Түркістан облысын дамыту перспективалары жөнінде комиссия құру туралы

Актінің түрі
Өкім
Қабылдау күні
20.06.2018
Өзгерту күні
13.12.2019
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі)

      Түркістан облысын дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Түркістан облысын дамыту перспективалары жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

      2. Комиссия:

      1) бір ай мерзімде "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығын іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары жоспары (жол картасы) бойынша ұсыныстар әзірлеуді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуді;

      2) Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөніндегі бас жоспарды әзірлеуге конкурс ұйымдастыру және өткізу бойынша шаралар қабылдауды;

      3) Түркістан облысын дамыту преспективалары жөнінде ұсыныстар әзірлеуді Және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуді қамтамасыз етсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2018 жылғы "20 " маусымдағы
№73-ө өкіміне
қосымша

Түркістан облысын дамыту перспективалары жөніндегі комиссияның Құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 13.12.2019 № 925 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға

      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)

      Түркістан облысының әкімі, төрағаның орынбасары Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Өңірлік даму департаментінің директоры, хатшы

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы бастығының орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Жоғары Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының аппараты) басшысының орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы (келісім бойынша)

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.