімді техникалар туралы қорытындыларда келтірілген ең жақсы қолжетімділігі бар пайдаланылатын немесе пайдалануға көзделетін техниканың салыстырмалы сипаттамасы;

      7) кешенді экологиялық рұқсатқа енгізу үшін ұсынылатын Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына және қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындының тұжырымдарына сәйкес келуі тиіс объектіні салу, кәдеге жаратудан пайдаланылуы тиіс кезеңдеріне қатысты міндетті экологиялық шарттар;

      8) шикізатты, суды, электр және жылу энергиясын пайдалану (тұтыну) туралы ақпарат;

      9) объектіні салу және пайдалану бойынша егжей-тегжейлі нақтылауды жүзеге асыру үшін оператор алуы немесе беруі қажет болжамды рұқсаттар мен хабарламалар туралы ақпарат;

      10) жұмыс істеп тұрған объектілер үшін:

      өткен жеті жылда объектіде болған қоршаған ортаны ластауға немесе экологиялық залал келтіруге әкеп соққан авариялар мен тосын оқиғалар туралы мәліметтер;

      экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасын (бар болса) іске асыру туралы ақпарат қамтылуға тиіс.

      2. Кешенді экологиялық рұқсатты алуға арналған өтініштің нысаны және оны толтыру тәртібі Экологиялық рұқсаттар беру қағидаларында белгіленеді.

      3. Кешенді экологиялық рұқсат алуға арналған өтінішке:

      1) көзделген қызметке қатысты – егер осы Кодекске сәйкес қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу талап етілмейтін болса, қоршаған ортаға әсерді бағалау немесе әсер ету скринингі материалдарымен бірге тиісті жобалау құжаттары;

      2) жүзеге асырылатын қызметке қатысты – технологиялық нормативтердің негіздемесі және оңайлатылған тәртіп бойынша экологиялық бағалау материалдарымен бірге эмиссиялар нормативтерінің жобасы;

      3) қалдықтарды басқару бағдарламасының жобасы;

      4) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының жобасы;

      5) ең жақсы қолжетімді техникаларды қолданумен байланысты технологиялық көрсеткіштерді сақтауы мүмкін болмаған кезде I санаттағы жұмыс істеп тұрған объектілер үшін – осы Кодекстің 131-бабына сәйкес әзірленген экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасының жобасы қоса беріледі.

      4. Объект операторының өтініші бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган, басқа да мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен объектінің құрылысы және (немесе) пайдаланылуы қарастырылатын аумаққа қатысты өздерінде бар барлық экологиялық ақпаратқа оның қолжеткізуіне рұқсат беруге міндетті.

      126-бап. Кешенді экологиялық рұқсат алуға өтінішті қарау рәсімі

      1. Кешенді экологиялық рұқсатты алуға өтініш ұсынылған материалдардың нысаны мен мазмұны осы Кодекстің талаптарына сәйкес келген жағдайда қаралуға жатады.

      2. Кешенді экологиялық рұқсат алуға өтінішті алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган оны толықтығы (жинақтылығы) тұрғысынан қарайды және кешенді экологиялық рұқсат алуға өтініште барлық талап етілетін мәліметтер мен қоса берілетін құжаттар болған кезде өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды өзінің құрылымдық бөлімшелеріне, сондай-ақ мынадай мүдделі мемлекеттік органдарға олардан міндетті экологиялық жағдайларға қатысты ескертулер мен ұсыныстар алу үшін жібереді, олардың құзыреті шеңберінде кешенді экологиялық рұқсатқа енгізілуге жататын:

      1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органға;

      2) объект жататын тиісті салада реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органға;

      3) объектіні салу және пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қажетті рұқсаттарды беру құзыретіне кіретін өзге де уәкілетті органдарға;

      4) аумағында объект орналасқан немесе орналасатын облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органына;

      5) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жәрдемдескен жағдайда, егер мұндай қызметті шешу туралы шешімдерді қабылдау жөніндегі трансшекаралық рәсімдерді жүргізу қажеттігі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделсе немесе қоршаған ортаға әсер етуді бағалау нәтижелері бойынша қорытындыда белгіленсе, объектіні салу және (немесе) пайдалану қоршаған ортаның жай-күйіне елеулі қолайсыз әсер етуі ықтимал мемлекетке жібереді.

      Егер объект екі немесе одан да көп облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтары шегінде орналасса немесе орналасатын болса, қоса берілетін материалдары бар өтініш әрбір тиісті жергілікті атқарушы органға жіберуге жатады.

      3. Құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзімде өтінішті қоса берілген құжаттарымен бірге өтініш берушіге осындай қайтарудың себептерін негіздей отырып қайтарады.

      4. Егер "бір терезе" қағидаты бойынша тиісті мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді біріктіру тәртібі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның және тиісті уәкілетті органдардың бірлескен бұйрықтарымен айқындалған болса, кешенді экологиялық рұқсаттың құрамына өзге де мемлекеттік органдар беретін рұқсаттар енгізілуі мүмкін.

      5. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген мүдделі мемлекеттік органдар өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде кешенді экологиялық рұқсатқа енгізілуге жататын міндетті экологиялық шарттарға қатысты өз қорытындыларын беруге тиіс.

      6. Мүдделі мемлекеттік органдардан қорытындыларды алғаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган оларды қарау және ұстанымды ұсыну үшін өтініш берушіге жіберуге міндетті және өтініш беруші бес жұмыс күні ішінде осындай қорытындылар мен ұсыныстарды қарайды және олар бойынша өз ұстанымын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жібереді.

      7. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган алған мүдделі мемлекеттік органдардың қорытындылары өтініш берушіге жіберілмейді және өтініш бойынша шешім қабылдау кезінде есепке алынбайды.

      8. Осы баптың 7-тармағына сәйкес өтініш берушінің ұстанымын алғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган алынған ескертулер мен ұсыныстарды, сондай-ақ өтініш берушінің ұстанымын ескере отырып, ішкі және (немесе) сыртқы сарапшыларды тарту арқылы кешенді экологиялық рұқсаттың жобасын дайындайды және мұндай жобаны өтініш берушіге жібереді. Өтініш беруші ұсынылған экологиялық рұқсат жобасы бойынша өз ұстанымын 10 жұмыс күні ішінде ұсынады.

      Кешенді экологиялық рұқсаттың жобасына енгізілген шарттар бойынша туындайтын келіспеушіліктерді осы Кодекстің 85-бабында көзделген тәртіппен сараптама комиссиясы шешеді.

      127-бап. Қарастырылатын шет мемлекетпен консультациялар

      1. Осы Кодекстің 127-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайда, егер қарастырылатын шет мемлекет өтініш бойынша кешенді экологиялық рұқсат беруге қатысты өз ұстанымын ұсынса, уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жәрдемдескен жағдайда Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың ережелерін ескеру арқылы консультациялар жүргізуге тиіс.

      2. Кешенді экологиялық рұқсат алуға арналған өтінішті қарау мерзімі қарастырылатын мемлекетпен консультациялар аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      128-бап. Кешенді экологиялық рұқсатты беру

      1. Өтініш берушінің жауабын немесе осы Кодекстің 127-бабының 8-тармағына сәйкес келіспеушіліктерді қарау нәтижелерін алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган кешенді экологиялық рұқсат беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган:

      1) өтініш беруші кешенді экологиялық рұқсат алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) кешенді экологиялық рұқсатты алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттар және (немесе) оларда қамтылған мәліметтер Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына және (немесе), егер осы Кодексте қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалау көзделсе - қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындыға сәйкес келмеген;

      3) өтініш беруші осы Кодекстің 127-бабында көзделген тәртіппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған кешенді экологиялық рұқсаттың шарттарымен келіспеген жағдайларда кешенді экологиялық рұқсат беруден бас тартады.

      3. Егер бас тарту үшін негіздер жоқ болса, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган өтініш берушіге кешенді экологиялық рұқсатты тиісті шешім қабылданғаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде береді.

      4. Берілген кешенді экологиялық қорытындының көшірмесі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

      5. Объектілердің операторлары кешенді экологиялық рұқсатта көзделген экологиялық шарттарды орындауға міндетті және оларды сақтамағаны немесе қызметін кешенді экологиялық рұқсатсыз жүзеге асырғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.

      129-бап. Кешенді экологиялық рұқсатты қайта қарау

      1. Кешенді экологиялық рұқсат мынадай жағдайдарда:

      1) оператор осы Кодекстің 77-бабының 2-тармағына сәйкес қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізуді талап ететін көзделген немесе жүзеге асырылатын қызметке елеулі өзгерістер енгізгенде;

      2) кешенді экологиялық рұқсатта қамтылған технологиялық нормативтермен салыстырғанда Ең жақсы қолжетімді техникаларды қолданумен байланысты неғұрлым қатаң технологиялық көрсеткіштерді қамтитын оларды қолданудың тиісті салалары бойынша ең жақсы қолжетімді техникалар бойынша жаңа анықтамалықтың қабылдануына байланысты Ең жақсы қолжетімді техникалар бойынша жаңа қорытынды бекітілгенде ішінара немесе толықтай қайта қаралуға жатады.

      2. Оператор осы баптың 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша кешенді экологиялық рұқсатты:

      1) жүзеге асырылатын қызметке елеулі өзгерістерді оператор іске асыра бастайтын болжамды күнге дейін 6 ай бұрын;

      2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес оларды қолданудың тиісті салалары бойынша Ең жақсы қолжетімді техникалар бойынша жаңа қорытынды бекітілген күннен бастап 3 ай ішінде қайта қарауға өтініш беруге міндетті.

      3. Кешенді экологиялық рұқсатты қайта қарау кешенді экологиялық рұқсат беру үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен толық көлемде жүзеге асырылады.

      Кешенді экологиялық рұқсатты ішінара қайта қарау кешенді экологиялық рұқсат беру үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралып отырған жекелеген экологиялық жағдайлар мен нормативтер бөлігінде кешенді экологиялық рұқсаттың өзге де қозғалмайтын шарттарын қайта қарамай жүзеге асырылады.

      4. Кешенді экологиялық рұқсатты қайта қарау және оған өзгерістер енгізу оператордың бастамасы бойынша да жүзеге асырылуы мүмкін.

      5. Кешенді экологиялық рұқсатқа енгізілетін және ондағы экологиялық шарттарды қозғамайтын өзгерістер кешенді экологиялық рұқсатты қайта қарауды талап етпейді және оны қайта ресімдеу арқылы жүзеге асырылады.

      130-бап. Экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасы

      1. Шекті жол берілетін шығарындылар нормативтерін, шекті жол берілетін төгінділер нормативтерін, технологиялық нормативтерді жұмыс істеп тұрған I санаттағы объектілерде қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалардың немесе дара кәсіпкерлердің сақтауы мүмкін болмаған жағдайда шекті жол берілетін шығарындылар нормативтеріне, шекті жол берілетін төгінділер нормативтеріне, технологиялық нормативтерге кезең-кезеңмен қол жеткізу кезеңінде міндетті түрде экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасы әзірленеді және бекітіледі.

      2. Экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасы қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектілерді реконструкциялау жөніндегі іс-шаралар тізбесін, оларды орындау мерзімдерін қамтиды.

      3. Экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасында объектінің операторы экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасының қолданылу кезеңінде қол жеткізуге тиіс қоршаған ортаға теріс әсерді төмендету көрсеткіштері және осындай көрсеткіштерге кезең-кезеңімен қол жеткізу кестесі қамтылады.

      4. Экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасына табиғат қорғауда маңызы бар ғимараттарды, құрылысжайларды, жабдықтарды, құрылғыларды пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар енгізілуге жатпайды.

      5. Экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасын іске асыру мерзімі 4 жылдан аспайды және ұзартуға жатпайды.

      6. Экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасын әзірлеу қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

      7. Экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасын орындау шартымен кешенді экологиялық рұқсатты алған объектілердің операторлары жыл сайын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасының орындалуы туралы есеп береді.

      8. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру кезінде экологиялық тиімділікті арттырудың бекітілген бағдарламаларының іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады.

      4-параграф. Әсер етуге экологиялық рұқсат

      131-бап. Әсер етуге экологиялық рұқсат беру туралы жалпы ережелер

      1. ІІ санаттағы объектілерде қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер қоршаған ортаға эмиссияларға экологиялық рұқсат алуға міндетті.

      2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жер салығын төлеушілер болып табылатын тұлғалар шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын объектілер бойынша әсер етуге экологиялық рұқсат алмайды.

      3. Әсер етуге экологиялық рұқсаттарды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары береді.

      4. Жекелеген стационарлық көздері әртүрлі облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) аумағында орналасқан объектіге қатысты ықпал етуге экологиялық рұқсат алуға өтініш тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің кез келген жергілікті атқарушы органына берілуі мүмкін, бұл ретте өзге де облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары мүдделі мемлекеттік органдар ретінде экологиялық рұқсат беру рәсіміне тартылуға тиіс.

      5. Әсер етуге экологиялық рұқсаттар қолданыстағы рұқсатта көрсетілген экологиялық шарттарды өзгертуді талап ететін қолданылатын технологиялар өзгергенге дейінгі, бірақ он жылдан аспайтын мерзімге беріледі.


      132-бап. Әсер етуге экологиялық рұқсаттың мазмұны

      1. Әсер етуге экологиялық рұқсат – белгіленген үлгідегі рұқсатты білдіреді, онда:

      1) оның иесі (оператор), объектісі және сонда жүзеге асырылатын қызмет түрлері туралы мәліметтер;

      2) экологиялық рұқсаттың қолданылу мерзімі;

      3) қызметті жүзеге асырудың экологиялық шарттары, оның ішінде:

      қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтері;

      қалдықтардың жинақталу лимиттері, қалдықтарды көму лимиттері (жеке полигон болған жағдайда);

      қалдықтарды басқару бағдарламасы;

      өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы, оның ішінде топырақ және жерасты сулары жай-күйінің мониторингін қоса алғанда, өндірістік мониторинг жүргізу бойынша талаптар;

      экологиялық рұқсаттың қолданылу кезеңіне арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары;

      қоршаған ортаға әсерді бағалау туралы қорытындыда көрсетілген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өзге де талаптар (болған жағдайда) қамтылады.

      2. Әсер етуге экологиялық рұқсат бланкілерінің нысандарын және оларды толтыру тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      133-бап. Әсер етуге экологиялық рұқсат алуға өтініш

      3. Әсер етуге экологиялық рұқсат алуға арналған өтініш жергілікті атқарушы органға белгіленген нысан бойынша электрондық нысанда беріледі.

      4. Әсер етуге экологиялық рұқсат алуға арналған өтінішке:

      1) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы (ол болған жағдайда);

      2) қалдықтарды басқару бағдарламасының жобасы қоса беріледі.

      3) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының жобасы;

      4) экологиялық рұқсаттың қолданылу кезеңіне қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы.

      Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болмаған кезде әсер етуге экологиялық рұқсат алуға арналған өтінішке осы Кодекстің 99-бабына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын объектіні салу және пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасы қоса беріледі. Бұл жағдайда мұндай құжаттама осы Кодекске сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтеді

      5. Әсер етуге экологиялық рұқсат алуға арналған өтініштің нысанын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      134-бап. Әсер етуге экологиялық рұқсатты қарау және беру мерзімдері

      1. Жергілікті атқарушы орган әсер етуге экологиялық рұқсат беруге арналған өтініш тіркелген күннен бастап екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынылған материалдарды олардың толықтығы (жинақтылығы) тұрғысынан зерделейді. Көрсетілген мерзім ішінде өтініш қарауға қабылданады не ұсынылған құжаттардың жиынтықталмауы салдарынан қабылданбайды.

      Ұсынылған құжаттардың жиынтықталмау себебі бойынша өтініш қабылданбаған жағдайда өтініш берушіге бас тарту себептерін дәлелді негіздей отырып, бас тарту жіберіледі.

      2. Қарауға қабылданған өтініштер осы Кодекстің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қаралады және қарау қорытындылары бойынша өтініш тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әсер етуге экологиялық рұқсат немесе дәлелді бас тарту беріледі.

      3. Әсер етуге экологиялық рұқсат берумен бір мезгілде өтініш берушіге мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы беріледі

      135-бап. Әсер етуге экологиялық рұқсат беруден бас тарту

      1. Әсер етуге экологиялық рұқсат беретін жергілікті атқарушы органдар мынадай жағдайларда:

      1) рұқсат алу үшін ұсынылған материалдар дәйексіз болып табылса;

      2) қызметті жүзеге асырудың мәлімделген шарттары мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы берілген бастапқы деректерге сәйкес келмесе (ол болған жағдайда);

      3) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары, қалдықтарды басқару бағдарламасының жобасы немесе өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының жобасы Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген экологиялық талаптарға сәйкес келмесе;

      4) мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы алынса, рұқсат беруден бас тартады.

      2. Әсер етуге экологиялық рұқсат беруден бас тартуға байланысты даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.

      136-бап. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары

      1. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары әсер етуге экологиялық рұқсатқа қосымша болып табылады және эмиссиялардың белгіленген нормативтерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті іс-шаралар тізбесін қамтуға тиіс.

      3. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу ережелерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдар белгілейді.

      4. Оператор экологиялық рұқсат берген тиісті органға қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы жыл сайын есеп береді

      4-бөлім. Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық реттеу

      137-бап. Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық реттеу тетіктерінің түрлері

      Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық реттеу тетіктерінің түрлері:

      1) қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы;

      2) қоршаған ортаға эмиссияларды басқарудың нарықтық тетіктері;

      3) экологиялық сақтандыру;

      4) қоршаған ортаны қорғауға бағытталған қызметті экономикалық ынталандыру;

      5) парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңірудің нарықтық тетіктер;

      6) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері болып табылады.

      138-бап. Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем

      1. Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем оның мынадай түрлері:

      1) атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары;

      2) ластағыш заттардың төгінділері;

      3) қалдықтарды көмгені;

      4) күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастырғаны үшін алынады.

      2. Қоршаған ортаға теріс әсер үшін төлемақы енгізуді қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектінің операторы жүзеге асырады.

      3. Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленеді.

      4. Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін экологиялық рұқсатта немесе қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияда айқындалған нормативтер шегінде төлемақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен алынады.

      5. Коммуналдық қатты қалдықтарды көму үшін ақы төлеуге арналған шығыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тарифтер белгіленген кезде ескеріледі.

      139-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларды басқарудың нарықтық тетіктері

      1. Қоршаған ортаға эмиссияларды қысқарту мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қоршаған ортаға эмиссиялардың лимиттерін белгілеу, қоршаған ортаға эмиссияларға квоталарды бөлу және қоршаған ортаға эмиссияларды қысқартуға квоталар мен міндеттемелерді сату тәртібін бекіту арқылы нарықтық тетіктерді енгізуі мүмкін.

      2. Қоршаған ортаға эмиссиялардың лимиттері – белгілі бір аумақ (акватория) шегінде күнтізбелік жылға белгіленетін қоршаған ортаға эмиссиялардың жиынтық нормативтік көлемі, оны сақтаған кезде экологиялық сапаның нормативтері бұзылмайды.

      3. Қоршаған ортаға эмиссияларға арналған квота – нақты тұлғаға күнтізбелік бір жылға ақылы немесе тегін негізде бөлінетін қоршаған ортаға эмиссияларға арналған лимиттің бөлігі.

      140-бап. Экологиялық сақтандыру

      1. Экологиялық сақтандырудың мақсаты авариямен келтірілген экологиялық залалды өтеу бойынша тұлғаның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін қамтамасыз ету болып табылады.

      2. Оператор жасаған міндетті экологиялық сақтандыру шартынсыз І санаттағы объектілерді пайдалануға жол берілмейді.

      Міндетті экологиялық сақтандыру "Міндетті экологиялық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Ерікті экологиялық сақтандыруды жеке және заңды тұлғалар өздерінің ерік білдіруіне байланысты жүзеге асырады. Ерікті экологиялық сақтандырудың түрлері, шарттары мен тәртібі сақтандырушылар мен сақтанушылар арасындағы шарттарда айқындалады.

      141-бап. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған қызметті экономикалық ынталандыру

      1. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған қызметті экономикалық ынталандыру мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес кешенді экологиялық рұқсат алған күннен бастап қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолдану;

      2) қалдықтарды термиялық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр және жылу энергиясына "жасыл" тарифті қолдану;

      3) "жасыл" технологиялардың трансферті мен бейімделуін, сондай-ақ "жасыл" инвестицияларды тартуға жәрдемдесуді ұйымдастыру;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарында және (немесе) "Астана" халықаралық қаржы орталығының актілерінде белгіленген шарттарда және тәртіппен "жасыл" қаржыландыру шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну;

      5) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну арқылы жүзеге асырылады.

      2. "Жасыл" тариф деп энергетика саласындағы уәкілетті орган бекіткен жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларына сәйкес қалдықтарды термиялық кәдеге жарату объектілері өндірген электр немесе жылу энергиясын жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының сатуына арналған тариф түсініледі.

      3. "Жасыл" технологиялар деп ғылымның заманауи жетістіктерінің негізінде жасалған, тұрақты дамудың экологиялық, экономикалық, әлеуметтік аспектілерін ескеретін, өндірістің экологиялық қауіпсіз технологиялары түсініледі, олар мынадай салаларды қамтиды және:

      1) "өндіріс – кәдеге жарату – жаңа өндіріс" тұйық циклі бойынша улы емес өнімдер өндірісіне;

      2) технологиялардағы және тұтыну құрылымындағы инновациялар есебінен қалдықтарды барынша қысқартуға;

      3) жаңартылмайтын табиғи ресурстарды баламалы жаңартылатын шикізат пен энергия көздеріне ауыстыруға;

      4) егіншілікте, мал шаруашылығында және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуде биотехнологияларды енгізуге, ауыл шаруашылығы үшін биологиялық препараттар өндіруге;

      5) жаңартылатын энергия көздерінен энергия өндіруге (күн энергиясы, жел энергиясы, гидро, геотермалдық энергия, биомасса, сутегі), атмосфераға зиянды шығарындыларды азайтуға, отынды пайдалану тиімділігін, сондай-ақ ғимараттар мен тұрмыстық аспаптардың энергия тиімділігін арттыруға;

      6) климаттың өзгеру салдарларын бәсеңдетуге бағытталған қоршаған ортадан парниктік газдардың жоғары сіңіргіш әсері бар орнықты жасыл желектерді шығаруға;

      7) құрамында уытты және канцерогендік заттары жоқ құрылыс материалдары өндірістік және тұтыну қалдықтарын пайдалана отырып өндіруге бағытталады.

      "Жасыл" технологиялардың сервистік операторы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, "жасыл" технологиялардың трансферті мен бейімделуін ұйымдастыру, экологиялық және "жасыл" инвестицияларды тартуға жәрдемдесу, оның ішінде ұлттық даму институттарының, жергілікті бюджеттердің гранттары және (немесе) инвестициялары және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да ұйымдардың есебінен кешенді қызметтер көрсететін заңды тұлға.

