Күшін жойған

Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарында азаматтарды қабылдаудың тәртібін бекіту туралы

Актінің түрі
Тәртіп
Қаулы
Қабылдау күні
01.01.1970
Өзгерту күні
04.09.2002
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі)
      Азаматтардың өтініштерін қарау ісінде орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының рөлі мен жауапкершілігін арттыру, олардан келіп түсетін өтініштер мен ұсыныстарды шешу жөніндегі жұмысты жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарында азаматтарды қабылдаудың тәртібі бекітілсін.
      2. Премьер-Министр мен оның орынбасарларының жеке қабылдауына жазуды Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің азаматтарды қабылдау кабинетіндегі кезекші жүргізеді деп белгіленсін.
      Азаматтарды Премьер-Министр мен оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының жеке қабылдауы олардың көмекшілері арқылы белгіленген, белгілі бір күндер мен сағаттарда жүргізіледі.
      3. Орталық атқарушы органдардың басшылары, облыстардың Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
      1) азаматтарды қабылдау және олардың өтініштерін қарау үшін қажетті жағдай жасасын;
      2) тоқсан сайын осы мәселе бойынша істелген жұмыс туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне хабарлап отырсын.
      4. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы:
      1) есептіден кейінгі тоқсан басталғанға дейін бір ай бұрын орталық атқарушы органдарда азаматтарды қабылдаудың кестесін, сондай-ақ Үкімет мүшелерінің Президенттің Әкімшілігі мен Премьер-Министрдің Кеңсесінде азаматтарды қабылдауының кестесін Премьер-Министрге бекітуге ұсынсын;
      2) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Премьер-Министрі Кеңсесінің

қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілеріне тиісті өзгерістер мен 
толықтырулар енгізсін.
     5. Осы қаулы жариялауға жатады және жарияланған сәтінен бастап он күн 
өткеннен кейін қолдануға енгізіледі.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Үкіметінің
                                       1999 жылғы 27 қаңтардағы
                                       N 58 қаулысымен
                                            бекітілген
     
     Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті
      атқарушы органдарында азаматтарды қабылдаудың
                        Тәртібі
     
      Осы Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарында азаматтарды қабылдаудың тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарында азаматтарды қабылдаудың тәртібін реттейді.

           1. Азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру

      Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің "Азаматтардың өтініштерін қараудың тәртібі туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2340 заң күші бар Жарлығы мен осы Тәртіпті, сондай-ақ осы мәселені реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алу қажет.
      Азаматтарды қабылдауды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Премьер-Министрі Кеңсесінің қабылдау бөлмесінде - Үкімет мүшелері, ал орталық және жергілікті атқарушы органдарда - бірінші басшылар мен олардың орынбасарлары жүргізеді.
      Орталық атқарушы органдарда және Президенттің Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесінің қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдау тоқсан сайын - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (1, 2-қосымшалар), ал жергілікті жерлерде - облыстардың әкімдері (3-қосымша) бекітетін азаматтарды қабылдаудың кестесіне сәйкес жүргізіледі.
      Азаматтарды қабылдау аптасына екі рет (сәрсенбі, жұма күндері) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Премьер-Министрі Кеңсесінің қабылдау бөлмесінде және кестеде көрсетілген орталық атқарушы органдардың үй-жайларында жүзеге асырылады.
      Орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары осы Тәртіпке сәйкес өздеріне ведомстволық бағыныстағы органдардың азаматтарды қабылдау кестесін бекітеді.

                   2. Азаматтарды қабылдаудың тәртібі

      Азаматтарды қабылдауды жүргізетін лауазымды тұлға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің тегін, атын, әкесінің атын, жұмыс орнын, қызметін, тұратын мекен-жайын, өтініштің, тапсырманың және қарау нәтижелерінің қысқаша мазмұнын көрсете отырып есеп кәртішкесін толтыруды ұйымдастырады.
      Егер ұсыныс, өтініш немесе шағым басқа министрліктердің қатысуымен шешіле алатын болса, өтініш беруші жазбаша түрде баяндаған көтеріліп отырған мәселелер, қабылдауды жүргізуші - орталық немесе жергілікті атқарушы орган басшысының ілеспе хатымен, 3 күндік мерзім ішінде, өтініште қойылған мәселелерді шешу құзыретіне жататын тиісті мемлекеттік органның қарауына жолданады. Ол туралы өтініш берушіге жазбаша хабарланады.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі мүшелерінің қабылдауына алдын ала жазуды Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің азаматтарды қабылдау бөлмесінде кезекші жүргізеді, бұл ретте 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәртішке толтырылады.
      Орталық және жергілікті атқарушы органдардың өтініштер мен шағымдарды қарау мерзімі олар қабылдауды жүзеге асырушы орталық және жергілікті органдарда тіркелген сәттен бастап 30 күннен, ал қосымша зерделеу мен тексеруді қажет етпейтін өтініштер бойынша - 15 күннен аспауы тиіс.
      Қосымша тексерулер жүргізу қажет болған жағдайларда, бұл мерзімдерді

азаматтарды қабылдауды жүргізген адам ұзартуы мүмкін, ол туралы өтініш 
берушіге хабарланады.
     Өтініште қойылған мәселені шешу үшін Үкіметтің құқықтық актісі 
қабылдануы талап етілетін жағдайларда, қабылдауды жүзеге асырушы орталық 
және жергілікті атқарушы орган Үкіметтің Регламентіне сәйкес сол немесе 
өзге құжатты енгізеді, ол туралы өтініш берушіге хабарланады.
     
