"Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі № 20-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Актінің түрі
Өкім
Қабылдау күні
15.08.2017
Өзгерту күні
15.08.2017
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі)

      "Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі № 20-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жыл сайын 10 желтоқсаннан кешіктірмей, халыққа есеп беру кездесулерінің алдағы күнтізбелік жылға арналған кестелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі мүшелерінің, орталық мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар (келісім бойынша) басшыларының шығу кестесін жасау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жіберсін.";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің халық алдында есеп беруін өткізу кестесін жыл сайын 15 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізуді қамтамасыз етсін.";

      мынадай мазмұндағы 7-1 және 7-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "7-1. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен мүдделі орталық атқарушы органдар халыққа есеп беру кездесулерінің тікелей онлайн-трансляциясын және бейнеконференцбайланыс арқылы есеп беру кездесуінде қарау үшін азаматтардың ұсыныстар беру мүмкіндігін қамтамасыз етсін.

      7-2. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде атқарушы органдар басшыларының есеп беру кездесулеріне халықтың неғұрлым қалың тобын тарту үшін кейіннен оларда атқарушы органдардың ресми аккаунттарын құру үшін Қазақстан халқының арасында ең танымал әлеуметтік желілерді айқындасын.";

      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. Орталық атқарушы органдар жыл сайын 15 шілдеге дейінгі мерзімде проблемалық мәселелер болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне орталық атқарушы органдар басшыларының есеп беру кездесулерінің қорытындылары бойынша халық көтерген және орталық мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар (келісім бойынша) деңгейінде шешуді талап ететін проблемалар тізбесін және оларды шешу жөніндегі ұсыныстарды берсін.";

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелерін, орталық мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар (келісім бойынша) басшыларын облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерінің халыққа есеп беру кездесулеріне қатысуы үшін бекітуде:

      3 және 4-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3

Алматы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

4

Атырау

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі

      ";

      13 және 14-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

13

Солтүстік Қазақстан

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі

14

Оңтүстік Қазақстан

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

      ";

      16-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

16

Алматы қаласы

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрі

      ";

      көрсетілген өкіммен бекітілген ұлттық холдингтер мен компаниялар (келісім бойынша) басшыларын орталық атқарушы органдар басшыларының есеп беру кездесулеріне қатысуы үшін бекітуде:

      2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      ";

      7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      ";

      мынадай мазмұндағы 13, 14және 15-жолдармен толықтырылсын:

      "

13

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

14

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

15

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қазақстан Республикасы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      ".

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.