      "Жасыл" технологиялар жобаларын енгізу және іске асыру үшін "жасыл" инвестициялар, оның ішінде ұлттық даму институттарының гранттары және (немесе) инвестициялары, жергілікті бюджеттер және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да ұйымдардың көздері есебінен тартылады.

      Технологияларды "жасыл" технологиялар ретінде тану қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      4. "Жасыл" қаржыландыру деп "жасыл" жобаларды іске асыруға бағытталған және мемлекеттің ақша-кредит саясаты саласындағы уәкілетті органы айқындаған актілерімен айқындалған "жасыл" облигациялар, "жасыл" кредиттер және басқа да қаржы құралдары сияқты құралдардың көмегімен тартылатын инвестициялар түсініледі.

      "Жасыл" жобаларға бекітілген сыныптама (таксономия) негізінде айқындалған, қолданыстағы табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаға теріс әсер ету деңгейін азайтуға, энергия тиімділігін, энергия үнемдеуді арттыруға, климаттың өзгеру салдарын бәсеңдетуге және климаттың өзгеруіне бейімдеуге бағытталған жобалар жатады.

      "Жасыл" облигациялар және "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобаларды (таксономияны) сыныптауды қоршаған ортаны қорғаудың уәкілетті органы әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      "Жасыл" жобалардың іске асырылуын қаржыландыру мақсатында ақша тарту үшін бекітілген кірісі бар борыш құралы "Жасыл" облигациялар деп танылады.

      "Жасыл" жобалардың іске асырылуын қаржыландыруға бағытталған нысаналы қарыздар "Жасыл" несиелер деп танылады.

      5-бөлім. Экологиялық залал

      142-бап. Экологиялық залал

      1. Осы Кодекстің 144-146-баптарында көрсетілген табиғи орта құрамбөліктеріне келтірілген залал, егер ақылға қонымды уақыт кезеңі ішінде ремедиация жөніндегі шаралар қолданбай, табиғи қалпына келтіру мүмкіндігі болмаса, экологиялық залал деп танылады.

      Осы бөлімнің мақсаттары үшін табиғи ортаның құрамбөліктеріне келтірілген залал деп табиғи ортаның құрамбөліктерінің жай-күйіндегі тікелей немесе жанама түрде өлшенетін теріс өзгеріс немесе олардың тұтыну қасиеттерінің немесе пайдалы сапасының өлшенетін нашарлауы түсініледі.

      Базалық жағдай деп, егер оған экологиялық залал келтірілмесе, ол болатын табиғи орта құрамбөлігінің жай-күйі түсініледі.

      2. Осы Кодекстің 144-146-баптарында көрсетілген табиғи ортаның құрамбөліктеріне келтірілген залал атмосфералық ауаның ластануы немесе ластағыш заттардың бір ортадан екіншісіне ауысуы салдарынан болған жағдайларда да экологиялық залал деп танылады.

      3. Осы Кодекстің 144-146-баптарында көрсетілген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің шегінде болатын табиғи ортаның құрамбөліктеріне залал келтіру оларға келтірілген залалдың сипаты мен ауқымына қарамастан, экологиялық залал деп танылады.

      4. Мемлекетң меншігіндегі табиғи ресурстарға (жер, оның ішінде топырақ, су, орман ресурстарына, жер қойнауы ресурстарына, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі ресурстарына), оның ішінде оларды заңсыз пайдалану, алып қою, бүлдіру немесе жою арқылы келтірілген және осы Кодекстің 144-146-баптарында көрсетілген белгілері жоқ залал, экологиялық залал ұғымына жатпайтын мүліктік залал болып табылады және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстардың тиісті түрлері туралы заңнамасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге тиіс.

      143-бап. Адам өмірі мен денсаулығына экологиялық зиян

      1. Жеке тұлғалардың өміріне және (немесе) денсаулығына теріс экологиялық зардаптардың әсері салдарынан келтірілген зиян адам өмірі мен денсаулығына экологиялық зиян деп танылады.

      2. Адамның өмірі мен денсаулығына экологиялық зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге тиіс.


      144-бап. Жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне экологиялық залал

      1. Жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне келтірілген залал жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің қорғалатын түрлерінің және табиғи аралдардың қолайлы жай-күйіне қол жеткізуге немесе сақтауға елеулі теріс әсер ететін табиғи ортаның құрамбөлігіне келтірілген кез-келген экологиялық залал деп танылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген әсер етудің мәні базалық жай-күйі және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өлшемдер ескеріле отырып бағаланады..

      2. Жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне келтірілген залал Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдар тікелей рұқсат еткен шаруашылық қызметінің нәтижесінде туындаған бұрын анықталған теріс әсерді қамтымайды.

      3. Жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің қорғалатын түрлеріне Қазақстанның Қызыл кітабына, қорғауға жататын түрлердің өңірлік тізімдеріне, Өңірлік Қызыл кітаптарға енгізілген немесе жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган қабылдаған нормативтік құқықтық актілерде қорғалатын түрлер ретінде айқындалған жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлері жатады.

      4. Табиғи ареал деп жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің белгілі бір түрінің мекендеу (өсу) және даму аймағы түсініледі.

      5. Табиғи ареалдардың жай-күйі деп табиғи таралу аймағы және әдетте онда мекендейтін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері ұшырайтын және ұзақ мерзімді перспективада олардың табиғи таралуына, құрылымы мен функционалдығына, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктердің типтік түрлерінің Қазақстан Республикасының аумағында немесе олар мекендейтін табиғи шекараларда ұзақ мерзімді өмір сүруіне әсер ететін әсер етудің жиынтығы түсініледі.

      Табиғи таралу аймағының жағдайы, егер:

      1) оның табиғи шекаралары және осындай шекаралар шегінде қамтылатын аумақтары тұрақты болып келсе немесе кеңейтілсе;

      2) табиғм ареалды ұзақ мерзімде сақтау үшін қажетті нақты құрылымы мен қызметтері қолданыста болса және болашақта сақталса;

      3) әдеттегі жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің ареал шегіндегі табиғи жай-күйі осы баптың 6-тармағында көрсетілген өлшемдерге сәйкес келсе қолайлы болып есептеледі.

      6. Жануарлар мен өсімдіктер дүниесі түрінің жай-күйі деп тиісті түрге ұшырайтын және Қазақстан Республикасының аумағындағы немесе осы түрдің табиғи таралу аймағы популяцияларының ұзақ мерзімді көбеюіне және санына әсер етуі мүмкін әсер етудің жиынтығы түсініледі.

      Егер:

      1) тиісті түр санының қарқыңы осы түр өзінің ұзақ мерзімді мәртебесін табиғи ареалдың өміршең құрамбөлігі ретінде сақтайтынын көрсетсе;

      2) түрлердің табиғи саны азаймаса және олардың азаюы жақын болашақта күтілмсе; және

      3) ұзақ мерзімді перспективада популяцияны қолдау үшін жеткілікті үлкен ареал болса және сақталса, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі түрінің жай-күйі қолайлы деп есептеледі.

      145-бап. Суға келтірілетін экологиялық залал

      Қазақстан Республикасының экологиялық және (немесе) су заңнамасында анықталған экологиялық, химиялық немесе сандық жағдайына теріс ықпал ететін немесе жерасты және (немесе) жерүсті суларының экологиялық әлеуеті экологиялық суға келтірілген экологиялық залал деп танылады.

      146-бап. Жерге келтірілетін экологиялық залал

      1. Халықтың денсаулығына зиян келтірудің елеулі тәуекелін туғызатын ластағыш заттардың, организмдердің немесе микроорганизмдердің жер бетіне немесе жердің құрамына немесе топыраққа тікелей немесе жанама түсуі нәтижесінде жердің ластануы жерге келтірілген экологиялық залал деп танылады.

      2. Жерге келтірілген залал деп, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жер заңнамасының ережелеріне сәйкес олардың жұтаңдауына немесе сарқылуына әкеп соқтыра отырып, топырақты жою немесе өзге де салдар түрінде келтірілген залал деп танылады.

      147-бап. Экологиялық залал үшін жауапкершілік

      1. "Ластағыш төлейді" қағидатына сәйкес әрекеті немесе қызметі экологиялық залал келтірген адам өз есебінен экологиялық залал келтірілген табиғи орта мен табиғи ресурстар құрамбөліктерін ремедиациялауды жүзеге асыруға міндетті.

      Экологиялық залал келтірген адамды әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тарту адамды осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген азаматтық-құқықтық жауаптылықтан босатпайды.

      2. Осы Кодекстің 148-баптың 4-тармағына сәйкес қалпына келтіру немесе ремедиациялау жөніндегі шараларды іске асыруға қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган атынан мемлекет шеккен шығындарды өтеуді қоспағанда, келтірілген экологиялық залал үшін ақшалай өтемақы талап етуге немесе алуға ешкімнің де құқыға жоқ.

      3. Жеке немесе заңды тұлғаны осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген жауаптылыққа тарту үшін мынадай:

      1) іс-әрекеттері немесе қызметі экологиялық зиян келтірген нақты тұлғаны немесе тұлғаларды белгілеу мүмкіндігінің;

      2) экологиялық залал мен осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген адамдардың іс-әрекеттері немесе қызметі арасындағы себеп-салдарлық байланысты белгілеу мүмкіндігінің;

      3) экологиялық залал нақты анықталған және өлшенетін болуы тиіс.

      4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы бапқа сәйкес жауаптылыққа тартылуы мүмкін жеке және заңды тұлғаларға экологиялық залалды жою туралы талап-арыздармен сотқа жүгінеді.

      5. Егер нәтижесінде экологиялық залал келтірілген қызметті жүзеге асыратын немесе жүзеге асырған тұлға өмір сүруді тоқтатқан жағдайда, экологиялық залал келтіргені үшін жауапкершілік аталған тұлғаның құқықтық мирасқорына жүктеледі.

      6. І немесе ІІ санаттағы объектілерге жататын мүліктік кешендерді жекешелендіру кезінде жекешелендіруді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік орган экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді. I немесе II санаттағы объектілерге жататын мүліктік кешендерді жекешелендіру, осындай І немесе ІІ санаттағы объектінің ықтимал әсер ету саласында орналасқан табиғи орта құрамбөліктерінің жай-күйін жекешелендіру жоспарында көзделуге және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қатысуымен мамандандырылған ұйымдарды (аккредиттелген зертханаларды) тарта отырып жүзеге асырылуға тиіс экологиялық залалдың болуы тұрғысынан міндетті тексеру нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады.

      Жекешелендіру алдындағы іс-әрекет немесе қызмет нәтижесінде келтірілген экологиялық жауаптылыққа жекешелендіру объектісінің бұрынғы меншік иесі – мемлекет көтереді. Мұндай экологиялық жағдайды жою жөніндегі міндеттерді жекешелендірілген мүліктің (объектінің) жаңа меншік иесіне бөлу немесе ауыстыру мұндай жағдайларда оның келісімімен ғана мүмкін болады.

      7. Егер құқықтық мирасқор анықтау мүмкін болмаған немесе әрекет етуін тоқтатқан жағдайда, экологиялық залалды жою жөніндегі міндет экологиялық залал келтірілген кезде болған тұлғаға немесе, егер мұндай зиян келтіру экологиялық залал келтірген іс-әрекет немесе қызмет аяқталған кезде ұзақ сипатта болса, экологиялық залал келтірген тұлғаға тиісті әрекеттерді немесе қызметті жүзеге асырған жер учаскесінің меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жүктеледі.

      8. Егер осы баптың 5 және 7-тармақтарында көрсетілген адамдар анықталмаған немесе әрекет етуін тоқтатқан жағдайда, экологиялық залалды жою жөніндегі міндетті залал келтірген тұлға өз қызметін жүзеге асырған жер учаскесінің тек қана меншік иесі немесе жер пайдаланушы, егер қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мұндай меншік иесінің немесе жер пайдаланушының көрсетілген жер учаскесіне құқық алған кезде осы жер учаскесінде бұрын жасалған іс-әрекеттер немесе әрекеттер нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілген залал туралы білетіндігін сотта дәлелдеді..

      9. Осы баптың 5, 7 және 8-тармақтарында аталған адамдарды анықтау мүмкін болмаған немесе болмаған кезде, экологиялық залал келтіру фактісі анықталған кезден бастап үш жыл ішінде экологиялық залалды жою жөніндегі міндет мемлекетке жүктеледі. Экологиялық залалды жою жөніндегі қажетті іс-шараларды жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы ұйымдастырады.

      148-бап. Экологиялық залал фактісін және экологиялық залал келтірген адамды анықтау

      1. Мұндай залал келтірген тұлға экологиялық залалды анықтаған жағдайда, мұндай тұлға міндетті:

      1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға экологиялық залал келтірудің әлеуетті фактісі, оның сипаты мен ауқымын алдын ала бағалау туралы екі сағат ішінде хабарлауға;

      2) экологиялық залал келтіру фактісі анықталғаннан кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей, халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға үлкен экологиялық залалды немесе зиянды әсерді болдырмау мақсатында, оның туындатқан факторларды жоюға (жолын кесуге), сондай-ақ экологиялық залалды бақылауға, оқшаулауға және қысқартуға бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдауға кірісу керек;

      3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның экологиялық залал келтірген факторларды жою (жолын кесу) жөніндегі талаптарын орындау.

      2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган экологиялық залал фактісін анықтаған жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган:

      1) осы Кодекстің 147-бабының қағидалары бойынша экологиялық залалды жою жөніндегі міндет жүктелетін адамды анықтау үшін шаралар қабылдайды;

      2) осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген адам анықталғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде оның атына осы Кодекстің 150-бабына сәйкес ремедиация бағдарламасын әзірлеу және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

      3. Экологиялық залалды жою жөніндегі міндет жүктелетін адам осындай экологиялық залалды жоюдан жалтарған жағдайда, тиісті міндет қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның талап-арызы бойынша мұндай адамға сот тәртібімен жүктеледі.

      4. Егер экологиялық залалды жою үшін жауапты тұлға сот шешімінде белгіленген мерзім ішінде ремедиация жөніндегі іс-шараларға қатысты күшіне енген сот шешімін орындамаса немесе егер мұндай тұлға салдарларды жою немесе ремедиация жөніндегі шараларды уақтылы қабылдамаса және мұндай кешіктіру одан әрі елеулі экологиялық залалға немесе халықтың денсаулығына елеулі зиян келтіруге әкеп соқтырады., қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ремедиация жөніндегі іс-шараларды дербес қабылдауға және кейіннен тиісті іс-шараларды жүзеге асыруға жұмсалған шығыстарды өтеуді талап етуге құқылы.

      5. Экологиялық залалды жою туралы талап қою талаптарын айқындау мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган табиғи ресурстардың тиісті түрлерін пайдалану саласындағы реттеуді жүзеге асыратын басқа да мемлекеттік органдардың сарапшыларын, сондай-ақ келтірілген экологиялық залалды зерделеу, оның сипатын, ауқымын бағалау үшін аккредиттелген зертханаларды және сыртқы тәуелсіз сарапшыларды шарттық негізде тартуға құқылы. Сыртқы тәуелсіз сарапшыларды тарту ережесін, оның ішінде оларға қойылатын біліктілік өлшемшарттарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      149-бап. Ремедиация

      1. Экологиялық залал келтірілген табиғи ортаның құрамбөлікін қалпына келтіру, қалпына келтіру арқылы немесе егер экологиялық залал толық немесе ішінара өтеле алмайтын болса, табиғи ортаның осындай құрамбөлікін алмастыру арқылы экологиялық залалды жою жөніндегі іс-шаралар кешені ремедиация деп танылады.

      2. Табиғи ортаның бұзылған құрамбөлігінің базалық жай-күйіне қол жеткізу қоршаған орта құрамблікін қалпына келтіру деп танылады

      3. Осы бапта табиғи орта құрамбөлікін алмастыру деп жануарлар дүниесінің қорғалатын түрлері мен олардың таралу аймақтары үшін жасалатын экологиялық залалға ұшыраған учаске шегінде немесе осы баптың 5 және 6-тармақтарына сәйкес балама аумақ шегінде ұқсас немесе ұқсас экожүйелік қызметтері бар табиғи ортаның өзге құрамбөлікі үшін мекендеген қосымша жақсартулар түсініледі.

      4. Экологиялық залалды жою жөніндегі міндет жүктелген тұлға келтірілген экологиялық залалды тікелей ремедиациялауды жүзеге асырады, ол экологиялық залал келтірілген табиғи ортаның құрамбөліктерін қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар түсініледі не оларды базалық жағдайға дейін ақылға қонымды мерзімде табиғи қалпына келтіру үшін жағдай жасайды.

      5. Тікелей ремедиация мақсаттарына толық қол жеткізу объективті мүмкін болмаған кезде, экологиялық залалды жою жөніндегі міндет жүктелген адам тікелей ремедиацияға қосымша балама ремедиацияны жүзеге асырады, ол экологиялық залал келтірілген табиғи ортаның құрамдас бөліктері орналасқан аумақта қоршаған ортаны қорғау және жақсарту жөніндегі іс-шаралар түсініледі немесе табиғи ортаның ұқсас құрамдас бөліктерін қалпына келтіру үшін жағдай жасайды немесе экологиялық залал келтірілген аумақта қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өзге де іс-шараларды, экологиялық залал келтіру орнына қаншалықты жақын болатын аудандағы қоршаған ортаны қорғаудың өзге іс-шараларын орындайды.

      6. Экологиялық залалды жою жөніндегі міндет жүктелген тұлға тікелей және балама ремедиация жөніндегі шаралардың қабылдануына қарамастан, экологиялық залал келтірілген табиғи ортаның құрамбөліктері орналасқан аумақты не осындай аумаққа мүмкіндігінше жақын орналасқан аумақты табиғи ортаның бұзылған құрамбөліктерін толық қалпына келтіргенге дейінгі экологиялық залал келтірілген кезден бастап экологиялық зиян салдарынан уақытша қол жетпейтін экожүйелік қызметтерді алмастыру мақсатында жақсарту жөнінде қосымша іс-шаралар өткізеді (өтемдік ремедиация).

      7. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 148-бабының 4-тармағына сәйкес экологиялық залалды ремедиациялау жөніндегі шараларды жүзеге асырған жағдайда, мұндай экологиялық залал келтірген тұлғадан қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ремедиациялау жөніндегі тиісті шараларға жұмсаған барлық шығыстарды өндіріп алуға құқылы.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ремедиацияға арналған шығыстарға қосымша экологиялық залал келтірген тұлға мемлекетке экологиялық залалға байланысты туындайтын ақылға қонымды шығыстарды, оның ішінде экологиялық залалдың сипаты мен ауқымын зерделеуге және бағалауға, ремедиация жөніндегі қажетті шараларды айқындауға, осыған байланысты әкімшілік шығыстарды, заң көмегіне, атқарушылық іс жүргізуге, деректер жинауға, ремедиация жөніндегі шаралардың орындалуына мониторинг және бақылау жасауға жұмсалатын шығыстарды өтеуге тиіс.

      150-бап. Ремедиация бағдарламасы

      1. Ремедиация бағдарламасы келтірілген экологиялық залалды жою бойынша іс-шаралар тізбесінен тұрады. Экологиялық залалдың сипатына, сондай-ақ экологиялық залал келтірілген табиғи ортаның құрамбөлігіне байланысты ремедиациялық іс-шаралардың мазмұны, мерзімдері, сондай-ақ оларды айқындау тәртібі жөніндегі ұсынымдар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нұсқаулық-әдістемелік құжаттарда келтіріледі.

      2. Келтірілген экологиялық залалды жою міндеті жүктелген тұлға осы Кодекстің 148-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген хабарламаны алған кезден бастап бір ай ішінде осындай залалды жою жөніндегі қажетті шараларды айқындайды және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға келісуге ремедиация бағдарламасын ұсынады. Келтірілген экологиялық залалдың сипаты мен ауқымын ескере отырып, ремедиация бағдарламасын әзірлеу үшін қажетті егжей-тегжейлі зерттеулер жүргізу үшін неғұрлым ұзақ мерзім қажет болған кезде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша жоғарыда көрсетілген мерзім үш айға дейін ұзартылуы мүмкін.

      3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ұсынылған ремедиация бағдарламасын 10 жұмыс күні ішінде қарайды, оны келіседі немесе тиісті түзетулер енгізеді және келісілген ремедиация бағдарламасын экологиялық залалды жоюға жауапты адамға жібереді.

      4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ремедиация бағдарламасын немесе келтірілген экологиялық залалды жоюға жауапты тұлғаның келісімін қоршаған орта саласындағы уәкілетті органның түзетулерімен келіскен жағдайда, тараптар аталған ремедиация бағдарламасын бекітеді.

      5. Келтірілген экологиялық залалды жоюға жауапты тұлға қоршаған орта саласындағы уәкілетті органның түзетулерімен келіспеген немесе мұндай тұлға ремедиация бағдарламасын бекітуден бас тартқан жағдайда, ремедиация бағдарламасын бекіту жөніндегі тиісті міндеттеме келтірілген экологиялық залалды жоюға жауапты адамға қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның талабы бойынша сот тәртібімен жүктелуі мүмкін.

      151-бап. Ремедиация бағдарламасын іске асыру

      1. Егер ремедиация бағдарламасын іске асыру мерзімі үш айдан асқан жағдайда, келтірілген экологиялық залалды жоюға жауапты адам қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға мәртебесін-бағдарламаны іске асыру басталған кезден бастап әрбір үшінші айдың соңында ремедиация бағдарламасын орындау есебін жібереді.

      2. Ремедиация бағдарламасында көзделген іс-шараларды белгіленген мерзімде орындамау, сондай-ақ мәртебе-есепті уақтылы тапсырмау "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

      3. Ремедиация бағдарламасын аяқтау нәтижелері бойынша зиянды жоюға жауапты адам және уәкілетті орган ремедиация бағдарламасын аяқтау актісіне қол қояды. Егер ремедиация бағдарламасында көзделген іс-шаралар толық көлемде орындалмаған жағдайда, уәкілетті орган ремедиация бағдарламасын аяқтау актісіне қол қоюдан бас тартады және ремедиация бағдарламасын аяқтау үшін қосымша мерзімдерді келіседі.

      4. Егер ремедиация бағдарламасында көзделген іс-шараларды орындау келтірілген экологиялық залалды жою жөніндегі бағдарламада қойылған мақсаттарға қол жеткізуге әкеп соқпаған жағдайда, келтірілген залалды жоюға жауапты тұлға бір ай ішінде қосымша ремедиация бағдарламасын әзірлейді. Қосымша ремедиация бағдарламасын келісу және бекіту тәртібі ремедиация бағдарламасын келісу және бекіту тәртібіне сәйкес келеді.

