"Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 14 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Актінің түрі
Шаралар
Өкім
Қабылдау күні
12.02.2013
Өзгерту күні
12.02.2013
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі)

      1. Қоса беріліп отырған «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» 2013 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Мемлекеттік органдар:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаевқа жүктелсін.

      Премьер-Министр                                      С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2013 жылғы 12 ақпандағы
№ 24-ө өкімімен   
бекітілген      

«Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы»
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 14 қаңтардағы Заңын іске
асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық
актілердің тізбесі

Р/с

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің түрі

Орындалуына жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

1.

Қатысушы банк пен оператор арасындағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгі келісімді және Қатысушы банк пен салымшының арасындағы білім беру жинақтау салымы туралы үлгі шартты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ (жинақтау), ЭБЖМ, ҰБ (келісім бойынша)

2013 жылғы
ақпан

2.

Білім беру жинақтау салымы бойынша мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ (жинақтау), ЭБЖМ

2013 жылғы
ақпан

3.

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы операторды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ (жинақтау), ЭБЖМ

2013 жылғы
ақпан

4.

Білім беру ұйымымен ынтымақтастық туралы үлгі келісімнің нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің бұйрығы

БҒМ

2013 жылғы
ақпан

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
      ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
      ҰБ - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.