Өңірлердің жүйелі мәселелерін талқылау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Актінің түрі
Өкім
Қабылдау күні
04.10.2019
Өзгерту күні
04.10.2019
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі)

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда өңірлердің жүйелі мәселелерін талқылау және барлық деңгейдегі әкімдермен республикалық кеңеске нақты ұсыныстарды әзірлеу мақсатында жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрылсын.

      2. Жұмыс тобы:

      1) 2019 жылғы 15 қазанға дейінгі мерзімде өңірлердің жүйелі мәселелері бойынша нақты ұсынымдар әзірлесін;

      2) 2019 жылдың соңына дейін барлық деңгейдегі әкімдермен республикалық кеңеске материалдар дайындауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2019 жылғы 4 қазандағы
№ 186-ө өкіміне
қосымша

Өңірлердің жүйелі мәселелерін талқылау жөніндегі жұмыс тобының құрамы

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, жетекші

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекшінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

      Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) аппаратының басшысы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімі меңгерушісінің орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы (келісу бойынша)

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының активтерді басқару және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры (келісу бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының Өңірлік даму департаменті директорының орынбасары (келісу бойынша)

      Ақмола облысы әкімі

      Ақтөбе облысы әкімі

      Алматы облысы әкімі

      Атырау облысы әкімі

      Батыс Қазақстан облысы әкімі

      Жамбыл облысы әкімі

      Қарағанды облысы әкімі

      Қостанай облысы әкімі

      Қызылорда облысы әкімі

      Маңғыстау облысы әкімі

      Павлодар облысы әкімі

      Солтүстік Қазақстан облысы әкімі

      Түркістан облысы әкімі

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі

      Нұр-Сұлтан қаласы әкімі

      Алматы қаласы әкімі

      Шымкент қаласы әкімі

      "Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту институты" жеке мекемесінің директоры (келісу бойынша)

      "Zatteu Research Institute" қоғамдық қоры директорының орынбасары (келісу бойынша)

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.