      5. Келтірілген экологиялық залалды жою жөніндегі ремедиация бағдарламасы қойылған мақсаттарға қол жеткізе отырып, ремедиация бағдарламасы аяқталғаннан кейін келтірілген экологиялық залалды жоюға жауапты тұлғаға табиғи ортаның қалпына келтірілген құрамбөліктерінің жай-күйіне мерзімді мониторинг жүргізу жөніндегі жауапкершілік жүктеледі. Мұндай мониторингтің тәртібін, кезеңділігі мен ұзақтығын, сондай-ақ есептілік тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      6. Егер мониторинг нәтижелері бойынша іске асырылған ремедиация бағдарламасының немесе қосымша ремедиация бағдарламасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізбеу анықталған жағдайда, залалды жоюға жауапты адамға қосымша ремедиация бағдарламасын әзірлеу және іске асыру бойынша жауапкершілік жүктеледі.

      7. Аяқталған ремедиация бағдарламасының нәтижелері, сондай-ақ мониторинг нәтижелері залалды жоюға жауапты адамның, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ресми сайтында міндетті түрде жариялануға жатады. Жарияланым келтірілген экологиялық залалды жоюға жауапты тұлғаның есебінен жүзеге асырылады.

      152-бап. Экологиялық залал келтірумен байланысты талаптар бойынша талап қою мерзімі

      1. Экологиялық залал келтірумен байланысты талаптар бойынша талап қою мерзімі осы Кодекстің 149-бабының 7-тармағында көрсетілген шығыстарды өтеу туралы талап қойылуы мүмкін уақыт кезеңі болып табылады.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген талаптар бойынша талап қою мерзімі 30 жылды құрайды және экологиялық залалға себеп болған оқиға, әрекет немесе әрекетсіздік кезінен бастап есептеледі. Егер экологиялық залал ұзақ сипатта болған жағдайда, талап қою мерзімі экологиялық залал келтіруге себеп болған оқиғаның, әрекеттің немесе әрекетсіздіктің іс-әрекеті аяқталған кезден басталады.

      6-бөлім. Тарихи ластану объектілері

      153-бап. Тарихи ластану

      1. Өткен қызмет нәтижесінде, оның ішінде жою жөніндегі міндеттер орындалмаған не толық көлемде орындалмаған антропогендік қызметтің әртүрлі түрлерінің әсер етуінің жиынтығы нәтижесінде туындаған суларға және (немесе) жерлерге жинақталған экологиялық залал тарихи ластану деп танылады.

      2. Тарихи ластану объектілері болып тарихи ластану анықталған аумақтар мен акваториялар немесе олардың жекелеген учаскелері, сондай-ақ тарихи ластану көзі болып табылатын иесіз күрделі құрылыс және қалдықтарды сақтау немесе көму объектілері танылады.

      154-бап. Тарихи ластану объектілерін анықтау, бағалау және есепке алу

      1. Тарихи ластану объектілерін анықтау бұрынғы антропогендік қызмет жүзеге асырылған және (немесе) иесіз күрделі құрылыс объектілері және (немесе) иесіз қалдықтарды сақтау немесе көму объектілері орналасқан аумақтар мен акваторияларды түгендеу және тексеру арқылы жүзеге асырылады.

      2. Тарихи ластану объектілерін анықтау, бағалау және есепке алу, оның ішінде тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің талаптарын ескере отырып бекітеді (бұдан әрі – тарихи ластану объектілерін анықтау, бағалау және есепке алу қағидалары).

      3. Тарихи ластану объектілерін анықтау мен бағалауды ауданның, қаланың жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша тарихи ластанудың жекелеген объектілерін анықтау мен бағалауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырады

      Тарихи ластану объектілерін анықтау және бағалау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген органдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиясы бар ұйымдарды тартады.

      4. Тарихи ластану объектісін бағалау мынадайлерден тұрады.

      1) ластағыш заттардың, қалдықтардың түрлері бойынша көлемі немесе массасы;

      2) тарихи ластану объектісі орналасқан аумақтар мен акваториялар немесе олардың учаскелерінің алаңдары, жер мен суды жол берілетін пайдаланудың санаттары мен түрлері;

      3) ластағыш заттардың табиғи ортаның өзге құрамбөліктеріне көші-қонға қабілеттілігін, су объектілерінің, оның ішінде ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау көздері болып табылатын ластану мүмкіндігін, жаңа экологиялық залал мен халықтың өмірі мен денсаулығына зиян келтірудің туындау мүмкіндігін қоса алғанда, қоршаған ортаға теріс әсердің деңгейі мен көлемін айқындау, қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу, қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу, қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу;

      4) объектіде Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көрсетілген қауіпті заттардың Тарихи ластануы болған;

      5) қоршаған орта Тарихи ластану объектісінен теріс әсер ететін аумақта тұратын халықтың саны;

      6) қоршаған орта қоршаған ортаға жинақталған зиян объектісінен теріс әсер ету қаупі бар аумақта тұратын халықтың саны;

      5. Тарихи ластану объектілерін есепке алу оларды осы баптың 3-тармағында көрсетілген органдардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органы Тарихи ластану объектілерін анықтау және бағалау нәтижелерін алған күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу арқылы жүзеге асырылады.

      Тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізілімі осы баптың 4-тармағына сәйкес тарихи ластану объектілерін бағалау нәтижелері, олардың шығу тегі, тарихи ластану объектілерінің мүліктік тиесілігі және тарихи ластануды жою жөніндегі қажетті жұмыстар жөніндегі ақпаратты қоса алғанда, анықталған тарихи ластану объектілері туралы мәліметтер жиналатын электрондық деректер банкі болып табылады.

      Тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізілімі бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

      6. Тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырады және ол тарихи ластану объектілерін анықтау және бағалау материалдарын қарауды, Тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу немесе енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдауды, тарихи ластану объектілерін санаттарға бөлуді, тарихи ластану объектісі туралы ақпаратты жаңартуды, тарихи ластану объектілерін мемлекеттік тізілімнен шығаруды қамтиды.

      7. Тарихи ластану объектілерін санаттау тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген объектовисторлық ластануға қатысты жүзеге асырылады.

      Тарихи ластану объектілерін санаттарға бөлу тарихи ластануды жою жөніндегі жұмыстарды жүргізудің басымдығы мен кезектілігін негіздеу, сондай-ақ өзге де шұғыл шаралар қабылдау мақсатында олардың экологиялық қауіпсіздікке әсерін салыстыру арқылы жүргізіледі.

      Тарихи ластану объектілерін санаттау нәтижелері бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган тарихи ластануды жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ өзге де кезек күттірмейтін шараларды қабылдау бірінші кезекте жүзеге асырылуы және тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген өзге де объектовисторлық ластануға қатысты жою жөніндегі жұмыстарды жүргізудің кезектілігі айқындалады.

      8. Тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізілімі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында ашық қолжетімді болады.

      155-бап. Тарихи ластануларды жою

      1. Тарихи ластануды жою онда айқындалған басымдықты және кезектілікті ескере отырып, тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген тарихи ластану объектілеріне қатысты жүзеге асырылады.

      2. Тарихи ластануды жою қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Тарихи ластануды жоюды аудандық, қалалық жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жекелеген объектілерге қатысты тарихи ластануды жоюды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырады.

      Тарихи ластануды жою жөніндегі жұмыстарға қажетті зерттеулер, оның ішінде инженерлік іздестірулер жүргізу, Тарихи ластануды жою жөніндегі жұмыстардың жобасын әзірлеу, оны келісу және бекіту, Тарихи ластануды жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу, орындалған жұмыстарды бақылау және қабылдау және қоршаған ортаның жай-күйіне одан әрі мониторинг жүргізу кіреді.

      Тарихи ластануды жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген органдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұйымдарды тартады.

      4. Тарихи ластануды жою жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      7-бөлім. Қоршаған ортаға зиянды әсер ететін объектілердегі қызмет салдарын жою

      156-бап. Қоршаған ортаға зиянды әсер ететін объектілердегі қызмет салдарын жою туралы жалпы ережелер

      1. Қоршаған ортаға зиянды әсер ететін объектілерді пайдалану тоқтатылғаннан кейін операторлар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес осындай объектілерді пайдалану салдарын жоюды қамтамасыз етуге міндетті.

      2. Қоршаған ортаға зиянды әсер ететін объектілерді пайдалану салдарын жою аясында жер учаскелерін халық өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін, қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының жер заңнамасында көзделген тәртіппен, сондай-ақ осы объектілердің сипатына қарай оны нысаналы мақсаты бойынша одан әрі пайдалану үшін жарамды жай-күйге келтіру, құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жарату, жер қойнауын пайдалану салдарын жою, гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және консервациялау, полигондарды және қалдықтарды, оның ішінде радиоактивті қалдықтарды сақтаудың және жоюдың өзге де жерлерін жабу бойынша жұмыстар, атом энергиясын пайдалану объектілерін қолданысқа енгізу бойынша қызметті қауіпсіз тоқтату бойынша іс-шаралар және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жұмыстар жүргізілуі тиіс.

      157-бап. Қоршаған ортаға зиянды әсер ететін объектілерді пайдалану салдарын жоюды қаржыландыру

      1. Қоршаған ортаға зиянды әсер ететін объектілерді пайдалану салдарын жою объектіні пайдалануды тоқтату сәтінде осындай объектінің операторы болып табылатын тұлғаның есебінен жүргізіледі.

      2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда оператор қоршаған ортаға зиянды әсер ететін объектілерді пайдалану салдарын жою жөніндегі өз міндеттемелерінің орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді ұсынуға міндетті. Мұндай қамтамасыз етуді ұсыну операторды қоршаған ортаға зиянды әсер ететін объектілерді пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындаудан босатпайды.

      158-бап. Қызметті жүзеге асыру салдарын жоюмен байланысты міндеттемелер жөніндегі талаптарды қаржылық қамтамасыз ету

      1. I санаттағы объектілердің операторлары қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті органға осындай объектілерді пайдалану салдарын жою, оның ішінде болашақта пайда болатын талаптарға қатысты өз міндеттемерін орындау үшін қаржылық қамтамасыз етуді (бұдан әрі – қаржылық қамтамасыз ету) ұсынуға тиіс.

      2. Қаржылық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының пайдасына жүзеге асырылады.

      3. І санаттағы объекті операторы осындай объектіні пайдалану салдарларын жою бойынша өздерінің міндеттемелерін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімде орындамаған (тиісінше орындамаған) жағдайда, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті орган берілген қаржылық қамтамасыз ету сомасын Қазақстан Республикасының пайдасына өндіреді және мұндай жағдайда тиісті міндеттерді мемлекет өндіріліп алынған сома есебінен орындайды.

      Егер І санаттағы объектіні пайдалану салдарларынан Қазақстан Республикасының пайдасына өндіріліп алынған қаржылық қамтамасыз ету сомасы таратудың және (немесе) ремедиацияның тиісті жобасы бойынша шығыстарды жабу үшін жеткіліксіз болса, мемлекет жетіспейтін соманы тиісті объект операторының мүлкінен алуға құқылы.

      4. Қаржылық қамтамасыз ету:

      1) кепілдіктер;

      2) банктік салым кепілі;

      3) мүлік кепілі;

      4) сақтандыру түрінде ұсынылады.

      5. Қаржылық қамтамасыз ету І санаттағы объекті пайдаланылуға енгізілгеннен кейін үш жылдан кейін ұсынылуы тиіс.

      6. Қаржылық қамтамасыз ету осы баптың 4-тармағында көзделген қаржылық қамтамасыз етудің бірінде немесе бірнеше түрлерінің үйлесімінде, І санаттағы объект операторының таңдауы бойынша, банктік салым кепілі түрінде қаржылық қамтамасыз ету үлесі:

      1) объектіні пайдалануға енгізген сәттен бастап он жыл өткен соң – қаржылық қамтамасыз етудің жалпы сомасынан елу пайыздан кем емес;

      2) объектіні пайдалануға енгізген сәттен бастап жиырма жыл өткен соң – қаржылық қамтамасыз етудің жалпы сомасынан жүз пайыздан кем емес болған жағдайда ұсынылады;

      7. Осы баптың 6-тармағының талаптары сақталған жағдайда, І санаттағы объекті операторы қаржылық қамтамасыз етудің бір түрін екінші түрге ауысытыруды жүзеге асыруға құқылы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ауыстырылатын қаржылық қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндіру қолданылған жағдайларды қоспағанда.

      8. І санаттағы объект операторы осындай объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі барлық өздерінің міндеттемелерін толық өтегенге дейін үздіксіз қаржылық қамтамасыз етудің болуын қамтамасыз етуге міндетті.

      9. Қаржылық қамтамасыз ету мөлшерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес І санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі жұмыстардың есептік құнынан айқындалады және әр жеті жыл сайын қайта есептеуге жатады.

      10. І санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі жұмыстар құнына әкімшілік және басқару шығыстары, сондай-ақ:

      1) күрделі құрылыстардың (ғимараттардың, құрылысжайлардың, кешендердің) демонтаждау және бұзуға;

      2) технологиялық жабдықты демонтаждауға және жоюға;

      3) қалдықтарды қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға және (немесе) жоюға;

      4) бүлінген жерлерді рекультивациялауға;

      5) жерүсті және жерасты суларының, ауаның, топырақтың және өсімдіктің жай-күйі сапасының мониторингіне арналған шығыстар кіруі тиіс.

      11. Кешенді экологиялық рұқсаттың көзделген шарттарында І санттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі өзге жұмыстарды орындау.

      Осы бапқа сәйкес қаржылық қамтамасыз ету:

      1) жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес тарату қорын қалыптастырған I санаттағы объектілер;

      2) осы Кодекстің 361-батының 16-тармағына сәйкес полигондарға олардың операторы тарату қорын құрған полигондар үшін талап етілмейді.

      12. Осы Кодекске сәйкес берілетін қаржылық қамтамасыз етусіз I санаттағы объектілерді пайдалануға тыйым салынады.

      І санаттағы объектіні қаржылық қамтамасыз етусіз пайдаланған жағдайда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осындай объектіні тоқтата тұру немесе пайдаланылуына тыйым салу туралы талаппен сотқа жүгінеді.

      13. Оператордың I санаттағы объектіні жаңа операторға меншікке немесе өзге де заңды пайдалануға беруі алдыңғы операторды объектіні пайдалану салдарын жою жөніндегі, осындай пайдалану процесінде келтірілген экологиялық залалды жою жөніндегі міндеттен және осы бапқа сәйкес осындай жаңа оператор қаржылық қамтамасыз етуді ұсынғанға дейін қаржылық қамтамасыз етудің болуы жөніндегі міндеттен босатпайды.

      14. Егер І санаттағы объектінің операторына байланысты емес себептер бойынша оларға берілген қаржылық қамтамасыз ету осы Кодекстің талаптарына сәйкес келмесе немесе тоқтаса, мұндай оператор күнтізбелік алпыс күн ішінде осы Кодекстің талаптарына сәйкес келетін жаңа қаржылық қамтамасыз етуді ұсынуға міндетті. Егер көрсетілген мерзім ішінде мұндай ауыстыру жүргізілмесе, оператор I санаттағы тиісті объектіні пайдалануды дереу тоқтата тұруға міндетті. Мұндай І санаттағы объектіні пайдалануды қайта бастауға осы Кодекстің талаптарына сәйкес келетін қаржылық қамтамасыз етуді ұсынғаннан кейін ғана жол беріледі.

      15. Қабылданған қаржылық қамтамасыз етуді есепке алу тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

      159-бап. Кепілдікті қаржылық қамтамасыз ету ретінде қолдану

      1. Осы Кодекстің 158-бабының талаптарына сәйкес қаржылық қамтамасыз ету ретінде берілген кепілдікке орай, оператор осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында көрсетілген өз міндеттерін орындамаған (тиісінше орындамаған) жағдайда, кепілгер Қазақстан Республикасының алдында осы Кодекске сәйкес айқындалатын ақшалай сома шегінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімде жауап беруге міндеттенеді.

      2. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі, шетелдік банк не акциялары бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында айналыста болатын ұйым кепілгер бола алады. Егер шетелдік банк немесе акциялары бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында айналыста болатын ұйым кепілгер болса, мұндай кепілгерлер қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын шетел валютасындағы ең төменгі жеке кредиттік рейтинг бойынша шарттарға сәйкес келуге тиіс.

      3. Банктің осы бапқа сәйкес берілген кепілдік жөніндегі міндеттемесі I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою аяқталғаннан кейін тоқтатылады.

      4. Кепілдік қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін үлгілік нысанға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде беріледі.

      Шетелдік тұлға беретін кепілдік шет тілінде жасалуы мүмкін, бірақ қазақ және орыс тілдеріне міндетті түрде аударылуы, оның дұрыстығын нотариус куәландыруға тиіс.

      5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қаржылық қамтамасыз ету ретінде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған кепілдік шартын қабылдайды.

      Кепілдікті қабылдау үшін І санатты объекті операторы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға кепілдік шартын қоса беру арқылы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанды өтініш ұсынады.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген өтінішті тіркеген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, кепілдікті қаржылық қамтамасыз ету ретінде қабылдайды немесе сол мерзімде жазбаша немесе электрондық нысандағы хабарлама арқылы өтініш берушіге оны қабылдаудан бас тартады.

      6. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті орган мына жағдайлардың бірінде қаржылық қамтамасыз ету ретінде кепілдікті қабылдаудан бас тартады:

      1) ұсынылған кепілдік шарты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейді;

      2) кепілгер осы баптың 2-тармағындағы талаптарға сәйкес келмейді;

      3) кепілгер алдында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның тиесілі соманы төлеу туралы талабын орындамады, осындай талапты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот заңсыз деп таныған жағдайда қоспағанда.

      Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті органның кепілдік бойынша тиесілі соманы төлеу талабын кепілгер осындай талапты алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде бұлжытпай және міндетті орындауға жатады.

      160-бап. Банк салымы кепілін қаржылық қамтамасыз ету ретінде қолдану

      1. Банк салымы кепіліне байланысты Қазақстан Республикасының (кепіл ұстаушының) І санаттағы объекті операторы (кепіл беруші) осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында көрсетілген өз міндеттерін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімде орындамаған (тиісінше орындамаған) жағдайда, оператордың басқа кредиторлары алдында басым түрде кепілге салынған банк салымы сомасынан қанағаттануды алуға құқығы бар.

      2. Осы бапқа сәйкес Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде орналастырылған банк салымы ғана кепіл нысанасы бола алады.

      3. Салым теңгемен немесе шетел валютасымен енгізілуі мүмкін.

      4. Қаржылық қамтамасыз ету болып табылатын банк салымын қайта кепілге салуға тыйым салынады.

      5. Заңды тұлға болып табылатын І санаттағы объектінің операторы таратылған жағдайда, оның банкроттығын қоса алғанда, кепіл заты конкурстық массаға енгізілмейді.

      6. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қаржылық қамтамасыз ету ретінде банк салымы кепілі шарты негізіндегі банк салымының кепілін қабылдайды.

      Банк салымы кепілі шартын жасасу үшін І санаттағы объекті операторы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысандағы өтінішті, банк салымы шартының көшірмелерін және екінші деңгейлі банкте банк салымының бар екендігі туралы анықтаманы қоса беру арқылы ұсынады.

      7. Банк салымы кепілінің шарты І санаттағы объекті операторы және (немесе) кепілгер ретіндегі үшінші тұлға, кепіл ұстаушы ретінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен екінші деңгейлі банк арасында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның бекітілген, І санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелерді орындауды қаржылық қамтамасыз ету ретіндегі банк салымы кепілінің үлгілік шартына сәйкес жасалады.

      8. Банк салымының кепіл шарты І санаттағы объект операторынан банк салымының шартын жасасу туралыөтінішті алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жасалады.

      9. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган банк салымы шартын жасасқан күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, осындай қаржылық қамтамасыз ету түріндегі шартты өтініш берушіні сол мерзімде жазбаша немесе электрондық нысанда хабарлау арқылы қабылдайды.

      161-бап. Мүлік кепілін қаржылық қамтамасыз ету ретінде қолдану

      1. Қазақстан Республикасының мүлік салымына байланысты (кепіл ұстаушы) І санатты объекті операторы (кепіл беруші) осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында көрсетілген өзінің міндеттемелерін орындамаған (тиісінше орындамаған) жағдайда, Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген мерзімде оператордың басқа кредиторлары алдында басымдық таныта отырып, кепілге алынған мүлікті өндіруге құқылы.

      2. Заңды тұлға болып табылатын, І санаттағы объект операторы жойылған жағдайда, оның банкрот болуын қоса алғанда, кепіл нысаны конкурстық массаға қосылмайды.

      3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қаржылық қамтамасыз ету ретінде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған мүлік кепілі шарты негізінде мүлік кепілін қабылдайды.

      Мүлік кепілі шартын жасасу үшін І санаттағы объекті операторы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысандағы өтінішті, мүлік кепілінің нарықтық құнын бағалау туралы бағалау есебін қоса беру арқылы ұсынады.

      4. Мүлік кепілі шарты І санаттағы объекті операторы және (немесе) кепілгер ретіндегі үшінші тұлға мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен үлгілік нысан бойынша кепіл ұстаушы ретінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган арасында жасалады.

      Мүлік кепіл шарты І санатты объект операторынан мүлік кепілі шартын жасасу туралы өтінішті алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жасалады. Қаржылық қамтамасыз ету ретінде мүлік нысанының нарықтық құны Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн болып табылады.

      Бағалаушының кепіл мүлкінің нарықтық құнын бағалау туралы есебі І санаттағы объект операторының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті органға мүлік кепілі шартын жасасу туралы жазбаша өтініш берген күнге дейін күнтізбелік он бес күннен ерте жасалмауға тиіс.

      5. Мүлік кепілі шарты мүлік өтімді, жойылудан немесе бүлінуден сақтандырылған болған жағдайда жасалады.

      6. Мыналарды:

      1) тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiн;

      2) тыйым салынған мүлікті;

      3) мемлекеттік органдар шектеу салған мүлікті;

      4) үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынған мүлікті;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық айналымнан алып қойылған мүлікті;

      6) электр, жылу энергиясын және өзге де энергия түрлерін;

      7) тез бүлінетін тауарларды;

      8) мүліктік құқықтарды;

      9) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі мүлікті қоспағанда, кез-келген мүлік кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында кепіл нысанасы бола алады.

      7. Осы баптың 5 және 6-тармақтарында белгіленген шарттар сақталмаған кезде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мүлік кепілі шартын жасасуға өтініш қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей мүлік кепілі шартын жасасудан бас тартады.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган орган, осындай шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, І санаттағы объект операторын мүлік кепілі шартын жасасудан бас тарту туралы хабардар етеді.

      8. Кепілге салу кезінде, егер қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган өзгеше шешім қабылдамаса, кепіл нысанасы кепіл берушіде қалады.

