"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiнің алдын алуға бағытталған ұлттық алдын алу тетiгiн жасау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2013 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Актінің түрі
Шаралар
Өкім
Қабылдау күні
15.08.2013
Өзгерту күні
15.08.2013
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі)

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiнің алдын алуға бағытталған ұлттық алдын алу тетiгiн жасау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Орталық мемлекеттік органдар:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр                       С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2013 жылғы 15 тамыздағы
№ 139-ө өкімімен 
бекітілген   

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiнің алдын алуға бағытталған ұлттық алдын алу тетiгiн жасау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі

Р/с № Нормативтік құқықтық немесе құқықтық актінің атауы Актінің нысаны Орындауға жауапты мемлекеттік органдар Орындау мерзімі
1 2 3 4 5

1

Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АҚҰО (келісім бойынша), Қаржымині, ЭБЖМ

2013 жылғы тамыз

2

Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АҚҰО (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), ІІМ, ҰҚК, ДСМ, Еңбекмині, БҒМ, Қорғанысмині, Қаржымині, ЭБЖМ

2013 жылғы қыркүйек

3

Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушыларын іріктеу қағидаларын бекіту туралы

Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің өкімі

АҚҰО (келісім бойынша)

2013 жылғы тамыз

4

Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені бекіту туралы

Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің өкімі

АҚҰО (келісім бойынша)

2013 жылғы қыркүйек

5

Алдын ала болу үшін ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушыларынан топтар құру қағидаларын бекіту туралы

Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің өкімі

АҚҰО (келісім бойынша)

2013 жылғы қыркүйек

6

Алдын ала болу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы

Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің өкімі

АҚҰО (келісім бойынша)

2013 жылғы қыркүйек

7

Алдын ала болу қорытындылары бойынша жыл сайынғы жинақталған баяндаманы дайындау қағидаларын бекіту туралы

Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің өкімі

АҚҰО (келісім бойынша)

2013 жылғы қыркүйек

8

Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы

Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің өкімі

АҚҰО (келісім бойынша)

2013 жылғы тамыз

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БП - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қорғанысмині - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
АҚҰО - Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.