Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Актінің түрі
Өкім
Қабылдау күні
27.02.2012
Өзгерту күні
27.02.2012
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі)

      Қазақстан Республикасында жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін беру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Ахметов
Серік Нығметұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, жетекші

Отаров
Қадырхан Махмұтұлы

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы, жетекшінің орынбасары

Раймбеков
Каналбек Өтжанұлы

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының орынбасары, хатшы

Мұхамбетов
Мирлан Бегежанұлы

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі

Ескендіров
Абай Мұқашұлы

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі

Дембай
Салауат Маханбетұлы

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің жауапты хатшысы

Ахметзакиров
Наиль Рафисович

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Әлеуметтік-экономика саласының заңдылығын қадағалау департаментінің бөлім бастығы (келісім бойынша)

Қали
Азамат Болатұлы

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Әлеуметтік-экономика саласының заңдылығын қадағалау департаменті бөлімінің аға прокуроры (келісім бойынша)

Айтмұхаметов
Қосман Қайыртайұлы

Ақмола облысы әкімінің орынбасары

Тағымов
Марат Мырзағалиұлы

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары

Досымбеков
Тынышбай Досымбекұлы

Алматы облысы әкімінің орынбасары

Айдарбеков
Серік Кенғанұлы

Атырау облысы әкімінің орынбасары

Шәпкенов
Серік Жамбылұлы

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

Жолдасбаев
Мұратай Сматайұлы

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары

Әбілда
Талғат Амангелдіұлы

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары

Жаханов
Бақыт Дүйсенұлы

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары

Паритов
Бекет Закарұлы

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары

Әлиев
Болатбек Нажметдинұлы

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

Сапаров
Айдарбек Сейпілұлы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары

Әшімбетов
Нұржан Кемерұлы

Павлодар облысы әкімінің орынбасары

Кошелев
Владимир Леонидович

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
 

Хорошун
Сергей Михайлович

Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары

Долженков
Виктор Анатольевич

Алматы қаласы әкімінің орынбасары

Тюркин
Геннадий Николаевич

Қостанай облысы жер қатынастары басқармасының бастығы

      2. Жұмыс тобы 2012 жылғы 19 наурызға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.