      Кепіл беруші мүлік кепіл шарты қамтамасыз етілген І санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелерін орындағанша, І санаттағы объект операторы кепіл нысанасына билік етуге құқылы емес.

      9. Кепілді ресімдеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      162-бап. Сақтандыру шартын қаржылық қамтамасыз ету ретінде қолдану

      1. І санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі өздерінің міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін оператор (пайда алушы) Қазақстан Республикасының пайдасына сақтандыру сомасын төлеуге алып келетін заңнамалық тәртіпте қарастырылған І санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемені оператордың орындамағаны үшін сақтандыру ұйымымен сақтандыру шартын жасасуға құқылы.

      2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар, сақтандыру ұйымдарының тізіліміне енгізілген сақтандыру ұйымдары берген шарттарды қабылдайды.

      Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген сақтандыру шарты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органымен келісуі бойынша бекітілген, І санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелерді орындауды қаржылық қамтамасыз ету ретіндегі үлгілік сақтандыру шартына сәйкес жасалады.

      Қаржылық қамтамасыз ету ретінде сақтандыру шартының объектілері болып І санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі оның міндеттемесімен байланысты І санаттағы объект операторының мүліктік мүддесі болып табылады.

      Осы Кодексте көрсетілген І санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемесінің мерзімін орындамау немесе тиісінше орындамау фактісі қаржылық қамтамасыз ету ретінде сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы болып танылады.

      Сақтандыру шартын қабылдау үшін І санаттағы объект операторы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға сақтандыру шартын қоса бере отырып, уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтініш ұсынады.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган көрсетілген өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, осындай қамтамасыз етуді тіркеу арқылы қаржылық қамтамасыз ету ретінде сақтандыру шартын қабылдайды немесе сол мерзімде жазбаша немесе электрондық түрде өтініш берушіге хабарлау арқылы қабылдаудан бас тартады.

      3. Кеден органы мынадай жағдайлардың бірінде:

      1) сақтандыру шарты І санатты объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемені орындауды қамтамасыз ету ретінде үлгілік сақтандыру шартына сәйкес келмесе;

      2) осындай талапты сот Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңсыз деп таныған жағдайларды қоспағанда, бұрын қаржылық қамтамасыз ету ретінде ұсынылған ұсынылған сақтандыру шартын жасасқан сақтандыру ұйымы сақтандыру шартын қаржылық қамтамасыз ету ретінде қабылдау туралы өтінішті тіркеген сәттен күні сақтандыру төлемі туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның талабын алдында орындамаса,қаржылық қамтамасыз ету ретінде қабылдаудан бас тартады.

        4. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті органның сақтандыру төлемі туралы талабы осындай талап алынған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде сақтандыру ұйымының бұлжытпай және міндетті орындауына жатады. Сақтандыру ұйымы көрсетілген талапты орындамаған немесе орындау мерзімдерін бұзған кезде, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікке ие болады.

      8-бөлім. Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттік мониторингі

      163-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі

      1. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану, халық денсаулығына әсер ететін табиғи және антропогендік ортаның зиянды факторларынан қорғау, сондай-ақ климат өзгерістерінің әсер етуі мен климат өзгерістерінің болжамды әсер етуі мәселелерін тікелей немесе жанама түрде қамтитын Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық жүйелерді, кіші жүйелерді және мониторинг түрлерін біріктіретін, мемлекет қамтамасыз ететін көп мақсатты жүйені білдіреді.

      2. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі мынадай:

      1) қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне қатысушылардан;

      2) осы Кодекске сәйкес Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің құрылымына енгізілген мониторинг жүйелері, кіші жүйелері мен түрлерінен;

      3) "Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және табиғи ресурстарының жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесі элементтерінен тұрады.

      3. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің міндеттері:

      1) қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйін, оларда болып жатқан процестерді, құбылыстар мен өзгерістерді тұрақты бақылау, осындай өзгерістерді бағалау, болжау және бақылау;

      2) қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің деректерін жинау, жинақтау, сақтау, есепке алу, жүйелеу, жинақтау, өңдеу және талдау;

      3) қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне қатысушылар арасында басқарушылық және шаруашылық шешімдер қабылдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде функцияларды жүзеге асыру мақсатында өзара іс-қимылды, үйлестіруді және ақпараттық алмасуды қамтамасыз ету;

      4) мемлекеттік органдарды, заңды және жеке тұлғаларды қоршаған ортаның, оның ішінде табиғи ортаның (оның құрамбөліктерінің, табиғи және табиғи-антропогендік объектілердің, табиғи кешендердің, биологиялық әртүрліліктің) және антропогендік ортаның жай-күйі туралы, сондай-ақ халықтың денсаулығына және тұтастай алғанда қоршаған ортаға әсер ететін табиғи және антропогендік ортаның зиянды факторлары туралы дәйекті және салыстырмалы ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.

      4. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі деректердің салыстырмалылығын және ақпараттық ресурстардың үйлесімділігін қамтамасыз ететін бірыңғай ұйымдастырушылық, әдіснамалық, метрологиялық және ақпараттық тәсіл негізінде жүзеге асырылады.

      5. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекітеді, олар:

      1) қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің деректерін сақтауға, есепке алуға, жүйелеуге, жинақтауға және өңдеуге қойылатын бірыңғай ұйымдастырушылық, әдіснамалық, метрологиялық және өзге де талаптардан;

      1) Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне қатысушылар арасындағы өзара іс-қимыл және жұмыс процестерін үйлестіру тәртібінен;

      2) "Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және табиғи ресурстарының жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесін қалыптастыру және оның жұмыс істеу тәртібі, оның құрылымы мен ақпарат көздері, сондай-ақ оған қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне қатысушылардың және өзге де мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізу қағидалары, деңгейлері, тәртібі мен шарттарынан тұруы қажет.

      6. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне қатысушылар арасындағы жұмыс процестерін үйлестіруді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

      7. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне қатысушылар арасында, оның ішінде "Қазақстан Республикасының Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесі шеңберінде ақпарат алмасу өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

      8. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің құрылымына енгізілген мониторинг жүйелері, кіші жүйелері мен түрлері шеңберінде қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйін бақылау оның ішінде ғарыштан Жерді қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып жүргізіледі.

      164-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне қатысушылар

      Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің қатысушылары:

      1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган;

      2) арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар;

      3) қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің құрылымына енгізілген мониторинг түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті ұйымдар;

      4) осы Кодекске сәйкес өндірістік экологиялық бақылауды жүзеге асыруға міндетті жеке және заңды тұлғалар болып табылады.

      165-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің құрылымы

      1. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі мынадай:

      1) экологиялық мониторинг;

      2) табиғи ресурстар мониторингі;

      3) арнайы мониторинг;

      4) метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг;

      5) қоршаған орта жай-күйінің мониторингі жүйелерін қамтиды.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларында қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің құрылымына мониторингтің қосымша жүйелері, кіші жүйелері мен түрлері енгізілуі мүмкін.

      166-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі

      1. Деректерді жинақтау, сақтау, жүйелеу, ықпалдастыру және автоматтандырылған алмасуды қамтамасыз ету, қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне қатысушылар арасындағы жұмыс процестерінің өзара іс-қимылы мен үйлестірілуі, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар үшін ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуді автоматтандыру "Қазақстан Республикасының Қоршаған орта мен табиғи ресурстар жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуі арқылы жүзеге асырылады.

      2. "Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және табиғи ресурстар жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесін құруды, оның жұмыс істеуін, жүргізуді және пайдалануды ұйымдастыруды, сондай-ақ осыған байланысты барлық жұмыс процестерін үйлестіруді қамтамасыз етуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

      3. "Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және табиғи ресурстарының жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесі:

      1) Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің құрылымына енгізілген жүйелердің, кіші жүйелердің және мониторинг түрлерінің деректер банктері;

      2) табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрлары;

      3) қалдықтардың мемлекеттік кадастры;

      4) мемлекеттік климат кадастры;

      5) мемлекеттік көміртек кадастры;

      6) озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастры;

      7) Қазақстан Республикасының шығарындылар мен ластағыштарды тасымалдау тіркелімі;

      8) экологиялық рұқсаттардың және қоршаған ортаға теріс әсер ету туралы декларациялар мемлекеттік тізілімі;

      9) қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілердің тізілімі;

      10) тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізілімі арасында деректердің біріктірілуін және автоматтандырылған алмасуын қамтамасыз етуі тиіс.

      4. "Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және табиғи ресурстарының жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесі шеңберінде бағдарламалық құралдар жүйесі деректерді бірыңғай әдістемелік негізде жинақтауды, сақтауды және өңдеуді жүзеге асыруға, оның әртүрлі деңгейлері, сондай-ақ қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің құрылымына енгізілген мемлекеттік кадастрлар, тізілімдер, тіркелімдер, жүйелердің деректер банктері, кіші жүйелер мен мониторинг түрлері арасында деректерді автоматтандырылған және тиімді алмасуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беруі тиіс.

      5. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне қатысушылар "Қазақстан Республикасының Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесі шеңберінде олар ұсынатын деректердің дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылықта болады.

      167-бап. Қазақстан Республикасының Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкіне қол жеткізу шарттары

      1. "Қазақстан Республикасының Қоршаған орта мен табиғи ресурстарының жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесіне қол жеткізу мынадай шарттар сақтала отырып, беріледі:

      1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның, қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің құрылымына енгізілген мониторинг түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың барлық ақпаратқа (бастапқы деректерге және ақпараттық өнімге) танысу, көшіру және молықтыру мүмкіндігімен шектелмеген қол жеткізуге құқығы бар;

      2) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, танысу, көшіру және ұдайы өндіру мүмкіндігімен барлық ақпараттық өнімге шектеусіз қол жеткізуге құқығы бар.

      2. Бастапқы деректер деп мониторинг түрлерінің нәтижелері бойынша алынған және қорытуға, өңдеуге немесе талдауға ұшырамаған деректер түсіндіріледі. Өндірістік мониторингтің өңделмеген деректері, оның ішінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесінен алынған деректер бастапқы деректерге жатады.

      3. Ақпараттық өнім деп бастапқы деректерді қорыту, өңдеу және талдау нәтижесі болып табылатын ақпарат түсіндіріледі. Ақпараттық өнімге талдамалық есептер, анықтамалар, баяндамалар, мәтіндік мазмұндағы өзге де құжаттар, картографиялық ақпарат, статистикалық нысандар мен есептілік, өндірістік экологиялық бақылау бойынша есептілік, сондай-ақ біріктірілген (статистикалық) сипаттағы өзге де ақпарат жатады.

      4. "Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және табиғи ресурстарының жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесіне қолжетімділік өтеусіз негізде беріледі.

      168-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің деңгейлері

      1. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін жүргізу үш деңгейде жүзеге асырылады:

      1) жергілікті деңгейде жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын өндірістік мониторинг, қоғамдық мониторинг және мониторинг түрлері, елді мекендердің нақты учаскелерінде, елді мекендерден тыс жерлерде, жерүсті және жерасты су объектілерінен тыс жерлерде, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жүргізіледі;

      2) өңірлік деңгейде өңірлердің физикалық-географиялық және экономикалық ерекшеліктерін, экологиялық жүктелген аймақтар мен қоршаған ортаның жай-күйіне және табиғи ресурстарды пайдалануға әсер ететін табиғи және антропогендік факторлар кешенінің болуын ескере отырып, әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде мониторинг түрлері жүргізіледі;

      3) республикалық деңгейде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағын қамтитын, қажет болған жағдайда жалпымемлекеттік маңызы бар ірі өңірлер мен жекелеген объектілерді бөле отырып, мониторинг жүргізіледі.

      2. Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың барлық деңгейлердегі мониторингі жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы, өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы және сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады.

      169-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін қаржыландыру

      1. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қаржыландырылады.

      2. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру мынадай қызмет түрлерін:

      1) республикалық мониторинг деңгейін құру және оның жұмыс істеуін қолдауды;

      2) жүйелердің, кіші жүйелердің және мониторинг түрлерінің жұмыс істеуі мен дамуын, ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындауды қамтамасыз ету үшін ғылыми-техникалық өнімдер құруды;

      3) мониторингтің аумақтық деңгейін құру және оның жұмыс істеуін қолдау, оны дамыту мүддесінде ғылыми-техникалық өнім құруды;

      4) "Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және табиғи ресурстарының жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесін құру және оның жұмыс істеуін қолдауды жүзеге асыру үшін көзделеді.

      170-бап. Экологиялық мониторинг

      1. Экологиялық мониторинг мемлекет қамтамасыз ететін бақылаудың, өлшеудің, жинаудың, жинақтаудың, сақтаудың, есепке алудың, жүйелеудің, жинақтаудың, қорытудың, өңдеудің және қоршаған ортаның сапасына қатысты алынған деректерді талдаудың, сондай-ақ олардың негізінде экологиялық ақпаратты өндірудің кешенді жүйесін білдіреді.

      2. Экологиялық мониторинг жүйелі негізде мынадай:

      1) қоршаған ортаның сапасын бағалау;

      2) қоршаған ортаға әсер етудің антропогендік және табиғи факторларын анықтау және талдау;

      3) антропогендік және табиғи факторлардың әсерінен қоршаған орта жай-күйінің өзгеруін болжау және бақылау;

      4) қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық қауіпсіздікті және орнықты дамудың экологиялық негіздерін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық және шаруашылық шешімдерді қабылдау кезінде мемлекеттік органдарды, заңды және жеке тұлғаларды ақпараттық қамтамасыз ету;

      5) барлық жеке және заңды тұлғалардың экологиялық ақпаратқа қол жеткізу құқығын қамтамасыз ету мақсаттарында жүзеге асырылады.

      3. Экологиялық мониторинг объектілері:

      1) осы Кодекстің 175-бабының 3-тармағында көрсетілген объектілер;

      2) жерасты суларының сапасы;

      3) I және II санаттағы объектілердің қоршаған ортаға әсер етуі;

      4) экологиялық жүйелердің және олар ұсынатын экожүйелік қызметтердің жай-күйі;

      5) табиғи процестердің табиғи ағымын қоса алғанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және қоршаған орта жай-күйінің ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға өзгерістерінің әсері;

      6) климат өзгерісінің әсер етуі;

      7) қалдықтар және оларды басқару болып табылады.

      4. Экологиялық мониторинг мынадай деректерге:

      1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган немесе осы Кодекске сәйкес арнайы уәкілеттік берілген ұйымдар жүзеге асыратын байқаулар мен өлшеулерге;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өз құзыреті шеңберінде арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар, өзге де мемлекеттік органдар және ұйымдар жүзеге асыратын байқаулар мен өлшеулерге;

      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізілетін ресми статистикалық ақпаратқа;

      4) Қоршаған орта саласындағы уәкілетті органның сұрау салуы бойынша немесе Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі шеңберінде мемлекеттік органдар беретін, сондай-ақ мемлекеттік органдар ашық түрде орналастыратын ақпаратқа;

      5) міндетті өндірістік экологиялық бақылау шеңберінде жеке және заңды тұлғалар жүзеге асыратын байқаулар мен өлшеулерге;

      6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғалардан алатын өзге де ақпаратқа негізделеді.

      5. Осы Кодекске сәйкес өндірістік экологиялық бақылауды жүзеге асыруға міндетті тұлғалар экологиялық мониторинг мақсаттары үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға тиісті деректерді жинауды, жинақтауды, сақтауды, есепке алуды, өңдеуді және өтеусіз беруді қамтамасыз етеді.

      6. Экологиялық мониторинг аясында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес экологиялық ақпаратты ұсыну жөніндегі Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындау мақсатында деректерді жинауды және дайындауды жүзеге асырады.

      171-бап. Табиғи ресурстар мониторингі

      1. Табиғи ресурстардың мониторингі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар ұйымдастыратын табиғи ресурстар түрлері жай-күйі жүйелерінің, кіші жүйелерінің және түрлерінің мониторингінің жиынтығын білдіреді.

      2. Табиғи ресурстар мониторингі мыналарды:

      1) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жер мониторингін;

      2) Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес жүргізілетін су объектілерінің мемлекеттік мониторингін;

      3) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін жер қойнауының мемлекеттік мониторингін;

      4) Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес жүргізілетін ормандардың мемлекеттік мониторингінен;

      5) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізілетін жануарлар дүниесінің мониторингін;

      6) өсімдіктер дүниесінің мониторингін қамтиды.

      3. Табиғи ресурстар мониторингінің деректері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті мемлекеттік кадастрларда қорытылады.

      172-бап. Арнайы мониторинг түрлері

      1. Арнайы мониторинг мынадай:

      1) әскери-сынақ полигондарының мониторингі – жабық және жұмыс істеп тұрған әскери-сынақ полигондарының аумағында әскери техниканы, оның ішінде зымырандық және қару-жарақты сынаумен байланысты қоршаған ортаның ластануын байқау жүйесі;

      2) "Байқоңыр" зымыран-ғарыш кешенінің мониторингі – жұмыс істеуін ұйымдастыруды ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын "Байқоңыр" кешенінің зымыран-ғарыш қызметінің ықпалына ұшыраған аумақтардағы қоршаған ортаның жай-күйін байқау жүйесі;

      3) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізілетін санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг;

      4) осы Кодекстің 419-бабына сәйкес жүргізілетін төтенше экологиялық жағдай аймақтарындағы және экологиялық зілзала аймақтарындағы экологиялық ахуал мониторингі;

      5) ғарыш мониторингі – жұмыс істеуін ұйымдастыруды ғарыш саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын, Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау құралдарын пайдалана отырып, қоршаған ортаның жай-күйін байқау жүйесі түрлерін қамтиды.

      2. Осы баптың 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көрсетілген арнайы мониторинг түрлерін ұйымдастыруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

      9-бөлім. Метеорологиялық, гидрологиялық мониторингтер және қоршаған ортаның жай-күйінің мониторингі саласындағы қызмет

      173-бап. Метеорологиялық мониторинг

      1. Метеорологиялық мониторинг байқауларды, деректер жинауды, өңдеуді, талдауды, деректер сақтауды және метеорологиялық және агрометеорологиялық ақпаратты өндіруді, оның ішінде метеорологиялық және агрометеорологиялық болжамдарды дайындауды және көрсетілген ақпаратты мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға ұсынуды қамтитын метеорология саласындағы қызметті білдіреді.

      2. Метеорологиялық мониторинг нәтижелері бойынша алынған бастапқы метеорологиялық деректер, сондай-ақ бастапқы метеорологиялық деректерді өңдеу және талдау нәтижесі болып табылатын режимдік, жедел және болжамдық ақпарат метеорологиялық ақпарат болып табылады.

      3. Метеорологиялық мониторинг жаратылыстың метеорологиялық өлшемдерінің жай-күйін және оны дамытуды, атмосферада табиғи ортаның басқа құрамбөліктерімен өзара іс-қимыл кезінде атмосфералық құбылыстар мен процестерді айқындау және мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды ауа райы туралы ақпаратпен қамтамасыз ету, қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді метеорологиялық, агрометеорологиялық болжамдар мен қауіпті және дүлей метеорологиялық құбылыстардың (оның ішінде қар көшкіндері) туындау мүмкіндігі туралы дауылды ескертулерді жасау үшін климаттық сипаттамаларды айқындау мақсатында жүргізіледі.

      4. Метеорологиялық мониторинг мыналарды:

      1) жерге жақын метеорологиялық байқауларды – метеорологиялық элементтердің сандық мәндерін және атмосфераның жерге жақын қабатындағы олардың тербелістерін өлшеу, сондай-ақ атмосфералық құбылыстардың сапалық сипаттамаларын бағалауды;

      2) актинометриялық байқауларды – тікелей, шашыраңқы және жиынтық күн радиациясының қарқындылығын, сондай-ақ тиімді сәулеленуді, радиациялық баланс пен төсеніш бетінің альбедосын байқауды;

      3) агрометеорологиялық байқауды – метеорологиялық өлшемдерді, ауыл шаруашылығы және жайылымдық өсімдіктердің өсуі мен дамуын, топырақтың жай-күйін және жүргізілетін агротехникалық және зоометриялық іс-шараларды бір мезгілде байқауды;

      4) аэрологиялық байқауларды – радиозондтардың көмегімен еркін атмосфераның физикалық сипаттамаларын барынша қол жеткізуге болатын биіктіктерге дейін өлшеуді;

      5) радиолокациялық байқауларды – метеорологиялық радиолокаторды пайдалана отырып, радиотолқындардың жаңғырығын бағалауға негізделген ауа райының белгілі бір түрлерін көрсетуі мүмкін атмосфералық құбылыстардың бағдарлану, қамту, қарқындылық, қарқындылық беталыстары, биіктігі және қозғалысы көрсеткіштерін өлшеуді;

      6) озонометриялық байқауды – спектрдің ультракүлгін аймағында күн сәулесін озонмен жұтуды өлшеу арқылы атмосферадағы озонның құрамын анықтауды;

      7) байқаудың өзге де түрлерін қамтиды.

      174-бап. Гидрологиялық мониторинг

      1. Гидрологиялық мониторинг деп жерүсті су объектілерінің режимі мен жай-күйін бақылауды, деректер жинауды, өңдеуді, талдауды, деректерді сақтауды және гидрологиялық ақпарат даярлауды, оның ішінде гидрологиялық болжамдарды дайындауды және көрсетілген ақпаратты мемлекеттік органдарға, өзге де жеке және заңды тұлғаларға беруді қамтитын гидрология саласындағы қызмет түсініледі.

      2. гидрологиялық мониторинг нәтижелері бойынша алынған бастапқы гидрологиялық деректер, сондай-ақ бастапқы гидрологиялық деректерді өңдеу және талдау нәтижесі болып табылатын режимдік, жедел және болжамдық ақпарат гидрологиялық ақпарат болып табылады.

      3. Гидрологиялық мониторинг:

      1) гидрологиялық ақпаратты тұтынушыларды жерүсті су объектілерінің гидрологиялық режимінің өзгерістері туралы мәліметтермен, сондай-ақ олардың жай-күйі туралы болжамды ақпаратпен қамтамасыз ету;

      2) "Жерүсті сулары" бөлімі бойынша мемлекеттік су кадастрын жүргізу;

      3) су ресурстарын есептеу және су шаруашылығы теңгерімдерін жасау;

      4) жерүсті су объектілерінің гидрологиялық режимінің кеңістіктік-уақыттық заңдылықтарын зерделеу;

      5) жерүсті су объектілері режиміне және су ресурстарына шаруашылық және өзге де қызметтің ықпалын бағалау;

      6) көктемгі кезеңде әр 3 күн сайын нақтылап отыру мүмкіндігімен 5-7 күн бұрын қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді гидрологиялық болжамдарды жасау және қауіпті және дүлей гидрологиялық құбылыстардың (су басулардың, жауыннан пайда болған тасқындардың) пайда болу ықтималдығы туралы дауылды ескертулерді беру үшін қажетті өзендердің, көлдердің, теңіздердің, су айдындарының, арналардың, өзге де жерүсті су объектілерінің жай-күйі мен режимі туралы деректерді жинау мақсатында тұрақты және (немесе) кезеңдік негізде жүргізіледі.

