"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарының функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 19 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар және "Мемлекеттік органдардың мемлекеттік функцияларын бәсекелес ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 9-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Өзгерту
Өкім
Қабылдау күні
12.09.2019
Өзгерту күні
12.09.2019
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі)

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарының функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 19 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген' тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актіні қабылдасын және есепті айдан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігін хабардар етсін.

      3. "Мемлекеттік органдардың мемлекеттік функцияларын бәсекелес ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 9-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері жөнінде комиссия құру туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.";

      көрсетілген өкіммен бекітілген Мемлекеттік органдардың мемлекеттік функцияларын бәсекелес ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін комиссияның құрамы осы өкімге 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген өкіммен бекітілген Мемлекеттік органдардың мемлекеттік ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін комиссия туралы ереже осы өкімге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2019 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 170-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарының функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 19 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекетті к орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актінің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам

1

2

3

4

5

6

1.

Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы

БҒМ

2019 жылғы тамыз

Б.А. Асылова

2.

Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің "Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттарын бекіту туралы" 2018 жылғы 15 тамыздағы № 19 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығы

АҚДМ

2019 жылғы қыркүйек

Д.Н. Есин

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БҒМ - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

      АҚДМ - Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2019жылғы 12 қыркүйектегі
№ 170-ө өкіміне
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2016 жылғы 30 қаңтардағы
№ 9-ө өкімімен
бекітілген

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі, төраға

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі департаментінің директоры, хатшы

      Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      "Қазақстанның Азаматтық альянсы" заңды тұлғалар бірлестігінің директоры (келісу бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2019жылғы 12 қыркүйектегі
№ 170-ө өкіміне
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2016 жылғы 30 қаңтардағы
№ 9-ө өкімімен
бекітілген

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссия қызметінің мақсаты 100 нақты қадам - Ұлт жоспарының "Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру" бесінші бағыты шеңберінде көзделген орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру (97-қадам) мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      5. Комиссияның отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі.

2-тарау. Комиссияның міндеті

      6. Комиссияның негізгі міндеті:

      1) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері;

      2) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын қайтару жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

3-тарау. Комиссия қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі

      7. Комиссияның қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Комиссияның қызметі туралы ақпарат мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады және жарты жылда кемінде бір реттен сиретпей өзектендіріледі.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.