Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы "Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндіру бойынша "Bnews" сайтындағы үкіметтік баспасөз клубының конференцияларындағы орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары отырыстарының кестесін бекіту туралы

Актінің түрі
Өкім
Қабылдау күні
15.02.2012
Өзгерту күні
15.02.2012
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі)

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндіру бойынша «Bnews» сайтындағы үкіметтік баспасөз клубының конференцияларындағы орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары отырыстарының кестесі (бұдан әрі – кесте) бекітілсін.
      2. Орталық мемлекеттік органдар және ұйымдар кестенің уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және іс-шаралар өткізілгеннен кейін екі күн мерзімде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне кестенің орындалуы туралы ақпарат жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 1-күніне Қазақстан Республикасының Үкіметіне кестенің орындалуы туралы жиынтық ақпарат енгізсін.
      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2012 жылғы 15 ақпандағы
№ 31-ө өкімімен    
бекітілген      

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту –
Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына
Жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндіру бойынша «Bnews»
сайтындағы үкіметтік баспасөз клубының конференцияларындағы
орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары
отырыстарының кестесі
(іске асыру мерзімі: 2012 жылғы ақпан-желтоқсан)

Спикер

Сөйлейтін сөзінің тақырыбы

Өткізу мерзімі

1

2

3

4

1.

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі В.К.Божко

Қыс кезінде азаматтардың қауіпс здігін қамтамасыз ету - адам әлеуетін, қоғамның тұрақты дамуын сақтау жөніндегі міндеттердің бірі

Ақпан

2.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі С.З.Қайырбекова

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік  бағдарламасының негізгі басымдықтарының іске асырылу барысы туралы

Ақпан

3.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г.Н.Әбдіқалықова

Жұмыспен қамту және әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары

Наурыз

4.

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы істері агенттігінің төрағасы С.К.Нокин

Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес «Қол жетімді баспана - 2020» бағдарламасын әзірлеу жөніндегі шаралар туралы

Наурыз

5.

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі Н.Д.Қаппаров 

Экологиялық саясатты жүзеге асырудағы үкіметтік емес ұйымдардың рөлі

Наурыз

6.

Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі С.М.Мыңбаев

Мұнай және газ саласындағы инвестициялық жобалар

Сәуір

7.

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі С.С.Сәрсенов

Электрондық үкіметті дамыту және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру

Сәуір

8.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы төрағасының орынбасары Қ.У.Бишімбаев

Жолдаудың негізгі ережелерін түсіндіру

Мамыр

9.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Б.Т.Жұмағұлов

Адам әлеуетін арттыру – Қазақстан дамуының басты басымдығы

Мамыр

10.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Т.А.Мұсабаев

Ғарыш қызметінің даму болашағы

Маусым

11.

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі Б.А.Сағынтаев

V Астана экономикалық форумының қорытындыларын шығару

Маусым

12.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы Ғ.Р.Әбдірақымов

Адал бәсекелестік - тиімді жаңғырту кепілі

Маусым

13.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің жауапты хатшысы Е.И.Аман

Өсімдік шаруашылығын дамытудың басым бағыттары

Тамыз

14.

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы М.М.Оспанов

Тарифті саясат туралы

Қыркүйек

15.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б.Б.Жәмішев

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын орындау үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қабылдаған шаралар

Қыркүйек

16.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Д.Қ.Мыңбай

Негізгі даму басымдықтарын түсіндіру

Қыркүйек

17.

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі А.Қ.Жұмағалиев

Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекет басшысының Жолдауы шеңберінде жобаларын іске асыру

Қыркүйек - қазан

18.

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Б.Т.Бейсенғалиев

Президент Жолдауы аясындағы «КазАгроның» стратегиялық басымдықтары

Қыркүйек - қазан

19.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г.Н.Әбдіқалықова

Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің даму перспективалары

Қараша

20.

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі Б.А.Сағынтаев

Өңірлердің дамуы: қорытындылары және даму перспективалары

Қараша

21.

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар А.Ө.Исекешев

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның іске асырылу барысы туралы

Қараша

22.

Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Д.Р.Құсдәулетов

«Жеке детективтік қызмет туралы» Заң жобасын әзірлеу туралы

Желтоқсан

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.