      4. Гидрологиялық мониторинг өзіне, оның ішінде өзен бассейндерінің тау бөліктеріндегі қар қорларын айқындау үшін жүргізілетін таулардағы қар өлшегіш және жауын-шашын өлшегіш бағыттарда байқауларды қамтиды.

      175-бап. Қоршаған ортаның жай-күйінің мониторингі

      1. Қоршаған орта жай-күйінің мониторингі байқауды, деректер жинауды, өңдеуді, талдауды, қоршаған ортаның жай-күйін бағалауды және қоршаған ортаның сапасы туралы ақпарат даярлауды, көрсетілген ақпаратты мемлекеттік органдарға, өзге де жеке және заңды тұлғаларға беруді қамтитын қоршаған орта жай-күйінің мониторингі саласындағы қызметті білдіреді.

      2. Қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпарат – бұл қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу нәтижесінде алынған қоршаған ортаның жай-күйі туралы бастапқы деректер, сондай-ақ бастапқы деректерді өңдеу және талдау нәтижесі болып табылатын ақпарат.

      3. Қоршаған орта жай-күйінің мониторингі мыналарды:

      1) атмосфералық ауа жай-күйінің мониторингін – атмосфералық ауаның сапасын байқау жүйесін;

      2) атмосфералық жауын-шашын жай-күйінің мониторингін – атмосфералық жауын-шашын мен қар жамылғысының химиялық құрамын байқау жүйесін;

      3) жерүсті сулары сапасының мониторингін – жерүсті суларының сапасын байқау жүйесін;

      4) топырақ жай-күйінің мониторингін – топырақтағы ластағыш заттардың шоғырлануын байқау жүйесін;

      5) радиациялық мониторингті – техногендік және табиғи радиоактивті ластануды байқау жүйесін;

      6) трансшекаралық ластану мониторингін – трансшекаралық жерүсті сулары мен топырақ сапасының жай-күйін байқау жүйесін;

      7) фондық мониторингті – қоршаған ортаның кешенді фондық мониторингі станцияларының мамандандырылған желісінде атмосфераның және басқа да ортаның биосферамен өзара іс-қимылының жай-күйін байқау жүйесін қамтиды.

      176-бап. Гидрометеорологиялық ақпаратты және қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпаратты әзірлеушілер

      1. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ведомстволық гидрометеорологиялық қызметтері, заңды тұлғалар, сондай-ақ гидрометеорологиялық ақпаратты беруді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер гидрометеорологиялық ақпаратты берушілер болып табылады.

      2. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет және өзге ұйымдар, сондай-ақ қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпаратты жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпаратты берушілер болып табылады.

      3. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет – бұл Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылған және мемлекеттік байқау желісін пайдалана отырып, мемлекеттік монополияға жатқызылған қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.

      4. Мемлекеттік байқау желісі – бұл Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің шаруашылық жүргізуіндегі, қоршаған ортада болып жатқан физикалық және химиялық процестерді байқауға, оның метеорологиялық, гидрологиялық сипаттамаларын және қоршаған ортаның ластану жай-күйін айқындауға арналған өзара байланысты стационарлық және жылжымалы байқау пункттерінің жүйесі.

      5. Жылжымалы байқау пункті – бұл аспаптары мен жабдықтары орнатылған, гидрологиялық, метеорологиялық бақылауларды жүргізуге және қоршаған ортаның жай-күйіне бақылауға арналған, көлік немесе өзге де қозғалыс құралы.

      6. Гидрометеорологиялық ақпарат – бұл гидрологиялық, метеорологиялық мониторинг нәтижелері бойынша алынған бастапқы гидрологиялық, метеорологиялық деректер, сондай-ақ бастапқы деректерді өңдеу және талдау нәтижесі болып табылатын режимдік, жедел және болжамдық ақпарат.

      7. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг, қоршаған орта жай-күйінің мониторингі саласында жалпымемлекеттік және халықаралық маңызы бар қызметтер көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы алуға құқылы.

      8. Гидрометеорологиялық ақпарат пен қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпарат берушілердің:

      1) осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес ақпарат беруді жүзеге асыруға немесе мониторингтің осы түрлерін құрайтын жекелеген жұмыстар мен қызметтерді жүзеге асыруға;

      2) осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына немесе қызметтер көрсетуге арналған шартқа сәйкес ақпарат бергені үшін ақы алуға;

      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес метеорологиялық, гидрологиялық мониторинг, қоршаған орта жай-күйінің мониторингі саласында байқау мен өлшеуді жүзеге асыруға құқықтары бар.

      9. Гидрометеорологиялық ақпаратты және қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпаратты берушілер:

      1) гидрометеорологиялық ақпаратты және қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпаратты беру және(немесе) жекелеген жұмыстарды орындау және метеорологиялық, гидрологиялық мониторингтің, қоршаған орта жай-күйінің мониторингі осы түрін құрайтын қызметтерді көрсету кезінде осы Кодекстің талаптарын сақтауға;

      2) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына, Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асыруға міндетті.

      Гидрометеорологиялық ақпаратты және қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпаратты берушілердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтары мен міндеттері болуы мүмкін.

      10. Метеорологиялық ақпаратты берушілер өтеусіз негізде алынған метеорологиялық ақпаратты Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет бекіткен ақпаратты ұсыну жоспарларына сәйкес метеорологиялық ақпаратты берушінің келісуі бойынша Ұлттық гидрометеорологиялық қызметке ұсынуға міндетті, онда ұсынылатын метеорологиялық ақпараттың тізбесі, ұсыну мерзімдері, түрі мен тәсілдері айқындалады.

      Ұлттық гидрометеорологиялық қызметке ақпарат беру қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      11. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін метеорологиялық, гидрологиялық мониторинг, қоршаған орта жай-күйінің мониторингін жүргізу үшін нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың талаптарын сақтауға міндетті.

      12. Метеорологиялық мониторинг саласындағы қызмет Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің қызметін, Мемлекеттік метеорологиялық ақпаратты берушілердің тізіліміне енгізуге жатпайтын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне аэронавигациялық қызмет көрсететін жеткізушілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға хабарлама жіберілген жағдайда жүзеге асырылады.

      13. Метеорологиялық ақпаратты берушілердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      14. Метеорологиялық ақпаратты берушілер мынадай:

      1) заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу;

      2) жоспарланатын қызметін жүзеге асыру үшін қажетті жабдық пен өлшем құралдарының меншік немесе иелену және пайдалану құқығында болуы;

      3) білікті персоналдың болуы талаптарына сәйкес болуы тиіс.

      15. Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аэронавигациялық қызмет көрсететін жеткізушілер қызметін қоспағанда, метеорологиялық ақпаратты берушілердің метеорологиялық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу тәртібінің сақталуын мемлекеттік бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.

      177-бап. Мемлекеттік монополияға жатқызған Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің жұмысы

      1. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет жалпы мемлекеттік және халықаралық маңызы бар, арнайы мақсаттағы қызметтер көрсетуді және мамандандырылған ақпарат дайындауды қамтитын мемлекеттік бақылау желісін пайдалана отырып, қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг, метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді.

      Метеорологиялық және гидрологиялық мониторингтерді және қоршаған орта жай-күйінің мониторингін жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын – Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет жүзеге асырады.

      2. Жалпы халық пен мемлекеттің қауіпсіздігі, экономика мен әлеуметтік саланың тұрақты жұмыс істеуі үшін маңызды мәні бар мемлекеттік және халықаралық қызметтер жалпы мемлекеттік және халықаралық ауқымдағы маңызы бар қызметтер болып табылады.

      3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік бақылау желісін пайдалана отырып, жалпы мемлекеттік ұлттық және халықаралық маңызы бар қызметтерді көрсетуге байланысты метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг, қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу жөніндегі қызметті ұйымдастырады.

      4. Арнайы мақсаттағы қызметтер – жалпы мемлекеттік және халықаралық маңызы бар қызметтерге жатпайтын және қызметтер көрсетуге арналған өтеулі шарттар негізінде орындалатын метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг, қоршаған орта жай-күйінің мониторингі саласындағы қызметтер.

      5. Мамандандырылған ақпарат – мемлекеттік бақылау желісінде алынған деректерді пайдалана отырып, метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг, қоршаған орта жай-күйінің мониторингі саласында арнайы мақсаттағы қызметтерді көрсету нәтижесінде алынатын нысаналы ақпарат.

      6. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілейді.

      7. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет халықаралық ұйымдармен, шетелдік тұлғалармен және басқа мемлекеттердің гидрометеорологиялық қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау кезінде гидрометеорологиялық қызмет және қоршаған орта жай-күйінің мониторингі саласындағы қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді.

      8. Метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг саласындағы жалпы мемлекеттік және халықаралық маңызы бар қызметтер:

      1) алынған гидрометеорологиялық деректерді бақылау, жинау, өңдеу, талдау және дауылды гидрометеорологиялық ақпаратты, гидрометеорологиялық болжамдарды, анықтамалықтарды, бюллетеньдерді, анықтама-консультацияларды, режимдік ақпаратты және мемлекеттік бақылау желісінің деректері пайдаланыла отырып алынған басқа да гидрометеорологиялық ақпаратты қамтитын жалпы мақсаттағы гидрометеорологиялық ақпаратты дайындау, сондай-ақ белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдарды, өзге де ұйымдар мен жеке тұлғаларды осы ақпаратпен қамтамасыз ету;

      2) гидрологиялық бақылау нәтижелері негізінде жерүсті суларын бөлу бойынша мемлекеттік су кадастрын жүргізу үшін деректер дайындау;

      3) қолайсыз табиғи құбылыс фактісін растайтын немесе растамайтын анықтамаларды дайындау және беру, оның ішінде болжаммен қолайсыз ауа райы құбылысына ұшырайтын жерге барып зерттеп-қарау;

      4) Мемлекеттік климаттық кадастр және Мемлекеттік гидрометеорологиялық қорды жүргізу;

      5) халықаралық алмасу үшін гидрометеорологиялық ақпарат беру;

      6) климат өзгеруін қоса алғанда, оның мониторингі.

      9. Мемлекеттік климаттық кадастр – ауа температурасын, бұлттылықты, атмосфералық құбылыстарды, желдің бағыты мен жылдамдығын, жауын-шашын мөлшері мен атмосфераның басқа да сипаттамаларын және белгілі бір аумаққа тән төселетін беткі бөлікті қамтитын және көп жылдық кезеңдегі гидрометеорологиялық деректердің климаттық базасы негізінде қалыптасқан атмосфералық жағдайлардың жиынтығы туралы гидрометеорологиялық ақпаратқа негізделген жүйеленген деректер жиынтығы.

      10. Мемлекеттік климаттық кадастрды жүргізу қағидаларын, сондай-ақ мемлекеттік климаттық кадастр деректерінің құрамын және мемлекеттік органдарға, өзге де ұйымдар мен жеке тұлғаларға оның деректерін беру тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      11. Мемлекеттік гидрометеорологиялық қор – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану мақсатында сақтауға жататын құжатталған гидрометеорологиялық ақпараттың жиынтығы.

      Мемлекеттік гидрометеорологиялық қорды жүргізу қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      12. Қоршаған орта жай-күйінің мониторингі саласындағы жалпы мемлекеттік және халықаралық маңызы бар қызметтер:

      1) қоршаған орта объектілерінің ластану жай-күйін бақылауды, ол туралы деректерді жинау, өңдеу, талдау және бюллетеньдерді, анықтамаларды және басқа ақпаратты дайындауды қамтитын жалпы мақсаттағы қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпарат дайындау, сондай-ақ белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдарды, өзге де ұйымдар мен жеке тұлғаларды осы ақпаратпен қамтамасыз ету;

      2) атмосфералық ауа жай-күйінің мониторингі – қоныстану аймақтарындағы атмосфералық ауаның жай-күйін байқау жүйесі (атмосфералық ауаның жай-күйін бақылау жүзеге асырылатын мемлекеттік байқау пункттерінің саны халықтың санына, жергілікті жер бедеріне, ластанудың нақты деңгейіне байланысты айқындалады);

      3) атмосфералық жауын-шашын жай-күйінің мониторингі – қоныстану аймақтарындағы атмосфералық жауын-шашын мен қар жамылғысының химиялық құрамын бақылау жүйесі;

      4) судың сапалық жай-күйінің мониторингі – жағалау маңындағы аймақтардағы жерүсті сулары сапасының жай-күйін байқау жүйесі;

      5) топырақ жай-күйінің мониторингі – қоныстану аймақтарының топырақтарындағы ластағыш заттардың шоғырлануын байқау жүйесі;

      6) радиациялық мониторинг - қоныстану аймақтарында техногендік және табиғи радиоактивті ластануды байқау жүйесі;

      7) трансшекаралық ластану мониторингі - трансшекаралық жағалау маңындағы жерүсті сулары мен топырақ сапасының жай-күйін шекара маңындағы мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастық шеңберінде жүзеге асырылатын байқау жүйесі;

      8) фондық мониторинг - қоршаған ортаның кешенді фондық мониторингі станцияларының мамандандырылған желісінде атмосфераның және басқа да ортаның биосферамен өзара іс-қимылындағы жай-күйін байқау жүйесі;

      9) халықаралық алмасу үшін қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпарат беру.

      13. Қоныстану аймағы – тұрғын үй, қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) және рекреациялық аймақтарды, сондай-ақ инженерлік және көлік инфрақұрылымдарының жекелеген бөліктерін, басқа да объектілерді орналастыруға арналған, орналасуы мен қызметі арнайы санитариялық-қорғаныш аймақтарын талап ететін әсер етпейтін елді мекен аумағының бөлігі.

      178-бап. Мемлекеттік байқау желісін ұйымдастыру және оның қызметі, мемлекеттік байқау желісін қорғау

      1. Анық ақпарат алу мақсатында стационарлық байқау пункттерінің айналасында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін Стационарлық байқау пункттері және атмосфераның ластану жай-күйін бақылау пункттері туралы ережеге сәйкес қорғау аймақтары құрылады.

      Гидрологиялық, метеорологиялық байқау және қоршаған ортаның жай-күйіне байқау жүргізуге арналған стационарлық немесе жылжымалы пункт байқау пункті болып табылады.

      Жер учаскесінде, су объектісінде, ғимаратта, құрылыс жайда орнатылған аспаптар мен жабдығы бар, гидрологиялық, метеорологиялық байқауларды жүргізуге арналған арнайы жабдықталған орын стационарлық байқау пункті болып табылады.

      2. Стационарлық байқау пункттерінің күзет аймақтарының шекараларын айқындау және белгілеу тәртібі Стационарлық байқау пункттері және атмосфераның ластану жай-күйін байқау пункттері туралы ережеде айқындалады.

      3. Стационарлық байқау пункттеріне өту немесе жол жүру жүзеге асырылатын жер учаскелеріне Қазақстан Республикасының жер заңнамасында айқындалған тәртіппен сервитуттар белгіленуі мүмкін.

      4. Мемлекеттік байқау желісінің реперлік (тірек) стационарлық байқау пункттерінің жер учаскелері алып қоюға жатпайды. Стационарлық байқау пункттерінің жер учаскелері айрықша жағдайларда ғана мемлекет мұқтажы үшін алынуы мүмкін, бұл ретте ауыстыру қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және Ұлттық гидрометеорологиялық қызметпен келісу бойынша осындай көшіруге бастамашы болған адамдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      5. Климаттың көп жылдық өзгеру үрдістерін, агрометеорологиялық сипаттамаларды, құрлықтың су объектілерінің гидрологиялық жай-күйін, климаттық жағдайлар мен шаруашылық қызметтің өзгеруі әсерінен болатын геофизикалық процестерді зерделеуді жүргізуге мүмкіндік беретін байқау пункті реперлік байқау пункті болып табылады.

      6. Мемлекеттік байқау желісінің қызметін ұйымдастыруды Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет жүзеге асырады.

      7. Жаңадан ашылатын немесе ауыстыруға жататын стационарлық байқау пункттерінің және мемлекеттік байқау желісі атмосферасының ластану жай-күйін байқау пункттерінің орналасқан жерін анықтау Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің шешімімен жүргізіледі.

      8. Мемлекеттік байқау желісі атмосферасының ластану жай-күйін қадағалайтын стационарлық қадағалау пункттері мен байқау пункттерінің қызметін тоқтату қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің шешімімен жүргізіледі.

      9. Мемлекеттік бақылау желісі, оның ішінде оған бөлінген жер учаскелері мен акваториялардың бір бөліктері, сондай-ақ мүлік тек қана мемлекеттік меншікке жатады және мемлекеттің қорғауында болады және жекешелендіруге жатпайды.

      10. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің құрамына кіреді және төтенше жағдайлар туындаған кезде өз қызметін Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      179-бап. Ұлттық гидрометеорологиялық қызметті қаржыландыру

      Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің жұмысын қаржыландыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты және өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.

      180-бап. Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің ақпарат беру талаптары

      1. Гидрометеорологиялық ақпаратты және қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпаратты ұсыну тәртібі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің ақпарат беру қағидаларында айқындалады.

      2. Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін басқару органдарын, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органды гидрометеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз етуді Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет пен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган арасында жыл сайын жасалатын шарт негізінде жалпы мемлекеттік және халықаралық маңызы бар қызметтер көрсету шеңберінде Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет жүзеге асырады.

      3. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет Қазақстан Республикасының заңнамаcында белгіленген тәртіппен мемлекеттік байқау желісінде байқау нәтижесінде алынған деректерді пайдалана отырып, мемлекеттік органдарға өзге де қызметтер көрсетуге құқылы.

      10-бөлім. Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарының мемлекеттік кадастрлары

      181-бап. Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарының мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесі туралы жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарының мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесі (бұдан әрі – Кадастрлардың бірыңғай жүйесі) Қазақстан Республикасының табиғи және экономикалық әлеуетін бірыңғай жалпы мемлекеттік кешенді есепке алуды және бағалауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарының мемлекеттік кадастрларының барлық түрлерін біріктіретін салааралық ақпараттық жүйе ретінде құрылады және жүргізіледі.

      2. Табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрлары табиғи ресурстардың сандық және сапалық көрсеткіштері туралы ақпараттың жүйелендірілген жиынтығын білдіреді және осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен функциялайды.

      3. Қоршаған ортаның құрамбөліктері: жер, су, орман, топырақ, жер қойнауы, өзара байланысты болатын өсімдіктер мен жануарлар дүниесі кадастрлардың бірыңғай жүйесінің объектілері болып табылады.

      4. Кадастрлардың бірыңғай жүйесін жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган табиғи ресурстардың жай-күйі мен пайдаланылуын есепке алу деректері негізінде табиғи ресурстардың тиісті түрлерінің мониторингін жүзеге асыратын арнайы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп ұйымдастырады.

      Кадастрлардың бірыңғай жүйесін жүргізу қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      5. Табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрларының жүйелерінде географиялық байланысы мен ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетіле отырып, әрбір есептік кадастрлық объектіге оның жай-күйі туралы құжаттық мәліметтер цифрлық түрде қамтылады.

      6. Мыналар:

      1) кадастрлық ақпаратты өңдеу және ұсыну технологиясының бірлігі;

      2) автоматтандырылған ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану;

      3) ақпаратты толықтыру мен жаңартудың объективтілігі;

      4) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын ақпараттан басқа, Кадастрлардың бірыңғай жүйесіндегі ақпараттың жалпыға қолжетімділігі Кадастрлардың бірыңғай жүйесін жүргізудің негізгі қағидаттары болып табылады.

      182-бап. Кадастрлардың бірыңғай жүйесінің құрылымы мен мазмұны

      Кадастрлардың бірыңғай жүйесінің құрылымын мынадай есепке алу объектілері құрайды, олар бойынша мониторингті мынадай арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдар:

      1) мемлекеттік жер кадастры бойынша – жер ресурстарын басқару саласындағы орталық уәкілетті орган және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы;

      2) мемлекеттік су кадастры (жерүсті және жерасты су объектілері, су ресурстарын пайдалану) бойынша – қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар – жалпы республика бойынша, ал олардың аумақтық органдары – өзендер бассейндері мен әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде;

      3) мемлекеттік орман кадастры бойынша – орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган – жалпы республика бойынша, ал оның аумақтық органдары – әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде;

      4) жер қойнауының мемлекеттік қорының бірыңғай кадастры бойынша – жалпы республика бойынша жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, ал оның аумақтық органдары-әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде;

      5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастры бойынша – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган – жалпы республика бойынша, ал оның аумақтық
органдары – әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде;

      6) жануарлар дүниесінің мемлекеттік кадастры бойынша – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган – жалпы республика бойынша, ал оның аумақтық органдары – әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде жүзеге асырады.

      183-бап. Ақпаратты ұсыну

      1. Табиғи ресурстар кадастрлары шеңберінде алынған объектілерді есепке алу мен тіркеу нәтижелерін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне Кадастрлардың бірыңғай жүйесін жүргізу қағидаларына сәйкес өтеусіз береді.

      2. Кадастрлардың бірыңғай жүйесіне енгізілген объект туралы деректерді:

      1) арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар бекіткен есептік материалдарды, объекті паспортын және статистикалық ақпаратты;

      2) объектілердің кеңістіктіктегі жағдайы туралы картографиялық материал және аумақтарды кешенді бағалау үшін қажетті басқа да деректерді қамтуы керек.

      3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган кадастрларда қамтылатын ақпаратқа табиғи ресурстардың тиісті түрлерінің мониторингін жүзеге асыратын арнайы уәкілетті мемлекеттік органдардың қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті.

      11-бөлім. Экологиялық бақылау

      10-тарау. Мемлекеттік экологиялық бақылау

      184-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылау

      1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның тексерілетін субъектілер қызметінің Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру және байқау жөніндегі қызметі мемлекеттік экологиялық бақылау болып табылады.

      2. Мемлекеттік экологиялық бақылау мынадай бағыттар:

      1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы осы Кодекстің ережелерін сақтау;

      2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы экологиялық талаптарды сақтау;

      3) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды консервациялау және оның салдарларын жою, бұзылған жерлерді қалпына келтіру кезінде экологиялық талаптарды сақтау;

      4) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындау;

      5) оператордың өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін осы Кодексте айқындалған талаптарды орындауы;

      6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерін, сондай-ақ оған қатысты хабарлама жасау тәртібі белгіленген қызметті жүзеге асырудың біліктілік талаптары мен қағидаларын сақтау;

      7) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі талаптарын сақтауы бойынша жүзеге асырылады.