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Үкіметінің
                                       1999 жылғы 27 қаңтардағы
                                       N 58 қаулысымен бекітілген
                                            Тәртіпке
                                            1-қосымша
     
      Орталық атқарушы органдарда азаматтарды қабылдаудың
          1999 жылдың _______ тоқсанына арналған
                       Кестесі
 __________________________________________________________________________
|Орталық атқарушы |Қызметі, тегі, | Қабылдау   | Министрліктің | Қызмет    
|органдардың      |аты, әкесінің  | күндері мен| орналасқан    | телефоны  
|атауы            |аты            | уақыты     | жері          |           
|_________________|_______________|____________|_______________|___________
|                 |               |            |               |           
|_________________|_______________|____________|_______________|___________
|                 |               |            |               |           
|_________________|_______________|____________|_______________|___________
|                 |               |            |               |           
|_________________|_______________|____________|_______________|___________
|                 |               |            |               |           
|_________________|_______________|____________|_______________|___________
|                 |               |            |               |           
|_________________|_______________|____________|_______________|___________
|                 |               |            |               |           
|_________________|_______________|____________|_______________|___________
     
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Үкіметінің
                                       1999 жылғы 27 қаңтардағы
                                       N 58 қаулысымен бекітілген
                                            Тәртіпке
                                            2-қосымша
     
         Үкімет мүшелерінің Қазақстан Республикасы
   Президентінің Әкімшілігі мен Премьер-Министрі Кеңсесінің
       қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдауының
        1999 жылдың ________ тоқсанына арналған
                     Кестесі
     
   _________________________________________________________________
  |Қабылдауды жүргізушінің тегі, |  Қызметі   |  Қабылдау күндері   |
  |аты, әкесінің аты             |            |  мен уақыты         | 
  |______________________________|____________|_____________________|
  |______________________________|____________|_____________________|
  |______________________________|____________|_____________________|
  |______________________________|____________|_____________________|
  |______________________________|____________|_____________________|
  |______________________________|____________|_____________________|
  |______________________________|____________|_____________________|
  |______________________________|____________|_____________________|
  |______________________________|____________|_____________________|
  |______________________________|____________|_____________________|      
            
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Үкіметінің
                                       1999 жылғы 27 қаңтардағы
                                       N 58 қаулысымен бекітілген
                                            Тәртіпке
                                            3-қосымша
     
      Азаматтарды қабылдаудың (әкім аппаратының атауы)
        1999 жылдың ________ тоқсанына арналған
                       Кестесі
 __________________________________________________________________________
|Қызметі          |Тегі, аты,     | Қабылдау   | Қызмет      |Әкімшіліктің 
|                 |әкесінің аты   | күндері мен| телефоны    |орналасқан   
|                 |               | уақыты     |             |жері       
|_________________|_______________|____________|_____________|_____________
|                 |               |            |             |           
|_________________|_______________|____________|_____________|___________ 

| 
     
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Үкіметінің
                                       1999 жылғы 27 қаңтардағы
                                       N 58 қаулысымен бекітілген
                                            Тәртіпке
                                            4-қосымша
     
     Келушілерді қабылдаудың есеп кәртішкесі
     
     N_________               199___жылғы "____"________
                              қабылдау күні
     
     Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты ______________________
     _______________________________________________________________
     Өтініш берушінің жұмыс орны мен атқаратын қызметі _____________
     _______________________________________________________________
     Тұратын мекен-жайы ____________________________________________
     Өтініштің қысқаша мазмұны _____________________________________
     _______________________________________________________________
     Қабылдауды жүргізушінің тегі __________________________________
     _______________________________________________________________
     
                                    Кәртішкенің сыртқы беті
     
     _______________________________________________________________
     Кімге және не тапсырылды, күні ________________________________
     _______________________________________________________________
     Өтінішті қараудың нәтижелері __________________________________
     _______________________________________________________________
     Қашан және кім жауап берді ____________________________________
     
                        ______________
     
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Үкіметінің
                                       1999 жылғы 27 қаңтардағы
                                       N 58 қаулысымен бекітілген
                                            Тәртіпке
                                            5-қосымша
     
     Қазақстан Республикасының Үкіметі мүшелерінің
        қабылдауына алдын ала жазу кәртішкесі
     
     N_________               199___жылғы "____"________
                              қабылдау күні
     
     Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты ______________________
     _______________________________________________________________
     Өтініш берушінің жұмыс орны мен атқаратын қызметі _____________
     _______________________________________________________________
     Тұратын мекен-жайы мен телефон N_______________________________
     Мәселенің қысқаша мазмұны _____________________________________
     _______________________________________________________________
     Қабылдауды жүргізушінің қызметі мен тегі, аты, әкесінің аты____
     _______________________________________________________________
     
                                    Кәртішкенің сыртқы беті
     
     _______________________________________________________________
     Қабылдауына жазылуға ұйғарылған адамның тегі, аты,
     әкесінің аты және қызметі  ________________________________
     _______________________________________________________________
     Қазақстан Республикасының Үкіметі мүшесінің қабылдау күні______
     _______________________________________________________________
     Өтінішті қараудың нәтижелері___________________________________
     _______________________________________________________________
     
     Ескертпе:   Кәртішкелер біреуі Қазақстан Республикасының
                 Премьер-Министрі Кеңсесінің ісінде қалатын, ал
                 екіншісі азаматтарды қабылдауды жүргізушінің
                 қарауына берілетін екі данада жасалады.
                 Кәртішке қаралғаннан кейін, қараудың
                 нәтижесімен бірге Қазақстан Республикасы
                 Премьер-Министрінің Кеңсесіне қайтарылады.
     
   Оқығандар:     
  Қобдалиева Н.
  Икебаева А.        
      
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.