      185-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылау нысандары

      1. Мемлекеттік экологиялық бақылау мынадай:

      1) субъектіге бармай профилактикалық бақылау;

      2) субъектіге бару арқылы профилактикалық бақылау;

      3) тексеру нысандарда жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүргізу тәртібі осы Кодекстің және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің нормаларында белгіленген.


      186-бап. Бармай профилактикалық бақылау

      1. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бұқаралық ақпарат құралдарынан, қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесінен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынылған құжаттама мен есептіліктен алынған деректерді талдау арқылы жүргізеді.

      Бұл ретте белгілі бір аумақтағы тұрғындардың, оның ішінде халық жаппай демалатын орындардағы тіршілік әрекетінің жағдайларына тікелей әсер ететін қоршаған ортаны қорғау саласындағы бұзушылықтар немесе бұзушылықтардың жасалу тәуекелі туралы бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарды талдау, сондай-ақ қоршаған ортадағы ластағыш заттар эмиссияларының нормативтерден елеулі артуы туралы қоршаған ортадағы эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесінен алынған деректер нәтижелері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 146-бабы 3-тармағына сәйкес байқау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық байқау мен қадағалау немесе жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін негіз болуы мүмкін.

      2. Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектілеріне бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мақсаттары болып табылады.

      3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдары бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылық анықталған жағдайда, бақылау субъектісіне бұзушылық анықталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ақпараттық хат ресімделеді және жіберіледі.

      4. Ақпараттық хат бақылау субъектісіне жіберу және алу фактілерін растайтын тәсілмен тапсырылуға тиіс.

      5. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ақпараттық хат мынадай жағдайларда:

      1) қолма-қол – алғаны туралы ақпараттық хатта белгі қойылған күннен бастап;

      2) оператордың алғанын тіркеу туралы белгісі бар курьерлік не пошта қызметімен;

      3) электрондық тәсілмен – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның сұрау салуы кезінде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жіберілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.

      6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпараттық хат алған бақылау субъектісі ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға анықталған бұзушылықтарды жоюдың нақты мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынуға міндетті.

      7. Ақпараттық хатта көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, бақылау субъектісі ақпараттық хат табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде ақпараттық хат жіберген қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қарсылық жіберуге құқылы.

      8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймау, сол сияқты бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын мерзімінде ұсынбау субъектіге (объектіге) бару арқылы профилактикалық бақылау тізіміне тиісті субъектіні (объектіні) енгізуге негіз болып табылады.

      187-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылау жүргізу кезінде нұсқамалардың орындалуын қамтамасыз ету

      1. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының бұзылуы анықталған кезде мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар жеке және заңды тұлғаларға мұндай бұзушылықты жою туралы нұсқама шығарады.

      2. Нұсқаманы жасау тәртібі және оның мазмұны Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленеді.

      3. Бақылау және қадағалау субъектісінің анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау жөніндегі міндеттемесі мемлекет кірісіне есептелетін өсімпұлдармен қамтамасыз етіледі.

      Өсімпұл әрбір жұмыс күні үшін мынадай:

      1) жеке тұлғалар үшін – үш айлық есептік көрсеткіш;

      2) шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар үшін – бес айлық есептік көрсеткіш;

      3) орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар үшін – жеті айлық есептік көрсеткіш;

      4) ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар үшін – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде есептеледі.

      Өсімпұл Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындаудың ең аз мерзімі өткен кезден бастап есептеледі.

      4. Өсімпұлды төлеу туралы талапты мемлекеттік экологиялық бақылаудың лауазымды адамдары анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімі өткен жағдайда ғана жібереді. Бақылау және қадағалау субъектісі есепке жазылған өсімпұлды тиісті талап жіберілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде ерікті түрде төлемеген жағдайда, мемлекеттік экологиялық бақылаудың лауазымды адамдары есепке жазылған өсімпұлды өндіріп алуы сот тәртібімен жүзеге асырылады.

      188-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзудан болатын экономикалық пайданы анықтау

      1. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының жекелеген бұзушылықтарының қайталануын алдын алу және болдырмау мақсатында мемлекеттік экологиялық бақылау жүргізу кезінде мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар бақылау және қадағалау субъектісінің осындай бұзушылықтардан алған экономикалық пайдасын айқындайды.

      2. Бақылау және қадағалау субъектісінің Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын сақтамау, уақтылы сақтамау немесе сақтаудан жалтару нәтижесінде ақша қаражатын үнемдеу немесе кіріс (түсім) алу түріндегі артықшылық алуы Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзудан экономикалық пайда алу деп танылады.

      3. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар бақылау және қадағалау субъектісінің алынған экономикалық пайда сомасынан процентпен көрсетілген айыппұл салуға әкеп соғатын Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу фактісі анықталған күннен бастап бір ай мерзімде материалдарды жинауды және талдауды жүргізеді, бақылау және қадағалау субъектілерінен бұл үшін қажетті ақпаратты талап етеді және экономикалық пайда сомасын айқындайды.

      4. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзудан алынған экономикалық пайданы айқындау әдістемесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

      189-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар

      1. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:

      1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы;

      2) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторының орынбасары;

      3) Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары;

      4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық инспекторлары;

      5) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары;

      6) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары;

      7) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттік экологиялық инспекторлары жатады.

      2. Осы баптың 1-тармағында аталған лауазымды адамдарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган тағайындайды.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын осы баптың 1-тармағында көрсетілген лауазымды адамдарға жатқызу тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

      3. Мемлекеттік экологиялық инспекторлар белгіленген тәртіппен нысанды киіммен (погонсыз), қызметтік куәліктермен және белгіленген үлгідегі мөрлермен қамтамасыз етіледі.

      Нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдар лауазымдарының тізбесін, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, киіп жүру тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

      4. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттік экологиялық инспекторларының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және өз атауы бар құжаттар бланкілері болады.

      190-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері

      1. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:

      1) субъектіге (объектіге) барып профилактикалық бақылау жүргізу немесе тиісті негіз болған кезде тексеру үшін тексерілетін объектінің аумағына және үй-жайына сынамаларды іріктеу үшін өлшеу аспаптары мен жабдықтарымен кіруге және қажет болған кезде, мамандар мен жұртшылық өкілдерін тарта отырып, қажетті өлшеулер жасауға, сынамалар (оның ішінде тауарлар мен материалдардың үлгілерін) алуға және оларды талдауға;

      2) тексерілетін субъектілерден (объектілерден) сынамаларды зертханалық зерттеу нәтижелерін және қоршаған ортаға антропогендік әсер ету көлемін анықтау үшін қажетті өзге материалдарды сұратуға және алуға;

      3) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұза отырып жүзеге асырылатын қызметті шектеу, тоқтата тұру және оған тыйым салу туралы сотқа талап қоюға;

      4) экологиялық залал келтіру фактілерін анықтауға және осы Кодекстің талаптарына сәйкес оны жою жөніндегі шараларды айқындауға қатысуға;

      5) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзушылар әрекеттерінің алдын алу немесе жолын кесу үшін жәрдем көрсету үшін прокуратураға және құқық қорғау органдарына жүгінуге;

      6) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзуға байланысты жеке және заңды тұлғалардың рұқсаттарын, қорытындыларын, лицензияларын және басқа да рұқсат беру құжаттарын кері қайтарып алу, олардан айыру және қолданылуын тоқтата тұру туралы сотқа талап қоюға құқылы.

      2. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда арнаулы құралдарды (мамандандырылған байланыс құралдарын, фото -, бейнеаппаратураларды, өлшеу құралдарын) сақтауға, алып жүруге және қолдануға құқығы бар.

      3. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша басқа мемлекеттік органдармен, сондай-ақ жеке және (немесе) заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауға міндетті.

      191-бап. Апелляциялық комиссияның шағымды қарау тәртібі

      1. Мемлекеттік экологиялық бақылау субъектісі сотқа жүгінгенге дейін апелляциялық комиссияға тексеру нәтижелері туралы актіге шағымды қарау туралы өтінішхатты мәлімдеуге құқылы.

      2. Апелляциялық комиссияның құрамына қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері міндетті түрде кіреді.

      3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның тексеру нәтижелері туралы актісіне шағымды апелляциялық комиссия шағым жасалған мәселелер шегінде қарайды.

      4. Тексеру нәтижелері туралы актіге шағым Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімде жазбаша нысанда беріледі.

      5. Апелляциялық комиссияның шешімі ұсынымдық сипатта болады.

      6. Апелляциялық комиссия жыл сайын тексеру нәтижелері туралы актілерге шағымдарды қарау нәтижелерін жинақтап қорытады және Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлейді.

      7. Мемлекеттік экологиялық бақылау субъектісінің сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жүгінуі апелляциялық комиссияның тексеру нәтижелері туралы актіге арналған шағымды қарауды тоқтатуына алып келеді.

      Мемлекеттік экологиялық бақылау субъектісінің Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіпте сотқа жүгінгеннен кейін немесе сот шешімінің күшіне енгеннен кейін берілген тексеру нәтижелері туралы актіге шағым қараусыз қалдырылады.

      192-бап. Апелляциялық комиссияның шағымды қарауы және мемлекеттік экологиялық бақылауды жүргізу кезінде ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету

      Мемлекеттік құпиялар, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын мәліметтер апелляциялық комиссияның мүшелеріне қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүргізген тексеру нәтижелері туралы актілерге шағымды қарау кезінде шағым берген адамның жазбаша рұқсатын алмай, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен беріледі.

      Жоғарыда көрсетілген мәліметтерді апелляциялық комиссия мүшелері жария етпеуге тиіс.

      193-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылаудың жариялылығы

      1. Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік экологиялық бақылау нәтижелері туралы ақпаратқа қол жеткізу құқығы бар.

      2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ресми интернет-ресурста:

      1) мемлекеттік экологиялық бақылау субъектілерінің экологиялық талаптарды сақтау деңгейі мен деңгейінің өзгеруі туралы талдамалық есептерді (табиғатты сақтауға сәйкестікті);

      2) мемлекеттік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша жылдық есептілікті;

      3) І және ІІ санаттағы объектілерде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасындағы анықталған бұзушылықтар, мемлекеттік экологиялық бақылау субъектісін тиісті әкімшілік, қылмыстық және (немесе) азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тарту, оның ішінде салынған жазалар туралы, сондай-ақ І және ІІ санаттағы объектілерге қатысты ұйғарымдарды шығару мен орындау туралы ақпаратты;

      4) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын жүйелі түрде бұзатын кәсіпорындар тізбесін жариялауды қамтамасыз етеді.

      Осы тармақтың 1) - 4) тармақшаларында көрсетілген ақпаратқа мемлекеттік экологиялық бақылау субъектілері туралы мәліметтерді және оларға қатысты соттың күшіне енген тиісті шешімі жоқ немесе мемлекеттік экологиялық бақылау субъектісінің мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамның тиісті актісіне (шешіміне) сотқа шағымдану мерзімі өтпеген Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзуға жол берген мәліметтерді енгізуге жол берілмейді.

      3. I және II санаттағы объектілердің операторлары соттың тиісті шешімі негізінде өз есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында және ресми Интернет-ресурстарында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу фактілері, оларға салынған жазалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде қабылданған және белгіленген шаралар туралы ақпаратты орналастыруға міндетті.

      4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес интернет-ресурстарда орналастырылатын тиісті ақпарат кемінде күнтізбелік 30 күн ашық қолжетімді болуға тиіс.

      11-тарау. Өндірістік экологиялық бақылау

      194-бап. Өндірістік экологиялық бақылаудың міндеті мен мақсаттары

      1. I және II санаттағы объектілердің операторлары өндірістік экологиялық бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

      2. Мыналар:

      1) объект операторының ішкі экологиялық саясатқа, қоршаған ортаға әлеуетті әсер ететін өндірістік процестерді бақылауға және реттеуге қатысты шешімдер қабылдауы үшін ақпарат алу;

      2) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;

      3) өндірістік процестердің қоршаған ортаға және адам денсаулығына теріс әсерін барынша азайту мәліметі;

      4) табиғи және энергетикалық ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру;

      5) штаттан тыс жағдайларға жедел алдын ала ден қою;

      6) объект операторының басшылары мен қызметкерлерінің экологиялық хабардарлығы мен жауапкершілігінің неғұрлым жоғары деңгейін қалыптастыру;

      7) кәсіпорындардың экологиялық қызметі және халықтың денсаулығы мен қоршаған орта үшін тәуекелдер туралы жұртшылыққа ақпарат беру;

      8) экологиялық менеджмент жүйесінің тиімділігін арттыру өндірістік экологиялық бақылау мақсаттары болып табылады.

      195-бап. Өндірістік экологиялық бақылау жүргізу тәртібі

      1. Өндірістік экологиялық бақылауды экологиялық рұқсаттың бөлігі болып табылатын өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының негізінде І және ІІ санаттағы объектінің операторы жүргізеді.

      2. Өндірістік экологиялық бақылау шеңберінде өндірістік процестің тиімділігін экологиялық бағалау қоршаған ортаға эмиссиялар, зиянды өндірістік факторлар деңгейін, сондай-ақ табиғи, энергетикалық және өзге де ресурстарды тұтынудың нақты көлемін өлшеу негізінде және (немесе) есептеу негізінде жүзеге асырылады.

      196-бап. Объект операторының өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері

      1. I және II санаттағы объекті операторының өндірістік экологиялық бақылау қызметінің ұйымдық құрылымын және оны жүргізу үшін персоналдың жауапкершілігін дербес айқындауға құқығы бар:

      2. Өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде объектінің операторы:

      1) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын сақтауға;

      2) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының шарттарын іске асыруға және нәтижелерді құжаттауға;

      3) I санаттағы объектілерге қатысты – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялардың автоматтандырылған мониторингін жүргізу тәртібіне және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептілікке қойылатын талаптарға сәйкес эмиссиялардың елеулі көздеріндегі қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін белгілеуге;

      4) өндірістік экологиялық бақылау қызметін құруға не өндірістік экологиялық бақылауды ұйымдастыруға және жүргізуге және мемлекеттік экологиялық бақылау органдарымен өзара іс-қимыл жасауға жауапты қызметкерді тағайындауға;

      5) рәсімдік талаптарды ұстануға және алынатын деректердің сапасын қамтамасыз етуге;

      6) өндірістік экологиялық бақылау нәтижелерін жүйелі түрде бағалауға және Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде қажетті шаралар қабылдауға;

      7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері жөніндегі есептерді белгіленген тәртіппен беруге;

      8) үш жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өндірістік экологиялық бақылау процесінде белгіленген Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу фактілері туралы хабарлауға;

      9) қауіпсіздік техникасын сақтауға;

      10) жүзеге асырылатын өндірістік экологиялық бақылаудың сапасы мен объективтілігін растау үшін мемлекеттік экологиялық инспекторлардың бастапқы ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге;

      11) жұртшылықтың өндірістік экологиялық бақылау бағдарламаларына және өндірістік экологиялық бақылау жөніндегі есептік деректерге қол жеткізуін қамтамасыз етуге;

      12) мемлекеттік экологиялық инспекторлардың талап етуі бойынша мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті өндірістік экологиялық бақылаудың құжаттамасын, талдау нәтижелерін және өзге де материалдарын ұсынуға міндетті.

      197-бап. Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптар

      1. Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасында мынадай ақпарат:

      1) ластағыш заттар эмиссияларының сандық және сапалық көрсеткіштерінің және өндірістік мониторинг процесінде қадағаланатын өзге де параметрлердің міндетті тізбесі;

      2) өндірістік мониторингтің кезеңділігі мен ұзақтығы, өлшеуді жүзеге асыру жиілігі;

      3) өндірістік мониторинг жүргізудің пайдаланылатын аспаптық және есептік әдістері туралы мәліметтер;

      4) өндірістік мониторинг процесінде қадағаланатын параметрлер үшін сынамаларды іріктеу нүктелерінің қажетті саны (құрамбөліктер бойынша: атмосфералық ауа, су, топырақ) және өлшеу жүргізу орны;

      5) деректерді есепке алуды, талдауды және хабарлауды жүргізу әдістері мен жиілігі;

      6) ішкі тексерулердің жоспар-графигі және олардың сақталмауына ден қоюдың ішкі құралдарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзушылықтарды жою рәсімі;

      7) аспаптық өлшеу сапасын қамтамасыз ету тетіктері;

      8) штаттан тыс жағдайлардағы әрекеттер хаттамасы;

      9) өндірістік экологиялық бақылауды жүргізу үшін қызметкерлердің ішкі жауапкершілігінің ұйымдық және функционалдық құрылымы;

      10) өндірістік экологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу мәселелерін көрсететін өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс.

      2. І және ІІ санаттағы объектілерді өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы экологиялық рұқсатта қамтылған экологиялық шарттарға да сәйкес келуге тиіс.

      3. I және II санаттағы объектілерді өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын әзірлеу қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      198-бап. Өндірістік мониторингтің түрлері және оны жүргізуді ұйымдастыру

      1. Өндірістік мониторинг өндірістік экологиялық бақылаудың элементі болып табылады.

      2. Өндірістік мониторингті жүзеге асыру шеңберінде операциялық мониторинг, қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингі және ықпал ету мониторингі орындалады.

      3. Операциялық мониторинг (өндірістік процестің мониторингі) объект қызметінің көрсеткіштері оны тиісінше жобалық пайдалану және осы өндірістің технологиялық регламентінің шарттарын сақтау үшін орынды деп есептелетін диапазонда екенін растау үшін технологиялық процестің параметрлерін бақылауды қамтиды. Операциялық мониторингтің мазмұнын объектінің операторы айқындайды.

      4. Қоршаған ортаға эмиссиялардың мониторингі эмиссиялардың санын, сапасын және олардың өзгеруін қадағалау болып табылады.

      I санаттағы объектілердегі қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингі қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін пайдалануды қамтуға тиіс.

      Қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесі – негізгі стационарлық эмиссиялар көздерінде қоршаған ортаға эмиссиялар көрсеткіштерін қадағалайтын және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес берілген режимде анық деректерді беру үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен онлайн-байланысы бар өндірістік экологиялық мониторингтің автоматтандырылған жүйесі.

      Шығарындыларды автоматты мониторингілеу жүйелері жүзеге асыратын өлшемдер техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган бекітетін автоматты өлшем құралдарының техникалық талаптарына, сондай-ақ берілетін ақпараттың құрамы, ақпаратты ұсыну нысанына, ақпаратты беру, өңдеу, сақтау, пайдалану тәртібі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы орган бекіткен техникалық талаптарға жауап беруі тиіс.

      5. Әсер ету мониторингін жүргізу Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының және қоршаған орта сапасы нормативтерінің сақталуын қадағалау үшін қажет болған не кешенді экологиялық рұқсатта айқындалған жағдайларда өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасына енгізіледі.

      6. Әсер ету мониторингі:

      1) қызмет сезімтал экожүйелерді және халық денсаулығының жай-күйін қозғайтын жағдайларда;

      2) технологиялық объектілерді пайдалануға беру кезеңінде;

      3) қоршаған ортаға авариялық эмиссиялардан кейін міндетті болып табылады.

      7. Әсер ету мониторингін объектінің операторы жеке, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша басқа объектілердің операторларымен бірлесіп жүзеге асыруы мүмкін.

      8. Қоршаған ортаға эмиссиялардың өндірістік мониторингін және әсер ету мониторингін Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген зертханалар жүзеге асырады.

      Өндірістік мониторингті жүзеге асыратын адам Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес өндірістік мониторинг нәтижелері бойынша анық емес ақпарат бергені үшін жауапты болады.

      9. Өндірістік мониторинг деректері Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін жүргізу шеңберінде қоршаған ортаның жай-күйін бағалау үшін пайдаланылады.

      199-бап. Өндірістік экологиялық бақылау бойынша есеп және есептілік

      1. Объектінің операторы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейтін қағидаларға сәйкес ішкі есеп жүргізеді, өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша мерзімді есептерді қалыптастырады және Қоршаған орта және табиғи ресурстар туралы ұлттық деректер банкіне электрондық нысанда ұсынады.

      2. Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша мерзімді есептер қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялануға тиіс.

      200-бап. Өндірістік экологиялық бақылау қызметі және өндірістік экологиялық бақылауға жауапты адамдар

      1. Өндірістік экологиялық бақылауды жүргізуге жауапты адам объектіде немесе жекелеген жұмыс учаскелерінде қызметкерлер Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарын, оларды жою мерзімдерін көрсете отырып жазатын өндірістік экологиялық бақылау журналдарын жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті

      2. Нәтижесінде адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп немесе экологиялық залал келтіру тәуекелі туындайтын экологиялық талаптардың бұзылу фактілерін анықтаған өндірістік экологиялық бақылауды жүргізуге жауапты адамдар туындаған жағдайды жою немесе оқшаулау жөнінде өздеріне байланысты барлық шараларды дереу қолдануға және бұл туралы объект операторының басшылығына хабарлауға міндетті.

      201-бап. Ішкі тексерулерді ұйымдастыру

      1. Объект операторы Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының сақталуын тұрақты ішкі тексеру және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелерін экологиялық және өзге де рұқсаттар шарттарымен салыстыру жөнінде шаралар қолданады.

      2. Ішкі тексерулерді объект операторы өндірістік экологиялық бақылауды ұйымдастыруға және жүргізуге жауаптылық жүктеген қызметкер (қызметкерлер) жүргізеді.

      3. Ішкі тексерулер барысында:

      1) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасында көзделген іс-шараларды орындау;

      2) қоршаған ортаны қорғауға жататын өндірістік нұсқаулықтар мен қағидаларды сақтау;

      3) экологиялық және өзге де рұқсаттардың шарттарын орындау;

      4) өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есепке алу мен есептілікті жүргізудің дұрыстығы;

      5) өндірістік экологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу мәселелері көрсетілетін өзге де мәліметтер бақыланады.

      4. Ішкі тексеруді жүзеге асыратын қызметкер (қызметкерлер):

      1) алдыңғы ішкі тексеру туралы есепті қарауға;

      2) қоршаған ортаға эмиссиялар жүзеге асырылатын әрбір объектіні зерттеп-қарауға;

      3) басшыға, қажет болған кезде, тексеру барысында анықталған сәйкессіздіктерді түзету жөніндегі шараларды жүргізу туралы талаптарды, оларды жою мерзімдері мен тәртібін қамтитын жазбаша есеп жасауға міндетті.

      12-тарау. Қоғамдық экологиялық бақылау

      202-бап. Қоғамдық экологиялық бақылау

      1. Қоғамдық экологиялық бақылау жұртшылықты мемлекеттің экологиялық проблемаларына тарту және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қызметіне жәрдемдесу мақсатында жүргізіледі.

      2. Қоғамдық экологиялық бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, жарғысында қоғамдық экологиялық бақылауды жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру қарастырылған және арнайы қоғамдық экологиялық бақылауды жүзеге асыру мақсатында қоршаған орта саласындағы уәкілетті органда аккредиттелген қоршаған ортаны қорғау саласындағы коммерциялық емес ұйымдар жүзеге асыра алады.

      3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы аккредиттелген орган ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды жүзеге асыру үшін осы Кодекске сәйкес қоғамдық экологиялық бақылау жүргізуге уәкілетті қоршаған ортаны қорғау саласындағы коммерциялық емес ұйымдардың тізбесін жасайды және ресми интернет-ресурста жариялайды.

      4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген тізбені қалыптастыру мақсатында осы баптың 2-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін коммерциялық емес ұйымдар өзінің сәйкестігі және қоғамдық экологиялық бақылауды жүзеге асыру ниеті туралы өтінішті, жарғы көшірмесін қоса беру арқылы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жібереді.

      Уәкілетті орган коммерциялық емес ұйым осы баптың 2-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда 15 жұмыс күні ішінде осы коммерциялық емес ұйымды осы Кодекске сәйкес қоғамдық экологиялық бақылау жүргізуге аккредиттелген қоршаған ортаны қорғау саласындағы коммерциялық емес ұйымдардың тізбесіне енгізеді.

      5. Қоғамдық экологиялық бақылауды жүргізу тәртібі осы Кодексте айқындалады, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы коммерциялық емес ұйымдар өздерінің жарғыларына сәйкес айқындайды.

      6. Қоғамдық экологиялық бақылау:

      1) қоғамдық экологиялық бақылауды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу фактілері немесе осындай бұзушылық тәуекелдері туралы хабар беруін;

      2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жанынан құрылатын қоғамдық кеңесте І санаттағы объектілердің операторлары болып табылатын бақылау және қадағалау субъектілерінің Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзуы, осы субъектілерге қатысты қолданылған шаралар және оларды орындау мәртебесі туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпаратын тыңдауды;

      3) мемлекеттік экологиялық бақылау нәтижелерін қоғамдық талқылау барысында коммерциялық емес ұйымдар өкілдерінің қатысуын қамтиды.

      7. Мемлекеттік органдар қоршаған ортаны қорғау саласындағы қоғамдық ұйымдардың аккредиттелген өкілдерін Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмысқа ерікті негізде тартуға құқылы.

      12-бөлім. Экологиялық мәдениет, білім беру және ағарту

      203-бап. Экологиялық мәдениет

      1. Экологиялық мәдениет деп адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастардың сипатын, қоршаған табиғи ортаны сақтау және дамыту жөніндегі қызметке адамның қосылу шамасы мен тәсілін білдіретін және айқындайтын білім, білік және құндылықты бағдарлардың жүйесі түсіндіріледі.

      2. Экологиялық мәдениет халықтың сана-сезімін дамытып қана қоймай, мемлекеттің әл-ауқатының өсуіне мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасындағы негізгі жеке басы құндылықтарының бірі деп танылады.

      3. Экологиялық мәдениет негіздерін дарыту білім беру ұйымдарында отбасылық тәрбиемен, тәрбиемен (ағартумен), корпоративтік мәдениетпен байланысты қоғамдық қатынастардың, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесі жағдайында қоғамдық қарым-қатынастардың негізін қалаушы міндеттерінің бірі болып табылады.

      4. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында мемлекет халықтың адам мен табиғаттың байланысы туралы, адамның тіршілік әрекетінің қоршаған ортаға және табиғи құбылыстарға ықпалы туралы, климаттың жаһандық өзгеру қаупі және Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының экологиялық негіздері туралы түсінігін қалыптастыратын ақпаратты таратуды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданады.

      5. Әркім Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі белгілеген тәртіппен, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген тәртіппен өтініштер енгізу арқылы экологиялық жағдаймен және мемлекеттің экологиялық саясатымен байланысты мәселелерге белсенді қатысуға құқылы.

      204-бап. Экологиялық білім беру мақсаты, негізгі бағыттары, субъектілері мен объектілері

      1. Экологиялық білім деп әрбір адамның белсенді өмірлік ұстанымын және тұрақты даму қағидаттарына негізделген қоғамдағы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тұлғаны оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың үздіксіз интеграцияланған процесі түсіндіріледі.

      2. Экологиялық білім беру нысаналы аудиторияға да, жалпы қоғамға да бағытталған іс-шаралар кешенін қамтиды.

      3. Барлық деңгейдегі білім беру ұйымдары, тұрғынжай және басқа да жылжымайтын мүлік иелері, тауарларды өндірушілер, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілер және оларды тұтынушылар экологиялық білім беру жүйесінің нысаналы аудиториясы бола алады.

      4. Экологиялық ағарту – қоғамда экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру мақсатында экологиялық білімді, қоршаған ортаның, табиғи ресурстардың, экологиялық қауіпсіздіктің және өзге экологиялық ақпараттың жай-күйі туралы ақпаратты тарату.

      5. Мемлекет халыққа экологиялық мәселелер жөнінде ақпарат беруді және жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғауға қатысты мәселелерге қатысуын қамтамасыз ететін мынадай шараларды қолданады:

      1) ауаның жай-күйі, климаттың өзгеруі, су және жер ресурстарының жай-күйі, биологиялық әралуандылық, энергетикалық жағдай, қалдықтармен жұмыс жасау туралы ақпарат беру үшін Экологиялық ақпараттың бірыңғай дерекқорына жұртшылықтың қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

      2) тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жүйесі арқылы халыққа, оның ішінде тұрғын үй және басқа да жылжымайтын мүліктің меншік иелеріне қоршаған ортаның жай-күйіне су және энергетикалық ресурстарды тұтыну сапасының ықпалы туралы, қалдықтарды экологиялық тиімді басқару туралы ақпарат береді;

      3) қайталама ресурстарды пайдалана отырып, ресурс үнемдейтін өндірісті, тауарлар өндіруді, жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетуді қолдау жөнінде мемлекет қабылдайтын шаралар туралы кәсіпкерлік субъектілеріне ақпарат береді;

      4) тұтынушыларға тұтынылатын тауарларды өндірудің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің экологиялылығы туралы және энергия тиімді өндіріс арқылы және қайталама ресурстарды пайдалана отырып алынатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ынталандыру жөніндегі шаралар туралы ақпарат береді;

      5) осы Кодексте белгіленген жағдайларда экологиялық бақылауды жүзеге асыруға қатысуға рұқсат береді.

      205-бап. Білім беру ұйымдарында экологиялық білім беру

      1. Білім беру ұйымдарында экологиялық білім беру Тұрақты даму мақсаттарының призмасы арқылы қаралатын ландшафтық аймақтық басымдықтарды, климаттық өзгерістерді ескере отырып, экологиялық технологиялар тақырыптарын интеграциялауды іске асыру, сондай-ақ мамандандырған және пәнаралық білім беру бағдарламаларын ықтимал енгізу, сондай-ақ экологиялық аспектілерді қазіргі оқу пәндеріне интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.

      2. Білім беру бағдарламалары мен оқу пәндері тақырыптамаларды теориялық зерделеуге, сондай-ақ практикалық сабақтарға бағытталған практикаға бағдарланған тәсілді көздейді.

      3. Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және кәсіптік білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      4. Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мамандықтар бойынша кәсіптік білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары қауіпті қалдықтармен жұмыс жасау құқығына міндетті кәсіптік даярлауды көздеуге, сондай-ақ дуальды білім беру жүйесін дамытуға бағытталуға тиіс.

      206-бап. Экологиялық білім беру мен ағартуды мемлекеттік қолдау

      1. Мемлекет мынадай басым бағыттар:

      1) Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшуі үшін білім беру саласындағы ұзақ мерзімді іс-қимыл жоспарын айқындау;

      2) экологиялық білім беру мен ағартудың оқу-әдістемелік және
ғылыми-әдістемелік негіздерін жетілдіру;

      3) қоршаған ортаны қорғау саласында білікті мамандар даярлау, жалпы экологиялық мәдениетті қалыптастыру саласында үздік отандық және шетелдік инновациялық педагогикалық әдістемелер мен тәсілдерді ілгерілету;

      4) Қазақстан Республикасы халқының экологиялық білім беру мен ағартуға қол жеткізуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін интеграцияланған шешімдерді, ойын материалдарын, иллюстрациялық материалдарды және материалдардың басқа да түрлерін қамтитын практикаға бағдарланған модульдерді жасау;

      5) қоғам мен отбасында экологиялық ағарту жөніндегі бағдарламалар мен іс-шараларды жүзеге асыратын ұйымдардың дамуына жәрдемдесу;

      6) климаттың өзгеруіне бейімделу саласында мамандар даярлау;

      7) жұртшылықты климаттың өзгеруінің болжамды әсер етуі, осал тұстары және климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша шаралар туралы хабардар ету бойынша экологиялық білім мен ағартуды қолдауды жүзеге асырады.

      2. Мемлекеттік қолдау шаралары:

      1) білім беру ұйымдарында экологиялық білім беруді (экологиялық білім беру мен ағарту, мамандардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқу-әдістемелік жұмыстар мен іс-шаралар) қаржыландыруды;

      2) мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруға мемлекеттік органдардың белсенді қатысуын;

      3) тұрақты даму үшін білім беру саласындағы инновациялық әдістемелік практикаларды, зерттеулерді қолдауға мемлекеттік тапсырыс беруді;

      4) экологиялық білім беру мен ағарту саласындағы қызметті жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдарға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс беруді;

      5) экологиялық білім беру мен ағарту, кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөніндегі қажетті іс-шараларды қамтамасыз етуді қамтиды.

      13-бөлім. Экологиялық ғылыми зерттеулер

      207-бап. Экологиялық ғылыми зерттеулердің мақсаттары мен міндеттері

      1. Экологиялық ғылыми зерттеулер қоршаған ортаны қорғауды ғылыми қамтамасыз ету, табиғи экожүйелерді жақсарту, қалпына келтіру, тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету, биоәртүрлілікті сақтау және табиғи ресурстарды молайту жөніндегі ғылыми негізделген іс-шараларды әзірлеу, климаттың өзгеру әсерін зерделеу, климатқа әсер етуді жеңілдету және климаттың өзгеруіне бейімделу, халықтың денсаулығын жақсарту, Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі мен әлеуметтік, экономикалық және экологиялық теңгерімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

      2. Мыналар:

      1) қоршаған ортаның жай-күйін ғылыми бағалау және болжау;

      2) ғылыми негізделген экологиялық нормативтерді, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ұлттық стандарттарды әзірлеу;

      3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу мен басқаруды қамтамасыз ету үшін ғылыми ұсынымдар әзірлеу;

      4) экологиялық тиімді ресурс үнемдейтін технологияларды ғылыми негіздеу, әзірлеу және енгізу;

      5) климатқа әсерін жеңілдету және климаттың өзгеруіне бейімделу үшін ғылыми негізді қамтамасыз ету экологиялық ғылыми зерттеулердің міндеттері болып табылады.

      208-бап. Экологиялық ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары

      1. Қоршаған ортаны қорғау саласында ғылыми қамтамасыз ету міндеттерін шешу үшін ғылыми зерттеулердің мынадай түрлері:

      1) аумақтарды әлеуметтік-экономикалық орнықты дамытудың кешенді республикалық, өңірлік, жергілікті ғылыми негіздемелерін әзірлеу;

      2) экожүйелердің антропогендік әсерге тұрақтылығын зерттеу және экологиялық тәуекелдерді анықтаудың ғылыми негіздерін әзірлеу;

      3) қоршаған ортаға антропогендік жүктемелер деңгейін және экожүйелер мен ландшафттардың бұзылу дәрежесін бағалау;

      4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми негізделген нормативтік құжаттарды әзірлеу;

      5) экожүйелер мен ландшафттарға антропогендік әсер ету шегінің аймақтық деңгейлерін айқындау;

      6) қоршаған орта факторларының халық денсаулығына тигізетін әсерін анықтау;

      7) экологиялық шиеленіс дәрежесі бойынша республика аумағын аудандастыру және саралау;

      8) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеуге байланысты зерттеулер;

      9) қоршаған ортаға эмиссияларды тазарту жөніндегі әдістер мен технологияларды әзірлеуге байланысты зерттеулер;

      10) шикізатты кешенді пайдалану, қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жөніндегі зерттеулер;

      11) экологиялық тиімді және ресурс үнемдейтін жаңа технологияларды іздеу, ғылыми-техникалық негіздеу және енгізу жөніндегі зерттеулер;

      12) материалдарды әзірлеу, қоршаған ортаның жай-күйін бағалауды ғылыми сүйемелдеу және антропогендік және табиғи факторлардың әсерінен оның өзгерістерін болжамдау;

      13) қоршаған ортаға антропогендік немесе табиғи факторлардың әсер етуінің теріс салдарларын болдырмау немесе азайту әдістерін ғылыми негіздеу;

      14) көп жылдық байқау және жедел бақылау негізінде экожүйелер мен объектілер жай-күйінің сандық және сапалық көрсеткіштеріне экологиялық мониторинг нәтижелерін жүйелі зерделеу және жинақтап қорыту;

      15) қоршаған орта жай-күйінің мониторингін ғылыми қамтамасыз ету;

      16) қоршаған ортаға эмиссияларға, табиғи ресурстарды пайдалануға арналған лимиттерді (квоталарды) әзірлеу және ғылыми негіздеу;

      17) климаттың өзгеруінің Қазақстан Республикасының экономикасы мен табиғи ресурстарына әсерін бағалауды, климаттың өзгеруінің климатқа әсерін жеңілдетуді және климаттың өзгеруіне бейімдеуді қоса алғанда, оны кешенді зерттеу;

      18) озон қабатының жай-күйін, оның бұзылу және қалпына келтіру процестерін зерттеу, адам қызметінің озон қабатына ықпалын болдырмау жөніндегі шараларды әзірлеу;

      19) қоршаған ортаға зиянды әсер ететін қызметті экономикалық реттеу тетіктерінің проблемаларын зерттеу, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға арналған экономикалық тиімділік пен шығындарды бағалау әдістерін әзірлеу және осы іс-шараларды ғылыми сүйемелдеу;

      20) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының экологиялық индикаторларын әзірлеуге және ғылыми негіздеуге қатысу;

      21) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы халықаралық шарттар бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындауға байланысты ғылыми зерттеулер жүргізу;

      22) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастық жүзеге асырылуы мүмкін.

      2. Іргелі және қолданбалы ғылыми экологиялық зерттеулерді қаржыландыру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған басқа да қаржыландыру көздері есебінен жүзеге асырылады.

      209-бап. Экологиялық ғылыми зерттеулер жүргізуге қойылатын талаптар

      1. Ғылыми экологиялық зерттеулерді осы Кодекске және Қазақстан Республикасының ғылым туралы заңнамасына сәйкес ғылыми ұйымдар жүргізеді.

      2. Қазақстан Республикасының аумағында қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын міндетті түрде орындаған кезде қазақстандық жеке және заңды тұлғалар да, шетелдік жеке және заңды тұлғалар да, сондай-ақ халықаралық ұйымдар жүзеге асыра алады.

      ЕРЕКШЕ БӨЛІК

      14-бөлім. Атмосфералық ауаны қорғау

      210-бап. Атмосфералық ауа және оны қорғау

      1. Атмосфералық ауа – тұрғын, өндірістік және өзге де үй-жайлардың шегінен тыс орналасқан атмосфера газдарының қоспасы болып табылатын табиғаттың өмірлік маңызды құрамбөлігі.

      2. Атмосфералық ауа Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес ластанудан қорғалуға тиіс.

      3. Атмосфералық ауаның ластануы деп атмосфералық ауада ластағыш заттардың концентрацияларда немесе мемлекет белгілеген атмосфералық ауа сапасының экологиялық нормативтерінен асатын деңгейлерде физикалық әсер етуі түсіндіріледі

      Антропогендік және табиғи факторлар нәтижесінде ластағыш заттардың пайда болуы, атмосфералық ауаға физикалық әсер етуі, сондай-ақ атмосфералық ауада болатын химиялық, физикалық және биологиялық процестер нәтижесінде онда ластағыш заттардың түзілуі атмосфералық ауаны ластаңыш көздері деп танылады.

      211-бап. Атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындысы

      1. Атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындысы (бұдан әрі – шығарынды) деп ластағыш заттардың атмосфералық ауаға шығарынды көздерінен босатылуы түсіндіріледі.

      2. Пайдалану процесінде атмосфералық ауаға ластағыш заттарды босату жүргізілетін құрылысжай, техникалық құрылғы, жабдық, қондырғы, алаң, көлік немесе өзге де жылжымалы құрал шығарынды көзі болып табылады.

      3. Шығарынды көздері стационарлық және жылжымалы көздер деп бөлінеді.

      4. Стационарлық көз деп оны бөлшектелместен ауыстырылуы мүмкін емес және тұрақты орналасқан жері координаттардың бірыңғай мемлекеттік жүйесін қолдана отырып айқындалуы мүмкін немесе көлік немесе өзге жылжымалы құрал арқылы орны ауыстырылуы мүмкін, бірақ пайдаланылу процесінде жер бетіне қатысты жылжымайтын (стационарлық) орналасуды қажет ететін шығарынды көзі танылады.

      Стационарлық көзден шығатын шығарынды, егер ол бөлінетін шаң және газ-ауа қоспалары ағынының бағыттын қамтамасыз ететін арнайы құрылысжай, жүйе немесе құрылғы (түтін және желдету құбырлары, газ өткізгіштер, ауа өткізгіштер, желдету шахталары, аэрациялық фонарьлар, дефлекторлар және өзге де) арқылы жүзеге асырылса, ұйымдастырылған болып саналады. Атмосфералық ауаға ластағыш заттарды босату бағытталмаған диффузиялық ағындар түрінде жүзеге асырылатын стационарлық көзден шығатын шығарындының өзге де түрлері ұйымдастырылмаған шығарындыға жатады.

      5. Жылжымалы көз деп ішкі жану қозғалтқыштарымен жарақталған, отынның әртүрлі түрлерінде жұмыс істейтін және стационарлық жағдайда да, жылжыту процесінде де шығарындыны жүзеге асыруға қабілетті көлік құралы немесе өзге де жылжымалы құрал, техника немесе қондырғы танылады.

      212-бап. Атмосфералық ауа сапасының экологиялық нормативтері

      1. Атмосфералық ауаның сапасының экологиялық нормативтері:

      1) атмосфералық ауа жай-күйінің химиялық көрсеткіштері үшін атмосфералық ауадағы ластағыш заттардың шекті жол берілетін шоғырлануы түрінде;

      2) атмосфералық ауа жай-күйінің физикалық көрсеткіштері үшін атмосфералық ауаға физикалық әсерлердің шекті жол берілетін деңгейлері түрінде белгіленеді.

      2. Атмосфералық ауадағы ластағыш заттардың шекті жол берілетін шоғырлануы деп осы Кодекске сәйкес ластағыш деп танылған химиялық заттың ең көп мөлшері (массасы) түсіндіріледі, ол адамға тұрақты немесе уақытша әсер ету кезінде оның денсаулығына әсер етпейді және оның ұрпақтарында қолайсыз тұқым қуалаушылық өзгерістер туғызбайды, сондай-ақ табиғи орта объектілерінің тозуын тудырмайды, экологиялық жүйелердің тұрақтылығын бұзбайды және биоалуандылықтың қысқаруына алып келмейді.

      3. Атмосфералық ауадағы ластағыш заттардың шекті жол берілетін шоғырлануы жекелеген ластағыш заттар үшін:

      1) атмосфералық ауа көлемінің бірлігіндегі ластағыш заттың массасы түрінде белгіленеді және миллиграмның текше метрге арақатынасы ретінде көрсетіледі;

      2) уақыт бірлігі үшін жер бетінің бірлігіне шөгетін ластағыш заттың массасы түрінде белгіленеді және күнтізбелік жыл үшін грамның бір шаршы метрге арақатынасы ретінде көрсетіледі.

      4. Ластағыш заттар үшін атмосфералық ауа көлемінің бірлігіндегі жаппай шоғырлану стандартты жағдайлар үшін 293.15 К және 101.3 кПа деп айқындалады.

      5. Ластағыш заттың түріне байланысты атмосфералық ауадағы ластағыш заттың шекті жол берілетін шоғырлануы көрсеткіштерді орташалаудың мынадай кезеңдері ескеріле отырып белгіленеді:

      1) жылдық көрсеткіштер – күнтізбелік бір жыл ішінде атмосфералық ауа көлемінің бірлігіндегі немесе жер беті бірлігіндегі ластағыш зат шоғырлануының орташаландырылған көрсеткіштері;

      2) тәуліктік көрсеткіштер – күнтізбелік бір тәулік шегінде жиырма төрт сағат ішінде атмосфералық ауа көлемінің бірлігіндегі ластағыш зат шоғырлануының орташаландырылған көрсеткіштері;

      3) сағаттық көрсеткіштер – бір сағат ішінде атмосфералық ауа көлемінің бірліктегі ластағыш зат шоғырлануының орташаландырылған көрсеткіштері.

      6. Көрсеткіштерді орташалау кезеңдерінен басқа, атмосфералық ауа сапасының экологиялық нормативтерінде күнтізбелік бір жыл ішінде тәуліктік және сағаттық көрсеткіштердің асып кетуінің саны айқындалады.

      7. Егер атмосфералық ауа сапасының белгіленген экологиялық нормативтерін сақтау кезінде жекелеген аумақтар шегінде кемінде бес жыл кезең ішінде ғылыми зерттеулермен расталған табиғи экологиялық жүйенің тірі элементтері (өсімдіктер, жануарлар және басқа да организмдер) жай-күйінің нашарлау белгілері анықталса, онда мұндай аумақтар үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті өкілді органы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша атмосфералық ауадағы ластағыш заттардың шекті жол берілетін шоғырлануы және (немесе) қоршаған орта сапасының индикаторлары ретінде пайдаланылатын биологиялық объектілердің неғұрлым осал тобы жай-күйі көрсеткіштерінің теріс ауытқуы байқалмайтын физикалық әсерлердің шекті жол берілетін деңгейлері түрінде атмосфералық ауа сапасының неғұрлым қатаң аумақтық экологиялық нормативтерін белгілеуге міндетті.

      8. Тұрғын үй, өндірістік және өзге де үй-жайлардың ішіндегі ауа сапасының нормативтері, сондай-ақ өнеркәсіптік (өндірістік) аймақтар шегіндегі атмосфералық ауа сапасының нормативтері Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес гигиеналық нормативтермен белгіленеді. Көрсетілген нормативтер экологиялық нормативтерге жатады және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында реттелмейді.

      213-бап. Атмосфералық ауаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтері

      1. Атмосфералық ауаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында мемлекет атмосфералық ауаға жол берілетін антропогендік әсер етудің мынадай нормативтерін:

      1) рұқсат етілген шығарындылар нормативтерін;

      2) шығарындылардың технологиялық нормативтерін;

      3) атмосфералық ауаға жол берілетін физикалық әсер етудің нормативтерін белгілейді.

      2. Атмосфералық ауаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін айқындау қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      214-бап. Жол берілетін шығарындылар нормативтері және шығарындылардың технологиялық нормативтері

      1. Жол берілетін шығарынды нормативі – экологиялық рұқсатта белгіленетін және атмосфералық ауаға шығару үшін жол берілетін (рұқсат етілген) ластағыш заттың немесе ластағыш заттар қоспасының ең көп массасы ретінде айқындалатын экологиялық норматив.

      2. Жол берілетін шығарындылар нормативтері жеке стационарлық көз және (немесе) І немесе ІІ санаттағы объектінің құрамына кіретін стационарлық көздердің жиынтығы үшін, әсер ету саласы шегіндегі атмосфералық ауаға жалпы жүктеме қоршаған орта сапасының белгіленген экологиялық нормативтерінің немесе қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерінің бұзылуына әкеп соқпайтындай етіп ластағыш заттардың жерге жақын концентрацияның таралуын модельдеу әдісі қолданыла отырып, есептеу арқылы айқындалады.

      Ластағыш заттардың жерге жақын концентрациясының таралуын модельдеу арқылы айқындалған аумақ (акватория) әсер ету саласы деп есептеледі.

      Стационарлық көздердің жиынтығы үшін әсер ету саласы шығарындылардың жекелеген стационарлық көздерінің әсер ету салаларының сомасы ретінде есептеледі.

      3. Атмосфералық ауаға жалпы жүктеме деп:

      1) қолданыстағы әсер ету деңгейлерін (қолданыстағы шығарынды көздері үшін) немесе негізделген болжамды әсер ету деңгейін (жаңа және реконструкцияланатын шығарынды көздері үшін) ескере отырып, жол берілетін шығарынды нормативтері әзірленетін І немесе ІІ санаттағы объектінің шығарындылары;

      2) атмосфералық ауаға шығарылуына немесе онда жаратылыстың табиғи процестері нәтижесінде ластағыш заттардың түзілуіне байланысты атмосфералық ауадағы ластағыш заттардың жаппай шоғырлануы деп түсінілетін атмосфералық ауаның табиғи фонының;

      3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектіге қатысты жол берілетін шығарынды нормативтерін айқындау кезінде жүзеге асырылатын басқа да стационарлық және жылжымалы көздердің шығарындыларына байланысты атмосфералық ауадағы ластағыш заттардың жаппай шоғырлануы деп түсінілетін атмосфералық ауаның базалық антропогендік фонының жиынтық әсер ету түсініледі.

      4. Атмосфералық ауаға жалпы жүктеме ол экологиялық нормалау жүзеге асырылатын аумақтар мен акваториялардың географиялық, климаттық және өзге де табиғи жағдайлары мен ерекшеліктері ескеріле отырып айқындалады. Атмосфералық ауаға жалпы жүктемені айқындау кезінде осы баптың 3-тармағында көрсетілген әсер етудің күнтізбелік жыл ішінде тұрақсыздығы (маусымдылығы) ескеріледі.

      5. Жол берілетін шығарындылар нормативтері әрбір ластағыш зат үшін:

      1) құрғақ қалдық газдар көлемінің бірлігіндегі ластағыш заттың массасы деп түсінілетін және текше метрге миллиграмның арақатынасы ретінде көрсетілетін ластағыш заттың массалық шоғырлануы;

      2) уақыт бірлігіне шығарылатын және секундқа грамның арақатынасы ретінде көрсетілетін ластағыш заттың массасы деп түсінілетін ластағыш заттың жаппай ағынының жылдамдығы түрінде белгіленеді.

      Бөлінетін газдардың жаппай ағынының көлемі мен жылдамдығына қатысты көрсеткіштер стандартты 293.15 К және 101.3 кПа жағдайларда және егер Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында өзгеше тікелей көзделмесе, су буының құрамы шегерілгеннен кейін айқындалады.

      Ластағыш заттың массалық шоғырлану көрсеткіштері атмосфералық ауаны қорғау тұрғысынан неғұрлым қолайсыз жағдайларда оны пайдалану кезінде шығарындылардың стационарлық көзінің қалыпты (регламенттік) жұмысының күнтізбелік бір тәулік ішінде шығарындылардың тиісті көрсеткіштерін орташалау арқылы айқындалады.

      Ластағыш заттардың жаппай ағыны жылдамдығының көрсеткіштері атмосфералық ауаны қорғау тұрғысынан неғұрлым қолайсыз жағдайда оны пайдалану кезінде шығарындылар көзінің қалыпты (регламенттік) жұмысының бір сағат ішіндегі шығарындының тиісті көрсеткіштерін орташалау арқылы айқындалады.

      6. Шығарындылар, егер:

      1) массалық шоғырланудың орташаландырылған көрсеткіштері күнтізбелік тәулікте массалық шоғырланудың белгіленген мәнінен асып түсетін болса;

      2) массалық шоғырланудың орташаландырылған көрсеткіштері 30 минут ішінде массалық шоғырланудың белгіленген мәнінен екі есе және одан көп асып түсетін болса, нормативтен тыс болып есептеледі.

      7. Атмосфералық ауаға жол берілетін жиынтық антропогендік жүктеменің белгіленген нормативтерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында экологиялық рұқсатта жол берілетін шығарындылар нормативтерімен қатар әрбір стационарлық көз және жалпы І және ІІ санаттағы объекті үшін жылына тоннамен көрсетілген шығарындыларға жылдық лимиттер белгіленеді.

      8. Жол берілетін шығарындылар нормативтері І немесе ІІ санаттағы объектінің құрамына кіретін стационарлық көздерді пайдаланудың штатты (регламенттік) жағдайлары үшін, олардың жобалау құжаттарында көзделген ең жоғары жүктемесі (қуаты) кезінде, оның ішінде барлық желдету жүйелері мен құрылғыларының және газды тазарту қондырғыларының қалыпты (регламенттік) жұмыс істеуі талабымен белгіленеді.

      Іс жүзіндегі жүктемесі (қуаты) жобалық көрсеткіштерден төмен I немесе II санаттағы объектілердің құрамына кіретін жұмыс істеп тұрған стационарлық көздер үшін пайдаланудың өткен күнтізбелік үш жылындағы іс жүзіндегі ең жоғары жүктемесі (қуаты) ескеріледі.

      9. Көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде шикі газды алау етіп жағу кезінде жол берілетін шығарындылардың нормативтері көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекіткен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде шикі газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесіне сәйкес есептелген жағылатын шикі газ көлемінің негізінде белгіленеді.

      Жол берілетін шығарындылар нормативтері жобаларында және жобалау құжаттамасында шығарындыларды есептеу үшін пайдаланылатын бастапқы деректерден ауытқыған кезде, жол берілетін шығарындылардың белгіленген нормативтері мен технологиялық нормативтер нормативтері сақталған жағдайда, шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағудан болатын шығарындыға рұқсат етіледі.

      Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган технологиялық істен шығу, технологиялық жабдықтың жұмысында бас тарту немесе ауытқу кезінде технологиялық еріксіз жағу ретінде танылмаған шикі газды алау етіп жағу кезінде нормативтен тыс шығарындылар деп танылады.

      10. Жол берілетін шығарындылар нормативтері авариялық шығарындылар үшін есептелмейді және белгіленбейді. Авариялық шығарынды деп I немесе II санаттағы объектіні пайдалану кезінде болған авариядан туындаған күтпеген, болжанбаған және әдейі жасалмаған шығарынды түсініледі.

      Нақты авариялық шығарындыларды есепке алу қағидалары осы Кодексте айқындалады.

      11. Егер стационарлық көз шығарындыларында экологиялық сапаның нормативтері белгіленбеген заттар болса, қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалау жүргізу шеңберінде олардың қоршаған ортаға ықтимал зиянды әсеріне бағалау жүргізілуге тиіс. Зерттелетін аумаққа жекелеген заттардың зиянды әсерінің түрі мен дәрежесін, сондай-ақ халық пен қоршаған орта үшін елеулі қауіпті теріс салдарды анықтау мұндай бағалауды жүргізу мақсаты болып табылады. Заттардың әсеріне бағалау жүргізу озық практикаларға және ғылыми жетістіктерге негізделуі керек.

      Заттың қоршаған ортаға ықтимал зиянды әсеріне бағалау жүргізу процесінде халықтың денсаулығына зиян келтіру тәуекелі әрқашан елеулі фактор ретінде қарастырылады, ал табиғи құрамбөліктер үшін теріс салдар мынадай аспектілерді:

      1) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес айқындалған жердің нысаналы мақсаты мен жер пайдалану шарттарын;

      2) Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес айқындалған су объектілерінің нысаналы мақсаты мен су пайдалану шарттарын;

      3) ұлттық және жергілікті деңгейлерде мемлекеттік экологиялық саясатты іске асыру шеңберінде белгіленген мақсаттарды, міндеттер мен іс-шараларды;

      4) жер учаскелерінің меншік иелерінің, жер пайдаланушылардың және су пайдаланушылардың осындай зат шығарындыларының ықтимал зиянды әсерінен қозғалатын құқықтары мен заңды мүдделерін;

      5) тиісті аумақта (акваторияда) қоршаған ортаны қорғау және оның сапасын жақсарту жөніндегі жоспарланатын немесе іске асырылатын шараларды қарау және талдау нәтижелері бойынша елеулі деп танылады.

      12. Егер таралуды есептеу нәтижелері бойынша бағалаудың кез келген нүктесінде белгіленген экологиялық сапа нормативтерінен асып кетуі анықталса, экологиялық рұқсат мынадай шарттардың бірі орындалған кезде ғана:

      1) жол берілетін шығарынды нормативтерін есептеу жүзеге асырылатын стационарлық көз немесе стационарлық көздер тобының салымы осы ластағыш зат үшін белгіленген экологиялық сапа нормативінің жылдық мәнінің үш процентінен аспаса және объекті операторы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары немесе экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасы шеңберінде ең үздік қолжетімді техникаларды енгізуге байланысты шығарындылардың технологиялық көрсеткіштерінің ең аз мәнінен асатын деңгейге дейін шығарындыларды қысқарту жөніндегі іс-шараларды орындау міндеттемесін өзіне алған жағдайда;

      2) объекті операторы экологиялық рұқсат берілген күннен бастап күнтізбелік бір жылдан аспайтын мерзімге экологиялық рұқсат айқындалған атмосфералық ауа сапасының экологиялық нормативтерін сақтауға кепілдік беретін атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу жөніндегі міндеттемені (оның ішінде, отынды немесе шикізатты неғұрлым экологиялық таза түрлеріне ауыстыру, өндіріс технологиясына өзгерістер енгізу, ластағыш заттардың таралу жағдайларын жақсарту үшін шығарындылардың өзге де параметрлерін өзгерту және өзге де осындай іс-шаралар арқылы) өзіне қабылдаса берілуі мүмкін.

      13. І санаттағы объектілер үшін кешенді экологиялық рұқсатпен, жол берілетін шығарындылар нормативтерінен басқа, шығарындылардың технологиялық үлестік нормативтері белгіленеді.

      14. І санаттағы жаңа және реконструкцияланатын объектілерге қатысты, егер ластағыш заттардың жерге жақын концентрациясының таралу есеп-қисаптарының нәтижелері атмосфералық ауаға түсетін жалпы жүктеме қоршаған орта сапасының белгіленген экологиялық нормативтерінің немесе қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бұзылуына алып келетінін көрсетсе, онда кешенді экологиялық рұқсатта шығарындылардың технологиялық үлестік нормативтеріне сәйкес келетін шығарындылар нормативтеріне қарағанда, жол берілетін шығарындылардың неғұрлым қатаң нормативтері белгіленуге тиіс, осылайша, қоршаған орта сапасының экологиялық нормативтерін немесе қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін сақтауды қамтамасыз ету үшін.

      15. I санаттағы жұмыс істеп тұрған объектілерге қатысты, егер ластағыш заттардың жерге жақын концентрациясының таралу есеп-қисаптарының нәтижелері қоршаған орта сапасының белгіленген экологиялық нормативтерінің немесе қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерінің асып кетуін көрсетсе, онда кешенді экологиялық рұқсатта шығарындылардың технологиялық үлестік нормативтеріне сәйкес келетіндерге қарағанда жол берілетін шығарындылардың неғұрлым қатаң нормативтері белгіленуге тиіс., мұндай жол берілетін шығарындылардың неғұрлым қатаң нормативтеріне қол жеткізу объектінің операторы үшін қолайлы экономикалық шығындар кезінде техникалық мүмкін болып табылады.

      16. Ластағыш заттың жерге жақын шоғырлануы деп жер бетінен екі метрлік қабаттағы атмосфералық ауа көлемі бірлігіндегі ластағыш заттың массасы танылады.

      17. Жылжымалы көздер үшін жол берілетін шығарындылар нормативтері белгіленбейді.

      215-бап. Жол берілетін шығарындылар нормативтерін сақтау мониторингі

      1. Стационарлық көздердің және (немесе) стационарлық көздер жиынтығының жол берілетін шығарындылары нормативтерінің сақталу және олардың атмосфералық ауаның сапасына әсер ету мониторингі осы Кодекстің талаптарына және экологиялық рұқсатта белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Стационарлық көздер және (немесе) стационарлық көздер жиынтығының жол берілетін шығарындылары нормативтерін сақтау мониторингі аспаптық әдіспен жүзеге асырылады.

      Осы Кодексте көзделген жағдайларда, І санаттағы объектілерде жол берілетін шығарындылар нормативтерін сақтау мониторингі қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін міндетті түрде пайдалану арқылы да қамтамасыз етіледі.

      3. Атмосфералық ауа сапасының экологиялық нормативтерін сақтау мониторингі экологиялық рұқсатта белгіленген бағалау нүктелерінде жүзеге асырылады.

      4. Әсер ету саласы шегінде бағалау нүктелерінің орналасуы:

      1) оларда ластағыш заттардың жерге жақын шоғырлануын модельдеу нәтижелері бойынша және әрбір ластағыш зат үшін тиісті орташалау кезеңі ескеріле отырып белгіленген шығарындылар әсерінің ең жоғары мәніне қолжеткізетіндей;

      2) атмосфералық ауаның қолданыстағы табиғи және антропогендік фоны ескерілетіндей етіп айқындалады.

      5. Бағалау нүктелерінің саны сол немесе өзге ластағыш зат үшін белгіленген орта кезеңіне байланысты болады және былайша айқындалады:

      1) тәуліктік мәндер де (қысқа мерзімді ең жоғары әсер ету), жылдық мәндер де (ұзақ мерзімді әсер ету) айқындалған ластағыш заттар бойынша атмосфералық ауа сапасының экологиялық нормативтерінің сақталу деңгейі екі тиісті нүктеде бағаланады;

      2) тек жылдық мәні бар ластағыш заттар бойынша атмосфералық ауаның экологиялық сапасы нормативтерін сақтау деңгейі бір бағалау нүктесі ретінде белгіленеді.

      6. Қосымша бағалау нүктелері экожүйеге және өсімдіктерге әсер ету бөлігінде атмосфералық ауа сапасының экологиялық нормативтері белгіленген ластағыш заттар үшін айқындалады. Мұндай экологиялық нормативтердің сақталуын бағалау нүктелері агломерациялардан кемінде жиырма километр және басқа қалалық құрылысжайлар мен өнеркәсіп аймақтарынан кемінде бес километр кем емес қашықтықта орнатылуға тиіс.

      7. Егер әсер ету саласы шегінде қоныстану аумақтары орналасқан болса, онда қосымша бағалау нүктелері белгіленуі керек.

      8. Орналасқан жерін және бағалау нүктелерінің санын анықтау негіздемесі экологиялық рұқсатта көрсетілуге тиіс.

      216-бап. Шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу

      1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары халқы он мың адамнан асатын елді мекендерде атмосфералық ауаға ластағыш заттар шығарындыларының стационарлық көздерін түгендеуді қамтамасыз етеді.

      2. Шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу мынадай бастапқы деректер:

      1) берілген кешенді экологиялық рұқсаттар;

      2) әсер етуге берілген экологиялық рұқсаттар;

      3) қоршаған ортаға әсер ету туралы ұсынылған декларациялар;

      4) IV санаттағы объектілер бойынша статистикалық ақпарат;

      5) мемлекеттік экологиялық мониторинг деректері;

      6) мемлекеттік экологиялық бақылау нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.

      3. Шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеуді жүзеге асыру, оның деректерін түзету, осындай түгендеу мен түзетуді жүргізу нәтижесінде алынған деректерді құжаттау және сақтау тәртібі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.


      217-бап. Атмосфералық ауа ластануының жиынтық есеп-қисаптары және елді мекендердің шекті жол берілетін шығарындыларының жиынтық томдары

      1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары халқы он мың адамнан асатын елді мекендерде атмосфералық ауа ластануының жиынтық есеп-қисаптарын жүргізуді және олардың негізінде елді мекеннің шекті жол берілетін шығарындыларының жиынтық томын жасауды қамтамасыз етеді.

      2. Елді мекеннің атмосфералық ауасы ластануының жиынтық
есеп-қисабы тиісті елді мекеннің аумағында орналасқан немесе пайдаланылатын барлық стационарлық және жылжымалы көздер шығарындыларының атмосфералық ауаға жиынтық әсерінің, сондай-ақ ластағыш заттардың жерге жақын нақты және болжамды концентрациясының есеп-қисабын білдіреді.

      3. Атмосфералық ауа ластануының жиынтық есеп-қисаптарын дайындау тиісті елді мекеннің әуе бассейніне жиынтық антропогендік жүктемені бағалау, оның сапасының өзгеруін болжау және шығарындыларды реттеу және қысқарту жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында жүзеге асырылады.

      4. Елді мекеннің атмосфералық ауасының ластануын есептеу үшін бастапқы деректер ретінде мынадай материалдар:

      1) шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу нәтижелері;

      2) құрылысы немесе реконструкциясы жобалау кезеңінде болатын жаңа стационарлық шығарындылар көздері туралы деректер, оның ішінде жол берілетін шығарындылар нормативтерінің жобалары, объектілерді салуға (реконструкциялауға) арналған жобалау құжаттамасы;

      3) шығарындылардың жұмыс істеп тұрған және жобаланатын стационарлық көздері көрсетілген елді мекеннің ахуалдық жоспары;

      4) жылжымалы көздер туралы, оның ішінде қозғалтқыш және пайдаланылатын отын немесе энергия көзі түрлері бойынша бөле отырып, елді мекенде пайдаланылатын автокөлік құралдары паркінің саны, құрамы және ұлғаю (қысқару) динамикасы туралы статистикалық және талдамалық ақпарат, елді мекендерде автокөлік ағындарын бөлудің карта-схемалары;

      5) шығарындыларды азайтуға бағытталған іске асырылатын және жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат, оның ішінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың бекітілген жоспарлары, экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламалары;

      6) елді мекендер шегінде шығарындыларды азайтуға бағытталған қоршаған ортаны қорғау бойынша іске асырылатын және жоспарланған шаралар туралы ақпарат;

      7) өзге статистикалық және талдамалық ақпарат пайдаланылады.

      5. Елді мекеннің атмосфералық ауасы ластануының жиынтық есеп-қисаптары бес жылда кемінде бір рет жүргізіледі және елді мекеннің шекті жол берілетін шығарындыларының жиынтық томын әзірлеу, түзету және толықтыру үшін негіз ретінде пайдаланылады.

      6. Елді мекеннің шекті жол берілетін шығарындыларының жиынтық томы қала құрылысы және құрылыс қызметін одан әрі негіздеу, көлік инфрақұрылымы объектілерін жоспарлау, көлік саласындағы мемлекеттік реттеу және басқару, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау мақсатында елді мекеннің әуе бассейнінің нақты және болжамды экологиялық сыйымдылығын айқындайтын тұрақты қолданыста болатын және қайта өңделетін құжат болып табылады.

      7. Тиісті елді мекендердің әкімдіктері атмосфера ластануының жиынтық есеп-қисаптарын жүргізуге және шекті жол берілетін шығарындылардың жиынтық томын әзірлеуге тапсырыс берушілер болып табылады.

      8. Атмосфера ластануының жиынтық есеп-қисаптарын жүргізуді және шекті жол берілетін шығарындылардың жиынтық томдарын әзірлеуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензиясы бар ұйымдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тапсырыс берушімен жасалатын шарт негізінде "І санаттағы объектілер үшін табиғатты қорғауды жобалау, нормалау" кіші түрі бойынша жүзеге асыруға құқылы.

      9. Елді мекеннің шекті жол берілетін шығарындыларының жиынтық томына жобаны әзірлеуші қол қояды, қоршаған ортаны қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісіледі және оны тапсырыс беруші бекітеді.

      10. Елді мекеннің шекті жол берілетін шығарындыларының жиынтық томы:

      1) экологиялық бағалау жүргізу кезінде;

      2) қала құрылысы және құрылыс құжаттамасын әзірлеу кезінде;

      3) объектілер мен кешендерді жою туралы шешімдер қабылдау кезінде;

      4) қоғамдық көлікті, коммуналдық шаруашылықты дамыту жоспарларын, халықтың экологиялық жағынан неғұрлым қауіпсіз көлік түрлеріне көшуін ынталандыру жөніндегі шараларды әзірлеу, экологиялық жағынан тиімді қала құрылысы және құрылыс шешімдерін енгізу кезінде;

      5) жол берілетін шығарындылар нормативтерін белгілеу кезінде;

      6) жол берілетін шығарындылардың белгіленген нормативтерін сақтау бөлігінде мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру кезінде;

      7) мемлекеттік органдардың қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі есептілігін жасау кезінде;

      8) атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және іске асыру кезінде пайдаланылады.

      218-бап. Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптар туралы жалпы ережелер

      1. Атмосфералық ауаға зиянды антропогендік әсер етудің алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында адамның қызметін жүзеге асыру кезінде сақтауы үшін міндетті атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптар белгіленеді.

      2. Адамның өмірі мен денсаулығы үшін және қоршаған орта үшін қауіптілік дәрежесі ғылыми белгіленбеген заттарды атмосфералық ауаға шығаруға тыйым салынады.

      219-бап. Газды тазарту қондырғыларын пайдалану кезіндегі атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптар

      1. Газдарды тазарту қондырғыларының тиісті экологиялық рұқсаттарының талаптарында көзделмеген I және II санаттағы объектілерді және атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарылуын бақылау құралдарын орналастыруға, пайдалануға беруге және пайдалануға тыйым салынады.

      2. Газды тазалау қондырғысы деп бөлінетін газдарды ластағыш заттардан тазарту және (немесе) оларды залалсыздандыру үшін пайдаланылатын құрылысжай, жабдық және аппаратура түсініледі.

      3. Газды тазарту қондырғыларын пайдалану қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Газды тазарту қондырғысы болмаған, ажыратылған немесе жобалық тазарту және (немесе) залалсыздандыру қамтамасыз етілмеген жағдайда, шығарындының тиісті көзін пайдалануға тыйым сал